СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Әлемнің қазіргі физикалық бейнесі

Категория: Физика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ жоспары

Просмотр содержимого документа
«Әлемнің қазіргі физикалық бейнесі»

Физика және астрономияның дүниетанымдық маңызы

Токсанбаева Эльмира Бахытжановна

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы

«№ 49 Жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Физика пәнінің мұғалімі


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Әлемнің қазіргі физикалық бейнесі

Мектеп: Семей қаласындағы «№ 49 Жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Күні:05.04.19

Мұғалімнің аты-жөні: Токсанбаева Э.Б.

Сынып: 9

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Физика және астрономияның дүниетанымдық маңызы

Оқу мақсаты

9.8.1.1. – адамның дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына физика және астрономияның дамуының ықпалын түсіндіру

Сабақтың мақсаты

  • Физиканың дүниетанымдық маңызымен таныстыру;

  • Адамның дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына физика мен астрономия ғылымдарының дамуының әсерін түсіндіру;

  • Даму кезеңін жіктеу арқылы білімдерін жинақтау

Бағалау критерийлері

  • Физиканың дүниетанымдық маңызын тұжырымдайды;

  • Дүниетанымдық көзқарасты қалыптастыруда физика мен астрономия жетекші рөлді атқаратынын түсінеді;

  • Даму кезеңдерін жіктеу арқылы ғаламға ортақ тұрақтыларды физикада қолданады, мысалдар келтіреді

Тілдік мақсаттар


Физика

Физика

Physics

Астрономия

Астрономия

Astronomy

Дүниетаным

Мировозрение

Worldview

Әлем

Мир

World

Тұрақтылық

Постоянная

Constant

Даму кезеңі

Период развития

Period of development

Ғылым

Наука

Science


Құндылықтарды дамыту

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының «Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығын» дамыту арқылы оқушылардың бойында ұйымшылдық, жауапкершілік, адалдық сезімдерін сіңіру.

Пәнаралық байланыстар

Астрономия, қазақ тілі, тарих

Алдыңғы білім

Элементар бөлшектер, Бүкіләлемдік тартылыс заңы, жарық жылдамдығы, Планк тұрақтысы

Сабақ барысы:

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы

0-8 мин

Ұйымдастыру



Топқа бөлу (Киндер сюрприз)

1-топ «Ньютон »

2-топ «Максвелл»

3-топ «Планк»

Оқушылар себеттен жұмыртқалар алады. Әр жұмыртқаның ішінде ғалымдардың фото суреттері болады. Сол ғалымдарды анықтау арқылы 3 топқа бөлініп отырады.





Сергіту сәті: «Қызыл гүлім-ай»

Үй тапсырмасын тексеру.

«Физикалық диктант» әдісі арқылы алдыңғы сабақты тексереміз. Оқушыларға арнайы таратпа материалдар беріледі, бос орындарды толықтырып жазады. Мұғалім дұрыс жауабын интерактивті тақтаға шығарады. Оқушылар өзін – өзі «+», «-» таңбаларымен бағалайды.

  1. Электронның антибөлшегін ...................деп, ал протонның антибөлшегін ...................деп атайды.

  2. Өз құрылымы мен құрамы..................бөлшекті элементар бөлшек деп атаймыз.

  3. Әлсіз әрекеттесулерге қатысатын бөлшектерді ............деп атайды.

  4. Орнықты бөлшектерге электрон, протон,............ және нейтрон жатады.

  5. Ядродағы нуклондардың арасындағы күшті әрекеттесуге қатысатын бөлшектерді .............дейді.


Жауабы: 1. позитрон; антипротон 2. болмайтын

3. Лептондар 4. фотон 5. адрондар

ҚБ: Өзін – өзі бағалау («+», «-» )


«Атаулар туралы үш сұрақ» әдісі

Жаңа тақырып бойынша үш терминді тақтаға жазып, оқушыларға осы атауларға байланысты келесі сұрақтарды қояды:

  1. Қайда? (Бұл терминді сіздер бұрын қайда және қандай мағынада кездестірдіңіздер?)

  2. Қалай? (Өз тәжірибелеріңде осы атауларды қалай қолданатындарыңызға мысал келтіре аласыздарма?)

  3. Қандай? (Осы сабақта бұл атаулар қандай байланыста болады деп ойлайсыздар?)



ҚБ: «Жапондық бағалау» әдісі



Осы сұрақтарға жауап беру арқылы бүгінгі өтілетін жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.



Себет, киндер сюрприз жұмыртқалары, И.Ньютон, Дж.Максвелл, М.Планктың фото суреттері












https://ok.ru/video/11733371521



Дайын таратпа материалдар


















Слайд (жауаптары)







Интерактивті тақта



Сабақтың ортасы

20 минут







Білу және түсіну

www.bilimland.kz және twig-bilim.kz сайтынан гравитациялық, жарық, Планк тұрақтылары туралы онлайн сабақ көрсетіледі.



