СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до 31.05.2025
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
«КӘСІПТІК ҚАЗАҚ ТІЛІ» ПӘНІНЕН
ЛЕКСИКАЛЫҚ ТАҚЫРЫПТАР БОЙЫНША
МӘТІНДЕР ЖИНАҒЫ
0301000 «Емдеу ісі»,
0306000 «Фармация», 0304000 «Стоматология»
мамандықтары үшін
Орал «Мақсат» медициналық колледжі
ЛЕКСИКАЛЫҚ ТАҚЫРЫПТАР БОЙЫНША
МӘТІНДЕР ЖИНАҒЫ
0301000 «Емдеу ісі»,
0306000 «Фармация», 0304000 «Стоматология»
мамандықтары үшін
Орал -2019ж
Құрастырушы: кәсіптік қазақ тілі оқытушысы Серікова Нұржауған Әбілсейтқызы
Аннотация
Бұл жинақ «Кәсіптік қазақ тілі» пәнінен 0301000 «Емдеу ісі», 0306000 «Фармация», 0304000 «Стоматология» мамандықтары бойынша білім алушылар үшін жасақталды. Жинақтағы мәтіндер мен сөйлесу үлгілері тақырыптары бойынша тарауларға жіктеліп берілген. Жинақта берілген мәтіндерге қосымша сөздіктер және мәтін бойынша тапсырмалар берілген. Мәтіндер мен сөйлесу үлгілері оқып түсінгенін айтуға, аударуға, оқушылардың танымдық білімдерін жетілдіруге, үлгі бойынша сөйлесіп үйренуге арналған.
МАЗМҰНЫ
І тарау. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.......................3
ІІ тарау. Қазақстан –біздің Отанымыз..........................................................................11
ІІІ тарау. Алғашқы медициналық көмек көрсету........................................................14
IV тарау. Адамның дене құрылысы туралы................................................................21
V тарау. Мамандық әлемінде..........................................................................................22
VI тарау. Белгілі ғалымдар мен дәрігерлер туралы...................................................25
VII тарау. Емдеу жолдары................................................................................................. 28
VIII тарау. Халық медицинасы туралы...........................................................................30
IX тарау. Аурулардың түрлері туралы……………………………………………….34
X тарау. Адамның денсаулығы.....................................................................................38
XI тарау. «Фармация» мамандығына арналған мәтіндер..........................................43
XIІ тарау. Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде......................................49
XIІІ тарау. Денсаулық сақтау ісі туралы........................................................................52
І тарау. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.
Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Ол халық тарихымен бірге жасап, ұрпақтан ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді. 1989 жылы қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алып, Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы бойынша қазақ тілі республикамыздағы негізгі тіл, мемлекеттік тіл қызметін атқарады.
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Мемлекеттік тілді меңгеру – кез келген Қазақстан Республикасы азаматының міндеті. Ұлы жазушы Шыңғыс Айтматов ана тілі туралы былай деген екен: «Халықтың мәңгі ғұмыры оның тілінде. Әрбір тіл өзінің халқы үшін – ұлы». Біз үшін қазақ тілі – ұлы. Әрбір тәуелсіз мемлекеттің өткені мен бүгінін әлемге танытатын да оның тілі.Қазақ тілі арқылы күллі әлем тәуелсіз мемлекетіміздің тарихын, мәдениетін, әдебиетін және өнерін таниды.
Мемлекеттік тіл мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.
Үкімет өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар:
Қазақстан Республикасынында мемлекеттік тілді барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға;
Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға;
Қазақ диаспорасына ана тілін сақтауды және дамытуы үшін көмек көрсетуі міндетті.(Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдеде №151 – 1 қабылданған Тілдер туралы Заңы, 1-тарау.4-бап.)
Бақылау сұрақтары :
Біздің парызымыз не?
ҚР-ның мемлекеттік тілі қай тіл?
Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды?
ҚР-ның әрбір азаматының парызы не?
5. Үкімет өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдарының міндеті не?
Тіл және қоғам.
Туған елім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы,
Өссе тілім, менде бірге өсемін,
Өшше тілім, мен де бірге өшемін! – деп , ақын Әбілдә Тәжібаев ағамыз жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс – берекенің алды, ұлттың әрі жаны, әрі ары.
Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да өмір сүре алмақшы емес, ол тілдің өзі қоғам бар жерде ғана пайда болып, өмір сүреді. Демек, қоғамнан тыс, бөлек тіл жоқ. Тіл – қоғамның жемісі.
Тіл – адам қатынасының аса маңызды құралы. Мұның мәні – тіл жоқ жерде адамдардың бірлесіп жұмыс істеуі, қоғамдық өндірістің қай саласын болса да ұйымдастыруы, дамытуы мүмкін емес деген сөз.
Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.
"Тіл туралы” Заңда "Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір адамзатының парызы” – деген. Біздің азаматтық парызымыз – тіл заңындағы талаптарда жүйелі түрде жүзеге асыру. "Тіл – біздің тұтастығымыз”, "Тіл тағдыры – ел тағдыры” деп те айтып жүрміз. Сондықтан әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға тиіс.
Тіл –білім бұлағы
Батыр атамыз Бауыржан Момышұлының «Тіл дегеніміз қай халықтың болсын кешегі, бүгінгі ғана тағдыры емес, болашақтағы да тағдыры» деген еді. Ана тілің арқылы ұлтыңның, халқыңның рухани байлығымен сусындап, Отаныңа, еліңе, отбасына, өзіңе қажет кәсіпті меңгересің. Ана тілің –сенің арың, сенің ұлттық ерекшелігің болса, басқа тілдерді меңгеру арқылы сен өміріңді жақсарта аласың, түрлі мамандықты меңгересің. Қадыр ақын жырлағандай «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте». қазіргі заманның ұраны болуы керек деп санаймын.
Тіл – білім алудың, кәсіпті игерудің негізгі құралы, білім бұлағы. Қазіргі кезде әлем экономикалық дағдарысқа ұшырап, одан шығудың түрлі жолдарын қарастыруда. Олардың бірі ретінде көп тілді меңгеру қажеттілігі туындап отыр. Көп тілді меңгеру дегеніміз – түрлі мамандықты игеру, әлемнің кез келген жерінде жұмыс таба білу, жақсы өмір сүру. Қазақстан Елбасы Н.Назарбаевтың жас ұрпақтың алдына үш тілді меңгеру міндетін қойып отырғаны да сондықтан. Ұлы Абайдың өзі кезінде былай жазды емес пе?:
Жалға жүр, жат елге кет, мал тауып кел,
Малың болса, сыйламай тұра алмас ел.
«Тіл адамның рухани қазынасы, Ол – ұлттың рухани әлемі.» - деген армян ақыны Сильва Капутикянның сөзіне, «Тіл - жарқын болашаққа алып баратын жол, өмір сүруді үйрететін құрал, білімнің қайнар бұлағы» деген сөздерді қосар едік. Ал ежелгі грек емшілері «Дәрігердің қолданатын үш қаруы бар: сөз, өсімдік, пышақ.» деген екен.
Қазақ тілі - ана тілім.
Адамның жас күнінен ата-анасын, айналасындағы ересектерге басында еліктеу арқылы үйреніп, кейін табиғи түрде бірте-бірте еселене отырып, қоғамдық тұрмыста өзгелермен өмір бойы ұғынысатын негізгі қатынас құралы, туған халықтың тілі – ана тілі.
Қазақ халқының тілі – әрі бай, әрі көркем. Қазақ тілін білу не үшін керек? Ең алдымен, қазақ халқын сыйлау үшін және де қазақ халқымен жақсы қарым-қатынас жасау үшін. Тағы бір тіл білу – рухани байлық. Қазақ тілін білген адам қазақ халқының тарихын, мәдениетін біледі. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Мемлекеттік тіл болғандықтан, Қазақстанда тұратын халықтар бұл тілді игеруге тырысу керек. Әрбір қазақ ұлтты адам қазақ тілін білуі керек. Себебі қазақ тілі халықтың тарихымен бірге жасасып келеді, бұл тілде ата-бабамыз бірнеше ғасырлар бойы сөйлеп келеді. Қазақ тілі – туғанымыздан құлағымызға сіңген ана тіліміз. Енді біздің мақсатымыз: келешек ұрпаққа ана тілімізді мирас етіп кету.
Тапсырмалар:
1-тапсырма.Мәтінді оқып, аударыңыз.
2-тапсырма Мәтінге сұрақтар дайындаңыздар.
3-тапсырма. Мәтіннен септік жалғауларын тауып, жалғанып тұрған сөзге сұрақ қойыңдар.
Тіл мәдениеті
Тілді қастерлеу дұрыс сөйлеуден басталады. Жүйесін тауып айтылған сөз жүреке жетіп, жүйкені босатады. Адам мәдениетінің алғы шарты – дұрыс сөйлей білу. Түсіне білгенге сөйлей білу де өнер. Тілін білмеген – түбін білмейді. Ондай адам күлдірем деп күйдіреді, сүйсіндірем деп сүріндіреді, білдірем деп бүлдіреді, қуантамын деп қуартады, келтіремін деп кетіреді, еміренем деп егілтеді, жұбатам деп жылатады. Біздің қазақ «Аталы сөз – баталы сөз» дегенде, осы дұрыс сөйлей білуді айтқан.
Халық бар жерде тіл де бар. Ендеше тіл проблемасы – халықтық проблема. Біздің қазақ тілі – өсу үстіндегі , адам баласының кез-келген қиын да күрделі ойын бейнелеудегі мүмкіндігі зор, аса бай тіл.
Сондықтан оны көздің қарашығындай қастерлеу – азаматтығымыздың ең шынайы түрі.
(Ғ .Мүсірепов).
1.Соңғы абзацты орасшаға аударыңыз. Переведите последний абзац на русский язык.
2.Найдите в тексте устойчивые сочетания и запомните их. Үлгі (образец): Аталы сөз-баталы сөз.
Сөздік
Қастерлеу - почитать, ценить, дорожить.
Мәдениет - культура, культурный.
Өнер - искусство.
Аталы сөз - назидательное слово.
Баталы - получивший благословение.
Халық - народ, население ,народный.
Жер - земля, почва.
Өсу - расти, вырастать.
Қиын -трудный, тяжёлый, сложный
Мүмкін - -вероятный, возможный
Сөз –дәрігердің басты құралы
Бетпе-бет отырған тыңдаушыға тікелей айтылғандықтан , ауызекі сөз барынша экспрессиялы, ықшам болып құрылады.
Диалог сөйлеу –дәрігерлік қызметте басты құрал. Дәрігерлер науқастанған адаммен диалог сөйлесу тәсілін қолданады. Дәрігерге келген науқас адам, А.С.Макаренко айтқандай: «Сіздің сөзіңізден еркіңізді, сіздің мәдениетіңізді, сіздің жеке ерекшелігіңізді сезіне алатындай болуы керек» Тіл адамды іс-әрекетке итермелейді. Тіл арқылы дәрігер өз сөзімен сырқаттың санасына, сезіміне, психологиясына (жан-күйіне) әсер етеді. Сөз құдіретімен емдеген дәрігер –нағыз шебер емші.
Ми сыңарларының сол жақ бөлігінде жүйке орталығы –сөйлеуді басқаратын орталық (Брока орталығы) бар. Самайдың арт жағында –есту орталығы (Бернике) бар.Егер адам миының сол жақ бөлігі зақымданса, ол кісі сөйлей алмай, афазияға ұшырайды. Бірінде сөйлеу органдары толық сақталғанмен, қиналып сөйлейді, тілі күрмеледі, дыбыс, үншығару қиынға соғады. Екінші түрінде адам өзі сөйлей алғанмен, басқаның айтқанына түсінбейді. Мидың бір жеріне қан құйылу, оның тамырларының тығындалуы, жарақаттанып, қабынуы, ісу, т.б. афазияның пайда болуына себеп болатын факторлар.
ІІ тарау. Қазақстан –біздің Отанымыз
Қазақстан Республикасының рәміздері
1992 жылғы маусым айының 4-ші жұлдызы Республикасы тарихындағы ерекше мәртебелі күн. Бұл күн еліміздің мемлекттік рәміздері — Туы, Елтаңбасы, Әнұраны — дүниеге келген күн ретінде мәңгі есте қалады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы — ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата.
Тудың біркелкі түсі еркіндік идеясын білдірумен қатар, әрқашанда бейбітшіліктің белгісін еске салады. Ал дала бүркіті - дарқандық пен қырағылық, биіктік белгісі. Тудың авторы – суретші Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының негізіне шаңырақ алынған.Ол Елтаңбаның жүрегі іспеттес. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi.Қанатты пырақ – болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы, самғау биігі. Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Елтаңбаның төменгі жағында «Қазақстан»деген жазу бар. Елтаңбаның авторы – Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов.
Әнұран – асыл қазына. Ол халықтың жүрегінің лүпілін тұмар қып түйген музыкалық сәлем хат іспеттес.Әнұранымыздың авторлары Жұмекен Нәжімеденов және Н.Ә.Назарбаев, сазын жазған Шәмші Қалдаяқов.
Бақылау сұрақтары:
Еліміздің мемлекттік рәміздері қай жылы дүниеге келді?
Мемлекеттік туда не бейнеленген?
Тудың авторы кім?
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының негізіне не алынған?
Елтаңбаның авторы кім?
Әнұранның авторлары кімдер?
Тәуелсіздіктің қасиетті белгілері.
Елдің елдігін танытып тұратын айрықша белгілері – Ту, Елтаңба және Әнұран.
Мына зеңгір аспанның аясында баяу қалықтаған дала бүркіті,арман арқалаған алтын бүркіт қазақтың қыран көңілін,дарқан да ақ,бітімшіл,бейбіт көңілін шырқау биеікке алып шыққандай.Мазмұнына өрнегі жарасқан тәелсіздіктің қасиетті Туы мәңгі желбіресін,күніміз мәңгі сөнбесін!
Ұлттық рухты осыншама кемел жеткізген Елтаңба әлемде сирек кездеседі.
Қазақ өмірінің қасиетті белгісі-шаңырақтан тараған таң шапағындай уықтар аясындағы ай мүйізді алтын қанатты пырақтар халқымыздың болашаққа ұмтылған асқақ арманының бейнесіндей.
Елтаңбада өте-мөте келісті,көркемдік шешім тапқан ұлы идея-еркіндік идеясы.Елтаңбаның төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар.Айбынымызды асырып,рухымызды аспандатар Елтаңбамыз құтты болсын!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы-ортасында шұғылалы күн,оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты,көгілдір түсті мата.Ту сабының тұсын ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ көктеп өтеді.Күн шұғыласы,қыран және өрнек бейнесі алтын түстес.Тудың ені мен ұзындығының қатынасы-1:2.
Сұрақтар:
1.Тәуелсіз елдің қандай айырықша белгілері бар,атын атаңдар.
2.Қазақстан Республикасының Туында нелер бейнеленген, суреттеп айтыңдар.
3.Елтаңба қалай бейнеленген,оның төменгі жағында не деп жазылған?
4.Мәтінді оқып,өздерін әңгімелеп айтыңдар.
қасиетті-священный
белгі-знак
зеңгір-аспан голубое небо
бүркіт-беркут
мәңгі-вечный
пырақ-пегас крылатый конь
уық-купольные жерди в юрте
Елтаңба-Герб
еркіндік-свобода
төменгі-жағында внизу
ені-ширина
Орал- тарихи қала
Орал – облыс орталығы.Шаған өзенінің Жайыққа құйған жеріне таяу (Жайықтың оң жақ жағасына) орналасқан.1584 жылы,ал қазіргі тұрған орнына 1613 жылы Жайық қалашығының іргетасы шағын әскери бекініс ретінде қаланды.
Бұдан бірнеше мың жыл бұрын қазіргі Орал қаласының орнында скиф,ғұн,печенег және қыпшақ сияқты көшпелі тайпаларының мекен-тұрақтары болды.
Жайық қалашығы Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісінің орталығы болды. Бүлікшілерді еске түсіндіретіндердің бәрін жоюға әрекеттенген.Екатерина II-нің 1775 жылы шыққан бұйрығымен Жайық қалашығы Орал қаласы болып аталады.
Азамат соғысы тұсында қаламен оның төңірегі қиян-кескі ұрыс алаңына айналды.Осы соғыста В.И.Чапаев басқарған 25-дивизияның жауынгерлері мәңгілік даңққа бөленді.
Қазіргі Орал – Қазақстандағы ірі экономикалық және мәдени орталықтардың бірі.
Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығының орталығындағы орналасқан тәуелсіз мемлекет. Еліміздін жер көлемі ұлан-байтақ. Ауданы жағынан Қазақстан дүние жүзінде 9-шы орында (Ресей, АҚШ, Аргентина, Бразилия,Канада, Үндістан және Австралиядан кейін). Қазақстан шекарасы 15мың шақырымнан асады. Оның 12 мың шақырымы құрлықпен, 3 мың шақырымы сумен ( Каспий және Арал теңізі бойларымен) өтеді. Батыс, солтүстік- батыс, солтүстікте – Ресей Федерациясымен, оңтүстік және шығыста Қытай Халық Республикасымен шектеседі. Оңтүстік және оңтүстік батыстағы көршілеріміз – Түркменстан, Өзбекстан және Қырғызстан Республикалары.
Осы ұлан байтақ республика жерінің ауа райы, жер бедері геологиялық құрлысы, өсімдік құрамы, топырағы, жануарлары алуан түрлі болып келеді. Қазақстанның ұлан- байтақ даласында мол байлық бар, бұл сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер, пайдалы қазбалар.
Қазақстан жері пайдалы кендерге өте бай, жер шарында кездесетін кен байлықтарының бәрі бар: темір, мыс, қорғасын, қалайы, қүміс, алтын, көмір, фосфориттер.
Қазақстанның батысында мұнай мен газдың өте үлкен қорлары бар болғандықтан, еліміз дүниедегі мұнай мен газды көп өндірушілердің қатарына жатады.
Қазақстанда 8,5 мың үлкен (Жайық, Сырдария, Ертіс, Есіл, Тобыл) және кіші өзендер, 48000 көлдер (Балқаш, Зайсан, Алакөл) бар.
1991 жылдың 25 қазанынан бастап еліміз тәуелсіздік туын көтерді. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі 1991 жылы 16 желтоқсанда жарияланды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің тұңғыш Президенті болып сайланды. Астанасы Арқаның төрінде орналасқан – Астана қаласы. Астана 1997 жылы 10 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының астанасы болды. Мемлекеттік тіл – қазақ тілі, бірақ барлық мекемелерде сонымен қатар орыс тілі де қолданылады. 1993 жылдың 15 қарашасынан бері ұлттық ақшасы – теңге.
Қазақстан – әртүрлі ұлт өкілдері бейбіт тұрып жатқан ел. Қазіргі Қазақстанда 130-дан астам ұлттың өкілдері тұрады. Халқының саны 15672000 адам (01.01.1998ж.) Қазақстанда 14 облыс, 160 аудан, 85 қала , 200 қалашық бар.
1 – тапсырма.Мәтінді оқып, аударыңдар.
2– тапсырма. Мәтінге сұрақтар дайындаңдар.
Үш бақытым
Ең бірінші бақытым – халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиеттті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
… Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.
Түтін түтет,
Өс, өрбі, көгере бер,
Немерелер көбейсін, шөберелер.
Жаныңда ұста,
Жақсылық күтпегейсің!
От емес, оқ сұрасаң менен егер!
Үш бірдей бақытым бар алақанда,
Мені мұндай бақытты жаратар ма!?
Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,
Атырау, Алтай Арқа, Алатауға!!!
Астана қаласы – Қазақстан Республикасының бас қаласы
1932 жылы Есіл өзенінің жағалауындағы Қараөткел округінің негізі қаланды. Кейін Ақмола сауда жәрмеңкелері өткізілетін орталыққа айналды. 1961 жылға дейін қала – Ақмола, 1961 жылдан кейін Целиноград болып аталды. 1939-1965 жылдары Ақмола облысының, ал 1960-1965 жылдары Тың өлкесінің әкімшілік орталығы болды. Ең таяу темір жол бекетінің атауы – Астана бекеті. Қаланың әкімшілік маңызы – Қазақстан Республикасының Елордасы.
Қала Сарыарқаның терістігінде Есіл өзенінің екі жағында орналасқан. Ежелден Еуропа мен Азияны байланыстырып тұрған ірі тасымал торабы. Астана қаласы арқылы тасымалданатын барлық жүктердің 96 пайызынан астамы – өтпелі жүктер. Алматы қаласы мен Астан қаласының арасы – 1318 шақырым.
«Астананың өркендеуі – Қазақстанның өркендеуі» деп аталатын бағдарлама бойынша бой түзеген көрікті үйлер, «Океанариум», Дарын орталығы, «Салтанат сарайы», болашақтардың төріне ұмтылған еліміздің таңбасындай көкке құлаш сермеген «Бәйтерек», Астана әуежайы, Елбасының резиденциясы – Ақорда – осының бәрі ғажайып ертегілерді еске салады.
Қазіргі таңда Астанада С.Сейфуллин атындағы аграрлық университеті, Е.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана мемлекеттік медицина академиясы, педагогикалық медициналық колледждер, бірнеше кәсіптік білім беретін білім ордалары бар.
Астана қаласы жыл сайын өркендеп, бет бейнесін әсемдей түсері сөзсіз.
1 –тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз.
2 –тапсырма. Мәтінге сұрақтар дайындаңдар.
Н.Ә.Назарбаев –Қазақстанның тұңғыш Президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы Алматы облысының Шамалған ауылында дүниеге келді. Мектепті бітіргеннен кейін Қарағанды облысындағы аса ірі металлургия комбинатының жолдамасымен Нұрсұлтан Назарбаев Украинадағы Днепродзержинск қаласында техникалық училищені тәмамдап, металлург мамандығын алып шығады. Н.Ә.Назарбаевтың өмірі ұзақ жылдар бойы Қарағанды металлургия комбинатымен етене байланысты болды. Ол осында үлкен өмір мектебінен өтіп, еңбекте шыңдалады, шойын құюшы, домна пешінің көрікшісі, диспетчер, аға газ маманы болып істейді. 1967 жылы комбинат жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітіріп, инженер-металлург мамандығын алады.
Экономикалық, өндірістік мәселелерге қанықтығы, адамдарға деген ілтипаты, өз көзқарастарына бекемдігі, принципшілдігі оның қоғамдық жұмыста жоғарылауына ықпал етіп, ол Теміртау мен Қарағандыда әуелі жастар жетекшісі, кейінен партия басшысы болады, соңынан Алматыға қызметке ауыстырылады.
