СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Әлеметтану ғылым ретінде.Әлеуметтанудың атқаратын қызметтері.

Категория: История

Нажмите, чтобы узнать подробности

Разработка урока по истории с казахским языком обучения.

Просмотр содержимого документа
«Әлеметтану ғылым ретінде.Әлеуметтанудың атқаратын қызметтері.»

Масалиева Карлыгаш Амангельдиевна

Преподаватель истории

Уральский технологический колледж «Сервис»


Сабақтың тақырыбы: Әлеметтану ғылым ретінде.Әлеуметтанудың атқаратын қызметтері.

Сабақтың мақсаты: Өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландырып, ой-өрісін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрінекілігі слайдтар, бейне таспалар, логикалық сұрақтар, экономикалық терминдер сөздігі ,экономика негіздері оқулығы.

Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Сабақты әдісі: әңгіме, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі кеспе қағаздары, тарихи диктант, бағалау жетондары, сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Тарихи диктант арқылы «Діннің қоғамдағы рөлі» тақырыбын қорытындылау.

1. .......(Қоғам) дегеніміз материалдық дүниенін бір бөлшегі ретіндегі адамдардың табиғатпен және өзара байланыста бола отырып, бірлесу формасы болып табылады.

2. Ежелгі грек философы .... (Демокрит) «Мемлекет жалпыға бірдей игілік пен әділеттілік әкелуі керек» деп есептеген.

3. .... (Қажеттілік) – организмнің қалыпты өмірлік қызметін қамтамасыз ету үшін керекті талаптарының қанағаттандырылуы мен шатталған және сол қажеттілікті өтеуге бағытталған күй.

4. Белгілі американдық ғалым ... (А. Маслоу) адамның қажеттіліктерін үнемі алға тартып отырады.

5. Өзінің өміріне қажетті материалдық жағдайларды жасау мақсатымен адамның табиғатты белсенді жаңғырту үдерісі .... (Өндіріс) деп аталады.

6. ..... (Еңбек)дегеніміз – адам ресурсы, былайша айтқанда, жұмысшылар мен қызметкерлер, олардың білімі және тәжірибесі.

7. Айырбас үшін арнайы өндірілетін өнім .... (тауар)деп аталады.

8. ..... (Құрылым)– жүйені құрайтын элементтер жиынтығы және реттілігі.

9. ..... (Саясат) грек . politika – мемлекеттік, қоғамдық іс дегенді білдіреді.

10. .... (Монархия )абсолюттік және конституциялық болып екіге бөлінеді.

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

Әлеуметтанудың құрылымы.

Әлеуметтану әлеуметтік құбылыстар мен процестерді түрлі дәрежеде атап айтқанда бүкіл қоғам кӛлемінде немесе жеке адамдар тұрғысынан зеттеуі мүмкін. Оның білімдік құрылымы соған сәйкес анықталады. Әлеуметтану білімінің құрылымы – бұл ең алдымен әлеуметтік жүйеде пәрменді міндеттерін атқаратын және дамитын қоғам жӛніндегі білімнің белгілі бір тәртіпке келтірілуі. Бұл құрылым - әлеуметтік түрлі деңгейдегі процестер, жеке адамдар, әлеуметтік топтар немесе тұтас қоғам жӛніндегі ӛзара байланысқан түсініктер, ұғымдар, кӛзқарастар, теориялар жүйесі.

Әлеуметтану білімінің құрылымында әлеуметтанулық теориялар мен кӛзқарастар ашып кӛрсететін қоғамдық құбылыстардың ауқымына орай жекелеген деңгейлерді ажыратып айтуға болады.

Әлеуметтанулық білімнің деңгейлері мыналар:

жалпыәлеуметтанулық теориялар немесе жалпытеориялық әлеуметтану;

арнайы әлеуметтанулық теориялар, бұларды кейде жеке теориялар деп те атайды;

нақты әлеуметтанулық зерттеулер.

Әлеуметтану білімінің осы үш деңгейінің ӛзгешеліктері қоғамдық құбылыстардағы әлеуметтанулық талдаудың тереңдігін және бұдан шығатын қорытындылардың маңыздылығын байқатады.

Әлеуметтанудың атқаратын қызметтері.

Басқа да қоғамдық ғылымдар сияқты әлеуметтану ғылымының да қоғам алдында орындайтын, атқаратын қызмет-міндеттері бар. Олар алуан түрлі болып келеді. Теориялық-танымдық қызметі.

Теориялық-танымдық қызметі арқылы әлеуметтану қоғамның мәні, оның құрылысы, заңдылықтары, қызметі жайлы, дамудың негізгі тенденциялары, бағыттары, жолдары жӛніндегі білімді тереңдетеді. Әлеуметтік құбылыстар мен процестерге эмпирикалық және теориялық талдау жасау негізінде, айталық, материалдық ӛндіріс саласында адамдардың қызметін ынталандыру мен тиімділігін арттыруды күшейту, экономикалық және саяси қатынастарды, әлеуметтік институттардың қызметін жетілдіруге бағытталған практикалық ұсыныстарды әзірлеу әлеуметтанудың практикалық қызметіне жатады.Қоғамның таяудағы және алыс болашағына қатысты әлеуметтанулық болжам жасаудың, қоғамның экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани салаларының дамуын ғылыми тұрғыда алдын ала кӛре білудің мейлінше практикалық маңызы зор.

Әлеуметтанудың тағы да бір атқаратын қызметі – идеологиялық қызмет. Ӛйткені әлеуметтану қайсыбір формада болмасын белгілі бір әлеуметтік топтардың, таптардың, саяси партиялар мен қозғалыстардың мүдделерін білдіреді. Себебі әлеуметтанушының ӛзі белгілі бір әлеуметтік-таптық қауымдастықтың құрамында, яғни, кӛбінесе қандай да болмасын бір саяси партияға мүше де болады. Ол ӛзі зерттейтін әлеуметтік процестерді, қоғамдық қатынастарды және әр түрлі субъектілердің қызметін белгілі бір дүниетаным ұстанымымен пайымдайды. Ал, оның дүниетанымының қалыптасуы әлеуметтанушының шыққан ортасымен, әлеуметтік жағдайымен тікелей байланысты.

ІV. Жаңа сабақты бекіту

1.«Білім жүйесіндегі әлеуметтік мәселелер» басты себептері неде?

2 «Жетім балалар мен көкек аналар» көбею себебінің негізгі бағыттарының мәнін ашыңыздар.

3 «Қарттар үйіндегі қарттар санының көбеюі» мәні неде,мұндай дерттің өмірдегі түпкі себебі неде ?

4 «Діни ағымдар секталар» қазіргі жастардың кірудегі мақсаты және оларға не жетіспейді ?

5 «Суицид,Нашақорлық дерті » әлеуметтік,қоғамдық себептері қандай ? Одан құтылудың жолы ?

V Үй тапсырмасы: «Әлеуметтану пәні оның қоғамдағы орны мен ролі» бөлімін қайталау.