СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Лекции по основам экономики на казахском языке

Категория: Экономика

Нажмите, чтобы узнать подробности

лекции  по 4 разделам Экономикалық теория негіздері,Микроэкономика негіздері,Макроэкономикаға кіріспе,Бүкіл әлемдік экономика негіздері

 

Просмотр содержимого документа
«Лекции по основам экономики на казахском языке»

Бүкіл әлемдік экономика және әлемдік нарық.

  1. Әлемдік экономикаға (әлемдік шаруашылық) тар және кең мағынада анықтама беруге болады. Кең анықтамасында, әлемдік экономика-бұл барлық ілімнің ұлттық экономикаларының жиынтығы, ал тар мағынада сыртқы әлеммен қарым – қатынас орнататын (яғни елдер арасында жүретін саталатын тауарлар мен қызметтер) ұлттық экономиканың белгілі бір бөліктерінің жиынтығы. Тағы бір анықтамасы — халықаралық еңбек бөлінісі негізінде пайда болған және өзара тығыз байланысқан әлемнің барлық елдерінің ұлттық экономикаларының жиынтығы. Бұл ерекше, ғаламдық экономикалық жұйе, оның құрама бөлiктерi ретiнде әлемдегi барлық елдердiң (қазiргi кезде дүние жүзінде шамамен 260 астам елдер бар) ұлттық шаруашылықтары кiредi. 
    2-ші кезең (XVIII — XIX ғғ.) өнеркәсіп революциясымен және өндірістің механикалануымен байланысты. 
    Сипаттамасы: өнеркәсіптік төңкеріс; буржуазиялық революция; мануфактуралықтан фабрикалық жүйеге өту. Басты рөл сауда байланыстарынан өндірістік әлемдік байланыстарға өтеді. Сонымен қатар, бұл кезеңде капиталистік қатынастар дами бастады және капитализмнің империализм стадиясына ауысуы байқалады.
    Әлемдік шаруашылықтың қалыптасуының тарихи кезеңдері;
    1-ші кезең (XVI – XVII ғғ.) өндірістің мануфактуралық стадиясына сәйкес келеді.
    Сипаттамасы: Ұлы географиялық ашылулар; колониялардың пайда болуы; баға революциясы; мануфактуралық период. Бұл болашақ әлемдік экономиканың жеке элементтерінің қалыптасу уақыты.
    Әлемдік экономиканың ерекшеліктері:
    Әлемдік экономика
    Әр түрлі деңгейде дамыған әлемнің барлық ұлттық экономикалыран қосады. Қазіргі кезде әлемнің елдері мен аймақтар арасында өте үлкен айырмашылықтар бар.
    Әлемдік экономика жеке мемлекеттердің және сол сияқты халықаралық ұйымдардың заңдары мен ережелері іске асады.
    Әлемдік экономика шаруашылық байланыстар мемлекеттік шекарасы арқылы іске асырылады. Әр елдің өзінің экономикалық, ұлттық мүдделері болады.
    Әлемдік экономикада саяси фактор әсері жоғары болады.
    1-ші кезең (XVI – XVII ғғ.) өндірістің мануфактуралық стадиясына сәйкес келеді.
    2-ші кезең (XVIII — XIX ғғ.) өнеркәсіп революциясымен және өндірістің механикалануымен байланысты. 
    Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы тұрақты сипатта болып отыр. Мамандардың айтуы бойынша еліміз өтпелі кезеңнен өтіп, бірқатар жетістіктерге қол жеткізді. АҚШ үкіметі Қазақстанды нарықтық экономикалы ел деп таныды. Қазақстан экономикасы ТМД елдері бойынша алдыңғы қатарда.

  2. Еркін сауда және капитал

Капитал шығару – бұл ұлттық айналымнан капиталды шетке шығару, қазыргі дүниежүзілік шаруашылық пен халықаралық экономикалық қатынастардың маңызды нысаны.

Көп жақты және екі жақты ынтымақтастық үшін қолайлы жағдайлар жасау және осы бағытты келсімдеу мақсатында көптеген халықаралық, соның ішінде үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдар пайда болды.

Халықаралық ұйымдар сауда тосқауылдарын жою бойынша маңызды мәселелерді шешеді, мемлекеттер арасындағы кең тауар айналымына

және валюталардың тұрақталуына жәрдемдеседі, басқа да сыртқы сауда мәселерін қарастырады. Олар өзара тәуелді халықаралық ынтымақтастықтың күрделеніп келе жатқан сипатына жауап қайтару үшін және әр мемлекет пен оның субъектісіне халықаралық қызметке қатысудың өз мүмкіндіктерін пайдалануға жәрдемдесу мақсатында құрылған.

