СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Асқазан-ішек жолдарының және биллиарлы жүйенің аурулары.

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқу-әдістемелік кешенде асқазан-ішек, биллиарлы жүйе ауруларының балаларда өту ерекшеліктері қарастырылған.

Просмотр содержимого документа
«Асқазан-ішек жолдарының және биллиарлы жүйенің аурулары.»

«Орал «Мақсат» медициналық колледжі» ЖМ


БЕКІТІЛДІ


Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

___________________Трушкова М.И.


Оқу –әдістемелік кешен

Асқазан-ішек жолдарының және биллиарлы жүйенің аурулары.

Педиатриядағы медбикелік іс пәнінен

III курста білім алушыларға арналған

0301000 «Емдеу ісі» мамандығы бойынша







ҚАРАЛДЫ


ҚҰРАСТЫРДЫ

№ 5 циклдік әдістемелік комиссия отырысында





Сулейменова Д.Ж.





Хаттама №

« » 2018 ж.



ЦӘК төрайымы







МАҚҰЛДАНДЫ






Колледж әдіскері Коцелл С.О.

2018 ж.



Түсініктеме хат.

Оқу-әдістемелік кешен балалар аурулары пәнінің оқытушысымен дайындалған,мазмұны мен құрылысы бойынша оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес.

Біздің мемлекетіміздің денсаулық сақтау реформаларының басты стратегиялық бағыттарының біріне тұрғындарға амбулаторлық көмекті дамыту жатады. Бұл ДДҰ (ВОЗ) бағдарламасына да сәйкес, ол өз кезегінде біріншілік медико-санитарлық көмек пен оның құрамдас бөлігі – амбулаторлық-емханалық көмекті тұрғындар денсаулығын жақсарту стратегиясының басты бағыттарына жатқызады.

Қазіргі таңда балалардағы ас қорыту жүйесінің ауруларын емдеу, алдын алу және диагностикасы бойынша сұрақтары толық қамтылмаған, ДДҰ мен ЮНИСЕФ бағдарламасының нұсқаулық-әдістемелік материалдары жоқ.

Оқу-әдістемелік кешенде балардағы БАБЖ әдістемелік материалдары толық жинақталған, ақпараттық материал ғана емес, сонымен қатар, оқушылардың өзіндік жұмысы бойынша әдістемелік нұсқаулар , бақылаушы материал – есептер мен тестілік бақылау берілген.



Медициналық колледж оқушыларына арналған.





























ОӘК құрамы


ОӘК мазмұны:

-тақырыпты меңгеру мақсаттары мен міндеттері

-тақырып сұрақтарын меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар

-тақырып көлемі, жұмыс бағдарламасынан көшірме

-тақырып көлемі, оқу ісінің тақырыбы және түрі бойынша сағаттар бөлу.

-тақырыптың оқу- әдістемелік қамтамасыз етілуі (әдебиет: негізгі және қосымша)

-тақырыптың материалдық – техникалық , ақпараттық қамтамасыз етілуі (оқу процесінде пайдаланылатын қажет оқыту құралдарының тізбесі және оларды қолдану тәсілдері)



Ақпаратттық блок:


  • Лекциялар конспектісі

  • Тақырып бойынша сұрақтар тізбесі

  • Тақырып бойынша практикалық дағдылар тізбесі (нені білу және үйрену керек.)




Оқушылардың өз бетімен жұмысы:


  • Сабақ жоспары (технокарта)

(пәнді меңгеру бойынша оқушыларға арналған әдістемелік ұсынымдар оқу ісінің түрлі сипатын және оқытудың ұсынылатын тәртібін ашады).

  • Өз бетімен жұмыс бойынша оқушыларға арналған әдістемелік құрал.

(пәнді меңгеру үшін қажет уақытты жоспарлау және ұйымдастыру бойынша ұсынымдар, әдебиеттер және басқа да ақпарат көздерімен жұмыс жасау бойынша ұсынымдар).




Бақылаушы блок:


Бақылауды іске асыру бойынша материалдарға мыналар кіреді:

- тақырып бойынша тестілік бақылау

- бақылаушы тарату материалдары (есептер, тапсырмалар, әрекет стандарттары, графологиялық құрылымдар).















Тақырыпты меңгеру мақсаты:


Білімділік – бір жастан асқан балаларда асқазан-ішек жолы ауруларының негізгі клиникалық белгілерін зерттеп, науқас балаларды күту машықтарын игеру.


Тәрбиелілік – оқушыларды науқас баланы күтуге және дәрігер тағайындауларын жауапкершілікпен орындауға тәрбиелеу.


Студент білуі керек:

  • Балаларда асқорыту мүшелері ауруларының даму себептерін

  • Стоматиттердің себептерін, клиникалық белгілерін, диагностикасын, емін

  • Гастриттердің себептерін, клиникалық белгілерін, диагностикасын, емін

  • Асқазан ойық жарасының себептерін, клиникалық белгілерін, диагностикасын, емін

  • Өт шығару жолдары дискинезиясының себептерін, клиникалық белгілерін, диагностикасын, емін

  • Колиттің себептерін, клиникалық белгілерін, диагностикасын, емін

  • Дисбактериоз туралы түсінікті, себептерін, клиникалық белгілерін, диагностикасын, емін

  • Іш қату туралы түсінікті, себептерін, клиникалық белгілерін, диагностикасын, емін

  • Балалардағы гельминтоздар, себептерін, клиникалық белгілерін, диагностикасын, емін, алдын алуын

  • Емдік тамақтану принциптерін


Студент істей білу керек:

  • Анамнез жинау

  • Науқас баланың объективті зерттеуін жүргізу

  • Қойылған диагнозды негіздеу

  • Науқас баланы емдеу тактикасын анықтау

  • Ауыздың уылуында, стоматитте ауыз қуысын өңдеу

  • Гельминт жұмыртқаларына қырынды алу

  • Нәжісті бактериологиялық зерттеуге алу

  • Құсу, метеоризм, іш қату кезінде балаға көмек көрсету


Жұмыс бағдарламасынан көшірме:

бөлімшелер

дәріс

Тәжірибе

Емдеу ісі

2

6

Мейіргер ісі

2

6


Тақырыптың оқу әдістемелік қамтасыз етілуі:

1. Баймуханбетова Б.Н, Садвакасова М.А. «Балалар ауруларының пропедевтикасы», 2012, Қарағанды.

