ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СӘТПАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ
Маршейдерлік іс және геодезия кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы : ArcGIS бағдарламасының ерекшеліктері
№ | Жұмысты орындау сапасы | Баға диапазоны | Орындалған, % |
1 | Орындалған жоқ, сабақта себепсіз болмауы | 0% | |
2 | Жұмыстың орындалуы және студенттің белсенділігі | 0-50% | |
3 | Жұмысты рәсімдеу | 0-20% | |
4 | Анықтамалар мен техникалық әдістемелерді, пәннің оқу-әдістемелік кешенін, лекция конспектілерін қолдана білуі | 0-5% | |
5 | Техникалық құралдарды пайдалана білу | 0-5% | |
6 | Жұмысты қорғау | 0-20% | |
| Қорытынды: | 0-100% | |
Оқытушы: Какимжанов Е.
Студент: Толеуxанова Ж.
Мамандығы: 5В070700-15-2к
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
Негізгі бөлім
ArcGIS туралы нені білу қажет?....... 4
ArcGIS бағдарламасының ерекшеліктері..6
Қорытынды .... 8
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .........9
КІРІСПЕ
Қазір картография ғылымы жаңа заманауи технологиялар мен бағдарламалардың пайда болуымен өзінің зерттеулеріне ғарыштан түсірілген әуесуреттерді, сондай-ақ сандық карталар жасуға мүмкіндік ашқан әртүрлі компьютерлік бағдарламаларды қолдануда. Ол бағдарламалардың әртүрлі компаниялар шығарған түрлі түрлері бар. Әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері мен артықшылықтары бар.
Оcындай бағдарламалардың біреуі ArcGIS бағдарламасы болып табылады. Жұмыстың мақсаты ArcGIS бағдарламасы туралы ақпарат беру. Жұмыстың міндеттері ArcGIS бағдарламасының ерекшеліктерін көрсету және мысалдардың негізінде оларды дәлелдеу.
ArcGIS туралы нені білу қажет?
ArcGis – бұл геоақпараттық жүйені (ГАЖ) құруға арналған бағдарламалық өнімдердің шоғырланған жиынтығы. ArcGis, кеңістіктік мәліметтерді құруға, басқаруға, интеграцияға, талдауға, бейнелеу және көрсетуге қолданылады[1]. Ол ESRI компаниясының өнімі болып табылады. ESRI компаниясы ГАЖ шығарушылардың арасында көш бастап келе жатыр. Ол ArcGIS бағдарламасын 1999 жылдан бастап шығарады.
ArcGIS-те ГАЖ(геоақпараттық жүйе) толық каталог түрінде құрылған. Сондықтан, оның мәліметтерді өңдеуде үлкен мүмкіндіктері бар. ArcGIS деректер, глобустар, карталар және бағдарламалық құралдарға арналған модельдерін оңай жасауға және оны бағдарламаларда және веб-парақшаларда қолдануға мүмкіндік береді. Бағдарлама әзірлеушілерге ArcGIS қажетті құралдарды ұсынады.(2)
ArcGIS бағдарламасында географиялық объектілерді бейнелеу әдістері келесілер: полигоналды әдіс, нүктелік, сызықтық. Полигондық әдіс арқылы мемлекет аумағын, аудандарды, көлдерді бейнелейміз. Нүктелік əдіспен елді-мекендерді белгілейміз. Сызықтық белгілер әдісін жол, шекаралар және т.б. белгілеуде қолданамыз.
ArcGIS – толық функционалды, масштабталған жүйе, оны ГАЖ қолданушылардың үлкен қауымы қолданады. ArcGIS бір-бірімен байланысты негізгі үш қосымшалардың жиыны. Олар: ArcMap, ArcCatalog және ArcToolbox. Бұлар бірігіп картографиялау, мәліметтерді басқару, кеңістіктік талдау, мәліметтерді редакторлау және оларды геоөңдеуден өткізу сияқты түрлі дәрежелі қиындықтағы ГАЖ-функцияларды шешуге мүмкіндік береді.
