СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Думан» ойын сауық орталығы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

это уроки по модулю " Жүр Думанға барамыз" за 2 класс в русских школах

Просмотр содержимого документа
««Думан» ойын сауық орталығы.»



Сабақтың тақырыбы: «Думан» ойын сауық орталығы.

Сабақтың мақсаты:1. Модуль бойынша оқушылардың сөздік қорын қалыптастыру.

Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде

қолданып, тілдесім әрекетіне жетелеу.

2. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын, есте сақтау, қисынды ойлау

қабілеттерін дамыту. Сөздік қорын байыту.

3. Оқушыларды саналы білім алуға баулу, ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, жаңа сөздер жазылған парақтар.


Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Сабақтың мақсатын хабарлау. Модульдің құрамын түсіндіру.

ІV. Сөздік жұмысы.

мұхитарал-океанариум сегізаяқ-осьминог ашылды-открылся көрме алаңы-выстовочная площадка

  1. Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.

  2. Окушылар жаңа сөздерді тізбекпен айтып шығады.

  3. Оқушылар жаңа сөздерді топпен айтып шығады.

  4. Жаңа сөздерді қатыстырын сөз тіркестерін, сөйлемдер құрады.


V.Тапсырмалармен жұмыс.

1-тапсырма. Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту мақсатында сурет бойынша сөйлемдер құрату.

2- тапсырма. Оқылым әрекетін іске асыру мақсатында мәтінді оқып, аудару.

3- тапсырма. Сурет бойынша теңіз тұрғындары акула, теңіз аты, теңіз кірпісімен таныстыру.

«Дұрыс, бұрыс» ойыны.

Оқушыларға суреттерді көрсетіп, атауын айтып дұрыс па, бұрыс па деген сұрақ қойылады. Олар жауап береді.

Сергіту сәті; Шаршасаңдар, балалар,

Қолдарыңды созыңдар.

Саусақтармен ойнаңдар,

Қолдарыңды сермеңдер.

Денелерiң шынықсын,

Саналарың тынықсын.


4-тапсырма. Берілген сергітуді оқып орындау.

5-тапсырма. Бұл не? сұрағына жауап беріп жазылым әрекетін іске асыру .

6-тапсырма. Дұрыс сөйлеп үйрету мақсатында айтылым әрекетін іске асыру.

VI. Сабақты қорытындылау.

VII.Оқушылардың білімін бағалау.

VIII.Үй тапсырмасын беру.

80-бет, 4-тапсырма. Сергітуді жаттау.







































Сабақтың тақырыбы: «Думанда».

Сабақтың мақсаты:1. Модуль бойынша оқушылардың сөздік қорын қалыптастыруды жалғастыру. Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып, тілдесім әрекетіне жетелеу.

2. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын, есте сақтау, қисынды ойлау

қабілеттерін дамыту. Сөздік қорын байыту.

3. Оқушыларды саналы білім алуға баулу, мәдениеттілікке тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, жаңа сөздер жазылған парақтар.


Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Сабақтың мақсатын хабарлау. Модульдің құрамын түсіндіру.

ІV. Сөздік жұмысы.


ертегі қалашығы – сказочный городок дәмхана – кафе қызық – интересно жексенбі – воскресенье

  1. Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.

  2. Окушылар жаңа сөздерді тізбекпен айтып шығады.

  3. Оқушылар жаңа сөздерді топпен айтып шығады.

  4. Жаңа сөздерді қатыстырын сөз тіркестерін, сөйлемдер құрады.


V.Тапсырмалармен жұмыс.

1-тапсырма. Тақырып бойынша берілген мәтінмен жұмыс жасау. Жаңа сөздермен жұмыс ұйымдастыру. Бүгін – жексенбі. Біз отбасымызбен «Думанға» бардық. Кассадан билет алдық. Билет 500 теңге тұрады. «Думанда» қызық болды.

2- тапсырма. Оқушылардың танымдық және қисынды ойлау қабілетіне сызба бойынша жұмысты ұсыну.

3- тапсырма. «Сөйлеп үйрен» айдарымен берілген жаңа сөздермен жұмыс ұйымдастыру.

«Дұрыс, бұрыс» ойыны.

Оқушыларға суреттерді көрсетіп, атауын айтып дұрыс па, бұрыс па деген сұрақ қойылады. Олар жауап береді.

4-тапсырма. Жазылым әрекетіне берілген тапсырмамен жұмыс жүргізу. Сауатты жазуын қадағалау.