«Римдік шарттардың» күшіне енуінен бұрын Батыс Еуропада ЕЭЫҰ-дың (Еуропалық экономикалық ынтымақтастық ұйымы) барлық 17 мемлекеттерін қамтитын еркін сауда зонасын құру әрекеті сәтсіздікке ұшырады. Еуропалық еркін сауда ассоциясын (ЕФТА) құру туралы келісім бір жағынан, ЕЭЫ қарым-қатынасының жағдайын келіссөздерде жақсартуға жәрдемдесу үшін, ал басқа жағынан, он жыл бойы толық жұмыспен қамтылу және өмір деңгейін кедендерді ликвидациялау және өнеркәсіптік тауарларға көптеген шектеулер енгізу арқылы жақсартуды қамтамасыз ету үшін енді. ЕЭЫ-ға қарағанда сауданың кез-келген либерализациясы ұлттық кедендік автономдылықты сақтау арқылы жүзеге асыуы керек.

Еуропалық еркін сауда ассоциясы кең экономикалық және саяси интеграцияға ұмтылғандықтан, оның жеке құқықтық реттеулері жоқ және ол минимум мүшелерден құралады. Ең жоғарғы орган ЕФТА кеңесі болып табылады, онда әр елдің бір даусы болады. Бұл кеңес шарттардың қолданылуын және орындалуын бақылайды. Сонымен қатар ол қатысушы елдер ассоцияция мақсаттарын жүзеге асыруды қолдау үшін келесі қадамдарды жасау керек пе, соны тексереді. Бұдан басқа жеті тұрақты комитеттер бар (мысалы, сауда және кедендік эксперттер). ЕФТА секретариаты Женевада орналасқан. Оны бас директор мен оның орынбасары басқарады. ЕФТА-дан шығу өтінішті бергеннен кейін 12 ай оөткен соң ғана мүмкін.

Бірқатар елдер үшін ЕФТА Еуропалық одаққа кірудің бастапқы қадамы болады.

ІІ. Халықаралық валюта несие қатынастарды бөлу, айырбастау, тұтыну салаларына жатады. Өндіріс салаларынан еркін және төлем баланысында көрініс тапқан, халықаралық экономикалық қатынастардың барлық формаларының айақталғандығын білдіреді. Сонымен бір мезгілде олар салыстырмалы түрде дербес болып саналыды. Ұлттық экономикамен халықаралық экономикалық қатынастарын бүкіл жүйесіне кері әсерін тигізеді. Әлемдік валюта жүйесі, ұлттық экономиканың өзара тәуелділігінің күшейуімен әлемдік шаруашылық байланыстармен келісілген, ақша экономикалық қатынастарының жиынтығын білдіреді. Халық аралық еңбек бөлінісі тауарды өндіріс пен әртүрлі елдер арасындағы сыртқа сауда оның базасы болып саналады.

Әлемдік валюта жүйесінің құрамды элементтері:

  • Халықаралық төлем құралдарының белгілі бір жиыны (ұлттық, шетелдік және ұжымдық халықаралық валюта):

  • Валюта бағамы және валюта өлшемі (паритеті) мен еркін айналым жасаушылығын қоса алғандағы валюта айырбастау тәртібі;

  • Халықаралық айналымда валюта төлем құралдары мен қамтамасыз етудің тетігі (механизмі) :

  • Халықаралық есеп айырысу формалары мен валюта және алтынның халықаралық нарығының тәртібін ретке және жүйеге келтіру;

  • Валюта қатынастарының тәртібін реттеуші, мемлекет аралық институттардың мәртебәсі;

  • Әлем шаруашылығының сыртқы экономикалқық қызметі мен байланысты халықаралық есеп айырысу мен несие операцияларын жүзеге асырушы халықаралық және ұлттық банк мекемелерінің жүйесі.

Әлемдік валюта жүйесіндегі барлық төлем мен есеп айырысу операциялары аталмыш ұлттық валюта ақша бірлігінің бағасы басқа ел валюталарының ақша бірлігінде көрінетін валюта бағамдарының негізінде жасалған. Алғашқы беттегі валюта бағамы (курсы) алтын мен және оның құны мен, ұлттық валютаның алтын құрамымен, валюталарды пайдалану, арасындағы қарама-қайшылық тереңдей түседі. 60-шы жылдардың ортасында доллар стандарты капиталистік әлемдегі Батыс Европа мен Жапонияның пайдасына өзгеруші күштер ара-қатынасының сәйкес келушілігін доғарды, әлем экономикасындағы тұрақсыздық империалистік шиеленіс фокторына айналды. Бреттон-Вуд жүйесіндегі құрылымдық дағдарыс 1971-1973 жылдары оның барлық қағидаларының үзілуіне алып келді: доллардың алтынға бөлшектенуі тоқтатылды, алтынның ресми бағасы алынып тасталды, белгіленген бағамдар тәртібі еркін айналыстағы бағамдар мен ауыстырылды. Жаңа әлемдік валюта жүйесі алтынның демонитизациялануын белгілеген және валюталардың алтын өлшемдерін жойған алтын доллор стандартының күйреуі 1976 жылғы Ямай келісімімен заңдастырылды. «Қарыз алудың арнайы құқығы» валюта жүйесі негізінде жарияланды. Әрбір ел валюта бағамының тәртібін өздерінің қараулары бойынша таңдау құқығын алды. Валюта бағамдарының әр түрлі тәртіптеріндегі валюталар жүйесі қалыптасты. 1979 жылдан бастап әлемдік валюта жүйесі шеңберіндегі аймақтық деңгейде, өзінің есеп айырысу бірлігі ЕВРО енгізілді. толыққанды ұжымдық халықаралық валюта болып саналатын Евро Европалық валюта жүйесі (ЕВЖ) қызметін жүргізеді. Долладың өктемдігімен «ортақ нарықты» қорғау, Европалық валюта жүйесінің (ЕВЖ) негізгі мақсаты болып саналды. Қазіргі кезеңдігі әлем шаруашылығы байланыстардың қалыптасуы мен әлемдік валюта жүйесінің құрылуы аяқталып біткен жоқ және тұрақты жетілдірілу үстінде.