2. Хабижанов Б.Х, Хамзин С.Х. «Педиатрия», 2005, Алматы

3. Кнашина С.А, Блялова А.А. «Педиатриядағы мейірбике ісі», 2014, Қарағанды.

4. А. Коптілеу «Педиатриядағы мейірбике ісі», 2015, Ақтөбе.

5. Б.Түсіпқалиев «Педиатриядағы мейірбикелік іс» , 2011, Ақтөбе.

6. Тукбекова Б.Т. «Балалар аурулары», 2015, Мәскеу.

7. Аюпова С.Х. «Клиникалық педиатрия», 2008, Алматы.




Ақпаратттық блок:


  • Лекциялар конспектісі

  • Тақырып бойынша сұрақтар тізбесі

  • Тақырып бойынша практикалық дағдылар тізбесі (нені білу және үйрену керек.)


Лекция тақырыбы: «Асқазан-ішек жолдарының және биллиарлы жүйенің аурулары»

Стоматиттер – ауыздың ойылуы.

Этиологиясы:микробты және вирусты.Стоматит дамуына әкелетін факторлар – жедел инфекциялық аурулар (қызылша, скарлатина, грипп, желшешек т.б).Сонымен бірге стоматиттің себебіне әртүрлі интоксикациялар (сынап, висмут), медикаментозды заттармен жергілікті әсер ету жатады.

Клиникасында 4 түрін ажыратады: а) катаральды стоматит

б) ойық жаралы стоматит

в) саңырауқұлақты стоматит

г) герпестік (афтозды) стоматит



а) Катаральды стоматитте шырышты қабаттардың гиперемиясы мен ісінуі байқалады.Дұрыс күтім мен емнен кейін ауру толық жазылады.

б) Ойық жаралы стоматит, негізінен, ересек жастағы балаларда, кариесті тістері бар балаларда, дұрыс күтім болмаса байқалады.Жалпы интоксикациялық белгілер (дене қызуының 38-39 градусқа көтерілуі), жақасты лимфа түйіндерінің үлкейіп, сілекей бөлінуінің көбеюі байқалады.Иектері ісінулі, ауырсынуы бар, қанағыш, ауыз қуысының әртүрлі бөліктерінде аз көлемді ойық жаралар пайда болады, олар сұр түсті некрозды жабынмен жабылған.

Асқынулары – іріңді лимфаденит, тонзиллярлы абсцесс, сепсис.

Емі – жергілікті және жалпы.Жергілікті: 1:6000 қатынаста калий перманганаты ерітіндісімен ауыз қуысын өңдеу, 2% бор қышқылымен, 3% сутегі тотығымен, антибиотиктер жергілікті, қажет болса – детоксикациялық терапия.

в) Ауыз қуысы шырышты қабаттарының саңырауқұлақтармен зақымдануын шақыратын қоздырғыштар – c.albicans, c.tropicans.Кіші жастағы балаларда сілекейдің қышқыл реакциясы, ішек дисбактериозы т.б әкеледі.

Клиникасы:балаларда ауыз қуысының жедел кандидозы (молочница) жиі кездеседі.Оның жеңіл, орташа, ауыр түрлерін ажыратады.Ең негізгі симптомы – ауыз қуысының шырышты қабатында жабынның түзілуі.

Жеңіл түрінде шырышты қабаттың шектелген учаскелерінде ірімшікті түйірлер тәрізді жабынның болуы, жеңіл алынады, ауру ұзақтығы – 7 күн, рецидив болмайды.

Орташа түрінде – гиперемия негізінде ірімшікті немесе пленкалы жабын түзіледі, жайылмалы түрде ерінді, ұртты, тілді, қатты таңдайды жабады.Ауру ұзақтығы- 10-15 күн, рецидив болуы мүмкін.

Ауыр түрінде пленкалы жабын ұрттың шырышты қабатын жабады.Ауру ұзақтығы 1айға дейін созылады.

Емі: 1 % анилинді бояғыш ерітінділер, 20 % натрий бораты ерітіндісі, йодинол. Ересек балаларға шырышыты қабаттарды 5 % нистатин, леворин немесе 0,5% декамин мазьдарымен майлайды.

г) Жедел герпесті стоматит (афтозды стоматит) – балалардағы ауыз қуысы шырышты қабатының ең кең тараған ауруы.Ауа-тамшылы, ойыншықтар арқылы таралады.Инкубациялық кезеңі – 2-6 күн.Жиі ерте жастағы балалар ауырады.Ауру жедел басталады, жалпы интоксикация белгілері (әлсіздік, тері, бұлшықет гиперестезиясы, бозғылттану, құсу т.б) дамиды, кейін ерін, ұрт, тіл шырышты қабаттарында жеңіл жарылатын көпіршіктер немесе эрозиялар түзіледі, сары-сұр түсті фибринозды жабынмен жабылған, бұл өзгерістер ауырсынумен көрінеді, тамақ ішу мен сөйлеуді қиындатады.Ауру ұзақтығы – 7-10 күн.Афтлар тыртық қалдырмай жазылады, рецидив болмайды.Ауырған баланы шектеп, бөлек ыдыс, қол орамалмен қамтамасыз етеді.

Емі:ауру қуысын сағат сайын антисептиктермен өңдейді.Афтларды өңдеу үшін протеолитикалық ферменттер (трипсин, химотрипсин) қолданылады.Тері зақымдалса – 1 % анилинді бояғыш ерітінділер, 0,25 % оксолин, 5 % теброфен, мырышты, 5 % интерферонды, синтомицинді эмульсиялар тағайындалады.



Гастриттер


Жедел гастрит – инфекционды этиологиясы жоқ асқазан шырышты қабатының жедел қабынуы.




Себептері:тамақтану бұзылыстары – көп көлемді тағаммен асқазанды жүктеу, тым ыстық немесе суық тағамды пайдалану, т.б.Кейде жедел гастрит кейбір дәрілік заттарды қолданғаннан кейін пайда болуы мүмкін (ацетилсалицил қышқылы, цитостатиктер т.б)

Клиникалық көрінісі: Тамақтанудан кейін бірнеше сағаттан соң іштің ауырсынуы немесе толуы байқалады.(жиі түнде) Көп құсу пайда болады.Құсық массалары қышқыл реакциялы, құрамында қорытылмаған тамақ бар.Қайталап құсуда өт араласып, балалар ауыздағы ащы дәмге шағымданады.Құсудан кейін, әдетте, бала жеңілденіп, ауырсыну тиылады.Іщті пальпациялағанда ауырсыну және іш кебуі сезіледі.Кейінгі 1-3 күнде әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, кекіру, кейде тұрақсыз нәжіс байқалады.Дұрыс ем қолданса, ауру 1-3 күнде жазылады.

