СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

ҚГМ бағытта жұмыс жасайтын мұғалімдерге

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жалпы орта білім беретін мектептің жоғары деңгейіндегі «Қазақ тілі» пәнінде осы уақытқа дейін алған білімдеріне сүйене отырып, оқушының сөз мәдениетін қарым-қатынас түрлеріне қарай және шешендікпен тығыз байланыста меңгеруіне, пікірталас түрлері мен тәсілдерін игерту арқылы олардың сөйлеу шеберлігіне қажетті біліктілік деңгейлерін жетілдіруге басымдылық беріледі.

«Қазақ тілі» пәнінің жаңа білім мазмұнында тілдің прагматикалық қызметі қоғамдық-әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі және шешендік үрдістегі рөлін танытуға бағытталған материалдар негізінде түсіндіріледі. Бұл ана тілінің қоғамдық сұраным негізінде жаңаша оқытылуын қамтамасыз етуде маңызды орын алады.

Сөз мәдениетін меңгертуде басты міндеттердің бірі оқушының бойында ұлттық ділді қалыптастыру болып саналады. Өйткені сөз сөйлеуді өнер тұтқан халқымыздың барлық ой-түйіндері оның шынайы халықтық болмысымен тікелей байланысты. Ал, ұлттық ділге қажет болып отырған нәрсе – Текті адам идеясы. Конфуцийдің пайымдауынша, текті адам – тек қана этникалық ұғым емес, ол сонымен қатар саяси-мәдени ұғым. Мұнда әдептілік қасиеттер шешуші рөл атқарады. Текті адамды, текті әулетті қалыптастыру – ізгілікті қоғамның басты міндеті, ол ұлттық ділдің алтын қазығы. Ал тектіліктің бір белгісі – оның сөйлеу мәдениеті.

Просмотр содержимого документа
«ҚГМ бағытта жұмыс жасайтын мұғалімдерге»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ











ҚАЗАҚ ТІЛІ


ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ



10-11 сыныптар


қоғамдық-гуманитарлық бағыт

















Астана

2010

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ










ҚАЗАҚ ТІЛІ



оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін

мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы

10-11 сыныптарына арналған


ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ























Астана

2010

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09.07.2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген



Бағдарлама авторлары: Қосымова Г.С., Түймебаев Ж.Қ.,

Дәулетбекова Ж.Т., Мадиева А.Т.



Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған «Қазақ тілі» оқу бағдарламасы. – Астана, 2010. – 37 б.













© Ы.Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім беру академиясы, 2010

І.ТҮСІНІК ХАТ


Жалпы орта білім беретін мектептің жоғары деңгейіндегі «Қазақ тілі» пәнінде осы уақытқа дейін алған білімдеріне сүйене отырып, оқушының сөз мәдениетін қарым-қатынас түрлеріне қарай және шешендікпен тығыз байланыста меңгеруіне, пікірталас түрлері мен тәсілдерін игерту арқылы олардың сөйлеу шеберлігіне қажетті біліктілік деңгейлерін жетілдіруге басымдылық беріледі.

«Қазақ тілі» пәнінің жаңа білім мазмұнында тілдің прагматикалық қызметі қоғамдық-әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі және шешендік үрдістегі рөлін танытуға бағытталған материалдар негізінде түсіндіріледі. Бұл ана тілінің қоғамдық сұраным негізінде жаңаша оқытылуын қамтамасыз етуде маңызды орын алады.

Сөз мәдениетін меңгертуде басты міндеттердің бірі оқушының бойында ұлттық ділді қалыптастыру болып саналады. Өйткені сөз сөйлеуді өнер тұтқан халқымыздың барлық ой-түйіндері оның шынайы халықтық болмысымен тікелей байланысты. Ал, ұлттық ділге қажет болып отырған нәрсе – Текті адам идеясы. Конфуцийдің пайымдауынша, текті адам – тек қана этникалық ұғым емес, ол сонымен қатар саяси-мәдени ұғым. Мұнда әдептілік қасиеттер шешуші рөл атқарады. Текті адамды, текті әулетті қалыптастыру – ізгілікті қоғамның басты міндеті, ол ұлттық ділдің алтын қазығы. Ал тектіліктің бір белгісі – оның сөйлеу мәдениеті.

Ұлттық ділді түсінуге жол ашатын идеялар:

  • адам – ең жоғарғы құндылық;

  • жеке адам қоғам дамуының мүмкіндіктерін жүзеге асырушы тұлға, сондықтан барлық әлеуметтік және әдептілік (этикалық) қатынастарды жетілдіру керек;

  • нарықтық экономика әр адамның іскерлік, әрекеттілік, тапқырлық, ізденімпаздық, білімділік және ойлау өресінің биіктігін қажет етеді;

  • рух бостандығы – адам табиғатының негізгі қасиеті. Ұлттық ділдің бастауы – тарих, осы арқылы оны күшейту бүгінгі күннің мұраты;

  • қоғамдық-саяси, философиялық, құқықтық ой-пікірдің дамуын біртұтас мағыналық ұлттық діл дәрежесінде зерттеп, мәдениеттану, әлеуметтану, саясаттану бағыттарында оны ұғыну және тұжырым жасау кең де ауқымды ақиқатты тануға қол жеткізеді.

10-11 сыныптарында «Қазақ тілі» пәні «Сөз мәдениеті» бойынша оқытылады. Сөз мәдениеті оқушының өзіндік көзқарасының қалыптасуына, сол көзқарасы мен жеке ой-тұжырымдарын барлық уақытта мәдениетті жеткізе алуына, өмір жағдаяттарында өзіндік пайымдауларын шеберлікпен айта алуына негізделеді. Сөз мәдениетіне қойылатын талаптар оқушының терең мазмұнды, жүйелі, дәйекті, мәнді сөйлей алу қабілетін ашу міндеттерімен ұштасады.

10-11-сыныптарда ана тілі ретінде оқытылатын қазақ тілі пәні оқушының әдеби тіл нормасы негізінде сөйлеу мәдениетін жетілдіруге көмектеседі, сөз мәдениеті талаптарын меңгертеді, пікірталас мәдениетіне төселдіреді. Көпшілік алдында сөйлеуге қойылатын талаптар оқушының терең мазмұнды, жүйелі, дәйекті сөйлей алу қабілетін ашу міндеттерімен ұштасады.

Қазіргі қоғамдағы бәсекелестікке бейім адамды тәрбиелеудің өзегі саналатын тілдесім әрекеті оқушының жеке тұлға ретіндегі әр түрлі қабілеттерінің жетілуінің басты факторы екендігін танытады. Мәдениетті сөйлеуге төселген адам ғана бүгінгі бәсекелі заманда қоғамда өз орнын таба білетінін, жұртпен бірлесіп жұмыс істей алатынын, жеке Тұлға ретінде көпшілікті игі істерге жұмылдыра алатынына көз жеткізеді. Мұнда жеке тұлғаның қарым-қатынас мәдениетіне, көпшілік ортасында өзін-өзі ұстау әдебіне, пікірталас түріне лайық сөйлеу мәнеріне, көркем тәсілдер мен бейнелі сөз орамдарын дұрыс қолдана білуге төселдіруге назар аударылады.

Қазіргі өзгермелі дүние жағдайында адамдармен тіл табыса жұмыс істеуге төселдіретін, қоғамдағы бәсекелестікке бейім адамды тәрбиелеудің өзегі саналатын қатысымдық әрекет – оқушының жеке тұлға ретіндегі әр түрлі қабілеттерінің жетілуінің басты факторы. Мұнда оқушының қарым-қатынас мәдениетіне, көпшілік ортасында өзін-өзі ұстау әдебіне, сөйлеу мәнеріне, этикеттік орамдарды дұрыс қолдана білуге дағдыландыруға назар аударылады.

Жалпы орта білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытында «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – тілдік сезімі және шешен сөйлеу мәдениеті қалыптасқан, сөз сапалары мен шешендік стильдің тілдік белгілерін меңгерген, өзіндік көзқарасы мен ой тұжырымдарын қатысымдық нормаларға сай жеткізе алатын, қоғамдық сала бойынша ғылыми-зерттеу қабілеті дамыған, өзгермелі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті дара тұлғаның қалыптасуына мүмкіндік жасау.

Осы мақсатқа сай «Қазақ тілі» пәні танымдық-практикалық бағыттағы төмендегідей міндеттерді жүзеге асырады:

  • тілдің жалпы адамзаттық құндылық ретіндегі рөлін түсіндіру;

  • тілдің кәсіби мамандықты игерудегі мәнін таныту;

  • сөз мәдениетінің сатыларын таныту, талаптарын меңгерту;

  • тілдің эстетикалық табиғатын таныту;

  • сөйлесімге қатысты сөз мәдениеті дағдыларын жетілдіру;

  • жаңа тілдік жағдаяттарда қарым-қатынас жасауға дағдыландыру;

  • стиль түрлеріне сай тілдік талғамдарын жетілдіру;

  • жұрт алдында сөйлеуге төселдіру, көпшілік алдында сөйленетін

сөздің құрылымын меңгерту;

  • шешендік өнердің мәні мен тарихы туралы мағлұмат беру;

  • шешендік сөздің тектері мен түрлері, олардың өзіндік ерекшеліктері жөнінде ұғым қалыптастыру;

  • шешен сөйлеуге төсемді әлеуметтік-тілдік дағдыларын қалыптастыру, көркем сөз нормаларын меңгерту.

Бұл міндеттердің жүзеге асырылуы тілдік білімнің әрі оқушының өміртанымының қалыптасуына, әрі тілдік қабілеті мен сөйлесім құзіретінің жетілуіне негіз қалайды. Пәнді оқытуға тірек етіп алынған танымдық және практикалық бағыттардың нақтылануы тіл арқылы оқушының логикалық ойлауын дамытуға, тілдік-эстетикалық талғамдарын жетілдіруге, қатысымдық іскерліктерінің шыңдалуына ықпал етеді. Сол себепті «Қазақ тілінің» жаңа білім мазмұнын меңгертудің функционалдық-прагматикалық және қатысымдық-әрекеттік аспектілерін күшейтуге басымдылық беріліп отыр.

Сонымен, 10,11-сыныптардағы қазақ тілінің бағдарламасында негізінен, тілдің танымдық, коммуникативтік, кумулятивтік, экспрессивтік т.б. қызметтерін қатар әрі өзара бірлікте меңгерту көзделді. Білім мазмұнын анықтауда, оқу материалдары жүйелілік, коммуникативтік, белсенділік, практикалық бағыттылық, тіл қызметтерін біртұтастықта меңгерту, теория мен практиканы өзара байланысты меңгерту, қоғамдық қажеттікті ескеру, интеграция т.б. ұстанымдар басшылыққа алынды.

Оқытудың, білім берудің нәтижесі ретінде оқушының сөз мәдениеті деңгейін көтере отырып, жеке тұлғалық мәдениетін қалыптастыру көзделді. Бұл орайда білім берудің нәтижесі ретінде оқушының сөз мәдениеті деңгейін көтере отырып, жеке тұлғалық мәдениетін қалыптастыру көзделді.

Жалпы орта мектепте оқытылатын «Қазақ тілі» пәнінің білім мазмұнын қамтитын тілдік материалдар мынадай дидактикалық ұстанымдар негізінде сұрыпталды:

  • білім мазмұнын қоғамдық-әлеуметтік сұранысқа бейімдеу;

  • білім нәтижелерін құзіреттілікке бағыттау;

  • білімді дара тұлғаға бағдарлау (бейімдеу, дамыту, психологиялық үйлесімділік, өмірлік қажеттілік);

  • тілдік білімді функционалдық тұрғыдан сұрыптау;

  • этнолингвистикалық және этномәдени ерекшеліктерді ескеру;

  • оқушыны әлеуметтендіру ұстанымы;

  • пәнаралық байланысты сақтау;

  • әрекетшілдік-бағдарлылық ұстанымы (сөйлеу мәдениетіне үйрету, оқу жағдаятындағы әрекеттен өмірлік жағдаяттық әрекетке көшу, оқу-танымдық әрекеттен оқушының өзіндік әрекетіне көшу, креативті немесе шығармашылық пен біліктілікке мүдделілігінің негіздерін қалыптастыру);

  • мәдени-бағдарлылық ұстанымы (әлемнің бейнесі, әлемге мәндік көзқарас, білім мазмұнының тұтастығы, жүйелілігі; тілді, мәдениетті ұлттық, адамзаттық құндылық ретінде таныту).


Пән бойынша оқу жүктемесі

Жалпы орта мектепте білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес қазақ тілінде оқытатын мектептің 10-11 сыныптарындағы «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі оқу бағдарына байланысты:

а) қоғамдық-гуманитарлық бағдар:

10-сынып - аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;

11-сынып - аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.

ә) жаратылыстану-математикалық бағдар:

10-сынып - аптасына 1 сағат, оқу жылында –34 сағат;

11-сынып - аптасына 1 сағат, оқу жылында –34 сағат.

Оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі

Пәнді оқытудың вариативті бөлігі оқушылардың тілдік біліктілігін одан әрі жетілдіре түсу мақсатында пайдаланылады. Білім алушылардың тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың сөйлеу мәдениетінің ерекшеліктеріне сай сөйлесім дағдыларын жетілдіру, пікірталас әдебін меңгерту мақсатында арнайы сабақтар ұйымдастырылады. Мәселен: вариативті бөлімде қазақ тілінен ұсынылатын қосымша мағлұматтар төмендегідей үлгі-тақырыптар негізінде оқытылады:

10- сыныпта: «Стиль және сөз бедері», «Этнолингвистикалық атаулар сыры» «Сөз мәдениеті негіздері», «Ауызша тіл мәдениеті», «Жазбаша тіл мәдениеті»;

11-сыныпта: «Шешендіктану тарихы», «Шешендік – өнер».

II. «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ПӘНІ БОЙЫНША БІЛІМ МАЗМҰНЫ

10-сынып

Cөз мәдениеті

Кіріспе.Тіл – рухани қазына. Сөз мәдениеті. Адам өміріндегі сөз мәдениетінің рөлі. Сөз – адам болмысының айнасы, өмірлік әрекетінің негізгі құралы. Сөз мәдениеті пәніне қатысты ұғымдар. (1 сағат)


І. Тіл – жалпы адамзаттық құндылық. Тіл – этностың рухани мәдениетін жасаудың; дүниені тануының, өзін-өзі сақтауының құралы. Тілдегі эстетикалық, логикалық таным іздері. Лингвоэкология ұғымының пайда болуының шарттары. Этномәдени лексика. Тілдердің әлемдік қарым- қатынастағы орнына қарай жіктелу. Тіл - ұлттық қауіпсіздіктің кепілі (2 сағат)

ІІ. Қазақ тілі қандай тіл? (10 сағат)

Қазақ тілі –түпкі түрін сақтаған байырғы тіл. Қазақ тілі-көне түтік, орта түрік, жаңа түрік дәуірлері. Жазба мұралардағы әріп таңбаларының қолданылуы.

