СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Бәйтерек-өмір ағашы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жетекшісі: Қалкенова Б.Ж

Семей қаласы М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің 3 курс студенті

Просмотр содержимого документа
«Бәйтерек-өмір ағашы»

Пән: Дүниетану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

3Б бөлім: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Күні: 10.03.2020 ж

Сынып: 1 а

Мектеп: 3

Мұғалімнің аты-жөні: Муканова А.Д

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

«Бәйтерек» - өмір ағашы


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.3.5.3 Қазақстан астанасы туралы шығармашылық жұмыстарды таныстыру


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

- Бәйтерек, Астана туралы біледі, аңызбен танысады;

Көптеген оқушылар:

- Аңыздың мазмұнын баяндайды;

Кейбір оқушылар:

- Аңызды өз ойымен жалғастырады.


Бағалау критерийлері

- Бәйтерек, Астана туралы біледі;

- Аңыздың мазмұнын баяндай алады;

- Аңызды өз ойымен жалғастыра алады.

Тілдік мақсат

Монумент

Құндылықтарды дарыту

Елордамыз Астананы құрметтеу,Отанға деген патриотизм сезімдерін ояту, адамгершілікке баулу, ынтымақтастық құндылығын бала бойына дарыту.

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану –қоршаған орта, көркем еңбек – пазл құрастыру, математика – жұмыс уақытын есептеу.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта, бейнежазба

Бастапқы білім


Оқушылардың аңыз, әңгіме, миф, ертегі және мақал-мәтелдер туралы түсініктері бар. Сондай-ақ олар Астана туралы, «Бәйтерек» ескерткіші туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин







Оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлігін тексеру.

Психологиялық ахуал.

Армысың шапағатты күн ана

Армысың шапағатты аспан ана

Құт дарытқан елімізге жерімізге

Армысың мейірімді жер ана

Болжау әдісі.

Сабақты бастамас бұрын, Астана туралы ән тыңдау.

- Әнде не туралы айтылған?

- Бәйтерек туралы

- Балалар,бәйтерек ағашы туралы не білесіңдер?

- Бұл қандай ағаш?

(Тақтаға бәйтеректің суретін шығару)

- Балалар,бәйтерек ағашын қайдан көреміз?

- Тағы осы бәйтерек туралы не айтуға болады?

- Бүгінгі сабақта не туралы сөйлесеміз?

Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашады.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау








Ән

Сабақтың ортасы

30 мин































































«Бәйтерек» туралы аңыз:

«Көктөбенің басында, алып көк теңіздің жағалауында өмір ағашы Бәйтерек өседі екен. Жыл сайын Бәйтеректің бұтағындағы ұясына келіп, киелі Самұрық құс күн бейнелі алтын жұмыртқа салады екен. Бірақ айдаһар-жылан күн бейнелі жұмыртқаны жеп қояды. Аңыз бойынша Ертөстік жыланды өлтіріп, Самұрық құстың алтын жұмыртқасын аман алып қалады, оған разы болған құс оның жер асты патшалығынан шығуына көмектеседі.»


Жұптық жұмыс: «Көршіңе әңгімелеп бер»

- Қандай кейіпкерлер кездесті?
- Қандай кейіпкерлер мейірімді, ал қандай зұлым? Неліктен?

Аңыздың соңын болжа.

Бұл аңызды қалай түсіндің

Астанадағы монумент неліктен «Бәйтерек» деп аталған?

Дескриптор:

- Мәтін бойынша әңгімелейді.

- Өз бетімен болжам жасайды.

- Кейіпкерлерді анықтайды.

ҚБ: Мұғалімнің бағалауы


Дәптермен жұмыс 

Аңыз кейіпкерлері”

Дескриптор:

– Самұрық құстың және Айдаһардың суретін табады, оларды бояйды;

– Қажетті сөздердің арасынан Самұрық пен Айдаһарды сипаттайтын сөздерді табады;

–  Оларды тиісті бағанға көшіреді.



Сергіту сәті:

Бәйтерекке ұқсайық,

Қолды көкке созайық

Самұрық болып ұшайық,

Ұямызға қонайық.


Бәйтерек – Астана қаласындағы көрікті жерлердің бірі. Бұл монумент ертедегі ата-бабаларымыздың дүниені қалай түсінгенін көрсетеді. Монументтің биіктігі – 97 метр.


Бәйтерекке саяхат” бейнефильм көрсетіледі.

Топтық жұмыс.

1 топ: Бейнежазбадан көргендері бойынша әңгімелейді.

2 топ: Пазлдардан Бәйтеректің суретін құрастырады.

3 топ: «Бәйтерек» монументінің жұмыс уақыты сағат 10.00-ден бастап 22.00-ге дейін. «Бәйтерек» монументі қанша уақыт жұмыс істейтінін есепте.

Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.

Дескриптор:

- Фильм бойынша әңгімелейді.

- Монументтің әр бөлігін анықтайды.

- Қойылған сұрақтарға дұрыс жауап береді.

«Сен білесің бе?»

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Елордамызда «Астана – Бәйтерек» монументін салу туралы ұыныс жасады.

Монумент Қазақстанның елордасы Астанада 2002жылы салынып, Қазақстанның негізгі көрікті және бетке ұстар ғимаратына айналды. Бәйтерек өз тарихи тамырын сақтаған және болашаққа ұмтылған қазақ халқының нышаны болып табылады. Монумент жобасының авторы – әйгілі ағылшын сәулеткері Норман Фостер. Ғимараттың биіктігі 97 метрді құрайды.Алтын түстес шардың диаметрі 22 метр. Төменгі деңгейі төрт жарым метрге дейін тереңге бойлаған. Ол жерде дәмхана, аквариумдар және суретші Ерболат Төлепбайдың жұмыстары қойылған «Байтерек» шағын-галереясы бар.

- Бүгінгі сабақтың тақырыбында Елбасымыздың қандай қатысы бар?

- Бәйтеректі - неге өмір ағашы дейді?

- Құрылыстың авторы кім? (Нормен Фостер)

- Монумент қай жылы салынды, неден жасалды?





Бәйтерек ағашы























Жұмыс дәптері















Бәйтерек суреті





https://youtu.be/wsfkLPYe1-E

А4, маркер, пазл













Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев портреті

Сабақтың соңы

5 мин

Қортынды сұрақтар:

- Бүгінгі сабақта не өттік?

- Бәйтерек ағашы туралы не білдік?

- Бәйтеректің биіктігі неше метр?

- Бүгінгі сабақта не қызықты болды?

Кері байланыс:



Іс-тәжірибе жетекшісі:__________ Калкенова Б.Ж

Сынып жетекшісі:____________ Нугымарова Г.Р

Машықкер: ____________ Муканова А.Д

Баға: _____________