Уақыты: | Қазақ тілі | Мұғалім: Ниязбекова Г.Б | Сынып:7 «а» |
Сабақ тақырыбы: | Салыстырмалы шырай, жасалу жолдары |
Жалпы мақсат: | Білімділік: Сын есімнің шырайлары туралы түсінік беру. Салыстырмалы шырай туралы білімдерін кеңейту. Дамытушылық. Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету,ойлау шеберлігін сөйлеу мәдениетін арттыру. Тәрбиелік: оқушыларды достыққа, сыйластыққа, нақтылыққа тәрбиелеу; |
Сілтеме: | Мұғалімдерге арналған нұсқаулық Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі 7-сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы Үлестірме материалдары |
Оқу нәтижесі: | Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып, оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау |
Сабақта қолданылатын материалдар: | Интерактивті тақта, слайд,кәртішкелер |
Оқыту әдістері: | Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. |
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу 2 мин | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Оқушылармен амандасу үш тілде -Сәлеметсіздер ме,здравствуйте,good morning! Шеңбер құрып, бір-біріне үш тілде сәттілік,жылы лебіздер айтқызу | Бір-бірінің қолдарын ұстап, жылы сөздер айтып,сәттілік тілейді. |
Үй тапсырмасын тексеру 5 мин
Қызығушылықты ояту 3 мин | «Сиқырлы қобдиша» әдісі арқылы оқушыларға өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтары беріледі. Сын есім дегеніміз не? Сын есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді? Сын есім құрамына қарай нешеге бөлінеді? Сын есімдерге мысал келтіріңдер Сын есімнің түрленуі деген не? Сын есімге үш мысал келтіріңіз Сабақтың тақырыбын тапсырма арқылы айқындау. Сөйлемнен сын есімі тауып, сипаттама беріңдер. Көгілдір аспанда бозторғай ән салады. . -Оқушылар, мына сөйлемдердегі не мақсатпен аталған аспанның қандай сипаттамасын байқадыңдар? -Ендеше бүгінгі сабақтың тақырыбын кім біледі? Сабақтың тақырыбы, мақсаты айтылады. Дәптерлеріңе күн,сабақтың тақырыбы жазылады. | Талдау,жинақтау,қорыту
|
Жаңа тақырып 7 мин
| Слайд 4-7 арқылы түсінік беру Біркелкі сындардың бірінен екіншісінің артық я кемдігін салыстыру арқылы көрсететін шырай түрі салыстырмалы шырай деп аталады Мысалы: үлкен-үлкенірек, жақсы-жақсылау, терең-тереңірек, көк-көкшіл т.б Салыстырмалы шырай мынадай жұрнақтар арқылы жасалады. –рақ,-рек,-ырақ,-ірек –лау,-леу,-дау,-деу –аң,-қай,-ша,-ше –шыл,-шіл,-шылтым,-шілтім |
Пысықтау 5 мин
3 мин
Сергіту сәті 2 мин | 1.(Ж) Слайд 9 . Берілген суреттер бойынша салыстырмалы шырайға сөйлемдер құрыңдар.Берілген суреттердің атауларың орыс, ағылшын тілдерінде атаңдар. Көбелек -бабочка-butterfly,көк-синий-blue,алма-яблоко-apple, жүрек-сердце-heart,үй-дом-house Оқулықтағы тапсырманы орындау.48-жаттығу 2.Тақтамен жұмыс: Салыстырмалы шырай тұлғасында тұрған сын есімдерді тауып,жұрнақтарын дефис арқылы бөліп жазыңдар. Ауыр-лау, сирек-теу, көр-гіш, сарғыш-тау, ақ-шылтым, қышқылт-ым, терең-ірек, тәуір-леу. |
7 мин | 3. (ЖЖ)Шығармашылық жұмыс. Шашылып қалған сөздерден мақал-мәтелдер құрып,мағынасын түсіңдіріңдер,анықтауыш қызметіндегі сөздерді атаңдар. *Туған жер – тұғырың, Туған ел – қыдырың. *Өнер алды – қызыл тіл. * Народная дружба и братство - дороже всякого богатства. *A friend in need is a friend indeed.(друзья познаются в беде) | Оқушылар тіл туралы ,отан,достық туралы түсініктерін талқылайды |
Бекіту 3 мин | «Адасқан жұрнақтар» ойыны слайд 10 | Сабақта алған білімдерін түйіндеу |
Қорытынды 3 мин | Кластер Салыстырмалы шырай | Алған білімтерін қорытындылайды |
Үйге тапсырма 2 мин | Салыстырмалы сын есім шырайларын қатыстырып 5 сөйлем құрастыру. | Үй тапсырмасын білу, түртіп алу |
Бағалау 2 мин | | Өзін-өзі бағалауы |
Рефлексия 1 мин | Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру | «Екі жұлдыз, бір тілек » |