СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Әлеуметтік-экономикалық географияның математикалық модельдері және әдістері» курс бағдарламасы

Категория: География

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Әлеуметтік-экономикалық географияның математикалық модельдері және әдістері» курс бағдарламасы

Просмотр содержимого документа
««Әлеуметтік-экономикалық географияның математикалық модельдері және әдістері» курс бағдарламасы»

Курс бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

Ғылыми географиялық білім ерекше және өзекті маңызға ие болып отыр. Курс бағдарламасы оқушылардың бойында дүниетанымдық, мәдениеттанымдық және тәжірибеге бағытталған сипатын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін, функционалдық сауаттылықтарын дамыту негізінде сыни ойлау қабілеттерін дамытады, құндылықты және тұлғалық сапалар жүйесін тәрбиелейді. Ерекшеліктері: – жаратылыстану ғылымдарының қоршаған ортаға, экономикалық, технологиялық, әлеуметтік және адам қызметінің этикалық ортасына әсерін түсінуді қалыптастыру; – оқу, жобалау-зерттеушілік, шығармашылық іс-әрекетке, оқушылардың өздігінен білім алуға ұмтылулары үшін қажетті жағдайлар жасау; – оқу, жобалау-зерттеушілік, эксперименттік, сабақ және сабақтан тыс іс-әрекет барысында қауіп-қатерсіз жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

«Әлеуметтік-экономикалық географияның математикалық модельдері және әдістері» курс бағдарламасының мақсаты:

-дүниенің географиялық бейнесін тұтас қабылдайтын, географиялық ойлау қабілеті дамыған, географияның әдістері мен тілін білетін және қолданатын географиялық мәдениеті бар тұлға тәрбиелеу, қазіргі әлемді оқып-білуде оқушыларға қиын да жан-жақты экономикалық-географиялық білімді меңгерту, функционалды сауаттылықтық және оқушылардың бейінді-мамандану бағдарларын тереңдету.

Міндеттері:

1) алдыңғы сыныптарда оқылған жалпы географиялық заңдылықтар туралы білім, ұғымдар мен идеялардың негізінде ғаламшар табиғатының біртұтастығы туралы білім және көзқарасты одан әрі дамыту;

2) дүниежүзі саяси картасының қалыптасу кезеңдерін, дүниежүзілік шаруашылықтың, геосаяси проблемалар мен қазіргі кездегі қоғам дамуының бағыттарын оқып-білу үдерісінде саяси, географиялық білімнің қалыптасуын жалғастыру;

3) табиғи, әлеуметтік-экономикалық, геоэкологиялық үдерістер мен құбылыстарды сипаттау және талдау үшін ғаламдық, аймақтық және жергілікті жағдайларды үйлесімді пайдалану біліктілігін меңгерту;

4) ғаламшар мемлекеттерінің түрлерін оқып-білу, ұлттық шаруашылықтың даму деңгейі әр түрлі елдердің ерекшеліктерін анықтау;

5) дүниежүзінің табиғат ресурстарын, өндіру және пайдалану технологияларын, олардың аймақтық ерекшеліктерін оқып-білу үрдісінде экологиялық мәдениетті дамыту және тереңдету;

6) дүние жүзінің халықтарын, дүниежүзінің шаруашылық жүйесін, олардың құрамы, құрылымы және ерекшеліктері, халықаралық байланыстар және халықаралық экономикалық ынтымақтастық туралы оқып-білу барысында оқушылардың білімін одан әрі тереңдету;

7) толеранттылыққа, өзге ұлттарды және олардың мәдениетін сыйлауға тәрбиелеу;

8) оқушылардың бейінді-кәсіптік бағдарларын дамыту, болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға ықпал жасау;

9) карталармен, сызбанұсқалармен, графиктермен, диаграммалармен, кестелермен, ғаламтормен, білім берудің цифрлық ресурстарымен жұмыс істеу кезінде ойлау қабілетінің одан әрі дамуына жағдай жасау, әр түрлі экономикалық-географиялық әдебиеттен қажетті материалдарды жинақтау және талдау барысында сөйлеу және көптілділік, статистикалық, картографиялық және басқа да мәліметтерді өздігінен өңдеу және түсіндіру дағдыларын меңгерту;

10) жоғары патриоттық сезімді, Қазақстан Республикасының Конституциясын құрметтеуге, белсенді азаматтық, өмірлік ұстанымды тәрбиелеу.

4. Бағдарламада берілген барлық практикалық іс-әрекеттер тәжірибелік дағдыларды дамытушы және қалыптастырушы болып табылады, міндетті түрде бағаланатын практикалық жұмыстар нөмірмен белгіленген.

