Орындалу уақыты:
I күн | 2,5 сағат (Тест тапсырмасы) |
II күн | 3 сағат (2 есепті шығару + практикалық жұмыс ) |
Ұпайды бағаға айналдыру шкаласы:
0 - 50% | 51 - 74% | 75 - 89% | 90 - 100% |
0 - 34 б | 35 – 50 б | 51 – 60 б | 61 – 68 б |
2 | 3 | 4 | 5 |
Үлгі ретіндегі тест тапсырмалары:
нұсқа
1. Ағзаның атқаратын қызметін зерттейтін ғылым:
Экология
Морфология
Анатомия
Физиология
Гигиена
2. Ағзаның жеке қасиетін анықтап көрсететін негізгі химиялық қосылыстар:
Су және минералды тұздар
Май және көмірсулар
Нуклеин қышқылдары және нәруыз
Күкірт және фосфор қосылыстары
Азот және фосфор қосылыстары
3. Жыныссыз көбею дегеніміз бұл -
Араларда кездесетін партеногенез
Өсімдіктердің тұқым арқылы дамуы
Құстарда гаметаның түзілуі
Гидраның бүршіктену арқылы көбеюі
Сүт қоректілерде гаметалардың қосылуы
4. Эмбрионында мезодерма болмайды
Гидрада
Бақада
Жауынқұртта
Тасбақада
Кесірткеде
5. Қызғылт гүлдерді айқастыру арқылы алынған өсімдіктердің особьтарының арасында 25% өсімдіктердің түсі қызыл түсті, 50% түсі қызғылт және 25% ақ түсті болды. Бұл .....................мысал бола алады.
Тізбекті тұқым қуалау
Анализдік айқастыру
Толық емес доминирлеу
Полигибридті айқастыру
Дигибридті айқастыру
6. Бұл аурудың түрінде 21 жұп хромосомадан қосымша бір хромосом табылады:
А. Шершевский Тернер ауруы
В. Клайнфельтер ауруы
С. Дауна ауруы
D. Альбинизм
Е. Гемофилия
7. Жабын ұлпасы жасушасында кездеседі, ұрпағына үнемі мутация тасымалдап отырады:
Түлкі
Гидра
Тышқан
Қараторғай
Шымшық
8. Қырықбуынның спорофиті – бұл шөптесін өсімдік:
Жапырақтың күлтебасы
Өркен және жапырақтың күлтебасы
Сорус
Споралы масақтар
Cпорасы бар спорангий
9. Бір тұқымды өсімдіктерге жатады:
Орамжапырақ
Картоп Жүгері
Қарлыған
Таңқурай
10. Қоздырғыш безгек ауруы ..............аркылы таралады:
Кене
шыбын
маса
қарапайым жәндік
Қоңыз
11. Сүт қоректілердің тұрақсыз тіршілік орта жағдайына анағұрлым бейімделу қабілеттілігі .............. ...:
Маусымды түлеу
Ұрпағын қорғау
Ұйқы
Жоғары жемістілік
Жылуды реттеу
12. Өттің түзілетін жері:
Өт қапшығында
Он екі елі ішекте
Бауырда
Асқазан асты безінде
Тоқ ішекте
13. Төменде берілген жасушалардың арасында ересек адамда анағұрлым тез бөліне алатын жасуша:
Эритроциттер
Бұлшықет жасушасы
Жүйке жасушасы
Қызыл жілік майының жасушасы
Лейкоциттер
14. Шартты рефлекске болып табылады:
Жыланның түлеуі
Жертышқанның жерасты жолдарын қазуы
Баласын сүтпен қоректендіру
Иттің «дауыс» деген командаға үруі
Көз жыпылықтату рефлексі
15. Ғалымдар неліктен қоңыр аю мен көзілдірікті аюды әртүрлі түр өкілі деп атайды, себебі:
Себебі олардың сыртқы белгілері бойынша айырмашылығы болады
Олар әртүрлі аймақтарда тіршілік етеді
Олардың арасында репродуктивті оқшаулау кездеседі
Олар әртүрлі тағамдармен қоректенеді
Олардың арасында экологиялық оқшаулау жүзеге асады
16. Барлық ағза бірдей химиялық элементтерден: нәруыз, нуклиен қышқылдарынан құралады деген тұжырым эволюция дәлелі болып табылады:
Цитологиялық
Биохимиялық
Эмбриологиялық
Салыстырмалы – анатомиялық
Палеонтологиялық
17. Эволюциялық түзілудің систематикалық топтарға: тұқымдас, туыс, отряд, класс, түрге жіктелуі бұл:
Макроэволюция
Микроэволюция
Эмбриология
Филогенез
Этология
18. Бүгінде жер бетінде өміршең тіршілік ететін шимпанзе, жануарлар арасындағы адамға ең жақын бауырлас деп санайды, ол біріншіден неге байланысты:
т – РНК құрылысының ұқсастығы
Бір кластың өкілі болып табылады
Митохондрияның құрылысы
Геномдар ұқсастығы
Фенотиптердің ұқсастығы
19. Редуценттер арқылы экожүйеде органикалық заттардың ыдырауы факторлары болып табылады:
Абиотикалық
Биотикалық
Антропогенді
Шектегіш
Абиотикалық және биотикалық
20. Тірі ағзалар немесе олардың тіршілік әрекеттері кездесетін аймақ:
Биосфераның құрамына кіретін жер қабатының барлық бөліктерінде
Тек қана гидросферада
Тек қана литосферада
Антарктидадан басқа барлық жерде
Тек қана атмосферада
II Бөлім
Тапсырмалардың (ОЖ1 –ОЖ3) алты жауабынан үш дұрыс жауапты таңдап алыңдар:
ОЖ1. Тірі жасушадағы липидтер мынадай қызмет атқара алады:
Құрылыстық
Энергетикалық
Катализдік
Транспорттық
Қозғалыстық
Жылу өткізбейтін
ОЖ2. Жабықтұқымды өсімдіктердің өздеріне ғана тән ерекшелігі:
Қосарлы ұрықтану тән
Түтіктері болмайды
Ұрықтары ұрық түйінінде орналасқан
Генеративті мүшелер – гүл және тұқымы бар жемістер
Спора арқылы көбейеді
Жерасты мүшесі – ризоид
ОЖ3. Элементарлы эволюциялық факторлар болып деп қабылданған:
Мутация
Модификация
Тіршілік толқындары
Конвергенция
Қолдан сұрыптау
Табиғи сұрыптау
ОЖ4 - ОЖ6, тапсырмаларын орындаған кезде, мазмұнына байланысты бірінші баған мен екінші бағанның сәйкестігін көрсетіңіздер:
ОЖ4. Хордалы жануарлар мен олардың құрылыс ерекшеліктерінің арасындағы сәйкестікті көрсетіңдер: Жауаптарыңды кестеге жазыңдар.
ҚҰРЫЛЫС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ | ХОРДАЛЫ ЖАНУАРЛАР |
Ересек жануардың арқа бойына хорда созылып жатады1 Қаңқа құрамына омыртқа кіреді 2 Дене қуысында бүйрек орналасқан 2 Бөлгіш мүшелері – иректелген түтікшелер 1 Жүзу қапшығы газдар қоспасымен толтырылған 2 Жүйке түтікшесінің алдыңғы жағы түрі өзгеріп миға айналған 2 | Ланцетник Балықтар |
122122
ОЖ 5. Бездер мен олардың ерекшеліктері арасында сәйкестікті табыңыз:
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ | БЕЗДЕР |
Ас қорыту ферменттерін өндіреді 2 Инсулин гормонын өндіреді2 Тироксин гормонын өндіреді1 Тек қана ішкі секреция безі болып табылады 1 Гипофункция кезінде қант диабеті өрбиді2 Гиперфункция кезінде базедова ауруы өрбиді 1 | Қалқанша Асқазан асты |
221121
ОЖ 6. Экологиялық факторлармен және олардың топтары арасындағы сәйкестікті табыңыз:
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОР | ТОПТАР |
Орманды шауып алу 2 Құрғақшылық1 Сел1 Жануарларды атып өлтіру 2 Тропикалық дауыл 1 Шөп шабу 2 | Табиғи Антропогенді |
211212
ОЖ7 тапсырмасын орындағанда биологиялық үрдіс, құбылыс және практикалық іс-әрекеттің арасындағы дұрыс реттілікті көрсетіңіз
ОЖ7. Ас қорыту мүшелерінің орналасу реттілігін көрсетіңіз:
Өңеш Ауыз қуысы 12-елі ішек Асқазан | Е. Тоқ ішек
F. Жұтқыншақ
G. Аш ішек
H. Тік ішек |
вfadcgeH
ОЖ8 тапсырмасына қысқаша түрде еркін жауап беріңіз
ОЖ8. Адамның тірек-қимыл жүйесінің белсенді бөлігі қандай қызмет атқарады?
Жауап:
Дұрыс жауаптың мазмұны және бағалалу бойынша нұсқау (мазмұыны бұрмаланбайтын басқа да жауаптар болуы мүмкін) | Баллы |
Жауаптың элементтері:
1) энергетикалық (химиялық энергияның механикалық және жылу энергиясына айналуы) 2) қозғалыс 3) қорғаныш (ішкі мүшелерді қорғау үшін денеде пайда болады) |
|
Жоғарыда көрсетілген барлық элементтер жауапқа кіреді, биологиялық қателігі болмайды | 3 |
Жауапқа биологиялық қателіксіз жоғарыда көрсетілген жауап элементтерінің 2 ғана кіреді немесе жоғарыда көрсетілген жауап элементтерінің 3 ғана қамтиды, бірақ кейбір елеусіз биологиялық қатіліктер жіберілген | 2 |
Жауапқа биологиялық қателіксіз жоғарыда көрсетілген жауап элементтерінің 1 ғана кіреді немесе жоғарыда көрсетілген жауап элементтерінің 2 ғана қамтиды, бірақ кейбір елеусіз биологиялық қатіліктер жіберілген | 1 |
Жауабы дұрыс емес | 0 |
Ең жоғарғы ұпай | 3 |
Тест тапсырмаларының жауабы
Тапсырма номері | Жауабы | Тапсырма номері | Жауабы |
| D | 15 | C |
| C | 16 | B |
| D | 17 | A |
| A | 18 | D |
| C | 19 | B |
| C | 20 | A |
| B | 21 | 126 |
| D | 22 | 134 |
| C | 23 | 136 |
| C | 24 | 122122 |
| E | 25 | 221121 |
| C | 26 | 211212 |
| D | 27 | BFADCGEH |
| D | 28 | Мәтінің жауабы |
12 сынып оқушыларын
қорытынды аттестациялауға арналған жоғары деңгей
(есептер шығару) тапсырмалары
В1: Есеп
Мысықта қара түс ақ түске қарағанда доминатты, сондай-ақ қысқа жүн, ұзын жүнге қарағанда доминатты. Осы екі белгі бойынша қара, қысқа жүнді мысықтар дигетерозиготалы особьтар ұрпағының қандай үлесін құрайды?
Берілгені:
А-қара а-ақ
В-қысқа жүнді в-ұзын жүнді
♀-АаВв ♂ -АаВв
------------------------------------------------------------
Табу керек: F1-?
Шешуі:
Р ♀ х ♂
Ф: Қ.Қ. Қ.Қ.
Г: АаВв АаВв
G: АВ; Ав; аВ; ав
F1 ( Пеннет торы)
| АВ | Ав | аВ | ав |
АВ | ААВВ
Қ.Қ. | ААВв
Қ.Қ. | АаВВ
Қ.Қ. | АаВв
Қ.Қ. |
Ав | ААВв
Қ.Қ. | ААвв
Қ.Ұ. | АаВв
Қ.Қ. | Аавв
Қ.Ұ. |
аВ | АаВВ
Қ.Қ. | АаВв
Қ.Қ. | ааВВ
А.Қ. | ааВв
А.Қ. |
ав | АаВв
Қ.Қ. | Аавв
Қ.Ұ. | ааВв
А.Қ. | Аавв
А.Ұ. |
Жауап: фенотип бойынша:
9 қара, қысқа жүнді (56%)
3 қара, ұзын жүнді
3 ақ, қысқа жүнді
1 ақ, ұзын жүнді
Генотиптегі аллелдердің сәйкес келу ықтималдылығы, осындай:
қара, қысқа жүнді – 9/16;
қара, ұзын жүнді – 3/16;
ақ, қысқа жүнді – 3/16;
ақ, ұзын жүнді – 1/16;
Әртүрлі фенотиптердің екінші ұрпақтағы қатынасы шамамен 9 : 3 : 3 : 1 құрайды.
Белгілердің әрбір жұбы үшін жуық шамамен 3 : 1 қатынаста орындалды.
В2: ДНК молекуласында тимидил нуклеотиді жалпы нуклеотидтердің 16% құрайды. Нуклеотидтердің қалған түрінің әрқайсының мөлшерін (пайыз) бойынша анықтаңдар.
Шешуі:
1. Чаргафф ережесі бойынша Т мөлшері ДНК = А тең, демек А мөлшері 16% тең.