5-тапсырма. Сызба бойынша айтылым әрекетін жандандыру. Оқушыларды тілдесімге жетелеу.

6-тапсырма. Сөзжұмбақты шешу.


VI. Сабақты қорытындылау.

VII.Оқушылардың білімін бағалау.

VIII.Үй тапсырмасын беру.

81-бет, 1-тапсырма. Мәтінді оқу.















































Сабақтың тақырыбы: Мұхитаралда.

Сабақтың мақсаты:1. Астана қаласындағы «Думан» ойын-сауық орталығындағы

«Мұхитарал» туралы түсінік беру, сөздік қорларын қалыптастыру

2. Есте сақтау, танымдық қабілетін, байланыстырып сөйлеу, сауатты

жазу, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.

3. Оқушыларды сапалы білім алуға және шығармашылықпен жұмыс

Істеуге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, жаңа сөздер жазылған парақтар,

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Сабақтың мақсатын хабарлау.

ІV.Сөздік жұмысы.

Әкелінеді-привозится, жалғыз-единственный, қашықтық-расстояние, жыл сайын-ежегодно, теңіз-море, кешен-комплекс, жәндік-насекомые

  1. Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.

  2. Окушылар жаңа сөздерді тізбекпен айтып шығады.

  3. Оқушылар жаңа сөздерді топпен айтып шығады.

  4. Жаңа сөздерді қатыстырын сөз тіркестерін, сөйлемдер құрады.

V.Тапсырмалармен жұмыс.

1-тапсырма. Мәтін бойынша Астана қаласындағы «Думан» ойын-сауық орталығындағы «Мұхитарал туралы түсінік» беру. Мәтінді аудару. Сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін қолдану.

2- тапсырма. Оқушылардың танымдық қабілетін жандандыратын «Біліп ал» айдарымен берілген тапсырма бойынша жұмыс.

3- тапсырма. Н.Сүлейменованың «Мұхитарал»атты өлеңі арқылы мәнерлеп оқу сайысын өткізу.

Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Су құйғанда өседі.

VІ.

Тапсырмалар.

  1. Жексенбі, ұнады, сайқымазақтар, сөздерінің дауысты дыбыстарын ажырат.


VII. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімін бағалау.

VIII.Үй тапсырмасын беру.

84-бет, 1-тапсырма. Мәтінді оқу.





Сабақтың тақырыбы: «Джунгли» театры.

Сабақтың мақсаты:1. Диктантта жіберген қателер бойынша жұмыс жүргізу.

Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі

түрде қолданып, сапалы білім беру.

2. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Сөздік қорларын

байыту.

3. Оқушыларды саналы түрде білім алып, тілдесімді игеруге бағыттау және тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты суреттер, жаңа сөздер жазылған парақтар,


Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Сабақтың мақсатын хабарлау.

ІV.Сөздік жұмысы.

Өрмекші-паук, қолтырауын-крокодил, тасбақа-черепаха.

  1. Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.

  2. Окушылар жаңа сөздерді тізбекпен айтып шығады.

  3. Оқушылар жаңа сөздерді топпен айтып шығады.

  4. Жаңа сөздерді қатыстырын сөз тіркестерін, сөйлемдер құрады.


V.Тапсырмалармен жұмыс.

1-тапсырма. Мәтін бойынша Астана қаласындағы «Думан» ойын-сауқ орталығындағы

«Джунгли» театры туралы түсінік беру. Мәтінді аудару. Сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін қолдану.

2-тапсырма. Өтіліп жатқан тақырып негізінде сұрақ-жауап жұмысын сыныптағы барлық оқушылармен жүргізу.

3- тапсырма. Н.Сүлейменованың «Мұхитарал» атты өлеңі арқылы мәнерлеп оқу сайысын өткізу.

Сергіту сәті.

Аппақ болып таң атты,

Түтін көкке шығады.

Торғай қағып қанатын,

Самғап биік ұшады.

4-тапсырма. Тақырып бойынша берілген жұмбақпен жұмысты оқылым әрекетінен бастап, сурет салу сайысымен аяқтау.

5-тапсырма. Қисынды ойлау қабілетіне берілген сурет бойынша жұмыс жасап, оқушыларды қырағылыққа, байқампаздыққа тәрбиелеу.

VI. Сабақты қорытындылау.

VII.Оқушылардың білімін бағалау.

