СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
Ашы? саба?.?зін-?зі тану 3 сынып
Та?ырыбы: «А?ыл – жастан, асыл - тастан»
Ма?саты: Балаларды? «даналы?» ??нд?лы? туралы т?сініктерін ке?ейту.
Міндеттері:
. А?ылды? адам ?міріндегі ма?ыздылы?ын т?сіндіру;
. А?ылын ?мірде ?олдана білу іскерліктерін дамыту;
. Бабалар д?ст?рін ??рметтеуге т?рбиелеу.
К?рнекілік ??ралдар: ?нтаспа, д?птер, о?улы?, «Даналы? кітабы».
Саба?ты? барысы: I. ?йымдастыру кезе?і.
II. Шатты? ше?бер. С?леметсіздер ме, балалар! Отыры?дар. Мен ?з ш?кірттерімді ?зін-?зі тану саба?ында к?ргеніме ?те ?уаныштымын. Саба?ымызды бастамас б?рын мен сендерді ж?не де келіп отыр?ан ?она?тарды шатты? ше?беріне ша?ырамын. Алдары?ызда?ы затты та?дап алып, сол затты бір символ?а айналдырып, бір-бірлері?ізге жа?сы тілектер айта ?ойы?ыздар.
М??алім: ?ткен саба?та ?нер туралы айт?анымызда а?ылды ?нермен жеткізуді? ?зі ?нер деп айт?ан болатынбыз. ?йге берген тапсырма «Мен ?нерлі баламын» кімні? ?андай ?нері бар екенін орта?а салайы? /о?ушылар дайындалып келген ?нерлерін к?рсетеді/
Шетелдік ?ріптерді сызып тастаса?дар б?гінгі саба?ымызды? та?ырыбы шы?ады.
UАJQ?VЫJЛLЖАUCSTZАVHN-
АQCЫWЛZRTUАZVCNQTZFАWH
сонымен б?гінгі та?ырыбымыз «А?ыл жаста – асыл тастан» Б?гінгі а?ыл, а?ылды?, сондай-а? бала кезде а?ылды болу керектігі туралы ??гімелесеміз.
III. ??гімелесу.
?А?ылды болу дегенді ?алай т?сінесі?дер?
? Сендерді? а?ыл?а ж?гініп, д?рыс шешім ?абылда?ан кездері? болды ма? Деген сауал бойынша ??гімелеседі?
Тапсырма: М?тінні? ?рбуі бойынша сурет салу.
/М?тінді о?у/
Жиренше шешен мен ?арашаш с?лу
Жиренше бірде сапар?а шы?ады. К?н бату?а таян?анда, бір ауылды? т?сында к?п бала?а кездесе бергенде жа?быр жауып кетеді.
Сонда балалар терген тезек бар, айда?ан б?заулары бар жа?бырдан ?ор?ып, б?зауларын ?оя береді де, тезектерін т?гіп, ?йлеріне ж?гіріп кетеді..
Жиренше шешен мына баланы? бір ?асиеті барлы?ын сезіп, жа?ындап келім:
?ал?ам, сен отырып ?алды?, ана балалар болса б?зауларын ?оя беріп, тезектерін т?гіп кетіп ?алады, оны? себебі не? – деп с?ра?анда. ?ыз бала: - «Б?л балалар – а?ылсыз. ?сті-басы су болады, ?рі б?заулары жамырап кетті. Мен кешке мына ??р?а? тезекпен жылынып, ра?аттанам, б?зауды жібермедім, енді с?тке тоям ж?не ?сті басывм су бол?ан,» - дейді.
?ыз ?зін ?ана емес, байды? малын ба?атын ?кесін де ойла?ан еді. ?йткені ол ?рі аш, ?рі ?сті су болып келеді ?ой...
Шешен жігіт ?ызлды? а?ылына ?айран ?алыпты.
С?ра?тар:
1. ?арашашты? а?ылды?ы ?ай ?рекетінен бай?алды?
2. Бас?а балаларды? іс-?рекеттеріне к?з?арастары? ?андай?
3.«А?ыма? жауынды к?ні су?а т?сер» деген халы? ма?алынан нені т?сінуге болады?
4.Сендерді? да а?ылдылы?тары?ды к?рсеткен кездері? болды ма? Естері?е
т?сіріп айтып бері?дер.
М??алім: - Д?рыс айтасы?дар. А?ылды адам барлы? уа?ытта ойлап с?йлейді, жан-жа?ын байыптап барып ?рекет етеді. Ондай адамдар ?зіні? байсалдылы?ын, ?арапайымдылы?ын, кішіпейілділігін, ізеттілегін ?мытпайды. ?арашаш ?зін ?ана ойла?ан жо?, ?кесіні? де ?амын ойлайды. ?ызды? бойынан ?кесіне деген мейірімділігі а??арылады.
? Тынышты? с?ті.
Денемізді т?зу ?стап, ы??айланып отырайы?. К?зімізді ж?му?а да болады.
/1 миут/
Шы?армашылы? ж?мыс
Бір-бірнен ?андай айырмашылы?ы бар?
Байлы?, ба?ыт, а?ыл. / ?з ойлары?ды д?лелде?дер/
?Д?йекс?з
Та?тада жазулы т?р?ан Ж?сіп Баласа??ниды? «Адам бойында?ы е? тамаша н?рсе білім мен а?ыл» деген даналы?ыны? м?ні ашылады:
/о?ушыларды? ойы ты?далады/
? М??алімні? т?йіндеуі
О?ушылар д?йекс?зді д?птерлеріне жазып алады.
VI Тапсырма
Тапсырма бойынша о?ушылар ма?ал-м?телдердегі к?п н?ктені? орнына а?ыл с?зін ?осып о?иды. Ма?алдарды естеріне са?тап алады.
А?ылы?а а?ыл ?ос.
VII Ойын жал?астыру.
Мен а?ылды баламын, ?йткені..................
О?ушылар ше?бер ??рып отырады. Данышпан атайды? «Даналы? кітабы» ?олдарын кезек-кезек ?стап т?рып, «мен а?ылды баламын, ?йткені.... » деп жал?астырады. Ше?берді айналдыра б?рі осы туралы ?з ойларын айтып шы?ады. Мысалы, «Мен а?ылды баламын, ?йткені ойланып с?йлеймін», «Мен а?ылды баламын, ?йткені ашуланбаймын», «Мен а?ылды баламын ?йткені болмашы?а ренжімеймін» ж?не т.б.
? Жа?а а?парат
М??алім:
? Д?птермен ж?мыс /шы?армалы? ж?мыс/
? ?ортындылау
Со??ы тынышты? с?ті
Б?гінгі ?ткен сабаымызды та?ы да ой елегінен ?ткізіп, тынышты?та баяу ?уенмен ойымызды жина?таймыз.
- А?ылды адамны? ?иялы бай, ойы ж?йрік, ?ш?ыр болады. Ондай адамды халы? ерекше ?астерлеген. «А?ыл-жастан,асыл-тастан», «А?ылды жігіт ат?а да отырар, та??а да отырар» деген халы? ма?алдары балаларыны? жастайынан а?ылды болуын арманда?ан халы? тілегінен ту?ан. К?п о?ып, ерінбей е?бек еткен, ?лкенні? тілін ал?ан, к?пті? а?ылын ты?да?ан бала ойы ?ш?ыр, дана болады.
? Ж?ректен ж?рекке.
Мен сендерді? бойлары?нан а?ылдылы?ты, мейірімділікті, білімді бол?андары?ды, ерте?гі та?да Егеменді елімзді? ма?танышы болатындай азамат пен азаматшалары бол?андары?ды к?ргім келеді. Мені? сендерге тілерім:
Парасат балам, а?ылы?а а?ыл ?ос! Атаны? ?ана болсы болма, адамны? баласы бол!
Жансая ?ызым, ?ш?ыр ойлы бол!
Арай ?ызым, ерінбей, е?бектене біл! Асыл ?асиеттері? к?п болсын!
? Енді балалар мына ж?рекке ?здері?ізді? лебіздері?ізді, тілектері?ізді ж?не де б?гінгі саба?тан ал?ан ?серлері?ізді жазы?ыздар.
Б?гінгі ?німзді ?аза?станны? намысын ?ор?аушыларымыз?а арнаймыз
?н. «Атамекен»
«Мен а?ылды баламын, ?йткені................» деп жал?астырады. «Мен а?ылды баламын, ?йткені................» Ойланып с?йлеймін. «Мен а?ылды баламын, ?йткені................»ашуланбаймын. «Мен а?ылды баламын, ?йткені................»болаша?ыма ренжімеймін. «Мен а?ылды баламын, ?йткені................» Жа?а а?парат «А?ылды адам тере? ойлап, д?рыс шешім ?абылдай біледі. А?ылды болу ?шін о?у, іздену, ?йрену ?ажет» Д?птермен ж?мыс Д?птерге а?ылды баланы? бойында болатын ?асиеттерді жазы?дар. Д?птерде берілген ?кіні? т?мсы?ынан таралып т?р?ан пара?тарда?ы бос жолдар?а адамды а?ылды, с?йкімді, ?демі етіп к?рсететін асыл ?асиеттерді ойланып жазы?дар. ?орытындылау. Пішіндерді? б?лігін тауып, ма?ал ??растыры?дар. А?ыл азбайды, Білім тозбайды. . А?ылды адам ерінбейді. Ашу - д?шпан, а?ыл - дос, А?ылы?а а?ыл ?ос. А?ылдан жа?ын дос бар ма? - А?ылды адамны? ?иялы бай, ойы ж?йрік, ?ш?ыр болады. Ондай адамды халы? ерекше ?астерлеген. «А?ыл - жастан, асыл - тастан», «А?ылды жігіт ат?а да отырар, та??а да отырар» делінген халы? ма?алдары балаларыны? жастайынан а?ылды болуын арманда?ан халы? тілегінен ту?ан. Ж?ректен ж?рекке. Данышпан атаны? «Даналы? кітабынан» ?сиет с?здерді пара??а жазып, ?р баланы? ?олына береді. - Данышпан атай сендерді? ?р?айсыны? бойлары?нан а?ылдылы?ты к?ргісі келеді. Сендерге ?з тілегін, батасын арнайы жіберіпті. Балалар Данышпан атаны? тілектерін кезегімен о?ып шы?ады. (?р баланы? ерекшелігіне ?арай ??растырады)
Өзін- өзі тану . 3-сынып. 1-тоқсан
І тарау. Өзін-өзі тану бақыты.
1-ші сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Өзін-өзі тану белестері
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері: 3-сыныпқа арналған «Өзін-өзі тану»пәнінің мазмұнымен таныстыру; өзін,өзгелерді, адамгершілік құндылықтарын танып білуге қызығушылықтарын арттыру; сыйластыққа,кішіпейілдікке,ізгілікке тәрбиелеу. Мақсаты: «Өзін-өзі тану» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Көрнекі құралдар: үнтаспа,дәптер,оқулық,қағаздан жасалған қармақ,алтын балықтар.
Шаттық шеңбері: Балалар бір-бірімен құшақ жая сәлемдесіп шығады. Шеңберге тұрып, Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге»дауыстап айтады. Әңгімелесу: Әңгімелесу кезінде оқушылар 2-сыныпта үйренген жақсы қасиеттерін, жазғв демалыс кезіндегі жақсылық істерін естеріне түсіріп айтып береді.
Ойын-жаттығу. Өзін-өзін тану сабағын жақсы көңіл-күймен бастау және оқушылардың бір-біріне сыйластық қарым-қатынастарын арттыру мақсатында ойын-жаттығу жүргізіледі.
Тапсырма: Оқушылардың алдыңғы сыныпта алған білімдерін естеріне түсіріп әңгімелету мақсатында оқулықта берілген суреттерге қарап, «Өзін-өзі танудан үйренемін»тақырыбында әңгімелеу тапсырылады.
Мәтінмен жұмыс: М.Төрежановтың «Алтын балық»әңгімесін кідіріспен әңгімелей отырып,ондағы әр-бір ойларға байланысты балалардың пікірлерін тыңдау.
Дәйексөз: «Өзін өзі тану-адамгершілік құндылықтардың негізі» деп тақтаға жазып,мәніне тереңірек тоқтау. Дәйексөзді дәптерге жазып алу.
Дәптермен жұмыс : Өзін өзі танудан не үйренгілерің келетінін дәптерде берілген алтын балықтан сұрап,сол тілектерді бос жолға жазу.
Қорытындылау Оқулықтағы қоржында берілген сөздерді пайдаланып,бүгінгі сабақты қорытындылау. Жүректен жүрекке Жазғы демалыстан келген балаларды бір-бірімен жақындастыра түсу үшін сабақты «Жас ұландар» әнімен аяқтау.
2-ші сабақ. Сабақтың тақырыбы: Өмірді танып білуге құштарлық.
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері: Өмірді тану туралы түсініктерін кеңейту; Өмірді танып білуге қызығушылықтарын арттыру; Өмірді сүюге,жақсы өмір сүруге тәрбиелеу.
Мақсаты: «Өмір» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу. Көрнекі құралдар: үнтаспа,дәптер,оқулық,сызба.
Шаттық шеңбері: Балалар бір-бірімен құшақ жая сәлемдеседі.Мұғалімге қосылып,төмендегідей өлеңдерді айтады. Өзіммен - өзім Өмірдің мәнін оқушыларға сезіндіру мақсатында тәсіл ұйымдастыру.
Әңгімелесу: Оқушыларға өмір сүрудің мәнін ұғындыру және сол бойынша оларға да өз пікірлерін айттыру үшін әңгіме жүргізу. Өмірді тану не үшін қажет? Өз қызығушылықтарың туралы әңгімелеп беріңдер.
Тапсырма: Оқушыларға «Өмірді танып білгім келеді»тақырыбына әңгіме құрастыру. Мәтінмен жұмыс Балалардың өмірге құштарлығын арттыру мақсатында «Ата өсиеті»әңгімесін кідіріспен айта отырып,сұрақ қою арқылы оқушыларды әңгімеге қатыстырады.
Түйіндеме: Мұратқа жету жолын білуге арналған түйіндеме ұсынылады. Дәйексөз: «Өзіңді танығың келсе,адамдарға, олардың ісіне қара»деген Фридрих Шиллердің сөзіне балалардың назарын аударып.оның мәтініне тоқталып,түсіндіру.
Жаттығу-ойлану:
Балалар үш топқа бөлініп, әр топ өз сұрақтары бойыншаплакаттағы сұлбалар сызбасына жауаптарын жазып шығады.
1-топ. Өмірде кімдердің көмегін,қамқорлығын сезіндіңдер?Олардың өмір сүруге қандай көмегі бар?
2-топ. Өз бойыңнан адамның қандай жақсы қасиеттерін сезініп білдіңдер?Өмірде қандай жағдайда сол қасиеттеріңнің септігі тиді?
3-топ. Өмірді сүю неге жетелейді?Адамға өмірді танып білу не үшін қажет? Жаңа ақпарат «Адам айналасын танып білу арқылы өмірге құштарлығы артады.Өз болашағына сенімді болады».
Дәптермен жұмыс
1-тапсырма: «Менің бақытты болуым үшін»тақырыбына қысқаша әңгіме құрастыру.
