| | Пәні: Математика |
Сабақ тақырыбы | Функцияның кестемен берілуі |
Мақсаты | Оқушылардың білімділік дағдыларын қалыптастыру, аргументінің берілген мәніне сәйкес функцияның мәнін табуды және функцияның мәніне сәйкес аргументтің мәнін табуды үйрету. |
Сабақ түрі | Жаңа білімді игерту сабағы |
Әдіс-тәсілдер | Топтық, Жұптық, «Зигзаг» стратегиясы |
Сабақ көрнекілігі | Топ ережесі, бағалау критерийі, сұрақтар, смайликтер, қажетті құралдар. |
Өту барысы: |
Сабақ кезеңі | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті |
Ұйымдастыру /2 мин/ | -амандасу; -түгелдеу; -оқушының назарын сабаққа аудару; -оқу құралдарының дайындығын тексеру | -амандасу; -кезекшілік міндеттерін атқару; -сабаққа дайындалу; |
«Жаңа сабақ» /9 мин / | Тәжірибелер мен бақылауларда аргумент пен оған сәйкес функцияның мәні белгілі бір реттілікпен кесте арқылы беріледі. Функция формуламен берілгенде де аргументтің белгілі бір мәніне сәйкес функцияның мәні есептеліп, олардың сәйкес мәндері кестедегі бір бағанға жазылады. Мысалы, тәулік бойындағы ауа температурасының өзгерісі кестемен берілген. Уақыт t (сағ) | 2 | 4 | 6 | 8 | 10 | 12 | 14 | 16 | 18 | 20 | 22 | 24 | Температура, Т0С | -3 | -2 | 0 | 1 | 2 | 3 | 4 | 3 | 2 | 1 | -1 | -2 | Функция кестемен берілгенде кестенің бір жолына аргументтің мәні жазылса, екінші жолға оған сәйкес функцияның мәні жазылады. Кестенің қадамы дегеніміз – аргументтің қатар тұрған екі мәнінің айырмасы. Мына кестенің қадамы 2-ге тең, себебі 4-2=2; 8-6=2 |
«Ой-толғаныс» /20 мин/ | І деңгей №1286 (ауызшы есеп) №1287 есеп. Функция у =3х+1 формуламен берілген. Кестені дәптерге сызып, оны толтырыңдар. Х | -2 | -1 | 0 | 1 | 2 | 3 | 4 | у | -5 | -2 | 1 | 4 | 7 | 10 | 13 | №1288 есеп. Өздік жұмысы. №1290 есеп. Кестедегі бос орындарды толтырыңдар. Кесте бойынша берілген функцияны формуламен жазыңдар. Аргумент, х | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | Функция, у | 1 | 4 | 9 | 16 | 25 | 36 | 49 | ІІ деңгей №1294 есеп. Функцияны кестемен беріңдер: , мұндағы 2≤х≤8, қадамы 2-ге тең; , мұндағы 4≤х≤16, қадамы 4-ге тең. №1296 есеп. х (сағ) | 1 | 0,5 | 2/3 | 0,6 | 0,25 | 0,35 | у (мин) | 60 | 30 | 40 | 36 | 15 | 21 | ІІІ деңгей №1300 есеп. х | -3 | -2 | -1 | 0 | 1 | 2 | 3 | у | 4,5 | 3 | 1,5 | 0 | -1,5 | -3 | -4,5 | | Оқушылар ауызшы сұрақтарға жауап береді Оқушылар кестедегі бос орындарды толықтырады. Оқушылар сұрақтарға жауап береді  1)  х | 2 | 4 | 6 | 8 | у | 3,5 | 6,5 | 9,5 | 12,5 | 2)  х | 4 | 8 | 12 | 16 | у | 6,25 | 12,25 | 18,25 | 24,25 |   |
Сергіту сәті. «Кім көп біледі?»ойыны /8 мин/ | Зерде достарымен ойын алаңының ұзындығын аттап қадам жасау арқылы өлшеді. Зерде 22, Есет 24, Ерден 27, ал Есен 25 қадам аттады. Сұрақ: Қай баланың адымы қысқа? Жауабы: Ерден 27 адым. Зерденің қолында 5 кг тоқаш салынған таразы бар. Ол үстелден cекірді. Сұрақ: Секіріп түскен жағдайда таразының тілшесі өзгере ме? Жауабы: Өзгермейді. Бұтақта 3 торғай отыр еді. Мысық 1 торғайды ұстап алды. Сұрақ: Бұтақта қанша торғай қалды? Жауабы: Қалғандары ұшып кетті, торғай қалған жоқ. 1-ден 10 – ға дейінгі сандарды әліпби ретімен жаз : Жауабы: 6,5,.,.,.,.,.,.,.,.,.,3. 6, 5, 1, 2, 7, 10, 8, 9, 4, 0, 3. 8 8 8 8 8 8 8 8 = 1000 Сұрақ: Арифметикалық амалдарды қолдану арқылы 1000 санын қалай шығаруға болады? Жауабы: 888+88+8+8+8=1000 Белгілі бір тәсіл арқылы сандар қатарын жалғастыр: 7, 15, 31, 63...... Жауабы: 8,16,31,т.с.с. Келесі сан бір бірлікке артық. 5, 4, 3, 2, 1 цифрларын қатар жазып, 85 саны шығатындай етіп қосу және азайту амалдары арқылы тура теңдік құрастыр. Жауабы: 54 + 32 – 1 = 85
| Оқушылар логикалық тапсырмаларды орындайды |
Үйге тапсырма беру /1 мин/ | №1291; №1295 есеп. | Күнделіктеріне жазып алады. |
Бағалау /3 мин/ | «Ашық журнал» арқылы оқушыларды бағалау | Бағалау парақтарында жалпы ұпайды шығаруды сұраймын. | Өздерінің бағасын білу |
Рефлексия /2 мин/ | «Компанент» әдісі | Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін сұрау | Смайликтерді тақтаға іледі. |