Молдағалиев Ерхан Болатұлы: Ақын, тілші.
«Жүрек-сыры»- кеші. «Түн жарымда жүреді періштелер», «Қауызыңды, жарасың, қашан бағым?» - кітаптарының авторы.
Туған жері: Қостанай облысы, Торғай ауданы, Тәуіш ауылында 1992 жылы сәуірдің 12-ші жұлдызында дүниеге келген. «Қаратүбек орта мектебі» КММ-нің түлегі. Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтын «Қазақ тілі мен әдебиеті» - пәні мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Қызметі: Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Киров өлкесіндегі «Киров орта мектебі» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Астана қаласы «Ұлт ұстазы» педагогикалық ғылыми әдістемелік журналының Қостанай өлкесіндегі меншікті тілшісі.
ЖЕТІМДЕР ҮЙІНДЕМІН
Жетімдер үйіндемін...
Жайлаған, үйінде-мұң, күйім де-мұң,
Жиып-терген, азырақ, ақшамменен,
Сый етіп, азын-аулақ, бұйым бердім...
Іші-бүгіп, күйініш, сүйінішін,
«Мың - рахмет»,жаудырды, сыйым – үшін.
Терезеге, телміріп, бала отыр,
Сағынатын, секілді, үйін-ішін.
Жанарына, жасырған, сиынысын...
Санамен, арылған соң, ақылдан-мұң,
Аяңдап, таяй келіп, жақын бардым.
«Балақай, есімің-кім?, нешедесің?»,
Ол-үнсіз. Сұрағы тұр. Шақырған кім?!
Жетімге, жетім болып, мақұлдандым...
Есімім. « Абай», - деді. Он жастамын,
Сезгендей, көңілімнен, «Өң»-қашқанын.
Терезеден, қолымен, меңзедіде,
Әне тұр. «Махамбеттер», жолдастарым.
Ішімнен. «Обалайлап». «Оңбастадым»....
Үдеткендей, сұрақты, кешігулі,
«Кім қойған?» - дедім, сосын, есіміңді.
«Анам-әкем», деді де, кемсеңдеді,
Өз ісімді, қылайын, несін үлгі?
Кешіре гөр. Жаратқан. Кешірімді...
Ескі жара, тұрды ма, есті-қымтар?
«Әкеме», тартқан-мінез, кескінім дәл.
«Әкем-өлді..», дегенде, «Анаң»- дедім,
«Ол-тірі»-деді, сосын, естуім бар.
«Келер»-деп, күтіп өтті, бес күнім әр...
Бауырыма, бастым да, діріл-бетін,
Үндесті, өлі менен - тірі Жетім.
«Жылап»-еді, ендігі, сап, тиылып,
«Жұбанды». Қара, «Құдай», құдыретін.
Жетілетін, күн келер, жетімегім...
«Жақын келдім», дегендей, қалай ғана,
Шырай кірді, жүзгеде, самайға да.
«Абай-жайлы, айтам»- деп, қарайладым,
Сықылдаған, «уақыт», шарайнаға.
Бір биік бар, жететін, Абайға да...
Ұйып тұр. Бұл-ісімді, мақұл көріп,
Көсіле, кеттім. Беріп, ақылға – ерік.
«Ақын болып туылу – ол, заңдылық,
Өлу –бақыт, өмірден, ақын - болып».
Сөзді түйдім, «Майқыша», батыл келіп...
«Кешір» - інім. «Ағаңның, ескер-үнін,
«Кеш» - кездестік. Себебі, кеш - келуім».
Жақын маңнан, дүкенді, шарладым да,
Ұсындым, бас-ақынның, естелігін.
«Ұнағандай», көрінді, естелігім...
Асығып, көрсетпекке, сыйын-алғы,
Жұдырығын, жымыра, түйіп алды.
Ұзақ қарап. «Қол,бұлғап». Күңіреніп,
Мен кеткенде, көңілсіз, күйі қалды.
Ақыннан, ақын берген, сыйы барды...
PS: «Сәби ғой», әр-сыбдырға, елеңдеген,
Анасы, келсе екен. «Келем»-деген.