2-тапсырма: «Бақытты балалық шақ» тақырыбына сурет салу. Қорытындылау: Оқулықтағы қоржында берілген түйінді сөздерді пайдаланып, бүгінгі сабақты қортындылау. Жүректен жүрекке Оқушылар бүгінгі сабақтан алған түсініктерін Ә.Дүйсенбиевтің «Біз өмірдің гүліміз» өлеңі арқылы білдіреді.
3-ші сабақ. Сабақтың тақырыбы: Білім-ақиқат бастауы.
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері: Білімнің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру; Білімге,оқуға қызығушылықтарын арттыру; Жақсы оқуға,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Мақсаты : «Білім»құндылық туралы түсініктерін кеңейту. Көрнекі құралдар: дәптер, оқулық.
Шаттық шеңбері :
Сабақтың тақырыбын таныстыру мақсатында оқушыларға Ы.Алтынсариннің «Кел,балалар,оқылық!» жатқа айтуды ұсыну. Әңгімелесу Оқушылар «Білім адамға не үшін қажет?», «Оқу инемен құдық қазғандай»дегенді қалай түсінесіңдер? деген сауалдарға өз ойларын айтады.
Мәтінмен жұмыс: Оқушыларға білімнің адам өміріндегі мәнін ұғындыру мақсатында әңгімелеу жұмысы жүргізіледі. «Білім мен байлық»әңгімесін оқушы әңгімелейді.
Дәптермен жұмыс:
Дәптердегі тапсырмада берілген «Білім мен байлық»кестесіне әңгіме мәтіні бойынша білімнің байлықтан артықшылықтарын тауып жазу. Дәйексөз Сабақтың тақырыбының мәнін ашу мақсатында дәйексөзді сұраққа берілген жауаптарды толықтыру арқылы түсіндіру.
Тапсырма. «Мақал-мәтелдердегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып,мақал-мәтелдерді жалғастырып айтыңдар» Тыныштық сәті Балалар денелерін түзу,бастарын жоғары көтеріп,ыңғайланып отырады.Көздерін жұмады.Ауаны терең жұтып,еркін тыныстайды,денелерін бос ұстап,айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап,қоршап,қамқор болып жатқандай сезінеді.Тұла бойлары жақсылыққа,махаббатқа тлғанын сезінуге ұмтылады.Осылайша 2 минут отырады.
Жаттығу-ойлану: Тақтаға сызбаны жазып қою,оны әр оқушы өзінің алдында тұрған ақ параққа жазып,оған осы төрт татамның(ойын,білім,байлық,еңбек)өмірдегі маңыздылығына қарай түрлі-түсті қарандашпен(1-көк,2-қызыл,3-жасыл,4-қоңыр)сызып көрсетеді.
Ойын: Оқушылардың білім туралы мақал-мәтелдерді білуін байқау мақсатында «Алғырлар мен Білгірлер»атты ойын ұйымдастыру. Дәптермен жұмыс -Жұмбақтарда айтылған ойдың мәнін ұғынып,шешуін табу.
Қорытындылау: -Міне,балалар,білімнің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндік.Білім оқу арқылы жинақталғанын ұғындық.Білім арқылы өмірдің ақиқатына көз жеткізесің.Өйткені білім-ақиқат бастауы. Жүректен жүрекке Балалар шеңбер құрып тұрып,бір-біріне жақсы оқу мен білім алу арқылы болашақта бір маман иесі болатындықтарына сенім білдіреді. Оқушылар мұғаліммен бірігіп,мынадай өлеңді айтады: Білім іздесең, Ақыл іздесең, Кітаппен таныс, Адаммен таныс. Еңбегің еш болмайды. Өнерің кеш қалмайды.
4-ші сабақ. Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті ісім
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері: Сүйікті іс туралы түсініктерін қалыптастыру; Еңбек ету іскерліктерін дамыту; Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Мақсаты: Балалардың«еңбек»құндылығы мен еңбексүйгіштік адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту. Көрнекі құралдар:,дәптер,оқулық. Шаттық шеңбері: Ө.Тұрманжановтың өлеңін айту, оқушылар қайталайды.
Әңгімелесу: Сабақтың тақырыбын түсіндіру мақсатында оқушыларға әңгімнлесу жүргізіледі: Сүйікті іс дегенді қалай түсінесіңдер? Сендердің сүйікті істерің? Сүйікті іспен шұғылдану өздеріне не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
Мәтінмен жұмыс: Мұғалім оқушыларға сүйікті іспен айналысудың қажеттілігін түсіндіру мақсатында А.Қайырханованың «Өнерлі бала» әңгімесін айту.
Дәексөз: Сабақ тақырыбының мәні дәйексөз мағынасының түсіндірілуімен ашылады. «Сүйіп істеген іс шаршатпайды»деген халық мақалын бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіру.Сүйікті ісіңді сүйіп істесең ешқашан шаршатпайды.Сондықтанда сүйікті іс өзіңе де,өзгеге де пайда келтіреді. Тапсырма: Суреттер бойынша әңгіме құрастыру,өздерінің сүйікті істері туралы айтып беру.
Ойын-жаттығу: Оқушылардың қандай сүйікті іспкен айналысатыннын білу мен оларды сондай іске талпындыру үшін ойын-жаттығу ұйымдастырылады. Тыныштық сәті Жұмыс түрінің ауысу аралағында балалардың денесі,ойы сергітіледі.
Жаттығу-ойлану: Балалардың дәйексөзден түйген ойлары жаттығу-ойлану тапсырмасын орындау барысында бекітіледі. Оқушылар үш топқа бөлінеді. Үш топқа үш түрлі дәйексөз беріледі. Дәйексөздің айтылуына мән беріп,сол туралы өз пікірлерін айтады.
Дәптермен жұмыс: Дәптердегі «Менің сүйікті ісіммен шұғылданғанда.....» айдарымен берілген сұрақтарға жауап жазу.
Қорытындылау: -Балалар,бүгінгі сабақта сүйікті іс жайында әңгімелестік. Сүйікті іс адамды көптеген жақсы қасиеттерге баулитынын білдік.Сүйікті іс адамды ұлы мақсаттарға жетелейді.Сондықтанда айналаңды сүйсінтер,өзіңе бақыт сыйлар сүйікті ісің болсын.Ол еңбекпен келеді. Жүректен жүрекке Оқушылар мұғавліммен бірге шеңберде тұрып, Ә.Табылдиевтің өлеңін айтады.
5-ші сабақ.. Сабақтың тақырыбы: Қиял арманға жетелейді
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері: Қиял,арман туралы түсініктерін кеңейту; Шығармашылық тұрғыдан қиялдау іскерліктерін дамыту; Жақсылыққа,қамқорлыққа тәрбиелеу.
Мақсаты: Балалардың жақсы ниетпен армандай білуге баулу.. Көрнекі құралдар: Үнтаспа,дәптер,оқулық, «сиқырлы сақа»(асық),түрлі-түсті қарындаштар,ақ парақтар.
Шаттық шеңбері: Балалармен бірігіп «Арман мен ақыл» өлеңін оқу. Әңгімелесу Адам қиялы іс жүзіне қалай асады днп ойлайсыңдар? Өздерің армандарың туралы айтып беріңдер.
Тапсырма: Оқушылардың білім-біліктерін кеңейту мақсатында тапсырма ұсынылады: Суретке қарап «Кешкгі қиял-бүгінгі шындық»тақырыбына әңгіме құрау.
Мәтінмен жұмыс: Балаларды жақсы қиял мен армандарға жетелеу мақсатында аңыз айтып беру. «Ана қиялы»аңыз. Дәйексөз «Армансыз адам болмайды»деген халық даналығына балалардың назарын аудару және оның мәніне тереңірақ тоқталу.
Жаттығу-ойлану: Оқушылардың шығармашылық тұрғыдан қиялдарын дамыту мен оларды жақсы өмірге ұмиылдыру мақсатында жаттығу-ойлану ұйымдастырылады. Өзіммен-өзім . Балаларды адамдарға,айналаңа көмектесу тұрғысынан қиялдауға дағдыландыру мақсатында релокцасиялық тәсіл ұйымдастырылады.
Дәптермен жұмыс: Өз қиялдарымен әңгіме жазу. Қорытындылау: Оқулықтағы қоржында берілген сөздер арқылы түйіндеп қорытындылау. Жүректен жүрекке Сабақ соңында балалар жақсылық тұроғысынан қиялдай білу керектігін түсінгендіктерін кезектесіп айтады. Балалар Ы.Алтынсариннің «Өнер,білім бар жұрттар»өлеңін қосылып айтады.
6-шы сабақ. Сабақтың тақырыбы: Бабалар сөзі-даналық көзі
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері: Даналық,адалдық туралы ұғымдарын қалыптастыру; Ойлау іскерліктерін дамыту; Ата-баба даналығынан өнеге алуға тәрбиелеу.
Мақсаты: Балалардың «даналық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Көрнекі құралдар:дәптер,оқулық.
Шаттық шеңбері: Балалармен шеңбер құрып тұрады. Барлығы бір-бірімен ата-баба дәстүрімен қол алысып амандасады. Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін айтады.
Әңгімелесу: Сабақ тақырыбын таныстыру мақсатында әңгімелесу ұйымдастырылады.
Мәтінмен жұмыс: Бабалар сөзінің мәнін түсіндіру мақсатында А.Табылдиевтің «Ата өсиеті» әңгімнсін кідіріспен әңгімелеу. Тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып,санамақты оқу. Ойын . Оқушыларды даналық сөздерді білуге және өмірде қолдануға дағдыландыру мақсатында «Даналық сөздер» атты ойын ұйымдастырылады.
Жаттығу-ойлану. Оқушылардың даналық сөздердің мәнін түсінетіндігін байқау және шығармашылық ойларын дамыту мақсатында жаттығу-ойлану жұмысы жүргізіледі.
Дәйексөз: Ата-бабалар сөзінен нені үйренуге болатынын ұғындыру мақсатында дәйексөзді түсіндіру. Жаңа ақпарат Оқушыларға жаңа ақпарат арқылы даналық сөзінің мағынасын түсіндіру.
Дәптермен жұмыс: Оқушылардың ата-бабалар сөзін тыңдап , жадында сақтап,өмірде қолдану қажеттігін түсіну мақсатында тапсырма беру: дәптерде берілген ақын М. Әлімбаевтың өнегелі батасын аяқтап жазу. Дәптерде берілген өлеңді жаттап алу.
Қорытындылау: -Балалар,бүгінгі сабақтан түсінгендей ата-бабаның өнегелі, нақыл сөздері бізге тәлім, білім беретіндіктен даналықтың көзі болып табылады. Сондықтан да өшпес мұра. Оны оқып,біліп өскен әрі жақсы,әрі дана адам болып өсеміз. Жүректен-жүрекке Өлең жолдарын айту, оқушылар қайталайды. «Алтын сөз» Н.Айтов.
7-ші сабақ. Сабақтың тақырыбы: Бірлігі жарасқан халықпыз
Бірлігі жоқ ел тозады. Бірлігі күшті ел озады. (Халық мақалы)
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері: Халықтар достығы,жарастығы,бірлігі туралы түсініктерін қалыптастыру; Өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту; Ынтымаққа,достыққа,бірлікке тәрбиелеу.
Мақсаты: Балалардың «достық», «бірлік», «халық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Көрнекі құралдар: дәптер, оқулық, үнтаспа, әр ұлт өкілдерінің суреттері.
Шаттық шеңбері: Балалармен бірге шеңбер құрып тұру. Сабақты халықтар достығын білдіретін көңілді әнмен бастау. Бірігіп «Достық» әнін салу. Әңгімелесу: Оушыларды сабақ тақырыбына бағыттау мақсатында әңгімелесу жүргізіледі. «Бірлік», «татулық» туралы не білесіңдер? «Бірлігі жарасқан халықпыз» дегенді қалай түсінесіңдер?
Мәтінмен жұмыс: Халықтар достығының мәнін ұғындыру мақсатында Ж.Жабаевтың «Туысқан ел» өлеңін мәнерлеп оқып беру. Дәйексөз: Қазақстан халықтарының бірлігінің қажеттілігін ұғындыруда дәйексөздің мәнін ашып түсіндіру.
Тапсырма. «Менің елім бақытты»тақырыбына әңгіме құрастыру. Жаңа ақпарат . Оқулықта берілген «Елде ынтымақ, бірлік болғанда халық жарасымды, бақытты өмір сүреді» деген жаңа ақпаратпен оқушыларды таныстырудың мақсаты олардың алған білімдерін түйіндеу болып табылады. Ойын-жаттығу. Оқушылардың басқа халықтардың тілі мен дәстүріне сыйластық қарым-қатынастарын дамыту мақсатында ойын-жаттығу жүргізіледі.
Тыныштық сәті. Ауызша,ойлану жұмыс түрлерінен кейін оқушылардың бір сәт денесі,ойы сергітіледі.
Дәптермен жұмыс: Дәптерде бепілген ашықхатқа бір ұлттың өздеріңе ұнайтын дәстүрлерін жазып келу.
Қорытындылау: Бүгінгі сабақтың тақырыбы туралы ой қорыту үшін оқулықтағы қоржында берілген сөздерді тірек ету. Жүректен жүрекке Балалар шеңберге тұрып,қол ұстасып «Әр қашан күн сөнбесін» әнін екі тілде орындайды.
8-ші сабақ. Сабақтың тақырыбы: Отан сүйген ұланбыз
Отан үшін отқа түс-күймейсің. Б. Момышұлы
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері: Отанға махаббат түсініктерін қалыптастыру; Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру; Отанын сүйуге,мақтан тұтуға,құрметтеуге тәрбиелеу.
Мақсаты: Балалардың «Отан», «махаббат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекі құралдар: дәптер, оқулық, үнтаспа.
Шаттық шеңбері: Балалар шеңберге тұрып бір-бірімен сәлемдеседі. Балалар мұғаліммен бірге Т.Айбергеновтың «Өсіп келе жатырмын» өлеңін айтады. Әңгімелесу: Балаларға «Отан» құндылығының мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелесу жүргізіледі. Отан неліктен қымбат? Отанға деген сүйіспеншіліктеріңді қалай көрсетер едіңдер?
Мәтінмен жұмыс: Оқушылардың Отанға сүйіспеншіліктерін арттыру мен Отанды қорғауға даяр тұру қажеттігін ұғындыру мақсатында Е.Естаевтың «Біздің Мәншүк» әңгімесін айтып беру.
Дәйексөз: Тақтаға жазылған Бауыржан Момышұлының «Отан үшін отқа түс -күймейсің» деген ұлағатты сөзіне балалардың назарын аударып,оның мәнін ашу. Жаңа ақпарат оқушыларға Отан сөзінің мағынасын түсіндіру. Тапсырма: Көп нүкткнің орнына тиісті сөздерді қойып, мақал-мәтелдерді жалғастыру.
Тыныштық сәті: Ауызша жұмыстан жазба жұмысқа ауысуы аралығында балалардың денесі, ойы сергітіледі.
Дәптермен жұмыс : Дәптерде берілген «Отан» сөзінің тұсына, оны неге теңейтіндеріңді ойланып жазу.
Қорытындылау: Сабақты қоржында берілген сөздерді пайдаланып түйіндеу.
