Атырау облысы, Исатай ауданы
Жалпы білім беретін Аққыстау орта
мектебінің жоғар санатты қазақ тілі
мен әдебиеті пәні мұғалімі
Баделова Шолпан Баделқызы
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып оқушылардың құзіреттілігін арттыру
Оқытудың жаңа ақпараттық-коммуникативтік технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы. XXI ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Ұстаздар қауымының алдында сабақта ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдана отырып оқушылардың білім деңгейін арттыру, шығармашылықпен жұмыс жасай отырып, заман талабына сай іскер, жан-жақты, терең білімді, интелектуалдық деңгейі жоғары дамыған шәкірт тәрбиелеу, сабақта оқытудың жаңа технологияларын тиімді қолдана білу, оқушының таным белсенділігін қалыптастыру барысында шығармашылық ізденістің тиімді жолдарын үйрету міндеттері тұр.
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі: «Білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, халықаралық коммуникациялық желілерге шығау»,-делінген.[1] Бұл міндеттерді шешу үшін нәтижеге бағытталған білім берудің жаңа жүйесіне көшу үшін әр мұғалім, жеке тұлға күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа ақпараттық технологияларға , әлеуметтік, тұлғалық және жеке құзіреттіктерге ие болуы тиіс. Бұл талаптар күнделікті әдістемелік жұмыстың жүйелі түрде ұйымдастырылуы негізінде жүзеге асырылады.
Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, қашықтан оқыту, дара тұлғаға бағыттап, оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылату – бүгінгі күннің басты талабы.
Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогика-психологиялық сауаттылық, саяаи-эконмикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.
Білім – болашақ бағдары. Біздің қазіргі міндетіміз - жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту.Құзірет – оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс-әрекетіне қажетті білім дайындығына әлеуметтік тапсырыс. [2] Құзыреттілік – оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі. Ақпараттық құзіреттілік – бұл жеке тұлғаның әр түрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны жүзеге асыру және ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндітерін жан-жақты қолдану қабілеті. Құзіреттілікті оқушының пән бойынша игерген білім, білігінің жинағы деп қабылдауға келмейді. Ол оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын жаңа сапа.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны меңгеру құзіреттілігін қалыптастырудың басты мақсаты – оқушыларды ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану білімдерімен қаруландыру, олардың компьютерлік технологияны өз қызметтеріне еркін, тиімді пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру.
Ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдана отырып оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады. Оқытудың ақпараттық-коммуникативтік және интерактивтік технология бағыттары:
а) электронды оқулықтар;
ә) телекоммуникациялық технологиялар;
б) мультимедиялық және гипермәтіндік технологиялар;
в) қашықтықтан оқыту, интернет.[3]
Ақпараттық технологияларды пайдаланудың артықшылықтар мынадай:
Олар оқытудағы тақырып шеңберіндегі немесе белгілі бір уақыт аралығындағы айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.
1.Білімге бір-бірінен үлкен ара қашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында отырып қол жеткізуге болады. Жоғары сынып оқушылары үшін емтихандар мен ҰБТ даярлауға арналған жаттықтыру бағдарламаларын пайдалану.
2. Оқытудың көп деңгейлі жетілдірілуі олардың таралымдалуы мен оқу сапасын арттырады.
3. Оқушы өз бетінше немесе өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
4. оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері, құзіреттілігі артады.
Құзіреттілік тәсіл бірінші орынға оқушының хабардарлығын емес, нақты құбылыстарды танып білу мен түсіндіруде , қазіргі заманғы техника мен технологияны игеруде, мамандық таңдау кезінде өзінің кәсіби білім алуға дайындығын бағалауда, еңбек нарығын бағдарлау қажет болғанда, өмірден өз орнын анықтауға, өмір салтын, кикілжіңдерді шешу тәсілдерін таңдауға байланысты мәселелерді шешу қажет болғанда туындайтын өмірлік мәні бар мәселелерді шешу біліктілігін шығарады.
Б.Тұрғанбаева: «Құзырлылыққа бағытталған оқыту үрдісінде тәжірибелік жолмен мәселені шешу мүмкіндігі молаяды. Осы жағдай біліктілікті арттырудағы екінші үлгіге көшірудің негізі бола алады»,-деп түсіндірсе[5], К.Құдайбергенова: «Тұлға құзырлылығын қалыптастыру жолдары: білім беру жүйесіндегі жүйеге кіретін бала жүйеден шыққанда түлек болады; тұлғаның ұжымға енуі арқылы әлеуметтік-психологиялық сипаты көрінеді»,- деп тұжырымдайды[6].
Сонымен, оқу үрдісіндегі құзіреттілік дегеніміз – оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде теориялық және тәжірибелік мәселелерді шешу үшін қолдана алу мүмкіндігі болып табылады.