Пәнаралық байланыстар:

1) математикамен, қаржылық сауаттылықты дамыту, нарықтық экономиканың қызмет атқаруы, қазіргі кездің биржа қорлары, капиталдың акционерлік формалары және экономиканың түрлері туралы оқу барысында, есептеуге арналған практикалық жұмыстарды істеу барысында;

2) тарихпен, әр түрлі елдердің мемлекеттік және әкімшілік-аумақтық құрылымының түрлерін сипаттайтын ұғымдар мен терминдерді қолдану барысында, дүниежүзі саяси картасының өзгеру себептерін, дүниежүзі шаруашылығының тарихи кезеңдері туралы оқу барысында;

3) әдебиет және музыкамен, қазақ, қазақстандық, орыс, кеңес одағының ұлы ақындарының, жазушыларының және сазгерлерінің шығармаларын мзыкалық шығармаларды, әндерді, әндердің үзінділерін пайдалану барысында;

4) химиямен, дүниежүзі елдерінің химия өнеркәсібін оқу барысында;

5) биологиямен, биосфера, оның құрамы, құрылымы, табиғат зоналары, өсімдік, жануарлар және балық аулау жайлы, географиялық қабықтың құрамдас бөліктерін қорғау жайлы оқу барысында;

6) технологиямен, әлем елдері халықтарының, ұлттарының қолөнерін оқу барысында.

6. Типтік оқу жоспарына сәйкес 10 – 11-сыныптарда жаратылыстану-математика бағытындағы «География» курсын оқуға аптасына 2 сағаттан, 68 сағат бөлінген.


«Әлеуметтік-экономикалық географияның математикалық модельдері және әдістері» курс бағдарламасының базалық білім мазмұны


9. «Дүниежүзінің жалпы сипаттамасы» бөлімін оқуға 17 сағат бөлінген:

1) «Тарихи-географиялық аймақтар. Дүниежүзінің саяси картасы» (5 сағат):

тарихи-географиялық аймақтар және дүниежүзінің саяси картасы – қалыптасу кезеңдері, дүниежүзі елдерінің мемлекеттік және әкімшілік-аумақтық құрылымының формалары, тәуелсіз мемлекеттер және тәуелді аумақтар;

қазіргі кездегі дүниежүзі елдері типтерінің көп түрлілігі, дүниежүзілік өркениет, геосаясат, геосаяси жағдай, саяси география және саяси қарым-қатынас, халықаралық ұйымдар ұғымдары және статистикалық материалдармен жұмыс;

«Таңдау бойынша бір елдің геосаяси жағдайына баға беру және дүниежүзіндегі жағдайларға байланысты ол елде болатын өзгерістерге болжау жасау, геосаяси жағдайы қолайлы және қолайсыз елдерді анықтау, себептерін түсіндіру»;

2) дүниежүзінің халқы (5 сағат), дүниежүзі халқының саны және ұдайы өсуі, демографиялық саясат, халықтың жастық-жыныстық құрамы, еңбек ресурстары, халықтың тығыздығы, орналасу ерекшеліктері және халықтың көші-қоны, халықтың нәсілдік, тілдік, ұлттық құрамы және дүние жүзіндегі діндер, елді мекендердің түрлері және урбандалу,статистикалық материалдармен жұмыс, «Дүние жүзінің халқы» бөлімі тақырыптарын математикалық модельдеу;

3) табиғат ресурстары (4 сағат), қоғам мен табиғат арасындағы байланыс, табиғат ресурстарының жіктелуі, ресурстармен қамтамасыз етілу ұғымы, дүниежүзінің табиғат ресурстары (отын-энергетикалық, рудалы және рудасыз);

дүниежүзі табиғат ресурстарының басқа түрлері (жер, су, биологиялық, рекреациялық, Дүниежүзілік мұхит ресурстары);

«Табиғат ресурстарымен жоғары, орташа және төмен қамтамасыз етілген елдерді анықтау» (отын-энергетикалық, рудалы, химиялық шикізат, су, биологиялық, рекреациялық);

4) «Ғылыми-техникалық революция (ҒТР) және дүниежүзілік шаруашылық» (3 сағат):

ғылыми-техникалық революция (өзіне тән ерекшеліктері, құрамдас бөліктері, техника мен технологияның даму жолдары, шаруашылық дамуының негізгі бағыттары);

дүниежүзілік шаруашылықтың салаларын орналастыру факторлары, кибернетика ғылымы және ҒТР жағдайында адам факторының рөлі;

қорытынды семинар (қазіргі кезеңде қоғам мен экономиканың ғылыми-техникалық жаңаруы).