Жүректен жүрекке Сабақ соңында оқушылар Отанға деген сүйіспеншіліктерін М.Мақатаевтың «Отан туралы» өлеңін айту.
ІІ тарау. Адами қарым-қатынасқа үйренейік
9-шы сабақ. Сабақтың тақырыбы: Ризашылық пен алғыс
Өмірге риза болып,алғыс айт. (Халық мақалы)
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері: Ризашылық пен алғыс туралы түсініктерін кеңейту; Үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін,сыпайылық қарым-қатынасын дамыту; Әдептілікке,ізеттілікке,кішіпейілдікке тәрбиелеу. Мақсаты: Балалардың «сыйластық» құндылылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекі құралдар: дәптер,оқулық,қатты қағаздан жасалған сандық.
Шаттық шеңбері: Балалар шеңберге тұрып бір-бірімен сәлемдеседі. Балалар мұғаліммен бірге Луиза Хейдің «Ризашылық әнімен» сабақты бастаймыз. Әңгімелесу: Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер? Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді? Сендерге кім,қандай жағдайда алғыс айтты? Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер? Балалардың жауаптары тыңдалады.
Мәтінмен жұмыс: Алғыстың қандай жағдайда айтылатындығын,оқушылардың оны өмірде қолданатындығын білу мақсатында әңгімелеу жұмысы жүргізіледі. Оқушы М.Төрежановтың «Алғыс» әңгімесін оқиды.
Түйіндеме: Сабақта Данышпан атаның айтқан сөздерін түйіндеме ретінде ұсыну; Рахмет! Жасың ұзақ болсын! Мұратыңа жет! Таудай бол!
Өнерің өрге жүзсін! Өркенің өссін! Азамат бол! Бақытты бол! Еліңе қорған бол! Білімді бол! Айың оңыңнан тусын! Өнерлі бол!
Алла риза болсын! Бағың жансын! Мерейің үстем болсын! Сахналау. Оқушыларды өмірде кездесетін жағдайларға қарай ризашылық білдіруге, алғыс айтуға дағдыландыру мақсатында сахналауды ұйымдастыру.
Дәйексөз: Тақтаға «Өмірге риза болып ,алғыс айт» деген халық даналыған жазып, балалардың назарын аударып, мағынасын түсіндіру. Жаңа ақпарат Оқушыларға риза,ризашылық,алғыс сөздерінің мағынасын түсіндіру. Дәптермен жұмыс: Тапсырма: Дәптерге берілген сұлбаға М.Төрежановтың «Алғыс» Әңгімесінің мәтіні бойынша кімнің және кімге алғыс айтқанын орналастыру.
Қорытындылау: -Балалар, жылы сөз,қайырымды іс,жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен аямаңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңе сақтаңдар. Өмірдің әр-бір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат –Анаға мейірімді күні үшін,көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін,жұмсақ,ұлпа бұлты үшін,жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.
Жүректен жүрекке: Балалар Ғ.Жұмабаевтың «Біздің тілек» өлеңін айтады. Бүгінгі күнге ризашылықтарын білдіреді.
10-шы сабақ. Сабақтың тақырыбы: Өзіңді де, өзгені де аяла
Аялауды табиғаттан үйрен. (Халық мақалы)
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері: Өзіңді,өзгені аялаудың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру; Өзіне,өзгелерге аялы,сыйлы қарым-қатынастарын дамыту; сүйіспеншілікке, қамқорлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Мақсаты: Балалардың «сыйластық», «махаббат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекі құралдар: дәптер, оқулық, үнтаспа.
Шаттық шеңбері: Балалар мұғаліммен бірге шеңбер құрып тұрады. Барлығы амандасып Д.Әлімжановтың өлең жолдарын айтады.
Талпын жақсы болуға, Білім іздеп,өнер тап,
Күндей сәуле шашатын.Түнді күндей ашатын.
Әңгімелесу: -Балалар,бүгін сабақта «Өзіңді де,өзгені де аяла»деген тақырыпта әңгімелесеміз. Аялау деген сөзді қалай түсінесіңдер? Сендерді кімдер аялайды? Ал өздерің ше? Аялау қандай сезімге бөлейді?
Мәтінмен жұмыс: Оқушылардың аялау туралы пікірлерін білу мақсатында,оқушы «Жанашыр»әңгімесін оқиды.
Сергіту сәті: Балалардың денесі сергітіледі. Жағдаяттарды талдау. Оқушылар осы әдіс арқылы сабақта алған білімдері бойынша ойларын түйіндейді.
Дәйексөз: Балаларға адамдарды,айналаны риясыз,шын көңілмен аялау қажеттігін ұғындыру мақсатында дәйексөздің мәні түсіндіріледі.
Дәптермен жұмыс: Тапсырма: Дәптердегі ребусты шешіп,шешуін жазу. Қорытындылау: Бүгінгі сабақты қоржында берілген сөздерді пайдаланып түйіндеу.
Жүректен жүрекке: Оқушылар Е.Ашықбаевтың «Бөпем менің» өлеңін айтады.
2-тоқсан. 11-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Шаңырақ жарастығы
Шаңырақ сәні-сыйластық.(Халық мақалы)
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері: Шаңырақ жарастығы,сыйластығы туралы түсінік қалыптастыру; Жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту; Өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Мақсаты: Балалардың «сыйластық», «махаббат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекі құралдар: дәптер, оқулық, кесте сызылған плакат.
Шаттық шеңбері: Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Мұғалім сабақты жақсы көңілмен, жылы сөздермен бастайды. Е. Өтетілеуовтың «Мен қазақ баласымын» атты өлеңін айтады.
Әңгімелесу: Оқушылармен бүгінгі сабақ тақырыбында әңгімелесу үшін сұрақтар қою: Бір шаңырақта тұратын адамдар арасындағы сыйластық туралы айтып беріңдер. Өз отбасының сыйластығы туралы айтып беріңдер. Мәтінмен жұмыс: Оқушылардың бір үйде тұратын адамдарға деген сүйіспеншілігін арттыруда мұғалім А.Асылбековтің «Сүйіспеншілігі» туралы әңгімесін кідіріспен әңгімелеп беру. Тыныштық сәті: Ауызша жұмыстан жазбаша жұмысқа ауысу аралығында оқушылардың денесі,ойы сергітіледі. Тапсырма: Сабақта оқушылардың алған білімдерін бекіту мақсатында мынадай тапсырма беріледі: Өлеңді оқып, отбасындағы өз көмектерің туралы айтып беріңдер. «Көмек» Е. Ашықбаев.
Дәйексөз «Шаңырақ сәні-сыйластық» деген халық мақалын тақтаға жазып ,мағынасына тереңірек тоқталу.
Дәптермен жұмыс: Оқушылардың өз шаңырағында әр күннің қуанышты өткізуге дағдыландыру мақсатында дәптердегі тапсырманы орындау. Оқушылардың дәптерде берілген кестенің бірінші бағанасына әр күнді қалай айтатындарын жазады, ал екінші бағанасына мерекелік іс-шараларды жазады.Тапсырманы орындап болған соң, себепті олай атағандарын ауызша айтып шығады.
Қорытындылау: Қоржында берілген сөздерді пайдаланып түйіндеу. Жүректен жүрекке: Сабақ соңында оқушыларға өз шаңырақтарына жылы лебіздерін білдіру. Балалар өздерінің жүрекжарды тілектерін кезектесіп айтып шығады. Н. Әлімқұловтың «Балалы үй-базар» өлеңін айтады.
12-ші сабақ. Сабақтың тақырыбы: Сіз деген-әдеп, біз деген-көмек
Көп жүрген жер-көңілді.
Көп еңбегі өнімді. (Мақал)
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері: Өзара сыйластық қарым-қатынастарының адам өмірін дегі мәнін түсіндіру; Бірлесіп еңбек етуге қызығушылықтарын арттыру; Өзара сыйластыққа,көмекке тәрбиелеу. Мақсаты: Балалардың «сыйластық», «қамқорлық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекі құралдар: дәптер, оқулық, түрлі-түсті қағаздан қиып жасалған үйдің макеті.
Шаттық шеңбері: Балалар шеңбер құрып тұрады. Б.Үсенбаевтың «Әдеп» атты өлең жолдарын айтады.
Әңгімелесу : «Өзара сыйластық»дегенді қалай түсінесіңдер? Сендер қандай жағдайда,кімдерге көмек көрсетесіңдер?
Мәтінмен жұмыс: Көпшіл болудың мақсатында Е. Өтетілеуовтың «Бірлік» атты әңгімесін оқу. «Бірлік» дегенді қалай түсінесіңдер? Жалғыз боп істеген жұмыстан көп болып жасаған істің қандай айырмашылығы бар? Сендер достарыңмен бірлесіп жұмыс істегенде қандай сезімге бөлендіңдер? Жалғыз істегенде ше? Балалардың жауаптары тыңдалады. Сахналау: Балалар А. Естеновтың «Бес нәрсеге асық бол!» өлеңін сахналап көрсетеді. Жағдаяттарды талдау. Балалардың сабақта түйген ойларын бекіту мақсатында жағдаяттарды талдау ұйымдастырылады. Дәйексөз: Оқушылардың ойлары дәйексөздің мәні түсіндірілу мен түйінделеді. Оқушылар дәйексөзді дәптерлеріне жазып алады.
Ойын-жаттығу: Ортадағы үстел үстіне үй макетінің қатты қағаздан жасалған іргетасын, керегелерін, шатырын, есік-терезесін жайып қояды. Әр қағаздың артқы бетіне көпшілдік, бірлік, сыйластық туралы ізетті сөздердің, мақал-мәтелдердің бір сөзі қалдырылып, алдын ала жазылады. Бұл жай үй емес, бұл - «достық», «бірлік» үйі. Жаңа ақпарат «Адамдар арасындағы ізгілік,сыйластық қарым-қатынасынан әдептілік туады». Әдепті адам биязы ,инабатты, ізетті, сыпайы, тәртіпті болады.
Дәптермен жұмыс: Балалардың «Сіз», «біз» ұғымдарының мәнін жете түсінуі үшін мынадай тапсырма беріледі: «Сіз», «біз» деген жылы сөз» атты өлеңнен түйген ойларын жазу.
Қорытындылау: - Әрбір адам «Сіз»бен «біз» туралы ұмытпаса,оны өмірде қолданбаса, онда барлық адамдар бір-бірімен жарастығын, сыйластығын табады, әлемде тыныштық орнайды, бейбіт, бақытты өмір болады. Жүректен жүрекке: Балалар сабақтан алған түсініктерік достық шеңберін құру арқылы білдіреді. Бәрі бірге ортаға шеңбер құрып тұрып, бір бала екі жағында тұрған баланың да арқа тұсынан екі қолын айқара оларды құшаққа алады, әрбір бала осылай жасағанда балалар құшағынан құралған үлкен шеңбер пайда болады. Шеңбер құрылып біткенде, бірі бірге қуанышты сезіммен: «Сіз», «біз» бірге болайық! деп үш рет қайталайды. А. Естеновтың «Әдеп» өлеңін айтады.
13-ші сабақ. Сабақтың тақырыбы: Ойнай білу де-өнер
Бәрінен күшті адам-өзіне-өзі ие болатын
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері: -Шыдамдылық,сабарлылық,ақылдылық адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығын түсіну. Жағымды қарым-қатынас жасау іскерлікткрін дамыту. -Көпшілдікке, әділдікке, кешірімділікке тәрбиелеу.
Мақсаты: Балалардың «сыйластық», «достық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекі құралдар: дәптер, оқулық, үнтаспа, «алтын сақа».
Шаттық шеңбері: Балалар шеңбер құрып тұрады,сәлемдеседі. Барлығы қосылып «Айгөлек» әнін шырқайды.
Әңгімелесу: Сабақ тақырыбымен таныстыру. Сендер қандай ойын ойнағанды қалайсыңдар? Ойын кезіндегі басты нәрсе не деп санайсыңдар? Тапсырма. Балалардың ойын кезіндегі қарым-қатынастарға деген көзқарасын білу мақсатында жаттығу-ойлану ұйымдастырылады. Берілетін тапсырмаға оқушылардың зейінін аударту: Ойын кезінде достарыңмен әр-түрлі келіспеушілік жағдайлар,реніштер болып жатады. Сондай сәттерде қандай шешім қабылдайсыңдар? Оқушыларды топ-топқа бөліп, әр топқа бір жағдаяттан беріледі. 1.Аяқталмаған ойын. 2.Кім ақылды?
Мәтінмен жұмыс: Оқушыларға сабақ тақырыбын кеңінен түсіндіру мақсатында мәтінмен жұмыс жүргізіледі.Оқушылар мәтінді оқып, талдайды. Сұрақтарға жауап береді.
Дәйексөз: -Сенеканың «Бәрінен күшті адам-өзіне-өзі ие болатын адам» деген нақыл сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер? Балалардың жауаптары тыңдалып, толықтыру арқылы ой қорытылады.
Ойын. Балаларды да жақсы қарым-қатынаста ойнай білуге дағдыландыруда ойын ұйымдастыру. Ойынның шарты: Бір-бірінің ойын кезіндегі жақсы қылықтарын айтып, мадақтау.
Дәптермен жұмыс: Ойын кезіндегі достарыңның ұнамды және ұнамсыз әрекеттер туралы өз ойларыңды бос жолдарға түсіріңдер.
Қорытындылау: -Ойын-еңбекке бейімделудің белгісі,дене шынықтыру мен сергітудің құралы және ұжымдық, ұйымдық әрекет. Бірге ойнау кезінде әдептілікпен қатар, әділеттік те қажет. Дөрекі сөз айтып даурығу, бірін-бірі мазақтау-мәдениетсіздік, әдепсіздік болып табылады. Кешірімді болу, әділетті болу ,дос көңілін қалдырмау-нағыз адам болуға жетелейді. Жүректен жүрекке: Балалар шеңбер құрып, кезектесіп тілек айтып шығады. - Достықты қадірлей білейік! -Әділетті болайық! -Мәдениетті болайық! -Әдепті болайық! -Ойын бәрімізге қуаныш сыйласын! -Ойнайық та,тойлайық! Сұлтан Қалиевтың «Біз ойнаймыз » өлеңін айту.
14-ші сабақ. Сабақтың тақырыбы: Ұл бала мен қыз бала
Ел ұлымен берік, қызымен көрік. (Халық даналығы.)
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері: -Ұл бала мен қыз бала арасындағы сыйластық туралы түсінк қалыптастыру; -Өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту; -Инабаттылыққа,достыққа,сыйластыққа тәрбиелеу. Мақсаты: Балалардың «сыйластық», «достық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекі құралдар: дәптер, оқулық, үнтаспа, екі плакат, жанатын шам, маркер.
Шаттық шеңбері: Балалар шеңбер құрып тұрады,сәлемдеседі. Барлығы қосылып «Біз туған ел баласы» әнін шырқайды. Әңгімелесу: Оқушылар әңгімелесу кезінде: Ұл бала мен қыз баланың бойында қандай қасиеттер болу керек? «Ұл бала мен қыз бала арасындағы достық дегенді қалай түсінесіңдер?» деген сауалға өз ойларын білдіреді. Жағдаяттарды талдау: Оқушыларға сабақ тақырыбын кеңінен түсіндіру үшін жағдаяттарды талдау ұйымдастыру. Оқулықта түрлі жағдаяттар ұсынылған. Оқушылар осы суреттердің мазмұнын түсініп, талдап жағдаяттарды шешеді. Өз шешімдерін сынып алдында жария етеді.