1984 жылдан Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның Министрлер Кеңесінің Төрағасы, ал 1989 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы болып сайланады, Республика Жоғары Кеңесінің Төрағасы қызметін қоас атқарады. 1990 жылдың сәуірінде Қазақстанның тұңғыш Президенті болып сайланады.
1991 жылдың желтоқсанында бүкілхалықтық президент сайлауы өтіп, онда Н.Ә.Назарбаев тағы да айқын басымдылықпен жеңіске жетеді. Ал 1995 жылғы сәуірде өткен жалпы-халықтық референдум оның президенттік өкілеттігін 2000 жылдың желтоқсанына дейін ұзартып берді.
КОНСТИТУЦИЯ
Конституция (Ата заң) – бұл мемлекеттің негізгі заңы, көп ғасырлық тарихы бар ұғым. Қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың негізгі көзқарастарын, мемлекеттік органдардың құрылуы және қызмет істеу принциптерін бекітеді. Азаматтың құқықтық жағдайын тұжырымдайтын мемлекеттің заңы. Конституцияны негізгі заң ретінде жоғары үкімет органы немесе арнайы шақырылған құрылтай жиналысы, ұлттық жиналыс қабылдайды. Ол қоғамдық қарым-қатынастың дамуына байланысты өзгеріп отырады.
Тәуелсіз Қазақстанда бірінші Конституция 1993 жылы, екіншісі 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.
Конституцияда: “Біздің мемлекетіміздің халықтары ақысыз білім, алғашқы дәрігерлік көмек алуға құқықты. Баларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы” делінген.
ІІІ ТАРАУ. АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ
Алғашқы дәрігерлік көмектің мәні
Алғашқы дәрігерлік көмектің міндеті – жарақаттанған адамның өмірін сақтап қалудың қарапайым шараларын жасау: көп қиналудан, асқынып кетуден сақтау, жарақат немесе ауру зардаптарын жеңілдетуге мүмкіндік туғызу.
Жазым болған жерде алғашқы дәрігерлік көмекті жарақаттанған адамнін өзі не оның серігі немесе санитар қыз көрсетуіне болады. Алғашқы дәрігерлік көмек көрсетудің мынадай шаралары бар: қанның ағуын уақытша тоқтату, жараға немесе дененің күйген жеріне зарарсыздандырылған таңғыш байлат қолдан тыныс алдыру және жүрек тұсын уқалау, ауруды басатын укол салып, дәрі ішкізу тасымалдауға әзірлеп, денесін жылыту, ыстық пен суықтан сақтау.
Сөздік
алғашқы дәрігерлік көмек- первая врачебная помощь
қолдан тыныс алдыру- массаж, искусственное дыхание
тасымалдау- переносить
дене- тело
міндет- задача
өмір- жизнь
қиналу- мучаться, напрягаться
асқыну- обостриться, быть запущенным
жарақат- ранение
зардап- жгучая боль, последствие травмы
ішкі- внетренний
қан ағуын тоқтату- остановить кровотечение
дәрі ішкізу- дать таблетку
укол салып- поставить укол
суықтан сақтау- сохранить холод
шендеуіш салуналожить шину
Улы жыландар шаққанда көрсетілетін көмек.
Улы жыландар, қарақұрт пен түкті бүйі шақса, адамның өміріне қауіп төнеді. Мұндайда дереу алғашқы дәрігерлік көмек көрсету қажет. Бірден жараны сығып 4-5 минут ішінде бірнеше рет қан шығару керек. Жарадағы уды сорғыш банка төңкеріп сорып алады. Уды ауызбен соруға болмайды.
Жылан шаққан адамға бір сағаттан асырмай жылан уына қарсы сарысу егеді. Сарысу болмаған жағдайда. жылан шаққан жерді сіріңкемен күйдіруге болады.
Қауіпті - опасный
Сорғыш банка – отсасывающая банка
Сіріңке - спичка
Сарысу- сыворотка
Күйдіру -жечь
Дереу - незамедлительно
Қан шығару – пустить кровь
Төңкеріп – опрокинуть
Жылан – змея
У - яд
Жарақатқа алғашқы көмек көрсету
Дененің жеке бөліктеріне қол-аяқтың жұмсақ ұлпаларына ұзақ уақыт ауыр салмақ түсіп жаншуынан жарақат пайда болып, оның уыты бүкіл ағзаға жайылады, яғни ол ауыр жарақатқа айналады.
Алғашқы дәрігерлік көмек көрсеткенде жара мен терінің сыдырылған жерін зарарсыздандырылған таңғышпен байлайды. Егер адамның аяқ-қолы қатты зақымданып, салқын тартса, жаншылған жерден жоғарырақ жгутпен таңады.Сонда мыжылған жұмсақ ұлпалардан шыққан уытты зат қан тамырларының арасына таралмайды. Зақымданған аяқ-қолға қанның келуіне кедергі жасамау үшін жгутты онша қатты байламау керек. Сипап байқағанда аяқ-қолы жылы болып, қатты зақымданбаса, оны бинтпен тартып таңғаннан кейін жарақатқа ауруды басатын дәрі егеді.
Зақымданған адамға алғашқы дәрігерлік көмек көрсеткенде ең алдымен ыстық шай, кофе (тәулігіне бір реттен 2-4 граммнан 20-40 грамға дейін), ас содасы қосылған сусыннан мол етіп береді. Сода ағзадағы қышқылдық-сілтілік тепе-теңдікті қалпына келтіру, ал мол сусын уытты заттардың несеппен бірге шығуына көмектеседі.
Жарақат уыты бүкіл ағзаға жайылған адамды абайлап зембілге салып, дәрігерлік мекемеге мүмкіндігінше тезірек жеткізу керек.
Жұмсақ ұлпалар - мягкие ткани
Тепе-теңдік – равновесие
Жеке - отдельно
Мыжылу – сдавливать
Кедергі жасамау – не припятствовать
Қышқылдық – сілтілік – кислотно-щелочной
Несеп – моча
Земілге салады – класть на носилки
Дәрігерлік мекеме – лечебное учреждение
Жайылалды – распространяется
Сыдырылған – поврежденный
Салқын тарту – притягивать холод
Жгутпен таңу – привязывать жгут
Уыт – язва
Ауыр салмақ – тяжёлый вес
Жарақатты таңу
Таңғыш дегеніміз - жараның үстін бастырып байлайтын таңу материалы.Жараны таңғышпен байлау таңу деп аталады.
Таңғыш екі бөліктен тұрады : жараның бетін жабатын ішкі бөлігі және таңғышты жараның үстінен түсірмей ұстап тұратын сыртқы бөлігі.Таңғыштың ішкі бөлігі зарарсыздандырылған болуға тиіс.
Таңғышпен байланған кезде жараны ауыртып алмауға тырысу керек.Бинтті оң қолмен ,ал таңғышты сол қолмен ұстап ,солдан оңға қарай әр ораған сайын алдыңғы орамның жартысын бастырып отырады.Таңғышты қан айналымын бұзбайтындай (арнайы қысып байлау керек болған жағдайда ғана) және орнынан сырғып кетпейтіндей қалыпта ғана байланады. Жараны таңудан бұрын, зақымданған жерін ауыртып алмай бетін жалаңаштап ашады. Жараның сипатына , ауа райы мен жергілікті жағдайға байланысты сырт киімді шешеді немесе тіліп алады. Алдымен сау жерінің , соңынан зақымданған жердің киімін шешеді. Күн суық болса , жаурап қалмау үшін және зақымданушының халі нашар болған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсеткенде жараның тұсындағы киімді тіледі. Жараға жабысқан киімді жұлқа тартуға болмайды. Оны қайшымен абайлай қырқып алып, соңынан таңғышпен байлау керек. Шешкен киімді алдымен зақымданған жағынан бастап киіндіреді.
Сөздік
Ішкі – внутренний
Сыртқы -внешний
Қан айналасы-кровообращение
Зарарсыздандырылған- антисептический
Алғашқы дәрігерлік көмек – первая доврачебная помощь
Жарақат -рана
Таңу- перевязка
Бинтті- бинт
Оң қол- в правой руке
Сол қол- в левой руке
Зақымданған- поранился
Жері- место
Ауыртып- причинить боль
Сипаты –характер
Жараға жабысқан- прилипла к ране
Тартуға-притягивать
Жараның түрлері
Терінің, кілегейлі қабықшаның, кейде қалың үлпа қабатының бүлінуінен жанға батып ауыратын, кан кететін жерді жара деп атайды.
Жараның түрлері өте көп: оқ тигенде, кесіп алғанда, шаншып алғанда, соғып алғанда, бірнәрсе шағып немесе тістеп к алғанда жара пайда болуы мүмкін. Оқ тигенде немесе жарылғыш заттың жарықшасы тигенде оқ жарасы пайда болады. Оқ тесіп өтсе — теспе жара, оқ жүмсақ үлпаны бүлдіріп, жанап өтсе - жанама жара деп ажыратылады.
Кесіп немесе шаншып ал ганда жара онша аумақты болмайды. Жараның ішкі жағы мен кенересі тіршілігін сақтап, қан көп кетеді. Жаранын баска түрлеріне Қарағанда бұл жұқпалы ауруға аз шалдығады. Шаншылған өтпе жараның аумағы өте үлкен болмаса да, тері мен кілегейлі кабыкдіаны тереңірек бүлдіріп, ішкі мүшелерді зақымдайтыи және жұқпалы ауруға шалдыктыратын мүмкіндіктеріне байланьгсты өте кауіпті болады. Мүндай жара іш пердесініч кабынуына (перитонит) жөне ж үклалы ауруды бүкіл денеге жаюға (сепсис) себепші болуы мүмкін.
Шабылган жараның терендігі біркелкі болмайды. Оның жұмсақ ұлпалары мылжаланады. Соғылған, қақ бөлінген және мылжаланған жарапар — жараның өте ауыр түрі. Оның жиегі жұлманалып, қанталайды. Жансызданған (некротизация) ұлпалары өте көп болғандықтан, жұқпалы аурудын дамуына колайлы жағдай туады. Қақ бөлінген жара бір нәрсенің күшті жарақат болады. Оған лас көп түседі, сіңір, бұлшык қантамырлар бөлінеді. Тістелген жараға сілекей жұқпалы ауру таратады.
Сөздік
Жара – рана
Жарықша – осколок
оқ – пуля
булінуі – повреждение
кегілей балықша – слизистая оболочка
жарылғыш зат – взрывчатка
Ара шаққанда және улы өсімдіктермен уланғанда көрсетілетін көмек
Бал арасы, жабайы ара және түкті ара шаққан кезде ісіктегі уды алып тастап, ісікке суда ерітілген мүсәтір спиртіне малынған ылғал нәрсе басады.
Біздің елімізде өсетін улы өсімдіктердің ең қауіптілері: шылбы, бөріжөке, қаракөз (цикута), мендуана. Ал шыбынқақ, боз арамқұлақ, жалған түбіршек, бұлар – улы саңырауқүлақтар. Улы өсімдіктер және саңырауқүлақтармен уланғанда әлсіздік, бас айналу, лоқсу және құсу, іш ауырғаны байқалады. Мұндайда дереу қарынды жуу қажет. Ол үшін 5-6 стақан жылы тұзды су ішіп, одан соң екі саусақты тілдің түбіне тигізіп зорланып құсады. Уланған адам дәрігерге қаралуға тиіс.
Сөздік
Саңырауқұлақ – гриб
Улы – ядовитый
Лоқсу – тошнота
Әлсіздік – слабость
Қарынды жуу – промывание желудка
Құсу – рвота
Ісік - опухоль
Мүсәтір спирт – нашатырный спирт
Шылбы – жимолость
Бөріжөке – волчья ягода
Қаракөз – цикута
Меңдуана - белена
Бас айналу - головокружение
Уланған - отравился
Тұзды су – соленая вода
Үсігенде көрсетілетін алғашқы көмек
Үсіген адамды жылы үйге әкеліп, жылы су құйылған ваннаға немесе моншаға салып, оған алғашқы дәрігерлік көмек көрсетеді, егер мұндай мүмкіндік болмаса, сол орнында жылылап қымтам, ыстық шай, кофе береді. Су киім мен аяқ киімді мүмкіндігінше құрғағымен алмастырады. Егер ұлпаларда әлі өзгеріс (терінің қолдырауы, жнсызданған аймақтар) білінбеген болса, тері қызарғанға дейін үсіген жерді спиртпен, әтірмен сүртіп, мақта тампонымен немесе құрғақ таза қолмен жайлап ысқылайды.
Үсіген адамның ұлпаларында жоғарыда келтірілген өзгерістер бола қалған жағдайда дененің зақымданған бөлігін спиртпен ысқылап, зарарсыздандырылған таңғыш салып байлайды. Терінің зақымданған бөлігін қандай дәрежеде үсісе де, қармен ысқылауға болмайды. Бұдан зардап шегушінің халі нашарлап кетуі мүмкін.
Сөздік:
Үсу – обмораживать
Алмастыру – менять
Ұлпа – пушистый
Ысқылау – натирать
Зақым – повреждение
Зарарсыздандырылған- вредный
Таңғыш – тесемка
Дәреже – степень
Әтір – одеколон
Халі нашар – плохое состояние
Терінің қолдырау – кожа покрытая волдырями
Жансызданған аймақтар-никроз ткани
Алғашқы дәрігерлік көмек- первая врачебная помощь
Мүмкіндік – возможность
Жылылап қымтам – накрыть
Құрғағымен алмастыру- поменять на сухой
Байлау- повязать
Денені соғып алғандағы көмек
Денені соғып алғанда сыртқы ұлпалармен қоса ішкі мүшелердің зақымдануы да мүмкің. Сыртқы жұмсақ ұлпаларды соғып алғанда дене ауырып, ісінеді, қанталайды. Оған алғашқы дәрігерлік көмек көрсеткенде танғышпен қысып байлап, салқын нәрсе басады, тыныштық жағдай туғызады. Кеуде немесе қарын қатты соғылса, ішкі мүшелер: өкпе, бауыр, талақ, бүйрек зақымданып, ауырады, кейді ішке қан кетеді. Соғып алған жерге салқын нәрсе басып, зақымданушыны дәрігерлік мекемеге жеткізу керек.
Дене – тело
соғып алу – ушибиться
зақымдану– повредить (получить
травму)
сыртқы – наружный
жұмсақ - мягкий
қанталайды – кровоподтек
басып – давя
жеткізу керек – надо доставить
қысып байлап – прижав завязав
көрсеткенде – когда указал
нәрсе – вещь
көмек - помощь
Улы жыландар шаққанда көрсетілетін көмек.
Улы жыландар, қарақұрт пен түкті бүйі шақса, адамның өміріне қауіп төнеді. Мұндайда дереу алғашқы дәрігерлік көмек көрсету қажет. Бірден жараны сығып 4-5 минут ішінде бірнеше рет қан шығару керек. Жарадағы уды сорғыш банка төңкеріп сорып алады. Уды ауызбен соруға болмайды.
Жылан шаққан адамға бір сағаттан асырмай жылан уына қарсы сарысу егеді. Сарысу болмаған жағдайда жылан шаққан жерді сіріңкемен күйдіруге болады.
Қауіпті - опасный
Сорғыш банка – отсасывающая банка
Сіріңке - спичка
Сарысу- сыворотка
Күйдіру -жечь
Дереу - незамедлительно
Қан шығару – пустить кровь
Төңкеріп – опрокинуть
Жылан – змея
У - яд
Алғашқы дәрігерлік көмекте қолданылатын құралдар
Алғашқы дәрігерлік көмек көрсеткенде тізімдік және қолда бар құралдар пайдаланылады.
Таңу материалдары – бинт,дәрігерлік таңу пакеті,үлкен және кішкене зарасыздаңдырылған таңғыштар мен салфеткалар,мақта және басқалар алғашқы дәрігерлік көмек көрсетудің тізімдік құралдары болып табылады.Қан кеткенде оны таспалы және түтікті резеңкемен тоқтатады, ал қозғалмайтын жағдайға келтіру үшін арнайы фанер, баспалдақты,торлы және басқа шеңдеуіш қолданылады.Алғашқы дәрігерлік көмек көрсету кезінде ампула немесе шишаға құйылған 5 проценттік ерітілген йод,шишаға құйылған 1-2 проценттік спиртте ерітілген гауһар көгі,валидол таблеткалары,шүйіншөп тұнбасы,ампулаға құйылған мүсәтір спирті,натрий гидрокарбонатының (ас содасы) таблеткалары немесе ұнтағы,вазелин және басқа кейбір дәрідәрмектер қолданылады.
Алғашқы дәрігерлік көмек көрсеткенде қолда бар құралдар ретінде таңғыш салып байлауға ақжайма,жейде,мата алақұла болмағаны жөн аққан қанды тыюға резеңке аспаптың орнына белбеу немесе белдік,ширатылған мақта,сүйек сынғанда шендеуіш орнына қатырма қағаз немесе фанер тілімі, тақтай, таяқ және т.б пайдалануға болады.
Сөздік.
Тізім-список
Мақта-вата
ұнтақ дәрі-порошок
қатырма қағаз-картонная бумага
тану-перевязка
басқа-другой
баспандақ-лестница
мүсәтір спирті-нашатырный спирт
ширату мақта-скручивать вату
таяқ-палка
таспалы-ленточный
торлы-сетка
ақжайма-простыня
жейде-рубашка
тыюға-запретить
Суға бату кезінде көрсетілетін көмек
Cуғa бату тыныс алу жолына су толғанда басталады. Суға батып бара жатқан адам кеңірдегіне және өкпесіне су толғандықтан, тыныс ала алмайды, оттегі жетіспегендіктен, жүрек қызметі тоқтайды. Зардап шегушіні мүмкіндігінше судан тез алып шығу керек. Оны судан шығарған соң белуарына дейін шешіндіреді, аузы мен мұрнын түнба, үйыма лайдан мұқият тазартып, биіктеу деңбекке немесе өз тізесіне етпетінен жатқызады да көкірегінен басып, екпедегі және карындағы суды шығарады. Соңынын зардап шегушіні шалқасынан жатқызып, дереу қолдан тыныс алғызуға және жүрек түсын уқалауға кіріседі. "Ауызбен ауызға үрлеу" әдісімен қолдан тыныс ылғызады. Егер тыныс алу қалпьша келмей, зардап шегуші есін жия алмаса, онда нақты өлім белгілері (қарашықтың үлкеюі, Коздің жарықты мүлде сезбеуі, үзақ уақьгг жүректің соқпауы, мөйіт белгісі) басталған кезде қолдан тыныс алғызу мен жүректі укалауды тоқтатады. Тыныс алу және жүрек қызметі калпына көлген сон, зардап шегушіні қымтап, ыстык шай ішкізгеннен көйін дәрігерлік мекемеге жеткізу керек.
Сөздік
тыныс алу жолы – органы дыхания Зардап шегуші – пострадавший
оттегі жетіспеу – нехватка кислорода өкпе – легкие
қолдан тыныс алғызу - искусственное дыхание қарындағы су – вода в желудке
бату – тонуть
есін жия алмаса – если не придет в сознание
Алғашқы дәрігерлік көмектің тәсілдері
Жарақаттанған кезде алғашқы дәрігерлік көмек көрсете отырып, оның жеке тәсілдерін орындаудың жүйесін анықтап алу керек. Алдымен зақымданған адамның өмірің сақтап қалуға немесе дәрігерлік жәрдем көрсетуге қажетті мүмкіндік беретін тәсілдер орындалады. Мәселен ортан жілік тіке сынып, артериядан қан кеткені байқалса, алдымен өмірге қауіпті қан кетуді тоқтатып, жараға зарарсыздандырылған таңғыш салып байлайды да, тек содан кейін ғана аяқ-қолға арнайы шендеуіш салады, немесе сынықты қимылдатпайтындай қолда бар құралдар пайдаланылады.
Алғашқы дәрігерлік көмек көрсеткенде қолданылатын тәсілдердің қай-қайсысын да ұқыптылықпен орындау керек. Қалай болса солай көрсетілген көмек зақымданушыға зиянын тигізіп, оның халін нашарлатуы мүмкін.
Сөздік
Жеке тәсіл – отдельный метод
Жарақаттану – ранение, травма
Зақымданушы – пострадавший
Таңғыш – перевязка
Тіке сыну – прямой перелом
Арнайы шендеуіш – гипс
Қауіпті – опасный
Жара – болячка
Ұқыпты – аккуратно
Нашар – плохо
Халі – состояние больного
Зиян тигізу – навредить
Буын шыққанда көрсетілетін алғашқы көмек
Сүйек буындары шыққанда буын қалтасы бұлтиып шығып,кейде сіңір үзіліп кетеді. Буын шыққанда ол ауырып, қимылы бұзылады, пішіні өзгереді, аяқ- қол тартылады.
Шықшыт, омырқа аралықтарындағы буындар да шығыды. Омыртқа аралығындағы буын шыққында омыртқа орнынан тайып, соның нәтижесінде жұлын жаншылып, аяқ пен жамбас мүшелерінің қызметті ішінара немесе толық бұзылуы мұмкін.
Буын шыққында алғашқы дәрігерлік көмек көрсету ретінде оны орнына салып әуре болмау керек. Ол -дәрігердін міндеті.
Буыны шыққан аяқ- қолды қимылдамайтын жағдайға келтіру арқылы ғана тыныштандырады. Ірі буындар жамбас пен ортан жілік, тізе, иық, сондай ақ омыртқалар аралығында буын шыққанда зардап шегуші адамға ауру басқыш дәрі егу ұсынылады.
Шықшыт буыны шыққанда астыңғы жақ сүйекті қозғалмайтын етіп болмайды.
Сөздік
буынның шығуы вывих суставов
пішіні өзгереді изменяется форма
тартылады появляется судорога
қимыл движение
басқыш дәрі успокоительное лекарство
астыңғы жақ сүйек нижняя челюсть
байлайды завязывает
суйек кость
сіңір сухожилия
шықшыт отросток височной кости
омыртқа позвоночный столб
иық плечо
тізе колено
жілік сустав
ІV ТАРАУ. АДАМНЫҢ ДЕНЕ ҚҰРЫЛЫСЫ ТУРАЛЫ
Адам денесінің құрылысы
Адам денесінің құрылысы үш түрге бөлінеді.Брахиморфт –тұлғасы кең, қол-аяғы қысқа; долихоморфт –тұлғасы қушық, қол-аяғы сидаң; мезаморфт – брахиморфт пен долихоморфтың аралығындағы дене құрылысы.