Ескі қазақ жазба тілі. Ескі қазақ жазба тілінің қалыптасуы. Араб әліпьиі негізіндегі ескі жазба тіл. Қазақ хандығынан бастап XX ғасырдың басына дейінгі аралықтағы ескі жазба тілдің қолданылуы. Ескі қазақ жазба тілінің қазақ қоғамы үшін маңызы. Жазба тілінің үш элементі. Ескі жазба тілдің әлеуметтік мәні.

Төте жазу. Жазу – сызуды демократияландырудағы А. Байтұрсынұлының реформасы. Тұңғыш қазақ әліпбиі. Жаңа жазу- халықтық тілді қолданудың жүйесі. Тілдің заңдастырылған жазу нормалары. Төте жазудың халықтық,әлемдік деңгейде бағалануы. Төте жазудың кеңестік кезеңдегі тағдыры. Қазақ тілінде пайдаланылған алфавиттер.

Қазақ тілі - кемелденгген тіл. Тіл кемелдігіне тән объективтік белгілердің қазақ тілінің құрылымдық жүйесінің табылуы. Тілдің грамматикалық дамуының көрсеткіштері. Сөз байлығы-тіл дамуының басты белгісі. Шешендік (бейтарап, кітаби, сөйлеу тілі )жүйе- кемелденген тілдің белгісі. Тілдің дамуындағы қазақ этносының қалыптасу тарихының рөлі.

Қазақ тілі - қазақ халқының ұлттық тілі. Ұлттық тілге тән белгілер. Қазақ тілі – ұлт тұтастығын нығайтудың кепілі. Қазақ тілінің әлеуметтік мүмкіндіктері. Жалпыхалықтық тілдің ең жоғарғы формасы - әдеби тіл. Әдеби тілге нәр беретін қайнар көздер. Әдеби тілдің қалыптасуы мен дамуындағы сөз зергерлерінің орны. Қоғам дамуындағы тілдің қызметі, тіл мен қоғам дамуының өзара әсері.

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін бекітетін құжаттар. Мемлекеттік тілдің қызмет етуінің алғышарттары,сыртқы және ішкі факторлар. Мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметі. Мемлекеттік тілдің өз қызметін толық атқаруының шарттары. Олардың тіл мәдениетін арттырудағы мәні.

ІІІ.Әдеби тілдің стильдік тармақтары және олардың айырым белгілері. (14 сағат)

Сөйлеу тілі мен кітаби тіл туралы түсінік. Қазақ әдеби тілінің белгілері. Әдеби тілдің стильдік тармақтары. Кітаби тілдің ерекшеліктері, ауызша және жазбаша түрлері. Кітаби тіл мен сөйлеу тілінің ортақ белгілері. «Заңдастырылған нормалар».

Сөйлеу тілі және оның айырым белгілері. Сөйлеу тілінің қолданылатын орындары. Сөйлеу тілінің мақсаты. Сөйлеу тілінің лексикалық ерекшеліктері. Сөйлеу тілінің фонетикалық–морфологиялық ерекшеліктері, синтаксистік ерекшеліктері.

Кітаби тіл және оның айырым белгілері.Кітаби тілдің өзіндік белгілері. Кітаби тілдің стильдік тармақтары. Монологтың түрлері: сипаттау,баяндау,пайымдау олардағы кітаби тілдің қолданылу сипаты.

Көркем әдебиет стилі. Көркем әдебиет стилінің қолданылатын орны, қарым- қатынас мақсаты, стильдік сипаты, тілдік амал- тәсілдері. Көркем шығарма жанрларының тілдік ерекшеліктері. Жеке суреткердің стильдік қолтаңбасы.

Публицистикалық стиль. Публицистикалық стильдің қолданылатын орны, қарым- қатынас мақсаты,стильдік сипаты, тілдік амал тәсілдері. Публицтистикалық шығармалардың тілдік белгілері.

Ресми іс қағаздар стилі. Ресми іс қағаздар стилінің қолданылатын орны, қарым- қатынас мақсаты, стильдік сипаты, тілдік амал тәсілдері. Іс қағаздарының тілдік ерекшеліктері.

Ғылыми стиль. Ғылыми стильдің негіздік белгілері: қолданылатын орны, қарым- қатынас мақсаты, стильдік сипаты, тілдік амал- тәсілдері.Ғылыми еңбектердің тілдік ерекшеліктері.

Кітаби тілдің жазбаша және ауызша нормалары. Орфографиялық нормалар. Фонетикалық қағидат. Тарихи – дәстүрлік қағидат. Айырым қағидаты. Орфоэпиялық нормалар:сөз үндестігі, сөз екпіні, интонациялық құрылымдар. Орфоэпиялық нормалардың орнығуының алғы шарттары.


ІҮ. Әдеби тіл нормалары. (8 сағат)

Тілдік жүйе және норма. Тілдік норманың анықтамасы. Әдеби тілдің «заңдастырылған» нормасы. Тілдік норма-әдеби тілдің ең маңызды элементі. Тілдік норма мен тілдік жүйенің өзара байланысы.

Тілдік норма және дағды. Тілдік жүйе мен тілдік дағдының өзара үйлесімі мен қайшылықтары. Тілдік жүйе мен тілдік дағдының тілдік нормаға айналуы. Объективті нормаға тән қасиеттер.

Қатаң норма.Қатаң норманың тіл жүйесімен бұлжымас бірлігі. Қатаң норманың қалыптасуы. Фонетикалық, лексикалық қатаң нормалар.

Босаң норма. Босаң нормалардың қолданылуының себептері. Босаң норма –тілдің түлеуінің көрінісі. Босаң нормалардың тіл мәдениетіне қатысы. Аналитизм құбылысының артықшылығы мен кемшілігі.

Тілдік норма және стиль. Вариант сөздердің тіл нормасымен қатысы. Жарыспалы қолданыстардың стильдік реңктері. Терминдер мен терминдік ыңғайдағы сөздердің экспрессиялық баламалары, олардың тілдегі рөлі.

Тілдік норма және жаңа қолданыстар. Әдеби тіл нормасының өзіндік ерекшеліктері. Тілде жаңа қолданыстардың туу үрдісі, олардың қоғамда қабылдануы. Жарыспалы сөздерді саралап қолдану шарттарының сөз мәдениеті мен байланысы.

Ү.Сөз сапасы. (14 сағат).

Сөз сапасы туралы түсінік. Сөз сапасы ұғымы. Сөз сапасының тілдік емес шарттары. Сөйлеуші мен тыңдаушының арасындағы тілдік қарым- қатынасқа әсер ететін әлеуметтік факторлар. Тыңдаушының бағдарын (позициясын) ескеру және ойлау мәдениеті, сөз даралығына ұмтылыс. Сөз сапасына әсер ететін тілдік шарттар. Әдеби тіл нормасын сақтау, сөздерді талғап, саралап, «таза» қолдану. Сөз сапасына кері әсер ететін қолданыстар.

Сөз дұрыстығы. Сөз дұрыстығы ұғымы. Сөздің, Грамматикалық тұлғалардың, сөйлемнің орынды жұмсалуы. Сөздің рөлі. Ұғымды,заттарды, құбылыстарды бейнелеп айту тәсілдері.

Сөз байлығы. Сөз оралымдығының бір шарты – сөз байлығы. Сөз қайталаудың сөз сапасына кері әсері. Сөз байлығы ұғымына енетін лексика –фразеологиялық, морфологиялық, синтаксистік жүйелер. Сөз байлығының стиль түрлерімен байланысы. Лексикологиялық сөздіктер арқылы сөз байлығын болжау мүмкіндігі.

Сөз тазалығы. Тіл мәдениетінің маңызды сапасы- тіл тазалығы. Тілдердегі сөз алмасу құбылысы. Сөз ауысудың көшірме (калька) тәсілі. Көшірмелердің тіл мәдениетіне ықпалы. Сөз тазалығына жат элементтер. Әдеби тіл мен диалектизмнің арақатынасы. Тілдегі бейәдеби элементтер, олардың көркем әдебиетте қолданылуы. «Қыстырынды сөздердің» тілдік қарым – қатынасқа әсері.

Сөз қысқалығы мен нұсқалығы. «Қызметсіз сөздер» ұғымы. Сөйлемнің есім баяндауышқа аяқталуы – сөз жинақылығының белгісі. Аз сөзге көп мағына сыйдыру – шеберлік. Сөйлеу тіліндегі ықшамдылық,үнемділік. Сөздің қысқалығы мен нұсқалығына қойылатын талаптар.

Сөз дәлдігі. Сөйлеудегі дәлдік ұғымы. Тауып сөйлеу - өнер. Сөзді мағынасына лайық қолдану- сөз дәлдігінің талабы. Тілдегі паронимдер. «Зат» - «сөз» қатынастары. Мағыналас сөздерді талғап жұмсау – сөз сапасын арттыратын шарттың бірі. Сөз дәлдігіне қойылатын талап- логикалық дәлдік. Сөз дәлдігінің стильдерімен байланысы.

Сөз бедері және стиль. Сөз бедері туралы түсінік .Бедерлі сөздегі деректі, дерексіз ұғымдардың қолданылуы. Сөз бедерінің стиль түрлерімен байланысы.

Сөйлеу тілінің стильдік бедері. Сөйлеу тілі бедерінің анықтамасы. Сөйлеу тілінің ерекшелігі және ондағы сөз бедерінің көрінісі. Өмірдегі және көркем әдебиеттегі сөйлеу тілі.

Публицистикалық шығарма тілінің стильдік бедері. Көпшілікке арналған мерзімді басылымдар тілінің ерекшелігі. Күнделікті қолданыстағы сөздердің қоғамдық пікір қалыптастырудың құралына айналу жолдары. Жағымды және жағымсыз мағынадағы сөздер.

Ресми іс қағаздары тілінің сөз бедері. Күндщелікті қолданыстағы сөздердің ресми іс қағаздар құралына айналу жолдары. Іс қағаздарындағы дайын сөз үлгілері мен тілдік стандарттар . Ұғым түрлері .

Ғылыми әдебиет тілінің сөз бедері. Тұрмыстық әне ғылыми ұғымдар.Ғылыми әдебиеттегі атаулардың ерекшелігі Денетат. Ғылыми әдебиет тілінің сөз бедері.

Көркем әдебиет тілінің сөз бедері. Көркем әдебиеттегі сөз қолданысының ерекшелігі. Суреткердің сөз жұмсау шеберлігі. Өмір шындығы мен көркем қиял. Сөзбен «көркем сурет» салу өнері. Денотат және образ . Көркем әдебиет тілінің сөз бедері.

Көркем сөз бедері. Болмысты нақты, өз бедерімен бейнелеудің айрықша тәсілдері. Шығарманың эстетикалық қуаты. Бейнелеуіш құралдардың сөз бедерін түзудегі мәні. Стильдік контраст. Бөгде стильдік элементтер. Сөз әсерлілігінің сөзге, мәтінге, тарауға, бөлімге тұтас шығармаған қатысы.

ҮI.Сөз мәдениеті және тілдік қарым қатынас. (15сағат)

Тілдік қарым-қатынас туралы түсінік. Қоғамдағы әдет-ғұрып,қарым-қатынас дәстүрі. Тіл-сезім білдірудің құралы. Сөйлеу этикеті ұғымы. Сөз мағыналарының құбылуы. Сыпайылықты білдіретін сөз орамдары, қаратпа сөздер. Сөйлесушілердің әлеуметтік белгілері. Сөздің ортаға байланысты қолданылу жағдаяты мен мәні.

Әлеуметтік-тұрмыстық қатынастағы сөз әдебі. Әлеуметтік-тұрмыстық қатынаста қолданылатын сөз түрлері.Әлеуметтік-тұрмыстық қатынастың тілдік сипаты,тілдік құралдары.Әлеуметтік-тұрмыстық қатынаста тән сөз әдебі.

Амандасу. Сәлемдесудің мақсаты. Сәлемдесу сөздерін талғап жұмсаудың талаптары. Амандасуға жататын сөздердегі мағыналық,стильдік ерекшеліктер мен әлеуметтік сипат. Амандасу этикеті: ұлттық дәстүр,жалпы адамзаттық нормалар. Синонимдерді талғап қолданудың сөз мәдениетіне қатысы.

Қоштасу. Қоштасудың мақсаты. Қоштасу сөздерін талғап жұмсаудың талаптары. Қоштасуға жататын сөздердегі мағыналық,стильдік ерекшеліктері мен әлеуметтік сипат. Қоштасу этикеті:ұлттық дәстүр,жалпы адамзаттық нормалар. Синонимдерді талғап қолданудың соз мәдениетіне қатысы.

Құттықтау. Құттықтаудың мақсаты. Құттықтау жағдаятына қатысты сөздерді талғап жұмсаудың талаптары. Құттықтау сипатындағы сөздердегі мағыналық, стильдік ерекшеліктер мен әлеуметтік сипат. Құттықтау этикеті: ұлттық дәстүр, жалпы адамзаттық нормалар. Синонимдерді талғап қолданудың сөз мәдениетіне қатысты.

Көңіл айту. Көңіл айтудың мақсаты Экспрессивті сөздерді талғап жұмсаудың талаптары. Көңіл айту ерекшелігіне сай таңдалған сөздердегі мағыналық, стильдік ерекшеліктер мен әлеуметтік сипат. Көңіл айту этикеті:ұлттық дәстүр, жалпы адамзаттық нормалар. Синонимдерді талғап қолданудың сөз мәдениетіне қатысы.

Тілек айту. Тілек айтудың мақсаты. Экспрессивті сөздерді талғап жұмсаудың талаптары. Тілек айтуға қатысты сөздегі мағыналық, стильдік ерекшеліктер мен әлеуметтік сипат. Тілек айту этикеті:ұлттық дәстүр, жалпы адамзаттық нормалар. Синонидерді талғап қолданудың сөз мәдениетіне қатысы.

Бата беру. Бата сөздің мақсаты. Батаға лайық сөздерді талғап жұмсаудың талаптары. Бата беруге қажетті сөздердегі мағыналық стильдік ерекшеліктер мен әлеуметтік сипат. Бата беру этикеті: Ұлттық дәстүр, жаңашылдық синонимдерді талғап қолданудың сөз мәдениетіне қатысы.

Қаратпа сөз әдебі. Қаратпа сөздерді қолданудың мақсаты. Қаратпа сөздерді талғап жұмсаудың талаптары. Қаратпа сөздердегі мағыналық, стильдік ерекшеліктер мен әлеуметтік сипат. Қаратпа сөзді жұмсау этикеті: Ұлттық дәстүр, жалпы адамзаттық нормалар. Синонимдерді талғап қолданудың сөз мәдениетіне қатысы.