Мәтінмен жұмыс: Ұл бала мен қыз бала арасындағы сыйластықты қарым-қатынасты түсіндіру мақсатында әңгімелеу жұмысын ұйымдастыру. Шығармашылық жұмыс: Оқушылардың ұл бала мен қыз бала арасындағы сыйластық қарым-қатынастарын дамыту мақсатында шығармашылық жұмыс ұйымдастыру. Ойын: Ұлдардың қыздар туралы, қыздардың ұлдар туралы жақсы ойларын білу мақсатында «Егер ұл болсам............., егер қыз болсам........» атты ойын ұйымдастырылады. Оқушылар кезектесіп ұл болса «егер мен қыз болсам...» дегенді өзінің ойымен жалғастырып айтады, қыз болса «егер мен ұл болсам....» дегенді өз ойымен жалғастырады. Айта алмай қалған оқушы айып тартады.
Күтілетін жауаптар: Егер мен ұл болсам елімді қорғаймын,қыздарға көмектесемін, қыздарды ешқашан ренжітпеймін, қыздарға ауыр сөз айтпаймын және т.б. Егер мен қыз болсам өте таза жүремін, дөрекі сөз айтпаймын, даусымды көтеріп сөйлемеймін, адамдардың бәріне қуаныш сыйлаймын, бәріне мейіріммен қараймын, ұлдарға көмектесемін ұлдармен қыз баламен достасқандай достаса аламын, ұлдарды сыйлаймын және т.б. Дәптермен жұмыс: Дәптерде берілген ұл бала (Алпамыс) мен қыз баланың (Махаббат) суреттерінің жан-жағына «Мен қандаймын?» деген сұраққа жауап жазу.
Қорытындылау: Бүгінгі сабақты қоржында берілген сөздерді пайдаланып түйіндеу.
Жүректен жүрекке: Сабақ соңында оқушылар бір-біріне деген сыйластық қарым-қатынастарын жылы лебіздермен білдіреді. Ермек Өтетілеуовтың «Ұл бала мен қыз бала » атты өлеңін барлығы қосылып орындайды.
15-ші сабақ. Сабақтың тақырыбы: Дос болайық бәріміз!
Татулық-достық кепілі. (Халық мақалы)
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері: Татулық, достық, адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру; Достық қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту; Достыққа, татулыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Мақсаты: Балалардың «достық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Көрнекі құралдар: дәптер, оқулық, үнтаспа, саңырауқұлақтың үлгісі (қолшатырдан жасауға болады, жануарлардың маскалары.)
Шаттық шеңбері : Балалар шеңбер құрып тұрады, сәлемдеседі. Барлығы қосылып «Татуласу» атты өлең жолдарын қайталайды. Әңгімелесу: Достықты,татулықты қалай түсінесіңдер? Достарыңды ренжітіп алсаңдар,қалай татуласар едіңдер?
Жағдаяттарды талдау: Балалардың достық туралы пікірлерін білу мақсатында жағдаяттарды талдау ұйымдастыру.
Мәтінмен жұмыс: Сабақта тақырыпты кеңірек меңгертіп,оқушылардың білімдерін арттыра түсу мақсатында мәтінмен жұмыс жүргізіледі. «Бірлесе көтерген жүк жеңіл»деген мақалды қалай түсінесіңдер?
Дәйексөз: «Достық»құндылығының мәнін аша түсу үшін дәйексөздің мағынасын түсіндіру. Шын достар уәдесінде тұрады,ойындары,сөздері жарасады, бірін-бірі ренжітпейді, қуантқысы келеді, бір-бірінің көңіліне қарайды.А л осы айтылғандар татулық белгісі. Сондықтан да шын достыққа татулық арқылы қол жеткізуге болады.
Сахналау: Оқушылардың достықтың мәнін жете түсінуі үшін өздерінің орындауында сахналау ұйымдастыру. Алдын ала үйге берілген мәтіндер бойынша үйден дайындалып клген балаларды (ертегі кейіпкерлерін) арнайы безендірілген сахнаға шақыру.Әр балаға өзінің ойнайтын рөлі түсіндіріледі және маскаларын кигізу.Сахнаның оратасында үлкен саңырауқұлақ тұрады. Балалар «Саңырауқұлақтың саясы» атты ертегіні сахналайды. Жаңа ақпарат « Мақсат-мүддесі,арман-тілегі,талап-талғамы үйлесімді адамдар арасында достық болады. Адамдардың бір-біріне адалдығы мен сенімділігі достық қарым-қатынасты нығайтады.»
Дәптермен жұмыс: «Досыңды құрметте» нақыл сөзі шығу үшін әріптерді дұрыс орналастыру. Құрастырған сөзді бос торкөздерге жазу.
Қорытындылау: Достықтың күші –бірлікте,кепілі-татулықта. Біз де сыныптас достарымызды қолдап,қол ұшын беруге әр қашан дайын болайық. Жүректен жүрекке: Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Бір-біріне сағаттың тілінің бағыты бойынша кезекпен достық тілектерін білдіреді.
-Адал достық тілеймін! -Ынтымақ тілеймін! -Досым,сені сыйлаймын!
- Татулық тілеймін! -Қиын шақта қолдаймын! - Достықты қадірле! Оқушылар Ақтамберді жыраудың «Балаларға өсиетін» айтады.
16-ші сабақ. Сабақтың тақырыбы: Дос болайық,бәріміз!
Әрқашан тілектес. Досыңа көмектес. Е. Өтетілеуов.
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Достық ұғымының адам өміріндегі мәнін түсіндіру; Өзара көмек,жолдастық,сыйластық қарым-қатынастарын дамыту; достыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Мақсаты: Балалардың «достық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Көрнекі құралдар: үнтаспа,оқулық,дәптер,түрлі-түсті қарындаштар. Шаттық шеңбері: Оқушыларға шеңберге тұрып,бір-біріне достық лебізін білдіруді ұсыну және шеңберде тұрып мына өлең жолдарын екі рет қайталайды: Күнде шат күліп күн, Өміріміз көңілді, Шаттанамыз бәріміз. Мәңгілік достықпен, Мақтанамыз бәріміз!
Әңгімелесу: Адал достықты қалай түсінесің? Досыңа көмекті,қамқорлықты қалай жасайсыңдар?
Мәтінмен жұмыс: Оқушыларға дос қадірін түсіндіру үшін әңгімелесу жұмысын ұйымдастыру және «Сазды хикая» атты ертегіні нақышына келтіріп әңгімелеп беру.
Дәйексөз: -Дос адам бір-біріне қашанда тілекші,көмекші.Досыңа әрдайым тілектестік білдіріп, оның айтқан сөзін,істеген ісін қолдап,қажет кезінде көмегіңді көрсетіп жүргенің дұрыс болады. Адалдық,сенім нағыз достарға тән қасиет.
Сергіту сәті: Ойлану жұмысының алдында балалардың денесі сергітіледі. Санайық жаңаша: (Орындарынан тұрады.) Бір,екі,үш.. .
(Екі қолын алға,жоғары,екі жанына созады.) Желбіре жалауша!
(Қолдарын жоғары көтеріп,ары-бері бұлғайды.) Достықта біздің күш! (Қолдарын ішке қарай бұғады.)
Жағдаяттарды талдау: Балалардың достық қарым-қатынастар туралы ойларын өмірде қолдануға дағдыландыру үшін жаттығу-ойлану ұйымдастыру.
Ойын. Оқушылардың бір-біріне достық қарым-қатынастарын дамыта түсу үшін «Кімнің дауысы?» атты ойын жүргізу.
Дәптермен жұмыс: Оқушылардың достық туралы ізгі ойлары дәптердегі тапсырманы орындау барысында беки түседі. 1. -Дәптердегі екінші тапсырма бойынша ребусты дұрыс шешу. Шешуі: «Досыңа ауыр сөз айтпа.» 2 . Дәптердегі екінші тапсырма бойынша мақалдарды аяқтау. Қорытындылау: Сабақты қоржында берілген сөздерді пайдаланып түйіндеу.
Жүректен жүрекке: -Адамдардың бір-біріне деген ең қымбат сезімдерінің бірі-достық. Ал адам бойындағы ең ізгі қасиеттердің бірі-достаса білу. Сол себепті, балалар әрқашанда дос болайық,бәріміз! Балалар шеңбер құрып,үнтаспаға қосылып «Дос болайық,бәріміз» әнін бәрі бірге қосылып айтады.
17-ші сабақ. Сабақтың тақырыбы: Жылы жүрек-жақсы тілек
Жақсы сөз-жан семіртер. (Халық мақалы.)
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері: Жақсы тілек,ізеттілік,ізгілік туралы түсініктерін қалыптастыру; қайырымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту; мейірімділікке,ізгілікке тәрбиелеу.
Мақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық»
құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекі құралдар: үнтаспа, оқулық, дәптер.
Шаттық шеңбері: Балалар,бәріміз ортаға шығып, «жылылық шеңберін» құайық. Әрбіріміз қасымызда тұрған досмыздың жақсы қасиеттерін ізгі сөздермен, көтеріңкі көңілмен, күлімдеген көзбен жеткізейік: -Сен нағыз доссың,ең әдемі қызсың,мейірімдісің, өте ұқыпты баласың, адал доссың, қайырымдысың, әдептісің, өнерлісің, еңбекқорсың,а қкөңілсің, т.б. -Жарайсыңдар, балалар! Әрбіріңнің достарыңа деген жылы лебіздеріңді естіп, қатты қуанып тұрмын. Енді бәріміз қосылып, «Көңілді балалар» өлеңін айтайық.
Әңгімелесу: Адамдарға жылы жүрек пен жақсы тілек тілегенде қандай сезімде болдыңдар? Ал өздеріңе жақсы тілек ,жылы сөз айтқанда қандай сезімге бөлендіңдер?
Тыныштық сәті: -Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамыздағыларға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Мәтінмен жұмыс: Жылы жүрек,жақсы тілектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру мақсатында Е.Шайқыұлының «Жақсы ата» әңгімесін оқып беру.
Дәйексөз: Жақсы ой,жылы лебіз,жақсы тілек адамды шаттандырады, қуантады, бақытты етеді. Ауыр сөз, жағымсыз әрекеттер адамның көңілін түсіреді,мұңайтады, оны уайымға салады. Тапсырма: Оқулықта берілген суреттегі кейіпкердің орнына өздерін қойып,жақсы сөз,жылы тілек айту ұсынылады.
Сергіту сәті: Бәріміз орнымыздан тұрып,барша адамзатқа,айналамызға деген тілегімізді түрлі қимылдар жасай отырып,көрсетейік.
Шөліркемей гүл тұрсын, (Сол қолын жайып көрсетеді.)
Жерім жайнап құлпырсын. (Оң қолын жайып көрсетеді.)
Нұрын сыйлап біздерге, (Екі қолын жоғары көтереді.)
Көкте мәңгі күн тұрсын. (Екі қолын екі жаққа жаяды.)
Ортақ бізге туыстық (Екі қолын төбесіне көтереді.)
Нұр сыйлаған күн ыстық. (Қолдарын жаяды.)
Ыстық бізге кең өлке, (Оң жаққа қарайды.)
Ыстық бізге тыныштық. (Сол жаққа қарайды.)
Дәптермен жұмыс : Тапсырма: «Жылы жүректен шыққан жақсы тілектер күнделігін» арнап.саған көрсеткен жақсылықтар мен айтқан жылы сөздер тілектерді жазып жүру.
Қорытындылау: -Бір-бірімізге жақсы ,жылы сөздер көп айтылса,өмір мейірім мен қайырымға толы болып ,қуаныш пен шаттыққа кенеледі.
Сондықтан да барлық уақытта бір-бірімізге жүрекке жақсы тиетін жылы сөздерді жиі айтып жүрейік.
Жүректен жүрекке: «Жақсылық шеңберін» құру үшін әр оқушы ортаға шығып, өзінің айналасына жасаған игі істерін қимылмен көрсетуі немесе сөзбен айтуы тиіс. Осылайша шеңбер кеңейе береді. Балалар жақсы қасиеттерін бір-біріне көрсете отырып ,жақсылық шеңберін құрады.
18-19-шы сабақ. Сабақтың тақырыбы: Ұқыпты бала-әдепті бала Ұқыптының уақыты мол. (М. Әлімбаев.)
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
ұқыптылық, жинақылық,әдептілік туралы түсінік беру; сыпайылылық қарым-қатынастарын дамыту; ұқыптылыққа, жинақылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Мақсаты: Балалардың әдептілік,сыпайылық адами қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекі құралдар: үнтаспа, оқулық, дәптер.
Шаттық шеңбері: - Балалар,қайырлы күн! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Шаттық шеңберінде тұрып бір-бірімізді қуанышты көңіл күйде жылы жүректен,жақсы тілекпен,игі әдеппен сәлемдесейік. Е. Ашықбаевтың «Мен өсемін» атты өлеңін қосылып айтайық.
Әңгімелесу: Ұқыпты болу дегенді қалай түсінесіңдер? Ұқыптылық не үшін қажет? Әдептілік дегенді қалай түсінесіңдер?
Мәтінмен жұмыс: Е.Өтетілеуовтың «Ұқыптылық» әңгімесін оқу, мазмұнын сұрақтар қою арқылы сұрау.
Дәйексөз: -Ұқыпты бала әрқашанда өз жұмыстарын уақытылы орындайды. Ал мұндай қасиетке ие бала жұмысқа да, оқуға да, ойнауға да , серуендеуге де, қонаққа баруға да, дос, жақын, туыс адамдардың көңілін көтеруге де үлгереді.
Тапсырма: Оқулықта берілген көп нүктенің орнына ұқыпты, ұқыпсыз сөздерін қойып, мақалдар мен жаңылтпашты оқу.
Жаттығу-ойлану: Балалар үш топқа бөлінеді. Әр топ ұқыпсыздықтан арылудың жолдары туралы ойланып, ойларын қағаз бетіне түсіреді. 1-2 минут беріледі. Әр топ өз ойларын қорытқан соң, ойларын ортаға салады. Оқушылар бір-бірімен пікір алысады.
