СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"?н?ран", 1-сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

"?н?ран" та?ырыбында 1 сынып?а арнал?ан саба? жоспары!

Просмотр содержимого документа
«"?н?ран", 1-сынып»

Сынып: 1

Пән: ана тілі

Күні: 01.03.2016


Сабақтың тақырыбы: Әнұран. Дауыссыз дыбыстардың жіңішке айтылуы.


Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларға сөздегі дауыссыздардың жіңішке айтылуы туралы түсінік беру. Әнұран туралы түсінік беру.

2. Дамытушылық: Сөйлеу тілдерін дамыту. Сөздік қорын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Тәртіптілік: Ұқыптылыққа, әдептілікке тәрибелеу.


Сабақтың түрі: аралас сабақ


Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: әнұран суреті


Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын


Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, сабакқа дайындау.

Психологиялық дайындық:

Күлімде, күн күлімде,

Күлсін барлық бала шат.

Берекелі бүгіндей,

Бейбіт болсын болашақ.


П. Үй тапсырмасын сұрау:

1. Жаңылтпашты жатқа сұрау.

2. «Елтаңба» өлеңін мәнерлеп оқыту.

3. Ережелер сұрау.


Ш. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:

«Гүл жинау» ойынын ойнату арқылы оқушылардың білімдерін жан-жақты тексеру.


IV. Мақсат қою кезеңі:

Біз бүгін сөзде дауыссыз дыбыстардың жіңішке айтылуы туралы білетін боламыз, және Қазақстан Республикасьшың Мемлекеттік әнұранымен танысамыз. Әнұран авторларымен де таныс боламыз.


V. Жаңа сабақ:

Ереже: Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса, ондағы дауыссыз дыбыстар да жіңішке болып айтылады.

Кестемен жұмыс. Жаттығулар орындату

80-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқыту. Дауыссыз дыбыстары жіңішке айтылған сөздерді тауып, көшіріп жазу. Міне, сенің мектебің, зейін, тентегім. 81-жаттығу. Сөздерді салыстырып оқыту. Дауыссыз дыбыстар қай сөзде жіңішке айтылғандықтарын салыстыру.

Қазақсган Республикасының Мемлекеттік әнұранымен таныстыру. Өлеңнің сөзін оқып беру, сөзін жазғандар Ж.Нәжімединов, Н.Назарбаев әнін жазғандар Ш.Қалдаяқов Өлең шумақтарын талдап, түсінік беру. Әнұранды орындау


VІ. Жаңа материалды пысықтау:

«Кім көп айтады?» ойыны арқылы жаңа материалды меңгергенін тексеру.


VІІ. Бекіту кезеңі:

«Сәбіз» тақырыбында диктант жаздыру. Дауыссыздары жуан айтылған сөздердің астын бір рет, дауыссыздары жіңішке айтылған сөздердің астын екі рет сызғызу.


VIII. Үйге тапсырма, бағалау:

1. Әнұранды жаттау.

2. Ережелерді қайталау.

3. Белсенділіктеріне қарай оқушыларды бағалау.