Сабақтың тақырыбы: Тұлға қаңқа,Бассүйек. Иық және жамбас белдеулері, қол және аяқ сүйектері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сүйектердің құрылысы бойынша оқушылардың білімдерін бір қалыпты тиянақтау
Дамытушылық: Жаңа сабақ бойынша оқушылардың ой-өрісін, сана-сезімін, шапшаңдығын, сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік:Оқушыларды сүйектерден пайда болатын аурулар туралы таныстыра отырып, оқушыларды сол аурудың алдын алуға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, қаңқа макеті, қима қағаздар, суреттер
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесіп, оқушылардың сабаққа қатынасын
тексеріп, үй-тапсырмасын анықтау.
2.Үй –тапсырмасын сұрау: Тест
«Анализатор» түсінігін алғаш ХХ ғасырдың басында орыс ғалымы кім ұсынды?
А) И.П. Павлов В) Н. И. Пирогов С) И. М. Сеченов Д) И. И. Мечников
Шүйде аймағында қандай анализаторлар орналасқан?
А) есту В) көру С) дәм сезу Д) иіс сезу
Адам көру анализаторы арқылы қоршаған дүниеден неше % ақпарат ала алады?
А) 70 % В) 80 % С) 85% Д) 90%
Қарашықтың артқы жағында екі жағы дөңес линза тәрізді не орналасқан?
А) ақ қабық В) тамырлы қабық С) көзбұршақ Д) тор қабық
Құлақ қалқаны мен сыртқы есту жолы қай мүшеге жатады?
А) ортаңғы құлақ В) сыртқы құлақ С) ішкі құлақ Д) есту сүйекшелері
Бұл қорғаныш реакциясы, қауіппен күресуді жеделдетудің маңызды сигналы
А) ауырсыну В) сипап сезу С) тері сезімі Д) бұлшық ет сезімі
Тілдің ұшы ……….сезеді?
А) тұзды В) тәтті С) Қышқыл Д) Ащы
8.Қолдың еркін қозғалатын қаңқа сүйектер:
А) омыртқа жотасы, қабырға В) төс және жауырын С) тоқпан, білек, қол басы сүйектері
Д) ортан, асық жілік, шыбық сүйегі
9.Сүйектің неше %-ы органикалық заттардан тұрады
А) 10 В) 20 С) 60 Д) 30
10.Қысқа сүйектерді көрсет
А) омыртқа, білезік, алақан В) жіліктер С) жауырын, бас сүйек Д) барлық жауап дұрыс
11.Көз және ауыз айналасындағы бұлшық еттер, күлкі бұлшық еттер қандай бұлшық еттерге жатады?
А) тұлға В) мимикалық С) аяқ-қол Д) бас
12.Адамның қаңқасында нешеден астам сүйектер бар?
А) 300 В) 400 С)200 Д)100
13.Мидың орташа салмағы:
А) 1500-1700 г В) 1300-1400 г С) 1700-1900 г Д) 1200-1300 г
14.Есту аймағы ми сыңарларының қай бөлігінде орналасқан?
А) төбе В) Самай С) Шүйде Д) маңдай
15.Сезім мүшелеріне жататындар:
А) ауыз, тіл, ерін В)тері, ішшек, тіл С) тіс, құлақ, ауыз Д) көз, құлақ, мұрын
16.Сыртқы және ішкі тітіркенуді қабылдап, талдайтын сезімтал жүйкелер жиынтығы
А)рецептор В) синапс С) тітіркендіргіш Д)анализатор
17.Көздің қосымша мүшелері:
А) қас, кірпік, соқыр дақ В) сары дақ, соқыр дақ, қас С) жас бездері, қабақ, қарашық
Д) қабақ, кірпік, жас бездері, қас
18.Сары және соқыр дақтар көз алмасының қандай қабығында орналасқан?
А) ақ қабық В) торлы қабық С) ортаңғы қабық Д) тамырлы қабық
19.Есту сүйектеріне жатады:
А) балғашық, төс, үзеңгі В) қуыстар, иірім өзекшелері С) құлақ қалқаны, дыбыс жолы
Д) шытырман, сүйекті және жарғақты шытырман
20.Қаңқаның толық сүйектенуі қай жасқа дейін жалғасады:
А)22-25 В) 25-26 С) 21-22 Д) 18-20
Жауабы
1.А 2.В 3.Д 4. С 5. В 6. А 7. В 8.С 9.Д 10. А 11.В 12. С 13.В
14. В 15.Д 16.А 17.Д 18.В 19.А 20.А
3.Жаңа сабақ: §22-23. Қаңқа бөлімдері.
Тірек-қимыл жүйесінің маңызы. Кеңістікте қозғала алу қабілеті – тірі организмнің маңызды қасиеті. Бұл қызметті адамда екі: енжар (қаңқа) және белсенді (бұлшық еттер) бөліктен тұратын тірек қимыл – жүйесі атқарады.
Қаңқа сүйектерден және олардың байланысынан тұрады. Ол біздің денемізге тірек болып, пішінін сақтайды. Қорғаныштық және қан түзілу қызметін атқарады, зат алмасуға қатысады. Дене және аяқ – қол сүйектері иінтерек болып табылады. Ол арқылы дененің кеңістегі қимыл қозғалысы жүзеге асырылады.
Бас сүйек, кеуде қуысы, жамбас атауы маңызды мүшелерді: ми, жүрек, өкпе, асқазан, жыныс және т.б. мүшелерді қорғайды.
Түтікті сүйектің басы сүйектің қызыл кемігін, ал қуысы сүйектің сары кемігін қорғайды. Адам қаңқасы 200 – ден астам сүйектен тұрады. Әрбір сүйектің белгілі бір пішіні, мөлшері және қаңқадағы белгілі бір орны болады.
Бас қаңқасы. Бас қаңқасы – бас сүйек екі: ми және бет бөлігінен тұрады. Ми бас сүйегінің сүйектері – маңдай, шүйде, жұп самай және төбе сүйектері өзара берік байланысқан. Олар миды қорғайды. Шүйде сүйегінің үлкен тесігі бар. Бұл жерде ми мен жұлын жалғасады. Сүйектегі көптеген майда тесіктер арқылы жүйкелер мен қан тамырлары өтеді.
Бас сүйектің бет бөлігін ірі сүйектер – қозғалмайтын үстіңгі және қозғалмалы астыңғы жақ сүйектері құрайды. Жақ сүйектерінде тістер орналасқан Бұл қаңқаның бірден – бір жалаң бөлігі болып табылады. Тіс түбірі жақ жақ сүйегіндегі ұяда орналасқан, сондықтан олар берік бекиді
. 

