«Конверттегі сұрақтар» әдісі арқылы оқушылардың компьютер түрлері мен компаниялар туралы не білетінін анықтаймын.
Компьютерлердің қандай түрлерін білесіңдер? Компьютер шығаратын қандай компанияларды білесіңдер?
Бүгінгі сабақта ЭЕМ-нің даму тарихымен танысамыз
Жаңа терминдермен жұмыс: Есептеуіш техника – Вычислительная техника – Computer enqineering ЭЕМ буындары – Поколения ЭВМ – Computer generations Даму кезеңдері – Этапы развития - Development stages
Компьютердің құрылғыларына байланысты суреттер арқылы «Кіріс құралы», «Шығыс құралы» деп екі топқа бөлемін.
Жаңа сабақты меңгеру мақсатында «Джигсо» әдісі бойынша берілген тақырыпты топта талдап, топтар өзара бір-біріне түсіндіреді.
Оқушалар талдап болған барлық оқушылар бір-бірін қолдап шапалақ соғады
Оқушыларға тапсырма ұсынамын. Әрбір дұрыс жауап үшін бір компьютер суретін беріп отырамын. Топ басшысы оқушылардың ұпайын төмендегі кестеде жазып отырады 

«Сұрақ-жауап» әдісі бойынша оқушалардың тақырыпты меңгеруін тексеру мақсатында жабық сұрақтарға жауап аламын
1-тапсырма: Сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап бер.
№ | Сұрақ | Иә | Жоқ | 1 | Есептеу техникасының даму кезеңі 5 кезеңнен тұрады | | | 2 | Компьютерлік кезең XV ғасырдың 80 жылдарының ортасында дами бастады | | | 3 | Адамзат тарихында ең алғаш есептеу құралы абак – есептеу тақтасы деп аталады | | | 4 | 1647 жылы Б.Паскаль алғаш еептеу машинасының моделін жасап шықты. | | | 5 | Бэббидж машинасы топпен жұмысқа арналған | | | Дескрипторлар: Сұрақтардың дұрыс жауабын таңдайды Әрбір дұрыс жауапқа бір компьютер суретінен беріп отырамын |