Ресми-іскерлік қатынас және сөз әдебі. Ресми қарым қатынастың анықтамасы. Ресми қатынасқа тән сипаттар.

Ресми-іскерлік қатынас тілінің жазбаша түрі. Ресми іскерлік қатынастың жазбаша үлгілері. Мекемедегі. Іс қағаздарының түрлері, олардың құқықтық қатынасты реттеушілік рөлі. Жеке құжаттардың тілдік емес жақтары. Жеке құжаттардың тілдік (лингвистикалық) жақтары. Ресми құжаттардың сөз әдебіне(этикетке) қатысты жақтары.

Ресми- іскерлік қатынас тілінің ауызша түрі. Ресми-іскерлік қатынастың ауызша түрлері. Ресми ауызша сөздің биік шыңы-шешендік сөз. Іскерлік қарым-қатынастың алғышарттары. Ресми-іскерлік қатынастағы сөздің тілдік жақтары. Ресми – іскерлік қатынастың тілдік емес (экстралингвистикалық) жақтары. Ресми-іскерлік қатынастың сөз әдебіне қатысты жақтары.

Қорытынды сабақтар (4 сағат)


11-сынып

Сөз мәдениеті және шешендік


Кіріспе. Сөз мәдениеті және шешендік өнер (3 сағат). Курстың мақсаты. Сөз мәдениетінің шарттары. Шешендік – сөз мәдениетінің жоғары формасы. Шешендіктану мен шешендік сөз. Шешендік сөз: дәстүр мен жаңашылдық. Шешендік сөздің монологтік, диалогтік, полилогтік түрлері.


I. Шешендік өнердің тарихы (7 сағат). Шешендіктің өнер, ғылым ретінде дамуының бастаулары. Шешендік – жалпы адамзаттық құндылық.

Ежелгі Греция мен Ежелгі Римдегі шешендіктану арналары. Ежелгі Греция – шешендіктанудың отаны. Шешендіктің дамуының алғышарттары.

Софистер – шешендіктанудың негізін қалаушылар. «Әлсіз пікірді күшейту» - софизмнің басты бағыты. Софистердің шешендіктануға қосқан үлестері.

Сократ пен Платон – шынайы сөздің теориясын жасаушылар. «Федр» - шешендік туралы диаолог. Сөздің адам жанына әсер етуі туралы идеяның қалануы.

Аристотель – шешендікті арнайы үйрететін мектептің негізін қалаушы. «Риториканың» - шешендіктануды дамытудағы орны мен рөлі.

Квинтилиан – он екі томдық «Шешендік тәлім» еңбегінің және шешендікті оқыту бағдарламасының авторы.

Ресейдегі шешендіктанудың дамуы. Ресейде шешендіктанудың қалыптасуы. М.В.Ломоносов – орыс шешендіктануын жаңа сатыға көтерген ғалым. И.С.Рыжскийдің, А.Ф.Конидің, В.Г.Белинскийдің, П.С.Прохорщиковтың шешендікке қатысты ой-тұжырымдары. Орыс шешендіктанушыларының осы ғылымды өркендетуге қосқан үлестері.

Ұлттық шешендіктанудың алғашқы бастаулары. Орта ғасырлардағы түркі ғалымдарының шешендік өнердің ғылым ретінде қалыптасуындағы рөлі. Әл-Фараби – ұлттық шешендіктанудың іргетасын қалаушы. Ғалымның «Риторика» атты еңбегіндегі шешендікке байланысты басты тұжырымдары. Әл-Фарабидің шешендік сөз бен адамгершілік қасиеттердің бірлігі туралы ой-пікірлері.

«Қабуснамадағы» өнердің басқа түрлерінен сөз өнерінің артықшылықтары жайлы даналық байламдар.

«Құдатғу білік», «Диуани лұғат-ат түрк», «Диуани хикмет», «Тауарих хамса» еңбектеріндегі сөз құдіреті, сөз мәні туралы түйіндеулердің шешендік сөзбен сабақтастықтары.

Қазақтың ұлттық шешендік өнерінің дамуы. Ұлттық шешендік сөздің алтын тамырлары – көне түркі жазба мұралары, XII – XVI ғасырдағы Майқы би, Аяз би, Жиренше шешен, Асан Қайғы даналықтары.

XVII – XVIII ғасырлар – қазақ шешендік сөз өнерінің ерекше дамыған кезеңі. Осы кездегі шешендіктің өркендеуіне әсер еткен қоғамдық-әлеуметтік жағдайлар. Қазақтың атақты би – шешендері. Олардың шешендік өнер жөніндегі ой-пікірлері. Қазақ шешендік өнерінің даму тарихының үш кезеңі

Қазақ шешендіктану ғылымы: қалыптасуы мен дамуы.

Ш.Уәлиханов – қазақтың төл шешендігі туралы тұңғыш ғылыми пікір айтқан ғалым. Абайдың қазақ шешендігі туралы тұжырымдары. Қазақ шешендіктану ғылымының көшбасшысы – А.Байтұрсынұлының жаңашыл қағидалары, Ш.Құдайбердіұлының, Ә.Бөкейхановтың би мен билік туралы ойлары.

М.Әуезовтің, С.Сейфуллиннің шешендікті арнайы қарастырған ғылыми еңбектері.

ХХ ғасырдың екінші жартысында шешендіктің зерттелуі. Ә.Мәметованың, Б.Адамбаевтың, Б.Шалабаевтың, С.Садырбаевтың, М.Жармұхамедұлының, С.Негимовтің ғылыми еңбектерінің мәні.

Шешендік сөздің тіл мәдениетімен бірлігін, қазіргі заманмен сабақтастығын негіздеген М.Балақаевтың, Р.Сыздықтың, Н.Уәлиевтің зерттеулеріндегі жаңа ой-тұжырымдар.


II.Шешендік сөздің табиғаты (18 сағат).

Шешендік сөзге қойылатын талаптар. Шешендік сөз – жұрт алдында сөйлеудің интеллектуалдық, эмоционалдық шығармашылыққа негізделген түрі. Шешендік сөздегі стильдер тоғысы. Шешендік сөздің сапалары.

Шешендік сөздің сазы. Сөйлеу мәнерлілігі. Сөз мазмұны мен сазының бірлігі. Шешеннің сөйлеу техникасы, оның құрамдас бөліктері. Дауыс сазы, сөз мақамы, сөз ырғағы, кідіріс. Сөздің орфоэпиялық нормалары. Сөз әуезі мен әуені.

Шешендік сөздің көріктеуіш құралдары. Шешендіктегі ой – сезім – сөз бірлігі. Сөз мазмұны мен формасының үйлесімі. Тілдің бейнелеуіш құралдары: айшықтау, риторикалық сұрау, қайталау, градация, метафора, салыстыру, эпитет, теңеу, т.б. Қазіргі шешендіктегі дәстүр жалғастығы мен жаңа сипаттар. Шешендік сөздердегі мақал-мәтелдердің, дәйексөздердің, қаратпа, қыстырма сөздердің орны.

Шешендік сөздің тектері мен түрлері. Дәстүрлі шешендік пен қазіргі шешендіктің ерекшеліктері. Шешендік сөздердің тектерге бөлінуінің белгілері: сөз мақсаты, айтылу орны, тақырыбы мен мазмұны, тілдік құралдары.

Әлеуметтік-тұрмыстық шешендік сөз. Әлеуметтік – тұрмыстық шешендік сөздің түрлері, мақсаты. Әлеуметтік-тұрмыстық шешендік сөздерге тән стильдік сипаттар. Ұлттық салт-дәстүрлерге байланысты әлеуметтік-тұрмыстық шешендік сөздер. Жаңа замандағы әлеуметтік-тұрмыстық шешендік сөздердің ерекшеліктері. Әлеуметтік-тұрмыстық шешендік сөздердің тілдік құралдары.

Әлеуметтік-саяси шешендік сөз. Әлеуметтік-саяси шешендік сөздің түрлері, мақсаты. Әлеуметтік-саяси шешендік сөздерге тән стильдік сипаттар. Ұлт тарихына қатысты әлеуметтік-саяси шешендік сөздер. Жаңа замандағы әлеуметтік-саяси шешендік сөздердің ерекшеліктері. Әлеуметтік-саяси шешендік сөздердің тілдік құралдары.

Академиялық шешендік сөз. Академиялық шешендік сөздің түрлері, мақсаты. Академиялық шешендік сөздерге тән стильдік сипаттар. Академиялық шешендік сөздердің ерекшеліктері. Академиялық шешендік сөздердің тілдік құралдары, сапалық белгілері.

Соттағы шешендік сөз. Соттағы шешендік сөздердің түрлері, мақсаты. Соттағы шешендік сөздерге тән стильдік сипаттар. Ұлт тарихына қатысты соттағы шешендік сөздердің түрлері. Жаңа замандағы соттағы шешендік сөздердің ерекшеліктері. Соттағы шешендік сөздердің тілдік құралдары.

Діни (Уағыз) шешендік сөз. Діни шешендік сөздердің түрлері, мақсаты. Діни шешендік сөздерге тән стильдік сипаттар. Ұлттық ерекшелікке қатысты діни шешендік сөздер. Жаңа замандағы діни шешендік сөздердің ерекшеліктері. Діни шешендік сөздердің тілдік құралдары.

Шешенге қойылатын талаптар. Шешендікке нәр беретін арналар: талант, білім, дағды. Шешен адамға қажетті табиғи сапалар. Шешеннің интеллектуалдық қасиеттері мен болмыс мәдениеті. Шешенге тән қасиеттер мен қабілеттер: тілдік, білімдік, шыншылдық, жинақылық, аңғарымпаздық, т.б.

Шешеннің өзін ұстау әдебі мен мәдениеті. Шешендік сөздің әсерлігін арттыратын сыртқы факторлар: шешеннің өзін-өзі ұстау, әдебі, сыртқы келбеті, бет-жүзі, дене құбылыстары мен дене қимылдары. Шешендік сөздің «көмекші құралдары». Ым-ишаралардың түрлері, ұлттық сипаттары олардың сөз әсерлігін арттырудағы мәні.


III.Шешендікке машықтану жолдары (18 сағат).

Шешендік - өзіне дейінгі озық үлгілерді үйрену және ешқашан ешкімді қайталамайтын даралыққа қол жеткізу шеберлігі.

Шешендік сөздегі риторикалық канондар. Шешендік сөздің сапасын арттырудың қағидалары. Риторикалық канондар – шешендік сөздің өзегі. Риторикалық канондар: тақырыпты ойлап табу, мазмұнды ойда жүйелеу, сөзбен көркемдеу, есте сақтау, сөйлеу барысы. Жұрт алдында сөйлеуде ескерілетін қағидалар. Шешеннің міндеттері.

Жұрт алдында сөйлеуге дайындық жолдары. Жұрт алдында сөйлеуге машықтанудың сатылары. Шешендерден үйренудің, топ алдында сөйлеп жаттығудың, есте сақтау қабілетін шындаудың қажеттілігі.

Психологиялық дайындық. Психологиялық дайындықтың рөлі, қажеттілігі. Психологиялық дайындықтың шарттары. Шешеннің өзіне сенімділігін қалыптастырудың жолдары.

Нақты сөзге дайындық. Нақты сөзге дайындықтың кезеңдері. Тақырыпты анықтаудың шарттары. Сөз мақсатын тұжырымдау. Сөдің жоба-жоспарлары. Әдебиеттермен жұмыстың жолдары. Көпшілік алдында сөйлеудің тәсілдері.

Күнделікті дайындық. Күнделікті дайындықта қажетті дағдылар. Арнайы папкілердің, күнделіктің, пікірдің, хаттың дайындықтағы рөлі, қажеттілігі. Өз сөзіне талдау жасау мен басқа шешендердің сөзіне талдау жасаудың шешендік қабілетті шыңдаудағы мәні.

Көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымы. Көпшілік алдындағы сөздің бөліктері, олардың орны мен өзара сабақтастығы. Көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымының бөліктерін жоспарлау.

Кіріспе бөлім, оның міндеті мен тілдік ерекшеліктері. Кіріспе сөз, оның ерекшелігі,жеке міндеттері. Кіріспе сөзде қолданылатын тілдік құралдар. Сөзді бастаудың түрлі тәсілдері.

Негізгі бөлім, оның міндеті мен тілдік ерекшеліктері. Негізгі бөлім, оның ерекшелігі, жеке міндеттері, ұстанымдары. Тақырыпқа қатысты ой -тұжырымдардың логикалық байланысы. Талдаудың логикалық тәсілдері мен материялды түсіндірудің негізгі әдістері. Сөздің логикалық, психологиялық сипаттары. Тыңдаушылардың назарын аударудын тәсілдері. Сөздің жүйелігіне кері әсерін тигізетін факторлар, оларды болдырмаудың жолдары.

Қорытынды бөлім, оның міндеті мен тілдік ерекшеліктері. Қорытынды сөздің ерекшелігі, жеке міндеттері. Ойды қорытындылау тәсілдері. Қорытынды сөздің тыңдаушыға әсері. Қорытынды сөздегі тілдік құралдар.

Сөз бөліктерін байланыстыру әдістері. Сөз мазмұнын біріктіруші тілдік құралдар. Шешеннің субъективтік көзқарасын, реттік қатынастарды білдіретін сөз орамдары. Сөздегі ойларды сабақтастырудың құралдары, ой желісін күшейтетін тәсілдер. Шешендік сөздің композициясының элементтері.


IV. Пікірталас мәдениеті (18 сағат).

Пікірталас мәдениетін меңгеру – жаңа заман талабы. Демократиялық қоғам – пікірталасының өрістеуінің басты кепілі.

Пікірталасының қоғамдағы орны, маңызы, қажеттілігі. «Шешендіктің анасы - демократия». Пікірталас – адамның ақыл –ой қабілеті дамуының тетігі. Пікірталасында қажетті іскерліктер. Пікірталастың сипатын анықтайтын факторлар.

Пікірталас мәдениетінің талаптары. Пікір таласына қатысушы адамға қажет қасиеттер, тілдік біліктіліктер, сөз сайысына тән іскерліктер. Пікірталасқа қатысушы анықтауы тиіс сауалдар. Айтыскерге қойылатын талаптар.

Пікірталас түрлері. Диалогті, полилогті пікірталастар. Пікірталастарына тән ортақ белгілер мен ерекшеленеді.

Әңгіме және «Дөңгелек үстел». Әңгіме мен «Дөңгелек үстелдің» мақсаты. Олардың жүргізудің талаптары. Талданатын тақырыптың ерекшелігі. Қатысушыларға қойылатын талаптар. «ДҮ»-дің тиімділігін арттыру шарттары.

Пікір алмасу (дискуссия). Пікір алмасудың мақсаты мен рөлі. Пікіралмасудың түрлері, оларды ұйымдастырудың шарттары. Пікіралмасуға қатысушыға қойылатын талаптар. Пікір алмасуға кері әсер ететін факторлар. Пікір алмасудағы жүргізушінің рөлі. Тілдік нормалар.