Дене қаңқасы. Дене қаңқасына омыртқа жотасы мен кеуде қуысы жатады. Омыртқа жотасы дене бөліктерін байланыстырып, жұлынның қорғаныш қызметін, бас, қол, бүкіл дененің тірек қызметін атқарады. Омыртқа жотасының жоғары бөлігі бас сүйекпен байланысады. Омыртқа жотасының ұзындығы адам бойының ұзындығының, шамамен, 40% пайызын құрайды.
Омыртқа жотасы 33 – 34 омыртқадан тұрады. Оны мойын (7 омыртқа), арқа (12 омыртқа), бел (5), сегізкөз (сегізкөз түзетін қосыла өскен 5 омыртқа), құйымшақ (құйымшақ түзетін қосыла өскен 4-5 омыртқа) бөлімдері құрайды.

Омыртқа жотасы иілім түзеді, оның екеуінің дөңес жері – алға. Ал екеуінікі артқа бағытталған. Иілімнің болуы адамды басқа омыртқалы жануарлардан ерекшелейді және тік жүруге байланысты. Иілімдер еркін қозғалуды, тепе – теңдікті сақтауды қамтамасыз етеді. Омыртқалар арасында серпімді омыртқааралық дискілер орналасқан. Омыртқа жотасының қозғалғыштығы жақсы, оның қозғалуы үш ось айналасында жүзеге асырылады. Ол әрқайсысының денесі, омыртқа тесігін түзетін артқы доғасы бар омыртқалардан тұрады. Бірінің үстіне бірі орналасып, омыртқа тесігі жұлын орналасатын омыртқа өзегін түзеді. Доғадан өсінділер таралады, оларға бұлшық еттер бекиді.

