СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Химиядан ашық сабақ

Категория: Химия

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

  • Өнеркәсіптік крекинг әдісі орыс ғалымы В. Г. Шухов ұсынды. «+»
  • Таскөмір мұнай құрамында болады «-»
  • Мұнай суда ерімейді «+»
  • Ректификациялық бағананы биіктігі 35 м. дей болады. « +»
  • Қазақстанда кокс Атыруда өндіріледі «-»
  • Бензинді ароматтау үрдісін кокстеу деп атайды «-»
  • Бензиннің қопарылыс түрінде жануы тотығу деп те аталады. «-»
  • Машиналарды тез оталдыру үшін газды бензинді кәдімгі бензинге араластырады. «+»
  • Таскөмір құрамында 65-70% көміртек болады «+»  

Просмотр содержимого документа
«Химиядан ашық сабақ»

Күні: 27.04.2017ж. тексерілді:

Сыныбы: 9 б

Сабақтың тақырыбы: §50-51.Мұнай.Таскөмір

Білімділік- Қазақтың қара алтыны атанған мұнайдың құрамы мен жер қыртысында таралуына тоқталу,туған өлкедегі қазба байлықтар мекенін таныстыру.

Дамытушылық- Мұнайды айдау кезінде алған өнімдердің қолданылатын салалары мен қатты отынның түрлері жайлы мәліметті дамыта оқыту

Тәрбиелік- Мұнай өндіргендеі шыққан қалдық заттардың қоршаған ортаға зиянды әсернінің алдын алуға тәрбиелеу

Сабақ турі: жаңа сабақ

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларда түгендеу

Сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсатымен таныстыр

II.Оқушылардың үй тапсырмасы бойынша білімін тексеру.

«Ой шақыру». Миға шабуыл түрлі әдіс тәсілдер арқылы үй тапсырмасын сұрау. Мазмұндау, Сұрақ – жауап, тест сұрақтары арқылы

§49 Көмірсутектердің табиғи қорлар

Сұрақ – жауап
1. Көмірсутектердің табиғи көздерін ата..
2. Табиғи газдың негізгі құрам бөлігі? (СН4)
3. Табиғи газдың мұнайға серік газдардан қандай айырмашылықтары бар?
4. Қазақстандағы ірі газ, мұнай, тас көмір кен орындары туралы не білесіңдер?
5. Табиғи газдың құрамында метаннан басқа мына газдар бар: этан, пропан, бутан;
6.Қандай орындарда өнеркәсіпте табиғи газдың маңызы бар.

7.Құрғақ газ дегеніміз?

Тест сұрақтары:

1. Көмірсутектер қайда кездеседі:

а) табиғи және мұнайға серік газдар құрамында;

б) суда;

в) мұнайда;

г) жасыл өсімдіктерде;

д) таскөмірде

2. 1 т мұнай өндіргенде қанша мөлшерде серіктес газ бөлінеді:

а) 45 м3; б) 50 м3; в) 55 м3; г) 40 м3; д) 60 м3

3. Табиғи газдың негізгі құрам бөлігіне кіретін газ:

а) пентан; б) бензол; в) гексадиен;

г) метан; д) декан е) пропан с)бутан
4. Табиғи газ жанғанда ауаға қандай заттар бөлінеді:

а) су мен көмірқышқыл газы;

б) оттегі мен метан;

в) су мен азот;

г) көмірқышқыл газы мен оттегі:

д) табиғи газ жанбайды
5. Қазақстанда табиғи газ қорлары қай облыста шоғырланған:

а) Шығыста:

б) орталықта;

в) батыста;

г) оңтүстікте;

д) солтүстікте
6. Табиғи газ құрамында метан мөлшері қанша мөлшерде болады:

а) 80 - 97%;

б) 10 - 15%;

в) 15 - 30%;

г) 35 - 48%;

д) 53 - 71%

тест жауаптары

1 - а, в, д
2 - б
3 – г,е
4 - а
5 - в
6 - а

III.Жаңа тақырыппен таныстыру.

Табиғатың әсем көркем,
Мұнайлы аймақ, бай өлкем.
Байлыққа толы қойнауы,
Мұнайлы өлкем – Қазақстан.
Табиғи көмірсутектердің ішіндегі ең маңызды қосылыс – мұнай мен таскөмір

Қызығушылықты ояту. «Қазақстан мұнайының шығу тарихы» деректі фильмінен үзінді көрсетіледі.