Түйіндеме: Оқушыларға «Ұқыпты болудың жолын біліп алуға» кеңес беріледі. Күнделікті өзіңе тиесілі жұмысты атқаруды ұмытпа. Бір күндік жұмыс кестесін құрып ал. Мерекелік күндерді белгілеп қой. Атқарылатын істеріңді жоспарлап ал. Жақын, туыс адамдардың туған күнін есте сақта Өз істеріңді қадағалау үшін күнтізбені серік ет. Айналаңа мұқият бол. Мәтінмен жұмыс: Оқушылардың жаттығу –ойлану тапсырмасын орындау нәтижесіндегі ойларын бекіту үшін әңгімелеу жұмысы ұйымдастыру. Алдын ала дайындалған бір оқушыға мәтінді әңгімелету. Мәтін туралы балалардың ойлары мына сұраққа жауап арқылы алынады: -Ал сендер қалай ойлайсыңдар? Мүмкін бе? Неліктен? Жаңа ақпарат . Оқушыларға ұқыптылық сөзінің мағынасын түсіндіреді. «Ұқыпты адам тәртіпті, тыңғылықты болады. Ондай адам өз іс-әрекетінде үнемі жинақылық танытады.» Тапсырма: Оқушыларға өлеңді оқытып,сұраққа жауап алу. Қарапайым ереже Бұл қандай ереже? Сеніңше бұл қай ереже Өзің қандай ережелерді сақтайсың? Неліктен? Жаңа ақпарат Әдептілік-әр түрлі жағдайда мінез-құлық ережелеріне сәйкес өзіңді ұстай білу. Әдепті адам өзін,өзгелердің ісіне жөнсіз араласпайды, дөрекі түрде, намысқа тие немесе мысқылдай сөйлемейді, біреудің дене кемістігін бетіне басып айтпайды. Әдепті адам өз мінез-құлқы мен іс-әрекетіне сын көзбен қарап, өзін-өзі тәрбиелей алады. Жақсы мәнер мен жақсы талғам адамды сыпайы әрікөрікті етеді.
Сахналау: Көшедегі,қоғамдық көліктегі,жол үстіндегі және табиғат аясындағы мінез-құлық ережелерін сахналап көрсетіңдер. Түйіндеме: Сыныптастарыңмен санас, оларды құрметте; Басқалардың өзіңмен қалай қарым-қатынас жасағанын қаласаң, өзіңді нақ солай ұста; Сыпайы, достық пейілмен сәлемдес; Сыпайылық және әдептілік ережелерін сақтау табиғи болуы тиіс. Қорытындылау: -Ұқыпсыздықтан арылу үшін барлық жұмыстары дер кезінде орындап отырған жөн. Оқу құралдарын , киімді таза ұстап, әдеппен сөйлеп, әдеппен тамақтануға тырысу керек. Өзіміздің де, өзгелердің де уақытын қадірлейік.
Жүректен жүрекке: Шеңбер құрып «Бір аптада» өлеңін қосылып оқу. Бір аптада М.Жаманбалинов
Бір аптаның күндері өтті: Дүйсенбіде гүлдер ектім,
Сейсенбіде жуа тердім, Сәрсенбіде су әкелдім,
Бейсенбіде бақша баптап, Жұма күні тақпақ жаттап, Сенбі де мен кино бардым, Жексенбіде бір демалдым. Ұқыпты деп бұл қандай. Жақсы көрер бар адам.
20-21-ші сабақ. Сабақтың тақырыбы: Өнерлі бала сүйкімді
Адамның сәні өнер,білім,ақылы. (Жетес шешен)
Мақсаты: «Өнер» ұғымының құндылық ретіндегі мәнін ашу.
Міндеттері: -өнердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. -өнерге қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттыру; -өнерпаздыққа, өнерді, сұлулықты сүюге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: үнтаспа, дәптер, оқулық, ақ парақ (бала санына сай), қоржын, сақина, түрлі түсті қарындаштар, «үкілі домбыра».
Шаттық шеңбері: Балалармен бірге шеңбер құрып тұру, сәлемдесу. Д.Әлімжановтың «Өмір таны,өнер қу» өлеңін оқу.
Өмір таны, өнер қу Өмір таны, өнер қу, Өнер сүйсең жиренбе, Өнер табу-ол да оқу.Дамыта бер,үйрен де. Талаптансаң тартынба, «Өнер алды кең»,-деп біл, Өз күшіңде жол табу. Қалсын үлгі кейінге!
Әңгімелесу: «Өнерлі өрге жүзер» дегенді қалай түсінесіңдер? Адам өнерді не үшін үйренеді?
Мәтінмен жұмыс: Өнердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру мақсатында К. Сегізбаевтың «Құмға салған сурет» әңгімесін оқып беру. Әбілханның өнерге құштарлығы қалай көрінеді? Ә. Қастеевтің атақты суретші болуына кімдер көмектесті? Өз өнерлеріңді қалай шыңдап жүрсіңдер?
Сергіту сәті: Домбырам күмбірлеп, (Сол қолын жанына көтеріп, домбыра тартады.) Күй шерте аламын, Бұрала би билеп, (Екі қолын кезекпен көтеріп,би қимылдарын жасайды.) Сурет те саламын. (Қылқалам ұстаған қимылдарды көрсетеді.) Ұқсатып кілемге.(Ауада төртбұрышты сызады.) Кесте де тігемін. (Ине ұстап , тігін тіккен қимыл жасайды.) Актерше рөлде (Күліп, қабағын шытып, әдемілеп, киімін қолымен шашын түзейді.) Ойнай да білемін, жалықпай талай күн, (Ермексаз илегенді қолымен көрсетеді.) Жасаймын мүсінде, өнер көп бойымда. (Екі қолын жаяды.) Мақтану маған жат. (Өзін көрсетеді.)
Жаттығу-ойлану: Мұғалім өз ойынан тапсырма береді. Балалар соны өмірде қалай ұқсастырып қолдануға болатындығы туралы ойланып, айтып береді.
Дәйексөз: -Адам өнер,білім,ақылмен ерекшеленеді. Олай дейтініміз білім,ақыл арқылы табысқа, қуанышқа,бақытқа жетуге болады. Өнерлі, білімді,ақылды адамның жаны сұлу, мінезі де сыпайы, адамдармен қарым-қатынасы жақсы, қашанда көңіл-күйі көтеріңкі болады.
Мәтінмен жұмыс: Оқушылар Қ. Қайымовтың «Ақын деген кім?» мәтінін оқып танысады. Мәтін мазмұнында айтылғандай ақынның «жүрегі үлкен болады», өнер адамының қай-қайсысы болса да халқына жақын болады, елін сүйеді ,адамдарды құрмет тұтады, деген тұжырымға балалардың назарын аударту. Жаңа ақпарат «Қоршаған әлемді көркемдкп бейнелеу көрінісі өнер деп аталады. Адамның өнерпаздығы оның қабілеті,шеберлігі,іскерлігінен көрінеді.»
Дәптермен жұмыс: Тапсырма: Дәптерде берілген ребусты шешу. Шешуі: «Өнерлі бала сүйкімді.»
Қорытындылау: -Өнерлі деп тек қана бір өнер түрін игерген адамды айтпаймыз. Сол өнерін, білімін, ақылын ұқсатып, өнерін біліміне, ақылына сай етіп өмірде қолдана алатын адамды да өнерлі деп атаймыз.
Жүректен жүрекке: -Балалар, кез-келген өнер түрі, соның ішінде ән, күй өнері адамға рухани күш, әр түрлі жақсы сезімдер сыйлайды. соны біз де сезініп көрейік. Балалар шеңбер құрып, қол ұстасып тұрады. Үнтаспадан домбырада орындалған сазды баяу күй естіледі. Балалар күйдің әуенімен тербеліп, қолдарын бұрынғыдан да қаттырақ қысады. Ө. Тұрманжановтың «Бәрі жақсы өнердің» өлеңін айтады.
22-сабақ
Тақырыбы: «Ақыл – жастан, асыл - тастан»
Мақсаты: Балалардың «даналық» құндұлық туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
. Ақылдың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
. Ақылын өмірде қолдана білу іскерліктерін дамыту;
. Балдалар дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар: дәптер, оқулық, «Даналық кітабы».
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Шаттық шеңбер. Сәлеметсіздер ме, балалар! Отырыңдар. Мен өз шәкірттерімді өзін-өзі тану сабағында көргеніме өте қуаныштымын. Сабағымызды бастамас бұрын мен сендерді және де келіп отырған қонақтарды шаттық шеңберіне шақырамын. Алдарыңыздағы затты таңдап алып, сол затты бір символға айналдырып, бір-бірлеріңізге жақсы тілектер айта қойыңыздар.
Мұғалім: Өткен сабақта өнер туралы айтқанымызда ақылды өнермен жеткізудің өзі өнер деп айтқан болатынбыз. Үйге берген тапсырма «Мен өнерлі баламын» кімнің қандай өнері бар екенін ортаға салайық /оқушылар дайындалып келген өнерлерін көрсетеді/
Шетелдік әріптерді сызып тастасаңдар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады.
UАJQҚVЫJЛLЖАUCSTZАVHN-
АQCЫWЛZRTUАZVCNQTZFАWH
сонымен бүгінгі тақырыбымыз «Ақыл жаста – асыл тастан» Бүгінгі ақыл, ақылдық, сондай-ақ бала кезде ақылды болу керектігі туралы әңгімелесеміз.
III. Әңгімелесу.
►Ақылды болу дегенді қалай түсінесіңдер?
► Сендердің ақылға жүгініп, дұрыс шешім қабылдаған кездерің болды ма? Деген сауал бойынша әңгімелеседі?
Мәтінмен жұмыс
Тапсырма: Мәтіннің өрбуі бойынша сурет салу.
/Мәтінді оқу/
Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу
Жиренше бірде сапрға шығады. Күн батуға таянғанда, бір аулдың тұсында көп балаға кездесе бергенде жаңбыр жауып кетеді.
Сонда балалар терген тезек бар, айдаған бұзаулары бар жаңбырдан қорқып, бұзауларын қоя береді де, тезектерін төгіп, үйлеріне жүгіріп кетеді..
Жиренше шешен мына баланың бір қасиеті барлығын сезіп, жақындап келім:
Қалқам, сен отырып қалдың, ана балалар болса бұзауларын қоя беріп, тезектерін төгіп кетіп қалады, оның себебі не? – деп сұрағанда. Қыз бала: - «Бұл балалар – ақылсыз. Үсті-басы су болады, әрі бұзаулары жамырап кетті. Мен кешке мына құрғақ тезекпен жылынып, рақаттанам, бұзауды жібермедім, енді сүтке тоям және үсті басывм су болған,» - дейді.
Қыз өзін ғана емес, байдың малын бағатын әкесін де ойлаған еді. Өйткені ол әрі аш, әрі үсті су болып келеді ғой...
Шешен жігіт қызлдың ақылына қайран қалыпты.
Сұрақтар:
1. Қарашаштың ақылдығы қай әрекетінен байқалды?
2. Басқа балалардың іс-әрекеттеріне көзқарастарың қандай?
3.«Ақымақ жауынды күні суға түсер» деген халық мақалынан нені түсінуге болады?
4.Сендердің да ақылдылықтарыңды көрсеткен кездерің болды ма? Естеріңе
түсіріп айтып беріңдер.
Мұғалім: - Дұрыс айтасыңдар. Ақылды адам барлық уақытта ойлап сөйлейді, жан-жағын байыптап барып әрекет етеді. Ондай адамдар өзінің байсалдылығын, қарапайымдылығын, кішіпейілділігін, ізеттілегін ұмытпайды. Қарашаш өзін ғана ойлаған жоқ, әкесінің де қамын ойлайды. Қыздың бойынан әкесіне деген мейірімділігі аңғарылады.
► Тыныштық сәті.
Денемізді түзу ұстап, ыңғайланып отырайық. Көзімізді жұмуға да болады.
/1 миут/
Шығармашылық жұмыс
Бір-бірнен қандай айырмашылығы бар?
Байлық, бақыт, ақыл. / Өз ойларыңды дәлелдеңдер/
►Дәйексөз
Тақтада жазулы тұрған Жүсіп Баласағұнидың «Адам бойындағы ең тамаша нәрсе білім мен ақыл» деген даналығының мәні ашылады:
/оқушылардың ойы тыңдалады/
► Мұғалімнің түйіндеуі
Балалар, сендер білім мен ақылдың адам өміріндегі қажеттілігін, маңыздылығын білесіңдер. Адам баласы қаншалықты білімді болғанмен, ақылға жүгінбесе, өмірден дұрыс жол табу қиынға соғады. Сондықтан адамның біліміне ақылы сай болуы тиіс.
Оқушылар дәйексөзді дәптерлеріне жазып алады.
VI Тапсырма
Тапсырма бойынша оқушылар мақал-мәтелдердегі көп нүктенің орнына ақыл сөзін қосып оқиды. Мақалдарды естеріне сақтап алады.
Ақылды адам ерінбейді.
Ашу – дұшпан, ақыл-дос,
Ақылыңа ақыл қос.
Ақылдың жақын дос бар ма?
Ақыл азбайды, білім тозбайды.
VII Ойын жалғастыру.
Мен ақылды баламын, өйткені..................
Оқушылар шеңбер құрып отырады. Данышпан атайдың «Даналық кітабы» қолдарын кезек-кезек ұстап тұрып, «мен ақылды баламын, өйткені.... » деп жалғастырады. Шеңберді айналдыра бәрі осы туралы өз ойларын айтып шығады. Мысалы, «Мен ақылды баламын, өйткені ойланып сөйлеймін», «Мен ақылды баламын, өйткені ашуланбаймын», «Мен ақылды баламын өйткені болмашыға ренжімеймін» және т.б.
► Жаңа ақпарат
Мұғалім:
Ақылды адам терең ойлап, дұрыс шешім қабылдайды біледі. Ақылды болу үшін оқу, іздену, үйрену қажет.
► Дәптермен жұмыс /шығармалық жұмыс/
Ақылды Алпамыстың тапсырмасын орындап, тапқырлығымыз бен ақылдылығымызды көрсетейік. Дәптерде берілген үкінің тұмсығынан таралып тұрған парақтарды бос жолдарға адамды ақылды, сүйкімді, әдемі етіп көрсететін асыл қасиеттерді ойланып жазыңдар. Байсалды болу, қарапайымдылық, кішіпейілділік, ізеттілік.
► Қортындылау
Ақылды адамның қиял бай, ойы жүйрік, ұшқыр болады. Ондай адамды халық ерекше қастерлеген. «Ақыл – жастан, асыл - тпастан», «ақылды жігіт атқа да отырар, таққа да отырар» делінген халық мақалдары балаларының жастайынан ақылды болуын армандаған халық тілегнін туған.
► Жүректен жүрекке.
Мен сендердің бойларыңнан ақылдылықты, мейірімділікті, білімді болғандарыңды, ертеңгі таңда Егеменді елімздің мақтанышы болатындай азамат пен азаматшалары болғандарыңды көргім келеді. Менің сендерге тілерім:
Ералы балам, ақылыңа ақыл қос! атаның ғана болсы болма, адамның баласы бол!
Ақбота қызым, ұшқыр ойлы бол!
Каусар қызым, ерінбей, еңбектене біл! Асыл қасиеттерің көп болсын!
► Енді балалар мына жүрекке өздеріңіздің лебіздеріңізді, тілектеріңізді және де бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жазыңыздар.
Бүгінгі әнімзді Қазақстанның намысын қорғаушыларымызға арнаймыз
Ән. «Атамекен»
23-сабақ
Тақырыбы: «Еңбектің наны тәтті»
Мақсаты:
Оқушыларға еңбектің керектілігі туралы түсінік беріп, адамның өмірі өз қолында екендігін түсіндіру;
Міндеттері:
- оқушыларға еңбектің маңыздылығы туралы түсінік беру;
- оқушылардың адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал ету;
- еліне, халқына абыройлы қызмет етуге тәрбиелеу;
Көрнекілігі: түрлі - түсті кеспе қағаздар.плакаттар,
Психологиялық дайындық: Бір-біріне жылы сөздер айту.
Топқа бөлу; 3 түс арқылы. 1-топ,2-топ 3-топ.