10. «Дүниежүзілік шаруашылық» бөлімін оқуға 16 сағат бөлінген:

1) дүниежүзілік шаруашылыққа жалпы шолу (2 сағат), дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасуы, дамуының негізгі кезеңдері, құрылымы, халықаралық географиялық еңбек бөлінісі, халықаралық мамандану салалары, халықаралық экономикалық ықпалдастық (интеграция), ұлтаралық корпорациялар (ҰАК),математикалық модельдеу әдістері;

экономиканы ұйымдастырудың типтері, аумақтық айырмашылықтары және дүниежүзілік шаруашылықтың басты орталықтары;

2) дүниежүзілік өнеркәсіп (4 сағат), өнеркәсіпті орналастырудың заңдылықтары және факторлары, отын-энергетика кешені, дүниежүзінің металлургиясы;

дүниежүзінің машина жасау өнеркәсібі, өңдеуші өнеркәсіптің басқа салалары;

3) ауыл шаруашылық географиясы (3 сағат), ауыл шаруашылығының жалпы сипаты (маңызы, аграрлық қатынастары, даму бағыттары), өсімдік шаруашылығының географиясы, мал және балық аулау шаруашылығының математикалық модельдер мен тәсілдері;

4) көлік географиясы (2 сағат), дүниежүзілік көлік географиясы, дүниежүзілік қатынас жолдары (құрлық, су, әуе), жаңа телекоммуникациялық жүйелер, ғаламтор;

5) халықаралық экономикалық байланыстар (5 сағат):

халықаралық экономикалық байланыстардың түрлері, сыртқы сауда, халықаралық қаржы-қаражат жүйесі, халықаралық банктер,

халықаралық туризм, экономикалық ынтымақтастық, экономикалық ықпалдастық және халықаралық экологиялық жобалар, Қазақстан халықаралық экономикалық қарым-қатынас жүйесінде;

«Дүниежүзі шаруашылығының саласына (өнеркәсіптің немесе ауыл шаруашылығының) сипаттама беру» жоспар бойынша;

11. «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері (ТМД)» бөлімін оқуға 17 сағат бөлінген:

1) «ТМД елдеріне жалпы шолу» (1 сағат), ТМД елдеріне жалпы шолу, пайда болуының қысқаша тарихы, ішкі және сыртқы экономикалық байланыстары, қарама-қайшылықтары, Кедендік Одақ;

2) «Ресей Федерациясы» (6 сағат):

қысқаша тарихи анықтама, геосаяси, экономикалық-географиялық жағдайы, табиғат жағдайлары және ресурстары;

халқы (демографиялық көрсеткіштері, еңбек ресурстары, тығыздығы мен орналасуы, ұлттық, діни құрамы және урбандалуы);

Ресей шаруашылығының жалпы сипаттамасы, өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және көлік;

Ресейдің экономикалық аудандары және сыртқы экономикалық байланыстары;

«Әр түрлі экономикалық зонада орналасқан Ресейдің екі аймағына қысқаша экономикалық-географиялық сипаттама жасау»;

3) «Беларусь» (1 сағат), қысқаша тарихи анықтама, геосаяси, экономикалық-географиялық жағдайы, табиғат жағдайлары және ресурстары, халқы, урбандалуы, шаруашылығының жалпы сипаттамасы, өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлігі, сыртқы экономикалық байланыстары;

4) «Украина және Молдова» (2 сағат), қысқаша тарихи анықтама, геосаяси, экономикалық-географиялық жағдайы, табиғат жағдайлары және ресурстары, халқы, урбандалуы, шаруашылығының жалпы сипаттамасы;

ішкі айырмашылықтары, өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлігі, сыртқы экономикалық байланыстары;

5) «Кавказ елдері» (2 сағат), қысқаша тарихи анықтама, геосаяси, экономикалық-географиялық жағдайы, табиғат жағдайлары және ресурстары, халқы, урбандалуы, шаруашылығының жалпы сипаттамасы;

Әзірбайжан, Армения, Грузия (аймақтың ішкі айырмашылықтары);

6) «Орталық Азия елдері (ТМД)» (5 сағат):

Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Тәжікстан;

қысқаша тарихи анықтама, геосаяси, экономикалық-географиялық жағдайы, табиғат жағдайлары және ресурстары, халқы, урбандалуы, шаруашылығының жалпы сипаттамасы, өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлігі, сыртқы экономикалық байланыстары. салыстырмалы түрде;

«Қазақстан және Орталық Азияның төрт елі (ТМД). Экономикалық байланыстары, ынтымақтастықтың және ықпалдастықтың келешегі»;

Қазақстанның ТМД және кедендік одақ елдерімен саяси, экономикалық, мәдени байланысы;

12. Курсты қорытындылау (1сағат).





