ArcMap қосымшасы карта жасау үшін және мәліметтерді редакторлау үшін қажет. Сондай-ақ, ол картографиялық талдау жасауда қолданылады. Картамен жұмыс жасау үшін біз ArcMap-ты қолданамыз. Картаның бетінде географиялық мәліметтерді карта қабаттарының жинағы, легендасы, масштабтық сызығы, солтүстік бағыт және басқа элементтерді сақтайтын терезесі, яғни компоновка болады. Әдетте, ArcMap стандартты құралдар мен карта элементтерін ұсынады. Бірақ оны қолданушы өз қалауынша толықтыра алады.
ArcMap-та картада 2 негізде жұмыс жасалады:
1) Географиялық мәліметтер негізінде – географиялық қабаттармен жұмыс жасауға, әртүрлі символдарды анықтауға, анализ жасауға мүмкіндік береді. Мұнда негізгі картографиялық жұмыстар жасалады.
2) Компоновка негізінде – карталарды безендіру, яғни легенда құрастыру, тақырыбы, масштабы жасалады, көрсетіледі, картаның солтүстік бағыты, қағаз өлшемі беріледі.[2]
ArcMap документі объекттердің орналасуын көрсетуге мүмкіндік береді. Картада оның мағынасы мен мақсатын түсіндіретін қосымша ақпарат болуады. Картаның документін ашқан кезде, ArcMap мәліметтер көздерімен байланысты тексереді. ArcMap кейбір мәліметтерді таппаған жағдайда, ArcMap пайдаланушыдан мәліметтің орналасқан жерін сұрайды. Егер ол мәліметтер жойылған немесе керек болмаған жағдайда, оған көңіл аудармауға болады.
ArcCatalog қосымшасы геомәліметтер базасын құру, кеңістіктік мәліметтерді басқару және метамәліметтерді құру, көру, басқару, т.б. жұмыстар үшін қолданылады. Ол ГАЖ-дың барлық мәліметтерін құрылымдауға және басқаруға көмектеседі. ArcCatalog қосымшасы ArcMap-қа ұқсайды, бірақ редакция жасамайды. Ол географиялық мәліметтерді іздеуге, көруге арналған құралдар, метамәліметтерді құрастыру, көру, басқару, әртүрлі мәліметтер жиынын тез ашып көруге, географиялық мәліметтерді құрылымдауға арналған құралдар ұсынады.(2)
ArcToolbox - мәліметтерді геоөңдеуге арналған қосымша. Ол геомәліметтерді өңдейтін көптеген құралдардан тұрады.
ArcMap, ArcCatalog және ArcToolbox әртүрлі ГАЖ-функцияларды біріге отырып өңдейді. ArcCatalog-та картаның құжатын табамыз да, оны ArcMap-та екі рет шерту арқылы ашамыз, содан кейін, ArcMap-та ArcToolbox көмегімен өзгертулер келтіруге болады.(2)
Картографияның перспективасы ретінде сандық картография танылып отыр. Сондықтан, ЭкоАтластар жасалуда және оны жасауда ArcGIS бағдарламасын қолданылуда. ArcGIS-те жұмыс жасау үшін жер бетін сканерден өткізіп, оны бағдарламаға орнатамыз. Осыдан кейін негізгі – керекті қабаттарды құру, оларды сандық түрге келтіру, қабаттың ішінде маңызды мәліметтерді енгізу үшін атрибуттар кестесін ашу кезеңдері басталады.
Географиялық мәліметтер базасы ГАЖ-дың маңызды компоненттерінің бірі. Сондықтан, енгізілетін мәліметтерге аса көңіл аударылады. Мәліметтерді енгізудің көптеген нұсқалары бар. Өйткені, ГАЖ ақпарат алудың әртүрлі жолдарын қолданады. Мысалы сандық форматтағы ақпараттар, қағаз карталар, т.б.