1.Физика мен астрономияның алғашқы даму кезеңінде дүниенің механикалық көрініс-бейнесі қалыптасты. Мұндай көзқарастың ең басты тірегі формуласымен өрнектелетін Ньютонның Бүкіләлемдік тартылыс заңы еді. Мұндағы барлық Ғаламға ортақ іргелі әмбебап гравитациялық тұрақты болып табылады.

2.Әлемнің электродинамикалық көрінісі, яғни электромагниттік өрістің кеңістікте толқын түрінде тарайтындығын Максвелл теория жүзінде дәлелдеп, жарықтың таралу жылдамдығын c=λ ν=3 дәлелдеп берді. Жарық жылдамдығы да іргелі әмбебап тұрақты болып табылады.

3.Физика мен астрономияның үшінші даму кезеңінде дүниенің кванттық-өрістік көрінісі қалыптасты. Жылулық сәулеленулердің эксперименттік заңдылықтарын Планк түсіндіріп, ең кіші бір үлес энергияны «квант» деп атап, оның шамасы E=h ν формуласымен анықталатындығын көрсетті. Мұндағы h=6.62 тұрақты шама. Осылайша бүкіл Ғаламға ортақ үшінші іргелі әмбебап Планк тұрақтысы белгілі болды.



(G) Топтық жұмыс:

Әр топқа өз ғалымдарының ашқан жаңалығы жайлы постер қорғау тапсырылады.

Топтар өздерінің постерлерін басқа топ алдында қорғайды.

ҚБ: Топтық жұмысты бағалау парағы (топтар бірін – бірі бағалайды)


(D) Жұптық жұмыс:

Оқушыларға арнайы дайындалған кесте беріледі. Сол кестені бірігіп толтыру керек.

Барлық кестелер толтырылып болғаннан кейін, мұғалім оларға бағалау парағын береді, және оқушылар бір – бірінің жұмыстарымен алмасып, бір – бірін бағалайды.


ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек»

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/mexanika/dinamika/lesson/bukilalemdik-tartylys-tartylys-kushi


https://twig-bilim.kz/kz/film/what-is-light


https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/optika/lesson/zharyqtyng-taraluy-ferm-princzipi


Презентация








Қосымша 1

Ватман, түрлі түсті маркерлер, бағалау парағы













Қосымша 2

Таратпа материалдар, бағалау парағы





Сабақты бекіту

7 минут

«Сұрақты ұстап ал» әдісі

Мұғалім сұрақ қойған кезде фасоль салынған қапшықты лақтырады. Оқушы сұраққа толық жауап берсе, бағдаршамның жасыл түсін, орташа жауап берсе сары түсін, мүлдем жауап бермесе қызыл түсін көрсетеді.



ҚБ: «Бағдаршам» арқылы бағалау

Қосымша 3

Фасоль салынған қапшық, қызыл, сары, жасыл түсті карточкалар

Сабақтың соңы

5 минут

Үй тапсырмасы:

Эссе: «Менің ойымша, физиканың дүниетанымдық маңызы...............»


Кері байланыс: «Бес бармақ» әдісі

Оқушылар қағаздың бетіне өз қолының саусақтарын айналдыра сызады.

Бас бармақ – Бүгінгі сабақтан алған әсерің қандай?

Балан үйрек – Не түсіндің?

Сұқ саусақ – Кімге көмектестің?

Ортан терек – Сабақтың ұнаған сәттері қандай?

Кішкентай бөбек – Не ұнамады?


Рефлексия. «Жетістік сатысы»

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазып, жетістік сатысына жабыстырады.

Р.Башарұлы, Ш.Шүйіншина, К.Сейфоллина. Алматы «Атамұра» баспасы 2019ж. Макет

Интерактивті тақта


Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


  • Оқу мақсаты негізінде барлық оқушылар, оқушылардың басым бөлігі және кейбір оқушылар орындай алатын сабақтың мақсаты сараланып құрастырылды.

  • Үй тапсырмасын қаншалықты деңгейде меңгергендігін саралау мақсатында «Физикалық диктант» әдісі арқылы бірдей тапсырма алынады. Оқушы өзін – өзі «+», «-» арқылы бағалайды

  • Жаңа тақырыпты түсіну үшін әр түрлі дереккөздермен топтық жасатау арқылы сараланады.

  • Оқушылар жұппен жұмыс жасау арқылы, кестені толтырып, жіктеу арқылы сараланады.

  • Сабақты бекіту және қорытындылау үшін «Сұрақты қағып ал» әдісі бойынша барлық оқушылардың білім деңгейлерін саралау.

