СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Баяндама "Отбасы және балабақша ынтымақтастығы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ата-ана мен жұмыс.Бала бақша мен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту.Ата-аналарға балаларына үйден тәрбие беріп,балабақша тәрбиешілерімен тығыз байланыста болуын айту. 

Просмотр содержимого документа
«Баяндама "Отбасы және балабақша ынтымақтастығы"»

«ОРДА Султан» ЖШС «Алтын сақа» балабақшасы






Тақырыбы: «Отбасы және балабақша  ынтымақтастығы»




«Құлыншақ» тобы

Өткізген: Утепова А.Б







Атырау 2017ж

Баланы  бұзуға,  түзеуге   себеп   болатын
  бір   шарт  —   жас   күнде   көрген   өнеге.
Жүсіпбек   Аймауытов

 

Қоғам    үшін    әр   кезеңде ,   әр   отбасында   өсіп    келе   жатқан   өрімдей   ұл  —  қыздардың   дені   сау,   рухани   бай,   еңбекке  ,   білімге  құштар   болып   өсуі  —   ең  жоғарғы   тілек,    ең   биік    мақсат.   Оның  қуат   алатын   қайнар   бастауы   отбасы.   Отбасының   аса   құнды   ықпалы   мен   әсерін   өмірдегі   ешнәрсенің    күшімен   салыстыруға   болмайды.   Балаға   ата —  ана   тәрбиесінің   орнын    ешнәрсе    алмастыра    алмайды.   .  отбасы  —   өмірге    сәби   әкеліп,   оны    тәрбиелеп,    қалыптастыруда   және   ұрпақ   жалғастыруда   теңдесі   жоқ   орын.  

Отбасының    балаға   тәрбие   берушілік   қызметтінің   мақсаты  —  балаланың   жасын,   жеке   ерекшелігін,   психологиялық   процестерін   ескере   отырып,   жарасымды   жетілген   ұрпақты   тәрбиелеу.     Көздеген    мақсатқа   жету   үшін   отбасындағы   тәрбие   төмендегі   міндеттерді  шешеді.

 — Отбасында   баланың   өсуіне,   денсаулығына   қамқорлық   жасау,   тазалықты   қалыптастыру.

— еңбексүйгіштікке   баулу,   тұрмыстағы,   үй   шаруасындағы   еңбекке   құлшынысын    арттыру,  өзіне  —  өзі   қызмет   етуге   үйрету.

— Отбасы   мүшелерімен   тіл   табысып,   дұрыс  қарым  —  қатынас   жасауға,   үлкенге   құрмет,   кішіге   ізет   көрсетуге   үйрету .

— Әдебиетке,   мәдениетке,   өнерге   тәрбиелеу.   Бұл  міндеттер   жүзеге   асу  үшін   бала   дүниеге   келген   күннен   бастап   отбасында,   қоғамдық   орындарда,   мектепте  тәлім  —  тәрбие  беріледі.

« Баланы  жастан »,  « Ұяда  не   көрсең,   ұшқанда   соны  ілесің»   деген   даналық   сөздердің   мағынасы   өте   терең.   Себебі,   есейіп   кеткен   соң   баланың   теріс   мінезін,   қалыптасқан   қате   көзқарасын  өзгерту   өте   қиын.   Осы   кезде  « Балаңыздың   тәрбиесін   бастамас   бұрын,   өзіңіздің   мінез  —  құлқыңызды,  өмірге  көзқарасыңызды   ой   елегінен   өткізіп,   бақыладыңыз ба ? »   деген   сауал   туады.

Ұлы   педагог   А. С. Макаренко : «  Балалардың   алдында   беделді   болуды  қаламайтын   ата – ана   жоқ.   Бірақ  қалай,  қай   бағытта   өнеге   беріп,  өсіріп   келе   жатқанын   ойламастан,   бала   санасын   рухани   өктемдік   жасап  тәрбиелейтін  ата – ана   баршылық.   Бұл   беделді   болудың   қандай   жолы?   Мұндай   жолмен   келген   адал   баланың   санасы   жетілгенде   өздігінен   жойылады»  деген.

Отбасы  —   барлығының   басы,   жан —  жақты   даумуының  негізі  болатын   тәрбие   институты.   Отбасындағы   ата —  ана  мен   баланың   қарым  —  қатынас    нәтижесінде,   адамгершілік,   эстетикалық,  дене   тәрбиесінің    алғашқы   үлгілері   қалыптасады.   Ал  әке  мен  шеше  —   баланың  алғашқы   тәрбиешілері.

Ата —  аналар   бала   бақытының   шынайы  бағбаны   болуы   тиіс .

Бала  бақыты  —  білімде.   « Білім   бір  құрал.  Білімі  көп   адам  құралы   сай  ұста   сықылды,   не   жасаса да   келістіріп   жасайды », —  дейді  А.  Байтұрсынов.