Жасына, жынысына қарай адамдар денесінде айырмашылықтар болады. Еркектерге қарағанда әйелдердің жамбас сүйектері кең, ал иықтары қушық келеді. Ересектерге қарағанда балалардың аяғы қысқа, тұлғасы ұзын, басы үлкен келеді. Дене арасалмағындағы өзгешеліктер нәсілдік ерекшеліктеріне байланысты болады.
Адамның дене құрылысын, оның бейнесін, пішінін қалыпты анатомия зерттейді. Оның мынадай салалары бар: сүйек , қан тамыр, жүрек, бұлшық ет, ішкі ағзалар мен бездер, ми, жұлын, жүйке жүйесі, ішкі секреция бездері туралы ілім.
Адамның тұлғасы және анатомия ілімі
Адам тұлғасы – белгілі бір әлеуметтік және табиғи жағдайларда қалыптасқан әр адамның өзіне тән анатомиялық және физиологиялық ерекшелігі. Адам тұлғасына тұқым қуалаған белгілерімен қатар, өмірде жүре қалыптасқан белгілер де әсер етеді. Адам тұлғасы үш түрге бөлінеді:астеник, нормастеник, гиперстеник. Астеник – бойшаң да талдырмаш, бұлшық еттері мен сүйектері нәзік адамдар.Гиперстеник –орта немесе одан да аласа бойлы, толықша, иегі кең, жауырынды келген адам. Нормастеник –дене бітімі осы екеуінің аралығында де саналған адам.
Адамның дене құрылысын, оның бейнесін, пішінін қалыпты анатомия зерттейді. Оның мынадай салалары бар: сүйек , қан тамыр, жүрек, бұлшық ет, ішкі ағзалар мен бездер, ми, жұлын, жүйке жүйесі, ішкі секреция бездері туралы ілім.
Тістер
Тістеріміздің орналасу ретін ойлаңызшы. Алдыңғы күрек тістеріміз үшкір, өткір болып келеді. Ал артқы азу тістеріміз жалпақ. Демек, күрек тістеріміз жейтін қорегімізді қырқып, ал азу тістеріміз үзген қоректерімізді шайнап, үгітуге қолайлы етіп жалпақ жаратылған. Егер барлық тісіміз жалпақ немесе керісінше, барлығы үшкір, өткір болса, адамға тамақ жеу мүмкін болмас еді.
Астыңғы тістер мен үстіңгі тістердің арасында керемет бір үйлесімділік бар. Жағымыз жабылған уақытта астыңғы тістеріміз бен жоғарғы тістеріміз бір-бірімен қабысады. Мысалы, азу тісіміздің біреуі сәл ұзындау болса, тамақ жеу, сөйлеу сияқты кейбір істерімізді еш ақаусыз атқара алмас едік.
Жас нәресте сүтпен ғана қоректенгендіктен, онда тіс болмайды. Бірақ басқа қатты нәрселермен қоректенетін шаққа жеткенде, дереу тісі өседі. Тістердің өте шебер орналасу реттері мен бір-бірімен үйлесімділігі және қажетіне қарай өсу уақыты кездейсоқтық емес.
(121 сөз)
Шаш, қас, кірпіктеріміз
Шаштарымыз ұдайы өсіп отырады. Шаштың бұлай үнемі өсуін кездейсоқтық деп қабылдасақ, неліктен шаштың құрамына ұқсас қастарымыз бен кірпіктеріміз өспестен бірқалыпты тұр? Бұған қоса кірпіктеріміздегі эстетикаға, нәзіктікке, сұлулыққа қараңызшы, бұл жерде кездейсоқтық емес, басқа бір тылсым күш тарапынан әдейі жасалғандықтан аңғарасыз. Ал мұнымыздың ішіндегі түсініктерді ше? Оның ауаны жылыту, фильтрлеу, одан да басқа қызметтерін ескерместен, өз-өзінен, бостан-осқа, еш қызмет- міндетсіз өсіп тұр деп кім айта алады? (68 сөз)
Тұрақты тістің саны
Адамда 32 тұрақты тіс болады. Үстіңгі және астыңғы жақта қосарланған 2 күрек тіс, бір-бірден ұры тіс, екіден азу тіс , үш үлкен азу тіс орналасқан. Бала дүниеге келгеннен кейін оның сүт тісі жақ ұяларында жатады. Сүт тістердің саны 20 болады.Баланың сүт тісінің жарылуы оның 6 айлығында басталып, 2,5 жасқа келгенде тоқталады. Бала 7 жасқа толғанда сүт тістері түсіп болып, тұрақты тістері шығады.
(62 сөз)
Сөздік
Үстіңгі –верхний
Астыңғы –нижний
Жақ –челюсть
Қосарланған –двойной
Күрек тіс –зуб –резец
Ұры тіс –клык
Екіден –по двое
Азу тіс –коренной зуб
Орналасқан –размещается
Сүт тіс- молочный зуб
Жақ ұялары –лунки зубов
V ТАРАУ. МАМАНДЫҚ ӘЛЕМІНДЕ
Кәсіптік сана
Колледжді бітірген соң болашақ маман өзінің кәсібі бойынша жұмыс істейді. Ұжыммен танысады, жұмыс қабілетін шыңдайды, өз қабілетін көрсетеді.
Кәсіби саналы болу үшін адамдармен тіл табыса білуі, белсенділік, іскерлік, байқағыштық қасиеттерімен қатар өзін-өзі басқара білуі және өз қызметіне адал болып, еңбекқорлығымен ұжымға сыйлы болуы қажет. Сондай-ақ ұйымдастырушылық қабілетін, қайырымдылығын көрсете алуы керек.
Кәсіби саналылықтың көрінетін жері – ол сіздің ұжымдағы жұмыстарыңыздың қорытындысы. Білгеннің үстіне біле түссем деуді ойдан шығармай білімге ұмтылуыңыз, өз пікіріңіздің болуы – кәсіби біліктілігіңіздің кепілі. Ұжым мүшелерімен достық, сыйластық қатынаста болу және олардан көмегіңізді аямай адамгершілігіңізді адамдықтың биік сатысына шығару – кәсіби санаңыздың көрінісі.
Сізден кәсіби саналы маман, өмірден өз орнын тапқан адам шығатынына кәміл сенімдіміз. (105 сөз)
Сөздік
Кәсіп –профессия, дело, работа
Шыңдау – оттачивать
Еңбекқорлық –трудолюбие
Саналы –сознательный
Білімге ұмтылу –стремление к знанию
Кәсіби біліктілік – профессиональная квалификация
Мәтін бойынша тапсырмалар:
1. Мәтіннен есімдіктерді тауып, мағыналық түрін анықтаңыз.
2. Берілген сөздерге құрамы бойынша талдау жасаңыз, жасалу жолын түсіндіріңіз : Белсенділік, іскерлік, байқағыштық, еңбекқорлық,ұйымдастырушылық, қайырымдылық, достық, сыйластық, адамгершілік, адамдық.
3. Кәсіби саналы болу үшін қажетті қасиеттерді теріп жазып алып, жаттаңыз.
Мейірбикенің міндеттері
Емдеу мекемелеріндегі мейірбикелердің міндеттері: зақымданушылар мен науқастарды күту, қарапайым емдеу жұмыстарын атқару: науқастарды қабылдап, оларды аурухана бөлімшелеріне орналастыру, дәрі беріп, оны дұрыс ішуді қадағалау, ауыр науқастарды тамақтандырып, сусын беру, компресс, банка қою және қышқағаз жапсыру, дер кезінде кіші дәрет сындырып, үлкен дәретке отыруын қадағалау, науқастарды операцияға даярлау, оттегін беру. Сондай - ақ төсек қасындағы тумбочканың тазалыған тексеру де (қабылданған дәрі дәрмектер мен желінбеген тамақ қалдықтары болмау керек: бұдан науқастың улануы мүмкін),палатаны жинастырып, желдету де кезекті мейірбикенің міндеті болып есептеледі. Палатаны жинастырып, желдеткенде салқын тиіп қалмау үшін науқасты жақсылап қымтап қою керек. Жазда палата торланған болса, өтпе жел болмайтындай етіп,терезені дәулік бойы ашық қалдыруға болады. Палатада ауа таза, ал температура – 20 - 22 ° C аралығында тұрақты болуы тиіс.
Науқас - больной
торланған болса – если в сетке
өтпе жел – сквозняк
аурухана – больница
тамақтандыру – кормить
желдету – проветривать
зақымдану – повреждения
бөлімшелеріне - подразделение
қадағалау – следить
дәрет – испражнения
аралық – промежуток
тұрақты – стабильный
Қазақсан жоғары оқу орындары
Барлық халықтардың өз ана тілінде таныидық білім алуына болады. Алматыда Қазақ мемлекеттік педагогика институты (1920 ж.), зоомал дәрлік (1929 ж.), ауыл шаруашылығы (1930 ж.), медицина (1931 ж.), политехникалық (1932 ж.), Орал педагогика (1932 ж.), институттары құрылды. 1932 жылы Қазақстан жоғары оқу орындарытұңғыш рет 288 маман даярлап шығарды. Қазақ Мемлекеттік Универсететті (1934 ж.) ашылды. Алғашқы жоғары оқу орындары осылар. Қазақстанда жаратылыстану, гуманитарлық жоғары экономикалық, техникалық білімдер бойынша мамандықтар беріледі. Республикада 62 жоғары оқу орны бар. Униневесететтер көбеюде, 6 медицина институты істейді. Олар Алматы, Актөбе, Ақмола, Қараханды, Семей және Шымкент қаларында орналасқан. Түркістан қаласынадағы А. Яссауи университетінде шығыс елдері медицинасы факултеті бар.
Жоғары оқу орындарының түлектері терің кәсептік даярлық пен азаматтық кәмелеттікті ұштастырады. Бүгінгі маман қазыргы экономикалық ойлауды, басқару және ұйымдастыру жұмысының дағдыларын жан-жакты биік мәдениетті игеруі және шет тілдерін білуі қажет. «Денсаулық сактау» тобының мамндары бес сала бойынша даярланады: «Емдеу ісі» «Педиатрия», «Гигиена, санитария және эпидемиология», «Стоматология», «Фармация» (дәріші).
Өзінің мамандық парызын атқару үшін дәрігерлер терең кәсіптік білімге жоғары адамгершілік, азаматтық сапаларға, қайырымдылыққа ие болуға тиіс. Кімде-кім дәрігердің шапағатты да киындығы мол мамандығына өмірін арнағысы келсе, бұл туралы байыпты ойлануы керек. Бұл мамандық иелері бір мезгілдері дәрігер, психолог және педиатор болуы тиіс. «Адам жанының арашасы-дәрәгер».
(Қ. С. Э. 4т)
Сөздік
Түлектер-воспитанники, выпускники
Экономикалық ойлау -экономическое мышление
Дағды-навык
Азаматтық-гражданственность
Сапа-качество
Адам жаны арашысы-спасатель человеческих души
Азаматтық кәмелеттілік-гражданская зрелость
Баскару-управление
Жан-жақты биік мәдениет-разносторонняя высокая культура
Адамгершілік-человечность
Ұйымдастыру-организовать
Қайырымдық-милосердие
Шапағат-сострадательность
Өзін арнау-посвятить себя
Бір мезгілде-одновременно
Прочитайте текст и ответьте на вопросы:
1 Қазқстанда 20-30 жылдарда қандай жоғары оқу орындары ашылған?
2 Жоғары дәрежелі білімді мамандар қандай болады?
3 Дәрігер мамандықтар түрлері қандай және дәрәгердің ерекшелігі неде?
4 Өзін оқитын жоғары оқу орын толық біліңіз және зерттеу жүргізіңіз. Шығарма жазыңыз.
Диалог сөйлеу – дәрігерлік қызметтің басты құралы.
Диалог сөйлеу дегеніміз - екі немесе бірнеше адамның тілдесуі: 1. сөз еркін айтылады, ой кең жайылуы керек; 2. Үнемі кезектесіп айтылады; 3. логикалық жағы кемдеу; 4. ым-ишаралар, бет, көз мәнерлілігі, қолдың, ауыздың, көздің, қабақтын қозғалысы керек.
Диалог сөйлеу – дәрігерлік қызметте басты құрал. Дәрігерлер науқастанған адаммен диалог сөйлесу тәсілін қолданады. Дәрігерге келген науқас адам, А.С. Макаренко айтқандай: «Сізддін сөзіңізден еркіңізді, сіздің мәдениетіңізді, сіздің жеке ерекшелігіңізді сезіне алатындай болуы керек». Тіл адамды іс-әрекетке итермелейді. Тіл арқылы дәрігер өз сөзімен санаға, сезімге, психологиясына (жан күйіне) әсер етеді. Сөз құдіретімен емдеген дәрігер - нағыз шебер емші.
Ми сыңарларының сол жақ бөлігінде (маңдай қыртысының төменгі жағында) нерв орталығы – сөйлеуді басқаратын орталық (Брока орталығы) бар . Самайдың арт жағында ( мидың сол жақ сыңарында) – есту орталығы (Бернике) бар. Егер адам миының сол жақ бөлігі зақымданса, ол кісі сөйлей алмай, афазияға ұшырайды. Бірінде сөйлеу органдары толық сақталғанмен, қиналып сөйлейді , тілі күрмеледі , дыбыс үн шығару қиынға соғады. Екінші түрінде адам өзі сөйлей алғанмен, басқаның айтқанына түсінбейді. Мидың бір жеріне қан құйылу, оның тамырларының тығындалуы, жарақаттанып, қабынуы, ісу, т.б. афазияның пайда болуына себеп болатын факторлар. Мұның емін логопед-дәрігерлер табады.
(Қ. Жарықбаев)
Сөздік
Ым-ишара- мимика
Ерік- воля
Сана- сознание
Сезім- чувство
Сөз құдіреті- магическая сила слова
Есту орталығы- слуховой центр
Диалог- екі не одан да көп адамның сөйлесуі
Тәсіл- прием
Мәдиниет- культура
Жеке ерекшелік- личная особенность
Нерв орталығы- центральный нерв
Сөйлеуді басқару орталығы двигательный центр речи
Афазия- сөйлей алмау
Қозғалыс – движение
Науқас- больной
Маңдай қыртысы- поверхность лба
VI тарау. БЕЛГІЛІ ҒАЛЫМДАР МЕН ДӘРІГЕРЛЕР ТУРАЛЫ
Гиппократ – медицинаның атасы
Гиппократ — шамамен біздің дәуірімізге дейінгі 460-370 жылдар аралығында өмір сүрген, ежелгі грек хал-қының ұлы дәрігері, әлемге даңқы тарап, «медицина атасы» атанған әйгілі адам. Ол — асқан шебер дәрігерлігімен қоса данышпан философ.
Гиппократ — дүниежүзінде тұңғыш рет адамды емдеу жолын және адам денесінің құрылымын ғылыми негізде дәлелдеген ғалым. Оның мәңгілік өлмес, өшпес еңбектері күні бүгінде медицина ғылымының қайнар басы болып есептеледі. Ұлы дәрігердің «Киелі ауру туралы», «Ауа, су және адам мекені», «Ант», «Заң», «Әйелдер ауруы жөнінде», «Қанатты сөздер» тағы басқа көптеген баға жетпес шығармалары дәрігерлік тапкырлығымен бірге философиялық аспектіде жазылған аса құнды дүниелер.
Ерте замандағы ғалымдар дәрігердің адам өміріндегі аса маңызды жоғары парызын көрсете келіп, «Әрі дәрігер, әрі философ адам — шын мәніндегі кұдіретті адам» деп Гиппократтың ұлылығын сөзсіз мойыңдаған.
Сөздік
Дәуір – эра
ежелгі – древний
даңқ – слава
әйгілі – знаменитый
данышпан – гений
құрылым – состав, строение
дәлелдеу – доказать
ұлы – великий
ант – клятва
баға жетпес – неоценимый
шығарма – сочинение, труд
тапқырлық – находчивость
құнды – ценный
аса маңызды -- особо важный
кұдіретті – могущественный
мойындау – признавать
ауру, кесел – болезнь
1тапсырма: Мәтінді оқыңыз, түсінініз, аударыңыз.
2 тапсырма: Мәтін мазмұнын еске түсіре отырып, мына сөздердің аудармасын кайталаңыз, сөйлем құраңыз.
Әйгілі адам — известньій человек
Данышпан философ — гениалъный философ
Денесінің кұрылымы — строение тела
Дәлелдеген — доказавший
Мәңгілік еңбектері — вечные труды
Ұлы дәрігер — великий врач
Баға жетпес шығармалары — бесценные
труды
Аса кұнды — очень ценные
Тапкырлық — находчивость
Құдіретті адам — могущественный человек
Гиппократтың қанатты создерін қайталаңыз, есте ұстаңыз.
Өмір қысқа, өнер ұзақ.
Ем қону үшін тек дәрігердің ғана бар істі колға алуы жеткіліксіз, ауру адамның өзі де, оны қоршаған орта да дәрігерге көмекке келуі тиіс.
Сыркат адамға диета сақтау пайдалы. Бірақ диетаны тым қатал ұстану да қауіпті.
Денеңнің қай тұсы ысып түрса не мұздап тұрса, кесел сол жерде.
Гимнастикалық жаттығу жасаған адамның денесі әдемі, сымбатты болып келеді, дені де сау болады. Бірақ жаттығу жасаудың да мөлшері бар.
Гиппократтың қанатты сөздері
Өмір қысқа, өнер жолы –ұзақ. Істің сәті түсер шақ өткінші, тәжірибе –алдамшы, талдау жасау –қиын.Сондықтан ем қону үшін, тек дәрігердің ғана бар істі қолға алуы жеткіліксіз, ауру адамның өзі де, оны қоршаған орта да көмекке келуі тиіс.
Гимнастикалық жаттығу жасаған адамның денесі, сырт тұлғасы сындардай әдемі, сымбатты болып келеді, дені сау болады. Бірақ жаттығу жасаудың да мөлшері бар.Сырқат адамға диета сақтау пайдалы.Бірақ диетаны тым қатал ұстану да қауіпті.
Сырқат неғұрлым ауыр болса, оған қолданылатын дәрі соғұрлым күшті болуы тиіс.
Қандай аурумен ауырсаң да, жан-күйіңді, рухыңды дұрыс ұстап, тамақтан қалмасаң –жақсылықтың белгісі. Ал керісінше болса –жамандықтың белгісі.
Жыл мезгілінің ауыспалы шағында, сондай-ақ ауа райының да ауыспалы шағында сырқат пайда болады.
Дененің қай тұсы ысып тұрса, сырқат сол жерінде.
(125 сөз)
Сөздік
қанатты сөздер –крылатые слова
Істің сәті –удачи дела
Тәжірибе –практика
Санжар Жағыпарұлы Асфендияров
Санжар Жағыпарұлы Асфендияров (1889-1937) 1912 жылы Петербордағы әскери медициналық академияны бітірді. Амудария өзені жағасында орналасқан Термез шекара бекінісінде әскери дәрігер болып жасады. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Түркістан полкының құрамында болып, тұтқынға түсті. Тұтқында Шығыс Пруссияда концентрациялық лагерде әскери тұтқындарға арналған лазаретте жұмыс жасады.1915 жылы Халықаралық Қызыл Крест ұйымының көмегімен Петербор қаласына оралып, Түркістанға сүзек ауруымен күресуге жіберілді.1919 жылы Түркістан Республикасы денсаулық сақтау ісінің халық комиссары болып тағайындалды.1921 жылы оны Түркістан Республикасының Москвадағы тұрақты өкілі және ұлттар істері бойынша Халық комиссариаты коллегиясының мүшесі ретінде Москваға аударады.
1925 жылы Санжар Асфендияров Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитеті хатшысының орынбасары және Президиум мүшесі болып сайланады.Санжар Асфендияровтың орыс, ағылшын, француз, және араб тілдерін жете меңгергені оның ғылыми-педагогикалық жұмыспен айналысуына мүмкіндік берді.1927 жылы С.Д. Асфендияров Н.Н.нариманов атындағы шығыстану Институтының директоры болып тағайындалды.Осы жылы оған Мәскеу мемлекеттік университетінің профессор атағы берілді.
1927 жылы ол Алматы қаласына жұмысқа ауысады. 1928 - 1937 жылдар аралығында ол Қазақ мемлекеттік университетінің ректоры (бұл оқу орны 1928 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты болып қайта құрылды) және тарих кафедрасының профессоры, Қазақ автономиялық республикасының денсаулық сақтау ісінің халық комиссары және Ағарту ісі халық комиссарының орынбасары, Қазақ медициналық институтының директоры (1931жылы),Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің мүшесі болып жұмыс атқарды. 1937 жылы жазықсыз жазаланып, 1938 жылдың 23 ақпанында ату жазасына кесілді. 1958жылдың 26 мамырында С.Асфендияров ақталды.
Сөздік
Көрнекті – видный
Ғалым- ученый
Қоғам қайраткері –общественный деятель
Ағартушы –просветитель
Әскери –военный
Жазықсыз жазаланды –безвинно репрессирован
Ибн Сина Абу Али Хусейн ибн Абдаллах
Ибн Сина Абу Али Хусейн ибн Абдаллах (980-1037) – Бұхарада тұрып еңбек еткен парсы ғалымы , ойшыл, үлы дәрігер, ақын, сазгер, математик. Ол 980 жылы Афшан деген жерде дүниеге келген. 10 жасында діни білімдерге ие болған. 18 жасқа толғанда заманының барлық білімдерін үйреніп, оларды тұжырымдап, жана білім шығара бастады. Ибн Сина өзі жөнінде былай дейтін: «Басқа ғалымдар арасында медицинаны да үйренгенмін және теориялық оқуымды наукастарды емдеумен тәмамдағанмын ». Ибн Синанын керемет дәрігер болғаны соншалық, оған дейін ешкім дертін жаза алмаған Бұхара әмірі Нух Ибни Мансурды емдеп шыкты. Бұл үшін әмір Ибн синаны кітапхана әкімшілігіне тағайындады және Ибн Сина бұл жердегі кітаптің бәрін оқып бітіріп, білімін кеңейтіп алды. Ибн Синаның 100 – ден астам еңбегі бар екені айтылады. Еңбектерін дәстүр талабына сай араб тілінде жазған. Үлкен энциклопедиялық еңбегі - « Аш-Шифа» және онын түсіндірмесі болған «Ан-Неджат»- ең әйгілі және дүниедегі медицина тарихының ең үлкен шығармаларының бірі. Батыста XIX ғасырда адам қанынан кездейсоқ табылған «кішіқан айналысын» ибн Сина X ғасырда ө ақ білген. Адам дәрігерлерінің заңдарын тәжірібе мен бақылауларға арқау етіп жазған «Әл-Канун фит-Тип» ( «Емдеу заңы») атты енбегі латыншаға аударылып,кейін французшаға, немісшеге, ағылшыншаға аударылды. XVI ғасырдан XIX ғасырға дейін Батыстың бүкіл университеттерінде оқулық ретінде пайдаланылған. Батыс бұл ғалымды Авиценна, шығыста Ұлықпан деген атпен таниды.
