«Талапты» орта мектебі
Баяндама:
Өз бетінше жұмыс істеуге баулу
Орындаған : М. Утеулиева
Талапты ауылы 2014ж
Теориялық білімді практикалық жұмыспен ұштастыра
білу-оқыту процесіндегі ең өзекті мәселе. Оның бір
ұшы оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуімен тығыз
байланысты. Шәкірттерді өз бетімен жұмыс істей білуге
баулу олардың білімге ынтасын арттырып ,талабын ұштайды,
алған білімдерін іс жүзінде пайдалана білуге үйретеді,
оқыған материалдарын тиянақты меңгеруге жәрдемдеседі,
олардың логикалық ойлау қабілетін жетілдіреді.
Өз тәжірибемде жұмыстың бұл түрі жақсы нәтиже беруде.
Соның бірі ретінде 1- сыныпта «Заттың атын білдіретін сөздер»
тақырыбын өту барысында оқушылардың өздігінен істеген
жұмыстарына тоқталайын. «Заттың атын білдіретін сөздер»
тақырыбын түсіндірген соң жаттығу жұмыстарын үлестірмелі
қағазбен жұмыс істеуден бастадық. Тақтаға 2 оқушы шығып,
үлестірмелі қағаздар бойынша тапсырманы орындауға кіріскенде
басқа оқушылар алдын ала жазылып қойылған Абайдың «Күз»
өлеңінен үзіндіні мәнерлеп оқып,оның ішінен тек «Кім?» «Не?»
сұрақтарына жауап беретін сөздерді дәптерлеріне жазды.
Енді оқушылар назары тақтадағы плакатқа аударылды.
Плакатта мына сөздер жазылған: шатыр, ұя, қарлығаш,
балапан,дала,сары ауыз, балшық. Оқушылар осы сөздерден
сөйлем құрауы тиіс. Жұмыстың бұл түрі оқушыларға бұрыннан таныс.
Олар мынадай сөйлемдер құрады: «Болат далада ойнап жүр еді.
Ол ауыздарына шөп тістеп тасып, ұя салып жүр екен. Шатырға салған
ұясында сары ауыз балапандары бар екен. Бұл сөйлемдерден заттың
атын білдіретін сөздерді тауып, сұрақ қойды. Бұдан кейін оқулықпен
жұмыс жүргізілді, затың атын білдіретін сөздерге мысалдар ойлады.
Сөйтіп «заттың атын білдіретін сөздер зат есім болады» деген
қорытындыға келді.
Оқушылардың тілін дамытуда көрнекіліктің орны ерекше.
Көрнекілік олардың сезімі мен қиялын оятады, ойландырады,
ойларын жинақтап айтуға дағдыландырады.
Тіл дамыту сабақтарында түрлі сюжеттік картиналарды пайдалану да оқушының өз бетінше жұмыс істеуіне айтарлықтай мүмкіндіктер туғызады. Мәселен, біз 2-сыныпта «Күз» тақырыбына арнап сюжетті сурет бойынша шығарма жаздық.
Картинаның тақырыбын табу үшін ана тілі сабағында өткен
Қ. Сатыбалдиннің «Алтын күз» өлеңінің бір шумағын еске түсірдік. Картинаның негізгі мазмұнын анықтау үшін оқушыларға екі-үш минут уақыт өз бетімен ойлануға берілді. Сонан соң мұғалімнің көмегімен суреттегі көріністің сюжеті талқыланды. Суретте көрсетілген заттарды оқушылар жеке-жеке атады.Ол бойынша әңгіме құрады. Екі-үш оқушы суреттің сюжетін өз сөздерімен айтып шықты.
Сонан соң жоспар құрды.
1. Оқушылар саяхатқа шықты.
2. Күзгі орман көрінісі.
3. Оқушылардың көргендері.
4. Күз туралы өзіңнің білетінің бар ма?
Қазақ тілі сабағында өздігінен жұмыс істеудің
бір түріне үлестірмелі қағазбен
жұмыстар жатады.