Ойталқы (дипут). Ойталқының мақсаты мен рөлі. Ойталқыны ұйымдастырудың шарттары. Ойталқыға қатысушыға қойылатын талаптар. Ойталқының пікір алмасудан ерекшелігі.

Ойкөкпар (дебат). Ойкөкпардың мақсаты, қоғамдық пікір қалыптастырудағы рөлі, мәні. Ойкөкпарды ұйымдастырудың ерекшеліктері, кезеңдері. Ойкөкпарға қатысушылардың сөз әдебі. Ойкөкпардағы сарапшылардың рөлі.

Сөзталас (спор). Сөзталастың ерекшелігі, оның өзіндік сипаты. Сөзталастың тұрмыстық қатынасқа тән екендігі. Сөзталастың түрлері.

Пікірсайыс (полемика). Пікірсайыстың өзіне тән ерекшеліктері. Пікірсайысты ұйымдастырудың шарттары. Пікірсайысқа қатысушыға қойылатын талаптар. Қарсыласты ықтырудың шарттары.

Айтыс. Көпшілік алдындағы айтыстың тарихы. Айтысу өнері мен мәдениеті туралы талаптар. Ежелгі Греция, Үндістан, Қытай елдерінде қалыптасқан үрдістер.

Қазақ айтыс өнерінің ерекшеліктері. Айтысты ұйымдастырудың шарттары. Айтысқа қатысушыға қойылатын талаптар. Қарсыласты жеңудің шарттары. Айтыстағы дәстүр жалғастығы мен жаңашылдық.

Пікірталасында жиі қолданылатын тәсілдер. Пікірталасына тән әдіс-тәсілдер: «қақпан құру», сынау, әзіл, мысқыл, қарсыластың ойын жоққа шығару, «сұрақпен төпелеу». Олардың ұтымды қолданудағы тапқырлық. Тыңдарманмен байланыс жасаудың шарттары, әлеуметтік, табиғи шарттар, олардың байланысқа әсері. Оқушы сөздерді мақсатқа қарай пайдалану жолдары.

Қарсыласқа тойтарыс берудің шарттары. Қарсыласқы тойтарыс берудің шарттары, тәсілдері. Ойдың айқын, әсерлі жеткізудегі синоним, антоним сөздердің мәні. Дәлелдеме, оның турлері, тілдік ерекшеліктері. Пікірдің өтімділігін арттыратын тілдік құралдар.

Қарсыласқа тойтарыс жасаудың пікірталас мәдениетімен сабақтастығы. Пікірталастарда сұрақтарға жауап беру өнері. Сұрақтың түрлері, одан қолданылатын сөздердің ерекшеліктері. Жауаптың түрлері, қажетті сөз орамдары. Қарсылықа тойтарыс берудің шарттары: «қарсы соққы», «көпшілік бағындыру», «қарсыластың қорытындысы сынау», «деректермен дәлелдеу».

Пікірталас шеберлігіне үйренудің жолдары. Сөз шеберлігіне үйренудің жолдары. Өз ой-пікірін жеткізудің тілдік сапалары. Сөздің грамматикалық құрылысы, сөз дәлдігі мен дәлелділігі, мақал-мәтелдердің, троптың турлерін орынды пайдалану. Белгілі көркем образдарды сөз мақсатына орай кіріктіре алу т.б. Пікірталасының түрлеріне қарай қолданылатын ұтымды сөз орамдары. Ой мен сөздің бірлігі. Өз көзқарасын сыпайы, нақты айта білу шеберлігі. Ұғымдар мен терминдерді, ауыспалы мағынадағы сөздерді орынды қолдану жолдары. Пікір айтудағы сөз мәнері, Интонация. Пікірталастағы ұлттық дәстүрдің көрінісі.

Қарсыластың шабуылдарынан қорғанудың шарттары.

Пікірталасындағы дәлелдеме мен сынды сауатты қолдан.

Пікірталасын ұйымдастыру жолдары. Пікірталасындағы қателіктердің алдын-алу жолдары.Дискуссия сабақтарын жоспарлау. «Саяси айқас» іскерлік ойындарын ұйымдастыру сатылары, оған дайындық жолдары. «Сұраққа жауап» практикумы.

Қорытынды сабақтар (4 сағат)


Бағдарлама бойынша ұсынылатын практикалық жұмыстар

10-сынып

  • сөздің адам болмысымен қатыстылығын көрсететін ой-пікірлерді жинақтай өз ойларымен айтқызу;

  • қазақ жазба тілінің тарихына қатысты рефераттар дайындату;

  • әлеуметтік-тұрмыстық өмірдегі әртүрлі жағдайлардың ерекшелігіне байланысты тіл жұмсау дағдыларын жетілдіретін тапсырмалар бойынша өздік жұмыстарын орындату;

  • ұлттық салт-дәстүрлерге байланысты сөз орамдарын, тұрақты тіркестерді тауып, олардың қатыстырып сөйлеуге дағдыландыру;

  • мәтіндерді ұсынып, ондағы ұлттық таным мен жаңашылдық сипаттарды ажыратқызу;

  • этнолингвистикалық атаулардың тарихын, мәнін танытатын шығармашылық жұмыстар ұйымдастыру.

  • теледидар, радио дикторларынан кім несімен ұнайды деген сұрақ төңірегіндегі пікір алмастыру;

  • ата-анасының мүшелтойларына сөз дайындату ;

  • досының туған күнінде дастарқан басында сөйлейтін сөз дайындату;

  • жабығып я қуанып келген жолдасымен, бауырымен көршіңмен сұхбатты рөлдермен орындату;

  • науқастанып жатқан досыңның, туысының, мұғалімнің т.б. көңілің сұратуға арналған жаттығу жұмыстары (ауызша,жазбаша түрде);

  • әр түрлі тілдік жағдайларда қажетті сөз орамдарын қолдануға рөлдік ойындар арқылы дағдыландыру;

  • әлеуметтік-тұрмыстық қатынаспен іскерлік қатынастың айырмашылығын сезіндіретіндей нақты тақырыптар бойынша диалог құрғызу;

  • тұрмыстық және ресми қатынастардағы кешірім сұрау, өтініш білдіру, сәлемдесу, қоштасу рәсімдеріне байланысты шағын қойылымдар әзірлету;

  • қол, дене қимылдарымен берілетін белгілерді атату т.б.

  • телефонмен сойлесу мәдениетін қалыптастыратын жаттығу жұмыстарын жүргізу;

  • жазба тіл мәдениетіне қатысты белгілі адамдардың ой-тұжырымдарына талдау жасату, жазба тілге қойылатын талаптарды анықтату;

  • жеке адам өміріне қатысты іс-қағаздары жазуға төселдіретін тапсырмалар бойынша жұмыс жасату;

  • белгілі бір мәселе бойынша жыйндар өткізіп, мәжілісхат, оның көшірмелерін жасату т.б.

  • оқыған көркем әдеби немесе ғылыми көпшілік әдебиеттер бойынша реферат жаздыру;

  • нақты тақырып бойынша жазбаша баяндама мәтінін жаздыру;

  • әркімге өзіне қалаған тақырыбы бойынша эссе, очерк жаздыру, баспасөз материалдарынан осы жанрдағы шығармаларға талдау жасату;

  • интервью жургізудің жолдарын саралату, нақты тапсырма бойынша өздері қалаған мамандардан, көз көргендерден интервью жасату;

  • белгілі бір мекеме, фирма, мектеп т.б. жөнінде репортаж жасату.


11-сынып

  • Шешендік сөз бен айтысу, мәдениетінің бір-бірімен айырмашылығын айтқызу (мәтін негізінде).

  • «Қандай полемикалық тәсілдер бар?» деген сұраққа жауап жаздыру.

  • Құрамында «тіл» деген сөз бар тұрақты тіркестерді қатыстырып сөйлем құрату.

  • Баспасөз материалдарындағы ең ұнаған шешен сөздерді («Қазақ әдебиеті», «Егемен Қазақстан», «Жас алаш», «Ана тілі», т.б. газеттер мен «Парасат», «Зерде», «Қазақстан әйелдері»т.б.) журналдардан теріп жаздыру.

  • Шешендік туралы берілген сөздерден (ой пікірлерден) негізгі талаптарды түйіндеп айтқызу;

  • Бір тақырыпқа жазылған екі мәтінді салыстырып, «Қайсысы несімен ұнады?» деген сұраққа жауап жаздыру;

  • «Халық шешендері», «Ежелгі Греция мен Ежелгі Үнді шешендері», «Қазіргі шешендер», т.б. тақырыптарда хабарлама, реферат жаздырту;

  • Өздеріне мәтіндерді оқытып, оны үнтаспадан қайта тыңдату арқылы мәнерлі сөйлеуге, оқуға жаттықтыру;

  • сөздерді орфоэпиялық нормаға сай айтуға жаттықтыру;

  • термин сөздерді (халықаралық) қатыстырып сөйлеуге жаттықтыру;

  • ұсынылған сөз тіркестерінің логикалық байланысына көңіл аудартып, дұрыс еместерін синонимімен алмастыру;

  • жеке-жеке тұрған синоним сөздерді қажетті сөздермен тіркестіріп, мағыналық реңктеріне түсінік бергізу;

  • басқа тілден енген сөздерді ана тіліндегі баламасын тапқызу, оларды қатыстырып мәтін құрату;

  • антоним жұптарды пайдаланып, мақал мәнді сөйлемдер құрату, оларды өз сөздерінде пайдаландыру.

  • қате құрылған сөйлемдерге түзету жасату;

  • мәтіндерді оқып, олардағы сөздердің қай стильге сәйкестігін анықтау.

  • сөздердің түсініктемесін жасату, өз жазғандарын «Түсіндірме сөздіктегі» материалдармен салыстыру;

  • пікір таласының әр түрініне қатысты дағдыландыру жұмыстарын жүргізу;

  • мамандық таңдау бойынша сөз дайындап, сөйлеушіні тыңдарманмен байланыс жасауға үйрету;

  • төмендегі тақырыптар бойынша хабарлама жасату:

а) Қазіргі елдегі жағдай

ә) Ғылым мен техника жаңалықтары

б) Мәдени жаңалықтар

в) Жаңа әдебиеттер

г) Бүгінгі айтыстың дүлдүлі

ғ) Қай айтыскер ақын мәдениетті?

д) Қазіргі шешендер.

  • Сөйлеушінің пікірлерін негізгі бөліктер бойынша талдау;

  • шешендік туралы берілген мәтіндерден автордың жеке көзқарасын өз пікірімен сабақтастыра айтқызу;

  • «Жаңа қазақ деген кім?», «Мектеп киімі қандай болуы керек?», «Демография деген не?», «Мұғалім қандай болуы тиіс?», «Егер сабаққа ерікті қаттыссам...», «Адалдық деген не?», «Достық пен махаббат» тақырыптары бойынша пікір талас түрлерін ұйымдастыру

  • курста өткен тақырыптар бойынша тірек ұғымдардың түсіндірме сөздігін құрату.

III. ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ , БІЛІК, ДАҒДЫЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР


10-11 сынып оқушылары:


Сөз мәдениеті және шешендік өнер саласы бойынша мынадай тілдік білімдерді меңгеруі тиіс:

  • ауыспалы мағынадағы бейнелі сөздер мен фразеологизмдерді меңгереді;

  • қоғамдық лексиканың түрлері мен қолданылу орындарын меңгереді;

  • қоғамдық-гуманитарлық пәндердің мазмұнына қатысты жаңа термин сөздерді ажыратады;

  • мерзімді басылымдар мен түсіндірмелі сөздіктерде берілген жаңа қолданыстармен сөздік қорын байытады;

  • этно-мәдени фразеологизмдердің мәнін түсінеді;

  • сөз мәдениетінің сапаларын меңгереді;

  • сөйлеу шеберлігі талаптарын меңгереді;

  • көркем әдебиет және публицистикалық стильдерде сөйлеу дағдыларын меңгереді;

  • ресми іс- қағаздары мен ғылыми әдебиет тіліндегі сөз жұмсау талаптарын меңгереді;

  • қазақ шешендік өнерінің қалыптасу тарихындағы кезеңдерді дәйектейді;

  • қазіргі шешендіктің тектері мен түрлеріне ортақ белгілер мен ерекшеліктерді біледі;

  • шешендік сөздің белгілерін жанр тұрғысынан дәлелдейді;

  • шешендікке машықтану жолдарын біледі және дәйектейді;

  • жұрт алдында сөйлеуге дайындық сатыларындағы әрекеттер жүйесін меңгереді;

  • мамандығына қатысты қазіргі шешендік сөздің түрлерін құрастырудың шарттарын меңгереді;

  • қазіргі шешендіктің тектері мен түрлерін меңгереді.


Сөйлеу мәдениетінің нормаларын жеткізе білуі, сөз таңдау және ұжымдық қатынас деңгейінде білуі тиіс:

  • эмоционалды-экспрессивті тілдік құралдарды қолданып, мәтіндер құрайды;

  • сөйлесім әрекетінде сөз мәдениеті дағдыларын пайдаланады;

  • шығармашылық-ізденіс жұмыстарында көріктеуіш құралдарды орынды пайдаланады;

  • пікіралмасуда этикеттік орамдарды пайдаланып, қарым-қатынас жасайды;

  • бедерлі сөздегі деректі, дерексіз ұғымдарды стиль түрлерімен байланыста қолданады;

  • сөз мәдениетінің қатысымдық сапаларына сай ауызша және жазбаша ойын жеткізеді;

  • қоғамдық-саяси мәтіндер бойынша сын-пікір жазады;

  • көрсетілген әдебиеттерді пайдаланып, реферат, баяндама жасайды;

  • ауызша және жазбаша сөйлеуде ауыспалы мағынадағы бейнелі сөздерді саралап қолданады;

  • ойын жеткізуде сөз дәлдігі, тіл тазалығы, сөз бедерлілігі қағидаларын сақтайды;

  • тұрмыстық-әлеуметтік және ресми-іскерлік қатынаста сөздің тілдік және тілдік емес құралдарын орынды қолданады;

  • көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымына тән тілдік құралдар мен баяндау тәсілдерін саралайды;

  • пікірталас түрлерін меңгереді және олардың арасындағы айырмашылықтарды дәйектейді;

  • қоғамдық-тарихи, әлеуметтік-мәдени тақырыптар бойынша шешен сөйлеудің талаптарына сай ауызша және жазбаша мәтін құрайды;

  • гуманитарлық мамандыққа қатысты айтылған ой-пікірлерге жеке көзқарасын білдіріп, эссе жазады;

  • көркем-әдеби мәтіндерге тілдік, стильдік тұрғыда талдау жасайды;

  • қоғамдық-әлеуметтік тақырыптарда пікірталас түрлеріне қатысады;

  • шешендік сөзде қолданылатын көріктеу құралдары мен айшықтау тәсілдерін топтап, өзара салыстырады;

  • шешендер тіліндегі ұтымды сөз қолданыстарының жұмсалу мақсатын ашады;

  • көпшілік алдында сөйлеудің шарттары мен міндеттеріне сай мәтін құрайды;

  • шешен сөйлеу мен пікірталас мәдениеті талаптарына сай ауызша және жазбаша пікір білдіреді;

  • көркем-әдебиет пен мерзімді басылымдардан алынған мәліметтер негізінде шешендік сөздің түрлерін құрайды;

  • әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-саяси, ғылым-білім мазмұнды, соттағы, діни сипаттағы шешендік мәтіндерді құрайды;

  • пікірталас түрлерінде шешендіктің айшықтау тәсілдерін қолданады;

  • қазіргі шешендіктің талабына сай көпшілік сипаттағы мәтін түрлерін (эссе, әңгіме, сын-пікір, шолу, андатпа, т.б.) құрайды.


