СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Біржан мен Сара айтысы сабақ жоспары 9-сынып

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

айтыс туралы түсінік беру. біржан мен сараның айтысын оқыту. 

Просмотр содержимого документа
«Біржан мен Сара айтысы сабақ жоспары 9-сынып»

Күні: 14.10.16 Пәні: әдебиет Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы: "Біржан мен Сара айтысы"
Сабақтың мақсаты: білімдік - айтыс туралы ойларын тереңдету, "Біржан мен Сара" айтысын сын тұрғысынан бағалай білуге үйрету, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа деген ынталарын арттыру, айтыстағы бейнелі сөздерге көңілдерін аудару, білімдерін кеңейту;
дамытушылық - оқушылардың "Біржан мен Сара" айтысы туралы білімдерін шығармашылыққа, зерттеушілікке ұштастыру, жинақтау, асыл сөз айшықтары арқылы ойлау қабілетін, тіл байлығын молайту;
тәрбиелік - сөз өнерінің биік шыңы айтыстың ерекшеліктерін таныта отырып, өнер алды қызыл тіліміз арқылы шешендікке, ізеттілікке, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: білімді жинақтау, қорытындылау.      
Сабақтың әдісі: оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту. 
Сабақтың барысы: 
Ұйымдастыру кезеңі. 
Ой шақыру. 
1. Айтыстың қандай түрлері бар? 
2. Ақындар айтысының өзіне тән ерекшеліктері. 
3. Айтыстың адам тәрбиелеудегі рөлі. 
4. Біржан мен Сара туралы не білесіңдер? 
5. Біржан мен Сара айтысының негізгі өзегі. 
6. Айтыстағы Біржан мен Сара сипаттары.
7. Айтыстың көркемдік ерекшелігі.

Топтастыру. 
                 әнші                            сал                          сазгер

ақын                                             Біржан                       замана бұлбұл
үздік  айтыскер 
                             талант иесі                       ақын

 

             ақын                      шешен                айтыскер ақын
         әнші                        Сара                     сұлу
           
            үздік                                                                  замана
        талант иесі                                                           бұлбұлы
                                              феодалдық 
                                    заман құрбаны

       

                 қыз бен жігіт                                                       ақындар

                 салт айтыс                                                                бәдік
                                                       АЙТЫС
                 жұмбақ айтыс                                                        жар-жар
                 өлі мен  тірінің                                    жануарлар

мен  адамның айтысы

                                                                                                


Біржан өзі
туралы

Қырандай аспандағы желді күнгі
Болжаған жер шаршысын майталманмын
Жел қобыз, жез тағалы еңіреумін
Айнымас қанды балақ ақиықпын
Ұшырған тәрбиелеп ақ тұйғынмын
Сайраған  орта жүздің бұлбұлымын

қырандай
майталманмын
жел қабыз,
жез тағалы
ақиықпын
ақ тұйғынмын
бұлбұлымын

сөзге шешен, тапқырлығы, өнері биік екендігі

Сара өзі
туралы

Болғанда аузым сағат, ернім қақпақ
Кірі жоқ 30 тісім меруерттей
Қамыстытерең көлдің сұқсырымын.
Тал бойым жолбарыстың жүрегіндей

аузым сағат-
ернім қақпақ
меруерттей
сұқсырымын
жүрегіндей

Сұлу келбеті,
әдемілігі

Сара Біржан
туралы

Ежелден сен белгілі желді көрік
Таң қалдым сәулетіңді сенің көріп

желді көрік

өнері мен сымбаты

Біржан Сара туралы

Тас түлек тұрымтайдай екі көзің 
Шіркін-ай, мұндай жүйрік туармысың
Сөйлейсің алтындай қып сөздің жезін
Майысқан сешіз қырлы жүйрік-ақсың,
Айбатың әлемге айқын ай бедерлі

тұрымтайдай
жүйрік
алтындай
ай бедерлі

шешендігі,
сөзге шеберлігі,
еліне қадірлі
екендігі

 