Кеуде қуысы. Арқа омыртқалалары, қабырғалар мен төс кеуде қуысын түзеді. Адамда, әдетте, доға тәрізді иілген жалпақ 12 жұп қабырға болады. Олар артқы жағынан арқа омыртқалармен жалғасады, ал алдыңғы жағы (төменгі екі жұбын басқа) төспен байланысады. Қабырғалардың қозғалуы адамның тыныс қозғалыстарына қатысады.


Иық белдеуі екі жауырын мен екі бұғанадан тұрады. Жауырын – кеуде қуысының артқы жағында орналасқан үшбұрышты жалпақ сүйек. Бұғананың бір ұшы төстің жоғары ұшымен, екінші ұшы – жауырынмен қосылған.
Қолдың еркін қозғалатын қаңқасы үш бөлімнен: тоқпан жілік, кәрі жілік, білек және қол басы сүйектерінен тұрады. Тоқпан жілік жауырынмен қозғалмалы байланысатын иық буынын түзіп, қолмен әр түрлі қимыл жасауға мүмкіндік береді. Тоқпан жіліктің ішкі қуысы сүйек майынына толы болады.

Білек кәрі жілік және шынтақ сүйектерінен тұрады. Кәрі жілік шынтақ сүйегімен біліктің шынтақ буынында айналмалы қозғалыс жасайтындай болып байланысқан. Қол бас сүйектерінің үш бөлімін ажыратады: білезік сүйектері, алақан сүйектері және майда сүйектерден тұратын саусақ сүйектері.

Аяқ қаңқасы (жамбас белдеуі) омыртқа жотасының сегізкөз бөлімінен және екі жамбас сүйегінен тұрады. Жамбас сүйектері мен сегізкөз омыртқа бағанасын, яғни бүкіл дене сүйенетін тірек түзеді. Жамбас белдеуіне аяқтың еркін қозғалатын сүйектері мен бұлшық еттер жалғасады. Жамбас белдеуі олар үшін тірек болып табылады және олардың қозғалуына қатысады. Жамбас белдеуі ішкі мүшелерді қорғайды және оларды ұстап тұрады
. 
Аяқтың еркін қозғалатын сүйектеріне ортан жілік, асықты жілік, шыбық сүйегі және майда 26 сүйектен тұратын толарсақ (тілерсек), табан және бақай сүйектері жатады.
Тік жүруге байланысты адамның аяқ басы жүрісті қамтамасыз ететін күмбез тәріздіпішінге ие болады.

Сабағымызды ары қарай сайыс түрінде өтеміз. Сыныпты А тобы, Б тобы деп екі тоқа бөлеміз.
Сайысымыздың кезеңдері:
1.Деңгейлік тапсырмалар
2. Биологиялық диктант
3.Шыңға шығу ойыны
4.Сүйек бөлімдерін атау
5.Топтастыру кезеңдері
1-кезең. Деңгейлік тапсырмалар