Бүгінгі    таңда   болып   жатқан   өміріміздегі   өзгерістерге   байланысты   ұстаздар   мен   ата —   аналардың   бала   тәрбиелеудегі   жауапкершілігі   арта   түсуде.   Балаларды   оқыту   мен  тәрбиелеуде   отбасының   басым   ролін   мойындай   отырып  бірлесе   жұмыс   жасау   керек.   Әрбір   ұстаз    ата —  аналармен   қарым  —  қатынас   жасауда   түрлі   тәсілдерді,  қазіргі   жаңа  технологияларды  пайдалана   отырып,   ата —  ананың   қызығушылығын   арттыру   мақсатында   жұмыс   жасаса,   ата —   ананың   балабақшаға,   тәрбиешіге   деген   көзқарасы   өзгерер   еді.

  Ата —  аналармен   жұмысты   ұйымдастырудың  негізгі   мақсаты:

 * Ата —  ананың   өмірге   деген  көзқарасын  өзгерту;

* Баланың  бүгінгі  жасаған   қадамы   ертеңгі   тұлға   қалыптасуына  үлкен   әсер  ететінін   атап  өту;

* Ата  — аналармен   жұмыс  жасаған   кезде   бірізділік   қағидасын  басшылыққа   алу;

Ал  міндеттері:

* Бала  өміріне  қолдау  жасау,  келешекте  өз  жемісін   береді.

* Қоғам  тарапынан  көрсетілген  қолдау,  ата —  ананың  өміріндегі  тұрақтылық  пен   болашаққа  деген  сенімін  нығайтады.

Қазіргі   уақытта  жұртшылықтың   балаларды   тәрбиелеуге  қатысы  кеңейе   түсіп,  тәрбие   жұмысы   еңбек  ұжымының   күнделікті   ісіне   айналуда   тәрбиешілердің   практикасында  ата —  аналармен  және   көпшілікпен   бірігіп   жұмыс   істеудің   әр  түрлі   формалары   қалыптасып,   жемісті   түрде   қолданылуда.   Олар   ата —  аналармен   жекелеп   және  ұжымдық  жұмыстар   жүргізді.

Отбасы   тәрбиесіндегі   кездесетін  сәтсіздіктер   ата —  аналардың   педагогикалық   сауатсыздығынан   және   оларда   тәрбие  жұмысын  жүргізуге   қажетті  тәржірибенің   жоқтығынан   болады.   Балаларды   тәрбиелеудің   дұрыс   жолын   табу  үшін   ата —  аналарға   көмектесу  тәрбиешілердің    міндеті .

Ата —  аналармен   жүргізілетін   жұмыс   түрлерін   қалай   ұйымдастыруға   болады?

Ол  үшін  біз  ата —  аналармен   жақынырақ   танысып,   отбасының   әлеуметтік   жағдайын,   отбасы   мүшелерінің   бала   тәрбиелеудегі   ролін   анықтау   үшін,   ата —  аналардың  ұсыныс  —  пікірлерін,   ойын   бөлісу   мақсатында   сауалнамалар,   анкеталық   сұрақтар   алуымызға   болады.   Сонымен   бірге   жыл  бойғы   жүргізілетін   жұмыс   түрлерін   ата   —   аналармен   бірлесе   отырып   жасаған   тиімді.   Себебі,  ата —  аналар   заман   талабына   сай   өзекті   мәселелерді,   отбасы   тәрбиесіне   байланысты   тақырыптарды   өздері   ұсына   алады.   Сонымен   қатар   ата —  аналардың   ұсыныс  —  пікірлермен  санаса   отырып   ата —   аналарға   арналған   әңгімелер  мен   лекциялар,    консультациялар,   сұрақ —   жауап   кештері,   тәрбие   жұмысын   алмасу   жөніндегі   конференциялар,   ата —  аналарды   педагогикалық   әдебиеттермен   таныстыру   әдіс  —  тәсілдері   қарастырылады.  М. Әуезов  « Қай   істің   болсын   өнуіне   үш  түрлі   шарт  бар.   Ең   алдымен   әуелі   ниет   керек,   одан   соң   күш  керек,   одан   соң   тәртіп   керек » .  өмірлік   тәжірибе  ұлы   жазушымыздың       сөзінің   құдіреттілігін   байқатады.