Компьютерлер мен интерактивті тақтаны оқушылардың тілдік құзіреттілігін, шығармашылық қабілетін дамыту құралы ретінде пайдалану оқу-танымдық үрдіс тиімділігін арттырады. Қазақ тілі сабағында ақпараттық технология арқылы берілетін білім оқу материалын жүйелі беруге, ақпаратты көруге, есте сақтауға, қатысымдық тұрғыдан меңгеруге, қазақша тілдік қатынасты игеруге мүмкіндік береді. Ақпараттық технологияны қолдануда, әдетте, шынайы өмірлік жағдайлар келтіріліп, бірігіп шешу мәселелері ұсынылады, рөлдік ойындар пайдаланылады, білгірлігінің қалыптасуы барысында жеке белсенді позициясын қалыптастыруға жағдай тудырады, қарым-қатынас дағдыларын орнықтырады, сыни тұрғыдан ойлауға үйретеді. Демек, ақпаратты технологияны пайдалану, оқу үрдісіне енгізу тіл үйретуде тиімді.
Интерактивті тақта – топтағы оқушылардың барлығын оқыту үшін құнды құрал[7]. Бұл оқытушы жаңа материалды өте қызықты және қарқынды етіп түсіндіруге көмектесетін, көзге көрінетін құнды құрал. Оның ақпаратты түрлі мультимедиялық ресурстар көмегі арқылы танысуға мүмкіндігі зор.
Интерактивті тақтамен жұмыс істеудің артықшылықтары:
-бағдарлама бойынша барлық топ оқушыларына қолайлы;
-Web-сайттарды, басқа да құралдарды қолдана отырып, жаңа материалды түсіндіруге, меңгертуге қолайлы;
-берілген материалды әсерлі жеткізуге және оны топтағы оқушылар арасында талқылауға үлкен мүмкіндіктер туғызады;
-интерактивті тақта топтағы барлық оқушылардың басты назарына айналуына байланысты орталықтан демонстрациялауға қолайлы жағдай туғыза алады;
-оқытушының да, оқушының да шабытын, қызығушылығын арттырып, сабақты тартымды өткізуге ынталандырады;
-оқушы алдына жаңа материалды жанды түрде көрсете отырып, танымдық қабілетін артыруға мүмкіндік алады.
Мен сабақтарымда оқытудың интерактивті әдіс-тәсілдерін қолданамын:
-оындар арқылы оқыту;
-логикалық жаттығулар мен деңгейлік тапсырмалар;
-тірек-сызба, анықтама құралдары, кестелер;
-жеке шығармашылық тапсырмалар, жобалар, суреттер;
-сөзжұмбақ, бейнесөздер.
Оқушы құзіреттілігін дамытуға септігін тигізетін ақпараттық технологияның бір түрі – электронды оқулықтар. Электронды оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді[8]. Сонымен қатар электронды оқулықтарды сабақтарда пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық жұмыстар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша жаттығулар мен т апсырмаларды орындап, тестілер шешіп, семантикалық карталар және сызбалармен жұмыс дасауға дағдыланады. Мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктьерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді тез әрі жай түрде көрсетуге пайдалы. Электронды оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіншілік туғызады. Электронды оқулықтың ең қажет мүмкіндігі - аудиохабарлар. Электронды оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып, көрсетуге болады. Бұл,әрине, оқытушының тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген оқушының құштарлығы оянады деп ойлаймын.
Электронды оқулықтардың оқушылардың білім деңгейін тереңдетуге, ауызекі тілде сөйлей білу дағдыларын қалыптастыруға, өз бетінше іздену қабілетін қалыптастыруға, ойларын дамсытуға, тілді үйренуге деген ынтасы мен қызығушылығының артуына, сабақта өзін еркін ұстап, өз мүмкіншілігін кеңінен пайдалана алуына, өз ісіне талдау жасай алуға көп көмегін тигізеді.
