№1
«Рефлексия» сөзі латын тіліндегі «reflexio» - “артқа қарау” деген ұғымынан туындайды. Жалпы алғанда рефлексия зерттеу секілді: адам мұнда өзінің ішкі дүниесін жан-жақты қарастырады, яғни өзін өзі зерттейді.
Бұл зерттеудің басты тақырыбы адамның өзі болып табылады, рефлексия адамның өзінің ішкі ахуалы мен өзгерістерін тануы іспеттес: адам жасап жатқан әрекеттерін бір сәтте доғарып, өзінің ішкі жан дүниесіне үңіледі, өзімен өзі әңгімелеседі, сырласады, әрекеттерін талдап,оларға баға береді, өзіне «сырт» көзбен қарайды.
Осыдан кейін әрекеттеріне өзгерістер енгізеді, кемшіліктерін түзейді, оларды болдырмаудың жолдарын қарастырады, болашақта қандай істер жасайтындығын жоспарлайды.
№2
Педагогикалық рефлексия - мұғалімнің өзіне, өзінің қылықтарына объективті баға беру, оны балалар, басқа адамдар, ең әуелі педагогикалық қатынас процесінде муғалім әрекеттесетін адамдар қалай қабылдайтынын түсіну қабілегі.
Рефлексияны ойлау, ес, сана сияқты танымдық үрдістер адам табиғатына тән болғандықтан олардан бөліп қарауға болмайды. Оқыту барысында білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай рефлексияның да әр түрлі формаларын жиі қолдануды мақсат етіп, ол сабақ соныңда асығыс атқарыла салмай, балаға байыппен ойлануға мүмкіндік беретіндей етіп үйымдастырылуы шарт.
Қазіргі білімдік мақсаттарға сай білім алушыны рефлексия жасауға дағдыландыру мұғалімнің басты міндеттерінің бірі болғандықтан, ол - сабақтың да негізгі компоненттерінің бірі болуы тиіс.
№3
Шет тілдер сөздігінде рефлексия ой електен өткізу, өзін өзі тану, өз өзіне есеп беру деген сөз. Ал педагогика саласында рефлексия іс-әрекеттің өзіндік талдауы және оның нәтижесі. Оқушылардың ой-өрісінің дамуы оқу үрдісі кезінде болады, ол оқушының өз бетімен білімін толықтыруы мен өзін өзі дамытуды қамтиды, бұл екеуі де рефлексиясыз жүзеге асуы мүмкін емес. Білімді саналы түрде меңгеру және белсенді болу дамыта отырып оқытудың негізгі қағидаларының бірі. Оқушы білім алудың мақсатын саналы түрде түсінсе ғана белсенді болады.
Рефлексияны әр түрлі кезеңде жүзеге асыруға болады, сабақтың соңында, әр тақырыптың соңында, сабақ этаптарының арасында, тарау соңында. Ол ақырындап оқушының ішкі рефлексиясына ұласу керек.
Қызмет тұрғысынан рефлексияның төмендегідей түрлері бар:
1. сенсорлық\сезімдік рефлексия;
2.әрекет рефлескиясы
3.зияткерлік рефлексия
4.ішкі әлем рефлексиясы
№4
1. Сенсорлық\сезімдік рефлексия. Көңіл – күй мен эмоциялық бағалауды білдіру (ұнады\ұанмады, жайлы\жайсыз, қажет\қажет емес) сабақтың басында немесе аяғында топпен эмоциалдық байланыс орнату үшін қолдану тиімді. Адамның көңіл - күйі бейнеленген карточкалар, көңіл - күйдің түстін бейнелері, эмоциалдық сурет рәсімдерін қолдануға болады. Сабақтың басында және аяғында.
2. Әрекет рефлексиясы: өз әрекеттеріне баға беру (жасадым\жасамадым, үлгердім\үлгермедім),оқу материалын игеру тәсілдері мен құралдарын сараптау, ең тиімді шешімдерді іздестіру. Әрекет рефлексиясын сабақ соңында қолдану әр оқушының белсенділік деңгейін көрсетеді.
3.Зияткерлік рефлексия: танымдық ұғымдар тұрғысынан сабаққа немесе өз түсінігіне баға беру (білдім\білмедім, түсіндім\ түсінбедім, оңай болды\қиындық тұғызды)
4.Ішкі әлем рефлексиясы: рухани мәселелер ауқымында өзін бағалау (өзгердім\өзгермедім, жақсардым\ нашарладым, мен үшін құнды болды\ болмады)
№2 қосымша
№ 1 топ «Менің көңіл-күйім баспалдағы”
Салынған баспалдақтардың біреуіне оқушы
жабыстырады.
Баспалдақтар:
Керемет!
Өзіме сенімдімін!
Жақсы!
Жаман емес
Маған көмек керек!
Білмеймін
Нашар
№2 қосымша
№ 1 топ «Менің көңіл-күйім баспалдағы”
Салынған баспалдақтардың біреуіне оқушы
жабыстырады.
Баспалдақтар:
Керемет!
Өзіме сенімдімін!
Жақсы!
Жаман емес
Маған көмек керек!
Білмеймін
Нашар
№2 қосымша
№2 топ «Бес саусақ» тәсілі.
Оқушылар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң , олар сабақ туралы сұрақтарға жауап береді, салынған саусақтарына жазылады:
Бас бармақ- басты мәселе.Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды?
Балалы үйрек-бірлесу. Мен топта\жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім?
Ортан терек- ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?
Шылдыр шұмек-шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?
Кішкентай бөбек-көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?

№3 топ «Менің сабақтан кейінгі әсерім» кестесі
Қандай ой пайда болды? | Не сезіндім? | Не ұнады? | Не қиын боды? |
| | | |
| | | |
| | | |
№2 қосымша
№3 топ «Менің сабақтан кейінгі әсерім» кестесі
Қандай ой пайда болды? | Не сезіндім? | Не ұнады? | Не қиын болды? |
| | | |
| | | |
| | | |
№2 қосымша
№4 топ «Аяқталмаған сәйлем» тәсілі
Бүгін мен үшін ....................................................құнды болды.
Мен мынаны білдім . ...................................................................
Маған қызық болғаны...................................................................
Мен енді................................................................. жасай аламын
Маған ..................................................... қиын болды.
Сабақ менің өміріме..............................................берді

3
3
4
4
3
3
3
4
4