1-кезең. Деңгейлік тапсырмалар

2- кезең. Биологиялық диктант
А тобы
1.Омыртқа жотасы . . . . . . . . түзеді, оның екуінің дөңес жері- . . . . . . . ал екеуінікі
. . . . . . . бағытталған.
2. Жауырын – . . . . . . . . қуысының артқы жағында орналасқан үшбұрышты . . . . . . . . . . . .
3. Қабырғаларартқы жағынан арқа . . . . . . . . . .жалғасады, ал алдыңғы жағы . . . . . . . . байланысады.
4.Аяқ қаңқасы омыртқа жотасының .. . . . . . . . . . бөлімінен және екі . . . . . . . сүйегінен тұрады.
5. Бұғананың бір ұшы . . . . . . . . . . жоғары ұшымен, екінші ұшы – . . . . . . . . . . қосылған.
2- кезең. Биологиялық диктант
Б тобы
1.Жамбас белдеуіне аяқтың еркін қозғалатын . . . . . . . . . мен . . . . . . . . . . . . . . жалғасады.
2. Сүйектегі көптеген майда тесіктер арқылы . . . . . . . . . мен . . . . . . . . . . . . . . өтеді.
3. Тоқпан жілік . . . . . . . . . . . . қозғалмалы байланысатын . . . . . . буынын түзеді
4.Шүйде сүйегінің үлкен тесігінде . . . . . . . мен. . . . . . . . . жалғасады.
5. Аяқ қаңқасы омыртқа жотасының … … және екі … … тұрады.
3-кезең. Шыңға шығу ойыны
А тобы
Иық белдеуін түзетін сүйектер (бұғана, жауырын)
Сүйек қандай ұлпаға жатады? (дәнекер)
Қаңқа мен бұлшық еттен құралған жүйе. (тірек-қимыл)
Сегізкөз неше омыртқадан тұрады? (5)
Адамда неше қабырға болады? (12 жұп)
Қолбасы сүйектері нешеге бөлінеді? (білезік, алақан, майда сүйектері)
Омыртқа жотасының саны?( 33-34)
Сүйектің сырты немен қапталған? (сүйек қабық)
Адам қаңқасы неше сүйектен тұрады? (200 жүзден астам)
3-кезең. Шыңға шығу ойыны
Б тобы
Мойын омыртқасы нешеу (7)
Адам қаңқасы нешеге бөлінеді?(бас сүйек, тұлға, аяқ-қол)
Бас сүйектің бет бөлігін қандай сүйектер құрайды?(қозғалмалы үстіңгі жақ және қозғалмалы астыңғы жақ сүйектер құрайды)
Толарсақ неше сүйектен тұрады?( майда 26 сүйек)
Қаңқа қандай қызымет атқарады?(денемізге тірек болып, пішінін сақтайды, қорғаныштық және қан түзілу қызметін атқарады, зат алмасуға қатысады)
Омыртқа жотасының бірінші омыртқасы (атланта)
Омыртқа жотасының ұзындығы адам бойының неше пайызын құрайды?(40%)
Кеуде қуысында қандай мүшелер болады?(жүрек, өкпе, кеңірдек, өңеш, қан тамырлары, лимфа жолдары және жүйке талшықтары).
Кеуде қуысына қандай сүйектер жатады? (төстік, қабырға, омыртқа)
4-кезең. КӨРЕЙІК ТЕ, БІЛЕЙІК. Сүйек бөліктерін табу


