Күні: 19.07.2018
Ашық оқу-қызметі: Спорттық шара
Тақырыбы: Денсаулық- зор байлық
Мақсаты: Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың денсаулығын сақтау және нығайту, дене жаттығуларын жасауға қызығушылықтарын арттыру, қимыл іскерлігін жақсартуға тырысу, оларды дұрыс және нақты орындай білуге үйрету. Сымбаттылыққа, шымыр болуға, ептілікке тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: доптар, қап, шелек, шар,жемістер, арқан.
Шара-барысы: Сәлеметсіздер ме құрметті апайлар, бүлдіршіндер. Бүгінгі өткелі тұрған “Денсаулық-зор байлық” атты спорттық шарамызға қош келдіңіздер! Ендігі кезекте сайысқа қатысушы «Қыран» және «Тұлпар» топтарын қарсы алайық.
Жүргізуші: Денсаулық-шексіз бақыт,
Уа халқым назар аудар денсаулыққа.
Өмірде бақыттысың денің сауда,
“Денсаулық-терең бақыт” деген сөзді.
Құр айтпаған Абай данамыз да,- деп, бүгінгі спорттық шарамызды бастаймыз.
Бүгінгі сайысымыз 6 бөлімнен тұрады:
1. «Топтың аты мен ұраны»
2. «Қаппен секіру»
3. «Үлкен пингвиндер»
4. «Ғажайып дорба»
5. «Фудбаскет»
6. «Арқан тартыс»
1. Топтың аты мен ұраны.
«Қыран» тобы.
Топтың ұраны:
Қыран құстай самғаймыз,
Топтардан біз қалмаймыз.
«Тұлпар» тобы.
Топтың ұраны:
Бірлігіміз жарасқан,
Тұлпар тобынан жалынды сәлем!
Жүргізуші: Жатып ішер боп жалқау,
Бойкүйез болма еріншек.
Айналысып спортпен,
Талаптан, жаттық, еңбекпен.
2. «Қаппен секіру»
Шарты: Балалар қаптың ішімен мәреге дейін секіріп барып, секіріп келіп, келесі ойыншыға береміз. Ойын осылай жалғаса береді.
Жүргізуші: Иілеміз оңға бір,
Иілеміз солға бір.
Қимылдайды әр сәтте,
Аяқ та бір қолда бір.
3. «Үлкен пингвиндер»
Шарты: Шарды екі аяғының арасына қыстырып, арада кедергі болып тұрған фишкаларға тимей мәре сызығына дейін жүріп өту.
Жүргізуші: Денің сауда күштісің бұл әлемде,
Денің сауда сұлусың жер бетінде.
Сол мықты денсаулық арқасында,
Жетерсің әлі талай бақыттырға.
4. «Ғажайып дорба»
Шарты: Жемістерді жинату. Жемістерді алып, алда жатқан дорбаның ішінен өтіп барып мәре сызығында тұрған ыдысқа жинау.
Жүргізуші: Доп безгек қағады,
Секіріп еденге.
Секіру сондай-ақ,
Доппен оңай-ақ.
5. «Фудбаскет»
Шарты: Допты қолымен жерге ұрып арада кедергі болып тұрған фишкаларға тимей өту. Келесі қатысушы допты кедергілерге тигізбей жүгіріп өту қажет.
Жүргізуші: Құрметті сайыскерлер деніміз сау болсын десек спортпен шұғылданайық. Сонымен сайысымыздың келесі бөліміне көшейік.
6. «Арқан тартыс»
Шарты: Арқанның екі жағынан екі топтан бөлініп тартысады.
Жүргізуші: Өнерге биік сеніңіз,
Думанға қызық келіңіз.
Әділ қазы ел сенген,
Өнерге баға беріңіз.
Құрметті әділ қазылар сөз кезегі өздеріңізде.
Қорытынды: Жеңімпаз қатысушыларды марапаттау. Барлық қатысушыларға алғыс айту.
Қош демейміз әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің шыңдай берсін қалыспаңдар!