Тілдің социо-мәдениет контексіндегі ерекшеліктерін білуі және ауызша жазбаша жанрларды түрлі қатынас жағдаяттарына шығармашылықпен қолдана білуі тиіс:

  • қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы мәтіндер мазмұнын қазіргі қоғам дамуымен байланыстыра талдайды;

  • көркем-әдеби және публицистикалық мәтіндердегі авторлық идеяны айқындайды;

  • көркем мәтіндердегі ұлттық болмысқа қатысты ұғымдарды талдайды;

  • қоғамдық-мәдени мәтіндердегі ойдың берілу тәсілдерін дәйектейді;

  • көркем мәтін тілінің ерекшелігі мен стильдік бедерін дәлелдейді;

  • жалпыадамзаттық мәселелер туралы мәтіндердің тақырыптық, мазмұндық және тілдік ерекшеліктерін талдайды;

  • мерзімді басылымдардағы мақалаларға талдау жсап, бағалайды;

  • шығармашылық сипаттағы күрделі жанрдағы мәтіндерді құрайды;

  • көркем әдебиеттегі кейіпкерлерге мінездеме береді, олардың іс-әрекетіне талдау жасайды;

  • қоғамдық-гуманитарлық сипаттағы шешендік сөздің мазмұнын қазіргі қоғамдық сұраныммен байланыстыра дәлелдейді;

  • қоғамдық–гуманитарлық бағдарлы мәтіндегі сөз қолданыстарына сай шешен көзқарасын бағалайды;

  • әр түрлі мамандыққа қатысты шешендік мәтіндерді тақырыптық-мазмұндық және тіл көркемдігі жағынан салыстыра талдайды;

  • шешендік сөздегі негізгі және қосалқы ойлардың берілу тәсілдерін негіздейді;

  • сот және діни шешендік сөздердегі тілдік құралдарды талдап, өзіндік бағасын береді;

  • қоғамдық-тарихи, әлеуметтік-саяси мазмұндағы шешендік сөздердің тақырыптық-тілдік және стильдік ерекшеліктерін ашады;

  • айтыс өнеріндегі тақырыптық-мазмұндық және сөз қолдану ерекшеліктерін бүгінгі күн талабымен байланыста талдайды;

  • пікірталас мәдениеті талаптарына сай пікірталас түрлерін ұйымдастырады.


IV. «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ПӘНІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Қазақ тілі пәнін оқыту үрдісінде негізгі бағыт адам факторы болуы тиіс. Қазіргі жаһандануға бет бұрған қоғамда адам ресурстарын мүмкіндігінше пайдалана білу оқытудың түпкі нәтижесімен сабақтасып жатыр. Қазіргі ғаламдану үрдісіне байланысты үйретілетін сөйлеу мәдениетінің ұлттық деңгейден асып, мемлекетаралық, халықаралық қатынастар ауқымындағы мәні мен орнын да есте тұту қажет. Яғни сөйлеуге қойылатын талаптар жалпыадамзаттық сөз әдебінің ортақ заңдылықтары мен ұлттық ерекшеліктер ұштастырылып отырылуы – мәдени білімнің өзегі. Себебі «мәдениет – ашық жүйе, оның негізгі мақсаты – өзін басқаға жеткізу, ол монологтан гөрі диалогқа – сұхбаттасуға жақын. Сондықтан мәдениеттануда өзін-өзі тарату мақсаты алдыңғы қатарға шығады және бұл жерде осы мәдениетті тарату құралдары (таңбалар, рәміздер, ғибадаттық әдет-ғұрыптар, т.б.) мен оның ішкі мағынасы (менталитеті, ділі, санасы, діні) бірдей қызмет атқарады». Мұның нақты мысалын сөз мәдениеті мен шешендік өнердің өз табиғатына етене жақын оқытудың интерактивтік әдістерін пайдалануда айқынырақ көреміз.

Жалпы орта білім беретін мектептің жоғарғы орта деңгейінің 10-11 сыныптарындағы «Қазақ тілін» оқыту үдерісінде төмендегідей ортақ әдіс-тәсілдер басшылыққа алынады:

Оқыту мен тәрбиелеу үдерісінде оқушының жеке бас ерекшелігін ескеруде және әр оқушы үшін оқу міндеттерін жүзеге асырудың қолайлы шарттарын туғызуда дара тұлғаға бағдарлап оқытудың маңызы зор. Дара тұлғаға бағдарлап оқыту оқушының жалпы орта мектеп деңгейіндегі психологиялық, физиологиялық күйіне негізделуі тиіс. Дара тұлғаға бағдарланған оқыту әдістерін таңдауда оқушының жеке бас ерекшелігін ескеру, жеке білім траекториясын таңдау еркіндігі, жағдаяттық оқыту ұстанымдары басшылыққа алынады. Бұл ұстанымдар құзыреттілікке бағдарланған тапсырмаларды шешу мақсатындағы сөйлесім әрекеттерінде кешенді түрде қамтылады.

Тұлғалық бағдарлы оқыту «Тілдік норма», «Сөз қисыны», «Сөз сапалары», «Қарым-қатынас түрлері», т.б. тақырыптарды оқытуда тиімді.

Оқушылардың өз бетімен білім алу дағдылаын қалыптастыруда олардың бойында әрекеттік, танымдық, креативтік қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретін жобалауға үйрететін әдіс-тәсілдер қолданылады. Оқыту үдерісінде оқушының өздігінен білім алуына, болжам жасауына, өз бетінше ізденуіне жол ашатын бұл оқыту әдістері оқушының өзіндік әрекетіне жол ашады; тілдік құбылыстардың заңдылықтарын тануға жетелейді; оқушының сөз тану, сөздерді орнымен жұмсау қабілетін көрсетуге мүмкіндік беретін тілдік жағдаяттарды туғызады. Оқытудың жобалау әдістері жұптық, топтық, ұжымдық жұмыс түрлерін ұйымдастыруда, «Сөз мәдениеті негіздері», «Ауызша тіл мәдениеті», «Жазбаша тіл мәдениеті», «Сөз сапалары», т.б. тақырыптарды оқытуда тиімді пайдаланылады.

Жалпы орта мектепте оқылатын «Қазақ тіл» пәнінде оқушылардың дара ойлауын қалыптастырып, бәсекеге қабілеттілігін дамыту үшін «Ойталқы», «Ойға шабуыл» («идеялар көзі», «сыншылар» мен «сарапшылардың» қатысуымен шешім жасаудың қалыпты түрлеріне қарама-қарсы, жаңа дара идеяларды табуды көздейтін) сияқты тәсілдер қолданылуы тиіс. Өзіндік әрекетке түсіру арқылы оқушының ойлау және сөйлесім әрекетінің белсенділігін арттыратын және оқушының теориялық және шығармашылық ойлауын жетілдіруге бағытталған бұл оқыту әдістері оқушының сөйлеу мәдениеті мен шешендік шеберлігін қалыптастырады. Қоғамдық ой-пікір қалыптастыруда, айналасында болып жатқан құбылыстарға баға беруде, орын алып отырған проблеманы тауып, оны өздігінен шешуде пікірталас дағдыларына төселдіру маңызды.

Проблемалық жағдаяттарды «Сөз мәдениетінің стиль түрлеріне қатысы», «Сөз мәдениетінің коммуникативтік сапалары», «Сөз бедері», «Тілдік нормалар», «Сөз әдебі», «Көпшілік алдындағы сөз құрылымы», «Көпшілік алдында сөйлеуге дайындық түрлері» т.б. тақырыптарды оқытуда қолданған тиімді.

Оқушылардың коммуникативтік дағдылаын қалыптастыру – жалпы орта мектепте білім нәтижесі болып саналады. Бұл дағдылыр оқу үдерісінде монологтік, диалогтік, полилогтік тілдесімге қажетті жағдайларды туғызу арқылы іске асады. Мұнда имитациялық-модельдік, жағдаяттық-рөлдік, «пайданы өз мүддесіне ыңғайлау» («глобальная симуляция»), «дөңгелек үстел», «брифинг», баспасөз-конференциялар, «КТК (Көңілділер, тапқырлар клубы)» және т.б. тілдесім түрлерін қолдануға мүмкіндік туғызылады.

Коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер «Сөз мәдениетінің этикалық сапалары», «Сөз мәдениетінің нормативтік сапалары», «Тілдік нормалар», «Сөз әдебі», «Көпшілік алдындағы сөз құрылымы», «Көпшілік алдында сөйлеуге дайындық түрлері», «Пікірталас түрлері», «Пікірталас мәдениеті» т.б. тақырыптарды оқыту кезінде ұтымды болып саналады.

Жалпы орта білім беретін мектептің жоғарғы деңгейдегі оқыту үдерісінде білімді ізгілендіруге басымдылық беріледі. Бұл оқушылардың ана тілін ұлттық құндылық ретінде бағалауға, халықтың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерін құрметтеуге, ата-бабадан жалғасып келе жатқан рухани мұраларын меңгеруге мүдделілік тудырады. Қоғамның болашағын құратын, мемлекетті нығайтуға атсалысатын саналы ұрпақ бойында елжандылық рух пен отаншылдық сезімді дамытуда қазақ тілі пәні арқылы білімді ізгілендіру үнемі жүргізіліп отыратын оқу-тәрбиенің басты бағыттарының бірі болуы тиіс. Қазақ тілі пәні әдебиет, өнер, тарих, құқық, қоғамтану, география, биология, химия, физика, математика, т.б. пәндермен интеграциялана оқытылады. Білімді ізгілендіру жүйесі оқушының сөз мәдениеті мен қарым-қатынас этикетін қалыптастыруды көздейді. Онда бүгінгі қоғамға лайық жеке тұлғаның бойында ұлттық және жалпыадамзаттық қатысым дәстүрлерін сақтауға үйрету мақсаты қойылады.

Оқытуды ізгілендіру «Сөз мәдениетіне» қатысты барлық тақырыптарды оқыту барысында жүзеге асырылады. Ақпараттық мәдениетті қалыптастыратын бейнероликтерді, интернет материалдарын, мультимедиалық құралдарды, үн және бейне таспаларды, ақпараттық технология ресурстарын, электронды оқулықтарды, компьютерлерді, лингафондық аппараттарды қолдану арқылы оқушының қоғам мүшесі ретіндегі тұлғалық қабілеттері және жеке басының мәдениеті артады.

Жалпы орта білім беретін мектептің жоғарғы орта деңгейінде қазақ тілі пәнінің мазмұны нақты, шектеулі, қатысымдық-коммуникациялық бағдарға негізделген болуы тиіс. Оқытылатын сағат саны да соған орай аз бөлінеді. Қазақ тілі бұл бағытта құрал ретінде оқытылады. Оқушылардың тұлғалық, қоғам мүшелерімен қарым-қатынас мәдениетін және сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға, ұлттық құндылықтарды бағалауға, сөйлеу заңдылықтарын, сөйлеу мәдениеті мен шешендік өнердің қажетті нормаларын білуге, меңгеруге мән беріледі. Ал бағдарлы мектепте білім мазмұнының әр тақырыбы тереңдетіле оқытылады. Сөз мәдениеті ғылымынан хабардар етіледі. Оқушылардың тілдік сезімдерін қалыптастыруға, әр сөзді дұрыс қана емес, әсерлі етіп жеткізудің қыр-сырын білгізуге, үйретуге мән беріледі.

Сөз мәдениетін оқытудың тірек тұжырымдарын анықтауда соңғы жылдары дамып, қалыптаса бастаған мәдениеттану саласындағы ғылыми пайымдамалар басшылыққа алынды. Мәселен, қазіргі мәдениеттану ғылымында қоғамдағы мәдениеттің мынадай қызметтері нақтыланған:

1. Адамды қалыптастыру қызметі. Адам мәдениетті, ал мәдениет адамды қалыптастырады. Ол адамның өзіндік санасының қалыптасуына алғышарт жасайды. Бұл мәдениетке баулу үздіксіз дамып, жетіліп отыратын үдеріс екенін танытады. Ендеше, мәдениетте ең соңғы нүкте, тоқырау деңгейі болмайды. Ол адамзатпен бірге үнемі өзгеріп, дами береді. Себебі мәдени деңгейі өскен адам үшін оның ашылмаған қырлары болатынын танылып, мәдениетті жаңа сапаға көтеруге мүдделілік туғызбай қоймайды.

2. Жалғастық, мәдени мұрагерлік қызметі. Қоғамдағы ұрпақтар жалғастығы мәдени мұраларды игеру, қабылдау және шығармашылықпен дамыту арқылы жүзеге асады. Ол руханилықтың белгілі бір деңгейін меңгерудің нәтижесінде мәдениет субъектісінің өзіндік санасын жетілдіреді. Бұл бағытта сөз мәдениетіне қатысты білімдер өз ұлттық ділімізге сай, халықтық-танымдық іргетасы берік ұғымдарды орталық негіз етіп ұстану қажеттігін бекітеді.

3. Танымдық қызметі. Мұнда мәдениет пен білімнің арақатынасы маңызды. Білім – мәдениеттің құрамдас бөлшегі. Интеллигенттік – мәдениет пен білімнің ішкі бірлігі мен үндестігінің деңгейі. Сондықтан пән мазмұны грамматикалық не сөз мәдениеті аясындағы тақырыптарға құрылғанмен, оның практикалық жүйесі оқушының ақыл-ой қабілеті мен адами қасиеттерін, ойлау мәдениетін жетілдіруге бағытталуы керек. Яғни жалпы мәдениет туралы кешенді білім беру нәтижесінде оқушының азаматтық келбетін қалыптастыруға, ар жүйесіне басымдылық беріледі. Сөз мәдениетіне баулудың түпкі мақсатының өзі де ұят, намыс, ождан, ғашықтық, достық, кісілік, жомарттық, ізгілік, парасаттылық, даналық, талаптылық сияқты қасиеттердің оқушы бойында қалыптастыру болып табылады.