Географиялық объекттерді веторлық немесе растрлық форматта ұсынуға болады. Векторлық мәліметтер: мәліметтердің векторлық үлгісі нүктелер, сызықтар және полигондарды пайдалана отырып карталарды құру арқылы географиялық объекттерді ұсынады. Объекттер координаттар жинағы түрінде сақталады. Ал мәліметтердің растрлық үлгісі пиксельдер санын арқылы сипатталады. Ол сканерленген карта немесе суретке ұқсайды. Екі үлгінің де өздеріне сәйкес келетін артықшылықтары мен кемшіліктері бар, бірақ ГАЖ-де екі үлгі де бірдей пайдаланылады.
Кез-келген ArcGIS-программасында құрастырған картаны электронды түрде сақтауға жəне қағаз бетіне шығаруға болады. Осы мақсатқа сай оларды безендіруде əртүрлі талаптар қолданылады. Картаны безендіру жұмыстары:
Карта масштабын бекіту;
Карта тақырыбын жазу;
Карта масштабын шақыру. Масштабтың екі түрін көрсетуге болады: сандық жəне сызықты;
Солтүстік бағыт белгісі;
Карта легендасын шақыру (шартты белгілер).
ArcGIS бағдарламасының ерекшеліктері
1.Кеңістіктік аналитика
Кеңістіктік аналитика ArcGIS-тің жүрегі мен жаны. Сіз өзіңіздің бизнес үшін ең жақсы жерді табу үшін, ақылды қоғамдастықтар жоспарлау және шешуші жағдайларда тезірек дайындалу немесе әрекет ету үшін пайдаланасыз. Кеңістіктік аналитика - біздің әлем картасын түсіну жолдары, онда олар қандай қатынаста, олардың бәрі нені білдіреді және қандай әрекеттер қажет екенін түсінеміз. Оңтайлы маршруттарды, учаскелерді таңдауды және болжалды болжамды үлгілеу үшін географиялық үлгілерді есептеудің геоақпараттық жүйесі (ГАЖ) технологиясының негізі кеңістіктік талдау.[3]
Жоғарыда айтылғандай, ArcGIS бизнес ашуға ыңғайлы орын таңдауға көмектеседі. Ол үшін сізге қажет аудитория қаланың қай бөлігінде орналасқанын көрсетеді. Сондай-ақ, керек жерге жету үшін ең жақсы, кептеліссіз маршрутты таба алады.
2. Карталар мен визуализация
Карталар деректеріңіздегі кеңістіктік үлгіні анықтауға көмектеседі, осылайша сіз жақсы шешім қабылдап, әрекет ете аласыз. Карталар сондай-ақ кедергілерді бұзады және ынтымақтастықты жеңілдетеді. ArcGIS сізге кез-келген құрылғыдағы карталарды жасау, пайдалану және ортақ пайдалану мүмкіндігін береді. Сіз талдаушы, әзірлеуші немесе бизнес-менеджер болсаңыз да, керемет көрінетін карталарды бірнеше минут ішінде жасап, оларды қауіпсіз түрде бөлісе аласыз. ArcGIS - бұл маңызды нәрселерді баса көрсететін әдемі карталарды жасау және жеткізу үшін заманауи платформа және картографиядағы озық тәжірибені пайдалану.
Жеке карталарды жасау үшін нөлден бастау керек емес. Бірнеше минут ішінде апарып тастау виджеттерін пайдаланып қарапайым, мақсатты және жауапты карталарды жасаңыз. Немесе картаңызды уақыт аралығында өзгеретін, суреттер алдында және кейінірек салыстыруды көрсететін және өзіңіздің салаңыз үшін жасалған әр түрлі үлгілерге құйыңыз.
ArcGIS 2D және 3D арасында оңай ауысуға мүмкіндік береді.