VIII.Үй тапсырмасын беру.

85-бет, 1-тапсырма. Оқып аудару.


Сабақтың тақырыбы: Аттракциондар.


Сабақтың мақсаты:1. Аталған тақырып бойынша оқушылардың сөздік қорын

қалыптастыруды жалғастыру. Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып, тілдесім әрекетіне

жетелеу.

2. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Сөздік қорларын молайту.

3. Оқушыларды салауатты өмір салтына және мәдениеттілікке баулу. Саналы білім алуға баулу және өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты сөзжұмбақ бар парақшалар, жаңа сөздер жазылған парақтар.


Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Сабақтың мақсатын хабарлау.

ІV.Сөздік жұмысы.

Ойындар-игры, балалық-детство.

  1. Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.

  2. Окушылар жаңа сөздерді тізбекпен айтып шығады.

  3. Оқушылар жаңа сөздерді топпен айтып шығады.

  4. Жаңа сөздерді қатыстырын сөз тіркестерін, сөйлемдер құрады.


V.Тапсырмалармен жұмыс.

1-тапсырма. Мәтін бойынша Астана қаласындағы «Думан» ойын-сауқ орталығындағы

«Бөбекжай» алаңы туралы түсінік беру. Мәтінді аудару. Сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін қолдану.

2-тапсырма. Өтіліп жатқан тақырып негізінде сұрақ-жауап жұмысын сыныптағы барлық оқушылармен жүргізу.

3- тапсырма. Өлеңді оқып, сергіту жасау.

4-тапсырма. Тақырып бойынша берілген диалог бойынша жұмыс жасау. Жаңа сөздермен жұмыс ұйымдастыру.

5-тапсырма. Қисынды ойлау қабілетіне берілген сөзжұмбақпен жеке жұмыс ұйымдастыру. (Әр оқушыға сөзжұмбақ бар парақшалар таратылады)

6-тапсырма. Өлеңді жаттап алып, ойын ойнау.


VI. Сабақты қорытындылау.

VII.Оқушылардың білімін бағалау.

VIII.Үй тапсырмасын беру.

89-бет, 6-тапсырма. Жаттау.



Сабақтың тақырыбы: Киноаттракционда.

Сабақтың мақсаты:1. Модуль бойынша оқушылардың сөздік қорын бақылау.

қалыптастыруды жалғастыру. Оқылым, тыңдалым, айтылым,

жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып, тілдесім әрекетіне

жетелеу.

2. Байланыстырып сөйлеу дағдыларының деңгейін дамыту және көтеру.

Сөздік қорларын байыту.

3. Оқушылардың алғанбілімдерін орынды қолдануға баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Сөйлемдер жазылған парақшалар, жаңа сөздер жазылған парақтар.


Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Сабақтың мақсатын хабарлау.

ІV.Сөздік жұмысы.

Балмұздақ-мороженое, тәтті-сладкий.

  1. Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.

  2. Окушылар жаңа сөздерді тізбекпен айтып шығады.

  3. Оқушылар жаңа сөздерді топпен айтып шығады.

  4. Жаңа сөздерді қатыстырын сөз тіркестерін, сөйлемдер құрады.


V.Тапсырмалармен жұмыс.

1-тапсырма. Мәтін бойынша Астана қаласындағы «Думан» ойын-сауық орталығындағы

«Киноаттракцион» туралы түсінік беру.

2-тапсырма. Тақырып бойынша берілген диалог бойынша жұмыс жасау. Жаңа сөздермен жұмыс ұйымдастыру.

3- тапсырма. Мәтін бойынша Астана қаласындағы «Думан» ойын-сауық орталығы

туралы түсінікті жалғастыру. Мәтінді аудару. Сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін қолдану.

Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Су құйғанда өседі.


4-тапсырма. Өтіліп жатқан тақырып негізінде сұрақ-жауап жұмысын сыныптағы барлық оқушылармен жүргізу.

5-тапсырма. «Сөйлеп үйрен» айдарымен берілген жаңа сөзбен жұмыс ұйымдастыру. Әр оқушымен жеке жұмыс жасау.

6-тапсырма. Қисынды ойлау қабілетіне айтылым әрекетіне берілген тапсырмамен жұмыс жасау.


VI. Сабақты қорытындылау.

VII.Оқушылардың білімін бағалау.

VIII.Үй тапсырмасын беру.

91-бет, 3-тапсырма, мазмұндау.