Емі:Жылы қайнаған сумен, 1 % натрий гидрокарбонаты ерітіндісімен немесе натрий хлориді изотоникалық ерітіндісімен асқазанды жуу.Балаға көп сұйықтық ішкізіп, тіл түбіріне басып, құсық шақыру.Баланы төсекке жатқызып, жылытып, жылы шай беру, ішке жылытқыш салады.Жылу асқазанның секреторлы және қозғалыс бұзылыстарын әлсіретіп, ауырсынуды басады.Алғашқы 1-2 күні аз порциялы диета көрсетілген, әрбір 3-4 сағат сайын сұйық ботқалар, кефир, кисель, желе беріледі.Кейін диетаны кеңейтеді (ірімшік, балық немесе ет суфлесі, картоп езбесі т.б).Алғашқы 2-3 аптада консервілерді, майлы тағамдарды т.б. қолданбаған жөн.

Болжамы:Толық жазылу немесе созылмалы гастрит немесе ойық жара ауруына өтуі мүмкін.


Созылмалы гастрит – асқазан шырышты қабатының созылмалы қабыну процесімен және асқазан бездері атрофиясының біртіндеп дамуымен жүретін ауру.

Жіктелуі:

1.Түзілуі бойынша:

А) біріншілік (экзогенді)

Б) екіншілік (эндогенді)

2. Патологиялық процестің таралуы бойынша:

А) жайылмалы

Б) ошақты ( антральды, фундальды)

3. Асқазан шырышты қабатындағы морфологиялық өзгерістерге байланысты:

А) беткей гастрит

Б) бездердің атрофиялық зақымдалуы бар гастрит

В) атрофиялық гастрит

4.Эндоскопиялық суреті бойынша:

А) беткей

Б) гипертрофиялық

В) эрозивті

Г) атрофиялық

5.Асқазан секрециясының сипаты бойынша:

А) қалыпты секреторлы функциясымен

Б) төмен секреторлы функциясымен

В) жоғары секреторлы функциясымен

6.Ауру кезеңдері бойынша:

А) өршу кезеңі

Б) толық емес ремиссия кезеңі

В) ремиссия кезеңі

Клиникасы:Балаларда жиі антральды гастрит кездеседі.(асқазанның антральді бөлігі зақымдалады).Шағымдары:әлсіздік, тез шаршау, бас ауруы, бас айналу.

Негізгі симптомдары:таңертеңгі кездегі немесе тамақтанудан кейінгі іш ауырсынуы және лоқсу.Іш сыздап ауырсынуы мүмкін, ауырсыну жай немесе интенсивті болуы мүмкін.Ауырсыну жүргенде, жүгіргенде, тұрған кезде күшейеді.Пальпацияда эпигастрийдің оң жартысында ауырсыну және резистенттілік байқалады.Антральді гастритпен ауыратын науқастарда қышқыл компоненттерінің басымдылығымен секреция жоғарылайды.Балалық шақта беткей гастрит және бездердің атрофиясыз зақымдалуы бар гастрит жиі кездеседі.

Балаларда эрозивті гастриттер екі түрде кездеседі:

А) ойық жара тәрізді

Б) геморрагиялық

Ойық жаралы гастритке іштің ауырсынуы (ашқарынға, сирек түнде), лоқсу, қыжылдау, кекіру, құсу, іш қатуға бейімділік тән.

Геморрагиялық гастритке іш ауырсынуы, тәбеттің төмендеуі, жүдеу, периодты түрде күңгірт нәжіс, ауыр ағымында қан құсу болады.

Емі:Диета – стол № 1.

Седативті заттар (бром, валериана), спазмолитикалық заттар (папаверин, но-шпа, магний сульфатымен электрофорез т.б) тағайындалады.Гиперацидоз кезінде антацидтік препараттар 2-3 апта бойы тамақтан 30-40 минут бұрын немесе ұйқыдан бұрын.Құсу болғанда церукал, реглан 0,5 мг/кг тамақтан бұрын.

Ремиссия кезінде санаторлы-курортты ем, субацидоз кезінде газсыз әлсіз минерализацияланған жылы минералды сулар 3-4 апта бойы 3-4 мл/кг-нан күніне 3 рет, гиперацидоз кезінде – тамақтан 1 сағат бұрын беріледі.

Медикаментозды терапия курстары арасында өсімдік шөптерін тағайындайды (ромашка, шиповник т.б.)



Асқазан және он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы.

Асқазан және он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы – асқазан мен он екі елі ішекте жараның түзілуімен жүретін созылмалы рецидивті ауру.

Этиологиясы:Ойық жара ауруына әкелетін жара алдындағы жағдайлар:
1) тамақтану бұзылыстары

2) лямблиоз

3) инфекцияның созылмалы ошақтары

Жіктелуі:

Клинико-морфологиялық белгілеріне байланысты: 1) асқазанның ойық жарасы 2) он екі елі ішектің ойық жарасы

Процесс кезеңіне байланысты:

1) өрщу кезеңіндегі ойық жара ауруы

2) басылу кезеңіндегі ойық жара ауруы

3) клиникалық ремиссия кезеңіндегі ойық жара ауруы



Ойық жараның орналасуы бойынша: 1) асқазанның фундальды бөлігінің ойық жарасы 2) асқазанның антральды бөлігінің ойық жарасы 3) он екі елі ішектің пиязшығының ойық жарасы 4) он екі елі ішектің постбульбарлы бөлігінің ойық жарасы 5) асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы

Асқынулардың болуына байланысты: 1) асқынған ойық жара ауруы 2) асқынбаған ойық жара ауруы

Клиникасы:Балаларда ойық жара жиі он екі елі ішекте орналасады.Негізгі шағымы – ауырсыну.Басында ауырсыну анықталмаған сипатта болады және эпигастрий, кіндік аймағында орналасады.Кейін ауырсыну тұрақты сипат алады, жиі түнде және ашқарынға ауырсынулар байқалады.Балаларда диспепсиялық бұзылыстар ересектерге қарағанда сирек байқалады.Балалардың көбінде тәбеті бұзылмайды, эмоциональдық тұрақсыздық, астениялық жағдай дамиды.Гипергидроз, гипотония болуы мүмкін.Тілдің жабынмен жабылуы, іштің пальпациясы кезінде ауырсыну байқалады.

