СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«А?парат» деген с?з адам ?шін нені білдіреді. Адам а?паратпен не істейді. Адам а?паратты ?алай ?абылдайды

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

7 сынып

 Саба?ты? та?ырыбы: «А?парат» деген с?з адам ?шін нені білдіреді. Адам а?паратпен не істейді. Адам а?паратты ?алай ?абылдайды.

Ма?саты:

а) Б?гінгі саба?та о?ушылар?а. А?парат ??ымымен, т?рлерімен, ?лгілерімен, ??деу т?сілдерімен таныстыру. А?парат ??ымын, формаларын, к?здерін, типтері мен ?асиеттерін, ??деу т?сілдерін ?йрету.

?) Таби?атта, техникада, ?о?ам мен адам іс – ?рекетінде а?паратты жеткізу, са?тау, ??деу т?сілдеріне мысал келтіруді; Хабарларды кодтау мен кері кодтауды т?сіндіру

 б) О?ушылар информатика кабинетінде техникалы? ереже бойынша т?ртіп са?тау ж?не е?бекке баулу.

Саба?  типі:

 Жа?а білім беру Саба? т?рі: Аралас лекция саба? ??рал – жабды?тар, к?рнекті ??ралдар: Компьютерлер, Информатика негіздері журналы, ж?не ба?дарламалары мен компьютер ??р?ылары

Просмотр содержимого документа
««А?парат» деген с?з адам ?шін нені білдіреді. Адам а?паратпен не істейді. Адам а?паратты ?алай ?абылдайды»

7 сынып

Сабақтың тақырыбы: «Ақпарат» деген сөз адам үшін нені білдіреді. Адам ақпаратпен не істейді. Адам ақпаратты қалай қабылдайды.

Мақсаты:

а) Бүгінгі сабақта оқушыларға. Ақпарат ұғымымен, түрлерімен, үлгілерімен, өңдеу тәсілдерімен таныстыру. Ақпарат ұғымын, формаларын, көздерін, типтері мен қасиеттерін, өңдеу тәсілдерін үйрету.

ә) Табиғатта, техникада, қоғам мен адам іс – әрекетінде ақпаратты жеткізу, сақтау, өңдеу тәсілдеріне мысал келтіруді; Хабарларды кодтау мен кері кодтауды түсіндіру

б) Оқушылар информатика кабинетінде техникалық ереже бойынша тәртіп сақтау және еңбекке баулу.

Сабақ типі:

Жаңа білім беру Сабақ түрі: Аралас лекция сабақ Құрал – жабдықтар, көрнекті құралдар: Компьютерлер, Информатика негіздері журналы, және бағдарламалары мен компьютер құрғылары

Сабақ барысы

. I Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Сабаққа дайындықтарын тексеру

II Үй жұмысын сұрау

III Үй тапсырмасын бекіту

IV Жаңа сабаққа кіріспе

V Жаңа сабақ

VI Жаңа сабақты бекіту

VII Қорытындылау

VIII Үй тапсырмасын беру

IX Бағалау

Жаңа сабақ . Информатика – адам қызметінің әртүрлі саласында пайдаланылатын ақпаратты жылдам жинау, сақтау, өңдеу, түрлендіру және тиімді тарату әдістерін үйрететін ғылыми пән. «Ақпарат» термині латынның «түсіндіру, баяндау, білу» деген ұғымдарын білдіретін «informatio» сөзінен шыққан. Ақпарат – қоршаған орта мен онда болып жатқан әр түрлі құбылыстар туралы мәліметтердің жиынтығы. Ақпарат алу дегеніміз – бізді қоршаған дүниенің құбылыстары мен обьектілерінің қасиеттері, құрылымы немесе олардың бір – біріне қатысуы жөнінде нақты мәліметтер мен деректер алу.Таңба түрінде қатысуды байланыс тілі дейді. Қандайда бір алфавитті пайдаланып ақпаратты жазуды кодтау деп атайды. Кодталатын символдар тобын кодтау кестесі деп атайды. Сигнал – адамға немесе белгілі бір құрылғыға – ақпарат қабылдаушыға әсер ететін физикалық процесс. Сигнал – ақпарат тасушы. Ақпарат беру деген – сигналдар беру. Адам қабылдайтын ақпаратты таңбалы және бейнелі деп, екіге бөлуге болады. Бейнелі ақпарат деп – табиғат көріністері және кескіндерді қабылдауды, дәм, иіс сезу арқылы алынатын ақпараттарды айтады. Таңбалы ақпаратқа адамның сөйлеу, жазу түріне алатын ақпараттарды жатады. Адамдардың қарым-қатынасы, яғни адамнан адамға ақпарат жеткізу, сөйлеу немесе хат арқылы жүргізіледі, басқаша айтқанда, дыбыс немесе таңба түрінде беріледі. Таңба түрінде қатынасуды қатынас тілі дейді. Қатынас тілдері табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді. Табиғи қатынас тіліне қазақ, орыс, ағылшын, т.б. тілдері жатады. Олардың ауызекі және жазу түрлері болады. Жасанды немесе формалды тілдерге математика, физика, музыка, компьютермен қатынасу тілдері жатады. Компьютер – ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал. Компьютерде барлық ақпараттар сандар, әріптер, арнайы белгілер т. б. сияқты таңбалардан тұрады да, әрбір таңба компьютер жадында екілік жазылады. 1 Бит – бұл физикалық екі мүмкін жағдайдан (тоқ бар немесе жоқ) бір нұсқаны ғана таңдауға мүмкіндік беретін ақпараттар саны. 1 – тоқ бар болған жағдайда , ал 0 – тоқ жоқ болған жағдайда деп алынған. 1 Байт – бұл бір символды кодтауға қажетті ақпараттар саны . Хабарлама бір немесе бірнеше ақпараттан тұруы ықтимал. Бір хабарламаны мағынасына қарай әр – түрлі ақпараттар санымен беруге болады. ЭЕМ деген – арифметикалық және логикалық амалдар тобын автоматты түрде орындауға, әр түрлі есептеу жұмыстарын орындауға арналған құрылғы.

Бекіту:

1) Ақпарат алу дегенді қалай түсінесіңдер?

2) 1 Байтта қанша бит бар?

3) Компьютер, информатика дегеніміз не?

4) Адам қабылдайтын ақпаратты қанша топқа бөлуге болады?

Сабақты қорытындылау: Сабақты қорытындылау барысында сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, қалыс қалып отырған оқушыларға ескертпелер беру арқылы білімдерін бағалау.

Үй тапсырмасын беру: «Ақпарат» деген сөз адам үшін нені білдіреді. Адам ақпаратпен не істейді. Адам ақпаратты қалай қабылдайды.

Бағалау: