Қарағанды облысы білім басқармасының
Шет ауданы білім бөлімінің
«Жарық ТМ» (РО)
Ашық тәрбие сағаты
«Менің туған жерім»
Өткізген: Алтайбаева Г.К.
3 «Ә» сыныбы
2024-2025 оқу жылы
Тақырыбы: «Менің туған жерім» ашық тәрбие сағаты
Мақсаты: Жас ұрпақты Отанын сүюге, қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру;
Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, өлең мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Құндылықтар: Тәуелсіздік және Отаншылдық
Қоғамға қызмет
Ұлттық мүдде
Адал еңбек
№ 19-САБАҚ
3- сыныптар: «Әлеуметтік желідегі қауіпті ойындар» ЖҚЕ №3.Жарақаттанған кездегі алғашқы медициналық көмек.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы, қанатты сөздер, шарлар, слайд, Қарағанды облысына байланысты суреттер.
Барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2. Мұғалім: Кіндік қаның тамып, туып-өскен мекеніңді, табаның тиіп тұрған топырақты бәрінен артық көруге хақылысың. Туған жердің бір түйір тасы жаттың ат басындай алтынынан қымбат емес пе? Дулығалы ата-бабаларымыз кең даласын, асқар тауын, сарқырап аққан көк өзенін қорғап, мақтан еткен, бізге мұраға қалдырған. Қазіргі тарихи шақта, тәуелсіздік кеңістігінде күндей жарқырап отаншылдық рух пен туған жерге деген махаббат сәуле шашып тұруы керек. Әр қазақстандық өз елінің картасына көз салып, байтақ өлкесін, туған жерін мақтан тұтуға тиісті.Туған жер жайлы жыр да, қара сөзбен жазылған шығармалар да әрбір халықтың әдебиетінде молынан кездеседі. Бұдан біз әр халықтың туған жерін ардақ тұтып, анасындай қастерлейтінін байқағандаймыз.
Біртұтас тәрбие жайлы айту ҚАҢТАР АЙЫ АПТА ДӘЙЕКСӨЗІ
КАРТАМЕН ЖҰМЫС ТАҚТАДА
1-Оқушы: Әдемі
Қазақстан туған Отан,алтын бақ
Ұлы жолға келіп түсті жарқырап.
Қазақстан-көпті көрген қария,
Қазақстан мейірім, ана, жер қымбат.
Атады әлі тағы бір таң күліп,
Жүректерде арман отын жандырып,
Қазақстан бізді туған Ұлы Отан,
Жайнай бер сен, жайнай бер сен мәңгілік.
2-оқушы: Ұлжан
Сүйемін туған елімді,
Отаным өскен жерімді.
Маржандай асыл қасиетің,
Жүреккке жыр боп төгілді.
Бақытым сенсің аңсаған,
Туған жер – алтын мекенім.
Қарыз да болып мен саған,
Мәңгі бақи өтемін.
3-оқушы: Мөлдір
Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны- Қазақстан Республикасы. Біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасының жері өте кең. Жерінде тау да, жазық та, ойпат та, қырат та кездеседі. Үлкен-үлкен көлдер, өзендер бар. Республикамыз өсімдікке, жануарларға, қазба байлыққа бай.Онда әр түрлі халықтар тұрады. Олар бір-бірімен тату, дос.
4-оқушы: Нұрсұлу
Әрбір адам туғаннан - ақ ел бесігінде тербеледі. Өйткені, ол сол жердің топырағында өсіп, суын ішіп, ауасымен тыныстайды, табиғатпен біте қайнасып, адам болып қалыптасады, сол ортадан тәрбие алады. Сол себепті, өз елінің, өз Отанының азаматы ретінде Отанына сүйіспеншілікпен қарайды. Әрбір адам үшін туған жерден ыстық, қадірлі, қымбат ештеңе жоқ. Болуы да мүмкін емес!
Мұғалім:- Балалар, «Туған жерсіз адамның күні жоқ» - дегенді қалай түсінесіңдер?
