Тапсырма №1. Топтық жұмыс Суреттегі денелер қандай энергияларға ие? Қандай энергия түрленулері болып жатыр?        Бағалау ретінде жауап берген оқушыларға «Смайликтер» таратылады. Тапсырма №2. «5+30/» технологиясы 5 минутта 5 оқушы І топ. 1.Қатаңдығы 10 4 Н/м серіппе 3 см-ге сығылғанда оның потенциалдық энергиясы қалай өзгереді ? 2.Массасы 0,5 кг дене 4 м/с жылдамдықпен тік жоғары қарай лақтырылған. Ең жоғары биіктікке дейін көтерілгенде ауырлық күшінің жұмысын, потенциалдық энергияның өзгерісін анықтаңыз. 3.Қада қағатын массасы 500 кг дәу балға 10м биіктіктен түсіріледі. Оның 4м биіктіктегі потенциалдық энергиясы неге тең болады? Оның істеген жұмысы неге тең? ІІ топ. 1.Жер бетінен 3,5 м биіктікке көтерілген массасы 6 кг дененің потенциалдық энергиясын анықтаңыз. 2.Тікұшақ жерден 2 шақырым биіктікке көтерілгенде жылдамдығы 200 м/с болды. Егер оның массасы 2 тонна болса, жермен салыстырғанда механикалық энергиясы неге тең? 3.Массасы 10 г оқ 800 /с жылдамдықпен ағашқа тиеді де 10 см тереңдікте тоқтайды. Ағаштың кедергі күшін тұрақты деп есептеп, оның шамасы табу керек. ІІІ топ. 1.Массасы 500 г доптың 4 м/с жылдамдықпен қозғалған кездегі кинетикалық энергиясы неге тең? 2.Жер бетінен 10м биіктіктегі балконнан 0,5 кг доп көкжиекке параллель 10 м/с жылдамдықпен лақтырған жерге түсер кездегі доптың механикалық энергиясы? 3. Бағалау критерийі | Дескрипторлар | Білім алушы • Механикалық энергияның сақталу заңын есептер шығаруда қолданады | Білім алушы Есептің шартын жаза алады. ХБЖ-не келтіре алады. Механикалық энергияның сақталу заңын қолданады. Формулаларды түрлендіріп есептер шығара алады. | Бағалау ретінде «Мадақтау сэндвичі» Тапсырма №3. «Глоссарий» әдісімен кестені толтыру. Энергия | Анықтамасы | Өлшем бірлігі | Формуласы | Энергия | | | | Потенциалдық энергия | | | | Кинетикалық энергия | | | | Деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы | | | | Механикалық энергия | | | |
|