  • «+», «-»

  • «Жапондық бағалау» әдісі

  • «Бағалау парағы» арқылы бірін – бірі бағалау

  • «Екі жұлдыз, бір тілек»

  • «Бағдаршам» түстері бойынша бағалау

Топқа бөлінген кезде қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау ескертіледі.

Сергіту сәті








































Қосымша 1

Физика __9__- сынып

Бөлім

Тақырып

Әлемнің қазіргі физикалық бейнесі

Физика мен астрономияның дүниетанымдық маңызы

Оқу мақсаты

9.8.1.1. – адамның дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына физика және астрономияның дамуының ықпалын түсіндіру

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу, түсіну

Бағалау критериийлері

  • Физиканың дүниетанымдық маңызын тұжырымдайды;

  • Даму кезеңдерін жіктеу арқылы ғаламға ортақ тұрақтыларды физикада қолданады, мысалдар келтіреді есептелу формулаларын анықтайды

Тапсырма

Әр топ өздерінің ғалымдарының ашқан жаңалықтарын постер арқылы қорғайды. I топ. «Ньютон» тобы

II топ. «Максвелл» тобы

III топ. «Планк» тобы

Бағалау критерийі

Дескриптор

  • Физиканың дүниетанымдық маңызын тұжырымдайды;

  • Даму кезеңдерін жіктеу арқылы ғаламға ортақ тұрақтыларды физикада қолданады, мысалдар келтіреді

1.Дүниенің механикалық, электродинамикалық, кванттық көріністерін тұжырымдады;

2.Тұрақтылардың есептелу формулаларын қолданды;

3.Мысалдар келтірді

























Қосымша 2

Физика __9__- сынып

Бөлім

Тақырып

Әлемнің қазіргі физикалық бейнесі

Физика мен астрономияның дүниетанымдық маңызы

Оқу мақсаты

9.8.1.1. – адамның дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына физика және астрономияның дамуының ықпалын түсіндіру

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Меңгеру, қолдану

Бағалау критериийлері

Даму кезеңдерін жіктеу арқылы ғаламға ортақ тұрақтыларды физикада қолданады, мысалдар келтіреді есептелу формулаларын анықтайды

Тапсырма

Жұппен бірлесіп жұмыс істеу арқылы кестені толтыру

Даму кезеңі





Дүниенің механикалық көрініс - бейнесі









Энергияның ең кіші үлесі «квант»









c=λ ν







с=3







Планк тұрақтысы





Бағалау критерийі

Дескриптор

Даму кезеңдерін жіктеу арқылы ғаламға ортақ тұрақтыларды физикада қолданады, мысалдар келтіреді

1.Даму кезеңдерін дұрыс жіктейді

2.Тұрақтылардың есептелу формулаларын анықтап жазады;

3.Мысалдар келтіреді


Қосымша 3

Физика __9__- сынып

Бөлім

Тақырып

Әлемнің қазіргі физикалық бейнесі

Физика мен астрономияның дүниетанымдық маңызы

Оқу мақсаты

9.8.1.1. – адамның дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына физика және астрономияның дамуының ықпалын түсіндіру

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу, қолдану

Бағалау критериийлері

Дүниетанымдық көзқарасты қалыптастыруда физика мен астрономия жетекші рөлді атқаратынын түсінеді

Тапсырма

«Сұрақты ұстап ал» әдісі бойынша сұрақтарға жауап беру

Сұрақтар :

  1. Ғылыми дүниетаным деп нені айтамыз?

  2. Дүниетанымдық көзқарасты қалыптастыру не себепті физика мен астрономияда жетекші орын алады?

  3. Физика ғылымының қай кезеңінде қоршаған орта туралы қандай дүниетанымдық көрініс қалыптасты?

  4. Не себепті адамзат қоршаған әлем туралы дүниетанымдық көзқарасы өзгеріп отырады?

  5. Дүниенің механикалық көрініс – бейнесінде қандай тұрақтылық пайда болды?

  6. Әлемнің электродинамикалық көрінісінің жетілуіне кімнің үлесі тиді және қандай?

  7. Үшінші іргелі әмбебап тұрақтыны ата?

  8. Жарық жылдамдығын кім және қандай формуламен есептеп берді?

  9. Гравитациялық тұрақтының мәні нешеге тең?

  10. Ең кіші бір үлес энергияны недеп атаймыз?

Бағалау критерийі

Дескриптор

Дүниетанымдық көзқарасты қалыптастыруда физика мен астрономия жетекші рөлді атқаратынын түсінеді

1.Сұрақтарға нақты жауап береді

2.Дүниетанымдық көзқарастарды қалыптастырушы тұрақтыларды қолдана алады