СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Күншуақ» шағын орталық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Тақырыбы: Жас өрт сөндірушілер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: Жас өрт сөндірушілер

Просмотр содержимого документа
««Күншуақ» шағын орталық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Тақырыбы: Жас өрт сөндірушілер»

«Күншуақ» шағын орталық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Күні:15.02.2022

Тәрбиеші: Жәкіш Г.А  

Білім беру саласы «Денсаулық»

Бөлімі : Дене шынықтыру

Тақырыбы: Жас өрт сөндірушілер

Негізгі қимылдар;

1.заттардан аттап өту,тізелерін жоғары көтере отырып жүру

2.жоғары көтерілген баспалдақтың тақтайшалары арқылы аттап өту

Мақсаты: заттардан аттап өту,тізелерін жоғары көтере отырып жүру дағдыларын бекіту. аздап жоғары көтерілген баспалдақтың тақтайшалары арқылы аттап өтуге, тізені жоғары көтеріп, аяқты ұшымен қоюға, денені тік ұстап, тепе-теңдікті сақтауға үйретуді әрі қарай жалғастыру. Оңға қарай қосалқы адымды тізені көп бүкпей, арқа мен басты тік ұстап орындау қабілетін дамыту.

Құралдар: балалар санына қарай доптар, себет

Ұйымдастыру іздестіру

1.Бір қатар тізбекпен жүру.

2.Алаңды айнала баяу жүгіру(1мин)

Нұсқаушы балалардың бірін-бірі асып кетпей 1-2 қадам қашықтықты сақтап , ретпен жүгіргенін қадағалап отырады.

3.Балаларға доп тарату

4. Шеңберге тұру.

Саптізбекте бағытты қалай сақтауды, саптізбектен шығып кетпеуді, өзінің орнын таба білуді көрсетеді.

  • Жалпы дамытушылық жаттығуларды доппен орындау

  • Таныс жаттығуларды атайды. Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді, көрнекті үлгісін береді.

  • дұрыс жасауларын қадағалау.

Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді.

Негізгі қимыл түрлерін орындауды ұсынады:

1.заттардан аттап өту,тізелерін жоғары көтере отырып жүру

2.жоғары көтерілген баспалдақтың тақтайшалары арқылы аттап өту

Қозғалмалы ойын: « Кім мерген»

Ойын шарты: Ортаға үйректер кіреді. Жағаның шетінде 4 аңшы тұрады. Белгі бойынша аңшылар үйректерді доппен атқылай бастайды. Кай аңшы көп үйрекке тигізсе сол жеңіске жетеді.

Ойынды аяқтау.

Тынысалу жаттығуларын орындау.Балаларға бір қатарға тұруға нұсқау беру.

  • Балалар текшелердің немесе кеглилердің арасымен жүгіреді.

  • Сапта жүріп келе жатып шеңбер жасап тұрады. Теңеседі

  • -Балалар қолдарын тура бағытта алдыға қарай созады

  • Қолдарын жандарына созады

  • Жаттығуларды жасайды

Балалар нұсқаушының түсіндіріп көрсетуі бойынша негізгі жаттығу түрлерін жасайды.

-Балалар шеңберді айнала жүріп допты жерге соғып, жоғары лақтырып қайтадан қағып алуға тырысады.

Көздеу, дәлдеп лақтыру икемділіктерін ары қарай жетілдіру үшін себетке допты лақтырады.

Балалар ойынды қызыға ойнайды.

Қорытынды

-Қандай жаттығулар жасадық?

-Балалармен бірге ойнаған және жаттыққан қимыл қозғалыстарын еске түсіру.