СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

ҚМЖ.Отын энергиясы, 8 сынып

Категория: Физика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Физика пәнінен 8 сыныпқа арналған "Отын энергиясы" тақырыбында қысқа мерзімді сабақ жоспары. 

Просмотр содержимого документа
«ҚМЖ.Отын энергиясы, 8 сынып»

Сыныбы: 8 «А», 8«В», 8«Г»

Пәні: Физика

Сабақтың тақырыбы:

Отынның энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы.

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға жылу мөлшері ұғымын қалыптастыруды жалғастыру, отын жанғанда бөлініп шығатын энергия, механикалық процестердегі энергияның сақталу және айналу заңы туралы түсінік беру.

  • Отынның энергиясы, отынның меншікті жану жылуна есептер шығару арқылы логикалық ойлауларын дамыту

  • Оқушыларға тақырыпты түсіндіре отырып, есептер шығару жолдарын үйрету.

  • Оқушылардың өз бетімен білім алуына жағдай жасап, таным белсенділігін арттыра отырып, тақырыптың мазмұнын ашу.

  • Оқушылар пәнге деген қызығушылықтарын топпен жұмыс жасау арқылы ояту.

  • Оқушылар топта жұмыс жасау арқылы бірін-бірі сыйлауға, бір-бірінің пікірін тыңдай білуге тәрбиеленеді.

Негізгі идеялар:

Денені қыздыруға қажетті энергияны отын жаққанда алады. Қарапайым отын – көмір, мұнай, бензин және тағы басқаларының құрамында көміртек бар. Жану кезінде көміртек атомдары ауадағы оттектің атомдарымен қосылып, көмірқышқыл газының молекулаларын құрайды. Нәтижесін мол энергия бөлінеді (35 - сурет)



Массасы 1 кг отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін көрсететін физикалық шаманы отынның меншікті жану жылуы деп атайды.
q – отынның меншікті жану жылуы. Өлшем бірлігі 1 Дж/кг.
Кез келген массасы m отын толық жанғанда бөлінетін Q жылу мөлшерін есептеу үшін q меншікті жану жылуын жанған отынның массасына көбейту керек:

Q=qm

Жұмыс-work

Жылу өткізгіштік-heat conductivity

Жылу мөлшері-quantity of heat

Ішкі энергия-internal energy

Бастапқы температура-reference temperature

Артады-up

Кемиді-down

Калория-calorie

Меншікті жылусыйымдылық-specific heat

отынның меншікті жану жылуы –specific heat of combustion

Күтілетін нәтиже:

  • Отынның энергиясы, отынның меншікті жану жылуы туралы және олардың өлшем бірліктері мен шарт белгілірі туралы мағлұмат алады

  • Отынның меншікті жану жылуына есептер шығару арқылы логикалық ойлаулары дамиды

  • Топта бағалай алатын болады

  • Сыни ойлауы дамиды

Уақыты

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушылар іс-әрекеті

Ресурстар, көрнекі құрал жабдықтар

2 мин

І. Сабақ барысы:

1.Оқушылармен сәлемдесу

2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

3. Түгелдеу

4. Топқа бөлу


1.Оқушылар топтарға бірлеседі.


7 мин

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1. Жылу мөлшері дегеніміз не?
2. Жылу мөлшері неге тәуелді? Мысалдармен түсіндір.
3. Ішкі энергия мен жылу мөлшерін қандай өлшем бірліктермен өлшейді?
4. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы нені көрсетеді?
5. Заттың меншікті жылу сыйымдылығының бірлігі қандай? Денені суытқандағы жоғалтқан жылу мөлшерін қай формуламен есептеуге болады?
6. Үйге берілген есептердің шығарылуын түсіндіру.

2. Оқушылар мұғалімнің берген сұрақтарына жауап береді.


17 мин

ІІІ.Тапсырма

Ролдерге бөлініп, «Жигсо» әдісі арқылы оқулықтағы «Отынның энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы» тақырыптарын 3 ке бөліп береді.

Оқушылар 5 ролді: лидер, баяндамашы. Хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтайды.