Асқынулары: Қан кету, перфорация, перивисцерит, пенетрация, перитонит. Диагностикасы:Анамнез, клинико-лабораториялық мәліметтер, ФГДС нәтижесінде диагноз қойылады.Helicobacter pilori-ді анықтау үшін тесттер жүргізіледі: ИФА, қанда, зәрде, сілекейде антиденелерді анықтау т.б.

Емі: Төсек режимі, диета № 1 а, 1б ,кейін №1 стол.

Емі бағытталған:

  1. Асқазан сөлінің агрессивті қасиеттерін басуға негізделген.Селективті М1-ххолиноблокаторлар тағайындалады:гастроцепин, пирензепин;H2-гистамин рецепторларының блокаторлары:ранитидин, фамотидин; антацидтер:алмагель, фосфалюгель, гастрогель.

  2. Шырышты қабаттың қорғаныс қасиетін жоғарылату үшін цитопротекторлар:висмут препараттары (де-нол, три-бимол), цитотек т.б. тағайындалады.

  3. Нейрогуморальды реттелуге бағытталған:психотропты, дофаминоблокаторлар тағайындалған.

Сонымен бірге, антибактериальды препараттар, физиотерапия (УВЧ, лазеротерапия) тағайындалады.

Антихеликобактерлі терапия схемасы 5 жасқа дейінгі балаларға тағайындалмайды.

Бірінші линия терапиясы:

7 жасқа дейінгі балаларға:

де-нол (120 мг күніне 2 рет) + метронидазол (250 мг күніне 2 рет) + амоксациллин (500 мг күніне 2 рет).

7 жастан асқан балаларға:

де-нол (240 мг күніне 2 рет) + метронидазол (500 мг күніне 2 рет) + амоксациллин (1000 мг күніне 2 рет).

Екінші линия терапиясы:

7 жасқа дейінгі балаларға:

де-нол (120 мг күніне 2 рет) + метронидазол (250 мг күніне 2 рет) + амоксациллин (500 мг күніне 2 рет)+ ранитидин (150 мг күніне 2 рет).

7 жастан асқан балаларға:

де-нол (240 мг күніне 2 рет) + метронидазол (500 мг күніне 2 рет) + амоксациллин (1000 мг күніне 2 рет)+ омепразол (10 мг күніне 2 рет).



Өт шығару жолдарының аурулары.

Жіктелуі:

1.Өт қабы мен өт шығару жолдарының дискинезиясы: 1) гипермоторлы 2) гипомоторлы 3) аралас

2.Қабыну аурулары:

1) холецистит

2) холангит

3) холецистохолангит


3.Өт қабы мен өт шығару жолдарының туа біткен даму ақаулары.

4.Өттас аурулары. 5. Паразитарлы аурулар: описторхоз, эхинококкоз, гельминтозы. 6.Ісік тәрізді аурулар

Жиі балаларда өт жолдарының дискинезиясы кездеседі.

Өт қабының дискинезиясыбауыр мен өт қабынан он екі елі ішекке өттің шығуының бұзылуымен көрінетін, оң жақ қабырға астында ауырсынудың пайда болуымен сипатталатын өт қабы мен жолдарының тонусының бұзылыстары. Этиологиясы. Жиі дискинезиялар невроздың нәтижесінде, асқазан-ішек трактісінің ауруларында дамиды. (гастриттер,асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы). Дискинезияға психикалық жүктемелер, жарақаттар, инфекциялар (әсіресе, вирусты гепатит), құрт инвазиялары, ішек лямблиозы, интоксикациялар әкелуі мүмкін.Тұқымқуалаушылық, диетадағы ақаулар маңызды роль атқарады.

Патогенез. Дискинезияның дамуында невроз бен өт шығарудың реттелуінің бұзылыстарына көп көңіл бөлінеді. Симпатикалық немесе парасимпатикалық жүйке жүйесі тонустарының басым түсуі өт жолдарының сфинктерлерінің тұрақты спазмы немесе гипотонияға әкеледі.Нәтижесінде өт шығу ырғағы бұзылып, оның құрамы мен қасиеттері өзгереді. Клиникалық көрінісі. Өт қабы дискинезиясының екі негізгі түрін ажыратады:

1) гипертониялық түрі – бұл түрінде өт жолдарының сфинктерлерінің және өт қабының тонусы жоғарылаған.

2)гипотониялық түрі - өт қабының қозғалыс белсенділігінің және тонустың төмендеуімен сипатталады.

Гипертониялық дискинезияға оң жақ қабырға астында және кіндік тұсындағы қысқа мерзімді , ұстамалы, кейде оң иық немесе жауырынға берілетін тескен немесе кескен сипаттағы ауырсынулар тән. Науқастың дене қызуы қалыпты.Кейде қысқа мерзімді диспепсиялық бұзылыстар пайда болады.Науқастардың көбісінде вегетотамырлы дистонияның симптомдары байқалады: тез шаршау, қозғыштық, бас ауруы, тершеңдік, жүрек соғуы. Пальпация кезінде өт қабы тұсында ауырсыну анықталады, бауыры ұлғаймаған.

Гипотониялық дискинезияға оң жақ қабырға астында немесе кіндік тұсындағы тұрақты, сыздаған ауырсынулар, толу сезімі тән.Диспепсиялық бұзылыстар пайда болып, ауызда ащы дәм, кекіру, лоқсу, кейде құсу, тұрақсыз нәжіс пайда болады.Астеновегетативті синдром анықталды.Іш пальпациясы кезінде атониялық өт қабы сипап сезіледі.

Емі: Гипокинетикалық түрінде: диета №5,өсімдік клетчаткаларына бай тағамдар,нейротропты кофеин,фипс,алоэ,жень-шень, спазмолитиктер тағайындалмайды. Тонусты күшейту үшін емдік дене тәрбиесі кең қолданады.Дуоденальді зондтау кең түрде қолданады.Физио ем тонусты көтеру үшін гальванизация, балшық басу тағайындалады.

Гиперкинитикалық түрінде: диета.№5,майсыз тағам,нейротропты дәрілерден:новокаин,транквилизаторлар,спазмалитиктерден но-шпа,папаверин,атропин.Емдік дене тәрбиесінің қажеті жоқ.Газы аз немесе жоқ суды аз ішеді.Физио ем жүргізу үшін элекрофарез,спазмалитикалық дәрілер тағайындалады.