4. Реттеу қызметі. Мәдениетте күнделіктіден гөрі жоғарыға, идеалға, үлгіге көбірек көңіл бөледі. Мәдени ұғымдарда нормативтік, ережелік талаптар басымырақ. Бұл жалпы білім беретін орта мектептің әрбір сатысында сөз мәдениетінің арнайы тақырыптары қамтылып, сөздің сапалық қырлары оқушының жас және психологиялық ерекшеліктеріне сай жүйемен берілуі қажеттігін көрсетеді.

5. Коммуникативтік, қарым-қатынастық қызмет. Адамдардың қарым-қатынасы, мәдениеттер сұхбаттастығы – әлеуметтік шындықтың көрінісі. Әлеуметтену үдерісі де мәдени қарым-қатынасқа негізделеді. Қарым-қатынассыз мәдениет көрінбейді, сондықтан оны тек идея түрінде емес, нақты әрекетке негіз етіп алу керек.

Өзінің өмір қажетін бағамдай алу, өзін-өзі сезініп, ұғына алу, өзі туралы ойлай алу – сана-сезімнің жетілгендігінің нәтижесі. Философтар адам өзін тек қана айналасындағы адамдарға қарап қана танып, бағалайды деген тұжырым жасайды. «Адамның айнасы – басқа адам. Адамның атқарған ісі – оның затқа айналдырылған санасы». Олай болса, сана-сезім алдымен адамның өзін-өзі түсінуіне, сосын өзін-өзі тәрбиелеуіне жол ашады. Сол себепті білім философиясындағы рефлексиялық парадигма сөз мәдениетін оқытудың өзегін құрайды деуге толық негіз бар. Себебі тек өзгелермен тілдік қарым-қатынас үстінде ғана оқушы өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін шыңдай алады. Ендеше, оқушыға құрғақ та қасаң ақыл айтқаннан гөрі нақты өмір жағдаяттарына тән түрлі тілдік ситуациялар құру, арнайы тапсырмалар ұсыну барысында олардың өзін-өзі басқалармен салыстыра отырып, бағалауына мүмкіндік беру әлдеқайда ұтымды болмақ.

«Мәдени дамудың жетекші күші ретінде, таным құралы, адамдардың бір-бірімен қатынас құралы ретінде қызмет атқаратын тіл – әрбір халықтың, әр ұлттың әрбір мүшесінің бірінші байлығы, болмысын танытатын бірінші белгісі. Сондықтан мұғалімдер тілдің, оның ішінде ана тілінің оқытылуына, оқушының тілі даму барысына ұжым боп назар аударуы керек. Көп жағдайда оқушы тілінің дамуы дегенде, оның сөздік қорын байыту мәселесі аталып жүр. Бірақ алғашқы саты қаланған соң, оның жоғарысына да өрлеу қажет екендігі белгілі».

Адам өзін қоршаған тылсым дүниені қаншалықты деңгей мен дәрежеге дейін тани алса, сол деңгей мен дәреже – адам танымының жемісі. Адам сонда, біріншіден, практикалық қызмет пен әрекеттің субъектісі болып табылады, екіншіден, адам – таным субъектісі де болып саналады. Танылған сыртқы дүние – соны тани алатын қызмет пен әдістерді адам бойынан тауып беретіндіктен, адам неғұрлым дүниені терең таныса, соғұрлым өзін-өзі танып жатқаны болып табылады. Бұл қағидалар сөз мәдениеті мен шешендік өнерді оқыту үдерісінде оқушыны оқу әрекетінің субъектісі деп тануды негіздейтін жаңа педагогикалық парадигмамен де тығыз сабақтасып жатқанына дәлел болады. Бұл бағытта біз «Оқушы-Оқушы» және «Оқушы – Мұғалім» арасындағы субъективтік қатынастар жүйесінде сөйлеу әдебінің, өзара сыйласымдылықтың мәні мен рөліне ерекше назар аударуға тиіспіз. Бұл білімді ізгілендіру, демократияландыру тенденцияларынан туындап, адам қалыптастырушылық мақсатты көздейтін жаңа білім жүйесімен өзара бірлікке құрылған оқытудың ерекшелігін танытады.

Білім – ұлттың ақыл-ойы мен ерік-жігерін қалыптастырушы тірек. Ендеше ол мемлекеттік саясаттың әр адамның сол мемлекет мүддесін дұрыс түсінуінің, оны сақтауға, орындауға деген шын сенімінің де негізі болуы тиіс. Білім берудің ұлттық жүйесін қалыптастыру – ұлттық дәстүрлерді сыртқы кері күштерден қорғаныс ретінде біліммен сабақтастыра пайдалану деген сөз. Сананың өзін-өзі қорғауы, ең алдымен, бүкіл халықтық, мемлекеттік, ұлттық мақсаттың тұтастығын түсіну арқылы мүмкін болады. Сонда ғана оның жас ұрпақ бойында қалыптасуы тиіс ақпараттық-психологиялық иммунитеттің де негізі болатыны сөзсіз.

Білім беру жүйесіндегі оқыту мәселелері мен ұлттық мүдденің жақындасуы ғана білімнің мемлекет дамуындағы стратегиялық рөлін күшейте түспек. Тәрбиелік қуаты берік білім халықтың болашақ даму бағытын өзі айқындауына жол ашады. Ал бұл ана тілінің оқытылу сапасы мен оның ұйымдастырылуының түпкі нәтижеге сәйкестік деңгейіне тікелей қатысты. Бұл тілге ұлттық ділдің бірден-бір тетігі, тірегі, тіні деп қарауды қажет етеді. Оның үстіне тіл – таным құралы, тіл арқылы адам дүниені танып біледі, барлық білімді сол арқылы игереді. Бұл орайда білім саласы әлемдік тенденцияларға сәйкес өз бағыттарын белгілеуі тиіс, бірақ олардың барлығы да ұлттың тарихи-мәдени топырағында дамуы керек. Сол себепті тілді оқыту әдістемесінде педагогикалық тұрғыда мынадай арнайы міндеттерді шешу қажеттігі анықталады:

  • Мәдени иммунитетті дамыту үшін тілді адам табиғатының бөлінбес саласы ретінде ұғындыру.

  • Толық мәніндегі тілдік білімнің мақсаты жалаң ережелерді, жекелеген тілдік дағдыларды меңгерту емес, тілдің өмірлік процесінің интенсивтілігін ұйымдастыру арқылы баланың ана тілінде сөйлеуге деген мүдделілігін ояту, баланың ішкі сөйлеу тілінің пайда болуына алғышарт жасау. Өйткені, «жас ұрпақ бойындағы рухтың өшуі – грамматикалық ережелер мен әдебиеттану анатомиясын» құрғақ оқытудың зардабы.

  • Тілдік білім жүйесін ана тілінің әр адам өмірінің табиғи нормасы екеніне негіздеу.

Осыған байланысты шұғыл түрде жүзеге асырылуы тиіс аса маңызды мәселе – оқу жүйесінде баланың өмірлік мүддесіне сай, соны қанағаттандыратындай мотивациялық технологияларды қалыптастырудың жаңа жүйесін анықтау жайы. Бұл әлемдік озық тәжірибеде дәлелденгендей, «пәндік-білімдік парадигманы тілге деген сүйіспеншілік парадигмасымен алмастыру арқылы шешіледі». Олай болса, «тілдің ұлттық мәдениеттің бір бөлігі ретінде оқу-тәрбие процесінің түп қазығы болатындығына», «оқушының дара тұлға ретінде дамытылуының, яғни білім жүйесіндегі демократиялықтың, ізгілендірудің, гуманитарландырудың жүзеге асуының бірден-бір тетігі ретінде ана тілінің меңгерілуіне» ерекше мән беру қажеттігі күннен күнге дәлелденіп келеді. Өйткені жалпы білім беретін мектептің басты мақсаты – дара тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау болса, сол тұлғаның басты көрсеткіші – сөйлеу әрекетін еркін меңгеруі, өз ойын ашық айта алуы ғана емес, сонымен қатар, оның өзіндік сөйлеу стилінің қалыптасуы. Қазіргі ана тілі сабақтарында тілдік қатынас жасау мәселесіне басымдылық берілуі – тілдің адам болмысы мен бірлігіне сүйеніп жасалған жаңа қадам.

Ең басты парадигманың бірі – тіл білімі саласында сөз мәдениетінің түп қазығы тілдік тұлға болуға тиіс деген антропоцентристік жаңа парадигма да оқушыны дамыту оның сөйлеу мәдениетін дамыту деген ұғыммен барабарлығын танытады. Себебі сөз арқылы баланың ойлау қабілеті, тыңдау қабілеті, қатысымдық қабілеті жітілдіріле отырып, түпкі нәтижесінде оның дара тұлға ретінде қалыптасуына жол ашады. Біз жалпы орта білім жүйесінің негізгі орта деңгейінде ұсынып отырған әдеби тіл нормалары мен бағдарлы мектептерде ұсынатын сөз мәдениеті негіздері тұтастай сол оқушының танымдық қабілеттерін шыңдауға, қатысымдық қабілетін қалыптастыруға бағытталады.

Сонымен, сөз мәдениеті қазіргі заман талабына сай гуманитарлық ғылымдардың дамуында баста тетік болып отырған жаңа парадигмалардың өзара үндесімінен туындаған білім мен тәрбиенің нәтижесі болып саналады.

Сөз мәдениетін оқыту – білім берудің басты бағыты болып отыр. Өйткені жалпы орта мектептер бағдарлы оқытуға бет алды және оқу мерзімі де ұзарды. Ал оның әлеуметтік тиімділігі неде болуы тиіс деген сұрақтың жауабын табу әрбір пән әдістемесінің негізгі мәселесіне айналды.

Отандық және шетелдік білім жүйесіндегі басым бағыттар мен тәжірибелерді қорыта келе, мектептің негізгі орта және жоғары деңгейлерінде қазақ тілі пәнінің білім мазмұны тілдік қатынастың жеке тұлға мәдениетімен бірлігіне негізделіп, жүйеленді. 5-9 сыныптар аралығындағы қазақ тілі пәнін оқыту үрдісінде оқушының тілдік білімі базасы аясында олардың қатысымдық іскерліктерін келешектегі өмірлік дағдыларына негіз болатындай бағытта жаңаша құру міндеті қойылды. Негізгі орта деңгейдегі ана тілінің сабақтарында әдеби тіл нормаларын меңгерту, дұрыс сөйлеу дағдыларын жетілдіру, өзара пікірлесу, ой алмасу дағдыларына төселдіруге басымдылық берілді. Сондықтан оқушылардың лингвистикалық дүниетанымын кеңейтуге бағытталған тіл білімі негіздері бойынша берілетін білімді оқушының шебер сөйлеу мәдениетімен сабақтастықта игерту көзделді. Онда тілдің ең орталық негізі СӨЗ деп алынып, сол сөзге қатысына қарай тіл салалары ішкі бірлігі мен күрделілік деңгейіне қарай жүйемен берілді. 10-сыныпқа дейін қазақ тіл білімінің негіздерімен жан-жақты таныс болып келген жеткіншектің игерген білімдерін біліктілік тұрғысында пайдалануға бағыт беріледі. Бұл оқушының жеке адами қасиеттерін, бейімділік қабілеттерін арттыруды көздейді. Сөз мәдениетін дәл осы кезеңдегі білім аясында таңдап алудың басты себептері мынадай:

Біріншіден, бүгінгі заман талабы іскер, белсенді, қандай жағдайда да өздігінен шешім жасап, жол таба білуге бейім адам тәрбиелеуді қажет етіп отыр. Сондықтан жалпы білім беретін мектеп қабырғасында әр оқушыны дара тұлға деп танып, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға алғышарт жасауға мән берілуі тиіс. Олай болса, білімнің мәні - өткеннің тәжірибесін танытып, пәндік іскерліктерді қалыптастыруында ғана емес, ең бастысы, оқушының өздік әрекетіне бағыт беруде, оны түрлі өмір жағдаяттарында дұрыс шешім қабылдай білуге үйретуінде.

Мектеп бітіруші жас ұрпақ болашақтағы өз бағытын дұрыс белгілей алу үшін оларға берілетін білім өзегінде оқушының қабілеттілігін, іскерлік қасиетін дамытатын компоненттер қатар қамтылуы тиіс. Сонда ғана білім әлеуеттік күштен оқушы әрекетін дамытудың тетігіне, яғни практикалық қажеттілікті ақтайтын тегеурінді күшке айналады. Сондықтан жоғары деігейдегі жеткіншекке тілдің танымдық сипаты мен қатысымдық қызметін өмір-тіршілік жағдайларына сай етіп меңгертудің тиімді жолдарын айқындау көзделіп отыр. Бұл сөз мәдениетіне қарым-қатынастың нақты түрлері арқылы жүйелі баулу арқылы шешіледі. Тілдік мәдениеті, қарым-қатынас білігі қалыптасқан адам қай ортада да өзіне сенімді әрекет етеді, айналасындағылармен тіл табысуға қабілетті келеді. Ал тіл табыса алау –еңбек нәтижелілігінің ең қажетті шарты.

Екіншіден, тіл адам санасында шындықты бейнелеу мен жинақтау құралы болғандықтан, ол адамдардың интеллектуалдық әрекетінің де ерекше түрі болып саналады. Яғни тіл мен сөйлеу – адам болмысының, оның жалпы табиғатының көрсеткіші. Бұл тұжырым оқушының қатысымдық дағдыларын дара тұлға мәдениеті тұрғысынан қарастырудың артықшылығын көрсетеді. Олай болса, бүгінгі білім жүйесінде кең өріс ала бастаған мәдениеттану бағытының білім мазмұнымен анық та айқын кіріктірілуі қазақ тілі пәнінде оқушыға шебер сөйлеу мәдениетін үйретудің қаншалықты деңгейде шешілуімен қамтамасыз етіледі. Сондықтан 10-11-сыныптардағы білім мазмұнында сөз мәдениеті, пікірталас мәдениетіне қатысты білімдер қамтылды.

