СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Логика. "Бұл кезең қашан болатынын айт"

Нажмите, чтобы узнать подробности

  1. Көктемгі, жазғы, күзгі, қысқы табиғат ерекшеліктерін көре және айыра білуге үйрету, байланыстырып сөйлеуге үйрету;
  2. Көргенін суреттеп айта білу қабілеттерін дамыту, тілдерін, логикалық ойлау қасиеттерін дамыту;
  3. Табиғаттың сұлулығын көре және бағалай білуге тәрбиелеу.

Просмотр содержимого документа
«Логика. "Бұл кезең қашан болатынын айт"»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің

технологиялық картасы № 16

Өткізген: ___________________

Күні: __________________

Топтың жас ерекшелігі: «Балбөбек» ортаңғы топ

Білім беру саласы: «Вариативтік компонент»

Тарауы: «Логика»

Тақырыбы: Бұл кезең қашан болатынын айт

Мақсаты:

  • Көктемгі, жазғы, күзгі, қысқы табиғат ерекшеліктерін көре және айыра білуге үйрету, байланыстырып сөйлеуге үйрету;

  • Көргенін суреттеп айта білу қабілеттерін дамыту, тілдерін, логикалық ойлау қасиеттерін дамыту;

  • Табиғаттың сұлулығын көре және бағалай білуге тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: жыл мезгілдеріне қатысты суреттер.


Іс-әрекет кезеңдері:

Тәрбиешінің іс-әрекеті:

Балалардың

іс-әрекеті:

Мотивациялық-қозғаушы:

Жылу шеңберіне тұрып бір – біріне, қоршаған ортаға деген жылы лебіздерін білдіреді.

Күніміз жарық болсын,

Аспанымыз ашық болсын.

Деніміз сау болсын,

Елімізде тыныштық болсын.

Балалар шеңберге тұрып, өлеңнің сөздерін тәрбиешімен бірге қайталайды.

Іздену – ұйымдастырушы:

Тәрбиеші балаларды Жыл мезгілдері бейнеленген суреттерді көрсетеді.

  • Балалар мына суретте не бейнеленген?

  • Көктемнің басқа жыл мезгілдерінен айырмашылығы неде?

  • Көктемнен кейін қай мезгіл келеді?

  • Дұрыс жаз. Ал жазда сендерде қандай қызықты сәттер болады?


  • Балалар жаз мезгілінен кейін қай мезгіл келеді?



  • Күздің ерекшеліктері қандай, сипаттап айтып беріңдерші?

  • Иә, ағаштардан жапырақтар түсіп, күн суиды, сонан кейін біз қай мезгілді қарсы аламыз?

  • Сендерге қыс мезгілі ұнайды ма?

  • Несімен ұнайды, несімен ұнамайды?

  • Қыста көптен күтетін мереке болады, ол қандай мереке?

Дидактикалық ойын: «Бұл қай мезгілде болады?»

  • Жиып – теріп болатын , Қамбаға астық толатын, Қызыл қырман тойлайтын, Қай мезгіл деп ойлайсың?

  • Шанамен зырлап желетін, Шаңғы, коньки тебетін, аққала жасап ойнайтын, Қай сезгіл деп ойлайсың?

  • Бұлтты айдай желдеткен?Нөсерлеткен, селдеткен, шалшық кешіп ойнайтын, Қай мезгіл деп ойлайсың?

  • Қойның толы жеміске, Көк майсалы еңісте, Көбелек құып ойнайтын, Қай мезгіл деп ойлайсың?

Сергіту сәті:

Дөңгелене тұрамыз,

Керегені құрамыз

Уық болып иіліп,

Шаңыраққа киіліп.

«Қай мезгілде киінеміз?» дидактикалық ойын.

Тәрбиеші балаларға допты кезекпен лақтырып, жыл мезгілдеріне қатысты киімдерді атауды сұрайды (көктемгі киім – берет, қысқы киім – тон, жазғы киім – сарафан). Бір – бірінің жауабын қайталамау.

Суреттерге мұқият қарайды.

  • Жыл мезгілдері.

  • Көктемде көп жаңбыр жауады.


  • Жаз.


  • Дала ыстық, әр түрлі ойын ойнаймыз, өзенге шомыламыз.

  • Күз.


  • Жеміс пен көкеніс жинаймыз, жапырақтар сарғайып ағаштан түседі.


  • Қыс мезгілін.


Балалардың жауаптары.



  • Жаңа жыл.


Ойынға белсене араласуға тырысады.



















Сергіту сәтін орындайды.





Ойынға қуаныштарын білдіреді.

Рефлексивті – реттеуші:

  • Балалар, неше жыл мезгілі бар?

  • Енді әр жыл мезгілін бір сөзбен ғана қалай айта аласыңдар?


  • Төрт.

Бір сөзбен сипаттауға тырысады.



Күтілетін нәтиже:


Білуі керек: әр мезгілдің өзіне сай ерекшеліктері және бір – айырмашылықтары болады;

Меңгеруі: әр мезгілге сай киім түрлері;

Істей біледі: суреттерді көру арқылы әңгіме құрап, сипаттай алады.







Тексердім ___________________