Үй тапсырмасын сұрау; 1. Үйге қандай тапсырма берілді.
«Бақыт, байлық Ақыл « (ертегі)
Байлық деген не?
Байлық адамға не үшін керек?
Егер сен бай болсаң , алғаш кімге көмектесер едіңдер?
Бақыт туралы не айтар едіңдер?
Ақыл деген не?
Балалар адам баласы байлыққа бақытқа жету үшін не істеуі керек?
Сендер еңбек деп нені түсінесіңдер?
Қандай еңбек түрлерін білесіңдер?
Сенің жасыңдағы еңбек деген не?
Бағалау Бармақ арқылы
Миға шабуыл. Бірнеше суреттерді жасыру.
Жаңа сабақ. Кітаппен жұмыс .»Маңдай тер»
Хамит атасымен әңгімелескенді ұнатады.Балабек қария көп жыл бойы сушы болған. Қазір құрметті демалыста.Сонда да үйде отырғанын көрмейсің. Хамитті ертіп, үй жанындағы бақ ішінде жеміс егіп жүргені. Ешқашан шаршамайды.
-Ата, маңдай тер» деген не?-сұрады бірде Хамит.
Атасы ойға шомды. Көзін бір нүктеге қадады. Сонан соң Хамитті ертіп, өзі көшет алып жүрген тоғайға келді.Қолына күрек ұстатты;
-Қане , балам екі-үш рет қазып алІ
Өзі шетке барып ағаш көлеңкесіне жайғасты. Хамит пора-пора тер болды Атасы жақ ашпады
Арада бірнеше жылдар өткеннен кейін сол көшеттер үлкен ағашқа айналды. Бірде атасы Хамитті ертіп бақ ішіне келді. Қып-қызыл алманың біреуін үзіп қолына ұстатты. Сондай дәмдіІ....
-Маңдай тер деген осы. «Еңбектің наны тәтті «дегенді дегенді есте сақтағайсың.
Балалардың өздеріне оқыту. Бір-біріне сұрақтар қою арқылы талдау
Бейнеролик көрсету; «Еңбексіз өмір сүреңсіз»
Топпен жұмыс 1-топ Сүрет салу.
2- топ Еңбек сөзіне талдау жасау.
3-топ Көрініс көрсету
Бағалау. Түстер арқылы
Жұптық жұмыс;
Даналық сөздерді оқып. Еңбектің маңыздылығы жөнінде ой түйіндеңдер.
1) Еңбек – қуаныш, жалқаулық - айырылмас азап. (А. Құнанбаев)
2) Еңбегі жоққа - бақыт жоқ. (А. П Чехов)
3) Жаның жай тапсын десең - еңбектен. (Ж. Ж. Руссо)
Сергіту Сәті; Топпен ән айту, Еңбекшіл осындай. Әнін орындау.
Жақсы бала еңбекшіл,
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл ,
Құшағы гүл толады.
Еңбекшіл осындай ,
Болайықшы досым-ай.
Кім тапқыр ; Мақал –мәтелдерді жалғастыр,
Еңбек бәрін ........
Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың .......тәтті.
Еңбек етсең ерінбей,
.......қарның тіленбей.
Ер ......... еңбекте сыналады.
Еңбек етсең ............
Көз ............, қол батыр.
Жеке жұмыс; Әр оқушыға бір кеспе қағаз беріледі; Эссе жау.
Екіге бөлеміз Мен еңбекшіл баламын............
Ары қарай өздері жалғастырады.
Бағалау екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы.
Қорыту; Адал еңбек адамды қуанышты сезінуге үйретеді. Әрқашанда өз ісімізге адал болып ,еңбектің дәмін сезіне білейік. Адал еңбекті бағалап , қадірлейік.
Үйге тапсырма беру;
«Еңбектің наны тәтті» тақырыбына шығарма жазып келу.
Рефлекция; Сабақ туралы өз пікірлерін жазып жапыстыру.
Қырға шықсаң терлеп ,
Мұның аты- Еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты –еңбек
Сабағыңа жөндеп,
Әзірленсң-Еңбек.
Қиындықтың бәрін,
Еңбек қана жеңбек. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар.
24-сабақ. Тақырып: «Мақтану-мақтаншақтық емес»
Құндылық Ішкі тыныштық
Қасиеттер өзіңді - өзің алдамау, мақтанбау, шыдамдылық, байсалдылық
Сабақ мақсаты: Балалардың мақтан тұту,мақтаншақ болмау, кішіпейіл,қарапайымдылық сияқты адами қасиеттер туралы түсініктерін кеңейте отырып,өмірде жақсылық жасауға үйрету және ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу. Күтілетін нәтиже: -мақтан тұтуды мен мақтаншақтықты ажыратады -мақтаншақтық-жағымсыз қылық,ал мақтан тұту-жақсы әдеттерді үйрену; - жағымды,жағымсыз қылықтарды ажырата білу іскерліктерін дамыту; жақсылыққа ұмтылып, өзіңді-өзің алдамауға тәрбиелеу ; -кішіпейілдікке,қарапайымдылыққа,ұстамдылыққа тәрбиелеу. - іс әрекетті сабырлықпен, байсалдылықпен шешуге үйрету.
| Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) |
Сабақ барысы:
Нұрға бөлену (оқушылар өз әсерлерімен бөліседі) «Нұрға бөлену» Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. (Мен жылулық сездім),(мен гүлдің баяу ашылып жатқанын ), (Мен нұр сәулесін аяғыма таралғанын сездім), мен Қолыммен жылулықты сездім),Ал мен жақсы сөздерді ,тіліктер айтығым келді. -Ендеше бәріміз хормен: -Мен тек жақсы сөздерді айтамын, -Мен тек жақсыны көремін, -Мен тек жақсы жолмен жүремін.
1топқа – «5мақал / еңбек туралы 2топқа- «5мақал/ -Қорытынды.Неге еңбектің наны тәтті?дейді -Себебі:өз қолымен жасайсың,өз күшімен жұмсайсың,қиындықтарды көресің,бірақ шыдап көресің,өзінің же ісіне қуанасын. -Балалар ұлы Абай атамыздың өлеңі «Ғылым таппай мақтанба» бар.Жаңа тақырыбымызды өлеңнің 1 шұмағынан бастайықшы. Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз. Өсек,өтірік,мақтаншақ, Еріншек,бекер мал шашпақ- Бес дұшпаның білсеңіз. -Ендеше сабағымыздың тақырыбы: «Мақтану-мақтаншақтық емес» 3.Топтық жұмыс 1 топ-Мақтану дегенді қалай түсінесіңдер? 2 топ- «Мақтаншақ» адам қандай болады деп ойлайсыңдар? | Сабақ барысын талдау: |
4.Дәйексөзді оқып беру 1топ,одан кейін 2 топ оқиды. Мақтаншақ кісі-менмен кісі, Менмендік –адамның міні. Ж.Аймауытов -Балалар,сендер келісесіңдер ме? -Адам өз еңбегімен келген жетістіктерін дос,жақын,туыстарына айтып,өзінің қуанышын бөліссе,оның айыбы жоқ.Оны мақтану деп атайды. Егер бет алды істемеген істі,жасадым деп айту,кішкентай еңбегін үлкейтіп айту,қолынан келмейтін іске масаттану,өзін өзгелерден жоғары санау-мақтаншақтыққа жатады.Бұл адамды ұятқа қалдырады. |
|
4.Ертегіні көру «Мақтаншақ қыз» 1 топ-Мақтаншақ қыздың іс-әрекеті мақтануға жата ма,мақтаншақтыққа жата ма?Неліктен?(мақтаншақтыққа,себебі ол өзін жоғары ұстады,өзін басқалардан артық санады,білмейтін істі білемін деді,өтірік айтты,өрмекші алып кете жаздады,өз басынан айыра жаздады .) 2 топ- Мақтаншақ қыз қандай қиындықтарға тап болды?көп қиналды,ыңғайсыз жағдайларға дұшар болды,өтірік айтқызады,бар күшін,ақылын босқа жұмсатады -Қандай қорытынды шығаруға болады? -Мақтаншақтық ұятқа қалдырып , ыңғайсыз жағдайларға душар етеді , өтірік айтқызады, бар күшін , ақылын босқа жұмсатады. Мақтаншақ өзін басқалардан артық санайды. Ондай адамға көпшілік жақындағысы келмейді.Ол өзінің сыйын жоғалтады. Сондықтан да үлгі болар іспен мақтануға болады, ал мақтаншақ болмау керек.
|
|
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс Жағдаяттарды сахналау,Әр топтың жағдаяттары қайсысына жататын дәлелдейді.Өз пікірлерін айтады. 1топ-1жағдаятты сахналап көрсету.106 бетте 2 топ-2 жағдаятты сах-ды.107 бетте.
«Жарнама»ойыны 1 топ: «Дос туралы жарнама» 2топ: «Оқулықты жарнамалау»
А)Менің досым-Жайлыбек.Ол ұзын бойлы,қараторы,күлімкөз,білімімен,ақылымен ерекшеленіп тұратын өнерлі,байсалды,достыққа адал,қамқоршы бала.Оны көргілерің келсе,3а сыныпқа келіңіздер! Б )Егер өзінді-өзің жан-жақты танып,өзгелерді терең білгің келсе,көп достар тапқын келсе,табиғатқа деген сүйіспеншілігінді арттырғын келсе «Өзін-өзі тану»оқулығымен достаса біліңдер!
-Қорытынды. Ойын «Мен кімді мақтан тұтамын». -менің мақтан тұтатын адамым-анам,өйткені................... -менің мақтан тұтатын адамым-ағам,өйткені................... -менің мақтан тұтаты адамым-досым,өйткені.....
-менің мақтан тұтатын адамым-әкем,өйткені................... – менің мақтан тұтатын адамым-атам,өйткені..... менің мақтан тұтатын адамым-ұстаз,өйткені..... менің мақтан тұтатын адамым-әжем,өйткені.....
|
|
Топпен ән айту. Бал-балалық,балдырған шақ сан арман, Барлық бала армандауға жаралған Кел,достарым,әндетіңдер,билеңдер, 2рет Гүлденсін деп атамекен қара орман.
Болашақтың иесіміз бәріміз, Туған жердің түрлендірер нәріміз. Алтын бесік-ұлан байтақ елімде, 2рет Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.
Қалықтаған көгершіні көгінде, Мүңаймасын ешбір бала елімде. Ата берген батаменен көркейсін, 2рет Ұлы Отаным,тілегім сол менің де.
|
|
Үй тапсырмасы. Дәптерге орындау: «Менің ойымша ................»бос жолдарға мақтану және мақтаншақтық туралы өз ойларын жазыңдар. |
|
Соңғы тыныштық сәтi. Баяу музыка қосылады. - Көзімізді жұмып, тыныштықта отырып, бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көздеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет! Сау болыңыз! |
|
25-сабақ. Тақырыбы: «Мейірімділік – асыл қасиет»
Мейірімділікті анадан үйрен. Халық даналығы.
Мақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түіндіру;
- өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;
- мейірбандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: үнтаспа, дәптер, оқулық, жүрекшенің үлгісі.
Шаттық шеңбері: Мұғалім балаларга шеңбер құрып тұруды ұсынады:
- Балалар, ортаға шеңбер құрып тұра қалайық. Бір-біріңе жылы жүзбен қарап, мейірлене шуағын төгіп тұрған күнге қарай қолдарыңды созыңдар.
Күлімдеп күн бүгін (қолдарын көтереді.)
Қарады маған да. (қолдарын кеуделеріне қояды.)
Күлімдеп күн бүгін, (қасындагы балаға қарайды)
Қарады саған да
Шуақпен төгіп нұр.
Мұғалім оқушыларды жаңа сабақтың тақырыбымен таныстырады:
— Біз бүгінгі сабақта адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз. Адамдардың бір-біріне деген мейір шапағаты -әдептілік белгісі.
Тыныштық сәті (Үнтаспадан арнайы әуен естіледі) Балаларға мейірімділік сезімін сезіндіру мақсатында тыныштық сәті ұйымдастырылады.
Оқулықпен жұмыс. Әңгімелеу «Сары тауық пен балапандар»
Мейірімділік қасиеттің мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелеу жұмысы ұйымдастырылады. Оқулықтағы мәтінді оқушы әңгімелейді.
Оқушылардың мейірімділік туралы пікірлері әңгіме мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауаптары арқылы тыңдалады.
• Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?
• Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?
• «Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер?
• Ал сендер мейірімділікті, қайырымдылықты кімдерден үйреніп жүрсіңдер?
• Сендер біреуге мейірімділік танытқан кезде қандай сезімге бөлендіңдер?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Дәйексөз
Әңгіме мазмұны бойынша туған ойлар дәйексөзбен түйінделеді.
Мұғалім тақтаға «Мейірімділікті анадан үйрен» деген халық даналығын жазып қояды және оның мәнін түсіндіреді. Ана - халық үғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғаттың жаратқан иесі адамды дүниеге әкелуші Ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адамның да ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігін сақтап қалуы өз қолында.
Оқушылар дәйексөзді дәптерлеріне жазып алады.
Ойын:
Балаларды мейірімді болуға дағдыландыру үшін «Мейірімді жүрек» атты ойын ұйымдастырылады. Әр бала қасындағы көршісіне оның жақсы қасиетін білдіретін сөздерді айтып жүрекшені ұсынады. Мысалы, Сен мейірімдісің!; Сен кішіпейілсің!; Сен әдемісің!; Сен қайырымдысың!; Сен ізеттісің!
Үй тапсырмасы
Бірінші тапсырма: Дәптерде берілген жүрекшенің ішіндегі бос жолдарға «Мен мейірімді баламын. Өйткені...» тақырыбында өздері жасаған ізгілік істері туралы шағын әңгіме құрастырып жазады.
Екінші тапсырма: Әңгімені оқып, мәтін мазмұнында берілген адами асыл қасиеттерді өз бойларыңа сіңіре біліндер.
Жүректен-жүрекке
Сабақ соңында балалар адамдарға, айналасына мейірімді екендіктерін жылы сөздері арқылы білдіреді. Кімнің немесе ненің мейірімді екендігін кезегімен мынадай сөздермен айтып жеткізеді:
- Күлімдеген күн мейірімді!
- Кіршіксіз ақ қар мейірімді!
- Таза мөлдір су мейірімді!
- Бәрімізді көтеріп түрған жер мейірімді!
- Аяулы анам мейірімді!
- Қадірлі әкем мейірімді!
- Әлпештеген әжем мейірімді!
- Еркелеткен атам мейірімді!
- Жылы жүзді ұстазым мейірімді!
- Тату-тәтті достарым мейірімді! және т.б.
26- сабақ. Сабақтың тақырыбы: Жаным толған жақсылық.
Мақсаты: Балалардың жақсылық ,махаббат адами қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекіліктер: дәптер, оқулық, суреттер.
Шаттық шеңбері: - Сендерді көргеніме қуаныштымын. Мұғалім балаларға шаттық шеңберін құруды ұсынады. Балалармен бірге Ертай Ашықбаевтің «Сурет салам» өлеңін оқиды.
Сурет салсам. Сурет салсам-гүл салам,
«Гүлге толып тұрса алаңым» -деймін мен.