Түсініктеме күнделігі. 
"Біржан мен Сара" айтысы бойынша сөздік жұмысы. 
1. Көрік - зат есім. Екі жағы қатарланып көлбей созылған, көмірді жандыру үшін жел үрлеп тұратын аспап. Көрік - сөздің екінші мағынасы бет-әлпетінің ажары, жүздің нұры, зат есім. 
2. Жамбы - зат есім. Әр түрлі формада жасалатын күміс.
3. Тұл - жетім жесір, бақытсыз, жалғыз қалу. 
4. Делбе - арбаға жегілген малды бұрып жүргізіп отыратын  қайыстан, жіппен істелген бау, бас жіп. 
5. Дүлдүл. 1. Ерекше жүйрік жылқы, айтулы тұлпар ат. 
                   2. Ділмар, шешен, үздік. 
6. Зауал.     1. Түс кезі, түс мезгілі
                    2. Күн батар кез, кешкілік, ымырт,іңір.
                    3. Зауал шақ - егде тартқан, қартайған кез.
7. Кісәпір.  1. Қалтаға түсетін ұры.
                    2. Арам ниетті қу, сұм, залым.
8. Аузын айға білеу.    1. Қаһар, айбат, батыл қайрат көрсету.
                                       2. Тісін қайрау, кектену. 
9. Асылдың сынығы,
    Шұғаның қиығы.          Жақсы адамның ұрпағы.
10. Делбесі қозды - арқасы қозды, желікті, шабыттанды. 
11. Тақиясына тар келмеу - менсінбеу, азырқанып отырған, менсінбей отырған адамға айтылады. 
12. Іші ит жыртқандай - іші удай ашу, әлем-жәлем болу, күйініш, өкініш аралас сезім.
13. Ел аузындағы адам- мақтаулы, жұрт қалаған кісі, атақ-даңқы жұртқа тараған кісі. 
14. Мәшһүр - атақты, белгілі, әйгілі.

Ой толғаныс. 
1. Венн диаграммасы. 
2. Біржан мен Сара айтысы және осы күнгі айтыстар.

 Біржан мен Сара айтысы

1. Әйел бостандығы, феодалдық салтқа қарсы шықты. 
2. Ру мәселелері төңірегінде.
3. Үздік теңеу, көркем метафора, эпитеттерге бай. 
4. Шешендік сөздер көп.

    Ұқсас

1. Көркемдік ерекшеліктері, сөз шеберліктері.
2. Інжу маржан өз өнері.
3. Айтыс - сөз барымтасы, өнер жарысы.
4. Айтыс - қазақ сөз өнерінің үздік үлгісі.

Осы күнгі айтыстар
1. Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті арасындағы жаңа түр. 
2. Бүгінгі күн талабы, уақыт тынысы. 
3. Негізгі тартыс халыққа ортақ әләуметтік мәселелер. 
4. Егемендіктің құдіретін жырға қосу.
5. Шебер өрілген сөз кестелері. 


Сэнкуэй.  Бес жолдан тұратын қорытынды.

1. Зат есім. айтыс.
2. Сын есім. Зат есім. Киелі өнер.
3. Етістік. Толғанады, тебіренеді, айтысады. 
4. Сезіну. Айтыс - ұлттық киелі өнер. 
5. Синоним. Ақындар айтысы - ұлттық өнер падишасы.

1. Зат есім. Біржан. 
2. Сын есім. Асқақ, үздік,  талантты. 
3. Етістік. Айтысады, қанаттанады, жеңеді. 
4. Сезіну. Біржан - жүрегімен тебіренген айтыс ақыны.
5. Синоним. Бұлбұл, жезтаңдай ақын, сал-сері, күміс көмей.

ІУ. Сабақты қорытындылау. 
Оқушылардың білімін бағалау. 
Үйге тапсырма. "Айтыс - киелі өнер" тақырыбына шығарма.