Психологиялықтұрақтылық -Оқушылар көңіл-күйлеріңіз жақсы ма? -Керемет! -Сабаққа дайындықтарыңыз қалай? -Тамаша! -Қонақтарды білімімізбен қуантайық па? -О-о-о -Ынтаңыз ше? -Ғажап! Өткен сабақты қорытындылау. «Кір қыстырғыш жіптер» - Жердің табиғи серігі. /Ай/ - Тіршілік белгілері бар ғаламшар. /Жер/ - Ғаламшар дегеніміз не? /Массасы ауыр ғарыш денесі/ - Күн жүйесінде неше ғаламшар бар? /8/ - Жерді қоршаған бүкіл әлем? /Ғалам/ - Күн жүйесінің екінші ғаламшары. /Шолпан/ - Күн жүйесінің алтыншы ғаламшары. /Сатурн/ - 2006 жылдан бастап көлемінің кішілігіне байланысты қай ғаламшарды ғаламшарлар қатарына қоспайтын болды? /Плутон/ - Кір қыстырғыш жіптерге қандай суреттер жасырынған? - Ғарышкерлер, зымыран, ғаламшарлар, жұлдыздар. - Ал ғарышқа кімдер ұшады? - Дұрыс, ғарышкерлер. Ең бірінші болып ғарышқа зерттеуге ұшқан ресейлік ғарышкер - Юрий Гагарин. Кейін Қазақстаннан да ғарышкерлер ұшты. Олар: Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов. - Осы ғарышкерлер туралы қандай мәліметтер білесіңдер? Юрий Гагарин Алексеевич 1934 жылы, 9 наурызда Смоленск облысы, қазіргі Гагарин ауданы, Клушино ауылында дүниеге келген. КСРО ұшқыш-ғарышкері, КеңесОдағы батыры, ғарышкеңістігінесапаржасағанеңбірінші адам, полковник, КеңесОдағының Батыры. 1961 жылы 12 сәуірде Восток ғарыш кемесімен Байқоңыр ғарыш алаңынан тарихта тұңғыш рет ғарышқа ұшты. Ол Жерді айналып ұшып, 1 сағат 48 минуттан кейін Жерге қайта қонды. Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында туған. Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы. 1991 жылы 10 қазанда Тоқтар Әубәкіров «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен ұшып, Жерге қайтып қонды. Ғарышта өткізгенмерзімі — 7 күн 22 сағат 13 минут. Мұсабаев Талғат Амангелдіұлы 1951 жылы 7 қаңтарда Алматы облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген. 1998 жылы ғарышқа 1-ші рет ұшқанда 126 күн ғарышта өткізген. 1998 жылы ғарышқа 2-ші рет ұшқанда 208 күн ғарышта өткізген. Гиннестің үздік табыстар кітабында бір айдың ішінде 5 рет не бары 30 сағат 8 минут ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққанны жазылып алынған. 2001 жылы ғарышқа 3-ші рет ұшқанда 8 күн ғарышта өткізген. Айымбетов Айдын Ақанұлы 1972 жылы 27 шілдеде Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Өтенай ауылында дүниеге келген. Айымбетов ғарышта он күн болып, маңызды зерттеулер жүргізген. Ғарыш кеңістігін игеруге сіңірген аса зор еңбегі, ғарышқа ұшу кезінде көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін Қазақстан Республикасының ғарышкері Айымбетов Айдын Ақанұлына «Халық қаһарманы» атағы, Алтын Жұлдыз айрықша ерекшелік белгісі, «Отан» ордені берілді. - Ендеше біз бүгін адамдар үшін жұмбақ болып келген ғаламшарлар туралы сабағымызды дамыта түсеміз. Ол үшін біз ғарышқа ұшамыз. - Оқушылар қалай ойлайсыңдар ғарышкерлер қандай болулары керек? - Ал ғарышқа немен ұшуға болады екен? - Зымыран. - Ғарышқа ұшу үшін қандай киім киеді? - Скафандр. Оқушылар ғарышқа ұшу үшін дайынсыңдар ма? Ұшар кезде біз дұрыс дем алуымыз керек. Ол үшін қолымызды ішімізге қоямыз, ауаны мұрынмызбен жұтып, ауызымыздан шығарамыз. Балалар біз ғарышқа да жеттік.