СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Белсенді ?діс-т?сілдер ар?ылы ?зін-?зі дамыту

Нажмите, чтобы узнать подробности

?діс  шынды??а жету дегенді білдіреді ж?не  ретке келтірілген іс ?рекетті? белгілі бір т?р?ыда ма?сат?а жету жолын білдіреді. ?діс о?у т?рбие ж?мыстарыны? алдында т?р?ан міндеттерді д?рыс орындау ?шін м??алім мен о?ушылардыі бірлесіп ж?мыс ?шін ?олданысты? т?сілдері. 

Просмотр содержимого документа
«Белсенді ?діс-т?сілдер ар?ылы ?зін-?зі дамыту»

Белсенді әдіс-тәсілдер арқылы өзін-өзі дамыту

Әдіс шындыққа жету дегенді білдіреді және ретке келтірілген іс әрекеттің белгілі бір тұрғыда мақсатқа жету жолын білдіреді. Әдіс оқу тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардыі бірлесіп жұмыс үшін қолданыстың тәсілдері.

Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.
Оқыту тәсілдерінің түрлері:
• ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;
• мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер;
• оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;
• жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару
тәсілдері.
Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің
жүзеге асуына көмектеседі.
Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру.
Оқыту құралдары - білім алу, іскерлікті жасау көзі. Олар: көрнекі құралдар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, техникалық оқыту құралдары, станоктар, оқу кабинеттері, зертханалар, ЭЕМ және ТВ, нақты объектілер, өндіріс, құрылыс Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл үрдіс білім парадигмасының өзгеруі мен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Ол адамға оқу қызметінің субьектісі ретінде, өзін-өзі өзектілендірілген, өзін танытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған. Педагогикалық үрдістің маңызды құрамы–оқу үстіндегі субьектілер. Оқытушы мен оқушының тұлғалық бағытталған өзара әрекет болып табылады. Жаңа білім прадигмасы бірінші орынға адамның білім, білік, дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып жатыр. Жаңа заман кеңістігіндегі білім мен кәсіптік бәсеке алаңының ашықтығы және кіріс-шығыстың жалпыға ортақ талап деңгейінде бақылауға айналуы–жоғары білім беру жүйесінде шұғыл түрде өзгерістер енгізуді талап етеді. 

Қазіргі таңда технологияның дамуы,  жаһандану бағыты мен бәсеке білім кеңістігіне барған сайын батыл кірігіп, оның ықпалы күшейе беретіні күмәнсіз. Олардың арасындағы қарым-қатынас күрделі мәселелерді тудыруы мүмкін. Бірақ, ол құбылыстардың ұлттық мүддеге және халықаралық талаптарға барынша сай келіп, белгіленген шектен аспауы тиіс. Әрине, әр елдің мүддесіне орай көзқарастарда алшақтықтардың болмай қоймайтыны белгілі. Оған бір ғана мысал, білім беру ісін мемлекет қамқорлығына алу керек пе, жоқпа, деген сауалға жауап арқалай. Айталық, Европа елдері мемлекеттік қолдаудың қажеттілігін баса айтып отыр. Біздің отанымыздағы ұстаным да сол пікірмен сәйкес келеді. Бір атап өтерлігі, әлемдік білім кеңістігі стратегиясы ретінде онда көтерілген мәселелердің ешқайсысыда біздің мемлекеттік мүддемізге қайшы келмейді. Оның үстіне Қазақстандағы білім беру жүйесінің деңгейі әлемдегі дамыған елдердің көрсеткішімен орайлас. Бізде білім берудің ірге тасы берік қаланған, оған деген көзқарас та ерекше, әр азамат өзінің және ұрпағының білікті де білімді болуын алдыңғы қатарға қояды.

Жоғары білім беру жүйесінің дамуының әлемдік беталыстары білім беру жүйесінде жаңа ортаның-ақпараттық қоғамның пайда болуымен себептеледі.

Әлемдік бәсекелестік зама­нында әрбір адамның білім са­пасын, қабілеттік деңгейін, іскерлік мүмкіндігін анықтайтын адам ресурстарын дамыту мәсе­лелері күн тәртібіне өткір қой­ылып, адамның білімі мен білік­тілігі қазіргі кезеңде мемлекет­тердің бәсекеге қабілеттілігінің ең маңызды көрсеткішіне айналып отыр. Бәсекеге қабілетті, интел­лектуалдық күші жетік маман кадрлар болмай, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай экономика дамымайды. Қай заманда да өр­ке­ниеттің өрлеуі интел­лек­туалдық шығармашылық қабілет­тің негізінде іске аспақ. Осындай қабілеттердің дамып, шыңда­луы үшін өткізілетін кон­ференция, семинар, курстар, дөңгелек үстел, пәндік олим­пиа­далар, интеллектуалдық ойындар, дебат, байқаулар – жеке тұл­ғаларға арналған іс-шаралардың бәрі де ұстаздың жаңашыл педагогикалық ойлауына, жеке адамды дамыту құралы болып табылатын оқыту үрдісін қалып­тастыруға және шығармашылық дамуына, кәсіби шыңдалуына негіз болады.

