СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Lesson Study зерделеу нәтижесі

Категория: Химия

Нажмите, чтобы узнать подробности

8 сынып оқушыларымен жүргізілген Lesson Study зерделеу нәтижесі 

Просмотр содержимого документа
«Lesson Study зерделеу нәтижесі»

2016 -2017 оқу жылы 17.10-24.10.16 аралығында №5 орта мектебінің 8 «Ә» сыныбында химия пәні бойынша өткен «Lesson Study» сабақты зерттеу бойынша анықтама

17.10.2016 жылы «Заттардың химиялық формулалары бойынша есептер шығару» тақырыбында сабақ өтілді. Сабақ 10 оқушы қатысты.

А оқушысының бақылау нәтижелері.

Сабақ барында А оқушы үй тапсырмасын тексеру кезеңінде 2 қате табылды. «Миға шабуыл» кезеңінде тек дәптерін сызбалап отырды. Топпен бірге жұмыс жасағанда өз алдына отырды, топпен бірге жұмыс істемеді. Қорытынды бағасы 3.

В оқушының зерттеу нәтижелері.

Сабақ барында В оқушы үй тапсырмасын тексеру кезеңінде бірнеше қате табылды. «Миға шабуыл» кезеңінде тек дәптерін сызбалап отырды. Топпен бірге жұмыс жасағанда аз қатысты, топпен бірге жұмыс істемеді. Қорытынды бағасы 3. Көшбасшы оқушылардың көлеңкесінде қалып қойды.

С оқушының зерттеу нәтижелері

Сабақ барысында С оқушы өте белсенді болды. Үй тапсырмасын жартылай орындаған. Сабаққа жақсы қатысты, топпен бірге жұмыс жасады. Бірақ жеке берілген тапсырмаларда көп қателіктер жіберген. Қорытынды бағасы 3.

19.10.2016 жылы «Заттардың химиялық теңдеулері бойынша есептер шығару» тақырыбында сабақ өтілді. Сабақ 10 оқушы қатысты.

А оқушысының бақылау нәтижелері.

Сабақ барында А оқушы үй тапсырмасын тексеру кезеңінде бірнеше қателер жіберілген, бірақ сабақ басталуымен қателерін түзетуге тырысты. «Миға шабуыл» кезеңінде топтағы бақылаушының әсерінен бір сұраққа толық емес жауап қайтарды. Топпен бірге жұмыс жасағанда топ көшбасшының бөліп берген тапсырмасы бойынша аздап дауыс қатты. Қорытынды бағасы 3



В оқушының зерттеу нәтижелері.

Сабақ барында В оқушы үй тапсырмасын дұрыс орындаған «Миға шабуыл» кезеңінде толық емес жауаптармен сөз сөйледі. Топпен бірге жұмыс жасағанда химиялық реакция теңдеулері бойынша өзінің қабілетіне лайық дәрежелі тапсырмаларды орындады. Қорытынды бағасы 3.

24.10.2016 жылы «Табиғаттағы, тірі ағзалардағы және адам ағзасындағы химиялық реакциялар» тақырыбында сабақ өтілді. Сабақ 10 оқушы қатысты.

С оқушының зерттеу нәтижелері

Сабақ барысында С оқушының сабаққа қызығушылығы өте жоғары. Үй тапсырмасын орындаған. Сабаққа жақсы қатысты, топпен бірге жұмыс жасады. Берілген тапсырмаларды орындады, бірақ қателері бар. Қорытынды бағасы 4.

А оқушысының бақылау нәтижелері.

Сабақ барында А оқушы үй тапсырмасын толық орындағын. «Миға шабуыл» кезеңінде топтағы бақылаушының әсерінен бір сұраққа толық емес жауап қайтарды. Топқа берілген проблемалық сұрақ бойынша өз ойын топ талқылауына салып, постер қорғау кезеңінде ерекше ықыласпен жауап берді. А оқушысының тобы басқа топ оқушылары тарапынан 5 жұлдызды тілекке ие болды. Демек А оқушысының топ мүшелерінің жалпы нәтижесіне қосқан үлесі өте зор болды. Қорытынды бағасы 4



В оқушының зерттеу нәтижелері.

Сабақ барында В оқушы үй тапсырмасын дұрыс орындаған «Миға шабуыл» кезеңінде толық емес жауап берді. В оқушысы постер жасау және оны тақтада қорғау кезеңінде өзін еркін сезініп, белсенді қатысты. Мәтін бойынша жұмыс істегенде, түсінбеген сұрақтарды топ басшысынан сұрап білді. Топпен бірге жұмыс жасағанда химиялық реакция теңдеулері.

бойынша өзінің қабілетіне лайық дәрежелі тапсырмаларды орындады. Қорытынды бағасы 4.

С оқушының зерттеу нәтижелері

Сабақ барысында С оқушының сабаққа қызығушылығы өте жоғары. Үй тапсырмасын орындаған. Топ бойынша берілген мәтінмен толық жұмыс жасады, өз ойын айтуда постерға үлес қосты. Топ мүшелерімен бірлікте, ынтымақтастықта жұмыс жасады. Жеке берілген тапсырмаларды қатесіз орындады. Қорытынды бағасы 5.

Зерттеу барысында С оқушы бастауыш сыныпта үздік оқушы болғандығы, кейіннен отбасының әлеуметтік жағдайына байланысты оқуда қалып қойғаны анықталды.