«Әлеуметтік-экономикалық географияның математикалық модельдері және әдістері» курсының бағдарламасы. Аптасына 2 рет,барлығы 68 сағат

Р/с

Тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі


Дүниежүзінің жалпы сипаттамасы

6


1

Дүниежүзінің саяси картасы,статистикалық деректерді талдау

2


2

Халықаралық ұйымдар

1


3

Саяси география және геосаясат,саясаттанушылар пікірлері

2


4

Тарихи-географиялық аймақтар,картамен жұмыс

1



Дүниежүзінің табиғат ресурстары

5


5

Қоғам мен табиғат арасындағы байланыс

1


6

Табиғат ресурстары және оның түрлерін математикалық модельдеу

2


7

Дүниежүзі табиғат ресурстарын математикалық модельдеу

1


8

Сарамандық жұмыс

1



Дүние жүзінің халқы

12


9

Дүниежүзі халық саны және оның ұдайы өсуінін диаграммасын салу,талдау

2


10

Халықтың жас-жыныстық құрамын математикалық модельдеу

2


11

Еңбек ресурстары

1


12

Дүниежүзі халқының діни құрамын салыстыра сипаттау,модельдеу

2


13

Халықтың тілдік құрамын талдау,диаграмма тұрғызу

2


14

Дүниежүзі халқының тығыздығын модельдеу тәсілдері

1


15

Дүниежүзі халқының урбандалу дәрежесін талдау,статистикалық материалдармен жұмыс

2



Дүниежүзілік шаруашылық

3


16

Дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасу құрылымы

1


17

ҒТР-дің дүниежүзілік шаруашылықтың дамуына әсері

1


18

Дүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша модельдеу

1



Дүниежүзілік өнеркәсіп

12


19

Отын-энергетика кешенін модельдеу тәсілдері

2


20

Қара металлургия кешенін модельдеу тәсілдері

1


21

Түсті металлургия кешенін модельдеу тәсілдері

1


22

Машина жасау кешенін модельдеу

2


23

Өңдеуші өнеркәсіп салаларын модельдеу

2


24

Ауыл шаруашылық географиясын(өсімдік,мал шаруашылығы) модельдеу тәсілдері,стат.материалдармен жұмыс

2


25

Көлік және байланыс кешенін модельдеу

2



Халықаралық экономикалық байланыстар

5


26

Сыртқы сауданы модельдеу әдістері

1


27

Халықаралық қаржы- қаражат жүйесі

1


28

Халықаралық туризм.Видеоматериалдармен жұмыс

2


29

Халықаралық ынтымақтастық

1



ТМД елдері



30

ТМД елдерінің қалыптасу тарихы

1


31

ТМД елдерінің экономикалық байланыстары

1



Ресей Федерациясы

10


32

Ресей ЭГЖ

1


33

Табиғат ресурстарын модельдеу

1


34

Ресей халқы

1


34

Ресей шаруашылығын модельдеу тәсілдері,статистикалық материалдармен,картамен жұмыс

3


35

Ресей ауыл шаруашылығы

1


36

Ресейдің экономикалық аудандарын модельдеу

2


37

Ресейдің экономикалық байланыстары

1


38

Беларусь Республикасы

1


39

Украина

1


40

Молдова

1


41

Кавказ елдері

2



Орта Азия елдері

8


42

Өзбекстан Республикасы,шаруашылығын модельдеу тәсілдері

2


43

Қырғызстан Республикасы,шаруашылығын модельдеу тәсілдері

2


44

Түркіменстан Республикасы,шаруашылығын модельдеу тәсілдері

2


45

Тәжікстан Республикасы,шаруашылығын модельдеу тәсілдері

2


46

Курсты қорытындылау сынақ

1


47

Қайталау

1





















Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:


Курс соңында оқушылар білуі тиіс:

1) Жер ғаламшарының негізгі өлшемдерін, оның Күн жүйесіндегі орнын және құрылысын;

2) географиялық карталардың мазмұны мен түрлерін, проекцияларды, градус торын және карталардың өлшеуіштік қасиеттерін;

3) геохронологиялық кестені, геологиялық тарихтың кезеңдерін, эраларды, дәуірлерді, тау жасалу кезеңдерін;

4) литосфералық плиталарды, олардың түрлерін, ірі платформаларды және геосинклинальдық белдеулерді;

5) құрлық және мұхит түбінің жер бедерінің ірі пішіндерін (таулар, жазықтар), олардың дамуын, өзгеруін;

6) атмосфераның құрамын, құрылысын және қасиеттерін, негізгі климат қалыптастырушы факторларды, ауа массаларын, климаттық белдеулерді;

7) гидросфераны, оның құрамдас бөліктерін, дүниежүзілік мұхитты, оның бөліктерін, қасиеттері мен маңызын, құрлық суларын, ірі өзендерді, көлдерді, сарқырамаларды;

8) биосфераның құрамын, құрылымын және маңызын, ноосфера ұғымын, Жердегі биомассаның арақатынасын;

9) географиялық қабықтың, табиғат кешендері мен компоненттерінің жалпы заңдылықтарын, географиялық белдеу, табиғат зонасы, ландшафт ұғымдарын;

