Сабақтың басында ЭЕМ-нің жалпы схемасын, оның ішкі құрылғыларын оқушылардың есіне түсіру керек. Содан кейін жаңа тақырыпты түсіндіруге ауысу керек.
СЫРТҚЫ ҚҰРЫЛҒЫЛАР
Дербес компьтердің сыртқы құрылғыларды оның интерфейстеріне қосылады, ол қосымша операцияларды орындауға арналған. Арнаулы бойынша сыртқы құрылғыларды төмендегідей бөлуге болады:
-деректерді енгізу құрылғылары
-деректерді шығару құрылғылары
-деректерді сақтау құрылғылары
-деректерді алмасу құрылғылары
ЕНГІЗУ-ШЫҒАРУ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ
2.2.6.Тапсырма. Қораптың ішінен табылған құрылғыларды орналастыруға көмектес.
Ұсынылған құрылғыларды екі топқа бөлу керек.
Е нгізу құрылғылары Шығару құрылғылары
Маус Принтер
Тәрте(джойстик) График салғыштар
Жарық қаламұшы Дисплей
Сканер Плоттер
Пернетақта
Өлшеу аспаптары
Трекбол
МОНИТОР (ДИСПЛЕЙ)
Монитор – ақпаратты компьютер экранына шығару құрылғысы. Бұл жалғыз емес, бірақ негізгі шығару құрылғысы.