«Қарабалық ауданы әкімдігі білім бөлімінің Мұхамеджан Сералин атындағыорта мектеп»КММ
«Ертегілер елінде»
таңдау курсының бағдарламасы
МАД сыныбы

Қарабалық
2018-2019 оқужылы
Таңдау курсы
«Ертегілерелінде»
Құрастырған:
Тәрбиеші: Жусупова Орынгул Алтайқызы
Түсінік хат
Мектептің даярлық сыныптарында жүргізілетін «Ертегілер елінде» арнайы ұйымдастырылған дамыту, тәрбиелеу сабақтарының атқаратын ролі зор.
Бұл арнайы ұйымдастырылған дамыту, тәрбиелеу сабақтары балалардың тіл байлығын қалыптастырады. Сондай-ақ ертегіні білуге, әңгімелеуге ғана үйретіп қоймай, балалардың эстетикалық талғамын, білімін, сөйлеу нақышын, қызығушылығын артыратыны анық.
Сондықтан арнайы ұйымдастырылған дамыту, тәрбиелеу сабақтары даярлық сыныптарда мақсатты түрде жүргізілуі керек.
Осы арнайы ұйымдастырылған дамыту, тәрбиелеу сабақтары бойынша ұсынылып отырған материалдар даярлық сынып балаларының білімін, ой-өрісін, тіл байлығын арттыруға арналған шығармалар мен қамтамасыз етілді.
Сондай-ақ даярлық сынып балаларының деңгейіне сай құрылған бұл бағдарламада ақпаратты ққұралдарды қолдана отырып, ертегілерді оқу, әңгімелеу (баяндау) тыңдау мүмкіндіктері қарастырылған.
Мақсаты:
Өз ауылына саяхат жасау арқылы балалардың тілін, сөздік қорын молайту.
Ой-өрісін, сана-сезімін жан-жақты дамыта отырып, баланың бойына озық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді сіңіретіндей, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.
Балалар заттардың айқын образын көрсете білуге, ертегілер туралы түсініктерін бекіте отырып, тілдерін ойлау қабілеттерін дамыту.
Басты міндеттері:
-баланың сөздік қорын молайту;
-баланың тілін дамыту;
-баланы мазмұндауға дағдыландыру;
-баланы жақсылық пен жамандықты айыра білуге үйрету;
-ертегілерді өздері орындата отырып, қызығушылығын қалыптастыру;
-кейіпкерлердің дауыс ырғағын сала білуге көңіл аударту;
-кейіпкерлер арасындағы достық, қамқорлық сезімді ұғындыра отырып бір-біріне әдептілік, кішіпейілділік жасау, қиын жағдайда жәрдемдесу;
Нәтижелілігі:
-балалардың тіл орамдылығын арттырып, өмірге көз қарасын қалыптастыру;
-ой-өрісін кеңейтіп, сөздік қорын молайту;
-балаларды жақсыға үйретіп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу;
-мейірімділікке, адамгершілікке, ақылдылыққа баулу.
-суретке қарап мазмұнын түсіне білу.
-ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын ойнап келтіру.
-сөздерді анықайтып, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Бұл пән аптасына 1рет, жылына 32сағат жүргізіледі.
Бұл бағдарламада осы пәнді жүргізу үшін негізгі 7 бөлім қамтылады.
1-бөлім. Кіріспе Ертегі туралы түсінік
2-бөлім «Әжемнің ертегілері»
3-бөлім «Хайуанаттар әлемінде»
4-бөлім «Таңғажайып оқиғалар»
5-бөлім «Ертегілер әлемінде»
6-бөлім «Табиғат та тіл қатады»
7-бөлім «Қазақ ертегілері»
Бұл бөлімдер арқылы балалардың ертегілерді тыңдау, әңгімелеу, әртүрлі тапсырмаларды орындау арқылы сөздік қорыартып, еркін сөйлеуге үйренеді.
Бағдарламаның мазмұны:
І бөлім Кіріспе
Ертегі туралы түсінік беру -Ертегі туралы айтып өту. Балалардың білетін бірнеше қысқа ертегілерін еске түсіру, бұрын сабақтарда өткен ертегілер болса, сахналап көрсету, рөлдерге бөлу. Ертегінің түрлерімен таныстыру -тақырыбында балаларға ертегінің түрлері туралы қысқаша түсінік беріледі.
