Просмотр содержимого документа
«"Етістіктен өткенді қайталау" тақырыбынан сабақ жоспары»
Сабақтың тақырыбы:Етістіктен өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты: оқушылардың етістіктен алған білімдерін тиянақтау, теориялық білімдерін тереңдету. Жас ұрпақты адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау, жинақтау
Сабақтың әдәсі: сұрақ-жауап, түсіндіру, қайталау
Көрнекілігі: интерактивті тақта, сызбалар, кеспелер
Сабақтың барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңі
(Сәледесу, оқушылардың сабаққа қатысуын және дайындығын тексеру)
2 Сабақтың тақарыбын, мақсатын анықтау.
3 Ой қозғау
Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
Атауыш сөздер деген не?
Көмекші сөздерге қандай сөз табы жатады?
Одағай сөздер туралы не білесіңдер?
Етістік нені білдіреді?
Етістіктің құрамына, тұлғасына қарай бөлінуі туралы айтып беріңдер.
Етістіктің мақғыналық түрлері жайында баянда.
4 Берілген кестедегі тапсырма.
Етістік | Тұлғасына қарай | Құрамына қарай | Мағынасына қарай |
Сөндірген | туынды | дара | болымды | салт | Есімше | өзгелік |
Сұрама | | | | | | |
Бармақ | | | | | | |
Қызықтыр | | | | | | |
Келмеу | | | | | | |
Көргелі | | | | | | |
Шегелес | | | | | | |
5. Жұмбақ өлеңнің шешуін табу.
Бақшадан үзген көк қарбыз,
Бәріміз көзді салғанбыз
Тілінгеннен үш бала
Жиырманың төртін алғанбыз
6. өлең бойынша тапсырма.
Зат есім, сын есім, сан есім, есімдікті табу, толық талдау жасау.
7. өлең жолдарынан етістікті тауып, толық талдау жасау.
Үзген – фонологиялық талдау.
Алғанбыз – сатылай кешенді талдау.
Тілген – дыбыстарға математикалық тәсілмен талдау.
8. берілген сөйлемдерге морфологиялық, синтаксистік талдау жасау.
Бірлігі күшті ел озады.
Мақтаған жеткізер, шаққан өлтірер.
9. Сабақты бекіту.




ЕТІСТІК
10. Сабақты қорыту.
Үйе тапсырма: ережелерді қайталау. 305 жаттығу.
Бағалау.