«Үмітін», үкілеген, үзе көр ме?
«Күдігін», сейілте гөр, өлеңменен...
Көре алмай, мен жүрмін. «Келем»-деп ем...
Өмір сүріп. Жас- «Мұқаң», жатыр мында...
«Өлең»- Ол,
Иесіне. «Сәби»- сынды,
Меңзең қылып, төрт бөлер, әр-ұйқыңды.
Тоғыз айда, толғатып, жатпасаң да,
Толғатады, ойыңды, тоғыз күнгі...
Ерік берген,
Кезімде, ақылға-ең,
«Жатым»-өзім, көрінем, «Жақында»-мен.
«Жұрт», ұйқыда, жатқанда, тыпыршимын,
Түлен оймен, өткізіп, сәтімді әрең...
«Мұқаң»-енді,
Түсіме, «Мұқаң»-енді,
«Жырмен емде» - деді, ол, «Жұтаң» - Елді,
«бағың жансын»-деді де. Кетіп қалды,
Сәл, сабыр қыл, дегені. Күт әлемді...
«Ақын, аға»,
Дегенсіп. «Ақынмын ба?»
Есі кетіп, барады, ақылдың да.
Мұқағали өмірден өткенімен,
Өмір сүріп. Жас- «Мұқаң», жатыр мында...
Түсірмекке,
Ұмтылып, еске-нені?
Қалам алды, ол-түнгі, «Бестер»-еді.
«Фаризаға», мұң шаға, алмасам да,
«Аға»-дедім, «Шәмілдей», дос-керегі...
«Ақын бол»-деп,
Аңсаған, сабыр қалмай,
«Анам да тұр». Мұнысын-мақұлдардай.
Жасын – ғұмыр, жеткізсе, жазам әлі,
«Өл-өлгенше», өлеңім, оқылардай...
СҮЙІП – СЕНІ ӨТЕМІН, ӨЛГЕНІМШЕ
«Шам»,
- Жанып тұр.
Үйінде. «Есен»-екен,
Бүгін өттім, тағы да, кеше де өткем.
«От» - маздатып,
Отырсың, жат құшақта,
Кездестік пе, қоштастық, не себептен?!
Қарап,
«Жанар»,
Шығардай, ұясынан,
Сол көшеден, өтуге, жиі - асығам.
Жол айрығы,
Біздерді, жолықтырып,
Бір мұң көрдім, көзінің, қиясынан...
Амандаспай,
«Сен» - өттің. Үндемедім,
Ұғындың ба, керексіз, кім керегін?!
«Түсінеме»,
Жаныңды, жабырқатпай,
Түсіме де, енесің, түнде - менің...
Іздесеңіз,
Табарсыз. Жағалаудан,
Біз – кезіккен, сол бір кеш. Назар ауған.
Сыр шертемін,
... «Өзенге. Тас лақтырып,
Азалаудан, шаршадым, жазалаудан...
Жүрген - жолмен,
Аяңдап, кетем - кері,
Ілестірдің, елеске, бекер - мені.
«Қылтимадан»,
Қылтиып, бір - қарашы,
«Арманым» - болып. Құшаптап кетейін сені...
Аспанда тұр,
Қос жұлдыз. Сен көрдің бе?
Кетіп барам, «Хош енді» - елден, мүлде.
«Жанардың»,
Ақ – қарасы, секілденіп,
«Аян» - болмас, кеткенім, келгенім де.
«Сүйіп - сені өтемін». Өлгенімше...
«АЯН» - КІРСЕ, ЖАТ КӨКЕ, СЫЙ БЕРЕРІ
«Қыс» - еді
Үй де суық. Даласы да,
Қара жер, көрінбейді, қарасы да.
Отырмын, тәнмен қоса, жаным жаурап,
«Таң» - болып, көрші үйдің, баласына.
Сәби ғой, қолында бар, шанасы да...
Ақ түнек,
Ақпан – айы. Ақпандатқан,
Ақ ұлпа, бүркей түскен. «Аспан» - жақтан.
Құлайды, бірде тұрып, «Ит» - үреді,
Сүйсіне, қарайтындай, әппақ, ақ – Таң.