Гельминтоздар

Гельминттер – адам мен жануарлар денесіндепаразиттік өмір сүретін құрттар.Бұл құрттардың шақырған ауруларын гельминтоздар деп атайды.Гельминтоздардың себебі – гигиеналық режимді сақтамау. (кір қолдың ауруы).Тырнақ астымен, жуылмаған жеміс-жидектер арқылы, кір ойыншықтар арқылы баланың аузына құрттардың жұмыртқалары түседі, ішек пен асқазанға түсіп, жұмыртқалар өсіп жетіледі, өскен құрттар баланың қанымен, ішкен тағамдарымен тамақтанады, өздерінің улы заттарын бөледі.

Балаларда, көбінесе, домалақ құрттардың түрі ауру тудырады:

Аскаридоз – ұзындығы 25-40 см болатын ақ құрттармен шақырылады.Аскаридалар аш ішекте өмір сүреді.Жұмыртқалары нәжіспен сыртқа шығады.

Энтеробиоз – кішкене жұмыр, ұзындығы 2-10 мм ішек құрты острицалармен шақырылады.Острицалар тоқ ішекте өмір сүреді.Аналықтары түнде анустың айналасындағы қатпарларға шығып, жұмыртқа салады. 5-6 сағаттан кейін бұл жұмыртқалар өсіп жетіледі.Бала құйрығын қасыған кезде тырнақ астына жиналады да, қол жумай тамақ ішкен кезде бала өзіне-өзі қайта жұқтырады.(аутоинвазия).

Клиникалық көрінісі:Баланың іші ауырады, ұйқысы бұзылады, тәбеті төмендейді, құйрығы қышиды, терісі бозғылт сарғыш түсті, дене салмағын қоспайды, қайта кемиді, тез шаршағыш, жүрек айнып, ішек түбі ауырады, себепсіз іші өтеді немесе іші қатады.

Диагнозын анықтау үшін: Нәжісті жылы күйінде үш жерден таяқшамен пенициллин флаконына салып, гельминт құрттарын зерттеуге жібереді, үш рет үш күн ішінде және анустың айналасындағы қатпарлардан қырынды алып анализге жібереді.( соскоб).

Емдеу және күтімі:

1.Тырнақтарын қысқа қиып, іш киімін, төсегін жиі ауыстырып, жуып, үтіктеп тұру керек.Іш киімін таңертең ауыстыру керек.

2.Науқас баланың үйіндегі барлық туыстарын тексеріп, анализінде гельминт жұмыртқалары табылған адамды емдеу керек.

3.Гельминтке қарсы дәрі қабылдау қажет: декарис, вермокс, пиперазин, пифантейл.

4.Оттегімен емдеу.(ішекке немесе асқазанға енгізіледі).





Алдын алуы:

1.Жеке бас гигиенасын сақтау.

2.Шыбындарды жою.

3.Жеміс-жидектерді ыстық сумен жуу.





Тақырып бойынша сұрақтар тізбесі:

1.Стоматиттің жиі себептерін атаңыздар?

2. Стоматиттердің қандай клиникалық түрлерін білесіздер?Олардың клиникалық ағымының ерекшеліктерін атаңыздар?

3. Стоматиттерді жергілікті емдеудің негізгі принциптерін атаңыздар?

4. Кандидозды стоматиттің қоздырғышының ерекшелігі, клиникалық көріністері, емдеу принциптерін атаңыздар?

5. Стомтиттердің алдын қалай алу керек?

6. Жедел гастрит, созылмалы гастрит, ойық жара ауруына анықтама беріп, себептерін, клиникалық белгілерін атаңыздар?

7.Осы аурулардың емдеу принциптерін атап өтіңіздер?

8. Өт қабының дискинезиясына анықтама беріп, оның пайда болу себептерін атаңыздар?

9. Дискинезиялардың клиникалық түрлерін ажыратып, олардың әрбіреуінің клиникалық ерекшеліктерін атаңыздар?

10. Дискинезиялардың негізгі емдеу принциптерін атаңыздар?

11. Дискинезиялардың алдын қалай алу керек?

12. Аскаридоз, энтеробиоз қоздырғыштарын атап,олардың даму ерекшеліктерін атаңыздар?

13. Аскаридоз, энтеробиоздың клиникалық көріністері қандай?

14. Гельминтоз кезінде қолданылатын негізгі препараттарды атаңыздар?ч

15.Гельминтоздардың алдын қалай алу керек?




«Асқазан-ішек жолдарының және биллиарлы жүйенің аурулары» тақырыбы бойынша өз бетімен жұмыс істеу үшін оқушыларға арналған әдістемелік құрал.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік – 1 жастан асқан балаларда асқазан-ішек жолы ауруларының негізгі клиникалық көріністерін зерттеу.Осы патология кезіндегі балаларды күту ерекшеліктерін игеру.


Тәрбиелік – науқас баланың күтімінде дәрігер тағайындауларын орындаудың жауаптылығын түсіну.t


Өткізу орны - клиника.


Материалды қамтамасыз етілуі

  • дуоденальды зонд жүргізуге арналған аспаптар

  • асқазанды жууға арналған аспаптар

  • медициналық құжаттама



Сабақ жоспары:

  1. Науқас балаларды тексеру және клиникалық талдау жүргізу.

  2. Дуоденальды зонд енгізу, асқазанды шаюды жүргізу мен дайындау әдістерін игеру.

  3. Дегельминтизация жүргізуде мейірбикеге көмектесу.

  4. Емшара бөлмесіндегі жұмыс бойынша машықтарды игеру.


Сабақтың қысқаша мазмұны:


1.Әдістемелік материалмен жұмыстану:


Асқорыту жүйесінің аурулары бар ересек балаларды зертттеудің бірқатар ерекшеліктері бар. Ерекше көңіл науқастың шағымдарына, күн тәртібі мен тамақтануына, тәртіп ерекшелігіне, асқазан-ішек жолы жағынан дисфункцияның болуына бөлінеді.

Ең жиі шағымдарына тәбеттің және дәм сезудің бұзылуы, ішінің ауырсынуы жатады.Бұл кезде ауырсынудың локализациясы мен сипатын, оның пайда болу уақытын, оны жеңілдететін дәрілік заттарды анықтау керек.

Тексеру кезінде баланың жалпы жағдайын бағалап, ауыз қуысының шырышты қабатын тексергенде оның ылғалдылығына, жабынның болуына және басқа да өзгерістерге көңіл аудару керек. Іштің беткей және терең пальпациясы кезінде оның кебуіне, ауырсынуына көңіл аудару керек. Күдікті жағдайларда хирург консультациясы міндетті.