10) географиялық қабық компоненттерін, халықаралық және қазақстандық «Қызыл кітапқа» енгізілген жануарлар мен өсімдіктерді қорғау проблемаларын;

11) бөлімнің арнайы терминдерін;

12) тарихи-географиялық аймақтарды, дүниежүзінің саяси картасының қалыптасу кезеңдерін;

13) дүниежүзі елдерінің мемлекеттік және әкімшілік-аумақтық құрылымы формаларын, тәуелсіз мемлекеттерді және тәуелді аумақтарды, қазіргі кездегі дүниежүзі елдерінің типтерін;

14) дүниежүзілік өркениет, геосаясат, саяси география, геосаяси жағдай, ұғымдарын;

15) саяси қарым-қатынас және олардың негізгі бағыттары туралы ұғымды, Қазақстан Республикасының көршілес және алыс шет елдермен саяси қарым-қатынасын;

16) қазіргі кездегі дүниежүзілік халықаралық ұйымдардың рөлін;

17) Жер шары халқының санын және олардың орналасуын;

18) халықтың ұдайы өсуі, демографиялық саясат, еңбек ресурстары, экономикалық белсенді халық (ЭБХ), халықтың жастық-жыныстық құрамы, көші-қон, урбандалу – оның деңгейі және формалары, агломерация, мегалополис ұғымдарын;

19) дүниежүзі халықтарының жіктелуін, ең ірі халықтарды, тілдерді, әлемдік және ұлттық діндерді;

20) Қазақстан Республикасы халықтарының ұйымшылдыққа, ынтымақтастыққа және нығаюға жетуіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін;

21) Жер шарындағы негізгі нәсілдерді, Н.Н.Миклухо-Маклай зерттеулерінің қорытындыларын;

22) табиғатты пайдалану, географиялық орта, қоршаған орта, ресурспен қамтамасыз етілу ұғымдары туралы;

23) табиғат ресурстарының жіктелуін (пайда болу, қолданылу, сарқылу деңгейі бойынша), жекелеген елдер бойынша олардың орналасу және шоғырлану ерекшеліктерін;

24) қоғам мен табиғат арасындағы байланыстың қазіргі кезеңдегі ерекшеліктерін;

25) экологиялық проблемаларды шешудің негізгі бағыттарын;

26) ҒТР ұғымы (негізгі белгілерін, құрамдас бөліктерін, техника мен технологияның даму жолдарын, шаруашылық дамуының негізгі бағыттарын және ҒТР жағдайында шаруашылықтың салаларын орналастыру факторларын);

27) Қазақстан Республикасындағы инновациялық-индустриалдық реформалардың бағыттарын және экономиканың ғылыми-техникалық жаңаруын;

28) ҒТР жағдайында адам факторының рөлін және сапалы білімнің жеке тұлғаның қазіргі замандағы шаруашылыққа маман ретінде бейімделуіндегі маңызын;

29) дүниежүзілік шаруашылық, оның дамуының негізгі кезеңдері, халықаралық географиялық еңбек бөлінісі, халықаралық экономикалық ықпалдастық, экономиканың типтері ұғымдарын;

30) дүниежүзілік шаруашылықтың негізгі орталықтарын және аумақтық айырмашылықтарын, халықаралық экономикалық байланыстың түрлерін;

31) дүниежүзілік шаруашылықтың салаларын орналастырудың негізгі заңдылықтарын және факторларын;

32) ҒТР саланың құрылымына, өнеркәсіпті орналастыруға әсерін және оның дамуының негізгі бағыттарын;

33) дүниежүзілік өндіруші, энергетика және өңдеуші өнеркәсіптің жетекші салаларының орналасуының негізгі орталықтарын және аймақтарын;

34) дүниежүзінің негізгі ауыл шаруашылық аудандарын;

35) көліктің негізгі түрлерін және дүниежүзілік қатынас жолдарын;

36) халықаралық экономикалық байланыстардың түрлерін;

37) ТМД елдерін, көршілес, алыс шет елдер, кедендік одақ ұғымдарын;

38) ТМД елдерінің геосаяси және экономикалық-географиялық жағдайының өзіне тән сипаттарын;

39) халықының, табиғат жағдайларының және ресурстарының негізгі сипатын, ТМД елдері шаруашылығының және аумағының ішкі айырмашылықтарын;

40) ТМД елдеріндегі экономикалық реформаларды және олардың арасындағы ықпалдастық процестерін білулері тиіс.