Отбасы  мен   балабақша   арасындағы   байланысты    күшейтіп,   бағытты   жұмыс   жүргізу,   ұйымдастырылатын  мерекелік   іс —  шараларға,  ата —  аналар  және   топ    жиналыстарына   ата —  аналарды  тартудың   қажеттілігі:

* Балаларда  іс  —  әрекетті   таңдаудың   үлкен   мүмкіндігі  болады;

* Балалар   маңызды   жетістіктерге  жете  алады;

* Ұнайды;

* Балалар   еліктеудің   жаңа   үлгісін   алады;

* Ересектер   мұғалім   жұмысымен   жақын   танысып,   оны   бағалай   біледі;

* Ата – аналар   және   басқа да ересектер   мектепке   оқыту   философиясымен   және   оқу   жоспарларымен   танысады;

* Ата – аналар   және  отбасы   мүшелері   өздерінің   бала   тәрбиелеуге,   оқытуға   қатысы  бар   екендігін   сезінеді,

Тәрбиешілер   ата —  аналарға   ақыл  —  кеңес  беріп,   ұсынылатын   тыңдау   барысында   төмендегідей  қарым   —   қатынас   ережелерін   есте   сақтауы   керек;

  • Бір – біріне  көңіл  бөлу

  • Тыңдау

  • Сыйлау

  • Көзбе – көз  қарау

  • Тиімді   орынды  таңдау

  • Әзілді  сезіну

  • Ұрыс – керістен  сақтану  сияқты

Сонымен   қатар   ата —  аналарға     тәрбиеші   сөзі   әсерлі,   отбасы  қажеттіліктеріне   байланысты  екендігін   түсіндіріп   толық  тыңдату  үшін;

Сиқырлы  сөздер   айту;

Баласының   жетістігін   айту

Сенімді   болу

Көңіл  —  күйіне   қарау

Намысына   тимеу

Материал   арқылы  сөйлесу  ( анкета,  тест,  т.б)

Қарапайымдылық

Пікірін  сыйлау

Ата —  аналармен   жұмыс  жүргізудің   негізгі   алғы   шарттары:

* Әрбір   отбасының   мықты   жақтары   болады,   әр   адам   жақсы   ата  —  ана  болғысы   келеді;

* Барлық   отбасы   көмекті   қажет   етеді,  көмек  түрі   отбасының   нақты   қажеттіліктеріне   байланысты   болады;

* Ата – анамен   жұмысты   ұйымдастыру   барысында  ата —  ананы,   яғни   отбасын   тәуелді   ету   емес,   оның   қиыншылықтарды   жеңу   мүмкіндігін   нығайтуды   көздеу;

* Баланың   дамуы  туралы   ақпарат  ата —   аналарға   бала  тәрбиелеуде  өз   ролін   жүзеге   асыруға    ықпал  етеді;

* Әрбір   отбасы   көрсетілген   көмектің   тиімділігіне   көзі   жеткенде  ғана,   қоғамдық   жұмыстарға   белсене   араласады;

* Тәрбиеші мен   баланың   оқуға   деген   қызығушылығын   арттыру   жолдарын   түсіндіреді;

* Ата —  анамен  баланың   ортақ  қарым —  қатынастары   жөнінде   кеңес   беру;

Топқа  ата – аналарды   тартудың  қажеттілігі

*  Балаларда   іс  — әрекетті   таңдаудың   үлкен   мүмкіндігі   болады

* балаларға   маңызды   жетістіктерге  жете  алады

* балаларға   отбасы мен   балабақша   байланысын   сезіну   ұнайды

* тәрбиешіге   балаларға   жетекшілік   жасау   жеңілірек  болады  жекелеп   оқыту   мүмкіндігі   туады

* ата —  аналар   және  отбасы   мүшелері   өздерінің   балаларының    оқытуға   қатысы  бар   екендігін   сезінеді

* ата – аналар   балабақшадағы   оқыту  —   тәрбие   жоспарларымен   танысады

  Ата – анамен   жүргізілетін  жұмыс түрлері :

  • топішілік  ата —  аналар  жиналысы

  • балабақшаішілік  ата – аналар   жиналысы

  • ата – аналармен  жеке  кездесу

  • ата – аналар  үшін  ашық  есік күн

  • мерекелік  кештерге  шақыру

  • ата – аналарды тренинг  ойындарға  қатыстыру

  • отбасылық  жарыстарға  қатыстыру

  Негізгі   міндеттері  :

  • тәрбиешінің   топ  ата —  аналармен  құрамын   зерттеуі

  • ата – аналармен   тұрақты  байланыс   орнату

  • ата – аналар   ұжымын   құру

  • ата —  аналардың  педагогикалық  білім   дәрежесі   мен   мәдениетін   үнемі   арттырып   отыру

  • үштік  одақ  ( бала, ата – ана,  тәрбиеші )  жұмысын   жандандыру

Атқаратын   қызметі  :

* ата —  аналарды   топтағы   оқу  —  тәрбие   процесінің    мазмұны   және   әдістемесімен   таныстыру

* ата – аналармен   педагогикалық   және   психологиялық  ағарту   жұмыстарын   ұйымдастыру

*   отбасы   тәрбиесі   туралы   ата —  аналарға   педагогикалық   және   психологиялық   кеңес   беру

*  ата —  аналар   белсенділерімен   жұмыс   жүргізу   және    әр   түрлі   қоғамдық   ұйымдармен,   жұртшылықпен   өзара   әрекеттесуін   қауымдастыру