Мектеп: | №48 мектеп-лицейі |
Мұғалімнің аты-жөні: | Оразғалиева Ақбота Аянқызы |
Күні: | 25.09.2017ж |
Пән/Сынып: | Информатика 6-сынып |
Сабақтың тақырыбы: | Ақпараттың қасиеттері |
Оқу мақсаты: | Ақпараттың қасиеттерін атап өту |
Сабақ мақсаты: | Ақпараттың қасиеттерімен танысу, олардың ерекшеліктерін түсінеді |
Құндылықтарға баулу | Ынтымақтастық – тапсырмалар орындау барысында. Сыйластық – жұптық, топтық жұмыстарда. |
Пәнаралық байланыстар | Математика |
Алдын ала білім | Оқушылар ақпарат түрлерін біледі. |
Саралап оқыту |
Барлық оқушылар: | Көпшілік оқушылар: | Жекелеген оқушылар: |
а) ақпараттың қасиеттерімен танысады | а) оқушылар ақпараттың қасиеттерінің ерекшеліктерін ажырата алады | а) Әр түрлі жағдайларда ақпараттың қасиеттерін ақылға қонымды қолдана алады |
Уақыты | Кезеңдері | Тапсырма | Мақсаты | Мұғалім не істейді | Оқушылар не істейді | Бағалау | Ресурстар |
2 мин | Қызығушылықты ояту | «Жүректен жүрекке». | Оқушылардың бір- біріне деген сыйластығын бакылау | Ыңғайлы орта құру | Оқушылар шеңберге тұрады. Бір бірлеріне бүгінгі сабаққа деген тілектерін білдіреді. | | жүрекше |
| Үй тапсырмасын сұрау | «Ақылды доп» | үй тапсырмасын пысықтау | «Ақылды доп» әдісі арқылы үй тапсырмасын қайталауға жағдай жасау | Оқушылар орындарында тұрады. Мұғалім допты лақтыра отырып сұрақтар қояды.Сұраққа жауап бергеннен кейін допты мұғалімге қайтарып береді. | | доп |
1мин | Ой қозғау | Ақпарат, ақпарат қасиеттері. Слайд көрсету | Тақырыпты ашу | Оқушыларға ой қозғау | Сын тұрғысынан ойлай алулары күтіледі | | Слайд, интерактив-ті тақта презентация |
12 мин | Мағынаны тану | Топтық жұмыс: Ішкі шеңбер: ақпараттың қасиеттерімен толық танысу, олардың ерекшеліктерін қарастыру. Сыртқы шеңбер: ақпараттың қасиеттерімен танысып, мысалдарды қарастыру. | Ізденуге Талқылауға талдауға өз көзқарасын білдіруге үйрену дәлел келтіріп сөйлеуге үйрету сұрақты дұрыс қоюға жетелеу | Әр топқа нақты тапсырмалар ұсынады. ЖАДА құруға оқушыларды бағыттау Дәлел келтіруге бағыттау Түрткі сұрақ Сынамалы сұрақ орын алды ма, бағыттау | Ішкі шеңбер: берілген тапсырманы орындап, сыртқы шеңберге түсіндіру. Сыртқы шеңбер: өздеріне берілген тапсырманы орындап, ішкі шеңбердің айтқанын тыңдау | | |
2 мин | Сергіту сәті | «Сиқырлы сандар». | Оқушылардың бойын сергіту | оқушыларды сергітуге ыңғайлы атмосфера жасау | Оқушылар шеңберге тұрады. 1-ден 10-ға дейін сандарды санайды. Тақ сандарды мен таптым деп айтып, тек жұп сандарды ғана санап тұрады. Одан кейін керісінше санайды. | | |
10 мин | Ой толғаныс | Тапсырма 1. Оқушылар үш-үштен бірнеше топтарға бөлінеді. Екі оқушы тақырыптан не түйгендерін айтады. Ал бір оқушы соның дұрыс не дұрыс еместігін тексеріп тұрады. | Тақырыпты түсінгенін анықтау | басқаның пікірін тыңдауға, ойын толық жеткізуге, шындықты айтуға жағдай туғызу | Әр топ кезекпен өздеріне берілген тапсырманы орындайды | | |
9 мин | Жеке жұмыс: | Тапсырма: Ақпарат қасиеттерін тізбектеп жазу | Такырыпты қорытындылау | ойын, тілін дамыту? көшбасшылыққа жетелеу | қызықтыру | Ақпаратты тізбектеп жазу(жекеле-ген оқушылар орындауы мүмкін) | қалам, парақтар |
3мин | Қорытындылау | Оқушыларға қойылатын сұрақтар: «БББ» әдісі. Оқушылар білемін, білдім, білгім келеді деген әр бағанға өз ойларын жазады. | Білім тексеру | Стикерлерді таратып, сол арқылы тақырыпты меңгергенің бақылау | Оқушылардан жауап күтіледі | Шаршылар Әдісін қолдану | Қалам , апарақтар |
1 мин | Үй тапсырмасы | Берілген тақырып бойынша ақпараттың әр қасиеттерін 5-5 мысалдан жазып келу. (қайталанбайтындай) | Тақырыпты пысықтау | Оқушыларға тапсырманы орындауын түсіндіру | Тақырыпты түсініп түртіп алулары күтіледі | | |
Сабақтан кейінгі ойланатын сұрақтар |
Не сәтті болмады? | Уақыт жетіспеуі |
Нені жақсартуға болады? | Сабақтың әдіс-тәсілдерін, өту барысын |
Мен өз дағдыларымды нені дамыта алдым? | Тапсырмаларды түрлендіруді, сергіту сәттерін |
Нені өзгертуге болады? | Топтық, жұптық жұмыстардың тапсырмаларын |