Балалардағы асқазан-ішек трактісінің аурулары кезінде манипуляцияларды жүргізу техникасы.


Балалардың асқазанын шаю. Дайындау керек:

  • асқазан зонды;

  • 2 резеңке алжапқыш;

  • жууға арналған бөлме температурасындағы (+20, +22˚С) суы бар ыдыс;

  • шайылған суды құятын табақ;

  • 2 лоток (жабдық және өңделген зат үшін);

  • дәкелі сүлгі;

  • шпатель;

  • асқазаннан алынған бөліндіні құятын залалсыздандырылған ыдыс;

  • дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдыс, ветошь;

  • резеңке қолғап;

  • жолдама қағаз.

  1. Алжапқышты кию. Қолды жуу, кептіру, қолғап, бетперде кию.

  2. Көмекші қолына баланы орналастыру:

а) баланың аяғын көмекші өз аяғымен қамтиды; б) қолын бір қолымен ұстайды; в) басын – келесі қолымен, алақанына бала маңдайы орналасуы керек; г) фиксация жақсы болуы үшін ерте жастағы бала болса, оны жаялыққа немесе орағышқа орау. 3.Ұстап отырған қолдың сыртынан балаға алжапқышты кигізу. 4.Баланың аяғының астына жуылған суға арналған табақ қойылады. 5.Енгізілетін (қарынға) зондты өлшеу (құлақ түйінінен алдыңғы тістерге және кіндікке дейін). 6.Зондтың «тұйық» ұшын суға батыру. 7.Шпательдің көмегімен баланың аузын ашу (егер өзі ашпаса, ауыз кеңіткіш және тіл ұстағыш қолданады). 8.Зондты тілдің орта сызығы бойымен белгіленген жерге дейін енгізу. 9.Зондты тіс артына апару. 10.Зондты воронкаға немесе поршенсіз «Жане» шприціне қосу. 11.Воронканы асқазан деңгейінен төмен ұстап, оған жуатын суды құю. 12.Воронканы сұйықтық асқазанға түскенше (су воронка сағасына дейін түсу керек) біртіндеп жоғары көтеру. 13.Воронканы төмен түсіріп, асқазан жуындысын табаққа төгу. 14.Жууды таза жуынды су алғанша бірнеше рет қайталау. 15.Воронканы алу, зондты сүлгі арқылы шығару. 16.Баланың аузын шаю. 17.Баланы анасына беру немесе кереуетке жатқызу. 18.Қарыннан алынған бөліндіні залалсыздандырылған ыдыспен зерттеуге жіберу. 19.Жолдамамен зертханаға жіберу. 20.Инструменттерді, алжапқышты зарарсыздандыру. 21.Қолғапты шешу, қолды жуу, кептіру. Ескерту:

  • Егер бала зонд енгізу кезінде тұншықса, жөтелсе, зондты бірден шығарып алу.

  • Жууға арналған су көлемін 1 жылға 1 литр есебімен алынады, бірақ 10 литрден аспау керек.

  • Асқазанды жуу кезінде енгізген сумен шыққан су тең болуы керек.


Ерте жастағы балаға тазарту клизмасын қою. Дайындау керек:

  • клеёнка, жаялық;

  • резеңке қолғап және алжапқыш;

  • сыйымдылығы жасына сай болатын ұшы бар резеңке баллон

  • бөлме қызуына сәйкес келетін (+20; +22˚С) су құйылған ыдыс;

  • вазелинді немесе залалсыздандырылған өсімдік майы;

  • құман;

  • өңделген заттар үшін лоток.


  1. Клеенка төсеу, оған жаялық төсеу.

  2. Қолды жуу және кептіру, алжапқыш, қолғап, бетперде кию.

  3. Резеңке баллонды алу және одан ауаны шығару.

  4. Баллонға температурасы +20; +22˚С суды сорып алу.

  5. Құю тәсілімен шетіне май жағу.

  6. Баланы ішіне аяғы бүгіліп жиналған қалпында сол жағымен жатқызу.

  7. Сол қолдың 1 және 2 – ші саусағымен жамбастың анальді аймағын ашып, осы қалыпта баланы ұстай тұру.

  8. Баллонды ұшымен жоғарыға көтеру және оң қолдың бас бармағымен абайлап ауаны шығару.

  9. Баллонды қыспай ұшын анальді қуысқа, алдымен кіндікке қарай бағыттап, сосын сфинктерден өтіп, құйымшаққа параллельді жылжытып, 3 – 8 см тереңдікке енгізу.

  10. Баллонды жәйлап қысу арқылы су енгізу.

  11. Баллонды қыспай ұшын шығару.

  12. Баланың жамбасын 3 – 5 минут дефекация пайда болғанша қыса тұрып, арқасынан жатқызу.

  13. Дефекация актісінен кейін баланы жуу, құрғату, киіндіру.

  14. Алжапқышты, қолғапты шешу, баллонды залалсыздандырғыш ерітіндіге салу.

  15. Қолды жуу, кептіру.

Ескерту:

  • Тазарту клизмасына арналған су алынады:

а) жаңа туғандарға 25 – 30 мл;

б) емшек жасындағы және одан асқандарға жасының әр жылына 100 мл есебінен, бірақ1,5 литрден аспау керек.

  • 6 айға дейінгі балаларды арқасымен жатқызу және аяғын жоғары көтеру.


Дуоденальды зонд енгізу техникасы. Дайындау керек:

-жіңішке дуоденальды зонд

-пробиркаларға арналған штатив

- шприц 20 см 3

-лоток

-өлшегіш цилиндр 150 мл

-33 % магний сульфатының ерітіндісі

-0,1 % атропин ерітіндісі

-2 % натрий гидрокарбонаты ерітіндісі


Зондта міндетті түрде «белгілері» болуы керек. Бірінші белгі зондтың асқазандағы жағдайына сәйкес келеді және кіндіктен мұрынға дейінгі қашықтықта қойылады. Екінші белгі он екі елі ішекке дейінгі қашықтыққа сәйкес келеді және біріншісінен кейін 10-15 см-ден кейін қойылады. Метал оливасы бар зонд қолданылады.Зондты ылғалдап, тілдің түбіріне салып, науқастан жұтынуды өтінеді,бұл кезде олива баяу өңеш арқылы қозғалады.Бірінші белгіге жетсе, олива асқазанға барды дегені.Зондты әрі қарай он екі елі ішекке өткізу үшін, баланы баяу 20 минуттай жүргізіп, зондты екінші белгіге дейін жұтқызады.Содан кейін баланы оң жақ бүйіріне жатқызып, оң жақ қабырға аралығына валик немесе жылытқыш салады.