Қоғам алдында тұрған негізгі экономикалық мәселе.

Әлемнің барлық мемлекеттері экономикалық дамудың қандай деңгейінде тұрса да олар бүгінгі күні барлық адамзаттың мүдделеріне қайшы келіп отырған жаһандық мәселелермен соқтығысып отыр. Қазіргі уақытта жаһандық мәселелерге демографиялық, азық-түліктік, экологиялық мәселелерді және әлемдік ядролық соғыс қаупін жатқызуға болады. Қазіргі жаһандану жағдайында ұлттық экономикалар ашықтылық дәрежесіне байланысты экономикалық дамудың әртүрлі деңгейін бастан кешіп отыр.

Жаһандану- бұл әлемдік экономикаға бірігуді күшейтудің үдерістері. Жаһанданудың пайда болу нысандары халықаралық экономикалық қатынастардың қазіргі түрлерімен тығыз байланысты болып табылады. Оларға тауарлар мен қызметтердің әлемдік саудасы, экономикалық интеграция, өндіріс факторларының әлемдік жылжуы, ғылым мен техника саласындағы айырбас, халықаралық валюталық-несиелік қатынастар жатады. Жаһанданудың арқасында әлемдік шаруашылық: фирма ішілік айналымның әлемдік саудадағы ұлесінің өсуі, сияқты аса кұрделі, әрі терең өзгерістерге ұшырады тікелей инвестициялардың, банктік операциялардың және қаржылық активтердің өсуі. Жаһанданудың қазіргі теориясы еркіндік моделіне, яғни мемлекет қызметін шектеуге, нарықты жан-жақты қолдауға және дамытуға, әлемдік бағалар негізінде ресурстарды тиімді бөлуге және қолдануга сүйенеді. Бұл жерде мұндай шаралар ұпттық саясаттың мақсаттарына қайшы келмеуі тиіс. Алайда, жаһандану жағдайында осылай дамудың да өзіндік кемшіліктері бар. Соңғы 30 жылдың ішінде бай елдер мен кедей елдер арасындағы алшақтық көбейе түсті, жұмыссыздық әлемдік деңгейде өсе түсті, табыстағы пайданың үлесі артып жалақы деңгейі төмендеді, экономикалық өсудің қарқыны бәсеңдеді. Дегенмен, жаһанданудың артықшылықтары да бар: біріншіден, адамдар арасында-олар меншік иелері,табыс алушылар, біліктілігі бар жұмыскерлер; екіншіден, фирмалар арасында - олар ірі, халықаралық, жаһандық бизнес өкілдері, технологиядагы көшбасшылар; үшіншіден, мемлекеттер арасында - капитал мен технологияны экспорттаушылар, таза кредиторлар, инфрақұрылымы жақсы дамыған және тиімді экономикасын құра білген мемлекеттер.

Қазіргі жаһандану жағдайында халықаралық сауда мен әлемдік шаруашылықтың даму стратегиясының мақсаты болып әлем елдерінің ұлттық мүдделерін қорғаштау және даму мақсаттарына қол жеткізу үшін тиімді экономикалық кеңістікті жасау табылады.

Ең бірінші орында ядролық соғыс қару-жарақтың жетілуі мен халықаралық бақылаудың шеңберінен шығып кетуі жатыр. Бұрыннан келе жатқан ядролық қаруы бар бес мемлекетке бүгінгі таңда Үнді, Пәкістан, Оңтүстік Африка, Израиль сияқты елдер қосылды. Біршама елдер ядролық технологияны игеру үстінде (Иран, Солтүстік Корея). Әңгіменің қиындығы- бұл қосылған жаңа елдер халықаралық шиеленістер аймағында орналасқан. 2001ж. Үнді мен Пәкістан арасындағы қақтығыстар сол елдердің мемлекет қайраткерлерінің «ядролық қаруды қолдануымыз мүмкін» деген жантүршігерлік қорқытуымен аяқталғанын білеміз. Бұл проблеманы шешудің негізгі жолы – барлық ядролық елдерді (соның ішінде ешкімге де артықшылық жасамай) халықаралық бақылау негізінде жаппай қарусыздандыру болмақ. Атомның күш-қуаты тек АЭС-терді салу арқылы бейбіт жолға қойылуы керек. Өкінішке орай, ядролық мемлекеттердің «өзімшіл пиғылы» бұл мәселені үзілді-кесілді шешуге кедергі жасауда. Алайда, бұл мәселе ертелі-кеш шешілмейінше, бүкіл адамзат үстіндегі «ядролық дамокл қылышы» сол үрейінде тұра бермек.