21. 10 сыныптың соңында оқушылар:

1) терминдер, түсініктер жиынтығын және Жер туралы заңдылықтарды, Күн жүйесіндегі Жердің орны жайлы түсіндіре;

2) Жер қабығының заңдылықтарын және ерекшеліктерін, терминдер, түсініктер жиынтығын, олардың маңызын түсіндіре;

3) мазмұны және қолданылуы әр түрлі карталарды оқу, бөлімде аталған нысандарды көрсету және карталардың өлшеуіш қасиеттерін қолдана;

4) геосаяси жағдайды сипаттай;

5) дүниежүзі саяси картасының нысандарын қабырға картасынан көрсете және кескін картаға белгілей;

6) елдегі және дүниежүзіндегі саяси оқиғаларға, бұқаралық ақпарат құралдарының басылымдарына, мәтіндерге талдау жасау;

7) дүниежүзі және жекелеген елдерді халқының ұдайы өсуі, жастық-жыныстық құрамы, халықтың тығыздығы және орналасуы, демографиялық саясаты, нәсілдік, тілдік, ұлттық, діни құрамы, урбандалу деңгейі ерекшеліктеріне қарай салыстыра;

8) ақпарат көздеріне сүйене отырып, табиғатты пайдаланудың түрлерін сипаттай;

9) Жер шарында минералдық ресурстардың таралуын талдай және әр түрлі елдердің ресурспен қамтамасыз етілуін анықтай;

10) күнделікті өмірдегі, өнеркәсіптегі, саудадағы, көліктегі, ауыл шаруашылығындағы ғылыми-техникалық жаңаруды дәлелдейтін нақты мысалдар келтіре;

11) дүниежүзілік шаруашылықтың жетекші салаларын орналастыру факторларын анықтай;

12) бұқаралық ақпарат құралдарының дүниежүзі шаруашылығы салаларының жағдайы туралы материалдарына талдау жасай;

13) әр түрлі ақпарат деректерінің көмегімен дүниежүзі шаруашылығының салаларына сипаттай;

14) қабырға және кескін карталардан дүниежүзі шаруашылығы салаларының жетекші елдерін көрсете;

15) карталардан, сонымен қатар кескін картадан, ТМД елдерінің аумағын көрсете;

16) ТМД елдерін, олардың аумағындағы табиғат жағдайлары мен ресурстарының, халқының және шаруашылық ерекшеліктерінің арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты анықтау мақсатында салыстыра;

17) елдердің және аумақтардың экономикалық-географиялық сипаттамасын құра алулары тиіс.

























































Түсінік хат

«Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында орта білім берудің мақсаты – алған білімінің, кәсіби дағдыларының негізінде өмірдің өзгермелі жағдайларында еркін бағдарлай алатын, өзінің білімін дамытуға, сол алған білімі арқылы өз мүмкіндіктерін іске асыруға және адамгершілік тұрғыда өз бетінше дұрыс, жауапты шешім қабылдауға қабілетті тұлға қалыптастыру екендігі көрсетілген. Ұлттық деңгейде қойылған мақсатты жүзеге асыруда географиялық білімнің алатын рөлі зор.

Қазіргі кезде елдер арасында әлеуметтік, саяси, экономикалық және мәдени қарым-қатынастар қарқынды дамуда. Сондықтан да мектеп оқушыларының дүние жүзі елдерінің табиғаты мен шаруашылығы жөнінде білім негіздерін қалыптастыратын пән ретінде географияның маңызы артады.

География ғылымының қазіргі кезде баяндауышы – энциклопедиялық ілімнен конструктивті ғылымға айналғаны бәрімізге мәлім. Географияның заманға сай міндеті «адам-табиғат-шаруашылық-қоршаған орта» жүйесінде пайда болған қарама-қайшылықтарды шешу. Демек, географиялық білім әр түрлі әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мәселелерді шешу үшін үлкен әсерін тигізеді.

Қазір дүние жүзі елдері өзара байланысты және тәуелді бола түсуде. Бұл жағдайда географияның алдында барған сайын жаңа әрі аса жауапты міндеттер тұр: соның бірі – мемлекеттердің интеграциялық процеске ұмтылуы.

Сондықтан да қазіргі кезде әрбір оқушы өз елінің тарихы, табиғаты, экономикасы мен экологиясын біліп қана қоймай, дүние жүзі елдерінің тарихы мен табиғаты, экономикасы мен экологиясы, халықаралық байланыстары туралы да білулері керек, өйткені олар келешекте әлемнің көптеген елдерінде қызмет ететін болады. Міне осы тұрғыдан да Елтану курсының маңызы зор.

Білімді, жан-жақты тәрбиелі, қабілетті жастар ұлтымыздың баға жетпес қазынасы, сондықтан жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде Елтанудың тәлім-тәрбиелік, білім-танымдық рөлі зор.

Елтану бұл – Еуразия материгіндігі мемлекеттердің тарихы, табиғаты, халқы, экономикасы т.б туралы қызықты мәліметтермен таныстыратын курс болып табылады.