Сөздік:
діни - религиозный
тұжырымдау - формулировать , подводить итог
теориялық оқу - теоретическое знание
тәмамдау - заканчивать
әмір - эмир, властелин
емдеп шықты - вылечил
тағайындады - назначил
дәстүр талабына сай - по требованию традиции
түсіндірме - объяснение, истолкование
шығармалар - сочинения, произведения
тәжірибе - опыт
бақылау - контроль
арқау ету - опереться
VII ТАРАУ.ЕМДЕУ ЖОЛДАРЫ
Сөз –дәрігердің басты құралы
Бетпе-бет отырған тыңдаушыға тікелей айтылғандықтан , ауызекі сөз барынша экспрессиялы, ықшам болып құрылады.
Диалог сөйлеу –дәрігерлік қызметте басты құрал. Дәрігерлер науқастанған адаммен диалог сөйлесу тәсілін қолданады. Дәрігерге келген науқас адам, А.С.Макаренко айтқандай: «Сіздің сөзіңізден еркіңізді, сіздің мәдениетіңізді, сіздің жеке ерекшелігіңізді сезіне алатындай болуы керек» Тіл адамды іс-әрекетке итермелейді. Тіл арқылы дәрігер өз сөзімен санаға, сезімге, психологиясына (жан-күйіне) әсер етеді. Сөз құдіретімен емдеген дәрігер –нағыз шебер емші.
Ми сыңарларының сол жақ бөлігінде жүйке орталығы –сөйлеуді басқаратын орталық (Брока орталығы) бар. Самайдың арт жағында –есту орталығы (Бернике) бар.
Егер адам миының сол жақ бөлігі зақымданса, ол кісі сөйлей алмай, афазияға ұшырайды. Бірінде сөйлеу органдары толық сақталғанмен, қиналып сөйлейді, тілі күрмеледі, дыбыс, үн шығару қиынға соғады. Екінші түрінде адам өзі сөйлей алғанмен, басқаның айтқанына түсінбейді. Мидың бір жеріне қан құйылу, оның тамырларының тығындалуы, жарақаттанып, қабынуы, ісу, т.б. афазияның пайда болуына себеп болатын факторлар. Мұның емін логопед-дәрігерлер табады.
(144 сөз)
Өт және өт жолы аурулары кезіндегі диета
Өт бөлу жүйесінің сырқаты кезінде емдік тамақтанудың айрықша орны бар. Тамақтанудың шартын толық сақтағанда, аурудың қайталануы өте аз болады. Диетаны сақтамай, бұзған кезде, созылмалы холецистит пайда болады. Тамақты аз ғана мөлшерде күніне 4-6 рет бөліп-бөліп ішіп-жеген дұрыс. Тамақты белгілі бір мерзімде ішсе, қажетті сөлдер бөлініп, ас адам бойына сіңеді. Соңғы асты ұйықтардан екі сағат бұрын ішкен дұрыс, өйткені ұйықтаған кезде асқазанның ас қорытуы бәсеңдейді.
Өт салқын тамақтар мен сусындардан тартынған дұрыс, өйткені олар өт қабын құрыстырып, өттің ағысын бәсеңдетеді.
Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде
Денсаулықтың мықты болуы адамның өзіне байланысты. «Денсаулық - зор байлық» дейді дана халқымыз. Ойлап қарасаңыз, денсаулық - адам баласына табиғат сыйлаған ең басты байлық. Жас кезімізде оның бағасын білмейтініміз өкінішті-ақ. Мордва халқының: «Денсаулықтың шайқап алсаң кесесін, енді қайтып толтыра алмассың есесін» деген мақалы бар екен. Сол айтылғандай, денсаулықты оп-оңай жоғалтып алуға болады, оны қайта қалпына келтіру өте қиын. Себебі адам организмінің қалыптасқан қызметі бұзылған соң, тез арада жөнделуі мүмкін емес. Ол үшін әуелі дұрыс диагноз қойып, одан кейін асықпай, дұрыстап емделу қажет.
«Денсаулықты сақтаудың бірден-бір дұрыс жолы - жат қылықтардан алыс болып, салауатты өмір сүру. Ауру айықпас сырқатқа айналып кетпеуі үшін алдын алу шараларын қолдану қажет. Өз организміне билік жүргізіп үйрену - кез келген аурудың алдын алудың бірден-бір кілті. Бұл тәсілді медицина тілінде - адамның өзін-өзі шынықтыру немесе тәрбиелеу тәсілі деп атайды. Егер адам табиғаттың өзіне сыйлаған мүмкіндіктерін ақылмен, орынды пайдаланса, денсаулығына зиян келтірмей, ұзақ өмір сүрген болар еді. Салауатты өмір сүрудің, тазалықты сақтаудың белгілі ережелсрін білмейтін жан кемде-кем. Бірақ оған көпшілігіміз күнделікті өмірде аса мән бермейміз. Оның басты себебі - өз бойымызда қалыптасып қалған жалқаулық пен тоғышарлықты жеңетін күш-жігеріміздің әлсіздігі. Әрине, күнде таңертең 30-40 минуттай ертерек тұрып, шама келгенше жүгіріп-секіріп, әр түрлі жаттығулар жасауға, соңынан салқын сумен шайынып, шынығуға болады ғой. Көпшілігіміз жас кезімізде бұл мәселеге көңіл бөлмей, әр түрлі созылмалы ауруларға шалдығамыз. Әрине, уақытында емделмей, созылмалы болған сырқаттан жазылу да оңай емес. Сондықтан, ауырып ем іздегенше, сау кезіңде салауатты өмір салтын сақтап, ауырмаудың жолын іздеген әлдеқайда тиімді.
ТАПСЫРМАЛАР
1. Бос орындарга тиісті сөздерді қойыңыз.
Денсаулықтың мықты болуы өзіңе байланысты.
..................... - зор байлық» дейді дана халқымыз.
Салауатты сүрудің белгілі ережелерін білмейтін жан кемде-кем.
Денсаулық – адам баласына табиғат сыйлаған ең басты
Уақытында емделмей, созылмалы болған жазылу оңай емес
2. Бос орындарга тиісті қосымшаларды қойыңыз.
Денсаулықтың мықты болуы көбіне адам.... өзіне байланысты.
Адам табиғат сыйла мүмкіндікті ақылмен пайдаланса.
Арақ-шарап.... және темекімен «достығыңыз» қандай?
Сабыр сақтап, асықпай емдел... қажет.
Ас – адамның арқауы
Қазақтар сүттен уыз, ірімшік, қатық, іркіт, сүзбе, қүрт, қаймақ, сары май, қымыз, саумал, шұбат, көже, малта жасаған.
Каспий, Арал, Балқаш, т.б. теңіз, көл, өзен суларының төңірегін мекендейтін халықтың дастарқанынан жыл бойы балық тағамдары да үзілмеген.
Өсімдік, жеміс-жидек, т. б. тағамдарды «жұмақтың асы, оны ішіп- жеу сауап» дегені - халқымыздаң олардың денсаулыққа пайдалылығын ертеден ақ білгені. Тарыдан сөк, жент, жарма, ұннан бауырсақ, көмеш, таба нан, т. б. жасаған.
Қазақ халқы адамның жынысы, жасы, еңбегінің түріне қарай тамақтана білген. Күнделікті ішетін тамақ құрамында адам тіршілігіне өте қажетті элементтердің болуын көздеген. «Жаман ауруға жақсы ас»,- деп түйіндеген. Аурудың түріне қарай тағамдарды сұрыптаған. Айталық, өқпе ауруына қымыз, шұбат ішкізген. Суық тигенде құйрық май шыжғырып ішкізген. Қазақтың белгілі ақыны Қасым Аманжолов: « Болса денің, бойың сау- ақылың сау, ойың сау»,- деп тамаша тұжырымдаған.
Қазақ халқы денсаулыққа қажет жағдайлардың бәрінің ішінен «Ас- адамның аркауы» деп тағамның қасиетін өте жоғары бағалаған.
Мал – скот
Ырым – обычай
Дәстүр – традиции
Ірімшік – сыр
каймақ – сметана
Сары май – сливочное масло
Сүзбе – творог
Дастарқан – скатерть
Балық – рыба
Тағамдар – продукты
Қасиет – важный
Шелпек – лепешка
Құрметты ас – почетная еда
Жаман ауырға- жақсы ас – плохой болезни-хорошая еда
Жыл бойы – в течении года
VIII тарау. ХАЛЫҚ МЕДИЦИНАСЫ ТУРАЛЫ
Қазақ халық медицинасы
Қазақ халық медицинасының тарихи тамыры тереңде жатыр. Ол негізінен халық аузындағы пікірлер мен ұғымдарға, мәліметтерге сүйенеді.
Халық емшісі науқастың сыртқы пішініне, жүріс-тұрысына, өңіне көз сала отырып, оның денесіндегі ерекшеліктерді де байқап қалуға тырысқан. Ол қолдарының ұшымен өте ептілікпен науқастың ауырған жерлерін басып сипалап, ауырған ағзаны анық білуге тырысқан. Тердің қалай пайда болып, оның қай жерден шығатынына назар аударған.Тамыр ұстап, жүрек жұмысын тексерген. Қарынды, ішті еппен басып, ішкі ағзаларды зерттеген.Дененің ыстығын анықтаған. Түкірік пен қақырықтың, дәрет пен зәрдің шығу мөлшерін білген, олардың иісі мен түріне назар аударған. Осылардың бәрін білгеннен кейін, ауру адамның бетіне ойлы көздерімен жіті қарап, оның қолын сипалап, тамырын ұстай отырып,науқастың немен ауыратынын хабарлаған. Бұл, әрине,науқас адамға ерекше әсер етеді. Көңілі жабырқап келген науқас осыдан кейін серпіліп, оның көңілінде үміт оты жана бастайды. Ол енді дәрігердің айтқан сөзіне ілтипатпен құлақ қойып, оның еміне жан-тәнімен беріледі. Бұл халық емшілерінің осы күнгі оқыған дәрігерлерге үлгі болар жағы.
(147 сөз)
Халық емі – ғасырлар бойы тірнектеп жиналған адамдар тәжірибесі. Ұрпақтан ұрпаққа ауысып, өзінің өміршеңдігін дәлелдеген білім арнасы. Қазіргі ғылыми медицинаның негізі халық емінің терң қойнауында жатыр.
Халық емшілері ауруға керекті дәрі-дәрмекті алыстан іздемей-ақ өз төңірегіндегі табиғат дүниесі өсімдіктерден, минералдардан, хайуанаттардан алғаны аян. Осының ішінде қалың қауым үшін тез табылып, оңай керекке жарайтыны өсімдіктер екені дауысыз.
Дәрлік өсімдіктерді пайдалануда өзіндік салт-дәстүрі, жинау, сақтау, қолдану ерекшеліктері бар. Жазба деректерде әлем жұртшылығына ежелден белгілі Үнді, Тибет, Қытай елдерінің емшілері бай тәжірибе жинақтағаны көне дәуірден мәлім. Мұндай тәжірибеден қазақ халқы да кемде емес. Өкінішке орай, жазба деректер жоқтың қасы. Дегенмен ұрпақтан ұрпаққа ауысып, ауызша жеткен емдеу тәсілдері түрлі аңызға арқау болған.
С. Қалиев
Сөздік
Тірнектеп жиналған – накопленный годами
өміршеңдік – живучесть
терең қойнауында – в глубине
емші – целитель
аян – известно
қауым – народ
даусыз – беспорно
дерек – сведение
кемде емес – имеется
арқау болған – был основной
Халықтық хирургия
Қазақтың ертеде озық дамыған алдыңғы қатарлы ғылыми медицинасы болды. Әйгілі ғұлама Гиппократ ғылыми жұмысқа кіріспес бұрын сақтардың (қазіргі қазақтардың бабалары) ғылыми медицинасы болғандығын атап өтеді. Ол былай деп жазған: «Денесінің қандай да бір жері күйдірілмеген сақты табу қиын. Өйткені сақтар күйдіру жолымен емдеуді бірінші орынға қояды». Халық медицинасында науқастан қан алу (тамыр қию), денені жайлаған дертті қанмен шағару, жарақатқа күйдірілген киіз басу емнің күштісі болып саналады. Қан алып емдеу ғылымға қайшы емес. Қан алу үшін арнайы құрал, өткір қайралған темір қандауыр пайдаланылады. Алайда кейбір қан алушылар қандауырларын отқа қыздырып зарарсыздандырған. Кейбіреулері қанды тамырдан емес, теріден де алған. Ертеде адамдар халық емдерін қолданған. Жаңа сойған қоян мен тышқанның жылы терісін шиқанға, ісікке жапсырып емдеген. Киізді күйдіріп, жараға басқан. Инимен емдеу, сылау, отқа, суға табыну, үшкіру, тұмар тағу сияқты халық емдері бар.
Сөздік:
Озық даму – передовое развитие
алдыңғы қатарлы – находящийся на передовой
жұмысқа кірісу – приступить к работе
көп жыл – много лет
сақтар – саки
табу қиын – трудно найти
емдеу – лечить
қан алу – кровопускание
қандауыр (оташы пышығы) – скальпель
киізді күйдіру – прижигать войлок (кошма)
басу – прикладывать
емнің күштісі – самое сильное (действенное лечение)
ғылымға қайшы емес – не противоречить науке
инемен емдеу – иглотерапия
сылау – мазание, массирование
табыну – преклоняться
Үшкіру
Өзіміз нақтылы көріп,куә болған емдеудің бұл түрін көбінесе қарт діндар адамдар жасайтын.Үшкіруді кейде «дем салу» дейді. Бұл ем әсіресе мұсылман дініне негізделген. Өйткені, ол құран сөзін,аятты айту арқылы жүргізіледі.Үшкіруді немесе дем салуды көбінесе кешқұрым, науқастың әлі біткен шақта жүргізеді.Үшкіруші немесе дем салушы науқастың жанына отырып,оның жағдайын байқағаннан кейін белгілі бір аятты сыбырлап айта,аурудың бетіне үрлейді.Бұл тынысы тарылып,демі біте бастағандай адамға дем бергендей болады. Кейбіреулердің түсінігінше құран сөзі қасиетті сөз,сондықтан аятты оқып бетке үргенде бойға күш бітеді,еңсені басқан аурумен уайым қайтады. Осылайша үшкіру емі хал үстінде жатқан адамның,егер ол әлі де есінен танбаған болса,көңіліне демеу болады,оған үміт отын тұтатады. Ол,тіптен науқастың туған-туысқандарына да әсер етіп,олардың да көңілін орнына түсіреді. Сырқат адамның кеселінен жазылып кетуі ықтимал деген сенімін күшейте түседі.
Сөздік
Үшкіру-чтение из корана для поддержания больного
Құран-сөз аятты оқу чтение корана аят
Қасиетті-сөз пророческое слово
Мұсылман дініне негізделген-основано на исламской религии
Аурудың бетін үрлеу-дуть в лицо больного
Демеу-поддержание
Кесел-недуг
Мәтін бойынша сұрақтар:
1.Үшкіруді қалай жүргізеді?
2.Үшкіру қандай ем, немен емдейді?
3.Үшкіру қандай ауруға қолданылады?
4.Үшкірумен емдеу не береді?
Ішкі ағза ауруларын анықтап, емдеу
Қазақ халық медицинасының тарихи тамыры тереңде жатыр, оның құпиясын дұрыс түсінген жөн. Ол негізінен халықаузындағы пікірлер мен ұғымдарға, мәліметтерге сүйенеді. Қаралуға келген адамдарды жан-жақты білудіхалық дәрігерлері естен шығармаған.
Халық дәрігері емшісі науқастың сыртқы пішініне, жүріс–тұрысына, өңіне, реңіне көз сала отырып, оның денесіндегіерекшеліктерді де быйқап қалуға тырысқан. Ол қолдарының ұшымен өте епті және сезімталдықпен науқастың ауырған жерлерін басып сипалап, ауырған ағзаны анық білуді дұрыс санаған. Тердің қалай пайда болып, оның қай жерден шығатынына назар аударған. Тыныс алудағы көңіл- күйді байқаған. Тамыр ұстап, жұмысын тексерген. Қарынды, ішкі еппен басып, ішкі ағзаларды зерттеген. Дененің ыстығын анықтаған. Түкірік пен қақырықтың, дәрет пен зәрдің шығу мөлшерін білген, олардың иісі мен түріне назар аударған. Осылардың бәрін білгеннен кейін, ауру кісінің бетіне ойлы көздерімен жіті қарап, оның қолын нәзік сипалап, тамырын ұстай отырып, науқастың немен ауратынын хабарлаған. Бұл, әрине, науқас адамға ерекше әсер етеді. Науқас адам ең алдымен емшінің ғұламадәрігер екеніне көзі жеткендей болады. Әлдеқандай болады деп көңіле жабырқап келген науқас осыдан кейін едәуір көңілденіп, оның көңілінде үміт оты жана бастайды. Ол енді дәрігердің әрбір айтқан сөзіне ілтипатпен құлақ қойып, оның еміне жан-тәнімен беріледі. Бұл-халық дәрігерлерінің осы күнгі оқыған дәрігерлерге үлгі болар жағы.
Ауырған адамдардың өңінің бозаруы, сұрлануы, қызаруы, көздің шүңіреюі, мұрнының сораюы халық дәрігерлерінің назарынан еш уақытта тыс қалмаған, бұлар сырқаттың қай ауру белгілеріне жататынын білген. Тердің өзін бірнеше түрге: бұршақ тер, жабысқақ тер, сасық тер, қара тер, құрғақ тер деп бөлген. Мөлшерден тыс зәрдің шығуын шыжың, шөлі қанбағанды сусамыр, іші өте бергенді тышқақ деген. Егер үлкен-кіші дәретіне қан араласса, қан тышқақ, қан сию деген. Ыстығы көтеріліп, аузы кеуіп, терісі құрғаған жағдайда, оны тер қысу дептүсіген. Осындайда тер шығаруға мүмкіндіқ жасап, науқастың жағдайын дұрыстаған. Жөтелді де бірнеше түрге бөлген. Олар: көк жөтел, құрғақ жөтел, шиқыл жөтел. Қақырықты да түр, түске бөлген. Оның түрінің өзгеруін өкпе мен кеңсірі қауруларының белгісі деп білген.
Халық, әсіресе, дәрігердің (емшінің) тамыр ұстап қарағанын ұнатады. Тамырдың соғуы, оның ерекшелігі, әсіресе, әр түрлі жүрек ауруларына нықтауға көмектеседі. Тамыр біресе жиілеп, біресе баяулап соғады, оның соғу реті өзгереді, кейде соғуы әсер-әсер біленетін кездері де болады. Тамырдың қалыптан тыс осылай соғуын тамырдың шалыс соғуы дейді. Дененің ыстығы да, қөңілдің күйі де тамырдың соғысына әсерін тигізеді. Осының бәрін зерттеп, тамыр соғуынық ерекшеліктерін айырып-білуге дағдыланған, оның әр түрлі ауруларға сәйкес көріп, әлсіз тамыр, өрекпі тамыр деп жіктеген
( А.Алдашев, Ж..Әлімханов)
Сөздік
Халық емшісі – народный лекарь Жан-жақты білу – знать разносторонне
Сыртқы пішін – внешность Басып сипалау - пальпация
Өңі-реңі - облик (лицо, образ) Тамыр – пульс,
Тер – пот Қарын – желудок
Жүрек – сердце Түкірік – плевок (слюна)
Дененің ыстығы – температура Иіс - запах
Қақырық – мокрота Ғұлама дәрігер – знатный врач
Түрі – форма Үміт - надежда
Көңіл – настроение Өңінің бозаруы - сероватый
Көздің шүніреюі – со впалыми глазами Қызару - покраснеть
Жаман ауруға жақсы ас
Қазақ малдын әрбір мүшесін беруде турлі ырымдар мен дәстүрлерге сүенген. «Әкең өледі» деп басты, «суға кетесің» деп жұлынды балаға бермеген.Төс-қыз бен қүеудің сыбағасы. Тағы басқа да ырымдар көп.(С.Мұқанов).
Қазақтар сүттен уыз, ірімшік, қатық, іркіт, сүзбе, қүрт, қаймақ, сары май, қымыз, саумал, шұбат, көже, малта жасаған.
Каспий, Арал, Балқаш, т.б. теңіз, көл, өзен суларының төңірегін мекендейтін халықтың дастарқанынан жыл бойы балық тағамдары да үзілмеген.
Өсімдік, жеміс-жидек, т. б. тағамдарды «жұмақтың асы, оны ішіп- жеу сауап» дегені - халқымыздаң олардың денсаулыққа пайдалылығын ертеден ақ білгені. Тарыдан сөк, жент, жарма, үннан бауырсақ, көмеш, таба нан, т. б. жасаған.
Қазақ халқы адамның жынысы, жасы, еңбегінің түріне қарай тамақтана білген. Күнделікті ішетін тамақ құрамында адам тіршілігіне өте қажетті элементтердің болуын көздеген. «Жаман ауруға жақсы ас»,- деп түйіндеген. Аурудың түріне қарай тағамдарды сұрыптаған. Айталық, өқпе ауруына қымыз, шұбат ішкізген. Суық тигенде құйрық май шыжғырып ішкізген. Қазақтың белгілі ақыны Қасым Аманжолов: « Болса денің, бойың сау- ақылың сау, ойың сау»,- деп тамаша тұжырымдаған.
Қазақ халқы денсаулыққа қажет жағдайлардың бәрінің ішінен «Ас- адамның аркауы» деп тағамның қасиетін өте жоғары бағалаған. Нанды алу үшін құранға шығуға болады, ал құранды алу үшін нанға шығуға болмайды. Нан- аса қасиетті ас. Наннан жеті шелпек жасап, садаққа берген. Тағы бір қүрметті ас- сүт. Сүт төгілсе аруақ дәметіп жатыр деп, садақа берген.