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бағалау парағын жүргізеді.

Әр оқушы өзіне жүктелген ролдің міндеттерін атқарады. Дәптерге керек анықтамалар мен формулаларды жазып отырады. Топ пікірлерін тыңдау.

Оқулық

10 мин

5. Тапсырма

Жеке жұмыс. Есептер шығару. Есептер шығару.
1 – деңгей.
 7 - жаттығу.№1, №2, №3 №4
2 – деңгей.
1. Массасы 20 кг құрғақ ағаш толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшері: (Құрғақ ағаштың меншікті жану жылуы 1, 0•107 Дж/кг).
A) 2•10 - 6Дж. B) 2•107Дж. C) 2•102Дж. D) 2•108Дж. E) 5•105Дж.

2. Ұзындығы 100 м, ені 6 м, тереңдігі 2 м бассейндегі суды 150С - тан 250С - қа қыздыру үшін қажетті жылу мөлшері (с = 4200 Дж/кг•0С)
A) 4•108 Дж. B) 400 кДж. C) 5, 04•1010 Дж. D) 400 Дж. E) 20 кДж.

3. Отынның меншікті жану жылуы деп
1) отынның толық жануы
2) отынның жануы

4. Массасы 1кг отын түгел жанғандағы жылу мөлшері

5. 1954ж салынған бірінші атом электростанциясы 1 күнде массасы 30г ядролық жанғыш зат шығарғанда қанша жылу береді? ( q=8*10кДж/кг)
1) 9, 2*10кДж 2) 10кДж 3) 2, 4*10кДж 4) 2, 4*10кДж 5) 4, 6*10кДж

6. Жылуы 2, 3*10Дж энергия алу үшін қанша бензин жағу керек?
1) 10кг 2) 5кг 3) 3кг 4) 15кг 5) 8кг

Оқушылар мұғалімнің берген есептерін орындап, жұпта бір-бірін критерий қою арқылы бағалайды.

Дәптер, қалам

Критерий:

1.Тапсырмалардың толықтығы

2. Есептің берілгенінің дұрыс құрылуы

3. Нәтиженің дұрыстығы.

5 мин

Жұмбақтар шешу арқылы сергіту әдісі

  1. Көк аспанның төрінде

Бұлттар жүзіп барады

Күн күркіреуі тегін бе?

Жаңбыр неге жауады?

 Жауабы: Булану, конденсация есебінен,

Көктен жаңбыр жауады дер едім мен.

Ауаның да біркелкі қызбауынан,

Тағы оның себебін көремін мен.

  1. Жылдың төрт мезгілінде де,

Мазасыз жел соғады.

Әлде бұл өздігінен бе?

Себебі, бұл неден болады?

 Жауабы: Температура бірдей болмай ауадағы,

Жылы ауа ағыны таралады.

Конвекция процесі пайда болып,

Біздіңше ол, жел соқты деп саналады .

  1. Қыста аспан түнеріп,

Қар жауады себелеп.

Себебін бізде білелік,

Сұрақ қойдың «неге» деп.

 Жауабы: Қыс күнінде қардың жауу себебін,

Ауадағы су кристалдануы дер едім.

Жерге қарай оның құлап түсуін,

Ауырлық күші әсерінен көремін.

  1. Отынды жаздай қураған,

Пешке неге жағады?

Үйлердегі мұржадан,

Түтін неге шығады?

 Жауабы: Отынды жақсаң қураған,

Конвекция процесі жетегімен.

Түтін шығады мұржадан,

Жалпы ауаға ілесіп, көтерілген.

Оқушылар мұғалімнің берген сұрақтарына жауап береді.

Қосымша материал

3 мин

6.Тапсырма

Кері байланыс

Не үйрендім, не қиын болды, сұрақ

Ақ парақ, қалам

1 мин

Үй тапсырмасы


Оқулықтан «Отынның энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы» тақырыбын оқу. Қосымша материалдардан іздену

 7 - жаттығу. №5, №6, №7, №8.

Оқулық, интернет, дидактикалық материалдар