СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Модульдер. экранды turbo pascal-дың текстік және графикалық режімде басқару

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

МОДУЛЬДЕР. ЭКРАНДЫ TURBO PASCAL-ДЫҢ ТЕКСТІК ЖӘНЕ ГРАФИКАЛЫҚ РЕЖІМДЕ БАСҚАРУ

Просмотр содержимого документа
«Модульдер. экранды turbo pascal-дың текстік және графикалық режімде басқару»

МОДУЛЬДЕР. ЭКРАНДЫ TURBO PASCAL-ДЫҢ ТЕКСТІК ЖӘНЕ ГРАФИКАЛЫҚ РЕЖІМДЕ БАСҚАРУ.

Досжан Елеусізұлы

Т.Шонанұлы атындағы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі.

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Құтикөл ауылы

Оқушыларға Паскальдың графикалық мүмкіндіктерін пайдаланып геометриялық объектілерді сала білу дағдыларын қалыптастыру мақсатында өткіздім. Графикамен жұмыс жасауды үйрету арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға, уақытты ұтымды пайдалана білуге, ұқыптылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Қолданылатын көрнекілік: интерактивті тақта, компьютер, компьютерлік презентация.

Сабақтың барысы:

1. Үйымдастыру кезеңі. Амандасу. Оқушыларды түгелдеу. Сынып бөлмесі мен оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

3. Жаңа сабақты түсіндіру.

Процедураларсыз күрделі программалар құруға болмайды. Pascal-дағы ірірек бірліктер бұл - көптеген процедуралары мен функциялары бар программалық модульдер. Модульдер - тәуелсіз программалар. Модульді программаға қосу үшін оның атын көрсету (нұсқау) жеткілікті:

USES модуль аты;

Компьютермен текстік және графикалық режимде жұмыс жасау үшін сәйкес стандартты кітапханалық модульдерді іске қосу қажет:

USES crt;

USES graph;

Паскальда компьютерді графиктік режимге өткізу үшін мына процедура қолданылады.

Initgraph (driver, mode, 'C:\TP\bgi');

Сурет салу және текст шығару үшін Graph және Crt модульдерінің процедуралары мен функцияларының сипаттамасына тоқталайық:

1. CRT - (Cathode Ray Tube) - электронды сәулелік түтікше деген мағынаны білдіреді.

TextMode - мәтіндік режим

TextColor (Color:byte) - мәтін түсі

TextBackGraund (Color:byte) - фон түсі

Goto XY (x, y:byte) - курсор координаталары

Window (x1, y1, x2, y2:byte) - экранда терезе құру

Deley (N) - N миллисекунт ұстап тұру


2. CloseGraph - графикалық режимді жабу.

Line (x1, y1, x2, y2) - процедурасы (х1, у1) нүктесінен (х2, у2) нүктесінен дейін түзу кесіндісін салуды жүзеге асырады. (1а сурет).

Rectangle (x1, y1, x2, y2) - процедурасы төртбұрыш салады. (х1, у1) - төртбұрыштың сол жақ жоғарғы, (х2, у2) - оң жақ төменгі төбелер координаталары.

Circle (x, y, R) - центрі (х, у) нүктесіндегі радиусы R шеңбер салу процедурасы.

Ellipse (x, y, α, β, Rx, Ry) - центрі (х, у) нүктесіндегі, α, β бұрыштарының аралығындағы биіктігі мен ені сәйкес Rx, Ry эллипс сызу. Rx, Ry - пикселмен өрнектелген х, у бағыттарындағы эллипстің жарты осьтері.

Bar (x1, y1, x2, y2) - іші боялған төртбұрыш салу процедурасы. қалыпты жағдайда төртбұрыштың іші ақ түске боялады.

Arc (x, y, StartAngle, EndAngle, R) - центрі (х, у) нүктесіндегі, радиусы R шеңбер доғасын салады. StartAngle, EndAngle - градуспен өрнектелген доғаның бастапқы және соңғы бұрыштары. Доға сағат тіліне қарсы бағытта сызылады.

SetColor (color:byte) - экранға шығатын кескін (сызықтар мен символдар) түсі. Мысалы: SetColor (blue) немесе SetColor (1).

SetBkColor (color:byte) - процедурасы экран фонының түсін орнатады.

SetFillStyle (толтыру стилі. түс) - процедурасы тұйық объектіні бояйды.

1 - практикалық тапсырма. Дөңгелек диаграмма салу.

Program Dongelek;

Uses graph;

Var driver, mode:integer;

begin

driver:=detect; initgraph (driver,mode,'c:\tp\bgi'); {bgi графикасы модульіне жол}

SetBkColor (1); {фон түсі}

SetFillStyle (4,4); pieslice (320, 240, 270, 360, 100); {тұйық объекті түсі}

SetFillStyle (8,6); pieslice (320, 240, 0, 270, 100); { тұйық объекті түсі}

readln; cleardevice; {экранды тазалап түспен бояу}

closegraph; {графикалық режимде жұмыстың аяқталуы}

end.

2 - практикалық тапсырма. Үйдің суретін салу.

Program Uidin sureti;

Uses graph;

Var driver, mode:integer;

begin

driver:=detect; initgraph (driver,mode,'c:\tp\bgi'); {bgi графикасы модульіне жол}

SetBkColor (1); SetColor (6); {фон мен сурет түсі}

Rectangle (100, 200, 300, 400); {тіктөртбұрыш (үй қабырғасы)}

Line (100, 200, 200, 100); line (200, 100, 300, 200); {үй шатыры}

SetFillStyle (9,4); pieslice (200, 150, 30, 20); {терезе}

SetFillStyle (2,13); bar (200, 300, 250, 400); {есік}

readln; {задержка}; cleardevice; {экранды тазалап түспен бояу}

closegraph; {графикалық режимде жұмыстың аяқталуы}

end.

4. Сергіту сәті: балапан биі.

5. Сабақты қорытындылау. Тест жұмысы арқылы.

6. Үйге тапсырма. Модульдер. Экранды TURBO PASCAL-дың текстік және графикалық режімде басқару.

7. Бағалау. Оқушылардың білім деңгейіне қарап бағалау.