Просмотр содержимого документа
«Баяндама Бала т?рбиесіндегі ата-ананы? р?лі мектеппен байланысы»
Баяндама «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және мектеппен байланысы »
Баяндама «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және мектеппен байланысы»
Отбасы- ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі, өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, басқару тәртібі, міндет-қызмет бөлінісі, кіріс- шығыс бюджеті, қасиеттеп, қастерлеп ұстанатын рәміздері т.б болмыс-тіршілік жақтары болады. Адамдардың жақсы өмір сүруі отбасы құрамындағыларға байланысты. Сондықтан отбасы құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар-намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерінің бір-біріне адал, қамқор болуына тәрбиелеген.
Бала тәрбиесіндегі алғашқы ұстаз — ата-ана.Жанұяда жақсы қасиеттер балаға сөзбен, үлкендердің үлгісімен сіңеді, дамиды.
өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызу
оның үйренуіне көмектесу
берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындаулын төзімділікпен бақылау
істеген ісін ұқыпты, тындырымды орындауына бағыт беру
жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіру
Балаға теріс әсер етеді:
Жанұядағы жанжал,
үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы,
баланың көзінше басқа біреуді сөгуі,
біреудің сыртынан өсек айтуы
балалардың көзінше арақ ішу,
үсті-үстіне темекі тарту т.б
Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады
Кейде сабақты жиі қалдыруға және әр түрлі сылтауларды үлкендердің өзі үйретіп отырады.
Бұл жағдайда балаға өтірік айтуды үйретіп отырғанын аңғармай да қалуы мүмкін.
Сондықтан
Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту,
тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру,
табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту,
сүйікті ісімен айналысуға мүмкіндік беру
дұрыс білім алуына жағдай жасау
Ата-анаға берілетін кеңес:
1. Балаға мектеп, мұғалім туралы көбірек мағлұмат беріп, дайындық жұмысын алдын ала жүргізіңіз.
2. Балаңызды өзіне-өзі қызмет етуге дайындаңыз.
3. Жанұяда бала тәрбиесіне бірдей талап қоя біліңіздер.
4. Балаға уәде бергеннен кейін орындауға тырысыңыз, орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда дұрыс түсінік беріңіз.
5. Баланың өз бетімен әрекет жасауына мүмкіндік беріңіз (бермеген жағдайда бала өмір бойы бір істі өздігінен істей алмайтын, жалтақ, өзіне сенбейтін болып өседі).
6. Балаңызға сүйіспеншілікпен қараңыз. Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ол бұл әлемнен махаббат табуды үйренеді.
Ой толғанысы.
1. Егер баланы үнемі сынап отырса, оқуға құлқы болмайды. Баланы қолдап отырса, білімге деген ынтасы артады
2. Балаға сенім артса, ол батыл болады.Бала төзімділікте өссе, адал болып жетіледі Бала қауіпсіз жағдайда өссе, ол адамға сеніммен қарайды
Баяндама бойынша оқушының талаптары, ережесі, оқу-құралдары, мектеп, ата-ана арасындағы байланыс, түсіністік ортақ нәтиже туралы құнды ой-пікірлер айтылды.