ІІ бөлім «Әжемнің ертегілері»
Үлкендерден естіген ертегілер, Өздері білетін ертегіні ортаға салу-оқушылар өздерінің үйлерінде естіген ертегілерін ортаға салады..«Әйгілі ертегі»айдарымен «Бауырсақ» ертегісін әңгімелеу.Мұнда балалар ертегіні айтып, рөлдерге кіріп, көріністер ұйымдастырады.
ІІІ бөлім «Хайуанаттар әлемі»
«Түлкі мен тырна» ертегісі бойынша аңдарға сипаттама беріледі. Балалар рөлдерге бөліп айтады.«Ауырған арыстан» т.б ертегісі бойынша балалар түсінгендерін өз сөзімен айтады. Жануарлардың дауыс ырғағын келтіре отырып әңгімелейді.
ІV бөлім «Таңғажайып оқиға»
Бұл бөлімдерінде балалар өздерінің үйлерінде немесе теледидардан, басқаларда ақпараттық құралдар арқылы тыңдаған, көрген ертегілерін әңгімелеу немесе сомдау арқылы ортаға салады. Тәрбиешінің көмегімен ертегіні толықтырып, түсінуге мүмкіндік алады. Табиғатты аялау керек деген әңгіме жүргізіледі.
V бөлім «Ертегілер әлемінде»
Тақырыбы бойынша қысқаша көріністер және диафильмдер көрсетіледі. Ертегілер елі арқылы балалардың тілін, сөздік қорын молайту, ой-өрісін, сана-сезімін жан-жақты дамыту, іс-әрекеттерді ертегілерде пайдалана отырып, сахналау, қойылым туралы түсініктерін кеңейту.
VІ бөлім«Табиғатта тіл қатады»
«Орман дәрігері» ертегісіне коллаж құрастырылады, кейіпкерлерге мінездеме беруге үйретемін. Көріністер көрсету, сахналауға үйрету. Хайуанаттарды, табиғатты құрметтеуге тәрбиелеу. Нақышына келтіре отырып әңгімелеуге үйрету.
VІІ бөлім«Қазақ ертегілері»
Қазақ ертегілерін Ұнатқан ертегілерден қысқаша көрініс қоюға үйрету. Қайырымдылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
«Ертегілер елінде» бағдарламаның күнтізбелік жоспары
аптасына 1 сағат жылына 32 сағат.
| № | Сабақтың тақырыбы | Сағат саны | Өтетін күні | Мақсаты |
| І- бөлім Кіріспе |
| 1 | Ертегі туралы түсінік беру Ертегіні түрлерімен таныстыру. | 1 | | Ертегіні оқып,балаларға жан-жақты түсіндіру Ертегінің түрлері туралы қысқаша мағлұматтар беру. |
| ІІ бөлім «Әжемнің ертегілері» |
| 2 | Үлкендерден естіген ертегілер Өздері білетін ертегіні ортаға салу. | 1 | | Ертегілерді тыңдап,түсінуге үйрету. Өз ойын айту,ертегіні аяқтауға бағыттау. |
| 3 | «Әйгілі ертегі» айдарымен «Бауырсақ» ертегісін әңгімелеу | 1 | | Осыған ұқсас ертегілерді айтқызу арқылы тілдерін дамыту |
| 4 | «Түлкі мен тырна» ертегісі | 1 | | Аңдарға сипаттама беру |
| 5 | «Ауырған арыстан» ертегісі | 1 | | Аңдарға сипаттама беру |
| 6 | «Жеті лақ» ертегісі | 1 | | Образға кіру, дауыс ырғағын қалыптастыру. |
| 7 | «Шалқан» ертегісі | 1 | | Ертегіні еске түсіру арқылы балалардың тілдерін дамыту. Шалқанды отырғызу кезінде айтылатын өлең шумағы арқылы балалардың тілдерін байыту және білімдерін кеңейту |
| 8 | «Қызыл телпек» | 1 | | Ертегінің мазмұнын еске түсіру арқылы тілдік қорларын байыту |
| ІІІ Бөлім «Хайуанаттар әлемі» |
