СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Коучинг-сессия ??гімелесу – о?ушыларды? о?уыны? ажырамас б?лшегі.

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

??гімелесу – о?ушыларды? о?уыны? ажырамас б?лшегі.

Ма?саты

М??алімдермен ??гімелесу ар?ылы ?ызмет белсенділігі мен т?сінігін дамыту?а ы?пал ету.

К?тілетін н?тиже

М??алімдер :

  • о?ыту мен о?уда?ы тілді? басты р?лін т?сінуге;
  • ша?ын топта ж?мыс істеу ?дістерін ?алайша тиімді ?олдану?а болатыны туралы ?з т?сінігін ?алыптастыру?а;
  • ?дістерді? о?у?а к?мегін т?сіндіруге дайын болады.

Негізгі идеялары

??гіме – м??алімдер балаларды? о?у?а деген ынтасын оята алатын п?рменді тетік. Сыныпта диалогті ?олдану ар?ылы м??алімдер балаларды? білім алу санасына ?лкен ы?пал ете алады. Ойлауды? осы ба?ытына орай, с?рау ж?не топты? ж?мыс сия?ты диалогтік т?сілді? балалардыо?ыту сапасын арттыруды ?леуеті зор.

Просмотр содержимого документа
«коучинг-сессия ??гімелесу – о?ушыларды? о?уыны? ажырамас б?лшегі.»

Апта 1

Күні - 12. 09.13

Коучинг сабақ № 1

Тақырыбы

Әңгімелесу – оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі.

Сілтеме

МАН 46-47 бет, 98-99 бет

Бағдарлама 33 бет

Мақсаты

Мұғалімдермен әңгімелесу арқылы қызмет белсенділігі мен түсінігін дамытуға ықпал ету.

Күтілетін нәтиже

Мұғалімдер :

  • оқыту мен оқудағы тілдің басты рөлін түсінуге;

  • шағын топта жұмыс істеу әдістерін қалайша тиімді қолдануға болатыны туралы өз түсінігін қалыптастыруға;

  • әдістердің оқуға көмегін түсіндіруге дайын болады.

Негізгі идеялары

Әңгіме – мұғалімдер балалардың оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік. Сыныпта диалогті қолдану арқылы мұғалімдер балалардың білім алу санасына үлкен ықпал ете алады. Ойлаудың осы бағытына орай, сұрау және топтық жұмыс сияқты диалогтік тәсілдің балаларды оқыту сапасын арттыруды әлеуеті зор.

Көрнекілік құрал-жабдықтар

Акт, видео, интерактивті тақта, постер.

Топқа бөлу

Мақал-мәтелдер бойынша топқа бөліну. (Достық және білім туралы мақал-мәтелдер)

Құрметті әріптестер топқа бөліну үшін мына қағаздарды алуларыңызды сұраймын. Ал онда жазылған мақал-мәтелдер бойынша әркім өзінің қандай топта болатынын анықтайды, яғни «достық» және «білім» топтарына бөлінеді.


Достық туралы мақал – мәтелдер :

  1. Дос жылатып айтады,

Дұшпан күлдіртіп айтады.

  1. Жаман достан мың сақтан.

  2. Жаман жолдастан жақсы дұшпан артық.

  3. Дос басқа, дұшпан аяққа қарайды.

  4. Ағаш тамырымен мықты,

Адам дос-жарымен мықты.


Білім туралы мақал – мәтелдер :

  1. Білім – ырыс қазығы.

  2. Білім басы – бейнет, соңы – зейнет.

  3. Білімдіге дүние жарық,

Білімсіздің күні кәріп.

  1. Білім – ырыстың тізгіні.

Әліппенің ар жағы – білім бағы.


Коучинг өту барысы








Сергіту сәті

  1. Ой түрткі

Видео (бейне) көрсету (екі кішкентай баланың бір-бірімен өз тілдерінде сөйлесу диалогі).


  1. Түрткі сұрақтар

а) Видеодан нені көрдіңдер ?

б) Не байқадыңыздар ?

в) Екі баланың диалогін сендер қалай құрасыңдар ? Қағазға түсіріңдер.


Топтағы адамдар екі-екіден (бір-біріне қарама-қарсы) дөңгеленіп тұрады.

1. Қол алысу.

2. Бір – бірінің арқасынан қағу.

3. Бір – біріне жымиу.

4. Қол былғау.

5. Көз қысу.

6. Бір-біріне (комплимент) жылы сөздер айту.

7. Тілек айту.

8. Бір-бірімен ауа арқылы сүйісу.

9. Массаж жасау.

10. Бір-бірінің арқасына сүйену.

11. Күлу.


  1. Диалог түрлеріне бейне ролик (басшы мен жұмысшы арасындағы).


  1. Тапсырма.

а) Мұғалім мен әкімшілік арасында диалог.

б) Мұғалім мен мұғалім арасындағы диалог.

в) Мұғалім мен оқушы арасындағы диалог.

Әр топқа осы тапсырмалар бөлініп беріледі, ал топтар диалог құрып оны қойылым ретінде көрсетуі керек.


  1. Бейне-ролик, слайд диалог түрлері Мерсер бойынша.


  1. Кері байланыс.

Бүгінгі коучингтен не үйрендік ? Стикерге жазып тақтаға іледі.