Үлестірмелі қағазбен жұмыс жүргізу
оқушылардың тілін дамытып,
сауатты жазуға төселдіреді,
өздігінен жұмыс істеуге ынтасын
арттырады. Үлестірмелі қағазды
сабақтың кез келген бөлімінде қолдануға
болады.
Сабақта оқушылардың белсенділігін арттырып өз бетінше
жұмыс істеудің бір түрі- грамматикалық ойындар ұйымдастыру.
Ойындар- тақырыптың мазмұнына қарай жүргізілетін жұмыстың
бір түрі. Ойын ойнау барысында оқушылар бір-бірімен жарысады.
Мәселен, дауыссыз дыбыстарды өту барысында;
Итте жоқ,үйде бар,
Баста жоқ, мойында бар,
Шөлмекте жоқ,әйнекте бар,
Парақта жоқ, айнада бар,
Жұлдызда жоқ,айда бар,
Бұл қай әріп,
Қане кім таба алар? деп сұрақ қойылды.
«Й» дыбысы екенін оқушылардың біреуі бұрын айтуы мүмкін.
Бұл жұмыстан соң «й» әрпінің емлесі түсіндірілді.
Ал дауысты дыбыстардың емлесін оқыту процесінде «Қызық» ойынын ұйымдастырдым. Ол үшін плакатка мына сөздерді «қызық, қырық, ыссы, іні, ата, ана, кебек, кесек, қазақ, қабақ, қалақ, ала, еле, көк, тот» сөздерін оқытып неліктен «қызық» деп аталғанын тапқыздым. Осы сөздерді керісінше оқыса да, сол сөз шығады.
Қазақ тілі сабағында жазудың түрлерін тиімді жүргізу-
оқушылардың сауаттылығын арттырудың кепілі.
Әсіресе, өздік, терме, творчестволық, түсіндірмелі,
көру диктанттары түрлерін үнемі алмастырса, балалар оны
қызыға орындайды.
Мен 2-сыныпта «Етістік» тақырыбын өткенде:
Жаңбыр жауып басылды,
Аспан шайдай ашылды.
Көкте қызыл-жасылды
Кемпірқосақ асылды.
өлең шумағын магнитафон арқылы жаздырдым.
Шәкірттер етістіктің астын сызды.Жұмыстың бұл түрі оқушылардың аңғарымпаздығын арттырып, тез жазуға баулыды.
Диктант жазу, әр түрлі ойын ұйымдастыру,
үлестірмелі қағаздармен жұмыс, жұмбақ шешу,
мақал-мәтел айтқызу, т.б. жұмыстар тиімді ықпал
етіп, олардың өз бетімен жұмыс істеуге
ынта-ықыласын арттырады.
Төменде олардың кейбіріне тоқталмақпын.
Үлестірмелі қағаздар:
1.Байланысатын сөзді тап.
түзу асық
нағашы шөп
тоғыз көше
Алмалы атам
қалың ауылы
-----------------------------------------------------------------------------
2.Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрап жаз.
Құс, әдемі, аққу.
Күн, жылынады, көктемде.
Мінді, Асқар, атқа.
3.Сөздерге қарама-қарсы мағыналы сөз тауып жаз.
тар -
ақ -
биік -
арық -
ащы –
4. Қатесін тап.
1+9=10 8-1=9
9-3=5 3+3=6
2+3=4 5+4 =9
5. Берілген цифрларды сөзбен жаз.
7, 9, 16, 20, 4, 10.
6. Кестені толтыр:
а
50
в
а-в
80
20
40
30
70
20
90
10
50
60
60
30
40
Өз тәжірибемде математика сабағына оқушыларды қызықтыру
үшін өз бетінше жұмыс істеуге, үлестірмелі қағаздар мен
есептерді шешуге, ауызша есептеулерге көбірек көңіл бөлемін.
Өз бетінше жұмыс арқылы оқушының өткен материалды
қалай меңгергенін анықтаймын.Ауызша есептеу кезінде
математикалық ойындарды жиі өткіземін. Бұл үлгерімі
төмен оқушылардың жақсы оқып кетуіне ықпал жасайды,
балалардың ойлау қабілетін арттырады, сергітеді, сабаққа
қызықтырады.
Төменде олардың кейбіріне тоқталмақпын.
