СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Біз темекісіз таза ауаны қолдаймыз!

Категория: Внеурочка

Нажмите, чтобы узнать подробности

Біз темекісіз таза ауаны қолдаймыз! атты тәрбие сағаты

Просмотр содержимого документа
«Біз темекісіз таза ауаны қолдаймыз!»

Назарова Шынар Талғатқызы

Атырау қаласы. Атырау энергетика және құрылыс колледжінің билогия және химия пәні оқытушысы


Сабақтың тақырыбы: «Біз темекісіз таза ауаны қолдаймыз!».

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың бойына салауатты өмір салтын дарыта отырып,

зиянды әдеттерден аулақ болуды түсіндіру, насихаттау, жаман

әдеттерден туатын аурулар туралы білімдерін жетілдіру.

Дамытушылығы: Өмірге, адамзат ұрпағына деген аяушылық сезімін ояту,

аурудың алдын алуды үйрету. Мамандық иелері туралы

түсініктерін кеңейтіп, олардың қызметіне байланысты сауаттарын

дамыту.

Тәрбиелігі: Тәні де, жаны да таза, әрі сау болашақ ұрпақты тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Мультимедиялық тақта, слайдтар, кітаптар көрмесі


Тәрбие шарасының барысы:

Ән : «Өмір-өмір» орындайтын – 1курс 23 топ студенті Қайыржан Амангалиев

Армысыздар құрметті колледж оқытушылары мен студенттері! 1 - желтоқсан «Есірткіге жол жоқ!» атты акция аясында өткізіліп отырған «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» атты тәрбие шарамызға қош келдіңіздер!

1-жүргізуші: Елбасының «Қазақстан - 2030» жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі – салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі. Ақылбек, қалай ойлайсыз, салауатты өмір салты дегеніміз не? Егемен еліміздің туын көкке көтеретін, елдің елдігін танытатын бүгінгі ұрпақ қандай болуы керек?

2-жүргізуші: Салауатты өмір салты дегеніміз, Гүлфара, ол - бос уақытты тиімді пайдалану, зиянды әрекеттерден аулақ болу деген сөз. Жалпы адам баласы үшін ең кымбатты – ол оның мәнді де сәнді өмірі. Өмірін қызықты етіп өткізу үшін өз күш-жігерін аямай, аянбай еңбек етіп, сол еңбектің арқасында талай белестерге қол жеткізу қажет. Өкінішке орай қазіргі кезде елімізде «нашақорлық», «ішімдік», «темекі» торына іліккен жандар да өмірінің бар қызығын көре алмай, дүние салып, аурулардың азабын тартуда.

Көрініс: «Бақыт, байлық, денсаулық» 1-2 курс студенттері.

1-жүргізуші: Ән «Өмір-ай» орындайтын 21 топ студенті Насыров Нұрланбек

2-жүргізуші: «Денсаулық - зор байлық», «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді данышпан халқымыз. «Өмірімізді ұзарту да қысқарту да өз қолымызда»

Өмірге адам бір ақ рет келеді,

Жастық шағың өміріңнің кемелі.

Күте білсең саулығыңды өрелі,

Табиғаттың бергеннен көп берері.

1-жүргізуші: Барша азаматтардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтына бағытталған елбасының жолдауын – егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын алтын сүрлеу десе де болады. Бүгінде жас ұрпаққа жүктелген міндет – бұл салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулығымызды сақтап, қоршаған ортаны таза ұстап, сапалы білім алып, сол білімді келешектегі өмірімізге пайдалана білу біздердің, яғни жастардың міндеті.

Көркемсөз: «Есірткіге жол жоқ!» - 21 топ студенті Асел

«Мен өмірді қалаймын» - 16 топ студенті Жанболат

«Сүйемін шексіз» - 13 топ студенті Айбын

«Нашакорлық аздырады сананы» - 13 топ студенті Ораз Серікұлы

«Есірткі деген қасірет» - 16 топ студенті Али

2-жүргізуші: Қазақ елі сонау кеңес үкіметі тұсындағы «шаш ал десе бас алатын» саясат, зиялы қауымды құрту, аштық, қуғын-сүргін, соғыс, жер мен елді тоздырған тың көтеру, экология апаты, желтоқсан зардабы тағы да басқаларын басынан кешірді. Осы апаттардан да қауіпті, адамды, сананы, есті жаулаған қасірет тым ауыр да азалы.

Қазақ халқының сөз байлығында «арақ» деген сөз болған емес. Олар қымыз бен шұбат ішкен. Сонда да әдемі тойлы ауыл, алтыбақан, жарасымды жастар әні, ойын түрлері мәнімен орын алған.

Көрініс: «Арақтың айтысуы»

1-жүргізуші: Ән: «Ренжімеші» - орындайтын 21 топ студенті Асел

2-жүргізуші: Гүлфара, сіз нашақорлықтың неден басталатынын білесізбе?

1-жүргізуші: Арине, сана-сезімі уланған, өзін, отбасын, туғанын ұмытқан, жауапкершілікті сезінбейтін ақыл-естен айырылған жан нашақор деп аталады. Дозаны қабылдамаған жағдайда қабағы қатулы жан есірткіні қолданғаннан кейін жайдарлы, көңілді болып шыға келеді. Көп өрімдей жастар осы аурумен ауырып, өмірден өтуде, азып кетуде, енді біреулері кеш түсініп бармағын тістеуде.