Үшіншіден, бүгінгі білім мазмұнында оқушыға теориялық терең мағлұмат берумен шектелмей, баланың өзіндік көзқарасы мен дүниетанымын қалыптастыруға қарай бейімделіп құрылуы тиіс деген қағида тұрғысынан келгенде әрі оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін ескерсек, нақты практикалық маңызы бар тілдік іскерліктерді жүйелі қалыптастырудың орны бөлек. Мұндағы басты талап ой-пікір алмасудың, сөз мәдениетіне жетік болудың тиімді тәсілдерін, оқыту құралдары мен түрлерін, жолдарын анықтауды керек етеді. Жеткіншек сөз әлемінің өзіне беймәлім ықпыл-жықпылдары бар екенін, одан әркім өзінше жол тауып шығуы керек екенін мойындататын схоластикалық идеалды малданып отырмай, өзі сол сөйлеу қажеттігімен бетпе-бет келгенде не істей алар едім деген сауалға жауап табуға қажетті білім-біліктерді меңгеруіне икемделген оқыту жүйесі қажет болды. Міне, сол себепті де оқушының өзін әр түрлі тілдік жағдаятта сынай отырып, дұрыс шешім табуға ұмтылыс үстінде толқу, толғану сезімдерін бастан кешіруге, нақты тапсырмалар арқылы сынға түсуге мәжбүрлейтін, нақты әрекет еткізуге орайласатын оқу үрдісінде ғана баланың ойы да, тілі де дамитыны хақ. Бұл оқыту жүйесінде сөз мәдениеті үлгілерін дұрыс пайдалануға үйретуге, оларды өз білігін жетілдірудің тиімді құралы етіп қолдана алуға төселдірумен ұштасып жатыр. Сөздің мазмұнын түсіну оқушының логикасын дамытумен қатар оған қалай сөйлеудің нақты жолын түсінуге де жол ашатын болса, бірде таныс, бірде бейтаныс жағдаяттарда баланың өздігінен шешім жасауына мүмкіндік беру оның өмірлік дағдыларының тұрақты қалыптасуына жол ашады. Әсіресе, жоғары сынып оқушысы үшін темірдей теорияларды қайталаудан өздігінен ой түйіндерін жасау, жеке ойларын жеткізе білу қызықтырақ. Өйткені бұл жастағы оқушылар қандай жағдаятта да өз бетімен жол табуға құштар келеді. Оның үстіне ХХІ ғасырдың адамы үшін білімнің сипаты мен тиістілігі емес, өзінің оқу еңбегінің қандай нәтиже беретіні маңыздырақ. Яғни бала нені білетіндігіне емес, не істей алатындығына мән береді. Бұл қазіргі таңдағы құзіреттілікті оқу нәтижесі ретінде белгілеп отырған кезеңдегі ең тұғырлы мәселе болып саналады. Егер тұрлаусыз уақыттың сынынан сүрінбей өтудің бір шарты, өзгермелі дүние жағдайына қажетті бейімділіктің тетігі – тіл табысу, өз көзқарасын айқын дәлелдей алу болса, онда соған қажетті тілдік талғамды, сөйлеу қабілетін тек тәжірибелік сын арқылы дамытуға болатыны да ақиқат шындық. Сондықтан да сөз мәдениетіне баулу, ана тілін сүюге, құрметтеуге үйрету теория түрінде емес, жүйелі түрде ұйымдастырылатын дара тұлғаға бағдарланған оқыту үдерісінде білім мен біліктің бірлігінен туындайды. Теория қанша тегеурінді болғанмен, оның мәні адамның өмір қажетіне айналуында.

Төртіншіден, тәуелсіз мемлекеттің өз мектебінің білім мазмұнының макромоделі «Тарих – Білім – Мәдениет» үштағаны түрінде құрылуы дәйектеліп отыр. Сондықтан қазақ тілінің жаңа білім мазмұнында ұлттық дәстүр мен жалпыадамзаттық құндылықтар бір-бірімен түйісіп, өзара сабақтасып берілуі де маңызды талаптардың бірінен саналады. Олай болса, тілді оқытуды баланың қарым-қатынас жүйесіндегі сөз әдебімен, жазба тіл мәдениетімен орайластырудың негізінде де жас ұрпақтың бойына халықтық салт-сана мен жаңа деңгейдегі мәдени талаптарды қатар сіңіру; оларды тілдік талғампаздыққа үйретудің бүгінгі уақыттың жаңа талаптарымен, білімді ізгілендіру, демократияландыру тенденцияларымен тамырластығын жүзеге асыру арқылы қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік маңызына көз жеткізіледі. Оқушының өз тіліне деген құрмет сезімдерін ояту мақсат етіледі.

Бесіншіден, ана тілін оқытудың мәні мен әлеуметтік қызметі – тілдің табиғи әрі ең басты қызметі – қарым-қатынас құралы екендігіне көз жеткізу. Бұл оқушының сөйлеу әрекетін дамыту арқылы жүзеге асады. Психологияда сөйлеудің әрекет түрі ретінде дәйектелуі тілді оқыту әдістемесінде де бұл тұжырымды әдіснамалық тұғыр ретінде пайдалануға негіз қалады. Сөйлеу практикалық әрекет ретінде тілдік білімнің түпкі нәтижесі, адам қажетін өтеудің басты тетігі деп белгіленді. Сондықтан оқушыны өз ойын сөз мәдениеті талаптарына сай айта алуға үйретуге басымдылық беріледі. Сөйлеуге үйрену – тілдік білімнің оқушы қажеттігімен үйлесуі. Сол себепті оқу бағдарламаларындағы материалдар логикалық-семантикалық ұстаным негізінде сөз мәдениетімен шешендік өнердісабақтастықта ұсынылады.

Қорыта айтқанда, негізгі және жоғары сыныптардағы қазақ тілінің білім мазмұнын анықтауда тілдің танымдық, қатысымдық, кумулятивтік, т.б. қызметтері қатар ескеріліп, оқу материалдары соған сай практикалық бағыттылық, коммуникативтік белсенділік, қоғам талабы мен оқыту жүйесінің бірлігі, интеграция, жүйелілік, сабақтастық, т.б. ұстанымдары негізінде іріктеліп алынды. Тілдік білім мен білік негізінде оқушының жеке тұлғалық мәдениетін қалыптастыру міндеті алға шығарылды. Бұл білім берудің жаңа деңгейіндегі адам - қоғам қатынастарындағы жалпыадамзаттық өркениет пен ұлттық құндылықтарды сабақтастыру мақсатына да сай келеді.

Мемлекеттік мәртебеге ие болған қазақ тілінің беделін көтеру сол тілдің даму жүйесін, қоғамдық-әлеуметтік рөлі мен қызметін, тілдің діл қалыптастырушылық маңызын, оның ұлттық құндылық ретіндегі мәнін жас ұрпақтың саналы түсінуіне байланысты. Тілдің қатысымдық және прагматикалық қызметі оның қоғамдық-әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі және шешендік үрдістегі рөлін танытуға бағытталған материалдар негізінде меңгертіледі. Бұл қазақ тілінің қоғамдық сұранымға сай жаңаша оқытылуын қамтамасыз етеді.

Жаңартуларды қажет етіп отырған жаһандану жағдайында білім беру жүйесіндегі ана тілі пәнінің әлеуетін (потенциялын) көтерудің өзегі болып табылатын бұл тұғырнамалық түйіндеулердің мәнін дұрыс ажырата білу шарт. Әлбетте, қандай да болсын жаңашылдық осы уақытқа дейін жасалған ғылым қорындағы барымызды барлап, соларға нық табан тіреу, ондағы жаңа заманмен үндестікті саралау арқылы өз арнасын табады. Қазақ мектептеріндегі ана тілін оқытудың бүгінгі күнге дейінгі жетістіктері мен әлі де жетілдіре түсуі тиіс мәселелерін зерделей отырып, оның теориялық та, практикалық та тұрғыдан жетілдірілуіне, білімді құндылықтық жүйе түріндегі күтілетін нәтижеге бағыттай ұйымдастыруға тірек болатын мынадай лингводидактикалық қағидалар нақтыланды көрсетуге болады:

1. «Ана тілінің басты мақсаты – оқушының тіл сезімін дамыту» қағидасы. Бұл оқушының осыған дейінгі игерген сөздік қорын тірек ете отырып оның тілін байыту арқылы шешіледі. Ана тілі сабағында меңгерілетін тіл оқушы үшін жат болмауы тиіс, оның ішкі қажеттіліктерімен үндесуі, ойластырылуы қажет.

2. «Ана тілі сабақтарында бала білімді тәжірибе арқылы өзі алуы керек. Мұғалімнің міндеті – балаға жұмысты шағындап беру мен бетін белгіленген мақсатқа қарай түзеп отыру» қағидасы. Бұл тілді меңгертуді бүгінгі білім берудегі – оқушыны субъект деп тануды көздейтін жаңа педагогикалық парадигмамен толық сәйкес келеді.

3. «Ана тілінен өтілетін әр тақырыптың беретін пайдасына оқушының көзін жеткізе оқыту» қағидасы. Бұл қазіргі әлемдік білім жүйесінде басшылыққа алып отырған оқытудың мотивациялық сипатын күшейту бағытымен өзектесіп жатыр. Әсерлі, көркем сөйлеуге талпыныс туғанда ғана оқушы өзінің сөз мәдениетін жетілдіру қажеттігін шын сезінеді.

4. «Ана тілі сабақтарында тілдің ғылыми негіздерін сапалы меңгерту үшін тектік, түрлік ұғымдарды бір-бірінен жігін ажырата оқыту» қағидасы. Бұл теориялық білімді оқушының коммуникативтік біліктілігінің базасы әрі оның ойлауын дамытудың көзі ретінде саналы түсінуінде маңызды рөл атқарады. Атап өтетін мәселе біздің қазіргі білім жүйесі пәндік білімді негіз етіп ұстанып отырған кезеңде бұл қағида ана тілін жалаң ережелерден арылтып, оқушының тіл туралы дүниетанымын кеңейтудің, тіл арқылы ойлауын, сөйлеу мәдениетін дамытудың кілті болып табылады.

5. «Ана тілін өз табиғатына сай оқыту» қағидасы. Бұл – қазіргі қазақ тілін ана тілі ретінде оқытуды түбегейлі өзгертудің тетігі болатын ұстаным. Кеңестік кезеңде өзге тілдің қалыбына зорлықпен таңылған қазақ тілінің бүкіл тілдердің әлемдік кеңістігінде қайталамасы жоқ ерекшелігін, даралығын, қасиетін барынша зиялылықпен, тереңдікпен танытуға мүмкіндік беріліп отырған тұста сапалы тілдік білім мен тілді сүюге тәрбиелеудің тізгінін ұстанатын осы қағида қатаң сақталуы тиіс. Өйткені «оқушының ұғымы ақпараттарды талдау, топтауу, салыстыру, жалпылау, жинақтау секілді логикалық әдістердің көмегімен оның ойлау әрекеті негізінде қалыптасады». Бұл әдістер тек сол тілді өз ерекшелігіне сай меңгеру нәтижесінде таным құралына айналады.

6. «Ана тілі арқылы ұлттық сана қалыптастыру» қағидасы. Бұл білім сапасының жетілдірілуінің ең басты факторы – оқушының қызығушылығын, ішкі қажеттілігін, мүдделілігін оятуды, яғни оқыту процесінің оқушы психологиясымен толық үндестіруді негіздейтін ерекше ұстаным. Тіл – ұлттық сананың шынайы көрінісі, ұлттық сана – сөз мәдениетін меңгертудің басты кепілі.

Міне, бұл қағидалар – жаңа заман талаптарымен толық үндесетін, қазақ тілінен берілетін білім сапасын күтілетін нәтижелер тұрғысынан жетілдірудің өзегін құрайтын және ана тілінің жалпы білім беретін мектептің оқу жүйесіндегі рөлінің маңыздылығын күшейтуге оң ықпал ететін ғылыми-әдістемелік түйіндер. Олардың тұтастығы сақталған жағдайда ғана ана тілін оқыту сапасын арттыруға, әлемдік озық үрдістермен сәйкес жаңа бағыттарды сөз мәдениетімен бірлікте саралауға жол ашылары сөзсіз.

Мәселен, 10-сыныпта «Сөз әдебі» тақырыбы аясында оқушыларға алдын-ала мынадай тақырыптардың ішінен өздері қалаған біреуіне танымдық материал дайындау тапсырылды:

1. Этикет – мәдениеттіліктің негізі.

2. Этикеттің тарихы.

3. Әр елдің салты басқа... (өзі қалаған ұлттың этикет нормалары туралы тұсаукесер).

4. Әлемде талай қызық бар...

5. Ым-ишараларды қолданудағы әдептілік нормалары.

6. Ұлттық салт-дәстүрлердегі әдептілік көріністері.

7. Әлем халықтарының амандасу әдептері, т.б.

Жұмысты орындауға қойылған талаптар:

  • жұптық жұмыс түрінде орындалуы тиіс;

  • жұмыстың кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдері болуы ескерілсін;

  • этикеттік сөз орамдары (сәлемдесу, өздерін таныстыру, сұрақ-жауап тәсілдерін қолдану; қоштасу) қолданылсын;

  • жұмыс ауызша қорғалуы керек;

  • жұмыста танымдық қызықты фактілер, мәліметтер қамтылуы қажет;

  • ең кемі он слайдтық материал дайындалуы қажет;

  • жұмысты екі оқушы бір-біріне кезек бере отырып таныстыруы тиіс, т.б.

  • регламент – 5-7 минут.

Оқушылар өздері қалаған оқушылармен бірігіп, таңдаған тақырыптары бойынша ізденіс жұмыстарын жүргізеді. Табылған материалдарын жүйелеп, тақырыпқа сәйкестендіріп, слайдтар әзірлейді. Нәтижесінде бірін-бірі толықтыратын қызықты әрі танымдық мәні ерекше терең мәліметтер жинақталады. Оқушылардың сабаққа қызығушылығы артады. Өздеріне деген сенімі күшейеді. Ең бастысы, әдеп нормаларының жасанды нәрсе емес, халықтың тіл табысуға деген мүддесінен туған, адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттейтін мәдениет талабы екенін түйсінеді. Бір-бірінің жұмысына 1-1,5 минут ішінде баға беруге тартылады. Бағалау өлшемдері алдын-ала оқушыларға таратылады. Онда жұмыстың тақырыпқа сай болуы; мазмұнының ашылуы; ауызша баяндалуы; этикеттік орамдарды орынды қолдана алуы, сұраққа жауап бере алуы бағалануы тиіс болады. Ең үздік жұмысты таңдау оқушылардың өз үлесіне қалдырылады. Мұндай жұмыстарды орындау кезіндегі оқушылардың тілдік дағдыларының қалыптасуы тұрғысынан келгенде ұтымдылығы мол болады. Атап айтқанда:

1. Оқушылар көпшілік алдында сөйлеу этикеті нормаларын меңгереді. Олар көпшілікпен сәлемдесу, өздерін таныстыру, бір-біріне сөз беріп отыру, сұрақтарға жауап беру немесе керісінше, өздері сұрақ қою әдептеріне төселді.

2. Слайдтардың көмегімен өз ойларын кеңейтіп айтуға үйренді.

3. Жүйелі сөйлеуге төселді.

4. Тосын сұрақтарға ауызба-ауыз жауап беруге дағдыланды.

5. Белгіленген уақытқа барлық ойын сыйғызып сөйлеуге үйренді.

