СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"ӨНЕРЛІ БАЛА СҮЙКІМДІ" №19 ЖОББМ 2-сынып сабақ жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

сабақ жоспары өзін-өзі тану пәні 2сынып. Өнерлі бала сүйкімді

Просмотр содержимого документа
«"ӨНЕРЛІ БАЛА СҮЙКІМДІ" №19 ЖОББМ 2-сынып сабақ жоспары»


Пәні: «Өзін-өзі тану»

Мектеп: №19 ОЖББМ

Мерзім: 5.02.2018ж

Тақырып: «Өнерлі бала сүйкімді» №20-сабақ

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: қарапайымдылық,адамгершілік,сыйластық,кішіпейілділік

Мұғалім: Шарибдан Жанаргүл Өмірбайқызы

Сынып: 3 д

Оқушы саны:25

Сабақ мақсаты: «Өнер» ұғымының құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері:

-өнер адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

-өнерге қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттыру;

-өнерпаздыққа, өнерді, сұлулықты сүюге тәрбиелеу.

Ресурстар:

(құралдар, мәлiметтер)Әдебиет, музка

Оқулық, дәптер, фотосуреттер, үнтаста

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

5Т. 5 жұмыс құралын түгендеу: күнделік, оқулық, жұмыс дәптері, қаламсап, қарындаш.

2.Тыныштық сәті

. «ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН».

Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ене түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!

3.Үй тапсырмасын тексеру

Құмға салған суреттер әңгімесі 88 бет

Сұрақтар:
-Ә.Қастеевтің атақты суретші болуына кімдер көмектесті?
-Өнерлі өрге жүзер дегенді қалай түсінесіңдер?
-Өз өнерлеріңді қалай шыңдап жүрсіңдер?

Сабақ барысын талдау:Оқушылардың зейіні сабаққа ауады қарым-қатынас орнайды.













































































Үйге берілген тапсырманы орындап, оқушылар түрлі сұрақтарға жауап береді.

  1. Дәйексөз.

«Адамның сәні – өнер, білім, ақылы».

Халық мақалы

(Оқушылар өз ойларын айтады)

Балалар дәйексөздің мағанасын қалай түсінесіңдер?
Ұлдар 1 рет оқиды. Қыздар 1 рет оқиды.Барлығы хормен оқиды. (Дәйексөздің мағанасын оқушылардың жауаптарын тыңдау арқылы түйіндеймін)
-Адам өнер,білім,ақылымен ерекшеленеді. Олай дейтініміз өнер, білім,ақыл арқылы табысқа, қуанышқа, бақытқа жетуге болады. Өнерлі, білімді ақылды адамның жаны сұлу, мінезі де сыпайы, адамдармен қарым-қатынасы жақсы, қашан да көңіл күйі көтеріңкі болады.
Дәйексөзді дәптерге жазып алыңдар.(жаттап келу тапсырылады)
-Өнерге,білімге байланысты тағы қандай ұлағатты сөздер немесе мақал-мәтелдер білесіңдер?


  1. Әңгiмелеу (мұғалімнің сыйы)

Өнерлі жігіт

Фараби бір күні базарға барыпты. Ол бір жас жігіттің түрлі өнер көрсетіп отырғанын көреді. Оған өнері үшін аздаған тиын-тебен тастайды екен. Әбу-Насыр оған:

-Күніне қанша ақша табасың ?

-2 диртхем табамын.

-Олайболса, сен бұлөнердітаста. Меніменбіргежүр, мен сағаноқуүйретемін, күнсайын 4 дирхем беремін,-дептіФарабижігітке. Мұныестігенсаудагерлер, адамдартаңқалады.

-Мынаадамныңденісаума?

Жетімдіесіркепқалыптығой, өзіоқитын, әрісолүшін 4 дирхем төлейміндейді,-депкүледі.

Кейінсолжігітүлкенғалымболыпты.

Сұрақтар:

-Балалар, бұл әңгімеде кім туралы айтылған?

-Фарабидің дирхем депотырғаны не?

-Жігітқандайадамболды?


  1. Шығармашылық жұмыс

Топқа бөлу

1 топ: Сурет салу (өнерлі балалар туралы)

2 топ: Өлең шығару (өнер туралы)

3 топ: Эссе жазу (өзінің өнері туралы)

4 топ: Мақал-мәтел жазу (өнер,білім туралы)

Сергіту сәті

Үйренеміз өнер біз,

Шетімізден шеберміз.

Тақпақ айтып, ән шырқап,

Би билейміз бәріміз.

Берілген жаңа материалды қабылдайды, жұмысты белсене орындайды.

  1. Топпен ән айту.

Бала тілегі

Бал балалық балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел,досарым,әңдетіңдер,билендер,

Гүлденсін деп атамекен-қара орман.


Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрленділер нәріміз.

Алтын бесік – ұлан-байтақ елімде,

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.


Қалықтаған көрегшіні көгінде,

Мұнаймасың ешбір бала елімде.

Ата берген батаменен көркейсін,

Ұлы Отаным, тілегім сол менің де.





Оқушылар өте жақсы көңіл-күймен орындайды.
























  1. Үй тапсырмасы.

Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу (аңыз) 95 бет

Үйге берілген тапсырманы жазып алады, үйде өз бетімен орындайды.

  1. Соңғы тыныштық сәтi.

(1 мин)

Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.

Оқушылар тыныштық сәтіне көздерін жұмып отырады. Сабақтан алған әсерлерін қорытындылайды. Сабақтан жақсы көңіл-күймен шығады.