Ақпараттық технологияның көзі – интернет. Бір немесе бірнеше мемлекеттің аумағында орналасқан желілер ғаламдық немесе дүниежүзілік желілер деп аталады. Internet – миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі адамдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен және ең танымал желі. Internet сөзі тікелей мағынасында халықаралық желі дегенді білдіреді. (INTERnational NETwork). Internet –бұл дүние жүзіндегі компьютерлер мен серверлер жиынтығы, ал қол жеткізуге болатын ақпарат көлемін тіпті бағалаудың өзі қиынға түседі. Интернетте ең соңғы жаңалықтарды оқып, ауа райы туралы мәлімет алуға, қандай да бір тауарға не ұшақ билетіне тапсырыс беруге, аз ғана уақыт аралығында электрондық пошта арқылы хабарламалар алмасуға, бейнеконференциялар өткізуге және тағы да басқа көптеген мүмкіндіктер ұсынады. Мен де - интернет желісін өз жұмысымда өте жиі пайдаланушылардың бірімін. 2012-2016 жылдар аралығында шәкірттерімді үздіксіз Қазақстандық интернет олимпиадасына дайындап, қатыстырып келемін. Жетістіктерім де баршылық.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 2012-2016 жылдар аралығында интернет олимпиадасына қатысқан оқушыларым
Р/с | Оқушының аты-жөні | Сыныбы | Оқу жылы | Алған орны |
1 | Аманжолова Наргиз | 9-сынып | 2014-2015 | «Үздік нәтиже» |
2 | Ерболатқызы Дария | 9-сынып | 2014-2015 | «Аудан ең жақсы нәтиже» |
3 | Жұмахан Аругүл | 10-сынып | 2014-2015 | «Аудан ең жақсы нәтиже» |
4 | Қадыржанова Динара | 9-сынып | 2014-2015 | «Үздік нәтиже» |
5 | Қибатуллаева Әйгерім | 9-сынып | 2014-2015 | «Үздік нәтиже» |
6 | Махуова Ажар | 9-сынып | 2014-2015 | «Үздік нәтиже» |
7 | Нұрлыбекқызы Ғазиза | 6-сынып | 2014-2015 | «Үздік нәтиже» |
8 | Нұрлыбекқызы Фариза | 6-сынып | 2014-2015 | «Аудан ең жақсы нәтиже» |
9 | Сүндетова Аружан | 9-сынып | 2014-2015 | «Үздік нәтиже» |
10 | Сүндетова Аяжан | 9-сынып | 2014-2015 | III орын |
11 | Шұғыпан Анар | 8-сынып | 2015-2016 | II орын |
12 | Жұмағұлов Әсет | 8-сынып | 2015-2016 | «Үздік нәтиже» |
13 | Бурханқызы Еркеназ | 8-сынып | 2015-2016 | I орын |
14 | Күншығар Жанерке | 9-сынып | 2015-2016 | I орын |
15 | Маху Жандос | 8-сынып | 2015-2016 | «Үздік нәтиже» |
Интернет олимпиадаға оқушыларды арнайы дайындықтан өткізбей қатыстыру оның сағын сындыруы мүмкін. Әрі ол ешқандай нәтижесіз, жетістіксіз болады. Себебі, бұл олимпиадада мектеп бағдарламасынан келетін сұрақтар аз, көпшілігі мектеп бағдарламасынан тыс, яғни, оқушыны қазақ тіл білімі салалары бойынша арнайы дайындау керек деген сөз. Осы бағытта «Оқушыларды интернет олимпиадаға дайындау» тақырыбында жоба құрастырып, сол бойынша жұмыс жүргізудемін. Бұл жобаның негізгі мақсаты – оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша білімдерін тереңдету, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып оқушы құзіреттілігін арттыру.
Қазіргі уақытта елімізде әлемдік білім кеңістігіне бағыт алған жаңа білім беру жүйесі қалыптасуда. Мемлекет мәртебесін анықтауда қазіргі заманғы білім жүйесі негізгі фактор болып отыр. Сондықтан дамып келе жатқан елімізде мектептердің жаңа техникалық құралдармен жабдықталуына үлкен мән беріліп отыр. Соған орай мектебіміздегі қазақ тілі кабинеті биылғы оқу жылында бір мультимедиялық кабинетпен, интреактивті тақтамен, 5-11-сыныптарға арналған электронды оқулықтармен жабдықталды. Жаңа кабинеттің келуі бізге жаңаша ізденіске жол ашты. Ақпараттық-коммуникациялық технология әдістерін дәстүрлі әдістермен ұштастыра отырып, жаңаша сабақ түрлерін өткізе бастағанымда өзім де, оқушыларым да қызығушылықтың жаңа бір белесіне шыққандай болдық. Біріншіден, электронды оқулықтағы лексикалық тақырыптарды оқушы тыңдайды, қайталайды, тыңдап отырып өз бетінше диктант жазады , сөз тіркестерін құрап, қатемен жұмыс түрлерін орындайды. Екіншіден, проблемалық сұрақтар қою, оның жауабын жеке өзі, соңынан жұппен, топта талқылау арқылы шешімін тапса, бұл оқушы шығармашылығын дамытудың басты бір жолы болып табылады. Үшіншіден, мұғалім көрнекілік жасап жатпайды. Оқушы өзі де көрнекіліктерді презентация түрінде дайындап әкеліп, сол тақырып бойынша қорғайды, түсіндіреді [9]. Әрине, мұндай тіл дамыту жұмыстарын дәстүрлі әдстермен де орындаймыз. Алайда, басқа сыныптарға қарағанда, мультимедиялық кабинетте сабақ кестесі бойынша оқитын сынып оқушыларының оқу сапасы да жоғары, сабаққа деген мотивациясы да жоғары болуы – заңдылық.