Екінші үлкен мәселе – бүгінгі қалыптасқан тәндік-сезімдік өмір бағыт негізінде тойымсыздық, табиғи ресурстарды өлшемсіз пайдалану, жағалай ортаны ластау – адамзатты болашақ экологиялық апатқа әкелу мүмкіндігі. Біз бұл мәселені толығырақ арнаулы тарапта талдаған болатынбыз (қараңыз: осы кітап, 31-38 б.б.).

Үшінші – демографиялық мәселелер, яғни, жер бетіндегі халықтың тым тез қарқынмен өсуі. Егер соңғы мыңжылдықта жер бетіндегі халықтың саны 15 рет өссе, оның бірінші рет екі есеге өсуі 700 жылда болса, соңғысы – 40 жылда (егер 1956 ж. жер бетінде 2,8 млрд халық өмір сүрсе, 2004 ж. –6,3 млрд.). Әрине, бұл деректер үлкен ойға қалдырады. Бұл өсімнің 9/10 даму барысындағы елдерге жатады. Сонымен қатар, дамыған елдердегі халықтың құрылымын алар болсақ, онда кәрілердің саны өсіп (жақсы жағдайдағы өмір ұзақтығына байланысты), сонымен қатар туу деңгейі тым төмендеп кеткен. Сондықтан, ол елдерде халықтың өсуі түгіл, оны ескі деңгейде сақтау үлкен мәселеге айналуда.

Демографтардың болжауынша, алдағы уақытта Үнді халқының саны қытайлықтардан да гөрі өсіп, ал Африкада халықтың саны 1,5 млрд. дейін жетуі мүмкін. Халқы тез өсіп жатқан даму үстіндегі елдердегі өндіргіш күштердің төмендігі, ауыл шаруашылығы өнімділігі, тұрғындардың жалпы мәдени деңгейі, білім беру саласы – бәрі де сын көтермейтін жағдайда. Мұндай ақуал бұрыннан келе жатқан өмір салтын ұстау, бала тууға шек қоймау әдетімен байланысты екені айдан анық. Сондықтан, бұл үрдіс таяу арада бәсеңдейді деу артығырақ болар. Дегенмен де, Қытай еліндегі соңғы 15 жыл шамасында жүргізілген демографиялық саясат өз күшін көрсетті. Ертелі-кеш басқа елдер де сондай саясатқа көшуі мүмкін.

Төртінші мәселе –«Солтүстік пен Оңтүстік» проблемасын тудырды. Бұл Жалпылай келе, экватордан жоғары орналасқан елдердің даму қарқыны мен өмір сүру деңгейі төмен жатқан елдерден гөрі анаұғұрлым биік. Егер де дамыған елдерде тойымсыздық жолына түскен «алтын млрд.» тұрып жатса, жер бетінде осы күнге дейін тағы 1 млрд. жуық адам, басқа қажеттіктерді өтеуді айтпағанның өзінде, күнбе-күн азық-түлікке жарымай отыр, ал 75 млн. аштықтың зардабынан жыл сайын дүниеден кетеді. Бұл дамыған елдер мен дамып келе жатқан елдердің арасындағы қайшылықтың өсуімен тығыз байланысты. Бүгінгі таңда дамып келе жатқан елдер дамыған елдерге 1 трлн. доллардан артық берешекті!!! Олар оны өтеу түгіл, оның өсімінің өзін төлеуге қиналады. Сондықтан да, Кубаның көсемі Ф.Кастро БҰҰ-ның мінбесінен осы борышты сызып тастауға шақырды. Алайда, дамыған елдер ондай шараға барар емес. Ал мұндай жағдайдың өршуі кедей елдердің наразылығын тудырып, неше-түрлі экстремистік қозғалыстарға дем береді.

Әрине, дамыған елдер оларға көмек жасағандай болады. Жылына, шамасымен 50 млрд. доллларға жуық қаржы бөлінеді (салыстырыңыз: 2003-2004 ж.ж. АҚШ бір ғана Ирактағы соғысқа 200млрд. артық қаражат жұмсады). Өткен ғасырдың екінші жартысында дамыған елдер "көмек" ретінде ауыр да кір өндіріс салаларының біршамасын дамып келе жатқан мемлекеттерге аударды. Нәтижесінде, олар үш ұтысқа ие болды: өз елдерінің экологиясын дұрыстады, екіншіден, арзан жұмыс күшін пайдаланып, табыстарын өсірді, үшіншіден, ол елдердің шикізаттарын пайдаланды. Дегенмен де, ол кезде дамыған елдер мен дамып келе жатқандардың арасындағы айырмашылық бірте-бірте қысқарады деген үміт болатын-ды. ХХғ. 70-80ж.ж. бұл айырмашылық, керісінше, күрт өсе бастады. Өйткен себебі, біршама дамып келе жатқан елдер жаңа компьютерлік бағдарламаға негізделген технологияларды игеруге халықтың жалпы білімінің төмендігінен қол жеткізе алмады. Ғалымдардың есебі бойынша, кейбір елдер дамыған мемлекеттерден 150 есеге дейін қалып қойыпты!!! Егер де, шикізатқа бай елдер табиғи байлықтарын сатып күн көрсе, жоқ елдер – дүниежүзілік сауда үрдісінің шетіне ысырылып, қайыршылықтың ауыр зардабын көруде. Сонымен, құрметті оқырман, халықаралық терроризм мен экстремизмнің негізгі қайнар көзі Ислам дінінде емес, дамып келе жатқан елдердің аянышты әлеуметтік-экономикалық жағдайында екенін түсінген боларсыздар.