IX ТАРАУ. АУРУЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ ТУРАЛЫ
Ауыру түрлерінің атаулары
боль – ауыру
боль блуждающая – кезеген ауыру
боль в деснах – қызыл иек ауыруы
боль давящая – жаншып ауыру
боль жгучая – күйіп-жанып ауыру
боль иррадирующая – тарамалы ауыру
боль коликообразная – шаншып ауыру
боль колющая – сұққылап ауыру
боль ноющая – сыздап ауыру
боль опоясывающая – құрсаулап ауыру
боль отраженная – шарпылып ауыру
боль прекращающаяся – бәсеңсіген ауыру
боль приступообразная – ұстамалы түрде ауыру
боль проникающая – дендеп ауыру
боль пульсирующая – солқылдап ауыру
боль распирающая – жарып ауыру
боль режущая – кесіп ауыру
боль рецидивирующая – қайталамалы ауыру
боль сверлящая – тесіп ауыру
боль сжимающая –сығымдап ауыру
боль схваткообразная – бүріп ауыру
боль тупая – ұйып ауыру
боль щемящая – ашып ауыру
Гипертония
Гипертония –дегеніміз қан қысымының шамадан тыс көтерілуі. Адамның ауыр ой еңбегі мен дене еңбегінен кейін кейде қан қысымы көтерілуі мүмкін. Сондай-ақ, ішкі органдардың ауруынан да (бүйрек қабынуы, ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуынан) қан қысымы көтеріледі. Көбіне орталық жүйке жүйесінің бұзылуынан, невроз ауруы, қатты қорқыныш, ұзақ ойға салынып, қайғы-қасірет шегу,т.б. салдарынан кейбір органдардың қан тамырлары артеросклерозға шалдығады. Қан тамырлары тарылғандықтан, органдарға қан жеткізілуі нашарлайды.Жүрекке күш түседі, оның қызметі ауырлап, көлемі ұлғайып, бұлшық еті қалыңдайды.
Гипертонияның емі: дәрігердің кеңесін орындау, оның ұсынған дәрі-дәрмектерін ішу,санаторий мен курорттарда емделу.
(85 сөз)
Баспа
Баспа салқын мезгілдерде жиі кездеседі. Бұл ауру кезінде тамақ безі қабынады. Дене қызуы жоғарылап, дауыс қарлығып, басы ауырады. Ауру күшейсе, безде ірің пайда болады.
Баспа асқынса, буынға, жүрекке шабады. Сондықтан төсекте жатып, жылы сұйық тағам ішіп,спирттен, арақтан компресс жасау керек. Ауру күшейсе, дәрі ішкен дұрыс.
(46 сөз)
Сөздік
Баспа- ангина
Қабыну –воспаление
Дауыс қарлығу –охриплость голоса
Сұйық тағам –жидкая пища
Шаю –полоскать
Шабады –передается
Буын -сустав
Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.
Тұмау – ауа арқылы берілетін инфекция. Егер тиісті ережелерді сақтамасақ, әсіресе, инфекцияның жапай таралуы кезінде тұмаумен ауырмай қалу мүмкін емес. Ауру адам түшкірген, жөтелген, сөйлескен кезде вирусты өзін қоршаған ауаға, айналадағы заттарға шашырату арқылы сау адамға жұқтырады. Осыдан вирус майда сілекей тамшыларымен, шаңмен сау адамның тыныс алу жолына өтіп, тез көбейтіп, ауруға шалдықтырады.
Аурудың алғашқы белгілері дене қызуының жоғарлауы, мазасыздық, бас ауру біліне салысымен үйге дәрігер шақыру қажет. Ауруды оңашалаған жөн. Оны күтушілер мұрны мен аузын жуып тұратын төрт қабат дәкеден жасалған дұрыс. Ауру жатқан бөлмені жиі желдетіп тұру керек. Аурудың керек-жарақ бұйымдарын, ыдыстарын дизинфекциялайтын ерітінділермен тазалайды.
Жұмысқа кетер алдында жұмыстан келген соң мұрынға оксалин майын жағып интерферон тамызу керек.
Эпидемия кезінде қонаққа, театрға баруды шектеу керек.
Сөздік
жаппай таралау – распостранить повсеместно
түшкірген кезде – во время чихания
шашырату – брызгать, здесь: распространять
сілекей – слюна
мазасыздық – беспокойство
оңашалау – отделить
дәке – марля
керек-жарақ – необходимое
бұйым – предмет, вещь
ерітінді – раствор
шектеу – ограничить
Мәтінді оқы, аудар
Сары ауру
Сары ауру (вирусты гепатит) бауыр ұлпасының вирустардың әсерінен зақымдануы. Қазіргі кезде вирусты гипатиттердің А,В,С,Д,Е түрлері бар.
Сары ауру – балалр арасында жиі кездесетін жұқпалы ауры. Жұқтыру көзі – адам. Күз, қыс мезгілінде жиі кездеседі. Ауру жасырын (инкубациялық) бастапқы немесе сарғаю алды кезеңі, өршу (сарғаю) сарғаюдан кейінгі кезең және жазылу кезеңінен тұрады. Бастапқы кезеңде дене қызуы көтеріліп, әлсіздік, бас ауруы, жүрек айну, құсумен білінеді. Сонымен қатар оң жақ қабырға астында, асқазан тұсында ауырсыну байқалады. Ең маңызды белгі бауырдың ұлғаюы. Екінші кезенде несеп қызыл-қоңыр түске енеді. Өршу кезеңінде (үшінші) көздің шырышты қабаттары, кейін бет, дене, аяқтары сарғаяды. Сары аурудың А түрін үй жағдайында емдейді. Бала сарғаю кезеңінің алғашқы күнінен бастап қозғалысты азайту керек. Белоктар – сүзбе, сүт, айран, еттің майсыз түрлерін қолданған дұрыс. Тәуліктік тағам құрамында шикі және қайнатылған жидектер, көкөніс болуы керек. Сонымен бірге бал, тосап, мейіз, өрік, салаттар жеуге болады.
“Денсаулық” №7 2001 ж.
Сөздік
Бауыр ұлпасы – желчный пузырь
Жұқтыру көзі – источник заражения
өршу – развиваться
жүрек айну – тошнота
құсу – рыгать
қабырға астында – под ребрами
ұлғаю – увеличиваться
несеп – моча
көздің шырышты қабаттары – склероз глаз
1.Берілген тірек сөздердің көмегімен сөйлем ойла.
Сары ауру, түрлері, жиі кездеседі, кезеңінен, тұрады, емдейді, жеуге болады.
2.Сөйлемдерді дұрыс құрастыр.
сары ауру | үй жағдайында емдейді |
жұқтыру көзі | кездеседі |
ауру балалар арасында | жұқпалы ауру |
аурудың бұл түрін | адам |
Мәтінді оқы, аудар
Құрт ауруы (Туберкулез)
Құрт ауруы –жөтел және қақырық арқылы тарайтын жұқпалы ауру. Сондықтан өзіңізге де, өзгелерге де еденге, жерге түкіруге жол бермеңіз. Егер науқас:
үш аптадан аса жөтелсе;
қан түкірсе;
үш аптадан аса көкірек тұсындағы ауырсыну басылмаса;
үш аптадан аса қалтырап жүрсе, бұларды туберкулез ауруының “хабары” деп түсінген жөн.
Алайда мұндай белгілер басқа да ауруларға тән. Сол үшін белгілердің кез келгенінде міндетті түрде қақырық тексеру қажет. Егер қақырықты үш рет тексергенде де нәтижесі теріс болса, дәрігер ем тағайындайды.
Аш жүру немесе жөнді тамақтанбау организмнің ауруға қарсы оған азайтатын – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Темекі шегу мен арақ ішу тәннең қорғаныс қабілетін нашарлатады.
Көбінесе туберкулезді тұқым қуалаушы деп есептейді. Бұл сенімсіз. Туберкулез –жұқпалы ауру. Сондықтан әрбір адам оны жұқтырмау амалдарын сақтау керек.
“Денсаулық” №7, 2001 ж.
Қақырық – мокрота
Көкірек тұсы – грудная часть
Қалтырап тұру – если знобит
Нәтиже теріс болса – если результат отрицательный
Аш жүру – голодать
Жөнді тамақтанбау – недостаточное питание
Шындық – правда
Нашарлатады – ухудшает
Тұқым қуалаушы – наследственная, по наследству
Амал – способ
Тән – тело
Сұрақтарға жауап бер:
Туберкулез ауруы не арқылы тарайды?
Науқаста ауру белгілері қалай білінеді?
Қандай жағдайда дәрігер науқасқа ем тағайындайды?
Қандай жағдайлар тәннің ауруға қарсы қорғаныс қабілетін нашарлатады?
Туберкулез қандай ауру?
3. Мына сөздерді, сөз тіркестерін синоним, антоним болатындай етіп жікте. Көкірек тұсы, аш жүру, теріс, ауру, тән, кеуде тұсы, жөн, тоқ жүру, дене, науқас, сау, дұрыс.
4. “Жылқы етіне баға жетпес, арзан дәрі деп қарау керек”.
“Қымыз – бұл қазақтың әрі тағамы, әрі дәрісі, әрі шарабы, әрі сусыны”. Тапсырма: Жылқы етінің және қымызының адам денсаулығына пайдасы туралы әңгімеле.
Спидтің белгілері
Спид ауруы қашан белгілі болады? Ол көпке дейін біліне қоймайды.Алғашқы бес жылда бұл кеселмен ауыратындардың небәрі 20-30 пайызы ғана белгілі болды, ал 20 пайызы әлі де жөнді байқалмай, ал қалған 50-60 пайызы бұл мерзімде сап-сау қалпында жүреді.Осы соңғы құрамдағы адамдар қауіпті. Олар ауруын көп адамдарға жұқтыруы мүмкін.Спид – жұқпалы ауру.
Спидке ұшыраған адам әлсіз, шаршағыш, терлегіш болады. Тамақ астындағы, қолтықтағы бездері ісінеді. Оның еңбекке қабілеті кемиді, тамаққа тәбеті шаппайды, салмағын жоғалтады, жүдеп кетеді. Дене қызуы көтеріліп, ол ұзақ уақыт бойы төмен түспейді. Ауыздағы сілекей қабығына ақ таңдақ түседі.
Әзірге бұл дертті жазатын дәрі-дәрмек табылған жоқ. Бүгінгі таңда ғалымдар ауруға қарсы қолданатын вакцина жасаумен айналысуда. Қазір бұл сырқатқа қарсы амидотимидин және гибровирин деген екі дәрі қолданылады. Бұл дәрілер ауруды құлан таза жаза алмайды, бірақ ағзадағы вирустың көбею процесін уақытша болса да тоқтатып, тежей алады. Бұл науқастың өмірін азды-көпті ұзарта алады деген сөз.
(140 сөз)
Наркотик деген не?
«Нарке» деген сөз грек тілінде әлсіз, есінен танған, аяқ-қолы тартылған денег білдіреді. Улы наркотик дәрілер медицинада қолданылады, бірақ олардың бір жаман қасиеті бар. Егер наркотиктерді ұзақ пайдаланса немесе мөлешрден көбірек қолданса, адам организмі оларға тез үйренеді де, алдағы уақытта наркотиктерді үнемі тілеп тұратын болады.Сөйтіп, наркотикке үйренген ол қажет болған кезде қиын жағдайға түседі, тағат таппайды. Мысалы, адам өте қатты шөлдеген кезде қалай қиналса, наркотик тілеген кезде одаң әлденеше рет қатты қиналады. Бұлшық еттері тартылып, денесі бірде жиырылып, бірде созылады, жан ашырлық күйге түседі. Үсті- басы моншақ – моншақ тер тамшыларына малынады. Қайта – қайта құсқысы келіп, іші баурын біреу жұлмалап тартып бара жатқандай жан ұшыра қиналады.
Наркотиктерді қолға түсіру үшін накроман адамдар неше түрлі ауыр жағдайларға душар болады. Ұрлық жасайды, кісі өлтіреді. Наркоман адам наркотикті туып ішкеннен кейін немесе укол жасағаннан кейін жаны жайтабады. Өлімі жан түршігерлік.
Сөздік
Пайдалану – использоваться
Үйренеді – привыкает
Тамшылар – капли
Тер – пот
Жай табады – успокаивается.
X ТАРАУ. АДАМНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ
Денсаулық – зор байлық
Адамзат өмірге келген соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі тиіс. Бірінші байлық – денсаулық демекші, ең алдымен саналы да жарқын өмір сүру үшін денсаулық қажет. Ал сол денсаулықты сақтау – өз қолымызда, яғни өз еншімізде. Қазіргі таңда аурулардың түрі көбейіп барады. "Тірі адам түбінде бір ауырмай тұрмайды” деп данышпан Баласағұнидің айтқан сөзі рас сияқты. Өйткені, әрбір адам басында өзіне белгілі бір аурулары бар.
Еліміздің ертеңгі тізгіні жастар қасында мемлекетіміздің алдына қойып отырғаны елулікке ену стратегиясы жүзеге асу үшін жас ұрпақтың дені сау болуы қажет.Денсаулық механизмі бар екені белгілі, ал, денсаулық өзі алты аспектіден тұрады: физикалық денсаулық,психикалық және интеллектуалды денсаулық,жеке, рухани денсаулық,
эмоционалды денсаулық, әлеуметтік денсаулық.
Физикалық денсаулық келесі түсініктерден тұрады: біздің денеміз қалай құрылған және қалай жұмыс жасайды, ешқандай дене аурулары жоқ, ол жаттыққан немесе шыныққан.
Психикалық және интеллектуалды денсаулық - бұл психикалық аурудың және кем ақыл-дылықтың болмауымен түсіндіріледі. Психикалық денсаулық адам жаңа білімді қабылдау және оны қолдау қабілетімен, негізгі психикалық процестердің күші және қозғалғыштығымен сипатталады.
Жеке денсаулық - бұл адам өзін-өзі адам ретінде сезінуі, талпынысы, өзін көрсетуі, жетістігі, негізгі құндылықтары. Біреулер жұмысынан, біреулер - өнерден, үшіншілері - отбасынан, төртіншілер - жеке басынан жетістік іздейді.
Рухани денсаулық - бұл адам өмірінің орталығы, бұл - мораль, тәртіп және басқа біреудің әрекетін қабылдау этикасы, мейірімділік пен қайырымдылық, әсемдікті қабылдау этикасы.
Эмоционалды денсаулық - бұл өз сезімдерін түсіну және бақылау, керек кезінде өз сезімін түсінікті түрде шығара білу, эмоцияның тыйым салатын және салмайтын көріністерін білу керек.
Әлеуметтік денсаулық - бұл ең алдымен өзін қоғамның бір бөлшегі ретінде сезіну, қоғамда және қоғам өмірінде өз жетістіктерін сезіну.
Денсаулық туралы мақал-мәтелдер
1.Дәрі шөптен шығады
Дала көптен шығады.
2.Көп ауырған ем табады,
Көп адасқан ел табады.
3.Күрек тісің сынса, күлкің бұзылады.
4.Бас ауырса, жан тәтті.
5. «Ас иесімен тәтті, табағымен жақсы»
6.«Қазаныңа не салсақ, шөмішіңе сол ілінер»,
7.«Ертеңгі асты тастама, кешкі асқа қарама»,
8.«Ас тұрған жерде дерт тұрмайды»,
9.«Ауру батпаңдап кіріп, мысқалдап шығады»,
10. «Ауруын жасырған өледі»,
11.өзің ауырса қолыңды тый, ішің ауырса аузыңды тый»,
12.«Ауырып тұрдың аунап тұрдың»,
13. «Сәтін салған ауруға, не болса сол, ем болар»
14.Тұмау аяғы құрт, тұман аяғы жұт»,
15.«Іздеп алған аурудың емі табылмас»
16. «Тазалық – саулық негізі, саулық байық негізі»,
17.«Жан ауырса - тән азады, қайғы болса – жан азады»
18.«Қай жерің ауырса, жаның сол жерде»,
19.«Көз - адамның айнасы, астың бар ғой пайдасы»,
20.«Емнің алды – еңбек»
21.«Ауырып ем ізегенше, ауырмайтын жол ізде»,
22.«Тыста ұзақ жүргенің, ұзақ өмір сүргенің»,
23.«Тәннің ләззаты – саулығында, жанның ләззаты біліміңде»,
24.«Елемеген ауру жаман, ескермеген дау жаман»,
25.«Жалқаулық - жаман ауру»
26.«Айналдырған ауру алмай қоймас»,
27.«Ауырып жазылған жан олжа, жоғалып табылған мал олжа»,
28.«Жұғын бар жерде – шыбын бар, шыбын бар жерде – шығын бар»,
29.«Бас аманда мал тәтті, бас ауырса, жан тәтті»,
30.«Сырқат – тән жарасы, қайғы жан жарасы»,
31.«Жақсы жұмыс жанға тыныс»
|
| |
| Әуелгі байлық — ден саулық, Ауру жайын баққан біледі, |
Адам және табиғат
Елімізде ауаның тазалығын сақтауға ерекше көңіл бөлініп келеді. Соған орай біздің республикамызда ауа бассейін қорғау шаралары белгіленеді. Алматыда 74 кәсіпорын атмосфераға зиянды заттар шығаруды азайту шараларының жоспарын жасаса, қаланың 118 автошаруашылығында автомобильдер бөлетін газзияндылығының мөлшерін тексеретін бақылау орындары құрылды.
Талдықорған асфальт-бетон заводы қаланың сыртына шығарылып, кілем тоқы фабрикасының бояу цехы солтүстік өнеркәсіп аймағына көшірілді.
Жезқазған кен-металлургия комбинатының кәсіпорындары әр жыл сайын шаң тозаңды 155 тонна, күкірт газын елу мың тонна азайту жолдарын қарастырды. Ал Атырау химия заводында атмосфераны қорғаудың отыздан аса шаралары енгңзңлген.
Су да біздің бір байлығымыз, сондықтан оны тазарту ісін қолға алуға міндеттіміз. Соңғы жылдарда тәуліктік қуаты төрт миллион текше метр болатын тазарту қоңдырғылары іске қосылды. Мұндай биологиялық тазартқыштар бүгінде Алматы, Қапшағай, Есік, Қарағанды, Ақтөбе, Жамбыл, т.б. қалаларда жұмыс істейді. Су ресурстары қорғау шараларын жүзеге асыру нәтижесінде Жайық, Тобыл, Есіл, Ертіс өзендерінің ластануы азайып. Талас және Іле өзендеріндегі судың химиялық құрамы жақсарды.
СөздікШара – меры
Белгілену – установить
Шығару – выброс
Қолға алу – взять в руки
Тазарту қондырғылары – очистительные сооружения
Іске қосылды – введен в действие
Жүзеге асыру – претворить в жизнь
Ластану – загрязняться
Табиғат және денсаулық
Қоршаған ортаның адам денсаулығына әсері зор. Ірі өнеркәсіпті қалаларда ауаның ластануы тыныс алу ағзасы ауруларына әкеледі. Орталықтандырылған сумен қамту жүйесі көп елді мекендерде жоқ болғандықтан, асқазан және ішек аурулары да аз емес. Өзен суларындағы өнеркәсіп қалдықтары мен тыңайтқыштар адам ағзасына зор қауіп туғызады.
Ғалымдар адам денсаулығының 8-10%-ын медицина анықтайтынын , ал 50%-дан астамы оның тұрмыс жағдайы мен қоршаған ортаның сапасына байланысты екенін айтады. Қоршаған ортаның жағдайы жақсармай, адамдардың өмір сапасы жақсармайды.Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша аурудың 80-ге жуық түрлері ластанған суды пайдаланғаннан болады.
Адам қоршаған ортаға қамқорлық жасамайынша, өз денсаулығын сақтай алмайды. Орман сау, ауа мен су таза болса, адамның да дені сау болады.
Жер –біздің барлығымыздың үлкен үйіміз. Табиғат қандай жағдайда болса, адамдардың өмірі мен денсаулығы да соған тығыз байланысты болады.
1.Сұрақтарға жауап беріңіздер
1.Табиғат адамның денсаулығына қалай әсер етеді?
2.Өз қалаларыңда, облыстарыңда қандай өнеркәсіп орындары бар?
3.Өнеркәсіп орындарының адам ағзасына әсері қандай?
4.Адам денсаулығын сақтау үшін не істеу қажет?
5.Мәтінде айтылған ауру түрлері туралы не білесіз?
Сөздік құрыңыз, аударыңыз.
Адамның жасы туралы
Ең мәдениетті деген елдердің бірі Англияның өзінде 1840 жылы әйелдердің орта жасы 45 жас екен. Бір романнан “Она была глубокой старухой сорока лет” деген сөйлемнің астын сызып қойғаным есімде, содан жадымда жатталып қалған. Қытайда күні кеше, 1960 жылы әйелдердің орта жасы 36 жас болған. Сол Қытайда орташа жас 2000 жылы 70 жасқа жетті. Қазақ даласында да жағдай нашар еді. Абай атамыздың 40-тан жаңа асқанда “Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман” дейтіні содан. Бізде 1897 жылы әйелдердің орташа жасы 31, ер кісілердің орташа жасы 33 екен.
Қазақстанда қазір күтілетін өмір ұзақ тығы 65-тен 68 жасқа дейін ұлғайғанын жақындағы Жолдауында Елбасымыз айтты. Осыған қол жеткізіп отырған ең басты фактор – экономикалық өсу. Табысы аз халықтың үлесі 4 есеге дейін азайғанның арқасы. Жалақының 5 есеге, зейнетақының 3 есеге өскенінің арқасы. Енді біз осы бой көрсеткен жақсы үрдісті тамақтану мәдениетін көтерумен нықтай түсуіміз керек. Орташа өмір сүру жасының жоғары деңгейіне жеткен елдерге ұмтылуымыз керек. Мысалы, Чилиде орташа жас – 72, АҚШ-та – 73, Англия да – 80, Жапонияда тіпті жоғары.
Қарттықты емдеуден де оның алдын алу оңай дейді ғылым. Өте егде кісілер болмаса, әдетте қарттықтың басты белгісі – ауру. Сау адам қартаймайды. Сау болудың, яғни қартаймаудың басты жолының бірі – дұрыс тамақтану
Сөздік құрыңыз, аударыңыз.
Адам денсаулығы
Біз өз денсаулығымызға жастайымыздан қамқор болуымыз қажет. Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының есебі бойынша адам денсаулығына 10% дәрігерлік көмек, 15% - тұқымқуалаушылықтан, 25% - қоршаған ортадан, ал 50% - адамның өзіне, өмір сүру қалпына байланысты екен.
Біздің елімізде 14,5 млн адам бар дейді, 2050 жылдарда 10,5 млн қалуы мүмкін. Орташа өмір сүру: ерлер – 57 жыл, әйелдер – 72 жыл. Басты себептері жүрек – қан аурулары, онкологиалық өкпе ауруы, наркомандар, депрессияға ұшырағандар, салауатты өмір салтының ережелерін сақтамағандар, суицид болып отыр.