Өзімнің педагогикалық тәжірибемде ақпараттық технологияны қолдана отырып оқушылардың шығармашылығын дамытуға, құзіреттілігін қалыптастыруға жағдай жасадым. Шәкірттерімді қашықтықтан оқыту олимпиадасына, ҰБТ-ға дайындық сынақтарына қатыстырдым. Өзімнің, оқушыларымның жұмыстары сайттарда жарияланды. Өзім sabak.kz , ustaz. Kz, мультиурок сайттарына кіріп, ғаламтор бетінде әріптестеріммен тәжірибе алмасып отырамын. Интернеттен өз сайтымды ашып, онда «Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің жоба жұмысы», «Менің отаным- Қазақстан», «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр», «Мағжан – сыршыл ақын», «Тілім – тірлігімнің ажары» авторлық жұмыстарым жарияланды.
Ақпараттық технологиялар – жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту құралы. 2014-2015 оқу жылында мектебімізге көптен күткен интерактивті тақтасы, мультимедиялық құрылғысы бар қазақ тілі кабинеті келіп, кітапханамыз электрондық оқулықтармен толықтырылды. Кабинетте жиі сабақтар өткізіп тұрамыз. Өзім «Абайдың қарасөздері», «Ыбырай әңгімелері», «Махамбет Өтемісұлы шығармашылығы»,«Абай – ұлы суреткер», «Мағжан Жұмабаев шығармашылығы» тақырыбындағы сабақтарымда, «Елбасы жолы», «желтоқсан ақиқаты» тақырыбындағы сыныптан тыс шараларымда электронды оқулықты, инетрактивті тақтаны пайдаландым.Сондай-ақ, осы оқу жылында мектебіміз «e-learning» электронды оқыту жүйесіне көшті. Оқушылардың білімі күнделікті журналмен қатар электронды журналға қойылып, ата-аналар да үйде отырып-ақ балаларының білім сапасы туралы ақпарат ала алатын болды.
Ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдана отырып оқушылардың құзіреттілігін арттыру жолында мынадай нәтижелерге қол жеткіздім:
-Интернеттен жеке сайт ашып, онда авторлық жобаларымды жарияладым;
-11 – сынып оқушыларын интернет арқылы ҰБТ-ға дайындауда білім сапасы жоғарлады;
-Оқушылар өз беттерімен презентациялар құрып, олимпиада, ғылыми жоба жұмыстарына дайындалуда маған көп күш түсірмеді;
-Қазақстандық интернет олимпиадаға қатысқан оқушыларым жүлдегер атанды.
Қорыта келгенде, «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай жаңа білім беру өте қажет» [10],- деп Елбасымыз атап көрсеткендей, ақпараттық технологияларды мемлекеттік тілді оқытуда тиімді пайдалана отырып оқушылардың құзіреттілігін дамыту – жаңа білім берудің бірден-бір шарты. Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі. Сабақ барысында ақпараттық технологияны қолданудың жақсы жақтары:
-сөйлеу әрекетінің бес түрі қолданылады:тыңдалым, сөйлесім, оқылым,жазылым, айтылым;
-түрлі-түсті суреттер, ұлттық музыка, анимациялар есте сақтау процесі үшін тиімді;
-комьютер оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастырады;
-компьютер оқытудың аудио және бейне құралдырдың мүмкіндіктерін табысты байланыстырады;
-компьютермен үзіліссіз тілдік қарым-қатынас;
-компьютерлік желілермен жұмыс істеу арқылы оқушылардың тілдік сауаттылығы, шығармашылық потенциалының, тілдік құзіреттілігінің дамуына мүмкіндік туады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Алматы-2008
Құдайбергенова Қ.С. “Құзырлық амалының негізгі ұғымдары” Алматы, 2007
«Информатика негіздері» журналы. №1.2014 жыл
Ғалымжанова М. “Мұғалімнің ақпараттық құзіреттілігін дамыту” Алматы, 2008
Б.А. Тұрғанбекова «Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: теория және тәжірибе» Алматы-2005
К.Құдайбергенова «Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерийі»(ғылыми-практикалық конференция материалдары) Алматы-2008
Интернет «Interactive Whiteboards in Education»
«Қазақстан мектебі» журналы 2010,2011 ж
Шөкіш А. Интернет - Америка барлaушылыpының туындысы немесe ғаламдық ақпараттар туралы не білеміз?//Алтын орда.-2002.- ақпан.-Б.19