Оқу мақсаты басымдылығының өзге­руі білім мен тәрбие мазмұнына елеулі түрде ықпал етіп, оны жа­ңар­тудың ең басты бағытттарын айқындауға және нақтылы міндет­тер белгілеуге мүмкіндік береді. Жаңа мазмұнды оқытудың нәти­желілігі мұғалімнің шеберлігі мен ізденісіне көп байланысты. Бәсе­кеге қабілетті тұлғаны қалыптас­тыру ұстаздың білімділігін, жан-жақтылығын және кәсіби шебер­лігін талап етері сөзсіз.

Оқытушы білімін көтермей, кәсіби шеберлігін шыңдамай, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие береміз деу қазіргі заман талабына сай келмейді. Бұл бізге үлкен жауапкершілік жүктеп отыр. Оның үдерісінен шығу – біздің міндетіміз.

Нарықтық қатынастар негізінде қалыптасып келе жатқан Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіндегі  негізгі приоритеттердің бірі  оқушылардың мүдделерін қолдау болып табылады. Осыған орай  әрбір мұғалімнің ең негізгі міндеті әрбір оқушының білім алуға деген қызығушылығын арттырып әрбір оқушының шығармашылық шабытының тууына жағдай жасау. Осының негізінде ең негізгі педагогикалық міндет шешіледі: Қазақстан Республикасының азаматын қалыптастыру,өмірлік мамандығын анықтау және оның өмірге деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру.

Қазіргі  білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан – жақты маман болу мүмкін емес.

Өзін — өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Интербелсенді оқыту технологиясының  (ИОТ) тиімділігін оқытушының оны жүзеге асыру сапасына да көп байланысты болды.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасына мұғалімдердің өзіне ыңғайлы нұсқаны қолдануына мүмкіндік береді. Сонымен қатар білім сапасының  алдында  шығармашылық бағытта жұмыс істейтін тың жаңалықтар ашатын ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.

Осыған орай біздің мақсатымыз интербелсенді оқыту технологиясының (ИОТ) бірі ретінде кейінгі кезде қолданысқа ене бастаған, жобалап оқыту технологиясына тоқталып өтейік.

Бағыттау. Ойынға қатысушылар мен эксперттерді дайындау кезеңі. Оқытушы жұмыс тәртібін ұсынады, білім алушылармен бірге сабақтың басты мақсаты мен тапсырмаларын жасайды, оқу проблемасын құрастырады.

Ойын-сабақты өткізуге дайындық. Бұл ситуация, нұсқаулар, қойылымдар мен басқа да материалдарды оқыту  кезеңі. Білім алушы сценарий жасайды, ойын тапсырмаларына, ережесіне, ролдерге, ойын бөлімдеріне, ұпай санау тәртібіне (ойын таблосы құрылады) тоқталады. Білім алушылар қосымша ақпарат жинайды, оқытушы ақылдасады, ойын барысы және мазмұны туралы өзара талқылайды.

Ойынды өткізу. Бұл кезеңде ойын процесінің өзі жүзеге асады. Ойын басталғаннан кейін ешкімнің оған араласуға және бағытын өзгертуге қақысы жоқ. Тек жүргізуші ғана қатысушының әрекетін бағыттап отырады, егер ол бастапқы мақсаттан ауытқып бара жатса. Оқытушы ойынды бастағаннан кейін, аса қажет болмаса оған қатынаспауы керек. Бұл жерде оқытушының міндеті; ойын әрекеттерін, нәтижелерін, ұпай санауды бақылау және түсініспеушілік болған жағдайда түсіндіру, білім алушылардың сұрағына жауап беру немесе өтініш бойынша оның жұмысына көмектесу.

Ойынды талқылау. Ойын нәтижесін талдау, талқылау және бағалау кезеңі. Оқытушы талқылау жүргізеді, оның барысында эксперттер сөйлейді, қатысушылар өз пікірлерін айтады, өз позицияларын және шешімдерін қорғайды, қорытынды жасайды, таңғалыстарын айтады, ойын барысында туындаған қиындықтары, идеясы туралы әңгімелейді.