Сабақтың тақырыбы:Қосындыны санға бөлу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың қосындыны санға бөлу жайлы білімдерін бекіту, пысықтау. Қосындыны санға бөлу тәсілдерін пысықтауға арналған есептерді әр түрлі тәсілмен шығаруға жаттықтыру.
Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілетін оқушының белсенділігін, түрлі тапсырмалар орындау барысында шығармашылық іскерлік қабілеттерін арттыру.Әр түрлі есптерді шығару білігін жетілдіру.
Тәрбиелік: Оқушыларды білімділікке, білімпаз болуға, тапқырлыққа, шапшаңдыққа,нәтижеге жете білуге тәрбиелеу.
Түрі:қайталау
Әдіс-тәсілдері:түсіндіру, талдау, топтық жұмыс, жұптық жұмыс,сұрақ-жауап, ойын.
Көрнекілігі:формулалар, математикатиктердің суреті, «болашақ баспалдағы».
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
-Балалар көңіл-күйлеріңіз қалай?
-Өте жақсы, ендеше көтеріңкі көңіл-күймен сабағымызды бастаймыз.
-Балалар, қазір математика сабағы.
-Математика сабағында біз нені үйренеміз?
-Жарайсыңдар!
-Ал балалар сендер осы арифметикалық амалдар, теңдеу, формулаларды кім кімдер ойлап тапқанын білесіңдер ме?
-Ал біз осы 3-сыныпта танысқан математиктер білеміз бе?Сурет бойынша тани аламыз ба?
-Ал ендеше тақтаға қараймыз.Бұл математиктер таныдыңдар ма?Кім айтады?
-Жарайсыңдар, олай болса топтарға бөлінеміз.
1 топ-Архимед
2топ-Евклид
3-топ-Рене Декарт
-Ал балалар осындай математиктер біздің де елімізден шығу үшін, еліміз мықты болу үшін не істеуіміз керек деп ойласыңдар?
-Білімді, сауатты болуымыз керек.
-Бүгінгі сабағымыздың мақсаты- біз «болашақ баспалдағы» арқылы көтеріліп, білім шыңына шығу арқылы білімімізді көрсетейік.Егеменді еліміздің туыын желбірету арқылы өз елімізге үлесімізді қосайық.


Оқу,
білім-
жанған
шырақ
ойласаң,
Үйренерсің,
іздеп көрсең
қоймасаң
ІІ.Өткенді пысықтау
1-тапсырма
«Формула сөйлейді, ереже сөйлейді» ойыны
Шарты:Әр топтың алдына көбейтудің қаситтерінің формулалары беріледі
1 топ-көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті
2 топ- көбейтудің терімділік қасиеті
3 топ- көбейтудің үлестірімділік қасиеті
ІІІ.Жаңа сабақ
2-тапсырма
№ 1.Оларға затын табуға көмектес.
3-тапсырма
№3.Қосындыны санға бөлу ережесін пайдаланып, өрнектердің мәндерін тап:
1 топ 2 топ 3 топ
(50+15):5 (32+48):8 ( 19+17):4
4- тапсырма
№5.Өрнектердің мәнін тап:
1 топ 2 топ 3 топ
50·7+50·3 12·(800:80)+19 (73-68)·60
5-тапсырма
№6.Салыстыр(бірін-бірі өзара тексеру)
1 топ 2топ 3 топ
(18+14):2*18:2+14 45:5+20:5*(45+20):4 (23+13):9*23:9-13:9
Сергіту сәті: «Бүлдіршіндер» биі
6-тапсырма
№7.(жұптық жұмыс)
1)Барлығы-12 кг қияр, 15 кг қызанақ
Бөлініп тұздалды-3кг-нан
Неше банка қажет-?
Ш: (12+15):3=12:3+15:3=9
(12+15):3=9
Ж:9 банка қажет
2) Бір ама ағашы-36 кг
Екінші алма ағашы-24 кг
Бөлінді-6 кг
Неше жәшік қажет-?
Ш: (36+24):6=36:6+24:6=10
(36+24):6=10
Ж:10 жәшік қажет болды.
7-тапсырма
Логикалық есептер(топтық жұмыс)
1 топ
2 топ
3 топ
IV.Сабақты бекіту
8-тапсырма
Қосындыны бөлумен алмастырып жаз.
Үлгі:10:8+6:8=(10+6):8=16:8=2
1топ 2топ 3топ
5:3+10:3 7:4+17:4 18:5+7:5
V.Сабақты қорыту
VІ .Кері байланыс.
Мәне, балалар, біз 9 басқыштан да өтіп «Болашақ баспалдағы» шыңына жеттік.Білім шыңына барлығымыз бірлесе отырып, бірге шықтық.Барлық тапсырмаларды бірге орындадық.
-Балалар қазір мен сендерге адам бейнесіндегі стикерлерді беремін.Сендер бүгінгі сабақта осы білім шыңына көтерілуде ешқандай қиналмай көтерілдім барлық тапсырмаларды дұрыс шығардым деп ойлайтын оқушылар болса, мына «болашақ баспалдағының» жоғарғы баспалдағына жапсырады.Егер кейбір есептерде қиналдым, шығара алмадым деп ойлайтындар болса, ортадағы баспалдақтарға жапсырады, ал егер ешқандай есепті шығара алмадым деп ойлайтындар баспалдақтың төменгі
жапсырады.
VІІ. Бағалау
-Бұл балалар сендердің өздеріңіздің ойыңыз, өз-өзіңізді бағалауыңыз.Енді қазір мен өзім сендерді бағалайтын боламын.
-Біз түрлі тапсырмалар, ойындар арқылы есептерді орындап, «болашақ баспалдағы шыңына шықтық.Барлықтарыңыз да ат салысып, сабаққа жақсы қатыстыңыз.Осылай әрдайым білім алуға ұмтылайық.Қазақстанның көктуын көкке көтеріп, көк туымызды желбіретейік.Қазақстанның туы желбірей берсін.Білімді ұрпақтарымен Қазақстан жері гүлдене берсін.
VІІІ.Үйге тапсырма:№4, 8, 11.