Кез келген жағдайда қажетті ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік бар. Жұмыс үстелі компьютерін, веб-браузерді немесе смартфонды пайдаланып, карталарды жасаумен өзара әрекеттесуге болады. [3]
ArcGIS-те ортақ деректер қорын ашып, мемлекеттің қашық нүктелерінде орналасқан компанияның кеңселерін байланыстыруға болады. Және интернет қол жетімді жерлерде өз ақпараттарыңызды алуыңызға болады.
3. 3D ГАЖ
3D GIS сіздің карталарыңызға және деректеріңізге шынайылық береді. Деректерді, мәселелерді талдауға және шешуге көмектесетін, идеялар мен тұжырымдарды топпен және тұтынушыларыңызбен бөлісуге көмектесетін ақылды 3D үлгілері мен визуализацияларына дереу түрлендіруге болады.[3]
3D ГАЖ қазір көптеген бағдарламаларда қолданылады. Солардың бірі 2GIS. Қажет ғимараттың сыртқы бейнесін білу өте пайдалы.
4. Нақты уақыттағы ГАЖ
Нақты уақыттағы ГАЖ сізді сенсор немесе құрылғының кез-келген түрінің орналасуын қадағалауға мүмкіндік береді.[3]
Нақты уақыттағы ГАЖ қазіргі уақытта сіздің өзіңіздің тұрған нүктені білу үшін және қажетті автобустың қай жерде екенін білу үшін қолданылады. Мысалы, бұл функция CityBus бағдарламасында бар.
5. Суреттер және қашықтықтан зондтау
ArcGIS сізге суреттерді басқаруға, өңдеуге, талдауға және бөлісуге қажетті барлық нәрсені береді. Сіз әлемдегі ең үлкен суреттер коллекцияларына қол жеткізіп қана қоймай, спутниктік, әуе, ұшақ және толық қозғалыс бейнелерін де ала аласыз.[3]
6. Деректерді жинау және басқару
ArcGIS көмегімен сіз деректерді тиімді және қауіпсіз түрде оңай жинап, топтастыра аласыз, сақтап, қол жеткізе аласыз және бөлісе аласыз. Бизнес жүйесінде сақталған деректерді біріктіруге және кез-келген деректерден кез-келген деректерді геоақпараттандыруға болады.[3]
ҚОРЫТЫНДЫ
ArcGIS өте пайдалы және мүмкіндігі кең бағдарламаларға жатады. Оның адам өмірінің түрлі салаларына көп пайдасы тиеді. Қандай жұмыс атқарса да, қай жерде болмасын кез-келген адам ArcGIS бағдарламасының өнімін пайдаланады. Карта жасауда, ғимараттардың 3Д модельдерін жасауда, қазіргі сәттегі нүктені анықтауда, деректерді жинап, басқаруда ArcGIS өте ыңғайлы көмекші. Бұл жұмыста ArcGIS бағдарламасы және оның жұмыс ітеу принципі туралы құнды ақпараттар көрсетілді. ArcGIS-тің ерекшеліктері дәлелденді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
[1] https://stud.kz/prezentatsiya/id/15012
[2]https://newskz.wordpress.com/2010/04/23/%D0%BA%D0%B0%D1%80%D1%82%D0%BE%D0%B3%D1%80%D0%B0%D1%84%D0%B8%D1%8F-%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B-%D0%B0%D2%9B%D0%BF%D0%B0%D1%80%D0%B0%D1%82-%D0%BA%D0%B5%D1%80%D0%B5%D0%BA-%D0%BF%D0%B5/
[3]http://go.mail.ru/redir?via_page=1&type=sr&redir=eJzLKCkpsNLXLy8v10stLsrUS87P1U8sSk7PLNZPTMovLdGFcBgYDE0NDU1MLAxMDRmWXFQtTJx8xC9y-uoT969b5gAAPywZcQ