Мағынаны тану. Жеке,жұпта,топта талқылайды, ортақ ойды постер арқылы қорғайды. «Қағазға түспеген ой-жоғалған қазына». Д.И. Менделеев.

І топ: Мұнай құрамы мен қасиеті (ашылу тарихы)

ІІ топ: Мұнайды өндіру және қолдану

ІІІ топ: Таскөмір құрамы, кен орындары


Y.Сабақты пысықтау. Альтернативті тест

  • Өнеркәсіптік крекинг әдісі орыс ғалымы В. Г. Шухов ұсынды. «+»

  • Таскөмір мұнай құрамында болады «-»

  • Мұнай суда ерімейді «+»

  • Ректификациялық бағананы биіктігі 35 м. дей болады. « +»

  • Қазақстанда кокс Атыруда өндіріледі «-»

  • Бензинді ароматтау үрдісін кокстеу деп атайды «-»

  • Бензиннің қопарылыс түрінде жануы тотығу деп те аталады. «-»

  • Машиналарды тез оталдыру үшін газды бензинді кәдімгі бензинге араластырады. «+»

  • Таскөмір құрамында 65-70% көміртек болады «+»

Проблемалық сұрақ «Сіздіңше зауытты қай жерден салған дұрыс?»
Интерактивті тақтада қала, ауыл, өзен, құбыр және мұнай зауыты берілген. Оқушы экологиялық және экономикалық жағынан тиімді жерді таңдап, зауытты орналастырады және себебін түсіндіреді.

V.Бағалау. Үй тапсрмасы мен жаңа сабақ барысында белсенділік танытқан оқушылар бағаланады

VI.Үй тапсырмасы: §50-51.Мұнай.Таскөмір.


«Мұнай және химия». «Тас көмір және оның өнімдері» тақырыбында рефераттар жазу.




























  • Өнеркәсіптік крекинг әдісі орыс ғалымы В. Г. Шухов ұсынды.

  • Таскөмір мұнай құрамында болады

  • Мұнай суда ерімейді

  • Ректификациялық бағананы биіктігі 35 м. дей болады.

  • Қазақстанда кокс Атыруда өндіріледі

  • Бензинді ароматтау үрдісін кокстеу деп атайды

  • Бензиннің қопарылыс түрінде жануы тотығу деп те аталады.

  • Машиналарды тез оталдыру үшін газды бензинді кәдімгі бензинге араластырады.

  • Таскөмір құрамында 65-70% көміртек болады




  • Өнеркәсіптік крекинг әдісі орыс ғалымы В. Г. Шухов ұсынды.

  • Таскөмір мұнай құрамында болады

  • Мұнай суда ерімейді

  • Ректификациялық бағананы биіктігі 35 м. дей болады.

  • Қазақстанда кокс Атыруда өндіріледі

  • Бензинді ароматтау үрдісін кокстеу деп атайды

  • Бензиннің қопарылыс түрінде жануы тотығу деп те аталады.

  • Машиналарды тез оталдыру үшін газды бензинді кәдімгі бензинге араластырады.

  • Таскөмір құрамында 65-70% көміртек болады





  • Өнеркәсіптік крекинг әдісі орыс ғалымы В. Г. Шухов ұсынды.

  • Таскөмір мұнай құрамында болады

  • Мұнай суда ерімейді

  • Ректификациялық бағананы биіктігі 35 м. дей болады.

  • Қазақстанда кокс Атыруда өндіріледі

  • Бензинді ароматтау үрдісін кокстеу деп атайды

  • Бензиннің қопарылыс түрінде жануы тотығу деп те аталады.

  • Машиналарды тез оталдыру үшін газды бензинді кәдімгі бензинге араластырады.

  • Таскөмір құрамында 65-70% көміртек болады






































І топ: Мұнай құрамы мен қасиеті (ашылу тарихы)

Мұнай (персия тілінен neft- тұтанатын) – жанғыш, майлы, түсі – кен

орнына байланысты ашық қоңырдан қара- қоңырға дейін болатын, өзіне тән иісі бар сұйықтық. Ол судан жеңіл, тығыздығы 0,80- 0,95 г /см, суда ерімейді, органикалық ерткіште ериді.