2-жүргізуші: Біздер енді бірер жылда ертеңгі үлкен маман иелері, жарқын болашақты сеніммен құратын жастармыз. Біздің қоғамымызда ішімдік, темекі, есірткі заттары тек денсаулыққа әсер етіп қоймайды, сонымен қатар экологияға да кері әсерін тигізуде. Мысалы: темекіде никотиннен басқа улы заттар, шаң, күйе болады. Олар ауаға таралып ең алдымен ағзаға зиян келтіреді, екеуі де атмосфераны ластайды. Кейде темекі тарту, ішімдік ішу өрт, жарылыс сияқты апаттарға әкелуде.

1-жүргізуші: Иә, Дүние жүзіндегі қандай да болмасын ұлттың дамуына, табиғи өсуіне темекі, арақ, есірткі, СПИД-ВИЧ жұқпалы аурулары кері әсерін тигізуде, Қанша адамдар осылармен жақын жүрудің нәтижесінде өз-өзіне қол жұмсап, екінші бір адамды өмірінен айыруда. Көп отбасында сәбилер жарымжан, ақыл-есі төмен күйде дүниеге келуде. Жетім балалардың саны көбеюде.

Мектеп жасында шылым шегетін, арақ ішетін адамдар ештеңемен шұғылданбайды, сабақ оқымайды, қоғамдық жұмысқа қатыспайды, елеусіз жүреді. Жоғарғы сынып оқушылары және студенттер өздерін «үлкен адамбыз» деп, ешкімге бағынышты емес екенін көрсеткісі келеді. Мұндай адамдар ұмытшақ, ұғу қабілеті төмен болады, бет-әлпеті табиғи өңінен айрылады.

1-жүргізуші: Біз өз білімімізді әркез шыңдап, өскелең шақта кандай да жағдайда әлемдегі окиғаларды, жаңалықтарды біліп, естіп жүруіміз керек. Ендеше мына бір жайттарға құлақ түрелік.

1. Шылым шегуден жылына 25 млн. адам өледі.

2. Әр шылым адам өмірін 12 минутқа қысқартады.

3. Шылым шегетіндердің 80%-ы өкпе ауруымен ауырады.

4. Қазақстанда 393 мың -ВИЧ-пен ,76 мың СПИД пен ауырады.

5. СПИД-пен ауыратындардың дені жастар.

6. Шектен тыс шай мен кофе ішу де - есірткінін бір түрі.

7. Қазақстанда темекі тартатындардың саны 5 миллион.

8. Қалаларда есірткінің құрбаны болған 7-8 жастағы балалар тіркелуде.

Көрініс: «Арақ пен бала»

2-жүргізуші: Ән «Өмір өмір» - орындайтын 23 топ студенті Қайыржан Амангалиев

2-жүргізуші: Ендігі кезекті студенттер пікіріне берейік.

1 жағдаят:

Бір күні сізді жан досыңыз бір отырысқа ертіп баратындығын айтты. Онда барғаныңызда үлкен жиынның үстінен түстіңіз. Сізді бейтаныс адамдар ішімдік ішуге, шылым шегуге шақырады. Досыңыз да солар жағында. Бұған дейін досыңыздың мұндай әдеттерін байқамапсыз.

Осы жағдайда сіз не істер едіңіз, қандай да бір шұғыл шешім қабылдайсыз ба?

2 жағдаят:

Топқа жаңадан студент келді. Барлық топ студенттері онымен жақын араласып кетті. Сіз онымен дос та болып алдыңыз. Кейін сіз оның жұқпалы аурумен ауратының білдіңіз.

Бұл жағдайдағы сіздің іс - әрекетіңіз қандай?

1-жүргізуші: 3 жағдаят: Сіздің өте жақсы көретін ағаңыздың аузынан ептеп сыраның иісі шығатынын бір – екі рет байқадыңыз. Ағаңызды қалай құтқарар едіңіз?

4 жағдаят: Колледжден шығып үйге келе жатқаныңызда темекі шегіп отырған бір баланы көрдіңіз. Сіз не істер едіңіз?

5 жағдаят: Сізге 3 курс студенті: «Маған күнде бір қорап темекі алып бер. Екеуіміз бірлесіп шегеміз. Мұны тек сен екеуіміз ғана білетін болайық. Әйтпесе......» деп жұдырығын көрсетіп, шарт қояды. Не істейсіз?

Жауап беріп қатысқандарыңызға рахмет!

2-жүргізуші: Ән «Бұл өмірде» орындайтын 16 топ студенті Ернар Гиззатов.

Отанымыздың ертеңгі жағдайы сендердің қандай азамат болып өскендеріңе байланысты. Ертеңгі күн әрқайсысың мемлекетті құрайтын адам, әр мамандықтың иесі боласыңдар, қызмет атқарасыңдар Сол қызмет барысында халыққа, мемлекетке қызмет етесіндер. Сондықтан жаман әдеттерден аулақ болып төзім, табандылықпен білім сатысынан көрініп саналы, сауатты, салауатты азамат болып, қазақ елінің жарқын болашағын кұрайтын жастар болып өсе беріңдер.

1-2 жүргізушілер: Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!