1. Арифметикалық домино. Бұл ойынды 1-сыныптан бастап-ақ
қосу,алу, көбейту, бөлу кестелерін өткеннен кейін ойнай беруге
болады. Сынып жоғарылаған сайын үлестірмелі қағаздағы
есептер өтілген тақырыпқа байланысты өзгертіледі. Барлық
оқушыларға қалың картонға жазылған есептер таратылады да, біреуі мұғалімде қалады. Мұғалім оны тақтаның жиегіне
қояды, оқушылар үлестірмелі қағазда жазылған есепті
шығарады. Бұл есептің жауабы үлестірмелі қағаздың сол
жағына жазылған. Оқушы үлестірмелі қағазын бірінші қатарға қояды. Үлестірмелі қағазда жазылған есепті барлық оқушы шығарады, бұл есептің жауабы кімнің үлестірмелі қағаздың сол жағында болса, сол оқушы екіншінің оң жағына апарып қояды. Ойын жоғарыдағы тәртіппен барлық оқушы үлестірмелі қағаздарын қойып болғанша жалғасады. Ойыннан шыққан оқушылар тақтадағы оқушылардың жауаптарын қадағалап дұрыс-бұрыстығын /қатесін/ бақылап отырады.
2.Мақсатқа жету. Бұл ойында жүзімнің, алманың, алмұрттың, бананның, т.б.суреттері салынған, сыртына есептер жазылған үлестірмелі қағаздар тақтаға ілінеді. Жалпы сынып оқушыларына: «Кім не жегісі келеді?» деген сұрау қойылады. Егер оқушы жүзім суретін таңдап алса, оның сыртындағы есепті ауызша шығаруға тиіс. Дұрыс шығарса, жүзімді жегені. Қате шығарса, мақсатына жетпегені, жүзімді жей алмайды. Басқалары оны қадағалап отырады.
3.Жауабы кімде? Бұл ойында да есептердің
жауабы жазылған үлестірмелі қағаздар оқушыларға
тарқатылып беріледі де, ол есеп жазылған үлестірмелі
қағаздар мұғалімнің өзінде қалады. Мұғалім есеп
жазылған үлестірмелі қағаздың біреуін оқушыларға
көрсетіп, жауабы кімде екендігін сұрайды.
Бала есепті дұрыс тапса, жоғары көтеріп,
жауабын көрсетеді. Одан кейін де басқа есеп жазылған
үлестірмелі қағаз көрсетіліп, жауабы кімде екені
сұралады. Ойын үлестірмелі қағаздар таусылғанша
осылай жалғаса береді. Дұрыс, тез жауабын тапқандар
мадақталады.
4.Математи калық футбол ойыны.
Бұл ойында сыныптағы оқушыларды
санына қарай екі немесе үш командаға
бөлуге болады. Әр командадағы оқушы-
лардың мойнына есеп жазылған
үлестірмелі қағаз бен команданың басқа бір мүшесінің есебінің
жауабы жазылған үлестірмелі қағаз ілінеді .Мұғалім қолындағы
допты бір оқушыға лақтырады.Ол оқушы өзіндегі есепті шығарып,
жауабы кімде болса, сол оқушыға лақтырады.
Екінші оқушы да өзіндегі есепті шығарып,жауабы кімде болса,
соған лақтырады. Ойын команда мүшелері толық қатынасқанға
дейін жалғаса береді . Егер оқушы өзіндегі есепті қате шығарып,
допты келесі оқушыға лақтырса, мұғалім ойынды тоқтатып келесі
команданы ойынға шақырады. Құрылған командалардың барлығы ойнап
болғаннан кейін, ойын қорытындыланып, командалардың алған орындары
белгіленеді. Бастауыш сыныпта ойынмен ұйымдастырылған
сабақ көңілді және жеңіл өтеді, уақытты үнемді
пайдалануға мүмкіндік береді,
Қорыта айтқанда өз бетінше жұмыс істеуге баулу оқушының --ойлау қабілетін арттырып, сабақта ізденуге үйретеді, шыдамдылыққа тәрбиелейді, байқағыштық қасиетін дамытады.