Курс халықаралық қатынас, әлемдік экономика, елтану, аймақтану, мәдениеттану, саясаттану, өнер, тарих, туризм сияқты мамандықтарды қалаған оқушыларға бағыт-бағдар, көмек береді.

Мақсаттары:

  • География пәніне байланысты мамандық таңдаған оқушыларға бағыт-бағдар беру;

  • Қоғам өмірі мен мемлекеттер жөнінде танымдық деңгейдегі мағлұматтармен таныстыру;

  • Жеке елдердің қазіргі геосаяси жағдайын талдау арқылы саяси географиялық білімнің негізін қалау;

  • Жеке аймақтар мен елдердегі табиғат ресурстарының таралуы мен пайдалану мүмкіншіліктерін қарастыру арқылы географиялық-экологиялық мәдениетті меңгеруге үйрету:

  • Мемлекеттердің географиялық бет-бейнесін танып-білу негізінде өз елін сүюге, басқа елдер мен олардың мәдениетіне құрметпен қарауға тәрбиелеу;

Міндеттері:

  • Оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа жетелеу;

  • Оқушылардың танымдық және интеллектуалдық дағдыларын қалыптастыру;

  • Алған білімдерін дүние жүзінде болып жатқан өзгерістермен байланыстыра отырып, кейбір проблемалық мәселелер жөнінде өз ойларын, пікірлерін айта білуге үйрету;

  • Өздік жұмыс жасауына ықпал жасау;

  • Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын географияның бүгінгі таңдағы ғаламдық проблемалары мен әр түрлі әлеуметтік-саяси жағдайдағы халықтардың тұрмыс-тіршілігі туралы мәліметтер арқылы арттыру;

  • Географиялық карта, атластармен жұмыс жасай білуге, географиялық әдебиеттерден қажетті мәліметтерді жинай білуге дағдыландыру.

  • Дүние танымдық қабілеттерін, шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, олардың құзырлылығын арттыру.

Күтілетін нәтиже:

Осы курсты меңгере отырып оқушы географиялық білімдерін жетілдіріп қана қоймай, қоғамда болып жатқан өзгерітер мен оқиғаларға баға бере алатын саяси сауатты, салауатты өмір салтын серік еткен, мәдениетті тұлға болып қалыптасады және де дүниені танып білуге деген құштарлығы, ынта-ықыласы артады.

Әдістемелік нұсқаулар.

Осы курсты меңгеруде оқушылар көп нәрсені үйренеді: өздігінен ізденуге, кесте толтыру, ғылыми рефераттар жазу, түрлі хабарламалар дайындап мәліметтерді жинастыру, ақпаратпен, картамен жұмыс және де түрлі презентациялар (слайд) жасайды. Оқу барысында дәріс арқылы алған білімдері сарамандық жұмыстар мен сынақ жұмыстар (тест) арқылы толықтырылады.

Дәптерге дәрістер, тезистер құрады, кесте, сызбанұсқа, ақпарат көздерінен жиналған түрлі мәліметтер, диаграммалар, сонымен қатар рефераттар дайындап, слайд жасалып, әрбір жұмысты қорытындылап, бағалау.

Қолданатын құрал-жабдықтар:

Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар, дидактикалық материалдар, электрондық оқулықтар, компьютер (слайдтар), кестелер мен үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс:

тарих, дінтану, құқық негіздері, өнер, экономика, экология, сызу, биология.

Оқытудың іс-әрекет түрлері:

  • Бағдарлама география, тарих, экономика, саясаттану мамандығы туралы түсінік қалыптастырады.

  • Оқушылар Еуразия елдері туралы деректерді, мәліметтерді талдап, зерделейді.

  • Материалды проблемалық оқыту тәсілі арқылы географиялық-танымдық білімді дамыту, яғни:

    • елдің географиялық жағдайына баға беру;

    • талдау-салыстыру;

    • сипаттау;

    • пікір-талас;

    • картамен жұмыс

    • толықтыру әдістерін меңгереді.

  • Ақпарат көздерінен негізгі ұғымдарды, мәліметтерді қысқарта жазып, қорытып, талдау арқылы нақты тұжырым жасайды, тезистер құрастырады.

  • Даталар, цифрлар, фактілер, статистикалық мәліметтерді енгізе отырып, қысқаша жазады (конспектілеу), кесте, диаграммалар құрайды.

  • Қосымша әдебиеттер мен мерзімді баспасөздегі және де әр түрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтер мен хабарларды салыстырып, өз пікірін білдіреді, дәлелдейді.

  • Сабақты түрліше деңгейде ұйымдастыра отырып, оқушылардың алған білімдеріне тексеру жүргізіледі.

