СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Гюйгенс принципі. Жарықтың шағылу заңы. Жарықтың сыну заңы. Толық ішкі шағылу. Жазық және сфералық айналар. Оптикалық құралдар. Жұқа линза формуласы

Категория: Физика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Гюйгенс принципі арқылы жарықтың сынуын түсіндіру, Линзада кескін салуды үйрету

Просмотр содержимого документа
«Гюйгенс принципі. Жарықтың шағылу заңы. Жарықтың сыну заңы. Толық ішкі шағылу. Жазық және сфералық айналар. Оптикалық құралдар. Жұқа линза формуласы»

БҚОӘББ «Жоғары аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы:. Гюйгенс принципі. Жарықтың шағылу заңы. Жарықтың сыну заңы. Толық ішкі шағылу. Жазық және сфералық айналар. Оптикалық құралдар. Жұқа линза формуласы

(сабақ тақырыбы)

Пән атауы Физика

 Дайындаған педагог Кайырлиева К.Т

1.Жалпы мәліметтер

 Курс, оқу жылы, топ

Сабақ типі теория

2. Оқыту мақсаты:. Гюйгенс принципі арқылы жарықтың сынуын түсіндіру, Линзада кескін салуды үйрету

Сабақ мақсаты:( тәрбиел мақс) Гюйгенс принципі арқылы жарықтың сынуын түсіндіру.

Бағалау критерийлері: Гюйгенс принципін біледі; Жұқа линза формуласы арқылы оптикалық күшті есептей алады,Линзада кескін сала алады,

Гюйгенс принципінің көмегімен жарықтың сынуын түсіндіреді.

 2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі (Блум таксономиясы

Білу: Гюйгенс принципінің көмегімен жарықтың сынуын түсіндіреді.

Түсіну: Жарықтың түзу сызық бойымен таралу заңын – жарық сәулелері оптикалық біртекті ортада түзу сызық бойымен таралатындығын түсіндіре алады

3. Сабақты жабдықтау

3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер_ слайд,11 сыныптың оқулығы

 3.2Техникалық құралдар, материалдар, сілтемелер, ресурстар үлестірме карточкалар

 4. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру: (1 минут)

Сәлемдесу. Сабақ барысымен таныстыру, сабақтағы бағалау жүйесімен таныстыру

Сабақтың басы_(...7мин) Мағынаны тану: Ой қозғау. Прблемалық сұрақ:

Нені байқап тұрсыздар?

Стақанға тұрғызылған сызғыш ауа-су шекарасында сынған сияқты көрінеді. Себебі неде деп ойлайсыздар?



Студенттердің жауаптарын негіздей отырып сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын жариялау.




Сабақтың ортасы(..2.мин ) Бір ортадан екінші ортаға өткенде жарық сәулесінің жылдамдығы өзгереді. Оның нәтижесінде жарық сәулесінің бағыты өзгереді.

Жарық екі орта шекарасына перпендикуляр бағытта түссе ол өзініӊ бағытын өзгертпейді, яғни сынбайды.Гюйгенс принципі бойынша толқындық беттің әрбір нүктесі екінші толқын көзі болып табылады

Жарықты шағылуы дегеніміз –Екі ортаның шекарасына бағытталған жарық сәулесінің жүру бағытының өзгеру құбылысы.

Жарықтың сыну құбылысын түсіндір.

Бірінші ортадан екінші ортаға өткенде жарық сәулелерінің таралу бағытының өзгеруі.

Жарық сәулесі. Жарықтың табиғаты толық анықталғанға дейін төменде келтірілген заңдар белгілі болған:Жарықтың түзу сызық бойымен таралу заңы – жарық сәулелері оптикалық біртекті ортада түзу сызық бойымен таралады.Жарық сәулесі – бойынан жарық әнергиясы тасымалданатын сызық.Біртекті ортада жарық сәулелері түзу сызықтар сияқты болады.Жарық шоқтарының тәуелсіздік заңы – жарықтың бір шоғыныңың тудыратын әсері басқа шоқтардың әсерлеріне тәуелді емес, яғни жарық шоқтары бір - біріне ықпалын тигізбейді.

Шағылу заңы – тегіс бетке түскен сәуле, шағылған сәуле және екі ортаның бөліну шекарасындағы түсу нүктесі арқылы жүргізілген нормаль бір жазықтықта жатады; шағылу бұрышы түсу бұрышына тең:

Сыну заңы – түскен сәуле, сынған сәуле және екі ортаның бөліну шекарасындағы түсу нүктесі арқылы жүргізілген нормаль бір жазықтықта жатады, түсу бұрышының синусының сыну бұрышы синусына қатынасы берілген екі орта үшін тұрақты шама болып табылады, мұндағы n21 – екінші ортаның бірінші ортаға қарағандағы салыстырмалы сыну көрсеткіші. Ол екі ортаның абсолют сыну көрсеткіштерінің қатынасына тең.

Сәйкесінше, сыну заңы былай өрнектеледі:

Ортаның абсолют сыну көрсеткіші дегеніміз әлектромагниттік толқындардың вакуумдағы жылдамдығының олардың ортадағы фазалық жылдамдығына қатынасына тең болатын физикалық шама n.

болғандықтан, онда , мұндағы және - сәйкесінше ортаның әлектрлік және магниттік өтімділіктері.