Мұнай – органикалық заттар қоспасы, кен орындаына байланысты мұнайдың сапалық –сандық құрамы әртүрлі.

Кез келген мұнайдың құрамына үш түрлі, қаныққан, циклопарафин, арамат көмірсутектер кіреді. Мұнайда көмірсутектердің басқа қосындылары бар. Олар – органикалық қышқылдар, Н2S , күкірторганикалық қосылыстар. Шығарылатын мұнайда судан бөлгенде, өңдеуге жіберілетін тауарлық мұнай алынады.

2) Қазақстанда 160 мұнай кеніші бар. Олардың ішінде Атырау – Елебі және Маңғыстау алаптарында, Каспий мен Торғай қайраңдарынан табылған.

Ең сапалы кеніш “Елебі” – жоғары сапалы мұнай. Одан алынатын жоғары сапалы жағар май Ұлы Отан соғысы кезінде шешуші рол атқарған.

Елебі мұнайына шығарған Т. Жароковтың “Ана” өлеңі үңілсек:

“Бір шолсаң Алатаудың шыңдарынан,

Елебінің көз тұнбай ма мұнайынан!”

Ақын Елебі мұнайын Алатау деңгейімен салыстырып, көп екенін жырлайды.

Елебі мұнайында циклопарафиндер көп.

Маңғыстау мұнайында- қаныққан көмірсутектер қасиеттері де түсі де әртүрлі. Олардың қайнау, қату температурасы да әртүрлі. Грозный мұнайы –20 С — 10 С№ Сурахан мұнайы қатты суықта қатпайды. Баку мұнайында- циклопарафиндерге бай.

3) Ашылу тарихы. Мұнайды ең алғаш рет мәдениеті озық, мұнайға бай ертедегі шығыс халқы пайдалана білген. Юра мен Бор дәуірінде пайда болған мұнай біздің эрамызға дейін 2800-3500 жыл ертеде.

Иран халқы пайдаланған Суза қаласының маңынан табылған ескерткіштер дәлелдеп отыр.

Бұрын адамға түсініксіз табиғат құбылыстарының бірі жерден, не судан шығып жатқан от болатын. Жерден шыққан отқа таңырқап қана қоймай, үркіп “Құдайдың кереметі”, деген соқыр сеніммен отқа табынған. “Мәңгі оттар”, “Мәңгі шырақтар” деп атаған. Олар Апшерон түбегінде, Геранда көп болған.














ІІ топ: Мұнайды өндіру және қолдану

Мұнайды өңдеу әдістері:
• Физикалық әдіс: мұнарада мұнайды фракцияларға бөлу.ол мұнайды айдау әдісі деп аталады.
• химиялық әдістер: ауыр көмірсутектерді бөлшектеу арқылы жеңіл көмірсутектер алу немесе крекинг процесі және көмірсутектерді ароматтандыру немесе риформинг әдісі.
Мұнайды айдау кезінде түзілетін өнімдер
Газ  С1  - С4(60С0)                          Бензин С5  - С11(60 - 200С0)лигроин С8  - С14(150 - 250С0)             керосин  С12  - С18(180 - 300С0)газойль    С14  - С20(250 - 450С0)         мазут гудрон    С20(500С0)

Мұнай өңдеу – оның құрамындағы көмірсутектердің қайнау температурасына сәйкес булануына негізделген. Мұнай өңдеуге арналған қондырғы екі бөліктен тұрады.
1. Түтікті пеш – мұнда мұнай 450 0 – 5000 температураға дейін қыздырылады.
2. Ректификациялық колонна – мұнай өнімдері өздерінің қайнау температурасына сәйкес фракцияларға бөлініп жиналатын қондырғы.
Мұнайды өңдеп, ашық түсті өнімдерін алатын қондырғы атмосфералық қондырғы деп аталады. Бірақ мұнай өнімдеріне деген сұраныстың артуына байланысты тек айдау арқылы алынған жанармай жетіспейді.
Мұнайда айдаудың соңғы өнімі – мазут. Мазут – қара түсті, тұтқыр, қоймалжың масса. Оны қайта өңдеу арқылы әр түрлі жағар майлар, сольяр майы, түрлі машина майлары, парафин алынады. Ең соңғы қалдығы – гудрон, битум және асфальт жол жасауға қолданылады.
Мазуттың құрамы ірі молекулалы көмірсутектерден тұратын болғандықтан, оны жоғары температурада вакуумдық қондырғыда өңдейді. Қысымның және жоғары температураның әсерінен көмірсутектердің үлкен молекулалары бөлшектенеді. Бұл процесті крекингілеу деп аталады. (ағылшынша « бөлшектеу» )