Оқушылардың білімі мен іскерліктеріне қойылатын талаптар:

Оқушылар міндетті түрде білуі қажет:

  • бейіндік курс бойынша , базалық курста берілмеген білім көздерімен жұмыс істей білу;

  • елдердің мемлекеттік құрылысы мен басқару формаларын;

  • табиғаты мен геосаяси жағдайын;

  • жеке елдер мен аймақтар халқының құрамы, мәдениеті мен тұрмыс-салтын;

  • аймақтардың шаруашылық дамуы мен елдердің шаруашылық құрылымын;

Оқушылар мынадай талаптарды орындауға үйренеді:

  • елдің экономикалық-географиялық жағдайына баға беру;

  • карта, құжаттар, әдебиеттер және ақпаратпен жеке жұмыс істеуді білу;

  • қазіргі саяси жағдайға баға беру;

  • елдердің табиғат жағдайлары мен ресурстарын халықтың шаруашылық әрекетімен өзара байланыстырып талдай білу;

  • әр түрлі дерек көздерін пайдаланып, кез келген елге елтану бағытында сипаттама құрастыру;

  • белгілі тақырыптар бойынша тезистер құрып, баяндама, рефераттар жазып, хабарлама дайындай білу;

  • ғылыми жобалар жазу;






































«Елтану» (Еуразия елдері бойынша)

Бағдарламаның тақырыптық жоспары.

Барлығы 68 сағат (аптасына 2 рет)


Сабақ тақырыбы

Сағат саны

Өткізу түрі

Білімділік нәтижесі

Л

П



І бөлім.Азия елдері.

1.Оңтүстік Батыс Азия

17


8



9



1

Ауғанстан Ислам Республикасы

1

1

Лекция

Конспект

2

Бахрейн Әмірлігіі

1

1

Әңгімелеу

өз.жұмыс

3

Біріккен Араб Әмірлігі

1

1

Әңгімелесу-сұхбаттасу

Хабарлама дайындау

4

Иран Ислам Республикасы

1

1

Лекция-баяндау

Реферат

5

Ирак

1

1

Диспут

Конспект

6

Ливан Республикасы

1

1

Баяндау

Кесте құру

7

Сирия Араб Республикасы

1

1

Лекция

Конспект

8

Сауд Арабиясы Корольдігі

1

1

Әңгімелесу-сұхбаттасу

Хабарлама дайындау

9

Сарамандық жұмыс №1


1

Практикалық

Картамен жұмыс

10

Номенклатура


1



2. Орталық және Оңтүстік Шығыс Азия елдері.

7

7



11

Монғолия

1

1

Семинар сабақ

Шығарма жұмыстар

12

Бруней сұлтандығы


1

1

Лекция-баяндау

Сызба-кесте

13

Вьетнам

1

1

Әңгімелесу-сұхбаттасу

Хабарлама дайындау

14

Малайзия

1

1

Ізденіс-зерттеу

Реферат

15

Филиппин

1

1

Лекция

Конспект

16

Тайвань

1

1

Лекция-диспут

Хабарлама дайындау

17

Камбоджа Корольдігі

1

1

Лекция-баяндау

Конспект

18

Номенклатура


1



3. Оңтүстік Азия елдері

3

4



19

Бангладеш

1

1

Баяндау

Кесте құру

20

Бутан Корольдігі

1

1

Лекция

Конспект

21

Пакистан Ислам Республикасы

1

1

Әңгімелесу-сұхбаттасу

Реферат

22

Сарамандық жұмыс №2


1

Практикалық

Картамен жұмыс

ІІ бөлім. Еуропа елдері

1. Орталық және Оңтүстік Еуропа елдері


4


4



23

Австрия Республикасы

1

1

Семинар сабақ

Хабарлама дайындау

24

Андорра Князьдігі және Ватикан қала-мемлекеті

1

1

Лекция-баяндау

Сызба-кесте

25

Бельгия Корольдігі

1

1

Баяндау

Реферат

26

Швейцария Конфедерациясы

1

1

Әңгімелесу-сұхбаттасу

Конспект

27

Номенклатура





2. СолтүстікЕуропа елдері

4

5



28

Исландия Республикасы

1

1

Ізденіс-зерттеу

Шығарма жұмыстар

29

Норвегия Корольдігі

1

1

Лекция-диспут

Хабарлама дайындау

30

Финляндия

1

1

Лекция

өз.жұмыс

31

Швеция Корольдігі

1

1

Лекция

Реферат


32

Сарамандық жұмыс №3


1

Практикалық

Картамен жұмыс

3. Шығыс Еуропа елдері

4

5



33

Албания

1

1

Лекция-баяндау

Сызба-кесте

34

Болгария Республикасы

1

1

Әңгімелесу-сұхбаттасу

Хабарлама дайындау

35

Босния және Герцеговина

1

1

Лекция

конспект

36

Венгрия Республикасы

1

1

Лекция

Реферат


37

Номенклатура


1



38

Қорытынды сабақ


1

Сынақ

Тест




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!