СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Математикадан ашық сабақ "7 саны"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы:7 саны және цифры

Мақсаты:  1) 7 санымен және цифрымен таныстыру,бір таңбалы сандар және 

                   оларды шығарып алу әдістері жайындағы білімдерін бекіту.7 цифрын

                    жазғызу.    

                  2)Оқушылардың логикалық ойлау,есте сақтау қабілеттерін   дамыту. 

                     Тілдерін,зейінін дамыту.Ауызша есептеу қабілеттерін  нығайту.

                  3)Оқушыларды шапшаңдыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Жұппен

                  жұмыс істеуге,өздерін бағалауды қалыптастыру.   

Просмотр содержимого документа
«Математикадан ашық сабақ "7 саны"»

Тақырыбы:7 саны және цифры

Мақсаты: 1) 7 санымен және цифрымен таныстыру,бір таңбалы сандар және

оларды шығарып алу әдістері жайындағы білімдерін бекіту.7 цифрын

жазғызу.

2)Оқушылардың логикалық ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тілдерін,зейінін дамыту.Ауызша есептеу қабілеттерін нығайту.

3)Оқушыларды шапшаңдыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Жұппен

жұмыс істеуге,өздерін бағалауды қалыптастыру.

Көрнекілігі:7 лақ,қасқыр. Саны мен цифры,дидактикалық материалдар,суреттер,

сандар қатары.

Әдіс- тәсілдер: сұрақ -жауап, түсіндіру,ойын.

Пәнаралық байланыс: сауат ашу, дүниетану

Сабақтың типі:Аралас сабақ

Барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Көжектерім тұршы

Беті -қолыңды жушы

Айнаға қарашы

Шашыңды тарашы

Киіміңді киші

Мектепке қарай жүрші

Партаға отыршы

Сабағыңды оқышы

ІІ.Қызығушылығын ояту.

-Балалар,бүгін сабағымызда ертегі еліне саяхатқа шығамыз.Ертегі тыңдауға қалай қарайсыңдар?

-Иә,тыңдаймыз.

Ерте-ерте,ертеде ,ешкі жүні бөртеде,бір ешкі мен оның лақтары өмір сүріпті.Ешкі күнде үйінен жем іздеп кетеді екен.Кетер кезде үнемі лақтарына: Лақтарым,шырақтарым! Шұнақтарым,құлақтарым! Егер қасқыр келіп қалса,ашпаңдар дейді.

Сөйтіп күнде ешкінің жем іздеп кететін уақытын аңдып жүріп, бір күні қасқыр есік қағады.Лақтар есікті ашып,қасқыр лақтарын ұрлап кетеді.

Ешкі лақтарын іздеп жүрген көрінеді. Енді біз ешкіге көмектесейік.

Қасқыр болды қауіпті

Лақтарды қамап қойыпты.

Қасқыр бізге хат жіберіпті.Ішінде тапсырмалар бар,соны орындасақ жемей бір бірлеп қоя беремін депті.Ал, орындай алмасақ, лақтар қасқыра жем болады.Қасқырдың тапсырмасын орындаймыз ба?

1- тапсырма. «Миға шабуыл». Сандармен жұмыс. (1- лақ)

1-ден 10-ға дейін тура санау

10-нан 1-ге дейін кері санау

3-тің көршілері қай сандар?

6-ның алдыңғы көршісін ата.

Екі сиырдың мүйізі қанша?

Бір мысықтың аяғы нешеу?

Бес қойдың басы нешеу?

Үш адамның қолы нешеу?

2-ден кейінгі сан.

5-тің алдындағы сан.

Өткенді қайталау.

2-тапсырма. (2 лақ)

1)6 санының құрамын анықтау. 1- қатар

2)Сурет бойынша өрнек құрау,сәйкес азайту құру (тақтаға жазу)

5 +1=6 3+3=6 4+2=6

1+5=6 3+3=6 2+4=6

3)Жұппен жұмыс.

-Сәйкестендіру

3+2 4

1+1 5

5-1 6

4+2 2

3-тапсырма (3 лақ)

Логикалық математикалық жұмбақ есеп

1)Пісіп тұрған 5 алмұрт

Қызығатын көрген жұрт

2 алмұртты бұтақтан

Алып жеді Мұратқан

Бұтақта қалды неше алмұрт?

2)Балапанын көгалда

Санай алмай тауық жүр

3-еуі жүр жүгіріп

3-еуі жүр жем тауып

Қанша болды балапан

Санап берші балақан.

Санап берші балақан.

3) Гаухарда екі сәбіз

Данада екі сәбіз

Барлығын қосқанда

Болады неше сәбіз?

4) 9 сәбіздің 1- еуін

Досың сұрап алады

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады?

5)Ұлпа жүнін қыздырып

Күн шуақта 4 күшік

Отыр еді жанына

Келді тағы бір күшік

Сонда нешеу болады?

-Сандарды өсу ретімен қойыңдар.

-Қалай ойлайсыңдар,мында сандар жоғалған жоқ па екен?

3 4 5 6 8

-7 саны неге ұқсайды?

ІІІ.Жаңа тақырып

Ассоциация жүргізу

- Мынау не? (шалғы)

Өткір шалғы ғой,Шалғыңды ал да ора ғой.

-Қай санға ұқсайды?

-7-нің көршілерін атау.

Қазақта 7 саны киелі болып табылады

7 қазына 7 қарақшы 7 ата

7 күн 7 шелпек 7 түс

-Жұмбақ

Жарқылдан соң жаңағы

Суға бөкті бір алып

Көкте түрлі жолақты

Өрнек тұрды ғаламат

Бұл не?

-Кемпірқосақтың бүгінгі сабағымызға қандай қатысы бар? (7 түс)

-7 саны біздің өмірімізбен байланысқан.

-Аптада неше күн бар?

Аптаның 7 ұлы

Ең салмақты, ақылды ұлы Дүйсенбі

Парасатты және байыпты екінші ұлы Сейсенбі

Ақылды әрі көмекші үшінші ұлы Сәрсенбі

Жауапты да ұқыпты ортаншы ұлы Бейсенбі

Бәрінен де кішкене Жұма ұлы сүйікті

Сауықшыл да көңілді ұлы Сенбі

Демалғанды сүйетін кіші ұлы Жексенбі

Сергіту сәті.

Оқулықпен жұмыс

-Кесіндіні өлшеу.

-Қанша сантиметр?

-7 см неше сантиметрден артық болады?

-7 санының баспа түрін,жазба түрін көрсету.

-7 саны қалай жазылады?

-Қалай жазылатынын түсіндік ,енді оны жазып үйренейік.

Дәптермен жұмыс (6 лақ)

-Көркем жазу

1) 7 саны неше бөліктен тұрады?

Қай санға ұқсас?

2) 7 санын қалай алуға болады?

6+1=7 7-1=6

3)Салыстыру

4‹7 7› 3 2 ‹7 7› 1

4)Жауаптары бірдей мысалдарды сызықпен қос.

4-2 5-2 3+3

6-5 3-2 6-3

5+1 3+3

- Қорытындылау (7 лақ)

-Сабақ ұнады ма?

-Смайликтер арқылы өз көңіл- күйлерін білдіру.