Енді бесінші мәселеге келер болсақ, жоғарыда көрсетілгендей, халықтың білім деңгейін көтермей, бүгінгі технологияларды игеру мүмкін емес. Адам тіпті әріптерді танып, оқи алғанның өзінде де «функционалдық надандықта» болуы мүмкін. Яғни, ол компьютерлік технологияларды игеріп, жұмыс істей алмайды. Олай болса, білім беру мәселесі де жаһандану үрдісінің негізгі проблемаларының біріне айналып отыр. Екінші жағынан, надандық демографиялық мәселені шешуге де кедергі тудыратыны белгілі. Дүниежүзілік практика «жан-ұяны жоспарлау» тек сауатты, салауатты да білімі жоғары елдерде ғана іске асатынын көрсетеді.

Алтыншыдан, соңғы кезде ғалымдар жаһандану үрдісінің негізгі проблемалары ретінде денсаулықты сақтау мәселесін атауда. Өйткені, бүгінгі таңда адамзаттың жағалай ортаны түбегейлі өзгертуі мен адамдардың денсаулығы төмендеуінің арасындағы байланысты анықтап отыр. Оның куәсі ретінде жүрек, бүйрек, бауыр, мұрыннан қан кету, СПИД, рак т.с.с. «цивилизация ауруларын» келтіруге болады. Егер де, дамыған елдердегі аурулардың көбі тамақты көп ішу, аз қозғалыста болу, шылым шегу, тәндік-сезімдік өмір бағытын ұстаудағы жолда байлықты өсіремін деп жүйкені тоздыру т.с.с. себептерден болса, дамып келе жатқан елдерде жағалай ортаның ластануы, баспана қиындығы, ішетін ас-су сапасының төмендігі туберкулез, трахома, малярия т.с.с. «әлеуметтік ауруларды» тудырады. Жаһандану үрдісі миллиондаған адамдардың бір елден екіншіге, бір континенттен келесіге миграция жасауына әкеліп жатыр. Сондықтан, жұқпалы аурулар бүкіл Дүниеге кеңінен тарап адамзаттың үрейін туғызуда…

Жаһандану мәселелерін шешу жолдарын зерттеуде негізінен екі бағыт қалыптасты. Олар: технооптимизм(болашақ жарқын) және технопессимизм(болашақ қасіретті).

Технооптитмистік көзқарастар өз мәресіне ХХғ. 60 жж. жетті. Ол кезде ғылыми-техникалық революция (ҒТР) жетістіктерін кеңінен өндірісте пайдалану қарқын алған болатын. Дж.Гелбрайт, Р.Арон т.б. ғалымдар ғылым мен техниканың дамуы «бұқаралық нарықты» тудырып болашақта Жер бетіндегі барлық халықтарға тамаша өмір әкеледі деген ой тастады. 80ж.ж. Д.Бэлл, Ж.Фурастье, А.Тофлер сияқты ғалымдар «ғылымның негізгі өндіргіш күшке» айналуына байланысты барлық жер бетінде қорланған мәселелерді компьютерлік технологияларды өмірге еңгізу арқылы шешуге болатынын айтты. Алайда, жақын арада-ақ, ҒТР-дің теріс салдарлары да айқындала басталды. Көп елдер экологиялық дағдарысқа ұшырады. Шикізат қорлары шексіз еместігі анықтала басталды. Дамыған елдер мен артта қалған елдердің арасында қайшылық өсе бастады т.с.с. Әрине, бұл теріс өзгерістер технопессимистік көзқарастарды тудырды.

Технопессимизм (Г.Маркузе, К.Лоренц, Д.Гудмен т.б.) қазіргі қоғам адамдарды ғылым мен техниканың құлына айналдырады,- деген пікір айтты. К.Лоренц ҒТР адамдарды мыңдаған жылдар бойы бейімделген табиғи жағалай ортадан жұлып алып "тастан жасалған джунглиге" қамады. Кейбір адамдар жылдар бойы табиғатқа шыға алмайды. Автоматтар адамдарды ауыр қара жұмыстан босатқанмен, оның жүйкесін анағұрлым тез тоздырады. Қиындығы жоқ жеңіл өмір адамның күшті сезімдерін, өмірге деген жігерін әлсіретіп, зерігуе әкеледі. Іші пысқан адам не істерін білмей, өз өміріне қанағаттанбай, нашамен әуестене бастайды…

Технопессимистер тәндәк-сезімдік өмір бағдарламасынан бас тарту, тойымсыздық пиғылды жою, қанағатқа келу мәселелерін көтерді.