Жалпы крекингі екіге бөлінеді:
1. Термиялық крекинг тек жоғары температура мен қысым арқылы алынады.
2. Катализдік крекингте айтылғандарға қосымша өршіткі қолданылады. Егер жоғары сапалы бензин алу керек болса, жоғары сапалы өршіткілер қолданылады.
Мысалы, палладий, платина сияқты асыл металдарды қолданса, ароматты көмірсутектері мол, сапалы бензин алынады. Бұл процесті риформинг деп аталады.
Бензиннің қозғалтқышта қопарылыс түзіп жануы детонация деп аталады. ( француз detoner – жарылу ), яғни жанған кезде дыбыс ырғағы бұзылады. Бензиннің детонациялану себебі құрамына байланысты болады. Егер бензин құрамында ароматты көмірсутектер, тармақты көмірсутектер көп болса, сапасы жоғары, ал ашық тізбекті көмірсутектер көп болса, сапасы төмен болады. Бензиннің сапасы октан санымен анықталады. Октан саны дегеніміз – бензиннің құрамындағы изооктанның мөлшері. Бензиннің АИ – 72, АИ – 76, АИ – 93, АИ – 98 деген түрлері октан сандарының әр түрлі екенін көрсетеді. Мұнайдан тек жанармайлар ғана емес, химиялық өнеркәсіпте қажетті көмірсутектерді де бөліп алады. Ал оларды өңдеу арқылы халықтың тұрмысына қажетті заттар өндіріледі.
Крекинг – молекулалы қосылыстарға ажырату. Бұл процесті алғаш орыс ғалымыВ.Т.Шухов ұсынды (слайд 19-20)

Термиялық крекинг С16Н 34 С8Н18 + С8Н16

С8Н18 С4Н10 + С4Н8

Катализдік крекинг (19 кесте оқулықтан)

Риформинг - ароматтандыру.

Гидротазарту- S,N қосылыстарынан тазарту.





































ІІІ топ: Таскөмір құрамы, кен орындары

Көмір – өсімдік қалдықтарынан түзілген жанғыш, қатты шөгінді кен жынысы. Көмір құрамында әр түрлі мөлшерде минералдық қоспалар (50%-дан аспайды) бар, ол басқа шөгінді кен жыныстарының арасында қабаттар түрінде кездеседі. Көмір үш генетикалық топқа бөлінеді: гумолиттерсапропелиттерсапрогумолиттер.

Олардың біріншісі – тек жоғары сатыдағы өсімдік қалдықтарынан, екіншісі – негізінен, төменгі сатыдағы өсімдік қалдықтарынан, ал сапрогумолиттер аралас өсімдік қалдықтарынан тұрады.

Химиялық құрамының, физикалық және технологиялық қасиеттерінің өзгешеліктеріне қарай көмір мынадай негізгі табиғи түрлерге ажыратылады: қоңыр көмір, таскөмір, антрацит. Көмірдің қасиеттері оның петрографиялық құрамына, көмірлену дәрежесіне және минералдық микроқұрауыштардың мөлшеріне байланысты болады. Көмірдің тығыздығы 0,92 – 1,7 г/см3 аралығында, бұл көрсеткіштің мәні күлділік азайған сайын төмендейді; қаттылығы Моос шкаласы бойынша 1 – 3 аралығында. Органикалық массасының элементтік құрамы көміртектің басымдылығымен (қоңыр көмірде 65%, антрацитте 98%), оттек (тиісінше 30-дан 1%-ға дейін) және сутек (6-дан 1%-ға дейін) мөлшерімен сипатталады.