6. Бір-бірінің жұмысына объективті баға беруге үйренеді.

7. Шығармашылық және өздік жұмыстарды орындауға мотивация қалыптастырылады.

Оқушының сөз мәдениетін меңгеруге деген қажеттігі адам бойындағы басқа қажеттіктерімен тығыз байланыста болады. Мысалы, егер адам қарым-қатынас жасауға мүдделі болса, онда оның өзін-өзі тануға деген қажеттігі де артады. Қарым-қатынас жасау үшін әркім өзін тани білу керек. Ол жеңіске деген ұмтылыс бар жерде тіпті өрши түседі. Бір нәрсеге жету үшін де адам алдымен өзінің әлеуетін бағалай алуы тиіс. Бұл тізбекті ары қарай шексіз жалғастыра беруге болады. Көптеген қажеттіктер мен әрекет түрлерінің жүзеге асуы өзін-өзі танумен, өзінің сөйлеу қабілетін жетілдірумен және оларға деген қажеттікпен өте тығыз байланысты.

Мақсат – болашақ нәтиженің алдын ала болжамдалған бейнесі болса, онда алдымен пәннің мақсатын, соған сай нақты сыныптардағы қазақ тілінің мақсатын, әр сабақтың мақсатын өзара сабақтастықта, бірлікте айқындаған абзал. Әр деңгейдегі қазақ тілі пәнінің басты мақсаты мен түпкі нәтижесін анықтаған тұста ғана оқушының сөз мәдениетін жетілдіруі мәселесі де бірте-бірте дамып толыға берері сөзсіз. Ендеше, сөз мәдениетіне қол жеткізуде қойылатын мақсаттар да бір бағытқа бағдарланғанмен, өз ішінде өзгешеленіп, әр түрлі қойылуы мүмкін, дегенмен, олардың бәрі оқушының тілдік біліктерін шыңдау барысында бірте-бірте қол жеткізілетін болашақ нәтиженің біртұтас бейнесін құрайды. Ұсынылған түрлі жағдаяттарға қатыса отырып, бала өзінің интеллектуальдық мүмкіндіктерін немесе мінез-құлық қырларын, зейіндік және қатысымдық қабілеттерін тани алады. Ең маңыздысы – өзіңнің бойыңдағы танылатын объектілерді немесе әрекетің мен болмысыңның сипатын тізбелеу емес, бастысы өзінің тілдік қабілетін дамыту үшін дәл бүгінгі таңда ненің мәндірек екенін анықтау қажеттігін сезінеді. Егер оқушы болашақтағы мамандығына таңдау жасаса, мұндағы басты мәселе - осы таңдалған салаға сай өз қабілеттерін дұрыс бағалай алу. Егер бала бір адаммен танысып, достасуды қаласа, онда ол үшін мәнді нәрсе – өзінің қатысымдық сапасын, өзгеге ұнайтын қасиеттерін, жақсы дос болу қабілетін тани алуға төселуі болмақ.

Адамды өзінің алдына мақсат қоюға не итермелейді? Әрине, оған өзіне сәйкес қажеттіктерде көрініс табатын әрекет мотивтері қозғау салады. Ондай мотив түрлерін үлкен екі топқа біріктіруге болады: 1) арнайы мотивтер, яғни шешен сөйлеу мәдениетін нақты жетілдіру әрекетінің негізінде жатқан мотивтер; 2) жанама мотивтер, яғни сөйлеу мәдениетімен қосалқы байланысатын мотивтер.

Арнайы мотивтерге, бірінші кезекте, адамның дұрыс сөйлеуге деген мүдделілігі жатады. Мүдделілік – өз сөзін дұрыс бағамдаудағы эмоциялық - танымдық қажеттілік.

Қазақ тілін оқытудың әдістері мен тәсілдерін таңдауда төмендегідей талаптар қойылады:

  • диалогтік, полилогтік қатынастың қамтылуы;

  • әрекеттік-шығармашылық сипатының болуы;

  • білім алушының жеке басы дамуына сәйкестігі;

  • оқушының өздік және шығармашылық әрекетінің дамытылуы.

А.Дистервергтің «жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді» деген тұғырнамалық ұстанымына сүйенсек, балаға берілетін жұмыстардың дені оның өз сыныптасымен жұп болып я топ болып орындауына лайықталып берілуі тиіс. Сонда бала өзгелермен тіл табысуға, пікірлесуге кіші жастан дағдыланатын болады. Бұл қазіргі білім философиясында айтылып жүрген рефлексия ұғымына сай келеді. Яғни баланың дамуының, өзін-өзі бағалауының, қалыптасуының негізгі жолы оның ортасы екендігін дәйектейтін бұл ұстаным оқушылардың жоғарыда аталған жұптық, топтық әрекеттерінде шынайы түрде жүзеге асырылады. Бала үшін сыртқы ықпалдың әсерінен жұмыс істеуден гөрі әрекетке «өзінің еркінен тыс» тартылуы әлдеқайда пайдалы болмақ. Өйткені ондай әрекеттің жемісі де мол. Оқыту әрекетін біртұтас құрылым деп қарасақ, оқыту технологиялары сол бүтінді құрайтын аса маңызды элементтер болып саналады. Олардың өзара тәуелділігін түсіну, қажет жерінде тоғыстыра, тоқайластыра қолдана білу мұғалім шеберлігіне келіп тіреледі. Ал қазақ тілін оқытуда шешен сөйлеу секілді қажет те мәнді құзіреттілікке қол жеткізу үшін әр сабақ барысында оны жетілдіріп, дамытуға ең ыңғайлы, ең ұтымды тәсілдерді оңтайлы қолдану әдістемелік сауаттылықты қажет етеді.

Оқушының сөздік қорын үнемі байытып отыру – тілдік әрекет жасаудың негізгі мәселесі. Сөз қорынсыз тілдік әрекет болуы мүмкін емес. Сөздік жұмысы әр сабақ үстінде, жыл бойында, бүкіл оқу кезеңінде белгілі жоспармен, жүйемен жүргізілуді керек ететіні сондықтан. Сөздік қор сабақ сайын жаңа сөзбен толықтырылады. Сөз үйрену тілдік жағдаяттар жасалу арқылы, зейін аударудан бастап, тілдік әрекетке енуге дейінгі амалдарды қамтиды.

Кез келген адамның болашақтағы жолының қандай болмағы бала күнінде игерген білімі мен меңгерген дағдыларына, машықтарына тікелей тәуелді. Әсіресе, саналы білім алудың алғашқы басқышы саналатын бастауыш мектеп оқушының тұлғалық та, интеллектуалдық та дамуы ерекше серпінмен жүретін қуатты кезең ретінде бағаланады. Бастауыш мектеп балаға тек әріп үйретумен, оқуға, жазуға төселдірумен шектелмейді. Мұндағы басты жетістік – баланы ортада өмір сүруге, өз достарымен ғана емес, түрлі әлеуметтік топ құрамында өзінің орны мен рөліне сәйкес дұрыс қарым-қатынас жасай алу дағдыларын қалыптастыруымен құнды. Яғни баланың жалпы адами қасиеттерін әлеуметтік жағынан жетілдіру алға шығарылады. Бұл кезде бала «тіл үйренумен қатар тілдің көп ұғымдарын, ойларын, сезімдерін, сөйлеу үлгілерін, ой пәлсафаларын да меңгереді». Келесі деңгейлерде бұл қабілет дамытыла береді. Негізгі және жоғарғы сыныптарда оқушы жекелеген сөздердің ғана емес, тіпті астарлай айтылған сөйлемдер мен мәтіндердің, мақал-мәтелдер мен нақыл сөздердің астарындағы ойды аршуға талпыныс жасайды. Олар сол сөздің мағынасын ғана емес, оның тәрбиелік қуатын таниды, ұсынылып отырған тапсырмаға сай өз қажетіне пайдаланады. Өзгелермен пікірлесу, пікірталастыру барысында алған білімі мен дағдысын қару етіп жұмсауға төселеді. Сөзді түсіну қабілеті енді өз пікірін дәйектеу, дәлелдеу, тұжырымдау мақсаттарына қызмет ететін болады.

Бағдарлы мектептегі білім мазмұнының «Сөз мәдениеті және шешендік» болып аяқталуы бірізділікке құрылған және қарапайым ұғымдар мен дағдылардан басталатын оқушы білімінің түпкі нәтижесінде оның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, сол көзқарасы мен жеке ой-тұжырымдарын барлық уақытта мәдениетті жеткізе алуына, өмір жағдайларында жиі ұшырасып жататын әр қилы пікірталастарды өзіндік пайымдауларын шеберлікпен айта алуына, көпшілік алдында қандай тақырыпта да шешендікке қойылатын талаптарға орай терең мазмұнды, жүйелі, дәйекті, мәнді сөйлей алуына әкелетін үйрену сатылары арқылы бала бойындағы қабілетті ашу міндеттерімен ұштасып жатыр.

Қазақ тілі сабақтарында оқушыларды топқа бөліп, мектептегі ұйымдастырылып жатқан тіл апталығының жоба-жоспарын әзірлеу тапсырылады. Олар іштей рөлдерін бөлісіп, апталықтың жоспарын құруы тиіс. Немесе оқушылар өз мектептерінің мерейтойының ашылу салтанатында сөйленетін сөздің мәтінін дайындау үшін бірлесіп әрекет етеді. Бұл жағдайлардағы талаптар: 1) жағдаятқа сай мәтін түрін анықтау; 2) мәтіннің мазмұндық-құрылымдық жүйесін нақтылау; 3) қажетті тілдік құралдарды іріктеу; 4) нақты нәтиженің ұтымдылығын дәлелдеу. Яғни әр топ мүшелері өз нұсқаларының артықшылықтарын дәйектеп беруі тиіс.

Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың белсенділігін арттыруға ықпал ететін жұмыстардың бірі – жағдаяттық тапсырмалар. Нақты жағдаяттарға шығармашылықпен келу қажет. Әдетте жағдаяттар сипаты жағынан үш түрге жіктеліп беріледі:

1.Таныс жағдаят. Оны шешуде ұқсас үлгілерді басшылыққа алуға болады. Сондықтан олардың шешімі де, әдісі де стандартты болып келеді. Мәселен, а) поездағы серігіңізбен танысып, жөн сұрасыңыз. Тілдік тапсырма: қажетті сөз орамдарын дұрыс қолдану.

2. Ұқсас жағдаят. Дәлме-дәл бірдей болмағанмен, көп ұқсас белгілері бар, түпкі негізі де ортақ болып келетін жағдаяттарды өзара салыстыра отырып, нақ осы жағдаятқа қажетті ең оңтайлы шешімді таба білу де оқушылар үшін үлкен сын. Көшеде немесе отбасыңызда досыңызды танысыңызбен немесе туыстарыңызбен таныстырыңыз.

3. Бейтаныс жағдаят. Бұрын-соңды өмір тәжірибесінде кездеспеген тың да тосын жағдаятты басқа бір құбылыспен салыстыруға болмайды. Әйткенмен, шешілмейтін мәселе жоқ екендігін ескеріп, оның жолын табуға ұмтылу қажет. Өз ауылыңызда өсетін өсімдіктің шипалық қасиеті туралы жарнама беріңіз.

Асылы, оқу үдерісінде оқушыларға таныс, шынайы өміріне жақын, бұрын кездескенмен, білімі мен білігінің кемдігінен шеше алмаған жағдаяттарды таңдаған жөн. Оқу тәжірибесі ойдан шығарылған, жасанды жағдаяттардың оқушылар тарапынан дұрыс қабылданбайтынын көрсетіп отыр.

Кейде жағдаяттарды қосалқы ақпараттармен толықтырып, күрделендіруге де тура келеді. Осындай тапсырмалар арқылы көп ақпараттың ішінен оқушылардың өзіне ең қажеттісін іріктеп алуына, өз шешімін жасауына мүмкіндік туғызуға болады. Жаңа жағдаяттарды ұсынғанда оқушылар оны шешудің әлденеше нұсқасын табуы да мүмкін және олардың бәрінде де дұрыс ой-пікірлер кездесуі ғажап емес. Міне, мұндай жағдайда мұғалім мен оқушылар бірлесе отырып, сол нұсқалардың ішіндегі ең ұтымдысы, тиімдісі қайсысы екенін анықтауы көп нәтижеге жеткізетіні хақ. Осы арқылы оқушылар тиімді шешімді бірлесе іздеп табу кезінде шығармашылықпен әрекет ететін болады.

Талданған жағдаяттың қажеттігін сезінудің ең басты тиімділігі – білім алушының осыған ұқсас жағдаяттарға кездескенде пәнді оқу кезінде меңгерген білімін қолдана білетініне деген сенімділікке ие болуы.

Сабақтарда нақты жағдаяттарды ұйымдастырудың мынадай сатылары бар:

бірінші –талдауға ұсынып отырған мәселеге оқушыларды «енгізе» алу. Мұғалім мұнда тақырыптың өзектілігін, маңыздылығын, оқушының өмірімен байланысын негіздеп бере алуы қажет;

екінші – нақты жағдаяттың міндетін зерттеп, дәл қоя білу, оны оқушылардың өзімен ақылдаса отырып бағалау, дайындық жасау, пікір туғызу, оны бірлесіп шешіп, көпшілік алдында қорғау;

үшінші – жағдаят бойынша топтық және жеке жұмыстар жүргізу. Педагогтің рөлі оқушылардың әрекетіне бағыт беру, олардың сұрақтарына жауап беру;

төртінші – топтық пікірталас: нақты жағдаяттарды талдау нәтижелерін баяндау, түрлі көзқарастарды талқылау, талдау нәтижелерін бағалау, ең таңдаулы шешімді анықтау;

бесінші – қорытынды әңгіме; берілген нақты жағдаяттағы қабылданған шешімдерді қорытындылау және практикалық кеңестер беру.

Сөйлеу мәдениетіне апаратын бір жол – сөйлеуге үйренудің міндеттерін шешу үшін:

а) жеке тұлғаның танылатын субъектімен диалог жүргізуіне мүмкіндік беретін проблемалық жағдаяттар ойлап табу, тапсырмалар беру қажет;

ә) жағдаяттарды, тапсырмаларды шешкізу арқылы оқушылардың танымдық, ойлау және ізденімдік қызметтерін жандандыру нәтижесінде өзінің мінез-құлқына, жасаған әрекеттеріне, сондай-ақ табиғи және жасанды жағдаяттардағы өзгелердің де іс-әрекеттеріне талдау жасата отырып, оқушының өзіндік тілдік қабілетін тануға мүдделілігін арттыру керек;

б) «Сөз мәдениетінің» әрбір тақырыбы аясында дара тұлғаның өзіндік шығармашылық әрекетін дамыту мақсатын көздейтін проблемалық сұрақтар мен тапсырмаларды ыждағаттылықпен анықтап жүйелеу қажет.


37