Халықта мынадай дана сөз бар:
«Ақша жоғалтқаның – ештеңе жоғалтпағаның,
Уақыт жоғалтқаның – көп нәрсе жоғалтқаның,
Денсаулық жоғалтқаның – бәрін жоғалтқаның».
Денсаулыққа кері әсер ететін факторларды болдырмауға тырысумыз қажет.Олар:
Қоршаған ортаның ластығы;
Дұрыс тамақтанбау;
Тұқымқуалаушылық;
Денсаулық сақтау шараларының төменгі сатыда болуы;
Зиянды заттарды қабылдау;
Тазалықты сақтамау;
Адамда стресс жағдайы жиі болуы.
Ал денсаулыққа дұрыс әсерін тигізетін факторлар мыналар:
Дұрыс тамақтану;
Қоршаған орта тазалығы;
Дене шынықтыру;
Денсаулық сақтау, медициналық көмектің сапасының жоғары болуы;
Зиянды заттарды қабылдамау;
Жеке бастың тазалығын сақтау;
Қоршаған ортаға, табиғатқа, қоғамға, адамдарға деген дұрыс көзқараспен қарау;
Эмоциялардың оң болуы.
Жаттап алыңыздар.
«Дені сау адам – табиғаттың ең бағалы туындысы»/ Т.Корлейль.
«Жер ғаламшары біздің үйіміз ғана емес, біз оның бөлінбейтін бөлшегіміз...»/ В.И.Вернадский
«Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық ақ жаулық, үшінші байлық он саулық»/ халық мақалы.
Өмірің болсын десең сенің сәнді
Ойланып, айналаңа қара мәнді.
Адам бол! Білімі тасқын, өнері асқан
Өзіне сүйсіндірер басқа жанды.
Салауатты мақсатың - өмір сүру,
Өмірдің мағынасын керек білу.
Ішімдік, нашақорлық сенің жауың,
Пайдасы сол – бұл жолдан аулақ жүру
«Дені сау сәби әр отбасының, қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі» /С.Назарбаева/
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫ
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз — бұл тек аурудың болмауы емес, ол толық физикалық, психологиялық және әлеуметтік қолайлылық. Ғалымдардың есептеулері бойынша адамдардың денсаулық жағдайы 50—52%-ы — өмір сүру салтына, 20-25%-ы — тұқым қуалау факторларына, 18—20%-ы — қоршаған орта жағдайларына, ал 7—12% ғана денсаулық сақтау саласының деңгейіне байланысты болады. Антропогенді факторлар бұрын болмаған, жаңа техногенді ауруларды туғызады.
Адамның денсаулығына зиянды әсер ететін факторлардың ішінде әр түрлі ластаушы заттар бірінші орын алады. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераға, оған тән емес 4 млн.-нан астам заттар шығарылады. Сонымен қатар, жыл сайын қоршаған ортаға мыңдаган жаңа заттар шығарылады. Олардың көпшілігі ксеиобиотиктер (грек тілінен аударғанда хеnos —бөтен) адам мен басқа да тірі ағзалар үшін бөтен заттар.
Денсаулыққа әлеуметтік және экономикалық жағдайлардың әсері артып отыр. Табиғи және физико-химиялық тұрғыдан алғанда таза орта болса да, қолайсыз әлеуметтік-экономикалық жағдай ауру мен өлімнің артуына әкелетінін өмір көрсетіп отыр.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша жыл сайын дүние жүзінде шамамен 500 мың адам пестицидтермен уланады және оның 5 мыңы өліммен аяқталады. Американ ғалымдарының мәліметтері бойынша барлық қатерлі ісік ауруларының 90%-ы қоршаған ортаның қолайсыз әсеріне байланысты. Балалардың жалпы ауруларына әсер ететін күшті фактор көміртегі тотығы мен шу болып табылады. Арал аймағы аурулар мен өлімдердің жоғары болуымен сипатталады. Мысалы, Қарақалпақстанда (Өзбекстан) балалар өлімінің жиілігі туылған мың балаға 87-ден келеді, ал Скандинавия елдерінде 7—8, Жапонияда — 5.
Аурулар туғызатын заттар мен факторлар.
Ағзаларға қолайсыз әсер ететін және ауруларға әкеліп соқтыратын заттарды төмендегідей топтарға бөліп көрсетуге болады:
1) концерогендер қатерлі ісіктер туғызады. Қазіргі уақытта шамамен 500 осындай заттар белгілі. Олардың ішіндегі ең күштілеріне бензопирен және басқа да полициклді ароматтық көмірсулар, ультракүлгін сәулелер, радиоактивті изотоптар, эноксидті смолалар, антриттер, нитрозаминдер, асбест және т.б. жатады;
2) мутагендер – хромосомалар саны мен құрылымының өзгеруіне әкеліп соқтырады. Оларға: рентген сәулелері, гамма-сәулелер, нейтрондар, бензо(а)пирен, колхицин, кейбір вирустар және т.б. жатады;
3) тератогендер — жеке дамуда кемістіктерге әкелетін, кемтарлықтардың пайда болуына әкелетін заттар. Көбінесе тератогендерге мутагендер, сондай-ақ пестицидтер, тыңайтқыштар, шу және т.б. ластаушылар жатады.
4) Эмбриогендер – эмбрионалдық даму кезінде зақымдануларға әкелетін заттар. Эмбриогендерге тератогендер, мутагендер және басқа да заттар (мысалы, алкогольді ішімдіктер, есірткі заттар және т.б.) жатады.
Денсаулық үшін зиянды органикалық және бейорганикалық заттар
Көптеген органикалық заттар улы болып табылады. Олар көбінесе канцероген, мутаген, тератоген немесе басқа аурулардың пайда болуын күшейтеді. Органикалық қосылыстардың ішінде галогенді көмірсулар мен полициклді ароматтық көмірсулар (ПАК) қауіпті. Бұл топқа хлор, бром, йод немесе фтормен алмасқан органикалық қосылыстар жатады
Адам ағзасы хлорлы көмірсуларды жеңіл сіңіреді және олар жекелеген мүшелер мен ұлпаларда жиналуға қабілетті. Бұл топқа өте улы зат — диоксиндер де жатады. Диоксиндер қазіргі белгілі улы заттардың ішіндегі ең күштілерінің бірі. Ол әйелдің бала туу қабілетіне әсер етеді.
ПВХ мен винилхлорид бауырдың қатерлі ісігін, тері, сүйек пен аяқ-қолдың зақымдануынан көрінетін винилхлоридтік ауруды туғызады. Фенолмен улану бауырды, бүйректі, қанды зақымдайды, ағзаның тұқым қуалау қасиетіне де әсері анықталған.
Халықтың денсаулығына метанол немесе метил спирті өте қауіпті. Түсі мен иісі бойынша оны этил спиртінен айыру өте қиын улы зат. 30—100 мл мөлшері адамның өліміне әкеліп соқтырады.
Формальдегид химия өндірісінің маңызды өнімдерінің бірі болып табылады. Фтор альдегид аллергиялық реакциялар туғызуы мүмкін. Сонымен қатар оның канцерогендігі туралы да мәліметтер бар.
Көптеген ауыр металдар ағзалардың тіршілігіне қажет және микроэлементтер тобына жатады. Оларға цинк, мыс, марганец, темір және т.б. кіреді. Сонымен қатар олар тірі ағзалар үшін улы. Ауыр металдар ақуыздармен жеңіл байланысып, майда еріп, жинақталады.
Қорғасынның негізгі көзі — автокөлік жанармайы болып табылады. Қорғасынмен улану немесе «сатуризмнің» белгілері мынадай: тез шаршау, кешке көру қабілетінің төмендеуі, қан аздық, бүйректің зақымдануы, жүрек ауруы, уақытынан бұрын босану, түсік тастау.
. Ауыр металдардың ішіндегі ең улы элемент – кадмий. Кадмий қоршаған ортаға тас көмірдің шаңы, химиялық тыңайтқыштар, пластмассалардың қалдықтары мен жану өнімдері, темекі түтіні арқылы шығады. Кадмий бүйректе жиналады, жүйке жүйесін, жыныс мүшелерін зақымдайды, тыныс алу жүйесіне зиян. "Ита-ита” ауруын туғызады.
Асбест. Соңғы кезде дәрігерлердің назарын өзіне аударып отыр. Ұсақ асбест шаңы — асбестоз ауруын туғызады. Өкпе ұлпаларын зақымдап, қатерлі ісіктерге әкеледі.
Қала және адамның денсаулығы
Қазіргі кездегі адамның экологиялық ортасы – қала. Қалада техногенді қуаттың орасан зор концентрациясы жиналады. Дүние жүзінің қалаларында қазір ғаламшарымызды мекендейтін халықтың шамамен жартысы шоғырланған. Соңғы 45 жылда қала халқының саны 729 млн-нан 2540 млн. адамға дейін өсті, яғни 3,5 еседей, ал олардың халықтың жалпы санындағы үлесі 29-дан 44%-ға дейін артқан. Сонымен қатар, қалалардың іріленуі жүріп отыр. 1995 жылдың соңына қарай дүние жүзінде халқының саны 1 млн.-нан астам халқы бар 320 қала және 5 млн.-нан астам халқы бар 48 қала болған.
Қазіргі кездегі қала — күрделі әлеуметтік-экономикалық ағза. Ол демографиялық, экономико-географиялық, инженерлік-құрылыс, сәулеттік факторлардың әсерінен, қоршаған экономикалық кеңістік пен табиғи ортаның алуан түрлі өзара әсерлері нәтижесінде қалыптасады. Бірақ, қала өркениеті — қолайлы жағдайлар, тұрмыстың жеңілдеуіне әкелгенмен, барлық жағынан қолайлы орта емес.
Қала ортасы адамның басты сапасы — оның денсаулығына қолайсыз әсер етеді. Атмосфераның, судың, азық-түлік өнімдерінің, күнделікті қажетті заттардың өнеркәсіп пен транснорттың қалдықтарымен ластануы, электромагниттік өріс, вибрация, шу, ауаның дезионизациялануы, тұрмыстың химияландырылуы, шектен тыс көп ақпараттардың ағыны, уақыттың жетіспеуі, гиподинамия, эмоциогенді қысым, дұрыс тамақтанбау, зиянды әрекеттердің кеңінен таралуы — осылардың барлығы қосылып адамның денсаулығын нашарлатады.
Аяласаң, табиғатты аяла!
Табиғат, Жер – Ана, Отан, Туған жер, Атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын қасиетті қадірлі сөздер. Адамның өзі Табиғат пен Жер – Ананың перзенті. Жер – Ананы сүйе білу оны аялау – адамның азаматтық борышы. Табиғатты қорғау – бәріміздің борышымыз. Өйткені қазір теңізіміз тартылып, орманымыз кесіліп, құнарлы жерлеріміз сортаңданып қалды. Бәріде адамдардың рақымсыз істерінен, табиғатты аялай білген кешегі ата-бабаларымыздың ескертпелерін орындамағанымыздың кесірі. Арал теңізі бұл күндері суалып, сортаңға айналып жатыр. Судың тіршілік көзі екенін ұққан ата – бабамыз суға үлкен мән берген. Аталарымыз су болмаса тіршіліктің қиын болатынын мақал – мәтелдер арқылы жеткізген. «Су ішкен құдығыңа түкірме», «Судың да сұрауы бар», «Сусыз жер – нусыз жер». Енді міне, «тозған жерде тоқшылық болмайды» дегендей суы тартылып, сәні кеткен Арал маңының тұрмыс тіршілігі де қиындап отыр. Адамдардың кінәсінен бұл күндері елімізде бүлінбеген жер қалған жоқ. Арал өңірі, Балқаш аймағы, қасиетті Абай жері, тұз басқан Сыр өңірі бәрі де өзінің кескін – келбетін жойып отыр.
Экология және ұлт денсаулығы
Адам мен оның табиғи өмір сүру ортасы өзара көптеген күрделі құбылыстармен байланысты және бір-біріне белсенді әсер етеді. Адамдардың қарқынды қызметі қоршаған ортада әр түрлі, жиі жағымсыз өзгерістерге әкеледі. Бұл, өз алдына халықтың денсаулығының жиі бұзылуына әкеліп соғады.
Бізді қоршаған табиғи ортаға тәуелді ететін денсаулықтың бірнеше аспектілері бар.
1. Денсаулық пен аурушаңдықтың экологиялық аспектілері
Мұнда
жаман әдеттермен келетін барлық аурулар және кәсіптік аурулар саласының бір
бөлігі де жатады. Осы аурулардың таралу саласында адамзаттың кемінде үштен
бір бөлігі ұшырады. Бұл – «өркениет аурулары».
«Оларға барлық инфекциялық
аурулар: жүрек-қан тамырлары аурулары, иммунопатия аурулары, ісік
процестері, психикалық аурулар, зат алмасу аурулары, сонымен қатар, асқазан
аурулары, созылмалы демалу және тамақ қорыту органдарының аурулары,
теміреткілер мен нейродермиттер, пародонтоз, остеохондроз, анемия,
невроздар, бедеулік және тағы да адам денсаулығының бұзылуында мәні бар
бірқатар аурулар жатады.
Ең қатерлі аурулардың бірі ісік болып табылады. Олардың пайда болу
себебі толық анық емес, бірақ мамандар оларды «экологияның» және қоршаған
ортаның канцерогендермен химиялық ластануымен байланыстырады.
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының (БДҰ) деректері бойынша, қатерлі
ісікпен ауратындардың жыл сайынғы саны жер бетінде 7 млн. адамды құрайды.
2. Географиялық факторлардың ролі тамақтанумен байланысты әр түрлі
бұзылымдарда байқалады, онда ас немесе ішетін суда ұзақ уақыт
ауыстырылмайтын элементтер жоқ немесе тапшылық. Бұл тамақтану
кемшіліктері жердің химиялық құрамының, өсірілетін дәнді дақылдардың
жергілікті ерекшеліктеріне, егін шаруашылығы дәстүрлеріне, дәнді өңдеп
шығаруға және ас әзірлеуге байланысты пайда болған. Жалпы тамаққа жарымау
кезінде дамитын патологиямен бірге, тамаққа жарымаушылықтың ерекше
айқындылығы да бар. Классикалық мысал ретінде авитаминоздарды, йодтың
жеткіліксіздігінен туындаған эндемиялық зобты алуға болады. Табиғи ғана
емес, әлеуметтік факторлармен де шартталған тамақтану ерекшеліктері
диабеттің, атеросклероздың, гипертонияның таралуына үлкен әсер етеді.
Дамыған елдерде дені сау болмаудың өте үлкен факторы тамақты көп жеу,
артық салмақ және семіздіктің әр түрлері болды.
3. Көптеген аурулардың пайда болуы мен таралуы қоршаған ортаның
биотикалық құрамды бөліктерімен - вирустармен, бактериялармен, ең
қарапайым, түрлі паразиттермен және оларды тасығыштарымен, әр түрлі
жануарлармен байланысты.
2. Денсаулық көрсеткіштерінің қоршаған ортаның ластануымен
байланысы.
Қоршаған ортаны ластау үнемі әр түрлі аурулардың қауіпті көзі болған.
Адамдар, өздерінің тұтынуына және қолдануына қажет етілмеуіне қарамастан
едәуір көп заттарды, материалдар мен нәрселерді тарта отырып, бұрыннан
бастап өздерін шығарындылар мен қалдықтармен қоршаған. Ластанудың тағы
бір көзі болып саналатын үйретілген жануарлардан басқа, адамдарды үнемі
бізбен ұласқан организмдер қоса жүретін болды, яғни әр түрлі микробтар,
кемпірауыздар, биттер, тарақандар, шыбындар, тышқандар, егеуқұйрықтар,
сонымен қатар көптеген эндопаразиттер, гельминттер. Адамда тіршілік ете
немесе антропогенді органикамен қоректене отырып, олардың басым бөлігі
биотикалық айналымға соңғысын қосуға әсер етті, бірақ бір уақытта қауіпті
инфекциялардың көзі болып табылады.
Гигиена мен санитарияны дамыту, қатты дезинфекциялау құралдарын, ал
әрі қарай арнайы уларды - биоцидтерді және пестицидтерді қолдану адамның
қоршаған ортаның ластануының сапалы өзгеруіне әкелді. Онда биогенді
органика, патогенді организмдер мен оларды тасығыштар аз, не болмаса, қалай
болғанда да, олармен түйісу жиілігі төмендеді, бірақ синтетикалық ластаушы
заттар мен басқа да техногенді агенттер көбейді. Қазіргі ластағыштардың үлкен
қатарына қарай адам организмі тиімді иммундық қорғауға ие емес. Сонымен
қатар, ластағыштар мутагендер болып табылады және патогенді микробтар,
вирустар мен басқа агенттердің қауіпті модификацияларының пайда болуына
әсер етуі мүмкін. .
Ерекше техногенді экопатологиялар, қатты уланулармен салыстырғанда,
шағын, субкритикалық және көбінесе сезілмейтін техногенді ластанулардың
нәтижесінде дамиды. Көп жағдайларда бұл «симптомға дейінгі» улану. Бүгінде,
қазіргі адамзат көпшілігінің жалпы аурушаңдығына оның қосқан үлесі бар ма
және ол қаншалықты жоғары. Қандай да бір агенттің биоаккумуляциясының
сындарлы мәнінің жетістігі организмге ауруға әкеледі.
XXI ғасырдың басына қарай биоортаның тағдыры адами
құндылықтардың басымдылықтарына тәуелді екені анық болды. Қоршаған
ортаның техногенді өзгерістері адам организмдерінің бейімделу
мүмкіндіктерінен бірталай озып шығады.
Едәуір маңызды өзгерістер атмосфералық ауада - адам өмірінің негізгі
ортасында болады. Қарағанды облысының өзінде ғана ортамен атмосфераға
1400 мың тоннаға жуық әр түрлі ластағыш заттар (қатты заттар, күкірт
ангидриді, көміртек оксиді, азот оксиді және т.б) лақтырылады. Біздің аймақта
300 мыңға жуық адам демалу органдары ауруымен ауырады, 50 мыңға жуығы
тері және тері өзегі ауруларымен ауырады. Адам үшін әсіресе ауаны
уландырып ластау үлкен қауіп тудырады. Ауыз суының сапасы – халықтың денсаулығына әсер ететін айтарлықтай
маңызды фактор. Сонымен, су көздерін қорғау, суды дұрыс қолдану мәселесі
өнеркәсіптік кәсіпорындар сияқты ірі тұтунышыларға ғана емес, әрбір елді
мекеннің кез келген тұрғыны үшін де өзекті мәселе болып отыр.
3. Жеке экологиялық қауіпсіздік және тұрғын үй қауіпсіздігінің
экологиялық факторлары.
Адам денсаулығы үшін оның тұратын үйі, медицина қызметкерлері
айтқандай – «тұратын ортасы» негізгі мәнді иеленеді. Өмірінің едәуір бөлігін
адам үйде өткізеді және дәл осында ол экологиялық қауіпті және зиянды
әсерлерден қорғалған болуы керек.
Тұрғын үйді ластаудың келесі факторларын ажыратады.
3.1 Ауаны ластау. Тұрғын үйлерді ластаудың әр түрлерін үш үлкен топқа
шартты түрде бөлуге болады: химиялық, физикалық (жылу, электрмагниттік,
шулы, дірілді) және биологиялық. Олар ең алдымен, ластау көздерімен
ерекшеленеді.
Тұрғын үйлердің ішінде ауаның ластануы көптеген көздердің әсерімен
пайда болады, сондай-ақ, жиі бұл деңгей сыртқы ауада артады, ал оның
өзгешелігі қатты көрінеді. Тұрғын үй ғимараттарының ішіндегі ауаның
құрамын зерттеу нәтижесінде адамға әсер етуі мен улылығы бойынша
ерекшеленетін 80-нен астам зат сәйкестендірілді.
Адам үшін қауіпті емес ауаның құрамын қолдау үшін, оның қай ауданда
өмір сүретіні өте маңызды. Жиі қоршаған ортаны, сонымен қатар, тұрғын
аудандарындағы ауаны ластау автокөлік, от қазандары және өнеркәсіп
кәсіпорындарымен пайда болады.
Ғимараттарда ауаны химиялық ластау бірінші көзқарасқа шағын болып
көрінеді, адам үйде өмірінің маңызды бөлігін өткізетіндігін және осы әсерге
үнемі ұшырайтындығын ескере отырып, ауаның сапасы өте маңызды. Ол көңіл-
күйге, жұмыс қабілеттілігіне және денсаулыққа байланысты. Пәтер ауасында
бар ластағыш заттар, тіпті шағын көлемде басқа орта параметрлері:
температурамен, ылғалдылықпен және т.б. үйлесімділікте ауруларға шалдығу
қаупінің факторы бола алады.
Жеке салынған үйлерде ауаны ішкі ластау көзі жылыту жүйесі болып
табылады. Күштің жеткіліксіздігі және ауа алмасымы кезінде бөлмеде жоғары
улы жану өнімдері: көміртек оксиді, азот және күкірт оксиді, күйік,
бенз(а)пирен және т.б. жиналады.
3.2 Ауа айналымы. Адам – ғимарат – қоршаған орта жүйесінде ішкі үй
және қоршаған ортаның өзара тығыз байланысы бар. Тұрғын үйде сыртқы
ауаның кіруі арқылы үнемі ауа айналымы болып отырады. 86 бастап 100%
ластану сыртқы ауамен бірге кіреді. Атмосфералық ауадан бөлмелерге күкірт
газы, көміртек окисі, шаң, тотық, қорғасын түседі.
Сыртқы ауаның бөлмеге түсуіне ғимараттың сыртқы және ішкі
конструкцияларының алғырлығы әсер етеді. Ластану жағдайларында тұрып
жатқан ауданның метеожағдайлары, соның ішінде, жел маңызды роль
атқарады.
3.3 Ауаны иондау және құрамында озонның болуы. Ауаның иондалуы
деңгейлерінің өзгеруі бөлмелерде адам өмірі үшін жағымсыз екені дәлелденген.
Адамның ауаны «таза емес» ретінде қабылдау жеңіл иондардың
жоғалуымен байланысты деп болжайды. Ауыр иондар улы болып саналады.