Көмірдің басты технологиялық көрсеткіштері – ұшпа заттардың шығымы, біріккіштігі, күлділігі. Көмір – бағалы металлургиялық және химиялық өнеркәсіп шикізаты, отын ретінде кеңінен пайдаланылады; бітімі қабатты, түйіршікті, құрылымы біртекті және жолақты; түсі қоңырдан сұр қараға дейін, күңгірттен металл түске дейін жылтырайды. Көмір көп таралған пайдалы қазба. Қазақстанда аса ірі көмір кендері Қарағанды, Екібастұз көмір алаптарында орналасқан.[1]

Қазақстанда тас және қоңыр көмірдің мол қорлары бар. Республикада 200-ге жуық көмір кен орыны барланған. Қазақстан көмірінің жалпы геологиялық қоры 164,4 млрд. тонна шамасында бағаланады, оның ішінде: тас көмір 17,6 млрд. тонна, қоңыр көмір 92,8 млрд. тонна. Барланған қорлар 60 млрд. тонна шамасында, баланстан тыс қорлар 19,3 млрд. тонна. Олардың 63%-ы тас көмір (оның кокстелетіні 17%), 37% – қоңыр көмір. Республикадағы ең ірі көмірлі алаптар Орталық Қазақстанда орналасқан (ҚарағандыЕкібастұзМайкөбен). Ірі кен орындары – Шұбаркөл (қоры 2,2 млрд. тонна), Борлы (0,5 млрд. тонна), Самара (1,3 млрд. тонна), сондай-ақ, Теңіз-Қоржынкөл көмір алабы (шамамен 2,7 млрд. тонна). Торғай энергетикалық қоңыр көмір алабының қоры 52 млрд. тонна, оның барланғаны 7 млрд. тонна. Оңтүстік ҚазақстандаІле және Төменгі Іле қоңыр көмір алаптары орналасқан. Іле алабының геологиялық қорлары 14,8 млрд. тоннаға бағаланады, барланған қоры 0,9 млрд. тонна. Төменгі Іле алабының геологиялық қоры 9,9 млрд. тонна, оның 3 млрд. тоннасы барланған. Шығыс Қазақстанда Қаражыра (Юбилейное) (қоры 1,5 млрд. тонна), Кендірлік (1,6 млрд. тонна, барланғаны 250 млн. тонна) кен орындары белгілі. Кендірлікте көмірден басқа жанғыш тақтатастар бар. Оның жалпы қоры 4 млрд. тонна, барланғаны 20,3 млн. тонна. Қазақстанның батысындағы ең ірісі – Мамыт қоңыр көмір кен орны. Жалпы геологиялық қоры – 1,5 млрд. тонна, оның 0,6 млрд. тоннасы барланған.

Қазақстан Республикасының бүкіл дерліктей аумағын қара металл кендерінің алып кентастық аймағы ретінде қарастыруға болады. Мұнда оның бүкіл әлемге белгілі барлық генетикикалық және өндірістік, оның ішінде бірегей түрлері кездеседі. Қазақстанда кара металл кентастарының 1000-нан аса кен орындары мен кен білінімдері анықталған. Темір, хром, марганец пен титан кентастарының кен орындары игерілуде. Балансқа алынғаны 17 кен орны, баланстан тыс 11 кен орны бар. Темір кентасының жиынтық қоры 17 млрд. тонна. Оның 93% мөлшері бес ірі кен орында: ҚашарСарыбайСоколов, Әйет, Лисаковта шоғырланған. Бұл кен орындарының барлығы Солтүсік Қазақстанда (Торғай ойысының солтүстік-батыс бөлігінде) орналасқан. Орталық Қазақстанда пайдаланылып келе жатқан Батыс Қаражал, Үшқатын мен Кентөбе кен орындарының барланған қоры 300 млн. тоннадан асады. Оңтүстік Қазақстанда Иірсу (қоры 327,7 млн. тонна) мен Абайыл (28,3 млн. тонна) кен орындары барланған. Батыс Қазақстанда (Солтүстік-Шығыс Арал маңы) ең ірісі – баланстан тыс оолитті қошқыл теміртас кентасты Көкбұлақ кен орны (1,9 млрд. тонна), сонымен қатар титан-магнетитті кентастарының болжамдық қоры 1 млрд. тонна болатын Великов ірі кен орны бар. Қазақстан хромит кентасының қоры бойынша әлемде екінші орында. Балансқа алынғаны 21 кен орны (шамамен 230 млн. тонна). Қорлардың барлығы Кемпірсай кенді ауданында (Мұғалжар тауы) шоғырланған. Аса ірі хромит кен орындарының қатарына Алмас-Жемчужина кен орны жатады (қоры 100 млн. тоннадан асады).