Батыста, Рим қаласында 1968ж. көрнекті ғалымдар «Рим клубын» құрып, адамзат алдында тұрған орасан-зор қиын мәселелерді зерттеуге кірісті. Нәтижесінде, «жарылған бомбадай» дүниежүзілік қауымға әсерін тигізген «Өсудің шегі» (The Lіmіt of Growth) деген баяндама 1972ж. дүниеге келді. Бұл баяндамада Табиғат байлықтарының шектелгені жөнінде, әрі қарай жаңа өндіріс кешендерін салу экологиялық теңдікті жойып, адамзатты апатқа әкелу мүмкіндігі баса айтылды. Осы клубтың бірінші президенті А.Печчеи адамзатқа ең керекті нәрсе – руханияттылық, әсірсесе – адамгершілік. Тек сонда ғана қорланған мәселелерді шешуге болады деген пікірге келеді. Орыстың ұлы ғалымы Н.Моисеев «ХХғ. адамзатқа ескерту жасады. Егер ХХІ ғ. ол оған мойын сұқпаса, құрып кетуі мүмкін»,- деген ой тастайды.

Әрине, бүгінгі таңдағы ұлы ғалымдар алаңдауының терең себептері бар. Уақытында ағылшын ойшылы лорд Честертон айтқандай, байлық адамды аздыртады. Өкінішке орай, материалдық байлықтың өсуі, көп жағдайда, соншалықты рухани өрлеуге әкелмейді. Керісінше, рухани құлдырау байқалады. Оны бүгінгі таңдағы өз өмірімізден-ақ көріп жатырмыз. Бұл қайшылықты жою адамзаттың қолынан келер ме екен? -Болашақ өмір оны көрсетер деген ойдамыз.



Жасыл экономика

«Жасыл» экономика дегеніміз не?

Қазіргі кезде қоғам «жасыл» экономика сөзінің мәнісін әр түрлі түсінеді. Бірі бұл елдің табиғатын жақсартатын экономиканың жаңа салалары деп түсінеді. Басқалары бұл сөзді табиғатқа көмектесуге және пайда келтіруге бағытталған жаңа технологиялар ретіндегі экожүйенің өзіндік түрі деп есептейді. Үшіншілері, бұл мақсаты экологиялық таза өнімдерді құру болып табылатын дамудың жаңа кезеңіне ауысу деп есептейді.

Түсінікті анықтаудың барлық осы жолдары сөздің мағынасына өте жақын. «Жасыл» экономика - бұл табиғи қорларды тиімді пайдалану есебінен қоғамның әл-ауқатын сақтауға бағытталған, сондай-ақ соңғы пайдалану өнімдерін өндірістік циклге қайтаруды қамтамасыз ететін экономика. «Жасыл» экономика бірінші кезекте, қазіргі уақытта сарқылуға ұшыраған (пайдалы қазбалар – мұнай, газ) ресурстарды үнемді тұтынуға және сарқылмайтын ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған.

Жасыл экономиканың негізінде – таза немесе «жасыл» технологиялар жатыр. Мамандардың айтуы бойынша «жасыл» экономиканы дамыту, көптеген постиндустриалды елдерде өзінің ауқымымен қозғаған экологиялық дағдарысты біздің елде болдырмауға мүмкіндік береді.

Қазақстандағы «жасыл» экономиканы дамыту тұжырымдамасы 

Өткізілген «РИО + 20» Саммитінен кейін қазақстандық қоғамның күші «жасыл» экономикаға ауысу бойынша стратегияны іске асыруға бағытталған. Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша «Жасыл» экономикаға ауысу бойынша тұжырымдама әзірленді. Тұжырымдамада бірінші кезекте басты түрде экономиканың белгілі бір салаларын реформалауға бағытталған басым міндеттер тізбесі ұсынылды.

«Жасыл» экономикаға ауысу аясында:

қорлардың тиімділігін арттыру;
қазақстандық инфрақұрылымды жетілдіру;
халықтың әл-ауқатын жақсарту болжанады;

Тұжырымдаманы іске асыру үш кезеңде жоспарланады:

бірінші кезең - 2013–2020 жж. – қорларды пайдалануды оңтайландыру және табиғат пайдалану қызметінің тиімділігі арттыру, сондай-ақ, «жасыл» инфрақұрылымды құру;
екінші кезең - 2020–2030 жж. – табиғи қорларды тиімді пайдалану, жоғары технологиялар базасында жаңартылатын энергетиканы енгізу;
үшінші кезең - 2030–2050 жж. – олардың жаңартылуы жағдайында негізіне табиғи қорларды пайдалану қойылған, ұлттық экономиканың «үшінші өнеркәсіптік революция» қағидаттарына ауысуы.

«Жасыл» экономиканы дамытудың жеті негізгі бағыттары 

Бірінші бағыт - жаңартылатын энергия көздерін енгізу.

