
Кіріспе: Армысыздар, құрметті қонақтар, ардагер ұстаздар және ауыл ақсақалдары! Бүгінгі «Қарттарым асыл қазынам» атты концертімізге қош келдіңіздер!
Дүниеге келер бір рет,
Дария кеуде тау мүсін.
Құрыштан құйған құдірет,
Қарттарым аман-саумысың!?
Өздерің жүрсең қасымда,
Ел іші жомарт еңселі.
Дән иісі жүрген қанында,
Даламның бір бөлшегі.
Бүгінгі ауыл ардагерлерімен кездесудің ашылу рәсімінің алғы сөзін: ауыл әкімі- Қайсар Күнтуғанұлына береміз. Келесі сөз кезегі мектебіміздің директоры –Асқар Ануарбекұлына беріледі.
Жүргізуші: Бүгінгі бас қосуымыздың үлкендерге ізет, қарияларға құрмер, еңбек адамына деген ілтипат. «Үй алдында төбең болса, ерттеулі тұрған атпен тең, ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең» дегендей ақыл айтып өнегелі сөз сөйлейтіндей қарттарымыз құдайға шүкірлік –баршылық. «Ақсақалы бар ауыл адаспайды» дей отыра келесі орындалар әнді қабыл алыңыздар.
Ән. Асем мен Айгерімнің орындауында “Әке-ана” әнін қабыл алыңыздар
Жүргізуші: Сақалыңнан айналдым қарт бабалар,
Ұрпағыңа не айтарсың артта қалар?
О, тірі шежірелер,қалдырыңдар,
Қанеки, нелерің бар салтқа жарар, - деп Мұқағали Мақатаев жырлағандай аға ұрпақ өнегесі - өткен XX ғасырдың рухани мұрасы. Бүгінгі буын осы жүзжылдықта өмір сүріп, елімізді өркениетке жеткізер ұлы жолдағы жасампаз ұрпақ. Құрметті ардагерлер, келесі ән шашу сіздерге арналады.
Ән. Жанельдің орындауында “Анашым қартаймашы ” әнін қабыл алыңыздар
Жүргізуші: Ұрпақтарға үйрету –шарт бүгінгі,
Кең пейілді үйренген кең даладан.
Өнегелі,өрелі қарт бүгінгі,....
Ендігі кезек әнге беріледі.
Ән. Заринаның орындауында “Қос бәйтерек” әнін қабыл алыңыздар
Жүргізуші: Ұрпағым деп ұл өсірген атам- ай,
Сізді ойласам терең ойға батам-ай.
Балаларым сендер аман болшы деп,
Ақ тілеумен беретұғын батаң – ай.
Ән. Ақботаның орындауында «Әжемнің шайы» әнін қабыл алыңыздыр
Жүргізуші:Бойына бар сұлулық жиылғандай,
Мүсінің ақ мәрмәрдан құрылғандай,
Жарқ етіп шыға келген ел алдында
Биші қыздар ғажап еді,биің қандай!
Би «Өзбек биі»орындайтын «Қыздарай »тобы
Жүргізуші:Балғың сол кездегі достар қайда
Қалжыны көп,әрқашан тілі майда
Достар едік,дос едік бәріміз,
Бәрімізге жеттіғой кәрілік-Рашидтың орындауында
Ән «Ақ бантик » орындайтын Айгерім Бақытбекқызы
Жүргізуші:Көп жасаған қария,ақыл теңіз-дария,
Көп өнеге сөзі бар,сөзі соқпақ,өзі нәр.
Ата салты ардақты,әрбір сөзі салмақты
Сол сөздерді құп алсақ,тістерсің бір күн бармақты.
Ән. «Әнім сен едің » орындайтындар Айгерім Ерланқызы
Жүргізуші:Құлақтан кіріп,бойды алар,
Жақсы әнмен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,әнді сүйсең,
Менше сүй-демекші кезкті әнге берейік.
Ән. «Асыл әжем » орындайтындар Октябрь Айдана
Жүргізуші: Арсыз күлкің тыйылмас,жылауың да
Айтсың да басылмас,жылауың да
Ағайын араздасып кетер еді
Бір қария болмаса бір ауылда.
Әсемнің орындауында «Ақ бантик» әнін қабыл алыңыздар
Жүргізуші: Әжем менің мейрімді,сыйлайды үлкен кішілер,
Әжеге деген пейліңді,әжесі барлар түсінер
Ақжаулықты әжемді ай жүзіне теңедім
Мейірімі таусылмас күн нұрына теңедім
Би Ажар мен Салтанат орындауында «Ақ кербез» биі
Жүргізуші:Құрметті қариялар,
Түндеріңіз тыныш болсын
Үйлерініз ырысқа толсын,
Келіңдеріңіз есті болсын
Ұлдарыңыз сесті болсын.
Жүргізуші: Балаларыныз құаныш әкелсін
Немерелеріңіз жұбаныш әкелсін
Орындарыныз топ болсын
Дастархандарыңыз мол болсын!
Қатарларыңыз көп болсын
Уайым-қайғыларыңыз жоқ болсын
Елде бірлік болсын
Жарасты тірлік болсын!
Осымен «Қарттарым асыл қазынам» атты мерекелік концертіміз аяқталды көңіл бөліп,тыңдағандарыңызға рахмет.