СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«еуразия » бөлімі бойынша 7 модульді ықпалдастыра отырып өткізген сабақ үлгілері

Категория: География

Нажмите, чтобы узнать подробности

      Қазақтың кемеңгер ұстазы А.Байтұрсынов өз заманында: «Елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастау керек »,-деген болатын.Осы сөз бүгін де өз құндылығын жойған жоқ, еліміздің әлемдік білім беру кеңістігіне ену мақсатындағы іс-әрекеттерінде маңызды орын алып отырғандығы баршамызға белгілі.

Просмотр содержимого документа
««еуразия » бөлімі бойынша 7 модульді ықпалдастыра отырып өткізген сабақ үлгілері»

«ЕУРАЗИЯ » БӨЛІМІ БОЙЫНША 7 МОДУЛЬДІ ЫҚПАЛДАСТЫРА ОТЫРЫП ӨТКІЗГЕН САБАҚ ҮЛГІЛЕРІ

Кенжебаева Жанна Онгарбековна

КГУ «Средняя общеобразовательная школа-комплекс №3»

Восточно-Казахстанская область, город Семей

Қазақтың кемеңгер ұстазы А.Байтұрсынов өз заманында: «Елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастау керек »,-деген болатын.Осы сөз бүгін де өз құндылығын жойған жоқ, еліміздің әлемдік білім беру кеңістігіне ену мақсатындағы іс-әрекеттерінде маңызды орын алып отырғандығы баршамызға белгілі.

Құрметті әріптестер! Сіздердің назарларыңызға Кембридждік Бағдарлама негізінде 7 модульді ықпалдастыра отырып құрастырған сабақ жоспарларын ұсынып отырмын. Деңгейлік курстардың бұрынғы курстардан көп ерекшелігі бар Осыған байланысты Кембридж университеті ғалымдарының оқыту тәсілі, яғни жеті модуль идеяларынан тұратын Білім беру мен білім алудағы жаңа бағдарлама енгізілді. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты-қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалауға көмектесу, яғни оқушыға дайын білім бермей,оны дамыта оқытып,ізденушілік-зерттеушілік әрекетінің ұйымдастырылуын, игерген білімін іс-әрекетте пайдалана алуын көздейді, ал негізгі мазмұны жеке жеті модуль түрінде берілген.

Бағдарламаның модульдері:

1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

3.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

4.Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.

5.Талантты және дарынды балаларды оқыту.

6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

7.Оқытуды басқару және көшбасшылық.

Мұнда оқушы өз бетімен ізденіп білімді алады, сыни ойлауға дағдыланады. Бала ойының еркін дамуына жағдай жасап, баланың айтайын деген ойын шектемей, «сенікі дұрыс емес» деп баспай, алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйретуді көздейді.

География пәні оқушыларды рухани жағынан өсіріп қоршаған ортаны тану, адамгершілікке тәрбиелеумен қатар оларға сапалы білім алу міндетін жүктейді.

Жеке адамды жан-жақты дамыта отырып,терең білім беруде 7 модульді ықпалдастыра отырып өткізген сабақтар баланың ойлау еркіндігін, белсенділігін, өз бетімен шешім қабылдай алуға дағдыландырады. Кембридждік білім беру Бағдарламасын басшылыққа ала отырып бірнеше сабақ үлгісі ұсынылып отыр.Мақсат-оқушыларды кез-келген тақырыпты сыни тұрғыдан қарап, өзіндік пікір айта отырып,шешім қабылдауға үйрету,мақсат қоя отырып жоғары нәтижеге жету,жоғары көрсеткіш білім деңгейін шығармашылық деңгейге жеткізу.





















Сабақ тақырыбы

Евразияның қоныстану және зерттелу тарихы


Сілтеме

География.Ә.Бейсенова,С.Әбілмәжінова,К.Каймулдинова

Мақсаты

-Оқушыларға адамдардың Еуразия жеріне қоныстануы мен зертелу тарихы,Орталық Азия жерінің зерттелуіне үлес қосқан зерттеушілер мен саяхатшылардың еңбегінің маңызын ашып көрсету.

-Оқушылардың өз бетімен іздену,топта,жұпта жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру.

-Жауапкершілікке,ұқыптылыққа,сыни тұрғыдан ойлауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

-Оқушылар Еуразия материгінің қоныстану және зерттелу тарихы жөнінде білім алады.

-Білімді өз беттерімен меңгереді.

-Жолдастарының пікірін сыйлай алады.

-Сыни ойлай алады.

Сабақтың түрі

Жаңа білімді меңгерту сабағы

Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар

Интерактивті тақта,оқулық,карталар

Әдіс-тәсілдер

Жұптық, топтық жұмыс, диалог, сын тұрғысынан ойлау, өзіндік бағалау


Сабақтың барысы

І.Ұйымдастырыу

(5мин.)

Сәлемдесу

Оқушыларды түгендеу.

Жағымды психологиялық ахуал туғызу. «Шаттық шеңбері » тренингі.

Өз еріктерімен топқа бөлу,топ басшысын сайлау.Бағалау парағына топ басшысы бағалайды.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

( 8мин.)

Әр топ үйден дайындап әкелген мұхиттар туралы презентацияларын қорғайды.


Жаңа білімді игеру

( 2 мин.)





( Оқуға 5мин.)




(2мин.)

(8мин.)




( 5мин.)

Қызығушылықты ояту.

Проблемалық сұрақ.

-Екі дүние бөлігінде орналасқан Еуразия материгі құпиялықтарға толы.Еуропа жерлері XIX ғ.зерттеліп болса да,Орталық Азия кеш зерттеле бастады?Неліктен деп ойлайсың?

-Осы сабақтан не білгіміз келеді? Бүгінгі сабағымызға мақсат қойып алайық.


Мағынаны тану

Әр топқа мәтінді оқуға бөліп беру.

1-топ Қоныстану және зерттелу тарихы

2-топ Н.М.Пржевальскийдің зерттеулері.

3-топ П.П.Семенов Тянь- Шаньский зерттеулері

4-топ Ш.Уәлиханов зерттеулері.



Жұпта және топта талқылаймыз.



Рефлекция. «Автор орындығы »

Әр топтан бір оқушы «Автор орындығында» отырып,автор болып,тақырыпты түсіндіріп береді.


«Сен маған-мен саған » ойыны.


Топтар бір-біріне сұрақ қояды.

1-топ 2-топқа, 2-топ 3-топқа, 3-топ 4-топқа,

4-топ 1-топқа сұрақ қояды.

Бекіту сұрақтары:



(5мин.)

«Ақылды үкілер» ойыны.Ауызша жауап береді.

1-кезең.Мәтінмен жұмыс

Мәтіннен жаңа ұғымдарды тауып айтады.


2-кезең. Не күтпедіңіз?

Мәтіннен өзіне сұрақ тудырған сөйлемдерді айтады.

3-кезең. Ең соңғы жаңалықтарды білесіз бе?

Өзі үшін жаңа мәліметтерді айтады.

4-кезең.Белгілі және белгісіз.

Мәтіннен бұрын таныс және таныс емес мәліметтерді табады.



Үйге тапсырма

(3мин.)

§ 16.Қоныстану және зерттелу тарихы.


Топ басшысы бағалап берген бағалау парағы негізінде оқушылардың бағасын қою.



Кері байланыс.

Сабақ ұнады ма?

Қандай әдіс-тәсілдер ұнады?

Қандай ұсынысың бар?