СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Әлеумет Экология негіздері " Жүк және жолаушылар көлігі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Өтпелі тақырып: «Көліктер»

Тақырыбы:«Арнайы жүк және жолаушылар көлігі»

Мақсаты:

Тәрбиелік: Арнайы көліктердің қызметі туралы айту.

Дамытушылық:  Көлік түрлерімен таныстыруды жалғастыру.

Оқыту:  Көліктердің адам өмірінде маңызды екенін үйрету.

Просмотр содержимого документа
«Әлеумет Экология негіздері " Жүк және жолаушылар көлігі"»

Екінші кіші «Құлыншақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізі күні: 15.02.19ж

Тәрбиеші:Оразова Г.Т

Білім беру саласы: «Әлеумет»

Пән: Экология негіздері

Өтпелі тақырып: «Көліктер»

Тақырыбы:«Арнайы жүк және жолаушылар көлігі»

Мақсаты:

Тәрбиелік: Арнайы көліктердің қызметі туралы айту.

Дамытушылық: Көлік түрлерімен таныстыруды жалғастыру.

Оқыту: Көліктердің адам өмірінде маңызды екенін үйрету.



Педагогикалық технологиялар: Түсіндіру, көрсету,сұрақ-жауап

Ресурстармен қамтамасыз ету: Тақырыпқа байланысты көрнекіліктер


Ұйымдастырған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезең:

Шаттық шеңбері:

Дос болайық бәріміз,

Әрқашан дос,біргеміз

Ажырамас іргеміз,

Ілгері жүріңдер,

Достық жырын біліңдер.


2.Негізгі бөлімі:

Суреттер арқылы ой қозғау.

Ескі көлік түрлері : арба, атжегілген арба, түйе,өгіз,

Ендеше, мына суреттерге назар аударайық

Бұрын көлік түрлері болмаған кезде төрт түлікті пайдаланды.

Жүк тасымалдау үшін арба пайдаланды.Алыс жерлерге айлап ,ұзақ жүрді.

Ежелгі көлік түрлері туралы мазмұнды суреттерді қолдана отырып, көліктің шығу тарихы туралы қысқаша әңгімелеп беру. Ертеде адамдар көлік ретінде және жүк тасу үшін үй жануарларын пайдаланды (ат, өгіз, түйе). Оларға арба жегіп жүк тасыды, адамдарды тасымалдады. Бертін келе адамдар көліктің жаңа түрлері – машиналарды ойлап тапты. Қазіргі уақытта көшелерде, алыс жолдарда көптеген машиналардың түрлері жүреді. Ал көліктермен жүрушілер «жолаушылар» деп аталады. Жолаушылар жол жүрген кезде көліктерде мәдени мінез-құлық ережелерін сақтауға, жол ақысын төлеуге міндетті (үлкенге орын беру, қатты сөйлемеу, жалпыға бірдей тазалық ережесін сақтау, жол ақысын төлеу).



Сергіту сәті:

«Көңілді жолаушылар» әні. Музыкалық қозғалыс

Д\О: Қайсы суда жүзеді

Мақсаты:алған білімдерін тиянақтау.

Шарты:Суда жүзетін көліктерді бояу

3.Қорытынды: Суреттер арқылы қорытындылау Қандай көлік түрлерімен таныстық? Көліктің маңызы қандай? Зияндылығы бар ма? Жолда жүру ережесін не үшін сақтау керек? Жол үстіндегі ала сызықтар нені білдіреді.? Балалардың жауаптары