Пайдалы қазбаларды ары қарай сақтау туралы мәселе орасан ауқымға ие болады. Біздің мемлекет табиғи қорлары өте бай ел ретінде танылған. Мұнай, газ – бүкіл дүние жүзінде ең ірі энергетикалық қорлардың бірі ретінде сыныпталады, бірақ тіпті олардың өзі уақыты келгенде сарқылады, демек өмір үшін жаңа ресурстар табу қажет. Бұл ретте Қазақстаннның жақсы экожүйеге, жер қыртысына және орманға ие болуы айғағы басқа елдер алдындағы өзінің ұстанымын айтарлықтай арттырады.

Екінші бағыт – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы энергия тиімділігі.

  Қалалық тұрғын үй қорының маңызды бөлігі кеңестік дәуірден кейінгі уақытта салынғандықтан, тұрғын үй кешендерінің көпшілігі тиімсіз жылу изоляциялық құрылымдармен және жылумен қамтамасыз ету жүйелерімен жабдықталған, ол маңызды жылу шығындарына алып келеді. Қазіргі уақытта Қазақстанда жылумен қамтамасыз ету аспаптарының жұмысының істен шығуы саласындағы іс-шараларды жүзеге асыратын энергия сервистік компаниялары әрекет етеді.

Үшінші бағыт – ауыл шаруашылығындағы органикалық егін шаруашылығы

Бірінші кезекте бағыттың аталмыш түрі әр түрлі азық қоспаларынан, синтетикалық тыңайту өнімдерінен (пестицидтерден) бас тартуды қарастырады. Дақылдық өсімдіктердің шығымдылығын, өсуін қамтамасыз ету үшін органикалық тыңайтқыштарды пайдалану туралы сөз болып отыр. Ауыл шаруашылығын «көгалдандыру» табиғи қорларға зиян келтірместен, халыққа азық-түлікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазақстан мынадай бағыттар бойынша әрекет етуді жоспарлайды:

жердің құнарлылығын басқару;
суды тиімді пайдалану;
өсімдіктер және жануарлар денсаулығын басқару;
фермаларды механикаландыру.

Төртінші бағыт – қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру

Қалдықтарды басқару мәселесі ерекше танымалдылыққа ие болды. Лас көшелер, үйінділер және қандай да бір болып жатқанға бақылаудың жоқтығын жиі кездестіресіз. . Қалыптасқан жағдайларға байланысты қалдықтарды өндірістік өнімнің қайталама өнімі ретінде пайдалану ұсынылған. Осылайша, мысалы қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді қайта өңдеу және балама отынды алу технологиясы Алматыда іске асырылуда.

Бесінші бағыт – су қорларын басқару жүйелерін жетілдіру

Су адамзаттың өмір сүруін және экожүйелердің тұтастығын қамтамасыз етудің шешуші табиғи құрылымы болып қала береді. Осыған байланысты су қорларын тиімді пайдалану орасан ауқымға ие болатын мәселе болып қала береді.

Алтыншы бағыт – «таза» көлікті дамыту

Қазақстандағы тасымалдардың көпшілігі дизелде/бензинде жүргізіледі. Қазіргі уақытта тасымалдардың басым бөлігі бензин (дизель) негізінде жүзеге асырылады. Бірінші кезекте бұл парник газдарының жоғары шығарындыларына жағдай жасайды.

Жетінші бағыт – экожүйелерді сақтау және тиімді басқару

Осы бағыттағы қызмет басты түрде біздің елдің бірегей табиғат байлығын сақтауға бағытталған.

«Жасыл» экономика ел үшін басымдылықтар әкеледі 

«Жасыл» экономикаға ауысу барынша үлкен танымалдыққа ие болып келеді және ауқымды қызығушылық тудырады. «Жасыл» экономика бірінші кезекте экономикалық прогреске жағдай жасайды және мыналарды қамтамасыз етеді:

ішкі жалпы өнімнің өсімі;
елдің табыстарын ұлғайту;
елдегі жұмыссыздық көрсеткіштерін азайта отырып, халық үшін жұмыс орындарын құру.

Бұл жерде «жасыл» экономикаға ауысу климаттың өзгеруі, пайдалы қазбалардың сарқылуы және су ресурстарының тапшылығы сияқты жаһандық қауіптен тәуекелдерді төмендетеді.

«Жасыл» экономиканы дамыту бағдарламасы аясында Қазақстан экономиканың 10 шешуші секторына құралдарды инвестициялауды жоспарлайды:

ауыл шаруашылығы;
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы;
энергетика;
балық аулау;
орман шаруашылығы;
өнеркәсіп;
туризм;
көлік;
қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу;
су қорларын басқару.

 

«Жасыл» экономикаға ауысу институттары 

«Жасыл» экономикаға ауысу бірінші кезекте тиісті ұйымдарды құрумен белгіленеді.