Ішкі бөлмелердің ауасының иондалғандығы табиғи себептерге және техногенді
әсерлерге тәуелді. Ауаның табиғи иондалуы (антропогенді ластануларсыз)
ғарыштық және радиоактивтік сәулеленулермен, құрылыс материалдарының,
қоршаулардың, ғимараттардың сәулеленулерімен анықталады. Ауаның иондық
құрамы электр өрісінің көздеріне тәуелді: теледидар қабылдағыштары,
тоңазытқыштар және т.б. тұрмыстық құрылғылар.
Жасанды иондау үшін әр түрлі типті иондағыштарды қолданады: басты,
радиоактивтік, термиялық, ультракүлгін, гидродинамикалық және т.б.
Иондағыштарды қолдану озонның, азот оксидінің пайда болуына әкеледі,
олардың шоғырлануы ықтимал нормативтерден жоғары болуы мүмкін,
сондықтан, иондағыштарды қолдану кезінде осы көрсеткіштерді бақылау
қажет. Ластанған ауаны иондауға болмайды.
3.4 Шаң. Тұрғын үйлерді ластауда шаң маңызды роль атқарады.
Бөлмедегі ауа мен сыртқы ауаның арасында тікелей тәуелділік анықталған.
Атмосфералық ауадан өлшенген заттардың оннан бір бөлігі бөлмелердің ішіне
түседі. Шаңдатудан келетін зиян дегеніміз шаңның бөліктері пәтердегі
инсоляция режимін бұза отырып, жарыққа (бөлмедегі табиғи жарық) сіңеді.
Ауаны шаң мен газдардан жасыл желектер жақсы тазартады. Жапырақ
беттерінің бір шаршы метрі орташа 1,5…10 г шаңды тұндырады. Шаң беті
үлкен жабысқақ, қылшықты жапырақта өте жақсы басылады. Бұл теректің,
жөкенің, түт ағашының, катальпаның және т.б жапырақтары. Қылқан
жапырақты өсімдіктер шаңды тоқтататыны қызық. Қылқан жапырақтың бір
массасына жапырақтардың бір массасына қарағанда шаң 1,5 есе рет көп
қонады.
3.5 Полимерлік, синтетикалық және құрылыстық материалдар. Адамның
өмір сүру ортасы үшін қауіптілік көзі полимерлік материалдар болып
табылады.. Өкінішке орай,
материалдардың барлығы дерлік қоршаған ортаға улы химиялық заттарды
бөледі.
Қазіргі лактар мен бояулар бөлмедегі ауаны толуолмен, ксилолмен,
бутанолмен, бутилметакрилатпен, бутил-ацетатпен, этилцетатпен, және басқа
да денсаулыққа зиянды органикалық заттармен ластану көздері болып
табылады.
Осы ұшпа заттар қосындыларының бөлмедегі ауада шоғырлануы,
олардың аталған материалдардың бөлінуіне, сонымен қатар, микроклимат
параметрлеріне, ең бастысы ауа температурасы мен ылғалдылығына
байланысты. Органикалық ұшпа заттардың бөліну қарқындылығын анықтайтын
басты фактор – температура факторы. Температура қаншалықты жоғары болса,
ластағыш заттар соншалықты көп бөлінеді. Осындай заңдылық ауа
ылғалдылығына да қатысты бақыланады. Мұнда ауа қозғалысы қандай
мағынаға ие екені түсінікті: барлық осы «ішкі» ластанулар ауа айналымының
ұлғаюымен азаятын болады.
3.6 Антропотоксиндер. Химиялық қосылыстармен қатар, гигиенистерді
зерттеу объектісі антропотоксиндер болып табылады.
Адам тіршілік әрекеті процесінде қоршаған ортаға әр түрлі заттарды
бөліп шығарады. Қазір 400-ге жуық атауы бар. Адамнан бөлінетін кейбір заттар
жоғары қауіпті заттарға жатады. Бұл әсіресе желдетілмейтін бөлмелерде
байқалады. Желдетілмейтін бөлмелердің ауа ортасы адамдардың санына және
осы бөлмелерде олардың келу уақытына пропорционал. Осы ереженің сенімді
дәлелдері көптеген зерттеулермен алынған.
Көп адам жиналатын бөлмелерде, қысқа уақыт кезінде де (2....4 сағат)
олардың хал-жағдайына және ақыл қабілетіне жағымсыз әсер етеді. Мұндай
жағдайларда кейбір заттардың шоғырлануы аса жоғары болуы мүмкін.
Антропотоксиндердің ішінде адамға ең жағымсыз әсер ететін көміртек
диоксиді, аммиак, фенол, ацетон, көміртек оксиді, аминдер, спирттер, майлы
қышқылдар.
3.7 Микроорганизмдермен ластану. Адамның барлық
қызметіндегі тұрақты серіктері микроорганизмдер: бактериялар, өңездер,
микроскопиялық саңырауқұлақтар.
Бөлмеде өмір сүретін кейбір микроорганизмдер өте қауіпті болуы мүмкін.
Шаңда микроскопиялық биттер мен бактериялар өмір сүреді. Олар әр түрлі
ауруларға әкеледі. Шаңда кір бөлшектері адсорбцияланады, шаң – күшті
аллерген. Бөлмеде шаңды сүрту және ылғалды жинау көп деңгейде ластанудың
осы түрінің деңгейін төмендетеді.
Сондықтан, жақсы
денсаулықты қамтамасыз етудің аспектісі гигиена мен үйді тазалықта ұстау
болып табылады.
Адамның үйі бірқатар талаптарды қанағаттандыруы керек. Ол адамның
дұрыс өмір сүре алатындай, белсенді жұмыс істей біліп, демалысын және
қалаған интерьерін құруға, үй шаруашылығын жүргізуге қолайлы жағдайларды
қамтамасыз ете алатындай болуы керек. Өмір сүру ортасы гигиеналық талаптарды сақтаумен қамтамасыз етілуі
керек. Экология тұрғысынан бұл, экологиялық факторлардың деңгейі, ең
алдымен, қолайлы болуы керек дегенді білдіреді.
Қайда болмасаң да (үйде, далада, жұмыста, ЖОО-да), осы уақыт ішінде
немен айналыспасаң да, біз, қоршаған орта факторларының әсерінде боламыз.
Бұл факторлар бізге тек жағымды әсер етуі үшін, біз, өз тарапымыздан
қоршаған табиғи ортаға дәл осылай жағымды әсер етуіміз керек. Қоғам мен
биоортаның, адам мен табиғаттың кооэволюциясы, біздің өзара үйлесімді
тіршілік етуіміз – міне, адамзат өркениетінің алдағы дамуының негізгі мақсаты
осы.
Дәрумендер
Күнделікті ішетін тамақтың құрамында адам ағзасына керекті заттар бар. Оны дәрумен деп атайды. Ас құрамында дәрумендер аз болса, адам түрлі ауруға шалдығады.
«А» дәрумені жеткіліксіз болса, адамның көзі көрмей қалады. Бұл балық майында, сүтте, сары майда болады. «С» дәрумені жетпесе, адам қырқұлақ ауруына шалдығады. Бұл дәрумен сәбізде, қырыққабатта, пиязда, қызанақта, лимонда, апельсинде, қызылшада, қарақатта болады. «В» дәрумені жеткіліксіз болса, адам денесін қотыр басып кетеді.Мұның бір түрі «В1» бұршақта, ашытқыда, бауырда, сүтте, жұмыртқаның сары уызында, қара бидайда, күріште болады. Мұны жүйке жүйесі, жүрек ауырғанда, бастың сақинасы ұстағанда, шаршағанда,құяң болғанда береді. «В» дәрумені ашытқыда, жұмыртқада, сүтте, бауырда, етте болады.Бұл көз ауырғанда, денеге жара, қотыр түскенде қолданылады.
(106 сөз)
Сөздік
Дәрумен –витамин
Құрамы –состав
Жеткіліксіз – недостаточный
Қара бидай –рожь
Шаршау –усталость
Сары уыз –желток яйца
Түрінде –в виде
Мәтінді аударыңыз.
Аллохол.
Аллохол малдың кептірілген өтінен , құрғақ сарымсақтан, активтендірілген көмірден құралған дәрі. Бұл дәрі бауырдың созылмалы қабынуына өт ауруына дәріттегі іш қатпасына қарсы жиі қолданылады. Аллохолды екі таблеткадан күніне үш рет тамақтан кейін ішеді.
Аударыңыз, сөздік жаттаңыз.
Вакцина
Вакцина — белгілі бір жұқпалы аурудан алдын ала сақтану үшін егілетін дәрі Оны ауырғанда адамға да қолданады, яғни вакцинаны егу арқылы ауру түрін аныктайды. Бір ауруды қоздыратын микробқа қарсы қолданылатын вакцинаны миновакцина, eкi ауруға бірдей қарсы қолданылатын дивакцина, бipнешеуіне қарсы қолданылатын вакцинаны - поливакцина деп атайды.
Еккеннен кейін ұзақ уақыт ауруды қабылдатпайтын вакцинаны тipi вакцина деп атайды. Вакцинаны егу әдісі адамнын жасы мен денсаулығына қарай түрліше болады. Вакцина тepiнiң астына, бұлшық етке егіледі.
АЛЛОХОЛ
Аллохол-малдың кептірілген өтінен,құрғақ сарымсақтан, активтендірілген көмірден құралған дәрі.Бұл дәрі бауырдың созылмалы қабынуына,өт ауруына,дәреттегі іш қатпасына қарсы жиі қолданылады.Аллохолды екі таблеткадан күніне үш рет тамақтан кейін ішеді.
Малдың өті- животный желчь
Кептірілген- копченый
Активтендірілген көмірден- активизированного угля
Құрғақ сарымсақ -сухой лук
Созылмалы- хронический
Көмір- уголь
Бауырдың созылмалы қабынуы -хроническая болезнь печени
Қоғажай (фиалка трехцветная)
Дәрі ретінде қоғажайдың кезінде жиналып алынған шөбі пайдаланылады.Халық медицинасында қоғажайды ревматизмге,буынның сырқырап ісінуіне,сары ауруға қарсы пайдаланады және тер шығаратын,қақырық түсіретін дәрі ретінде қолданады.Сондай-ақ несіп жүргізетін қосынды құрамына кіргізіледі.
Халық медицинасында қоғажай қайнатындысы мен тұнбасы сары ауруға,ұшыққа,қышыма қотырға,сондай- ақ несіп,тер шығаратын және «қан тазартатын» дәрі ретінде кеңінен қолданылған.
Қуықтың қабынуымен( цистит),бүйректің қабынуымен (нефрит) сырқаттанушыларға несеп шығаратын дәрі ретінде қоғажай шөбіне шеңгел тамырын,қызыл мия тамырын,курайшөп тамырын,арша жемісін қосып араластыру арқылы қайнатынды жасап ішуге болады.
Гүлдеген кезі -во время цветения
Жиналған- собранное
Сары ауру- желтуха,гепатит
Ұшық -прыщ
Тер шығаратын- потовыделяющий
Қан тазарту -очищение крови
Шеңгел -колючий тростник
Араластыру- смешать,размешать
Ұшық -герпес
Қышыма қотыр- чесотка
Өгейшөп
Дәрі мақсатында өгейшөптің жапырақтары, гүлдері пайдаланылады. Бұл өсімдіктің жапырақтары іріңді жараға, шиқанға қарсы қолданылады.
Өгейшөптің ұнтақталған жапырағын кетірілген сұлушөппен қосып аяққа жылы ванна жасауға болады.
Халық медицинасында бұл шөптен жасалған тұнба жөтелді басатын дәрі ретінде көптен бері қолданылып келген. Жапырақтары мен тамырларының шырыны өт жүргізетін және тер шығаратын дәрі ретінде қолданған. (52 сөз)
Өгейшөп –мать-и-мачеха
Жапырақтары –листья
Гүлдері –цветы
Ұнтақталған –размельченный
Кптірілген –высушенный
Тамыр –корень
Қызуды төмендететін , бас ауырғанда берілетін дәрі
Аскофен, асфен — аспирин мен фенацитиннің қоспасы. Бұл дәрі ауырғанда, дененің қызуы көтерілгенде пайдаланылады.Акофен құрамына кофеин қосылады
Цитрамон — аспирин, фенацитин, кофеин, лимон қышқылы және какао қоспалары. Ол бас ауруына қарсы қолданылады Цитрамонды күніне 1 таблеткадан 3-2 рет ішеді
Аспирин— бас ауруына да, дене қызуын басу ұшін де қолданылатын дәмі қышқыл, ақ ұнтақ дәрі. Оны күніне 3 ретІшеді
Ментол қарындашы - сыртында ағаш қыны бар, дәмі
ауызды қуырып, суытып жіберетін жылтыр таяқща. Ол бастың сақинасы ұстағанда самайды ысқылау үшін қолданылады. Қызуды басу үшін малинаның жемісін кептіріп, шай есібінде қайнатып ішеді
Новокаин
Новокаин - ұнтақ түріндегі түci ақ, дәмі тұз сияқты, суға жақсы еритін дәрі. Новокаин — медицинада операция жасарда дененің бip жерін жансыздандыру үшін пайдаланылады. Новокаин адамды уландырады, оған адам үйренбейді де.
Ота жасағанда новокаиннің 4 пайыздық ерітіндісін қолданады. Новокаинді емге де, мысалы iciктi қайтаруға, қышыма ауруына, қан қысымы көтерілгенде, ұстамалы демікпе болғанда пайдаланады.
Новокаиннің, ерітіндісімен пенициллин, стрептомицинді ерітіп, емге қолданады
Қырмызыгүл ( ноготки лекарственные )
Қырмызыгүл — көне заманнан келе жатқан, көпшілікке! белгілі шипалы өсімдік. Қырмызыгүлден әзірленген дәрілер қaзipгi уақытта медицинада қарын мен ұлтабардың ауруларын, асқазанның қабынуы (гастрит) мен өт жолдары ауруларын, жүректің соғу жиілігінің бұзылуы нәтижесінде пайда болатын сырқаттарды, кексе әйелдің етек кipi тоқтауы (климактерий) кезеңіндегi генекологиялық ауруларды емдеуге кең түрде пайдаланады. Сондай-ақ ол ұйқысы қашқандарға тыныштандырғыш дәрі ретінде қолданылады.
Қырмызыгүлмен күйіктерді, ұзақ уақыт жазылмаған жараларды, ойылуларды, тeciлyлepдi, тікішек маңындағы жасушалардың қабынуын (парапроктит) және тікішек жараларын, емшектің қабынуларын (мастит), жатыр мойнының эрозиясын, ақ етеккірді және трихомонадты кольпиттерді, тepiнiң қандай да болсын ipiңдey процесстерін, сондай-ақ, мұрынның iшкi қабатының, ауыз қуысы ауруларын және тамақ ауруларын (баспа, ауыздың кілігей, ауыздын, қызыл иектің ауруы) емдейді.
Дәрілік шөптерді қолдану
Дәріханадан сатып алынған шөптің қай-қайсысын болмасын пайдалану алдында сумен жумау керек. Бұл дәру шөптерден ерітінді және тұнба дайындалады .Шөпті қайнатқан кезде одан алған дәрінің өзі шипалы,ешбір зарарсыз,тап-таза болып шығады.Өйткені бұл кезде шөпке түскен микробтар болса,өліп бітеді,құм, шаң түбіне шөгеді.Дайындалған ерітіндіні қалқи сүзіп құйғанда, қоюы іркіліп,ыдыстың түбінде қалады.
Дәру шөпті жумау керек дейтін себебіміз, денеге шипа болатын ондағы қасиетті заттар ыстық суға жақсы ериді де,шөп жуылған кезде дәрулік сапасы кеміп қалады.Дәрі шөпті дәріханадан алынған қүйінде құрғақ та жылы жерде сақтау керек .Ал егер салынған қағаз қалтасы мен қорабы жыртылып кетсе,онда шөпті целлофан қалтаға салған жөн.
Түйежоңышқа(Донник лекарственный)
Дәрі мақсатында түйежоңышқаның шөбін пайдаланады.Түйежоңышқа препараты қандағы ақ түйіршіктердің (лейкоцит) санын көбейтуге мүмкіндіқ береді.Түйежоңышқанын бір түрі ақ түйежонышқа.Онын гүлдерін қайырған сарымайға араластырып,жараға жағатын май әзірлейді.Түйежонышқаны шеменге ,іштің бұрап ауыруына қарсы қолданады.Ал оның препаратын ұзақ уақыт қабылдаудан көз жақсы көретін болады.
Мәтінді оқы, аудар.
Бұғының жас мүйізі
Жас мүйіздің сырты пүшіл тәріздес түкті болады. 5-6 айларда жас мүйізді кесіп алып, қайнаған суға салып, қанын ішінде қатырады. Онан соң жас сүйізді отқа қақтап кептіріп, оның түгін тазалап қырады. Арамен кескен жағынан ыстық ақ арақты мүйіздің ішінде құяды. Мүйіз жұмсарып, жібіген соң жапырақтап турап, ауа алмасып тұратын көлеңкеде сақтайды.
Қасиеті: тәттілеу, сор дәмді, жылы райлы. Бүйректі қуаттандырады, қанды толықтырады, сүйек тарамыстарын бекемдендіреді.
Басты ем болатын аурулары: дене әлсізденіп бас айналу, көз қарауытуға, белсіздікке, жүйке әлсірегенде, бел аяқтың бекемдендіреді.
Басты ем болатын аурулары. Дене әлсізденіп бас айналу, көз қарауытуға, белсіздікке, жүйке әлсірегенде, бел-аяқтың қақсауына қолданады.
«Денсаулық» 2, 2001ж.
Сөздік
Мүйіз – рога
Пүшіл тәріздес түкті – ворсистый как плюш
Отқа қақтап кептіріп – коптят и сушат
Тазалап қырады – очищает
Жапырақтап турап – крупно режут
Сор дәмді – солоноватый вкус
Жылы райлы – приятный вкус
Тарасыстарды бекемендіреді – укрепляет сухожилие
Белсіздік – импотентность
Мына сөз тіркестерін пайдаланып сөйлемдер құрастыр:
Бұғының жас мүйіз, кесіп алады, түгін тазалап қырады, ыстық ақ арақ, оның қасиеті, ем болады.
Сөйлемдерді дұрыс құрастыр, сөйлем мүшесіне талда.
Жас мүйізді жапырақтап тура … | ем болады |
Арамен кескен жағынан … | ауа болады |
| жерде сақта |
Мүйізді жапырақтап тура … | түкті болады |
Бас, жүйке ауруларына … | ыстық ақ арақ құяды |
Бас, белітен халық емі туралы әңгімелеп бер. | |
Мәтінді оқып, аудар.
Шайдың кең таралуы кездейсоқ емес. Мамандардың айтуынша піскен шайдың жапырағында 300-дей әр түрлі зат болады екен. Солардың ішінде ең негізгілері –кофеин (сергіткіштік қасиеті бар), таниндер (дәмнің тіл үйретіндігі осыдан), эфир майы (ол қайталанбас хош иіс береді). Бұлардан басқа шайда С және В тобындағы витаминдер бар, ал Р витаминінің мөлшері жағынан жасыл әлемде оған тең келетін өсімдік жоқ. Онда минералды заттар мен микроэлементтер, амин қышқылдары мен белоктар да за емес.
Ыстық шай бойды тамаша сергітетін, шөлді қандыратын сусын. Сонымен бірге әр түрлі пайдалы заттардың көптігін нәтижесінде ол осал қан тамырларын нығайтуға, көтерілген артериялық қысымды төмендетуге ықпал етеді.
Сөздік
Кездейсоқ емес –не случайность
Сергіштік қасиет –свойство бодровствания
Тіл үйіру –сладкий вкус
Шөлді қандырады –утоляет жажду
Осал – слабый
Қысым –давления
Мәтінді мына сөйлеу үлгісін пайдаланып әңгімеле.
Сөйлеу үлгісі:
Мәтінде … туралы айтылған. Мамандар … дейді. Онда … бар. Ыстық шай … сусын. Ол … пайдалы.
2.Берілген сөздердің болымсыз мағынасын жасап, сөйлем құрасты.
Шай, көп, пайдалы, өсімдік (емес)
Сергітеді, береді, ықпал етті, төмендету (-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе)
Мәтінді оқы, аудар.
Таңқурай – бұта тектес өсімдік. Ол таулы жерлерде, қалың орман арасында табиғи түрде кездессе, бақтарда қолдан егіп өсіреді. Жеміс піскен кезде жинап алып, қант қосып қайнатып, тоспа жасайды. Қыстыгүні ыстық шайға салып, тұмау тигенде терлеу үшін дәрі жасап ішеді.
Күз кезінде алынған таңқурайды тамырымен аллергияны, ревматизмді емдеуге болады.
Жас жапырақтың, гүлдің нілімен жалын уытын қайтаруға болады. Ол үшін у денеге ене салып, жапырақ пен гүлді мыжып шаққан жерге жағады.
Қаны аз, темірі жетіспейтін адамдар, С,Р, В витаминдерді жетіспейтіндер таңқурай шырынымен тез оңалып кетеді.
Сусамыр (диабет) сырқатымен ауыратындар таңқурай жемісін неғұрлым көбірек жесе, соғұрлым пайдалы. Ол қан құрамындағы қантты төмендетіп, қажетті деңгейге жеткізуге ықпал жасайды.
Емдеушілердің ұзақ жылғы тәжірбиесіне қарағанда таңқурай жемісін буындардың сырқырап ауруы, өкпенің қабынуы кезінде пайдалануға болмайды.
Сөздік
Таңқурай – малина
Бұта тектес – вид кустарника
Тамыр – корень
Жылан уыты – змеиный яд
У – яд
Дене салып – проникнув (в организм)
Мыжып – размесив
Шаққан жер – места укуса
Оңалап кету – выздоравливать
Неғұрлым – как можно (больше)
Соғұрлым – тем (полезнее)
Буын – сустав
Сырқырап ауруы – ноющая боль
өкпенің қабынуы – воспаление легких
2. Сұрақтарға жауап бер .
Таңқурай қандай өсімдік?
Ол қайда өседі?
Оны қалай пайдаланады?
Қандай ауруларға ем болады?
Таңқурай жемісін қай кезде пайдалануға болмайды?
Мәтінен дара және күрделі етістіктерді теріп жазып. Оларға жалғанып тұрған жұрнақтар мен жалғауларды түрлеріне қарай ажырат.
Дәрінің ұлы қоймасы
Өсімдік дүниесі өзінің бойындағы қасиеттерімен, тамырдан, жапырақтан, гүлден, тұқым жемісінен алынатын шипалы дәрісімен күш-қуат дарытады және емдейді.
Өсімдіктің кез келгенін жинай беруге болмайды, қай өсімдіктің пайдалы екендігін, қандай дертті жазатындығын білу қажет.