Н.КӘУСАР. «Туған ел, туған жер» деген сөздер адамның жүрегіне жылы әсер етеді. Туған елін, өскен жерін сүю әр адамның парызы.Әр адам туып өскен жерін аялайды, қастерлейді, қорғайды, мақтан тұтады
2. НҰРӘЛІ Менің туған өлкем - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Осы үлкен өлкенің ішінде әр адамның өзі туған, өзіне өте жақын ауылы, қаласы, көшесі бар. Әрбір адам үшін туған ел, туған жер әруақытта да қымбат. Өйткені, сен туған өлке, саған алтын бесік - атамекен болып саналады. Атамекен - адамның туып- өскен жері, туған- туысқандарымен, жақындарымен, бірге тұратын мекені.
БЕЙНЕЖАЗБА КӨРУ https://vm.tiktok.com/ZMkCB7B3J/
5-оқушы Заңғар
Асыр салған таласып,
Біз - туған ел баласы.
Қандай байтақ өлкеміз
Жан - жағыңа қарашы.
6-оқушы Қайрат Айсұлтан
Өлкеміз кең көсілген
Төсінде ырыс өсірген
Қаптаған мал, алып дән,
Бәрі менің несібем.
7-оқушы Айлин
Жайнатар кең өлкені
Болашақтың ертеңі.
Біз - бақытты балдырған
Ата - ананың өркені.
8 оқушы Ақерке
Отанды біз атамекен,
Деп аялап атаймыз.
Өйткені онда мекен еткен,
Бабамыз бен атамыз.
9-оқушы Ислам
Өлкемізді жас - кәріміз де,
Туған жер деп сүйеміз.
Өйткені онда бәріміз де,
Туып өмір сүреміз.
10-оқушы АЙЗЕРЕ
Туған жерді әркім анасындай,
Қастерлейді, қолдайды.
Өйткені Отан баласындай,
Бізді асырап қорғайды.
11-ОҚУШЫ ЖАСМИН
Туған жер – алтын бесігім,
Тербеттің мені төсіңде.
Жүреді сенің есімің,
Мәңгі де бақи есімде.
12-ОҚУШЫ БАЛАУСА
.Ауылым – ырысы мол – құт мекенім,
Мәңгіге ақ бесігін тербетемін.
Саяңда ойнап-өсіп, білім алып,
Алаңсыз біліп алып, ер жетемін.
13-ОҚУШЫ АЙМИРА
Туған жер, туған ауыл қымбат маған,
Ешкімге бұл сезімді былғатпаған.
Мен оның өзім ғана сезінетін,
Қастерлі қасиетін жырлап бағам.
14-ОҚУШЫ СЫМБАТ
Топырағына бабам тері тамған жер,
Перзентінің сағынышы болған жер.
Бәрінен де қымбатсың-ау, бәрінен,
Атамекен, туған жерім Жарығым!
15-ОҚУШЫ М.КАУСАР
Ән айта алсам, туған жер деп жырлайын,
Күй тарта алсам туған елге арнайын.
Ата-анам, атамекен, туған жер
Алыс кетсем тек сендерді қимаймын.
Топпен жұмыс: «Суреттер сөйлейді»
ВОКЗАЛ ШЕТ АУДАНЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ СПРОТ КЕШЕНІ
Мұғалім: Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді. Қазақстан-менің туған өлкем! сен заңғар биіксің, кеңсің. Біздің жанымыз өзіңе деген мақтанышқа бөленген. Біз сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңбіз, тәуелсіздікті мықтап қолға ұстайтын жас жеткіншекпіз!
Біздің қазақ халқы да туған жер қадірін жас ұрпақ бойына, санасына бала кезінен-ақ сіңіруге ұмтылатындығын туған жер жайлы мақал-мәтелдерден, аңыз әңгімелерден, батырлар жырынан көреміз. «Ит тойған жеріне, ер – туған жеріне» немесе «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деп ерекшелеп көрсетеді. Бұлардың бәрінен шығатын қорытынды әркімге туған жері, туған елі қымбат екендігі деп ойлаймын.
Хор: «Сәкенім, Жарығым»