Сурет салсам-гүл салам. «Күндей күліп тұрса маңым», деймін мен.
Сурет салсам-қала салам. «болсын барлық баласы аман», деймін мен.
Сурет салсам-Адам салам, «Қорған болсын маған ,саған» деймін мен. Тапсырма: Балалар өикен сабақта мейірімділік адамның жақсы қасиеті екен туралы әңгімесекен болатынбыз. Олай болса сендерге «Мен мейірімді баламын» тақырыбына әңгіме жазып келіңдер деп тапсырма бергенмін .Қанеки кім айтады тапсырманы. Балалар жауаптары тыңдалады.
Мұғалім жаңа тапсырманы түсіндіру үшін әңгімелесу жүргізеді. --Жақсылықты риясыз жасау дегенді қалай түсінесің? - Өздерің жақсылық істерң туралы естеріңе түсіріп айтып беріңдер.
Мәтінмен жұмыс: Әдепті адам өзін, өзгелерді ыңғайсыздық жағдайда қалдырмайды. Жақсы мәнер мен жақсы талғам адамды сыпайы әрі көрікті етеді. «Жан ана» әңгімесін мәнерлеп оқып,сұрақтарға жауап тыңдалады. Әңгімеде не айтылғандығын білу үшін : -Осы әңгімеден қандай ой қорытуға болады? -Бала жауаптыры тыңдалады.
Дәйексөз: Ы.Алтынсариннің «Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе». Деген нақыл сөзінің мағынасын түсіндіремін. Яғни біреуге жақсылық жасап, жасаған жақсылығыңды бұлдап , міндет етпеу керектігін айтамын. Адамға жақсылық жасаған соң риясыз жасау керек. Шын көңілмен, жанашырлықпен адал ниетпен жасаған іс. Жасаған жақсылығымды қайтар деудің қажеті жоқ. Істеген ісіңе ақы сұрама деген .
Шығармашылық жұмыс: Балаларға тамшы салынған суреттерді таратып, әр оқушы берілген тамшыға істеген жақсылығын жазып,жария етеді. Барлық тамшыны қосқанда дария көл болып, әр адамның жаны жақсылыққа толы болса ,жер бетінде бейбітшілік болып,адамдар бақытты өмір сүреді. Тапсырма : Оқулықтағы сурет бойынша балалар өз ойын айтады.
Жүректен жүрекке. Балалармен бірге шеңбер құрып тұрып оқушының айналасына деген сезімін арттыру үшін тілектер айтқызады. -Мен анама ұзақ ғұмыр тілеймін -Ұстазыма денсаулық тілеймін. -Сыныптастарыма сәттілік тілеймін. т.с.с
27-28 сабақ . Тақырып: Табиғат ғажаптары
Құндылық: Қиянат жасамау
Қасиеттер: достық, мейірімділік, сүйіспеншілік.
Сабақ мақсаты: Қиянат жасамау ұғымының мәнін түсіндіру;
Міндеті:
1. Қиянат жасамау нағыз адамгершілік қасиеттердің бірі екенін оқушыларға ұғындыру;
2. Айнала қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүруге баулу.
3. Оқушылардың бойындағы сүйіспеншілік сезімдерін оята отырып, қиянат жасамауға тәрбиелеу;
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi. 2 мин.
Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуын тексеру.
2. Тыныштық сәті (3 мин.)
«Алтын сәуле» жаттығуын баяу әуенді тыңдай отырып жасау.
Алтын сәуле-нұр, нұр,
Нұр әлемде, нұр менде.
Мейірім сенде, мейірім менде,
Мейірім барша әлемде!
3. Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин.
Үйге берілген «Бала және інжугүл қоңыраулары» (105 бет) ертегісі бойынша сұрақ қою арқылы ертегінің мазмұнын айту.
Сұрақтар:
1. Балалар, інжугүл дүниеге қалай келді?
2. Ал бала інжугүлге неліктен қызықты?
3. Інжугүл балаға қандай өтініш айтты?
4. Інжугүлді бала неліктен жұлмады?
5. Егер сендер баланың орнында болсандар, не істер едіңдер?
Сабақ барысын талқылау:
4. Дәйексөз. 2 мин.
«Қайырымды іс жаса, қайырлы болар әр ісің»
Халық нақылы
Яғни, біз барлығына қайырымдылық жасасақ, әрбір жасаған ісіміз бізге жақсылық пен қуаныш алып келеді. Гүлдерге, жан-жануарлар мен өсімдіктерге, тіпті үстіміздегі киімге, отырған орындығымызға, мектебімізге жақсы қарайтын болсақ, олар да бізге рахметін айтады. Ұстаздарымыз бен ата-анамызды тыңдап, айтқанын орындайтын болсақ, ол біздің оларға қиянат жасамай, қайырымдылықпен қарағанымыз болады.
(Дәйек сөзді дәптерге жазып, 2-3 рет бірге қайталап оқимыз)
5. Әңгiмелеу (сұхбат). 4 мин.
Қиянат жасамау дегеніміз ол:
Жақсы ой ойлау – ісіңің дұрыстығы,
Жақсы сөз айту – өмірдің тыныштығы,
Жақсы әңгіме тыңдау – көңілдің кереметі,
Жақсылықты көре білу – адамның дұрыс әрекеті,
Дұрыс тамақтану- деніңнің саулығы,
Қиянат жасамау адамның адамдығы.
6. Сергіту сәті. Ойын «Кім жылдам» 7мин
Сіздерге берілген 5 минут уақыт ішінде құрастыруға берілген суреттерді жинақтау қажет. (табиғат көрінісі бейнеленге суретті құрастыру).
7. Шығармашылық жұмыс. 12 мин.
Жағдаяттардың шешімін табу.
1-жағдаят
Сіз саябақта достарыңызбен серуендеп келе жатқанда, бір топ балалар ағаштың жапырағын жұлып, бұтағын сындырып жатқанын көрдіңіз. Сіз не істейсіз?
2-жағдаят
Сіздің сыныбыңызда оқитын бала сабақтан кейін өзінің үйінің жанында тал отырғызады, сізге барасыз ба деп ұсыныс жасайды. Сіз қалай жауап берер едіңіз?
(оқушылар өз ойларын ортаға салады)
Дәптермен жұмыс
Оқушыларға қағаздан жасалған күннің сәулелерін таратып, жақсы қасиеттер жазғызамын. Осы сәулелерді тақтадағы күн шеңберінің айналасына оқушылармен бірге орналастырамыз.
Оқушылар тақтадағы күннің сәулесін жақсы қасиеттермен бірге дәптерге көшіріп алады.
Қорытындылау.
Жақсы істер жасаймыз,
Табиғатты қорғаймыз,
Үлкендерді тыңдаймыз,
Кішілерді сыйлаймыз,
Біз тәртіпті баламыз,
Болашаққа сенеміз!
Дәптерге жазып, бірнеше рет қайталап оқимыз.
8.Үй тапсырмасы. 2 мин.
«Қиянат жасамау –адамгершіліктің белгісі»тақырыбында өз
ойларынан шығарма жазу немесе өлең шығарып келу.
9.Топпен ән айту. 5 мин
«Ақ көгершін»
Әні: Н. Баймұхамедов
Сөзі: А. Жұбанов
10.Тыныштық сәті (2-ші). 3 мин.
Қадір Мырзалиевтің өлең жолдарын барылығымыз бірге айтып сабағымызды аяқтаймыз.
Екі көзің не үшін керек?
- Жақсыларды көру үшін.
- Екі қолың не үшін керек?
Елге көмек беру үшін.
Құлақ деген не үшін керек?
Ақыл - кеңес тыңдау үшін.
- Тіл мен жағың не үшін керек?
- Ақиқатты айту үшін.
- Ал аяғың не үшін керек?
- Шетте жүрсем, туған жерге қайту үшін.
29-30 сабақ. Тақырыбы:«Табиғат сыйы».
Мақсаты: Балалардың «табиғат» құндылылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
Табиғат пен адам үйлесімділігі туралы түсіндіру;
Құстарға аялы қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
Табиғаттың аң-құстарына қамқор болуға тәрбиелеу;
Типі: жаңа материалды игерту.
Түрі:дәстүрлі.
Әдістері:түсіндіру,сұрақ– жауап,әңгіме, иллюстрация және демонстрация, ойға шабуыл, инверсия, синептика, драмаландыру, ойталқы.
Сабақтың көрнекі құралдары:үнтаспа, құстардың, табиғаттың суреттері, оқулық, дәптер.
Кезеңдері | Сабақ барысы |
Шаттық шеңбер
Әңгімелесу
Мәтінмен жұмыс
Сұрақ- жауап
Жаңа ақпарат
Тапсырма
Дәйексөз
Өзіммен-өзім
Сахналау
Тапсырма
Дәйексөз
Дәптермен жұмыс
Жүректен жүрекке
|
-Қайырлы күн балалар! Өзін- өзі тану сабағына қош келдіңіздер! Сендерді «Қуаныш шеңберіне» шақырамын. Біз қазір көгімізде самғай ұшқан қанатты құстар боламыз. Ал сендердің екі қолдарың – екі қанаттарың болады. Қазір сыныпта әр түрлі құстардың дыбыстары шыққан үнтаспаны қоямын, сол кезде сендер бір- бірлеріңмен құстар болып қанаттарыңды тигізе амандасасыңдар. (үнтаспадан құстар дыбысын қосамын, сонда балалар қатарласып тұрған балалармен екі қолдарын қанат жасап, бір- бірлерінің «қанатына» «қанатын» тигізе амандасады. Тамаша көк жазғы таң қалғандай, Үстінен жауса жауын нұр тамғандай. Қызығып ішсең суын құмартасың. Аузыңа кетпес дәмі бал салғандай. -Балалар, «Табиғат сыйы» деп неліктен айтамыз?( Өйткені табиғат бізге сондай тамаша көріністерін сыйлап тұр.) -Ал табиғаттың адам көңіл күйіне қандай әсері бар? (Егер қоршаған сені табиғаты сұлу, көрікті болса, онда сенің ден саулығың, көңіл- күйін әр қашан да жақсы болады.) -Балалар қанеки назарымызды кітаптағы суретке аударайық. -Төменгі суретке қарап, табиғат сыйы туралы не айтуға болады? (Табиғат, асқар тау, жайнаған гүлдер...) -Дұрыс, балалар, табиғат дегеніміз- аң, құс, өсімдік, тау, тас, өзен, көл. Олардың барлығы Табиғат бізге берген сыйы. Бүгін біз табиғат- ананың бізге тарту еткен сыйының бірі- «қанатты достар», яғни құстар туралы әңгімелесеміз. -Балалар, қазір мен сіздерге Қ. Мырза Әлидің «Адамның артықшылығы» деп аталатын өлеңнің аудиосын қоямын, ал сендер оны мұқият тыңдап отырыңдар.
Адамның артықшылығы Баратын жерге бара алған, Жал құйрық желменен таралған. Апшысын қуырып алыстың, Арғымақ жүйткуге жаралған. Су жайлы әңгіме әлі алда, Сол судан күш қуат, нәр алған. Зулаған жебедей топ-топ боп Балықтар жүзуге жаралған. Адамдар еңбектен нәр алған, Үйреніп әр құстан, әр аңнан. Жүруге, жүзуге, жүйткуге, Және де самғауға жаралған. -Осы өлеңде адамдар табиғаттан нені үйрене алады?(Жүруге, жүзуге, жүйткуге) -Дұрыс айтасыңдар, балалар, адам табиғаттан жүруге жүзуге және ең басты әдемілікті,сұлулықты үйренеді. Балалар, табиғат дегеніміз – аң, құс, өсімдік, тау, тас, өзен, көл, ауа, жер. Яғни біздің тіршілік ортамыз. Олардың барлығы табиғаттың бізге берген сыйы. Табиғаттың тарту еткен сыйын аялау, оған қамқорлық жасау, қадірлеу сияқты ізгі істерімен түйінделу керек. -Балалар, өздеріңе таныс аспан көгіндері құс жолы белдеуімен көктемде қанатты достарымыз бізге адаспай ұшып, жетуіне септігін тигізетін жарық жолдар салу үшін мен сендерге бір-бір жұлдыз таратып беремін. Бұл жұлдыздарда сендердің қанатты достарыңның аты жазылған. Сендер құстың аты жазылған жерге сол құстың жақсы қасиетін тіркеп жазып, тақтадағы құс жолына іліңдер. (Мысалы: Аққудың жақсы қасиеті- адалдығы; Қарлығаштың жақсы қасиеті- адаммен достығы; Қыранның жақсы қасиеті- батылдығы; Тоқылдақтың жақсы қасиеті- ағашқа қамқорлығы;) Сауысқанның жақсы қасиеті- сақтығы; Тотының жақсы қасиеті- әдемілігі; Бұлбұлдың жақсы қасиеті- ән сыйлауы.) -Жарайсыңдар, балалар,сендер түн ішінде жарқырап тұратын құс жолын бұрынғысынан да жарқыратып жібердіңдер. Ал құс жолын жарқыратқан құстардағы жақсы қасиеттері екенін ұмытпаңдар. (әуенді қосамын) -Ал ,балалар, ыңғайланып еркін отырыңдар. Көздеріңді жұмысаңдар да болады. Көз алдарыңа құс жолын елестетіңдер. Міне, біздің көмегімізбен құс жолы бұрынғысынан да жарқырап, жерде тіршілік ететін барлық жанға құстардың жақсы қасиетін жеткізуде. Аққу құстың адалдығы, сұңқардың батылдығы, сауысқанның сақтығы, ал қарапайым да кішкентай қарлығаштың адамдарға деген достығы біздің де тұла бойымызға дарып бара жатқандай. Барлық адамдар аққудай адал, бұлбұлдай әнші, тотыдай әдемі болсақ деп армандауда. Олар қанатты достарының тек ағаштарды қорушы ғана емес, табиғаттың жан біткенге берген сыйы екенін түсінгендей. Ал енді көзімізді ашайық. -Балалар, құстың табиғат үшін де, адам үшін де пайдасы өте көп. Кейбір құстар ағаш діңіндегі құрттарды тұмсығымен шоқып, тазаласа, кейбірі бидай алқабын құрт- құмырсқадан аршиды. Құстарсыз табиғаттың сәні де жоқ. Бірақ құстар да табиғаттағы тазалықты, тыныштықты қалайды. Олар да өз балапандарының қанат қағып, аспанға шырқай ұшқанын көргісі келеді. -Балалар, қазір біз Өтебай Тұрманжановтың «Құс ұясын бұзбайық!» өлеңін рөлге бөліп оқып, сахналап көрсетейік. Құс ұясын бұзбайық! Табиғат ана: Ей,балалар, балалар! Аман болсын аналар! Құстарда ана бар, Құстарда бала бар. Кім сүймейді баласын?! Осылар еске түскенде, Ойың да әбден піскенде, Бір ойланып қаласың! Өсіруге баланы, Құстар ұя салады. Жасауға жұмсақ ұяны, Жабағы жүнді жияды. Жабағы жүнді жияды, Жайлы қып жасап ұяны, Жұмыртқасын салады. Бір қуанып қалады. Тырнақтай құстың жауы көп, Құрулы ажал- ару көп. Оқушылыр: Балалық қып қызбайық! Құс ұясын бұзбайық! Жұмыртқасын алмайық! Обалына қалмайық! Тақия тұзақ салмайық! Қарғысына қалмайық! Әдейі көздеп апайық! Көп күнәға батпайық! Мұғалім: Балалар, мұны ұғындар, Уәдеден шығыңдар! Құстар біздің досымыз! Құстардың біз досымыз! Ұшып жүрсе аспанда Сыр түйеді жас жанға. -Табиғат-ана балаларға неліктен өтініш айтты деп ойлайсыңдар?(Өйткені құстың ұясын бұзуға болмайды. Құс қарғап кету мүмкін.) -Сендер осы өтінішке қалай жауап берер едіңдер? Неліктен? (Біз ешқашан ұяны бұзбаймыз.....) -Иә, балалар, құстың обалына қалуға болмайды. Сондықтан айтқан уәделеріңде тұрып, құстарды қорғай біліңдер. Қыстыгүні суықта бүрсіп отырған торғайларға жем беруді ұмытпаңдар! Өйткені олар сендердей қамқор достарына сеніп, қыстап қалады емес пе? Ал көктемде ұшып жететін жыл құстары шаршаса да сендерге сеніп, сендерді сағынып алыстан ұшып келеді. Оларға да ұя дайындап, жемшашар әзірлеп, тосып алыңдар. -Қанеки балалар оқулықтағы суретке назар аударып қарайықшы. Осы суретке қарап шағын әңгімені құрастырайықшы.(көктем келді. Құстар жылы жақтан келіп, ұяларын салып, жұмыртқа басады....) -Қанеки, балалар,назарымызды тақтаға аударайық! (Тақтаға «Табиғатым аң-құсымен ажарлы» деп іліп қоямын және осы Р. Сәтімбековтің даналығын бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіремін.) -Балалар, табиғатты аң-құстарсыз елестетіп көріңдерші. Құстың сайраған үні жоқ жерде, жан-жануарлардың қайнаған тіршілігі жоқ жерде табиғат сұлу болмақ емес. Олардың да адамдарға үйретері мен ұғындырары мол. Сондықтан табиғаттың бізге берген сыйы деп, ойларға қамқор бола білейік. -Қанеки, балалар, дәптерлерімізді ашып, осы дәйексөзді жазып алыңдар. -Балалар, табиғат-анаға деген сүйіспеншіліктеріңді дәптерге жазып, білдіріңдер. Мысалы: Мен сені ерекше қадірлеймін. Мен сені сүйемін. т.б. -Жарайсыңдар балалар! -Балалар бәріңді ортаға шақырамын. Барлығымыз бірге менмен мынау өлең шумағын айтындар! Табиғат, сен- тіршілік тұнып тұрған, Сен- Күнсің, көтерілген күліп қырдан. Сен-көлсің, сен- ормансың, сен- бұлбұлсың, Адамға сұлулықты шын ұқтырған.