4-кезең. КӨРЕЙІК ТЕ, БІЛЕЙІК. Сүйек бөліктерін табу
Б тобы


4-кезең. Топтастыру стратегиясы
4-кезең. Топтастыру стратегиясы

Сабағымызды қорытындылай келсек, біз бүгінгі сабағымызда адам қаңқасымен таныстық балалар! Адам тепе-теңдікті ұстамағанда скалиоз ауырына әкеп соқтырады екен, оданда басқа омыртқа жотасының арасына ет өсіп кетуі ауыруға әкеп соқтырады. Осындай т.б. ауыруларды емдеу үшін біздің елімізде де арнайы жабдықталған құралдар дамып келеді. Тіпті өзіміздің Ақтау қаласындада ултракүлгін сәулелер арқылы омыртқа жотасының арасына өскен етті алып тастайды.Жаңаөзен қаласының ортасында орналасқан тубуркулез ауруханасы казіргі таңда қаламыздың отыз шақырым батысына елсіз ауасы таза жерге ауыстырып шетке салынуыуы, тубуркулез ауруының азаюына көп септігін тигізеді. Бұл ауру асқынып кеткен жағдайда сүйекке түсіп рак ауруына айналуы мүмкін. Осындай апараттардың пайда болуы, ауруханалардың салынуы, мұның барлығы келешек ұрпақ мына сендер үшін тәелсіз мемлекетіміздің қамқорлығы.
Бағалау : Топтық бағалау жүргізеді.
Сабақтан алған білімдерін ай белгілермен бағалайды.
Толық ай – сабақты толық түсіндім;
Жарты ай - мен жартылай түсіндім;
Жаңа ай – менің түсінбегенім басымдау болды.
Үйге тапсырма: Қаңқа бөлімдері. (Реферат жазу, сурет салу)
2.Үй –тапсырмасын сұрау: Тест
1. «Анализатор» түсінігін алғаш ХХ ғасырдың басында орыс ғалымы кім ұсынды?
А) И.П. Павлов В) Н. И. Пирогов С) И. М. Сеченов Д) И. И. Мечников
2. Шүйде аймағында қандай анализаторлар орналасқан?
А) есту В) көру С) дәм сезу Д) иіс сезу
3.Адам көру анализаторы арқылы қоршаған дүниеден неше % ақпарат ала алады?
А) 70 % В) 80 % С) 85% Д) 90%
4. Қарашықтың артқы жағында екі жағы дөңес линза тәрізді не орналасқан?
А) ақ қабық В) тамырлы қабық С) көзбұршақ Д) тор қабық
5.Құлақ қалқаны мен сыртқы есту жолы қай мүшеге жатады?
А) ортаңғы құлақ В) сыртқы құлақ С) ішкі құлақ Д) есту сүйекшелері
6.Бұл қорғаныш реакциясы, қауіппен күресуді жеделдетудің маңызды сигналы
А) ауырсыну В) сипап сезу С) тері сезімі Д) бұлшық ет сезімі
7.Тілдің ұшы ……….сезеді?
А) тұзды В) тәтті С) Қышқыл Д) Ащы
8.Қолдың еркін қозғалатын қаңқа сүйектер:
А) омыртқа жотасы, қабырға В) төс және жауырын С) тоқпан, білек, қол басы сүйектері
Д) ортан, асық жілік, шыбық сүйегі
9.Сүйектің неше %-ы органикалық заттардан тұрады
А) 10 В) 20 С) 60 Д) 30
10.Қысқа сүйектерді көрсет
А) омыртқа, білезік, алақан В) жіліктер С) жауырын, бас сүйек Д) барлық жауап дұрыс
11.Көз және ауыз айналасындағы бұлшық еттер, күлкі бұлшық еттер қандай бұлшық еттерге жатады?
А) тұлға В) мимикалық С) аяқ-қол Д) бас
12.Адамның қаңқасында нешеден астам сүйектер бар?
А) 300 В) 400 С)200 Д)100
13.Мидың орташа салмағы:
А) 1500-1700 г В) 1300-1400 г С) 1700-1900 г Д) 1200-1300 г
14.Есту аймағы ми сыңарларының қай бөлігінде орналасқан?
А) төбе В) Самай С) Шүйде Д) маңдай
15.Сезім мүшелеріне жататындар:
А) ауыз, тіл, ерін В)тері, ішшек, тіл С) тіс, құлақ, ауыз Д) көз, құлақ, мұрын
16.Сыртқы және ішкі тітіркенуді қабылдап, талдайтын сезімтал жүйкелер жиынтығы
А)рецептор В) синапс С) тітіркендіргіш Д)анализатор
17.Көздің қосымша мүшелері:
А) қас, кірпік, соқыр дақ В) сары дақ, соқыр дақ, қас С) жас бездері, қабақ, қарашық
Д) қабақ, кірпік, жас бездері, қас
18.Сары және соқыр дақтар көз алмасының қандай қабығында орналасқан?
А) ақ қабық В) торлы қабық С) ортаңғы қабық Д) тамырлы қабық
19.Есту сүйектеріне жатады:
А) балғашық, төс, үзеңгі В) қуыстар, иірім өзекшелері С) құлақ қалқаны, дыбыс жолы
Д) шытырман, сүйекті және жарғақты шытырман
20.Қаңқаның толық сүйектенуі қай жасқа дейін жалғасады:
А)22-25 В) 25-26 С) 21-22 Д) 18-20