Бұл алапта кобальт-никель кенінің де бай қоры бар. Қазақстанда марганец кентастарының баланстық қоры 400 млн. тоннадан асады. Болжамдық қорлары 850 – 900 млн. тонна деп бағаланады. Қорлар негізінен (99%) Орталық Қазақстанның Атасу кенді ауданында шоғырланған (Батыс Қаражал, Үшқатын, Үлкен Қытай, Қамыс кен орындары). Қаратау, Байқоңыр, Кіндіктас, Жетісу Алатауындағы көмір-кремнийлі тақтатас қабаттарында орналасқан ванадий кендері мен Батыс және Солтүстік Қазақстандағы, жердің беткі қабаттарында жатқан титан кендерінің де маңызы аса зор






1.Көмірсутектердің табиғи көздерін ата..










2. Табиғи газдың негізгі құрам бөлігі? (СН4)












3. Табиғи мұнайға серік газдардан қандай айырмашылықтары бар?



газдың








4. Қазақстандағы ірі газ, мұнай, тас көмір кен орындары туралы не білесіңдер?












5. Табиғи газдың құрамында метаннан басқа мына газдар бар: этан, пропан, бутан;















6.Қандай орындарда өнеркәсіпте табиғи газдың маңызы бар.














7.Құрғақ газ дегеніміз?








































1. Көмірсутектер қайда кездеседі:

а) табиғи және мұнайға серік газдар құрамында;

б) суда; в) мұнайда; г) жасыл өсімдіктерде; д) таскөмірде


2. 1 т мұнай өндіргенде қанша мөлшерде серіктес газ бөлінеді:

а) 45 м3; б) 50 м3; в) 55 м3; г) 40 м3; д) 60 м3


3. Табиғи газдың негізгі құрам бөлігіне кіретін газ:

а) пентан; б) бензол; в) гексадиен;

г) метан; д) декан е) пропан с)бутан


4. Табиғи газ жанғанда ауаға қандай заттар бөлінеді:

а) су мен көмірқышқыл газы; б) оттегі мен метан; в) су мен азот;

г) көмірқышқыл газы мен оттегі: д) табиғи газ жанбайды


5. Қазақстанда табиғи газ қорлары қай облыста шоғырланған:

а) Шығыста: б) орталықта; в) батыста; г) оңтүстікте; д) солтүстікте

6. Табиғи газ құрамында метан мөлшері қанша мөлшерде болады:

а) 80 - 97%; б) 10 - 15%; в) 15 - 30%; г) 35 - 48%; д) 53 - 71%





1. Көмірсутектер қайда кездеседі:

а) табиғи және мұнайға серік газдар құрамында;

б) суда; в) мұнайда; г) жасыл өсімдіктерде; д) таскөмірде


2. 1 т мұнай өндіргенде қанша мөлшерде серіктес газ бөлінеді:

а) 45 м3; б) 50 м3; в) 55 м3; г) 40 м3; д) 60 м3


3. Табиғи газдың негізгі құрам бөлігіне кіретін газ:

а) пентан; б) бензол; в) гексадиен;

г) метан; д) декан е) пропан с)бутан


4. Табиғи газ жанғанда ауаға қандай заттар бөлінеді:

а) су мен көмірқышқыл газы; б) оттегі мен метан; в) су мен азот;

г) көмірқышқыл газы мен оттегі: д) табиғи газ жанбайды


5. Қазақстанда табиғи газ қорлары қай облыста шоғырланған:

а) Шығыста: б) орталықта; в) батыста; г) оңтүстікте; д) солтүстікте


6. Табиғи газ құрамында метан мөлшері қанша мөлшерде болады:

а) 80 - 97%; б) 10 - 15%; в) 15 - 30%; г) 35 - 48%; д) 53 - 71%