СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

ІІ кіші «Көгершін» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Тақырыбы: Құрақ көрпе

Нажмите, чтобы узнать подробности

ІІ кіші «Көгершін» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тақырыбы: Құрақ көрпе

Просмотр содержимого документа
«ІІ кіші «Көгершін» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Тақырыбы: Құрақ көрпе»

ІІ кіші «Көгершін» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні:13.03.18

Тәрбиеші:Жәкіш Г.А

Білім беру саласы: Шығармашылық

Пән: Жапсыру

Өтпелі тақырып: Өнер- көзі халықта

Тақырыбы: Құрақ көрпе

Мақсаттары:

1.Тәрбиелік: Құрақ туралы түсінік беру. Төзімділікке тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: Геометриялық пішін- үшбұрышты қолдана отырып, құрақ көрпе жасауды үйрету. Тілдерін дамыту.

3.Оқыту: Саусақтың ұсақ бұлышық еттерінің қозғалысын жетілідру.

Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: құрақ көрпенің суреттері

Билингвалдық компонент: төсеніш- коврик.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)

Ғажайып сәт

Топқа қуыршақ- әже қонаққа келеді.

-Балалар, сендердің әжелерің бар ма?

-Әжелерің үйде не істейді?

ІІ. Негізі бөлімі

1. Әңгімелесу

Әже: -Сәлеметсіңдер ме, балаларым?!

Мен сендердің әжелерің боламын. Алыстағы ауылдан арнайы келдім.

Тәрбиеші:

-Балалар, мен сендерге әже туралы өлең оқып берейін, тыңдандар!

Мені жақсы көреді,

Күндей күліп келеді.

Көп ертегі біледі,

Маған айтып береді.

(А.Бақтыгереева)

Әже: -Бәрекелді, қарақтарым мені бір қуанттыңдар. Мен де құралақан келген жоқпын, өздеріңе арнап құрақ көрпе әкелдім.

-Бұл не, әже?

2.Сөздік жұмысы

Құрақ- бұл қазақ халқының қолөнері. Түрлі түсті матадан қиылып, түстері бір- бірімен үйлестіре құралып жасалады, сондықтан ол құрақ деп аталады, көбінесе көрпе мен жастықтардың сырты құрақтан тігіледі. Мына сендер төсеніштерің де- құрақ.

3. Үлестірмелі материалға назарларын аударады.

-Балалар, қарандаршы, назарларын аударады.

-Әжелерінің құрағы қандай түстен тұрады екен?

-Дұрыс, жасыл, сары және қызыл түстен тұрады.

4. Саусақ жаттығуы

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Қосып едім екеуін,

Болып шықты оң саусақ.

5. Жұмыс барысы

-Ал, балалар, бізде қарап отырмайық, әжеміздің құрағы сияқты бізде құрақ жасайық.

-Үшбұрыштың түсі қандай?

Құраққа арналған матаның түсі қандай?

-Үшбұрыштар қалай орналасқан?

Үшбұрыштардан қалай құрақ құрау керектігін магнитті тақтада көрсетіледі.

-Үлгіге қарай отырып құрақ жасайық.

Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі.

ІІІ. Қорытынды (2 мин)

-Немерелерімнің бәрі маған тартқан, бәрі- шебер!- деп әже балаларға рақметін айтып, ризашылыған білдіреді. Балалармен қоштасады. Көрме ұйымдастырылады.