Жарайсыңдар, ал енді орнымыздан тұрып, жан - жағымызға қарайықшы. Не көріп тұрмыз? - Қандай ғаламшарларды көріп тұрсыңдар? Олар қандай екен? Ғарыштасегіз планета бар: Жер, Шолпан, Меркурий, Нептун, Юпитер, Сатурн, Уран, Марс. Бейнекөрініс. Топтық тапсырма 1 – топ: Топтастыру. Ғ аламшарлар Жер тобы ғаламшарлары: Алып ғаламшарлар: ______________________ ____________________ 2 – топ: Венн диаграммасы. Жер тобы ғаламшарлары Алып ғаламшарлар 3 – топ: Сәйкестендіру. 1. Тіршілік белгілері бар ғаламшар. 2. Күн жүйесіндегі ең үлкен ғаламшар. 3. Жарқырауық сақиналары бар ғаламшар. 4. Ең жеңіл ғаламшар. 5. Таңғы «жарық жұлдыз» атанған ғаламшар. 6. «Қызыл» ғаламшар. 7. Нептунның сыңары атанған ғаламшар. 8. Күннен ең қашықта орналасқан ғаламшар. 4 – топ: Жасырын сөзді тап. Ц | К | С | А | Т | У | Р | Н | Е | Н | Г | Щ | З | Ф | Ы | В | Ж | Ұ | Л | Д | Ы | З | А | П | Б | Т | Ә | Н | Ғ | Ү | Қ | М | Ш | О | Л | П | А | Н | И | Е | Н | Б | М | А | Р | С | М | Р | Е | Р | О | Л | Я | Ч | С | К | П | Ю | П | И | Т | Е | Р | У | Т | Л | О | Т | Б | Д | Л | Р | У | Ш | Щ | У | Р | А | Н | И | Н | Л | Г | Ұ | Қ | Ө | Ю | Й | К | О | Е | Д | Ш | Н | Ж | А | Ғ | А | Л | А | М | Ш | А | Р | Ж | Е | Р | Ы | А | Й | Т | О | Сергіту сәті. «Мен қазақпын» - Оқушылар қазір бізді сыртымыздан өзге ғаламшарлық бақылап тұр екен. Оның сендерге қоятын сұрақтары бар екен. Ендеше өзге ғаламшарлықты шақырайық. Өзге ғаламшарлық: - Сәлеметсіздерме оқушылар? Сендерді ғарышқа ұшып келгеннен бері бақылап тұрмын. Сендерге ғарыш ұнап жатыр ма? Біздің планеталармен таныстыңдарма? Сендердің ғарыш әлемінен қандай ақпарат алғандарыңды тексерейін. Ол үшін мен сендерге сұрақ қойып, жұмбақ жасырайын. Сендер жұмбақтың жауабын тауып, үш тілде айтуларың қажет. -Жұмбақтар: Төңірегі тең көрініп, Теген жатыр төңкеріліп, Жас та сиған, кәрі сиған, Астына оның бәрі сиған. /Аспан Біз, біз, біз едік, Отыз арба қыз едік, Бір тақтайға жиналдық, Таң атқанда жоқ болдық. /Жұлдыз Қызыл күлше тау асады, Ыстық нұрын шашады. /Күн Қонақтап күнде келер су бетіне, Пар келмесгауһарзатыкелбетіне. Сәулесі су жүзіндедірілдейді, Тамашақараптұрсаңсуретіне. /Ай Cұрақтар: 1. Тіршілік белгілері бар қандай ғаламшар? /Жер/ 2. Ең алғаш ғарышқа ұшқан Қазақстан ғарышкері кім? /Тоқтар Әубәкіров/ 3. Күн жүйесіндегі ең ауыр ғаламшар. /Юпитер/ 4. Күн жүйесінде неше ғаламшар бар? /8/ 5. Күнге ең жақын орналасқан ғаламшар. /Жер/ 6. Ғаламшарлар неше топқа бөлінеді? /Жер тобы ғаламшарлары, Алып ғаламшарлар/ - Оқушылар ғарыш сендерге ұнады ма? Біздер қазір жерге оралуымыз қажет. Қане бәріміз жиналып зымыранға отырып жерге оралайық. - Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар? Кері байланыс. «Зымыран» Бүгінгі сабақ ұнаса жасыл түс орташа сары түс ұнамаса қызыл түс |