Егер жарық n1 сыну көрсеткіші көбірек ортадан (оптикалық тығыздығы жоғары) n2сыну көрсеткіші азырақ (оптикалық тығыздығы төмен) ортаға таралатын болса (n1n2) (мысалы, шыныдан ауаға немесе судан ауаға), онда

Осының нәтижесінде сыну бұрышы түсу бұрышынан үлкен болады. Түсу бұрышын үлкейте отырып, қандай да бір шекті бұрышта сыну бұрышы тең болады. Түсу бұрыштары болғанда түскен жарықтың бәрі толығымен шағылады.

Түсу бұрыштарының мәндері тең болғанда, сәуле сынбай толығымен бірінші ортаға шағылады. Бұл жағдайда шағылған және түскен сәулелердің қарқындылығы бірдей болады.

Бұл құбылыс жарықтың толық ішкі шағылуы деп аталады.

Шекті бұрыш төменде келтірілген қатынас арқылы анықталады;



Егер л



Толық шағылу құбылысы призмаларда және световодтарда қолданылады.

Линза деп – екі жағы сфералық беттермен шектелген мөлдір денені айтамыз. Олар шашыратқыш және жинағыш болып екіге бөлінеді.

Қос дөңес (1)

Жазық дөңес (2)

Ойыс дөңес (3)

Қос ойыс (4)

Жазық ойыс (5)

Дөңес ойыс(6)

Егер бас оптикалық оське параллель жарық сәулелерін түсірсек линзаның бас F фокусында жиналады.Бұл нүкте линзаның бас оптикалық осінде жатады.Линзаның екі жағында орналасқан екі бас фокусы бар.Линзаның фокустық жазықтығы деп линзаның бас фокусы арқылы линзаның бас осіне перпендикуляр жүргізілген жазықтықты айтады.Линзада фокустық жазықтық екеу, ал қосымша окустар жазықтығы шексіз. Жинағыш линзаны «↨», ал шашыратқыш линзаны «‌|» белгілеу енгізілген.

Дөңес линза өзі арқылы өткен жарықты бір нүктеге жинайды, сол себепті дөңес линза жинағыш д.а. Шашыратқыыш линзалардың шеті қалың ортасы жұқа болып келеді.Өзі арқылы өткен жарықты шашыратады.

Жұқа линзаның формуласымен таныспас бұрын оны кескіндеу түрімен танысайық.


f



Ғ- линзаның бас фокусы
О- линзаның оптикалық центрі

Жұқа линзаның формуласы:

(1)

Енді осы өрнекті түрлендірейік, себебі ҰБТ көбінесе осы өрнектер арқылы есептейміз.

1 өрнектен f- линзадан нәрсеге дейінгі қашықтықты табайық:

Ал d- ны тапсақ:


Ал енді линзаның бас фокусын есептейтін формула:

Линзаларда кескін салу:


Бас оптикалық оське параллель сәулелер линзадан сынғаннан кейін оның фокусы арқылы өтеді.

Линзаның оптикалық центрі арқылы өтетін сәуле сынбайды

Линзаның бас фокусы арқылы өтетін сәуле линзадан сынғаннан кейін бас оптикалық оське параллель кетеді


Егер дене 2Ғ фокуста орналасса , онда кескін шын, тең, төңкерілген болады.

Егер дене Ғ пен 2Ғ фокус аралығында орналасса, онда кескін шын, кері, үлкейтілген болады.



Егер дене Ғ фокуста орналасса, онда кескін болмайды.



Егер дене фокус пен оптикалық центр арасында орналасса, онда кескін жалған, тура , үлкейтілген болады.



Шашыратқыыш линзада кескін салу:



Осы аталғандарды линзадағы кескіндерді салуға арналған интерактивті демонстрацияны пайдаланып оқушыларға көрсетіп есте сақтауларын ескертеміз.


Линзаның оптикалық күші деп бас фокус арақашықтығына кері шаманы айтады:

D – линзаның оптикалық күші дптр=1м-1


Линзаның ұлғайтуы деп кескіннің сызықтық шамасының нәрсенің сызықтық шамасына қаытнасымен анықталатын физикалық шаманы айтады.

ә) есептер шығару арқылы:

1. Фокус аралығы 4 см жинағыш линзадан нәрсе 6 см қашықтыққа орналасқан. Кескіннің линзадан арақашықтығын және қандай болатындығын анықтаңыз.


Берілгені: Шешуі:


2. Фокус аралығы 25 см шашыратқыш линзаның оптикалық күшінің абсолют мәні нешеге тең?

Берілгені: Шешуі:


Дескриптор:Берілген есептер бойынша линзаның оптикалық күшінің мәнін таба алады


Дескриптор: 1.Линзаның түрлерін айта алады

2.Линзада кескінді сала алады

3. Линзаның оптикалық күшін есептей алады

5. Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен

  6. Үйге тапсырма: ]§37 -§41, Оптикалық аспаптарға ,құралдарға реферат жазып келу


1. Жарық дегеніміз не?

2..Жарық сәулесі дегеніміз не?

4..Жарықтың кандай заңдары бар?

5.Шағылу және сыну заңдары дегеніміз не? Формуласы?

6.Сыну көрсеткіші дегеніміз не?

7.Шағылу, сыну бұрыштарын қандай әріппен белгілейді?

8.Линза дегеніміз не? Түрлерін ата?

9.Линзада кескінді қалай саламыз?

10.Жұқа линза формуласын жаз?

11.Линзаның оптикалық күші дегеніміз не?

12.Линзаның ұлғайтуы дегеніміз не?


https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk караңыздар







Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!