Егер пробиркаға ашық сары түсті сұйықтық толса - А порциясының алынғаны. А порциясын жинағаннан кейін өт қабының сфинктерін босату үшін зонд арқылы 10-50 мл көлемде жылы өт айдаушы ерітінділерді енгізеді: 33 % магний сульфаты ерітіндісі, 40 % глюкоза ерітіндісі, олива майы т.б. Ерітінді енгізгеннен кейін 7-10 минутқа зонд қысқышпен қысылады.Енгізілген ерітінді өт қабы бұлшықеттерінің рефлекторлы жиырылуын, бір уақытта жалпы өт өзегі сфинктерінің ашылуын шақырады.Қысқышты алғанда зондтан өт қабындағы өт құйылады.Күңгірт түсті сұйықтықты ( «В порциясы) бөлек пробиркаға жинайды. В порциясы толық шыққаннан кейін қайтадан ашық сары өт пайда болады (С порциясы), ол бөлек пробиркаға жиналады. Процедура зондты ақырын шығарумен аяқталады.Алынған өті бар пробиркаларды жылы суға салып, лабораторияға жібереді.Баланы прцедурадан кейін міндетті түрде тамақтандыру керек.


Стоматит кезінде ауыз қуысының шырышты қабатын өңдеу емшек жасындағы балаларда резиналық баллон немесе дәкеден жасалған тампонның көмегімен жүргізіледі.Кезекпен калий перманганатының әлсіз ерітіндісін және сутегі тотығының

2% ерітіндісін қолданады (ересек балалар осы ерітінділермен ауыз қуысын шаяды.) , кейін метилен көгінің 1 % сулы ерітіндісімен өңдейді.

Балада, әсіресе, афтозды немесе ойық жаралы стоматит дамыса, оны міндетті түрде оқшаулап, оған бөлек ыдыс, ойыншықтар, тұрмыстық заттар беріледі.Заттарды тазалықта ұстап, жүйелі түрде дезинфекция жүргізіп отырады.


Саңырауқұлақты стоматит (молочница) кезінде ауыз қуысының шырышты қабатын өңдеу ауыз қуысында сілтілік ортаны сақтау мақсатымен натрий гидрокарбонатының 2 % ерітіндісімен шаюға негізделген. Сонымен қатар, ауыз қуысын бураның 20 % глицериндегі ерітіндісімен де өңдеуге болады.


Құрт жұмыртқаларына және копрологиялық зерттеулерге материал жинау.

Нәжісті таза құтыға жинап, шыны таяқшамен әртүрлі жерлерінен алып, шыны флаконға салып, анализге жібереді.


Энтеробиозға қырынды алғанда таңертең баланы жуындырмай натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісіне батырылған тампонмен анальды тесік айналасынан мазок алады.Қырынды микроскоп көмегімен тексеріліп, гельминт жұмыртқаларының бар жоқтығы анықталады.


Қажетті тәжірибелік манипуляциялар тізімі:


1.Науқас балаларды тексеріп, жағдайын бағалау.

2.Науқас баланың күтіміне қатысу.

3.Құсқан кезде балаға көмек көрсету.

4.Дәрілік заттарды беру.

5.Науқастарды тамақтандыру.

6.Асқазанды шаю әдісін игеру.

7.Дуоденальды зонд енгізу әдісін игеру.

8.Тазалық және дәрілік клизманы жүргізу және жүргізуге дайындау.

9.Зерттеуге нәжісті жинау.

10.Балалар мен ата-аналар арасында санитарлы-ағарту жұмыстарын жүргізу.



Бақылаушы блок:


  • тақырып бойынша тестілік бақылау

  • бақылаушы тарату материалдары (есептер, тапсырмалар, әрекет стандарттары, графологиялық құрылымдар).



«Асқазан-ішек жолдарының және биллиарлы жүйенің аурулары» тақырыбы бойынша бойынша тестілік бақылау:


1. 1 жасқа дейінгі баланың бауыры қабырға астынан шығып тұрады:

А) 4-5 см

Б) 2-3 см

В) 3-4 см

Г) 5-6 см

2.Баланың сілекейінің құрамындағы фермент:

А) птиалин

Б) пепсин

В) тұз қышқылы

Г) липаза

3.Дүниеге жаңа келген нәрестенің нәжісінің түсі:

А) ақшыл

Б) қою жасыл

В) алтын түсті сарғыш

Г) қызғылт-қоңыр

4.Стоматит дегеніміз бұл:

А) ауыз қуысының шырышты қабығының қабынуы

Б) асқазанның шырышты қабығының қабынуы

В) ішек қабынуы

Г) бауыр қабынуы

5.Афтозды стоматитке тән емес белгі:

А) ауыз, иек шырышты қабықтарын қан кернеп ісіну, ауызынан көп сілекей бөліну

Б) шырышты қабығының қызарып, ісініп, әр жерінде ақшыл сары күлдірігтер болу

В) ақшыл сары күлдірігтердің ұртына, таңдайына, қызыл иегіне, тіліне шығуы

Г) ақшыл сары күлдірігтердің саны 6-7 ден 25-ке дейін болуы

6.Ауыз қуысының ішінің шырышты қабықтарын қан кернеп, ісініп, жаралар пайда болса:

А) катаральды стоматит

Б) афтозды стоматит

В) жаралы стоматит

Г) ауыз қуысының уылуы

7.Стоматиттің емі және күтімі:

А) балаға бөлек ыдыс шығару

Б) тамағы жылы, сұйық, жұмсақ болуы керек

В) тамақ ішер алдында шырышты қабығына анестезин, лидокаин ерітіндісін жағу

Г) жауаптардың бәрі дұрыс

8.Гастрит дегеніміз – бұл:

А) өңештің қабынуы

Б) асқазанның қабынуы

В) тоқ ішектің қабынуы

Г) ащы ішектің қабынуы

9.1 жасқа дейінгі балада катаральды стоматит дамиды егер:

А) шіріген тістері болса

Б) ащы, құрғақ тамақ бергеннен кейін

В) дұрыс күтім болмаса

Г) тез, асығыс тамақтанса

10.Созылмалы гастриттің дамуына себепші:

А) тамақтың құрғақтығы, уақытылы тамақтанбау

Б) тамақты тез, асығыс ішу

В) тамақтың ыссы немесе салқын болуы

Г) осы айтылғандардың барлығы

11.Созылмалы гастритте тамақтану керек:

А) 3-4 рет көп мөлшерден

Б) 2 сағат сайын аз-аздан

В) күніне 5-6 рет азғантай мөлшерден

Г) бір жауап та дұрыс емес

12.Гастритте байқалатын клиникалық белгілер:

А) қышқыл ауамен не тамақпен кекіру

Б) лоқсу, құсу, іші ауру

В) басы ауру, буындары сырқырау

Г) нәжісі кілегейлі, сұйық

13.Асқазан мен он екі елі ішектің жарасы кездеседі:

А) 2-3 жастағы балаларда

Б) 4-5 жастағы балаларда

В) 8-12 жастағы балаларда

Г) тек ересек адамдарда

14.Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы дәлелденеді:

А) ФГС, ФГДС

Б) ЭКГ, ФГС

В) рентген, ЭхоКГ

Г) аудиограмма, спирограмма, ФГДС

15.Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасын емдегенде қолданады:

А) диета, антацидтер, седативті препараттар

Б) аспирин, бутадион, ортофен

В) преднизолон, аллохол

Г) верошпирон, вермокс, декарис

16. Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасының асқынулары:

А) нефрит, аппендицит

Б) цистит, спленомегалия, гепатит

В) қан кету, пенетрация, перфорация, стеноз

Г) жауаптардың барлығы дұрыс














«Асқазан-ішек жолдарының және биллиарлы жүйенің аурулары» тақырыбы бойынша клиникалық есептер:

Есеп № 1

Дәрігерге қаралған 12 жасар қыз баланың шағымы: эпигастрий аймағындағы ауырсыну, тамақтанудан кейін 1,5-2 сағаттан кейін күшейеді.Сыздап ауырсынады. Тәбеті сақталған.Тәулік бойы құрғақ тамақтанған, кейде қыжыл, қышқыл дәмді кекіру байқалады.

Болжам диагнозын қойыңыз?Балаға қандай зерттеу жүргізесіз? Балаға ем тағайындаңыз?



Есеп № 2

Бала – 6 күндік.Туылғандағы дене салмағы – 3200 г, ұзындығы – 52 см.Анасы баланың дұрыс ембеуіне шағымданды.Жалпы қарағанда тілі мен ұртының шырышты қабатында ақ жабын бар.

Болжам диагнозын қойыңыз?Жүргізілетін шаралар?

Есеп № 3

Қыз бала 15 жаста.Шағымдары – қыжылдау, қышқыл дәмді кекіру, эпигастрий аймағында ауырсыну, тамақтанудан 1,5-2 сағаттан кейін пайда болады, периодты түрде түнгі ауырсыну, ол оң жауырынға беріледі.Спазмолитиктерден кейін ауырсыну басылады, кейін күшейіп, ұстама тәрізді сипат алады.Анамнезден: ішек лямблиозымен байқалған.

Болжам диагнозын қойыңыз? Балаға ем тағайындаңыз?



Есеп № 4

Қыз бала оң жақ қабырға астының сыздап, басып, тұрақты ауырсынуымен госпитализацияланды.Ауырсыну майлы тамақтан 1-1,5 сағаттан соң немесе физикалық жүктемеден кейін пайда болады.Ауырсыну 1-2 сағатқа созылады.Қыз бала әлсіздікке, тез шаршауға, лоқсуға шағымданады.Іштің пальпациясында оң жақ қабырға астында ауырсыну сезіледі және бауыры ұлғайған.Өт қабы симптомдары оң.Ауру ұзақтығы – 1 жыл.

Болжам диагнозын қойыңыз? Балаға ем тағайындаңыз?


Есеп № 5

Бала 6 жаста.Шағымдары – оң жақ иыққа берілетін оң жақ қабырға астындағы ұстамалы ауырсынулар, дене қызуы – 37,5 градус.Анасы ауруын қуырылған картоп, ащы соус жеуімен байланыстырады.(ішінің ауырсынуы 3,5 сағаттан кейін пайда болды.)Баланың жалпы жағдайы – орташа ауырлықта, терісі бозарған.Пальпация кезінде оң жақ қабырға астында ауырсыну білінеді.Кер, Ортнер симптомдары оң.Бауыры қабырға доғасы астынан 0,5 см шығып тұр.Көкбауыры ұлғаймаған. Зәрі – сары түсті.

Болжам диагнозын қойыңыз? Балаға қандай көмек керек?Анасына қандай кеңес бересіз?





Есеп № 6

Ер бала 8 жаста.5 жасында аскаридоздан емделген. Қазіргі кезде баланың тәбеті төмендеген, тынышсыз, ұйқысы бұзылған, кіндік тұсындағы ішінің ауырсынуына шағымданады, ауырсынуы жүгіргеннен кейін күшейеді, таңертеңгі уақытта лоқсу, кекіру анықталады.Нәжісі – тұрақсыз.

Болжам диагнозын қойыңыз? Балаға ем тағайындаңыз?


Есеп № 7

Бала 9 жаста. Шағымдары: ауызына ащы дәм келеді, оң жақ қабырғасының асты сыздап ауырады, көбіне таңертеңгілікте немесе тамақ ішкеннен кейін 2-3 сағат өткесін.Объективті тексергенде ауытқулар табылған жоқ.

Болжам диагнозын қойыңыз? Қосымша қандай тексерістер өткізген дұрыс? Емдік, тамақтандыру негізін жоспарла?

Есеп № 8

5 жасар балада ішектерінде лямблиялар анықталған.Нәжісі – тұрақсыз.

Болжам диагнозын қойыңыз?Тактика? Емі?

































«Асқазан-ішек жолдарының және биллиарлы жүйенің аурулары» тақырыбы бойынша есептердің дұрыс жауаптары:

  1. Созылмалы гастрит, секреторлы белсенділігі жоғары.

  2. Кандидозды стоматит

  3. Он екі елі ішектің ойық жарасы

  4. ДЖВП гипотониялық түрі

  5. Холецистит, ДЖВП гипертониялық түрі

  6. Созылмалы гастрит, ДЖВП гипотониялық түрі

  7. ДЖВП гипотониялық түрі

  8. Лямблиоз, дисбактериоз











































«Асқазан-ішек жолдарының және биллиарлы жүйенің аурулары» тақырыбы бойынша тестілік бақылаудың дұрыс жауаптары:

1-б

2-а

3-б

4-а

5-а

6-в

7-г

8-б

9-в

10-г

11-в

12-а,б

13-в

14-а

15-а

16-в