Терезе.
Қырау қатқан. Терек – жапқан...
Сарышұнақ,
Аяздан, жұтынады,
Қолымен, көлегейлеп, құтылады.
Ішімнен, баба – сөзін, орағыттым,
«Жел тұрса, ит пен бала, құтырады»,
Не қылар,тағдырының, үкімі әлі?!
«Жетем»,
- Дей ме?Үміті. Далақтайды.
Қаһарлы қыс, бетіне, қаратпайды.
Ақ ұлпа қар, ақ жүзін, домбықтырған,
Ақ періште, аулада, қанат жайды.
Мен күлсем, өздігінше, жаратпайды...
Кіші көрші,
Өкпеле ме?! Тек – «Көкеңе»,
Кім болсын, «періштені», жек көре ме?!
«Ауырып, қаласың ғой, үйіңі бар»,
Дедім, - Мен. Көнбейді ме?. «Жоқ»-көне ме?!
Бақытым, созылмады, көпке, неге?!...
Түсіріп, бәз күнімді, күймедегі,
Сол бір сәт, тым ерекше, күй бөледі.
Бес ауыз сөз, есінде, сақталған ба?
Именіп, мені көрсе, үйге енеді.
«Аян» - кірсе, жат көке, сый берері....
ЖАРАЛАМА ЖАНЫМДЫ
Елеместен,
Тағдырдың, кескіндерін,
- Сорымнан ба?, «Әйтеуір, кеш гүлдеуім».
Жаралама жанымды. «Сөзбен» - түйреп,
Сипамаған басымнан, ешкім, менің...
Жан болса да,
Ұнатқан. Ұнатпаған,
Желеу етіп, «сенімді», сыр – ақтарам.
«Жарылқайын» - деймін де. Өзгелерді,
«Жұбатам» - деп, үнемі, жылап қалам...
Аямасын,
Адамдар, аяр-ғалам,
Мендік енші, бар, білем, аялдамаң!
«Өлең» - болып, жазылған. Оқылады,
Баянсыздау, тірлікте. Баяндамам...
Ұсақпын ба?
Мен,әлде, ірімін бе?
Дәлелдеуім, қажетті, мұны - кімге?!
Жар әлемнің, ғажабы, таусылған ба?
«Жан - әлемнің», азабы, түңілуде...
Бітелместен,
Жүректе, жыртығымыз,
Жиып тастап, қайғыны, күлкіні, сыз.
Уысынан, уақыттың, уын-ішіп,
Дүниеден, өтерміз, бір күні – Біз...
Күнді көрмей,
Ынтызар. «Түнді» – сүйген.
Аян болар, кім – сүйген, кімді – сүйгем?!
Сынағы бар, өмірдің, сұрауында,
Бір кісідей, ей өмір, сізді – сүйгем...
ӘЖЕМНІҢ БОЛЖАМЫ БҰЛ
«Айы – оңынан,
Туып тұр, олжалы-ұл»,
Дейтін, - марқұм-әжемнің, болжамы – бұл!
«Терезесі - теңесті», дейтін, және,
Ол - болжамы, әзірге, болмады - бір...
«Екі бүйірі,
Бүрулі, қысылған ба?»,
Сәлде түсте. «Тәңір» - бақ, ұшырғанда.
«Аянышпен, осылар, қарай ма»-деп,
Қысыламын, пейілін, ұсынғанда...
«Сүйініш бар,
Ұмытар, күйінішін»,
«Сағынады», - дей тұғын, үйін-ішін.
Әлімсақтан, бабасы, «бақсы» - құсап,
Сипаттайтын, жүрісін, киінісін...
«Я, Алла»-деп,
Құмалақ, жиыстырып,
Әжім - жүзге, апарды, түйістіріп.
«Жәрекімалла, рас екен» - деп, айтатын,
Отырғанда, жіьерсем, жиі үшкіріп...
Алыс жүрген,
Ботаның, жолын, ашып,
«Қам көңілді, жан еді», қолы ашық.
Жолтүскенде, басыңа, барам, «Әже»,
Сол кезде, «мен, келі»-деп, жолыма шық...