| 9 | Үш торғай | 1 | | Ертегіні тыңдау,әңгімелеу |
| 10 | Ақылды лақ | 1 | | Қайырымдылыққа тәрбиелеу. Ертегінің мазмұнын сипаттау. |
| 11 | Дос іздеген бота | 1 | | балалардың бойында достық, адалдық, батылдық, жан ашарлық қасиеттерін тәрбиелеу; |
| 12 | Үш аю | 1 | | Ертегінің мазмұнымен таныстыру, ертегіге деген қызығушылықтарын арттыру |
| 13 | «Қасқыр мен ит» | 1 | | Балаларға ертегіні суреттер арқылы әңгімелеуге үйрету |
| ІV бөлім «Таңғажайып оқиғалар» 4сағ |
| 14 | «Маша мен аю» | 1 | | Белсенді балалармен кейіпкерлердің рөлдерін эмоция арқылы көрсете білуге үйрет |
| 15 | «Қолғап» | 1 | | Тыңдау .сұраққа жауап беруге үйрету |
| 16 | «Қоянның үйі» ертегісі | 1 | | Ертегінің мазмұнымен таныстыру, ертегіге деген қызығушылықтарын арттыру |
| 17 | «Адасқан құмырсқа» ертегісі | 1 | | Қамқорлыққа тәрбиелеу. |
| V бөлім «Ертегілер әлемінде» |
| 18 | «Төлдер айтысы» | 1 | | Ертегінің мазмұнымен таныстыру, ертегіге деген қызығушылықтарын арттыру |
| 19 | «Аққу қаздар» | 1 | | Балаларды ертегінің мазмұнымен таныстыру |
| 20 | «Алтын балық» | 1 | | Нақышына келтіре отырып әңгімелеуге үйрету |
| 21 | «Екі сараң қонжық» | 1 | | Ертегі кейіпкерерінің жағмды-жағымсыз жақтарын таба білуге үйрету |
| 22 | «Үш қыз» | 1 | | Қысқаша көріністер ұйымдастыру |
| 23 | «Нан қайдан шығады» | 1 | | Еңбекқорлыққа тәрбиелеу |
| 24 | Ертегілер әлеміне саяхат | 1 | | Өткен ертегілерді еске түсіріп, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы білімдерін тиянақтау |
| VІ бөлім «Табиғатта тіл қатады» |
| 25 | «Орман дәрігері» ертегісі | 1 | | Кейіпкерлерге мінездеме беруге қалыптастыру |
| 26 | «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі | 1 | | Көріністер көрсету,сахналау |
| 27 | «Арыстан мен адам» ертегісі | 1 | | Хайуанаттарды, табиғатты құрметтеуге үйрету |
| VІІ бөлім «Қазақ ертегілері» |
| 28 | «Алдар көсенің сиқырлы тоны» ертегісі | 1 | | Ертегінің мазмұнын түсіну. |
| 29 | «Мақта қыз бен мысық» ертегісі | 1 | | Балаларды рөлді дұрыс ойнай білуге және сөздерін әр дыбыстары анық айтуларын қадағалау |
| 30 | «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісі | 1 | | Ертегінің мазмұнымен таныстыру, ертегіге деген қызығушылықтарын арттыру |
| 31 | «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісі | 1 | | Ертегіні тыңдай отырып, бір-біріне көмек көрсетуге тәрбиелеу. |
| 32 | «Алдар көсе мен шықбермес Шығайбай» ертегісі | 1 | | Ертегі кейіпкерерінің жағмды-жағымсыз жақтарын таба білуге үйрету |
| | | | | |
Пайдаланған әдебиеттер:
Қазақ ертегілері «Алматы» баспасы 2007 жыл 4-бет.
Мен оқимын, ойлаймын,ойнаймын Астана-2006 9,108,122 бет
Көркем әдебиет «Аруна» баспасы 46 бет,47 бет, 60бет,64 бет.
Өнегелі ертегілер «Аруна» баспасы-2007ж 60бет.
Жануарлар туралы ертегілері «Алматы» баспасы 54,74 беттер.