«Жасыл» бизнес академиясы

Академия жұмысының мақсаты табиғи және өзге де ресурстарды жинау саласындағы саясатты тұрақты дамыту үшін бағдарламалар, жобалар және оқыту курстарын әзірлеу болады. Академияда онлайн-семинарларды өткізу, инновациялық әдістерді қолдану жоспарлануда. Академияның онлайн-семинарлары қоршаған ортаны қорғау саласындағы сарапшылар/мамандар арасындағы диалогқа, сондай-ақ «жасыл» өсу стратегиясын құруға бағытталған. Жасыл өсу және тұрақты даму тақырыбы бойынша жаңашыл электронды қорлар барлық студенттер үшін қол жетімді болады. Жасыл бизнес академиясы тұрақты дамыту стратегиясын іске асыру жағдайында, әсіресе әлеуметтік қажеттіліктер және мәселелерді барынша ұстанатын тәжірибе, табиғи қорларды кешенді пайдалану саласында болатын барынша тәжірибелік кәсіби жұмыс күшін дайындауға көмектеседі.

«Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы

Бағдарлама инвестициялық жобаларды іске асыру, саясаттарды реформалау жолымен жасыл бизнестің жаңа салаларын құру және дамыту бойынша мемлекеттердің, халықаралық, ғылыми ұйымдардың және бизнестің бірлескен әрекеттерін болжайды. Бағдарламаның міндеті тек мемлекеттер мен аймақтар арасында ғана емес, сонымен қатар мемлекет пен бизнес арасында да – серіктестіктің жаңа деңгейін құру және көптеген үдерістер арасындағы байланыс болып табылады. «Жасыл көпірдің» мәнісі – жасыл бизнестің жаңа салаларын дамыту және ол үшін ұзақ мерзімді және тұрақты негіздерді құру арқылы экономиканы көгалдандыру. Жасыл көпір жаңашыл жасыл технологиялар – жасыл бизнес үшін қолайлы шарттарды тудыру үшін төлемнің жаңа тетігін ұсынады.

Табиғатты бірге сақтайық

Біздің мемлекетіміз «жасыл» экономикаға ауысу саласындағы саясатты белсенді жүргізіп жатқанда, біз осы үдерістің бөлігі ретінде қазірден бастап «таза» болашақты құруға қадамдар жасай аламыз. Және дегенмен біздің көпшілігіміз олардың үлесі ештеңе білдірмейді, бұл табиғатты қорғауға жатпайды деп санайды. Біздің әрқайсымыз қоршаған ортаны қорғау ісіне өз үлесін қоса алады. Және сенің үлесің теңіздегі тамшы болады деп ойлау қажет емес. Күн сайын біз әлемді тазартып, жақсарта аламыз. Сол себепті біз бүгіннен бастап «таза» болашақты қалай құруға болатындығы туралы ұсыныстардың кішігірім тізімін құрдық.

Жабдықты ажыратыңыз! Мысалы, егер сіз бөлмеде болмасаңыз бөлмедегі жарықты сөндіріңіз, сондай-ақ егер оларды сол сәтте пайдаланбасаңыз құралдарды розеткада қосылған күйінде қалдырмаңыз.
Синтетикалық аспаптардан/құралдардан бас тартыңыз!  Біздің барлығымыз әр түрлі химикаттарды пайдаланумен жаңа тазалау құралдарын пайдалана отырып, ыдыс-аяқты жууға дағдыланғанбыз. Дәл осындай құралдар бірінші кезекте қоршаған ортаға, сондай-ақ адамның өзіне де зиян келтіреді.
Энергияны үнемдеңіз. Тіпті қазірден бастап үйге күн жылытқыштарын сатып алуға және орнатуға, сондай-ақ энергия үнемдегіш шамдарды пайдалануға болады.
Қоқысты сұрыптауды бастаңыз!  «Жасыл» экономикаға ауысудың маңызды бағыттарының бірі қалдықтарды кәдеге жарату, сондай-ақ оларды қайталама өнім ретінде пайдалану болып табылады.
Электрондық тасымалдағыштарды пайдаланыңыз! Қағазды пайдалану кесілген ағаштардың үлкен санын талап етеді.
Экологиялық таза өнімдерді сатып алыңыз! Бұл біздің әрқайсымыздың денсаулық жағдайымызды айтарлықтай арттырады, сондай-ақ экологиялық таза ауыл шаруашылығын құруға көмектеседі.
Жаяу көбірек жүріңіз. Пайдаланылған газдар табиғатты ластаудың маңызды көздерінің бірі болып табылады. Пайдаланылған газдың шығуының сәл де болса азаюына біздің әрқайсымыз жасай аламыз.
Браконьерлікке жол жоқ! Адамдардың заңсыз әрекеттерінен өсімдіктер мен адамдардың сирек түрлері қазіргі кезде мүлде жоғалып кетті. Табиғаттың бірегейлігін сақтау – әрқайсымыздың міндетіміз.
Табиғатты қорғайық! Өзіңнен кейін қоқысты қалдырмау, ағаштардың бұтақтарын сындырмау немесе гүлдердің байламдарын үзбеу сияқты ережелерді қарапайым сақтау табиғат жағдайында маңызды көрініс табады.