|
31-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Жаны саудың-тәні сау.
Мақсаты: Балалардың денсаулық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Көрнекіліктер: дәптер, оқулық, суреттер.
Шаттық шеңбері: - Сендерді көргеніме қуаныштымын. Мұғалім балаларға шаттық шеңберін құруды ұсынады. -Балалар табиғат ана талғамай ,барлығына бірдей жақсылық жасайтынын өткен сабақта айтқан болатынбыз. Олай болса , біз де табиғат күніндей дөңгелене тұрып, күлімдеп, барша жанға жақсылып тілеп ,амандасайықшы. М: -Балалар, «Жақсы сөз жан сауықтырады» дейді дана халқымыз. Ал жанымыз сау болса тәніміз де сау болады. Біз бірімізге біріміз жақсы сөздер айтып, қуантайық. Әңгімелесу. «Жаны саудың- тәні сау дегенді қалай түсінесің?» -Адам өз денсаулығын қалай жақсарта алады. -Өздерің белгілеген күн тәртібін орындай аласыңдар ма?
Дәйексөз. Т. Карлейльдің «Дені сау адам –табиғаттың ең қымбат жемісі.» деп жазып оның мәнін түсіндіремін. «Дені сау адам табиғаттың ең қымбат жемісі» деген дені сау адамға ештеңе жоқ дегенді білдіреді. Оған қол жеткізу өзіміздің қолымызда. Ол үшін алдымен жан саулығына көңіл аударған жөн. Ешкімді ренжітпей,ауыр сөз айтпай барлығына жақсылық тілеп ,қуаныш күлкі сыйлап , өзің туралы,өзге туралы тек қана жақсы ой ойлау керек. Өзіммен-өзім: -Балалар денелерін бос ұстап, арқаларын тік ұстап көздеріңді жұмсаңдар да болады. Біріміз-қызыл болып піскен алма, келесіміз тәттілігі тіл үйіретін шабдалы, біpдің еш жерімізге дақ,құрт түспеген .Біздің еш жерімізге дақ түсірмеген жер анаға алғысымызды айтудамыз. Бірімізге қарап ,еш жерімізден кемшілік көрмей ,дәнне пайда болып түйін салғанда қандай болсақ,сол қалпында сақталғанымызға масаттанамыз. Осы сезіммен көзімізді ашамыз. Жаңа ақпарат: Денсаулық дегеніміз адам ағзасының жан жақты дамуы мен бүкіл дене қызметтерінің дұрыс жүзеге асыра білуі. Адамның дене шынықтыруы , үнемі денені таза ұстауы , күн тәртібін орындай білуі және адамның көңілді ,қуанышты болуы да денсаулықты сақтауға көмектеседі.
Мәтінмен жұмыс: «Қандай тілек жақсы?» әңгімелеп айтып беру. Сұрақтармен жұмыс: Амантайдың әрекеті туралы не айтасыңдар? Апасының әрекеті туралы не айтасыңдар? Неліктен жаман тілек тілеуге болмайды? Сендер амантайдың орнында болсаңдар , қандай тілек тілер едіңдер? Оқушы жауабы мұғалім тарапынан түйінделеді. -Дұрыс айтасыңдар балалар , Амантайдың апасының тілегі өте жақсы тілек. Жақсы тілек адамды жақсылыққа жетелейді. Өйткені апасы өз балаларына жақсы өмір ,амандық тіледі. Сондықтан таңертең тұрғаннан жақсы тілектермен ояну керек.
Дәптермен жұмыс.
Жүректен жүрекке. Балалармен бірге шеңбер құрып тұрып оқушының айналасына деген сезімін арттыру үшін тілектер айтқызады. -Мен анама ұзақ ғұмыр тілеймін -Ұстазыма денсаулық тілеймін. -Сыныптастарыма сәттілік тілеймін. т.с.с
32-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Денсаулық - зор байлық.
Мақсаты: Балалардың денсаулық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.. Көрнекіліктер: дәптер, оқулық, суреттер.
Шаттық шеңбері: - Сендерді көргеніме қуаныштымын. Мұғалім балаларға шаттық шеңберін құруды ұсынады. -«Спорт біздің досымыз» әнімен бастау. М: -Балалар, жанымыз сау болса тәніміз де сау болады.
Әңгімелесу. -Спортпен шұғылдану адамға не үшін қажет деп ойлайсың? - Өздеріңе спорттың қандай түрлері ұнайды? -Қандай спорт түрімен шұғылданасыңдар? -Адам өз денсаулығын қалай жақсарта алады. -Өздерің белгілеген күн тәртібін орындай аласыңдар ма? Дұрыс айтасыңдар, спортпен шұғылданған адамның дені сау, сымбатты болып өседі. Еңбекке жарамды , сергек , көңіл күйі көтеріңкі болады.
Өзіммен-өзім: -Балалар денелерін бос ұстап, арқаларын тік ұстап көздеріңді жұмсаңдар да болады. Біріміз-қызыл болып піскен алма, келесіміз тәттілігі тіл үйіретін шабдалы, біpдің еш жерімізге дақ , құрт түспеген . Біздің еш жерімізге дақ түсірмеген жер анаға алғысымызды айтудамыз. Бірімізге қарап ,еш жерімізден кемшілік көрмей ,дәнне пайда болып түйін салғанда қандай болсақ,сол қалпында сақталғанымызға масаттанамыз. Осы сезіммен көзімізді ашамыз.
Мәтінмен жұмыс: «Ең үлкен байлық» ертегісін айтып беру. Сұрақтармен жұмыс: Жігіт байлықты қалай түсінді? Үлкен адамның кеңесінен соң жігіттің «байлық» туралы көзқарасы өзгерді ме?
Жүректен жүрекке
Шеңбер құрып, кезектесіп тілек айтады.
Бір – біріңе еңбектеріңнің жемісті болуына тілек білдіріңдер.
Бақытты бол!
Денсаулығың мықты болсын!
Ел мақтанышы бол!
Еңбектің тәтті нанын сезіне біл. Жетістіктерге жете бер!
Үнемі адал бол!
Еңбекте жемісті бол!
Жүздеріңнен күлкі кетпесін!
33-34 сабақ. Сабақтың тақырыбы: «Өзін-өзі тану» пәнінен үйренгенім
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: «Өзін-өзі тану» пәнінен меңгерген білімдерін тиянақтау
Дамытушылық мақсаты: өз бойларындағы құнды қасиеттерді көрсете білуге жетелеу
Тәрбиелік мақсаты:
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: буклет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Шаттық шеңбері
Анамның тілі – аяулы үні Шона Смаханұлы
Өмірге келдім,
Анамды көрдім,
Деді ол: «Жаным,
Арайлы таңым».
Самал боп желпіп,
Жырымен ертіп,
Үйретіп тынбай,
Бал тілін, әнін.
Анамның тілі – айбыным менің,
Анамның тілі – ай, күнім менің.
Сүйемін байтақ елімді туған.
Сүйемін мәңгі өмірді думан.
«Өзін-өзі тану» пәнінен өздеріңе қандай тақырыптар ұнады?
«Өзін-өзі тану» сабақтарында не үйрендіңдер?
Осы оқу жылында өздеріңнің және сыныптастарыңның бойынан қандай өзгерістер байқадыңдар?
Сабақтан үйренгендеріңнің күнделікті өмірде кездескен кезі болды ма?
Суреттерді пайдалана отырып, «Өзін-өзі тану» пәні бойынша үйренген қасиеттер мен құндылықтарды естеріңе түсіріңдер.
Балалар елін бағындыру
Ерте, ерте, ертеде «Балалар елі» деген бір ел болыпты. Алдарына қойған ешқандай мақсаты жоқ жұпыны өмір сүріп жатқан көңілсіз ел екен. Күндердің күнінде Балалар елін бір патшалық бағындырып алады. Ол патшалықтың аты – Ойын екен.
келісімен-ақ, Балалар елі бірден көңілденіп сала беріпті деседі. Айнала айқай-шу, дыр-думан. Ертеден қара кешке дейін бар баланың білетіні – тек қана ойын. Уақыт өте келе Балалар елі бірыңғай Ойынға салынып, өмірдің басқа жағынан мақрұм қалуға айналады. Есіл-дертін Ойын билеген баланы көріп пе едіңіз? Мұндай бала, тіпті, тамақ ішіп, бір ауық жүрек жалғау керектігін де ұмытады екен.
Ата-аналар әрлі-берлі ақылдасып, енді Еңбекті шақыртыпты. Сол-ақ екен, Балалар елінің тіршілігі жаңадан жанданып қоя беріпті дейді. Балалар бір уақ ойнаса, бір уақыт еңбек етіп, үй ішіне көмектесіпті. Нанның дәмін сезіпті, оның дастарқанға қалай келетінін түсініпті. Ата-ананың қадіріне жетіпті. Бұл – ел өміріндегі өзінше жақсы кезең болған екен…
…Осылайша уақыт өте беріпті. Бірақ, сонда да, ел тіршілігінде бірдеңе жетіспейтін сияқты болады да тұрады. Ата-аналар әрі ақылдасып, бері ақылдасып, ол жетіспейтін нәрсенің атын Оқу деп тауыпты.
Өйткені балалар Ойын ойнап шынығып, Еңбек етіп өмірге бейімділік танытқанымен, өмірдің сырын түсінбейді. Табиғат құпиясын білмейді. Сонымен енді көмекке Оқу келіпті.
Ойын мен Еңбекке жіберетін уақыттың біразын балалар енді оқу оқып, білім алуға жұмсапты. Сол-ақ екен, балалар өмірі тіпті қызықты бола түсіпті.
Өмірдің құпия сырын меңгеріп, біліммен қаруланған олар ересектер шаруасына да араласыпты. Мұнан кейін күні бойы сабақ оқып, қажыған баланы сергіту үшін тағы бір мейірбан жан жәрдемге келеді. Оның аты Спорт екен.
Спортпен тұрақты айналысқан баланың денсаулығы мықты, көңіл күйі сергек, денесі сымбатты болыпты. Оны көріп, Өнер есімді сұлу бойжеткен де жас ұланды баулуға белсене араласып кетеді. Әр жерде ән шырқаған, күй шертіп, би билеген Балалар еліндей ел, әй, дүние жүзінде болмаған шығар…
…Оқудың Кітап деген атасы бар екен. Өзі – бір көзәйнек таққан қайырымды қарт көрінеді. Тыным таппай елді аралап жүрген оны балалардың көпшілігі ұнатып қалады. Кітаптың арқасында өмір тіпті қызықты бола түсіпті.
Бұл бір Балалар елінің кемеліне келіп, гүлденген дәуірі екен. Өйткені Ойын, Еңбек, Оқу, Өнер, Спорт, Кітап – алтауы балаларды кезек-кезек қағып әкетіп, тек жақсылыққа қарай жетелейді де отырады.
Бұл алтауы елдің ең сүйікті адамдарына айналады.
Олар да балаларды керемет жақсы көреді екен. Кейде, тіпті «мен алам», «жоқ, енді мен алам» деп өзара таласып қалып та жүреді.
Ойын мен Еңбектің айырмашылығы неде, деп ойлайсыңдар?
Балалар еліне Спорт пен Өнердің қандай пайдасы болды?
Неліктен Оқу мен Кітап «Балалар елінің» өмірін жақсарта түсті деп ойлайсыңдар?
Өздерің «Балалар елінде» болып көрдіңдер ме?
Өзін өзі тану:
өзін-өзі жетілдіру.
өз ойы мен әрекеттерін жақсылыққа бағыштау.
сезімі мен ниетін басқара білу.
жақсы мен жаманды ажырата білу.
өзін, қоршаған әлемді құрметтей, сыйлай білу.
үнемі ізденісте болу.
Кел, достар, сапқа тұр
Ән қосып жарқынды шақта бұл,
Кел, достар, кел достар, сапқа тұр.
Күн сәулелі туған ел арайың,
Нұр құйсын көңілге.
Шын болаттай шыңдалып әрдайым,
Жалындаймыз өмірде.
Біз жастар, құрыштай шыныққан,
Өмірден таусылмас жыр ұққан.
Алтын күннен туған ел аумаған,
Нұр құясың көңілге.
Бойымызда күш-жігер қаулаған,
Жалындаймыз өмірде.
Жайнаған жастықтың алаңы
Біздерді құшаққа алады.
Күн сәулелі туған ел арайы
Нұр құясың көңілге.
Шын болаттай шыңдалып әрдайым,
Жалындаймыз өмірде.
ҮІ. Қорытынды бөлім. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. Оқушылардың еңбегін мадақтау.