Орман-тоғай, алаң мен жайылымдарда алтын түстес сарғыш гүлді көп жылдық шайқурай өсімдігі өседі.
Камфора
Камфора- камфора ағашынан жасалатын дәрі. Ол орталық жүйке жүйесін, әсіресе тыныс және жүрек қан тамырлары кызметін басқару орталығын қоздырып, жүрек бұлшық етінің нәрленуін арттырады. Бұл камфора сондай-ақ сыртқы жараны зарарсыздандырады, қабыну процесін қайтарады. Ол ұнтақ ерітінді түрінде өкпе кабынғанда, жұқпалы ауруларға және уланғанда жұрек қызметін жақсартуға қолданылады. Мұның спиртті ерітінділері тілмеге, құлақ бұлағына қарсы қолданылады.
Жүйке жүйесі- нервная система
Ағашынан- от дерева
Жасалатын- изготовленное
Сыртқы жараны- наружная рана
Зарарсыздандырады- обеззараживает
Жүрек бұлшық етінің нәрленуін- питание сердечной мышцы
Нәрлену- питаться
Тілмеге- против рожа
Құлақ бұлағы- отит
Дәріні қолдану
Кейбір жағдайда болмаса, қатты ұйқыдағы адамға дәрі берудің қажеті жқ. Дымқылданған ұнтақ дәріні ішпеңіз. Дәріханадан дәріні алғаныңызға көп уақыт өтсе, бір стақан жылы суға бір таблеткасын салып ішіп көріңіз. Бұзылмаған таблетка 10 минут ішінде еріп кетеді. Егер ерімесе, онда дәрінің бұзылғаны.
XII тарау. АУЫРЫП ЕМ ІЗДЕГЕНШЕ, АУЫРМАУДЫҢ ЖОЛЫН ІЗДЕ
Дене тәрбиесі – дәрісіз ем
Қоғамның басты байлығы – адам. Адамның басты байлығы – денсаулық. Ал денсаулықты сақтап, байытатын – қимыл-қозғалыс. Қимыл-қозғалыс дегеніміз – дене тәрбиесі . Сондықтан спорт біздің өмірімізге өте қажет.
Адам дене тәрбиесімен айналысса, өзін сергек сезінеді. Ал сергек адамның өмірге, қоршаған ортаға көзқарасы айрықша. Ол өзін эсттетикалық тұрғыдан қалыптастырып, ең басты көпшілік, қоғам мүддесін қорғауды негізгі мақсат санайды.
Спорт – салауатты тұрмысымыздың басты кепілі. Өйткені ол үздіксіз еңбектенуді,зор қажыр- қайратты қажет етіп, өмірге құштарлықты арттырады. Спорт өмірді сүйіп , уақытты қадірлей білуге, тек жақсылыққа ұмтылуға тәрбиелейді. (84 сөз)
Сөздік
Айналысу – заниматься
Сергек сезіну – чувствовать бодрым
Көзқарас – отношение,взгляд,восприятие
Мүдде – интересы
Салауатты тұрмыс – здоровый образ жизни
Қажыр-қайрат – сила , воля
Мәтін бойынша тапсырмалар:
1.Сөздікте берілген сөздермен сөз тіркестерін құрыңыз, жаттап алыңыз.
2.Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрыңыз.
3.Бастауыш пен баяндауыш арасындағы сызықшаға мәтіннен мысалдар келтіріңіз, сөйлемдерді дәптерге жазып алып, түсіндіріңіз.
Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде
Денсаулықтың мықты болуы адамның өзіне байланысты. «Денсаулық - зор байлық» дейді дана халқымыз. Ойлап қарасаңыз, денсаулық - адам баласына табиғат сыйлаған ең басты байлық. Мордва халқының: «Денсаулықтың шайқап алсаң кесесін, енді қайтып толтыра алмассың есесін» деген мақалы бар екен. Сол айтылғандай, денсаулықты оп-оңай жоғалтып алуға болады, оны қайта қалпына келтіру өте қиын. Себебі адам организмінің қалыптасқан қызметі бұзылған соң, тез арада жөнделуі мүмкін емес. Ол үшін әуелі дұрыс диагноз қойып, одан кейін асықпай, дұрыстап емделу қажет.
«Денсаулықты сақтаудың бірден-бір дұрыс жолы – жат қылықтардан алыс болып, салауатты өмір сүру. Ауру айықпас сырқатқа айналып кетпеуі үшін алдын алу шараларын қолдану қажет. Өз организміне билік жүргізіп үйрену – кез келген аурудың алдын алудың бірден-бір кілті. Бұл тәсілді медицина тілінде – адамның өзін-өзі шынықтыру немесе тәрбиелеу тәсілі деп атайды. Егер адам табиғаттың өзіне сыйлаған мүмкіндіктерін ақылмен, орынды пайдаланса, денсаулығына зиян келтірмей, ұзақ өмір сүрген болар еді. Салауатты өмір сүрудің, тазалықты сақтаудың белгілі ережелерін білмейтін жан кемде-кем. Бірақ оған көпшілігіміз күнделікті өмірде аса мән бермейміз. Оның басты себебі – өз бойымызда қалыптасып қалған жалқаулық пен тоғышарлықты жеңетін күш-жігеріміздің әлсіздігі. Әрине, күнде таңертең 30-40 минуттай ертерек тұрып, шама келгенше жүгіріп-секіріп, әр түрлі жаттығулар жасауға, соңынан салқын сумен шайынып, шынығуға болады ғой. Көпшілігіміз жас кезімізде бұл мәселеге көңіл бөлмей, әр түрлі созылмалы ауруларға шалдығамыз. Әрине, уақытында емделмей, созылмалы болған сырқаттан жазылу да оңай емес. Сондықтан, ауырып ем іздегенше, сау кезіңде салауатты өмір салтын сақтап, ауырмаудың жолын іздеген әлдеқайда тиімді.
Сөздік
мықты болу - алдын алу шаралары -
өзіне байланысты - өзін-өзі шынықтыру -
жоғалтып алу - тәсіл -
қалпына келтіру - ережелері-
бұзылу - күнделікті өмір -
жөнделу- жалқаулық пен тоғышарлық –
күш-жігер - шайыну –
созылмалы аурулар- ем іздеу –
ауырмаудың жолын іздеу -
ТАПСЫРМАЛАР
1 Жаттыгу. Бос орындарга тиісті сөздерді қойыңыз.
Денсаулықтың мықты болуы өзіңе байланысты.
..................... - зор байлық» дейді дана халқымыз.
Салауатты сүрудің белгілі ережелерін білмейтін жан кемде-кем.
Денсаулық – адам баласына табиғат сыйлаған ең басты
Уақытында емделмей, созылмалы болған жазылу оңай емес
2 жаттыгу. Бос орындарга тиісті қосымшаларды қойыңыз.
Денсаулықтың мықты болуы көбіне адам.... өзіне байланысты.
Адам табиғат сыйла мүмкіндікті ақылмен пайдаланса.
Арақ-шарап.... және темекімен «достығыңыз» қандай?
Сабыр сақтап, асықпай емдел... қажет.
Ас –адамның арқауы
Дастарқан атау қазақ тіліне о баста парсы тілінен енген.Парсыша «дастар» сөзі орамал, сулық мағынасынада қолданылады. Дастарқан қазақта киелі дүниелер қатарында құрметтеледі. Дастарқан жаюлы жатқанда одан аттамайды, дастарқандағы дәм, тағамнан ауыз тимей кетуге болмайды. Дәмді жоғары тұтатын қазақ: «дәм-тұзымды тат»,- дейді. Қастандық қылғанды «дәм тұзына тапсырады». Қазақта ұлттық тағамдар алуан түрлі. Еттен түрлі тағамдар жасайды. Бұзылып кетпес үшін тұздап, сүрлейді, түтінге не желге, күнге қақтап кептірен. Көбіне қазақтар етті суға салып, қазанға пісірген, ол әрі жұмсақ, әрі дәмді. Асқазанға қорытуға жеңіл болады. Қазақтың басты ұлттық тағамы – ет. Еттін жеп, сорпасын ішеді.« Ет етке, сорпа бетке» дегені осыдан. Жылқыны сойып, одан қазы, қарта жасаған. Жас еттен қуырдақ қуырған. Қазақ қонақ келсе қой сойған, тіпті қадірлі қонақ келсе құлын немесе тай да сояды. Көп қонақ келсе бие сояды. Қойдын басы құрметті қонаққа тартылады. Малдың сүйектері сыйлы адамдарға ұсынылады. Оның дәрежесі былай: қойдың бастан кейінгі қадірлі мүшесі –жамбас.Әкең жақсы кісі еді жамбас жеген» дейтін өлең жолы бар. Одан соң -кәрі жілік, одан кейін - асықты жілік. Өзге мүшелері осыларға қосылады.
Сөздік
Береке – благополучие
Ризық – удовлетворение
Дәулет – богатство
Молшылық – изобилие
Дастар – полотенце
Кебеп – жареное мясо
Сілікпе – жаренное мясо в желудке
Жал –Жая – кишки лощади
Жамбас – тазовая кость лошади
Киелі – священный
Сорпа – суп
Қуырдак – қуырдак
Ас жаулық – плотенце
Дәс орамал – полотенце
Береке достаток
Карын желудок
Карта зосоленный желудок
Қазақ дастарханы
Қазақтар сүттен уыз, ірімшік, қатық, іркіт, сүзбе, қүрт, қаймақ, сары май, қымыз, саумал, шұбат, көже, малта жасаған.
Каспий, Арал, Балқаш, т.б. теңіз, көл, өзен суларының төңірегін мекендейтін халықтың дастарқанынан жыл бойы балық тағамдары да үзілмеген.
Өсімдік, жеміс-жидек, т. б. тағамдарды «жұмақтың асы, оны ішіп- жеу сауап» дегені - халқымыздаң олардың денсаулыққа пайдалылығын ертеден ақ білгені. Тарыдан сөк, жент, жарма, ұннан бауырсақ, көмеш, таба нан, т. б. жасаған.
Қазақ халқы адамның жынысы, жасы, еңбегінің түріне қарай тамақтана білген. Күнделікті ішетін тамақ құрамында адам тіршілігіне өте қажетті элементтердің болуын көздеген. «Жаман ауруға жақсы ас»,- деп түйіндеген. Аурудың түріне қарай тағамдарды сұрыптаған. Айталық, өқпе ауруына қымыз, шұбат ішкізген. Суық тигенде құйрық май шыжғырып ішкізген. Қазақтың белгілі ақыны Қасым Аманжолов: « Болса денің, бойың сау- ақылың сау, ойың сау»,- деп тамаша тұжырымдаған.
Қазақ халқы денсаулыққа қажет жағдайлардың бәрінің ішінен «Ас- адамның аркауы» деп тағамның қасиетін өте жоғары бағалаған.
Мал – скот
Ырым – обычай
Дәстүр – традиции
Ірімшік – сыр
каймақ – сметана
Сары май – сливочное масло
Сүзбе – творог
Дастарқан – скатерть
Балық – рыба
Тағамдар – продукты
Қасиет – важный
Шелпек – лепешка
Құрметты ас – почетная еда
Жаман ауырға- жақсы ас – плохой болезни-хорошая еда
Жыл бойы – в течении года
Менің жұмыс күнім
Мен студентпін.Сондықтан менің әр күнім бір-біріне өте ұқсас. Мен күн сайын ертеңгі сағат жетіде тұрамын. Жуынамын, киінемін, тамақтанамын. Сағат 7-ден 40 минут кеткенде аялдамаға шығамын. Сағат 8- ге 10 минут қалғанда менің автобусым келеді. Сағат 8: 15 – те (сегіз он бесте)
Мен оқу ғимаратыңда боламын. Сағат 8:30-да ( сегіз отызда ) колледжде сабақ басталады .
Біз бір аптада алты күн оқимыз.Дүйсенбі күні алты сабақтаң кейін колледжде түрлі іс – шаралар: үйірме, клуб жұмыстары, топ сағаттары өткізіледі. Бейсенбі – тәжірибе күні. Бұл күні біз базалық мектептерде байқау тәжірібиесінің сабақтарын өткіземіз. Сенбі, жексенбі күндері демаламыз.
Бүгін сәрсенбі. Бүгін бізге алты сабақ. 1-2 сабақ қазақ тілі. Қазақ тілі сабағыңда біз жаңа сөздер үйренеміз. Ауызша, жазбаша жаттығулар орындаймыз. Мәтіндерді қазақ тілінен орыс тіліне, орыс тілінен қазақ тіліне аударамыз. Әңгімелесеміз, өлеңдер, мақал-мәтелдер, ережелер жаттаймыз.
Үш оқу жылынан біз көп нәрсе үйрендік. Қазір қазақша тәп-тәуір сөйлесеміз.
Дене тәрбиесі сабағыңда біз әр түрлі қашықтықтарға жүгіреміз, ұзындыққа, биіктікке секіреміз. Валейбол, баскетбол, теннис ойнаймыз. Алты сабақ сағат екіде аяқталады.
Мен үйге қайтамын.
Тапсырмалар:
1-тапсырма.Мәтінді оқып, аударыңыз.
2-тапсырма Мәтінге сұрақтар дайындаңдар.
XIII ТАРАУ.ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ІСІ ТУРАЛЫ
Мәтінді оқып шығып, жаңа кәсіби сөздерді сөздікке жазып алыңыз, аударыңыз. Мәтіннен сан есімдерді табыңыз, аударыңыз.
Қазақстан республикасындағы денсаулық сақтау ісі туралы
Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласындағы жұмыстар ҚР Конституциясына, “Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау туралы” Заңға, “Саламатты Қазақстан” атты мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жүргiзiледi. ҚР азаматтарының денсаулығын қорғау тұрғысындағы мемлекеттік саясат мына принциптерге негiзделген: мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерi көрсететiн дәрiгерлiк-санитарлық, дәрiгерлiк-әлеуметтік, дәрi-дәрмектiк көмектiң мемлекеттік кепiлдiгiн қамтамасыз ету; олардың орындалуын қадағалаудағы жауапкершiлiгi; денсаулығынан айырылған азаматтардың әлеуметтік қорғалуы, кепiлденген дәрiгерлiк жәрдем шеңберiне сәйкес дәрiгерлiк жәрдем алудың әлеуметтік әдiлеттiгi және теңдiгi.
Қазақстанда тұрғындарға емдеу-профилактикалық қызмет денсаулық сақтау iсiнiң аумақтар бойынша тарамдалған нысандары арқылы жүзеге асырылады. Халыққа амбулаторлық-емханалық көмек көрсететiн мекемелер саны 1997 ж. 3057, әйелдер консультациялары, балалар емханалары мен жеке амбулатория саны 1738 болды.
20 ғасырдың 90-жылдары жекеменшiк медицина кең етек жая бастады. Iрi кәсiпорындар мен мекемелерде, ауылдық елдi мекендерде санитарлық, дәрiгерлiк, фельдш.-акушерлiк пунктер жұмыс iстейдi. Республикада (негiзiнен, облыс орталықтары мен Астана, Алматы қалаларында) әр түрлi ауру-сырқаттарды емдейтiн iрi мамандандырылған медицина орталықтары бар. Соңғы жылдары, Қызылорда мен Жезқазған қалаларында, елiмiздiң экологиялық қолайсыз аймақтарының тұрғындарына көмек көрсететiн iрi, қазiргi заманғы жаңа құралдармен жабдықталған медициналық орталықтар iске қосылды. 1990 ж. Қазақстанда 440 санаторий мен басқа да емдеу-сауықтыру мекемелерi жұмыс iстедi.
Денсаулық сақтау динамикасының негізгі көрсеткіштері денсаулық сақтау саласына бағытталған бюджет қаражатын жыл сайын көбейе түскенінің дәлелі. 2004-2009 жылдар аралығындағы кезеңде медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қаржыландыру көлемі 90,5-тен 273,1 млрд. теңгеге дейін көбейген. 2009 жылы денсаулық сақтаудың амбулаториялық-емханалық ұйымдарына 104,5 млн. емделуші келген , бұл 1 тұрғынға шаққанда 6,6 келуді құрайды.
Бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласында шамамен 50 мыңнан астам дәрігер еңбек етеді. Қазақстанның өңірлеріне дәрігер кадрларды бөлу кезінде орын алатын теңсіздік ерекше байқалады және 10 мың адамға шаққанда 7,9-ды, кейбір өңірлерде 57,7-ні құрайды. Орта буын медицина қызметкерлерiнiң саны 104,4 мың адамды құрайды (10 мың тұрғынға 74,1). Жоғары бiлiмдi медицина кадрларын мамандандырылған 6 жоғары оқу орындары даярлайды. Барлық облыс орталықтары мен iрi қалаларда орта буынды медицина қызметкерлерi даярланады.
Денсаулық мәселесі - елбасы жолдауында
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында 2030 жылға дейін экономикалық-элеуметтік биіктерге көтерілу үшін рухани байлықтың, денсаулықтың қажеттігін атап көрсетті. Қазақ халқы «Тазалық - саулық негізі, саулық - байлық негізі» деп бекер айтпаса керек. Гүлденген экономиканы дені сау, саналы азаматтар жасайды. Сондықтан Жолдаудағы салауатты өмір салтын қалыптастыру, оны насихаттау шараларын белсенді жүргізу қажет. Әсіресе, жас ұрпақтың бойына тазалық пен сергектікті орнықтыру - басты міндет.
Жасыратыны жоқ, бүгінде медицина саласы көптеген қиындықтарды басынан өткеруде. Нарық заманы, экономикалық қиындықтар әсер еткені де анық. Міне, осындай жағдайда Елбасымыздың «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жагдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы» Жарлығы, (1998 ж. 18 мамыр) дәрігерлер қауымының зор ықыласын тудырды. Елбасының бүл Жарлығын Қазақстан халқына деген жанашырлықтың айқын көрінісі деп түсінген жөн. Онда дәрігерлік-санитарлық көмек сапасын жақсарту, қоршаған ортаны таза ұстау, бала мен ана денсаулығын сақтау, тіпті халықты ауыз сумен жабдықтау мәселелері толықтай қамтылған. Адам өлімінің көбеюіне, халық денсаулығының төмендеуіне тосқауыл қоюдың жолдары белгіленген.
Бос орындарга тиісті сөздерді қойыңыз.
Жеке адамның да, мемлекеттің де басты - денсаулық.
Адам денсаулығын нығайтуға үкіметіміз ерекше көңіл отыр.
Үкіметіміз денсаулық сақтау ісіне үнемі жасап отыр.
Гүлденген экономиканы дені азаматтар жасайды.
Халқының дені сау , мемлекет те мықты болады.
Бос орындарға тиісті қосымшаларды қойыңыз.
Таза ауа адамның тыныс алу жолдар.... ашады.
Мен салауатты өмір салтын ұстана.......... .
Денсаулық....... мықты болуы адамның өзіне де байланысты.
Спортпен айналысатын адам зиянды әдеттерден жырақ жүре.....
Дені сау халық - мемлекет байлығы
Дені саудың - жаны сау. Халқымыздың жарқын келешегі денсеаулық мәдениетінің қаншалықты дәрежеде қалыптасуына байланысты. Денсаулық - ел дамуының басты арқауы. Халықтың денсаулығын жақсарту - үшінші мыңжылдыққа аттаған еліміз үшін өзекті міндеттердің бірі. Себебі бүтінгі дені сау ұрпақ - елдің ертеңгі жалғасы.
Дені сау азаматтар - мемлекеттің ең бағалы капиталы, сондықтан жеке адамның да, мемлекеттің де, қоғамның да басты байлығы - денсаулық. Елімізде адам денсаулығын жақсартуға ерекше көңіл бөлінуде. Салауатты өмір салтын сақтау барысьщда Елбасы
Н.Ә. Назарбаевтың бастауымен «2002 жыл - денсаулық жылы» болып жарияланды.
Шопенгауердің «Дені сау кедей - ауру корольден бақытты», -деген қанатты сөзі өте орынды айтылған. Адамның денсаулығы - оның өмір сүруінің ең бірінші шарты болып табылады. Сондықтан үкіметіміз денсаулық сақтау ісіне, адамдарымыздың дені сау болуына үнемі қамқорлық жасап отыр.
Өркениет жолындағы елдің ертеңі халқының саулығына байланысты. Дені сау халық – бай халық, халқының дені сау болып тұрса, мемлекет те мықты болады. Жаны сұлу, тәні сау ұрпақ тәуелсіз мемлекетіміздің көк туын жоғары көтеруге міндетті. Жаңа ғасыр азаматы, тәуелсіз мемлекет ұрпағы - дені сау, рухани бай адам болуы керек.
Сөйлемдерге тиісті сөздерді қойыңыз.
Дені саудың - сау.
Бүгінгі дені сау - елдің ертеңгі жалғасы.
- ел дамуының басты арқауы.
Дені сау азаматтар - мемлекеттің ең бағалы
Халықтың денсаулығын - еліміз үшін басты міндет.
(жақсарту, денсаулық, ұрпақ капиталы, жаны)
Бос орындарга тиісті қосымшаларды қойыңыз.
Халыктың денсаулы.... жақсарту аса маңызды. гын / ц/ гы Салауатты өмір салты... насихаттау керек. на /мен /н Денсаулық сақтау ұйымы мәліметі бойынша. на / ның / нда
Адам денсаулығының 40 пайызы экология байланысты. га /ның /дан. Елдің ертеңі халқының саулығына байланыс болады / та /ты
Сөйлемдердің екі бөлігін сәйкестендіріңіз.
Түрлі зауыттардың түтіні...
Семей полигонының әсерінен ...
Нашақор адамдар - ...
Денсаулықтың қызметі - ...
5.Тәуелсіз мемлекеттің болашағы ...
А.... ауру балалар дүниеге келуде. Ө.... өмірден күдер үзген адамдар. Б.... адамның өмір сүруін қамтамасыз ету. ... халқының саулығына байланысты. ».. адам ағзасын тұншықтыруда.
Аудармаларын сәйкестендіріңіз.
жарқын болашақ культура здоровья
денсаулық мәдениеті главное богатство
ел дамуы третье тысячелетие
үшінші мыңжылдық светлое будущее
өзекті мәселе развитие страны
ең бағалы самый ценный
басты байлық актуальная проблема
Медицина саласы бойынша мамандық атаулары туралы
Медицина (латынша емдеу, дәрігерлік дегенді білдіреді) –аурудыі алдын алу, кеселді анықтау, емдеу, адамның денсаулығын сақтау және нығайту, өмірді ұзарту жөніндегі ғылыми білім мен іс жүзінде қолданылатын шаралар жүйесі.