2.Қосындыда А + Т = 32%, ендеше Г + Ц = 100% - 32% = 68%.
3. Чаргафф ережесі бойынша мөлшері Г = Ц, ендеше Г = Ц = 68 : 2 = 34%.
Жауап: ДНК-дағы аденил нуклеотидінің мөлшері 16% теңеседі, гуанил - 34%, цитидил - 34%.
В3. Диссимилияциялану процесі кезінде 12 моль глюкоза айрылуға ұшырады, оның ішінде толық айрылуға 4 моль ғана қатысты.
Анықтаңыз:
а) оттексіз этапта қанша моль сүт қышқылы түзілді?
б) оттексіз этапта қанша моль АТФ синтезделді?
в) алмасудың соңғы этапында қанша молекула АТФ түзілді?
г) 4 моль глюкозаның толық тотығуы үшін қанша моль оттек жұмсалды?
д) алмасудың соңғы этапында қанша мөлшерде көмір қышқыл газы түзілді?
Берілгені:
(С6Н12О6) – 12 моль
1 (С6Н12О6)– 4 моль | Шешуі:
4 моль а z х
С6Н12О6 + 6О2 + 38H3PO4 + 38АДФ = 6СО2+ 44 Н2О + 38АТФ 1 моль 6 моль 6 моль 38 моль
х=4*38=152 моль (АТФ)
2=-1=12-4=8 моль
8 мольy х1
C6H12O6 + 2H3PO4 + 2АДФ = 2C3H6O3 + 2АТФ + 2H2O
1 моль 2 моль 2 моль
х1 = 8*2=16 моль (АТФ)
(АТФ) х+х1=152+16=168 моль у=8*2=16 моль(C3H6O3)
z=4*6=24 моль (СО2)
а=4*6=24 моль (О2)
Жауап: (C3H6O3) – 16 моль 2 (АТФ) – 152 моль (АТФ) – 168 моль (О2) – 24 моль (СО2) – 24 моль |
Практикалық жұмыс (үлгі)
Микрозерттеу №
«Ферменттердің катализдік маңызы»
Болжам: Ферменттер реакцияның катализаторлары болып табылады
Зерттеу нәтижелері: ………………………………………………………………………………
Зерттеу нәтижелері бойынша қорытынды ………………………………….......................................
Химиялық анализді жүргізуге арналған нұсқау №.
Өсімді жасушаларда пероссидаза ферменті бар, ол фермент сутектің асқын тотығын су мен оттекке ыдырататыны белгілі:
пероксидаза
2 H2O2 2 H2O + O2
Сырттай қарағанда тірі өсімді және жануар ұлпасына сутектің асқын тотығын құйғаннан кейін ақ түсті көбіктің пайда болғандай көрінеді.
1.Шикі және піскен картопқа сутектің асқын тотығын құйған кезде не байқалатынын тексеріңдер.
Ол үшін шикі және піскен картоптың кесілген жеріне тең мөлшерде H2O2 құйыңдар. Нәтижесін баяндап және түсіріңдер.
2.Еттің (бауырдың) (шикі және піскен) түйірі бар пробиркаға 2мл.Н2О2 құйыңдар.
3.Өздерің байқаған өзгерістерді кестеге жазыңдар.
4. Реакция теңдеуін құрыңдар.
5. Есеп дайындаңдар.
6. Байқалған өзгерісті түсіндіріңдер
|
Не жасадыңдар? |
Не байқалды? |
Түсіндіру |
1. Өсімді ұлпаның тірі жасушалары
2.Өсімді ұлпаның өлі жасушалары
3. Жануар ұлпасының тірі жасушалары
4. Жануар ұлпасының өлі жасушалары |
|
|
|
Қорытынды: картопты, етті қайнатқан кезде каталаза ферменетінің әсерінен нәруыз денатурацияға ұшырайды, нәруыздың 3-ші реттік құрылымы бұзылды және осы өзгеріс ферменттің белсенді бөлігінің бұзылуына әкелді.
Шикі картопқа немесе етке Н2О2 сутектің асқын тотығымен әсер ету арқылы оттектің бөлінгенін нәруыздың катализдік қасиеті – каталаза ферменті әсерінен байқауға болады. 2Н2О2= 2Н2О + О2
Ферменттер - тірі табиғаттың катализаторлары болып табылады. Катализатор дегеніміз не?
(химиялық реакцияны жылдамтатын, бірақ реакция процесін өзгертпейтін заттар)